228
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
ЖУРНАЛИСТИКА
УДК 81`374:070
ЖУРНАЛИСТИКА САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ СӨЗДІК ЖАСАУДЫҢ МАҢЫЗЫ
Баймолда Д – Абай атындағы ҚазҰПУ-нің аға оқытушысы, философия докторы PhD,
dosanb@hotmail.com
Мақалада журналистика және коммуникацияға қатысты жаңа медиа терминдері мен сөздерін қазақшаға
аудару мәселесіндегі қиындықтар осыған байланысты ағылшынша-қазақша-орысша сөздік шығарудың маңызы
сөз болады. Сондай-ақ АҚШ қаржыландыруымен 60 жылдан бері қазақ тілінде хабар таратып келе жатқан
«Азаттық» радиосында қызмет етуші журналистер және де Қазақстандағы баспасөз және теле-радио саласында
қызмет ететін журналистер үшін мұндай сөздіктің қаншалықты маңызы барлығы сөз етіледі. Мақала
авторының осындай сөздік жасаудағы алғашқы қадамы яғни «Қазақ университеті» баспасынан 2013 жылы
жарық көрген журналистика және коммуникацияға қатысты ең көп қолданыстағы бір мың бес жүздей сөздер
мен терминдерден тұратын ағылшын-орыс-қазақша сөздік кітабының таныстырылуы туралы айтылады. Алайда
алдағы уақытта бұл сөздіктің сөздік қорлары молайтылып ағылшын-қазақ-түрік-поляк-орыс тілдерінде шығып
қалуы да ғажап емес.
Түйін сөздер: журналистика, коммуникация, сөздік, медиа терминдері , ақпараттық техногогия,
Қазіргі ақпараттық технологиялар заманында интернет және басқа электронды БАҚ-ның маңызы
күн санап ұлғайып барады. Бұл бір жағынан әлемде орын алып жатқан жаhандану үрдісінің әсері
болса, екінші жағынан бұған дейін посткеңестік құрсауында болған Қазақстан өзінің ақпарат
кеңістігіндегі есігін әлем елдерімен арада айқара ашуынан деп түсінген жөн.
Осыған байланысты соңғы жылдары Қазақстан БАҚ-тарында әсіресе телеарналарда батыстан
енген түрлі сөздер мен терминдерді қазақша баламасыз сол қалпында пайдалану үрдісі де көбейе
түскен. Бұл қазақ тілді ақпарат құралдарының ақпарат саласында шетел әсіресе батыс елдерімен
қарым-қатынасының кең етек ала бастағанын білдірсе, екінші жағынан бүгінгі қазақ журналистика
саласына қолданысқа енген ағылшын және орыс тіліндегі терминдердің қазақ тіліндегі дәлме –дәл
балама сөздіктерін тауып, қолдану қажеттігін көрсетеді.
Қазақстандағы жоғары оқу орындарында журналистика мамандығы бойынша оқытылатын
пәндердің оқулықтары, оқу құралдарының басым көпшілігі орыс, ағылшын тілдерінен аударылады.
Соңғы жылдары Қазақстандағы жоғары оқу орындарының Болон процессіне қосылуына байланысты
шетел әсіресе батыс елдерімен білім-ғылым саласындағы қарым-қатынастары кең етек ала бастады.
Әрине, батыс елдерінде жарияланған ғылыми еңбектерді пайдаланушылар сол саланың
мамандары болғандықтан, ғылыми мәтіндердің тілдерінде кездесетін аз-кем кемшіліктерге
қарамастан, онда не айтылғаны туралы өздеріне қажетті мәліметтерді ала алады. Ал мұндай
кемшіліктер журналистика саласында білім алушы студенттерге мәтінді түсінуге көптеген
қиындықтар келтіреді, себебі олар – әлі қалыптасып үлгірмеген, бұл саланың қыр-сырын толық
меңгермеген болашақ мамандар. Орнымен қолданылған терминдер, дұрыс құрылған сөз тіркестері
мен сөйлемдер ғана олардың журналистика мамандығын толық әрі сапалы меңгеруіне мүмкіндік
береді.
