Білезік нандар сапасына қойылатын талаптар. Пішіні – берілген өнім түрі мен сұрыбына сәйкес белгіленген түрге сәйкес болу керек (сақина тәрізді немесе овал тәрізді). Сыртқы беті – тегіс, жылтыр, ластанбаған, сынбаған болу керек. Көкнәрмен, тминді түрлерінде көкнәр пен тмин біртекті себілген болу керек. Түсі – ақшыл сарыдан қоңырға дейін. Шұрықтылығы майда құрылымды, дұрыс иленген болу қажет. Консистенциясы білезік нан үшін – бірқалыпты қатты, сынғыш, майда білезік нан үшін – қатты, сынғыш; ірі білезік нан үшін – жұмсақ болу керек.
Физика-химиялық көрсеткіштерден ылғалдылығы білезік нан үшін – 1419%, майда білезік нан үшін – 9–12%, ірі білезік нан үшін – 22–27%; қышқылдылығы білезік нан үшін – 3–3,5°, майда білезік нан үшін – 2,5–3°, ірі білезік нан үшін – 3,5°; қант мөлшері І сұрыпты білезік нан үшін – 14,3–14,4%, ІІ сұрыпты білезік нан үшін – 7,52%, ірі білезік нан үшін – 11,3%; май мөлшері жоғары сұрыпты білезік нан үшін – 3,1%, І сұрыпты білезік нан үшін – 2,3%, қышалы білезік нан үшін – 11,4%, лимонды және ванильді білезік нан үшін – 1,5%; ірі білезік нан үшін – 6,1%.
Ісінуі – спецификалық көрсеткіш, білезік нан мен майда білезік нан үшін анықталады. Жоғары сұрыпты және І сұрыпты білезік нан үшін – 2,5, ІІ сұрыпты білезік нан үшін – 1,6; І сұрыпты майда білезік нан үшін – 3, ІІ сұрыпты майда білезік нан үшін 2 тең болу керек.
Білезік нандардың сұрыбын түсіне қарап анықтау қиын, сондықтан жасұнық мөлшерін анықтап біледі. Жасұнық мөлшері жоғары сұрыпты білезік нандарда құрғақ затқа шаққанда 0,12–0,18%, І сұрыпты білезік нандарда – 0,24– 0,35%, ІІ сұрыпты білезік нандарда 0,60–0,80% болу керек.
Білезік нандарды 0–15С температурада 70–75% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтау керек.
Достарыңызбен бөлісу: |