Сондықтан журналистика саласында қолданысқа енген ағылшын және орыс тіліндегі
терминдердің қазақ тіліндегі дәлме –дәл балама сөздіктеріне деген сұраныс арта түскені байқалады.
Сол себепті болашақ журналист мамандардың кәсіби және халықаралық журналист деңгейіне
көтерулеріне, ғылыми жұмыстар жүргізіп, мақалалар жазуына көмек бола алатын маманға қатысты
терминдерді қамтитын сөздікті шығарудың маңызы зор болмақ. Бұндай сөздіктің қажеттілігін АҚШ
қаржыландыруымен қазақ тілінде хабар таратып келе жатқан халықаралық «Азаттық» радиосында
қызмет ететін журналистер үшін де аса қажет екендігін төмендегі жайттан байқауға болады.
АҚШ Конгресінің қаржыландыруымен қазақ тілінде хабар таратқанына 60 жыл уақыт болған
«Азаттық» радиосындағы негізгі жұмыс «Ассошейтед Пресс», «Ройтерс», «Би-Би-Си», «Ажанс
Франс Пресс» секілді әлем ақпарат агентіктерінен күнбе-күн, сағат, минут сайын ағылшын тілінде
келіп түскен мақала, жаңалықтарды табан астында ізін суытпай шапшаң аудару жұмысы болмақ.
229
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
Сондықтан журналистіге қойылар басты талап: ол оның қазақшасы мен ағылшыншасының жақсы
болуы және аударма жасау жұмысында тәжірибелі болуы. Бір қарағанда бұл кімге де болсын оңай
жұмыс секілді көрінгенімен ағылшынша келіп түскен жаңалық мәтінін қазақшаға аудару барысында
көптеген қиыншылықтар кездесетінін айтып өткен жөн.
1990-
шы жылдардың ортасында «Азаттық» радиосы Германияның Мюнхен қаласынан Чехияның
астанасы Прага қаласына көшіп келген кезде, қазақ редакциясының бұрынғы тәжірибелі
қызметкерлері Прага қаласына барудан бас тартқандықтан, жаңа қызметкерлерді радио басшылығы
тәуелсіз Қазақстаннан таңдап апаруды жөн санаған болатын. Қазақстаннан радиоға жұмыс істеуге
құлшыныс танытқан 50 шақты адамнан таңдап алынған 6 адамның 2-уі ағылшынша білгенімен
біреуінің қазақшасы нашар ал 4 адамның ағылшыншасы тіптен жоқ болатын. Бұл жағдай алғашқы
кезде қазақ редакциясының қалыпты жұмыс істеуіне үлкен қиындықтар туғызған-ды. «Американың
радиосында жұмыс істейтін қазақ редакциясының журналистері жаңалықты түпнұсқа
ағылшыншадан емес оның орысша аудармасынан қазақшалайды екен»,– дегенді естіген американдық
басшылар алғашында не істерлерін білмей бастары қатқан кездері де болды. Ағылшынша білмейтін
қызметкерлерді елге қайтару мәселесі де туындап, ақыры олар тез уақытта ағылшынша үйренуге өз
уәделерін бергендіктен радио басшылығы сынақ мерзімімен оларды радиода қалдырған еді. Мысалы,
Қазақстаннан «Азаттыққа» жұмыс істеуге барған танымалы жазушы Смағұл Елубай бірер жылдың
ішінде компьюердің қыр-сырын және ағылшын тілін кәдімгіше үйреніп, аударманы аса қиынсынбай
істей алатын болды (1).
Ағылшыншасы тәп-тәуір деген журналистердің өздері алғашында ағылшынша мәтінді қазақшаға
тікелей аударма жасауда бірқатар қиыншылықтарға душар болды. Біріншіден, сол жылдары
интернеттің әлі жақсы, жеттік дами қоймаған кезі болатын. Қолда «ағылшын-қазақ» сөздігі
болмағандықтан, әуелі ағылшынша мәтіндегі таныс емес, білмейтін сөздерді «ағылшын-орыс»
сөздігін пайдалану арқылы әуелі орысшаға аударып, кейін «орыс-қазақ» сөздігін пайдалану арқылы
қазақша мағынасын тауып алатынды. Бұл бір жағынан аударма барысында уақытты көп алатын.
Екінші жағынан осылай аударған аударма кейде өзінің мән мағынасын жоғалтып қоятын. Сондықтан
кейде әлем жаңалықтары хабарында түрлі қателердің кездескенін айта кету жөн болмақ. Тіптен
редакциядағы бір журналист «бояушы,бояушы дегенде сақалын бояпты» дегендей әлем
жаңалықтарын ағылшыншадан қазақшаға аударған кезінде қалыптасқан мемлекет, ел, жер аттарына
дейін қазақшалап қойғаны бар. Мысалы, Польшаны-Полония деп, Грузияны-Гүржістан, Арменияны-
Арменстан, Венгрияны-Мажарстан, Косованы- Қосаба т.б. Бұл кімнің де болсын күлкісін туғызатын
жағдай еді.
Бірде ағылшыншасы әлі жақсы бола бермеген бір журналист Югословия тақырыбына арналған
өзінің жаңалық хабарында: «Сербияда сайлау келесі жұма күні басталатын болды»-деп тікелей
эфирден бүкіл әлемге хабарлады. Ал шын мәнінде сайлау сол күні басталып, өтіп жатқанды. Бұл
«Азаттық» секілді әлемге әйгілі радиода ешқашан болуға болмайтын жайт еді. «Азаттық» радиосы
қызметкерлерінің хабарлары қалай дайындалып, эфирден қалай беріліп жатқандығын радио
басшылығы үнемі болмаса да жылына екі-үш рет бақылайтын. «Program Review» яғни
«бағдарламаның қорытынды шолуы» деп аталатын бұл жұмыс талқылауына редакция қызметкерлері
түгелдей және қазақ бағдарламасын зерттеп, сарапқа салушы сарапшы мамандар сондай-ақ радио
басшылары қатысатынды.
Ең бір қызығы бұл жұмыс қорытындысында аударманың қалай болғаны, оның ағылшынша
түпнұсқаcының аударма мәтінмен сәйкестігі қалай болғаны туралы ешбір сөз айтылмайтын. Мұнда
көбінесе журналистің кәсіби және дикторлық шеберлігі, тақырыпты қалай дамытып баяндағаны
туралы көбірек айтылатын. Әрине әр журналистінің адресіне айтылған ескертулерге байланысты сол
кемшіліктерді жою жұмыстары жүрілетін.
Осы орайда Қазақстанда шығатын апталық «Караван» газеті 1998 жылы, «Азаттық радиосының
тілшілері тарапынан аударма жасауда жіберген өрескел қателіктері жайында бір мақаласын
жариялады. Онда: ««Азаттық» тілшісі «машина» сөзін қазақшаға аударып оны «араба» деп атау
дұрыс» дейді. Сөйте тұра, 1991 жылы Мәскеуде болған саяси дүрбелең кезінде «арабаға» отырған бір
топ әскерилер «Ақ үйді» минометпен атқылай бастады деп эфирден хабар таратты. Бұл қалай?
Машинаның қазақша аудармасын ойлап тапқан журналистер минометке сөз таба алмады ма?»-, деп
бізді сынаған болатын (2). Өзбекстанда туып-өскен бір журналист ағамыз қазақша «базар», «нарық»
деген әдемі сөздер бар болса да, өзінің хабарларында оның орнына өзбекше «маркази», «ықсатты»
сөздерін көп қолданатындығын кезінде «Ана тілі» газеті сынаған еді.
230
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
Осы орайда аударма жасаушы журналистінің негізінен үш түрлі жайтты білуі қажет дегенмен
толық келісуге болады. Ең бірінші журналист өзінің ана тілі-қазақ тілін жеттік меңгерген болуы
тиісті, екіншіден ол ағылшын тілін де жақсы білумен бірге, сол елдің тарихы, әдебиеті, тұрмысынан
жақсы хабардар болуы керек, үшіншіден көп жылдық тәжірибе байқатқандай, ағылшыншадан-
қазақшаға сөзбе-сөз аударудан гөрі мағынасы мен идеясын негізге алып жұмыс жасау өте оңтайлы іс
болатындығына көз жеткізуге болады.
Мұны «Азаттық» радиосының қызметкерлері кейінгі жылдары аударма жұмысында қатаң
ұстанатын болды. «Азаттық» радиосының қызметкерлері үшін радиодағы күнбе-күнгі хабар
дайындау жұмыстарынан басқа тіршіліктер яғни түрлі жиындар, жиналыстарға қатысу, басшылықпен
арадағы қарым-қатынас мәселесі бәр-бәрі тек ағылшын тілінде жүрілетін. Сондықтан болар әр
қызметкердің компьютеріндегі электрондық поштасы түрлі ақпараттық хаттарға толы болушы еді.
Бұл хаттарда не жазылғандығын толық түсіну үшін және оған жауап хат жазу үшін баяғы «ағылшын-
орыс» және «орыс-қазақ» сөздіктерінің көмегіне тағы жүгінуге тура келетін.
Аударма мәселесін қозғап отырғандықтан тағы бір айтар ол техникалық терминдердің қазақша
баламасын қалай дұрыс тауып, қолдануға байланысты мәселе болмақ. Ағылшынша физикалық және
техникалық терминдерді қалай қазақшалауды білмей қиналатын кездер көп кездеседі. Мұнда
ағылшынша-қазақша техникалық бір-екі сөздік бар болғанымен олардың сөздік қорлары аз (3).
Елбасы Н.Назарбаев биылғы жылы сәуір айның соңында Астанада өткен Қазақстан халқы
ассемблеясының 19 сессиясында сөйлеген сөзінде: «Қазақстан БАҚ-ының қызметін қамтамасыз ету
мәселесінде еуропалық стандарттарға мейлінше жақындауымыз керек. Ал қазақ тілі барша халықты
біріктірер татулық тіліне айналуы керек. Қазақстан тілдің үш тағанынан бас тартпайды. Бұл заман
талабы»,– деген еді [4]. Сондықтан Елбасы көтерген болашақ жастар үшінгі «үш тұғырлы тіл»
саясаты тұрғысынан алып қарасақ та бұндай терминдік сөздіктің аса қажет екендігі түсінікті болмақ.
Қазақ тіліндегі терминдердің қалыптасуына, халыққа таралуына, халықтың құлағына сіңісті
болуына БАҚ-тардың маңызы ерекше екеніндігі туралы, профессор Б.Қалиұлы: «Бұл ретте БАҚ пен
сөздіктердің, оқулықтар мен оқу құралдарының рөлі зор екендігін баса айтқымыз келеді. Егер
шындығын айтар болсақ, жаңадан жасалған қазақша терминдердің ары қарай қалыптасып кетуі де,
болмаса бордай тозып құрып кетуі де БАҚ-тың қолында. Өйткені халықтың қолына алып күнделікті
оқитыны да, жаңалық күтері де – БАҚ. Халықтың білім-тәрбие, үлгі-өнеге алары да – БАҚ. Егер БАҚ
қазақша терминдерді (сөздерді) қолданса, халық сол қазақша терминдерді жаттап алады. Ал
орысша,ағылшынша терминдерді қолданса, халықтың аузы сол орысша, ағылшынша терминдерді
айтуға икемделеді», – деп жазады [5].
Соңғы жылдары жаңа медиялық БАҚ-тарды тұтынушылар саны анағұрлым көбейгені байқалады.
Бұл өз кезегінде жаңа медиялық терминдердің, сөздердің, сөз тіркестерінің және синтаксистік
оралымдардың халық арасында кеңінен таралуына мүмкіндік береді. Әрине, журналистер сол
саланың мамандары болғандықтан, ағылшынша немесе орысша онда не айтылғаны туралы өздеріне
қажетті мәліметтерді ала алады. Ал мұндай жағдай журналистика саласында білім алушы
студенттерге мәтінді түсінуге көптеген қиындықтар келтіреді, себебі олар – әлі қалыптасып
үлгірмеген, бұл саланың қыр-сырын толық меңгермеген болашақ мамандар. Орнымен қолданылған
терминдер, дұрыс құрылған сөз тіркестері мен сөйлемдер ғана олардың журналистика мамандығын
толық әрі сапалы меңгеруіне мүмкіндік береді.
Осы орайда жаңа медиа терминдерін ағылшынша және орысшадан қазақшалаған кезде үш түрлі
жайтты білуі қажет деп ойлаймыз. Ең бірінші журналист не аудармашы өзінің ана тілі-қазақ тілін
жеттік меңгерген болуы тиісті, екіншіден ол ағылшын, орыс тілдерін де жақсы білумен бірге, сол
елдердің тарихы, әдебиеті, тұрмысынан жақсы хабардар болуы керек, үшіншіден көп жылдық
тәжірибе байқатқандай, ағылшыншадан-орысшаға немесе қазақшаға сөзбе-сөз аударудан гөрі
мағынасы мен идеясын негізге алып жұмыс жасау өте оңтайлы іс болатындығына көз жеткізуге
болады.
Журналистика саласына қатысты жаңа сөз, тіркестер және түсініктемелерді қамтитын сөздік
жасаудың маңызы туралы жоғарыда айттық. Сондықтан мақала авторлары журналистика және
коммуникация саласында жиі қолданылатын 1500 ге жуық сөздер мен терминдерді қамтитын
ағылшынша-орысша-қазақша сөздікті жасап, оны кітап етіп шығарды. Бұған әль-Фараби атындағы
ҚазҰУ-нің журналистика факультеті қолдау көрсеткеніне шын ризашылығымызды білдіргіміз келеді.
Бұндай сөздіктен жаңа саяси өзгерістерге және жаңа медиа деп аталатын дәстүрлі емес БАҚ дамуына
231
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
байланысты заманауи сөздерге де түсініктеме табуға болар еді. Бұған мысал ретінде 2003 жылы ғана
айналысқа енген « Embedded Journalism» деген сөзді келтіруге болады [6].
Сөздікті дайындау барысында журналистика саласына аз-кем байланысы бар кейбір сөздерді
қамтуға тырыстық. Сөздікте кино мен театр, интернет және баспаханада, жалпы коммуникация
саласында қолданылатын сөздер де кездеседі. Соңғы кездері әскери журналистиканың күрт дамуына
байланысты аталмыш сөздікке журналистердің күнделікті сөйлеу барысындағы кейбір маңызды
әскери термин мен тіркестер де еніп отыр.
Сонымен қатар, сөздікке қазіргі таңда ағылшын тілінде жарық қөретін газеттерде орын алатын “ in-
brief”, “ ad”, “ in-depth”, “ pix”
сияқты жаңаша сөздерді де енгіздік. Айта кетерлігі, бұл сөздікте
келтірілген көптеген сөздердің қазақша, тіпті орысша баламасын жалпыға арналған сөздіктерден табу
қиын. Қолдарыңыздағы сөздік сонысымен ерекше болып тұр.
Кейбір синоним және мағынасы ұқсас сөздер кейде «/» белгісімен бір қатарда берілді, кейде екі
бөлек сөз ретінде әрбіреуі бөлек жазылды. Мысалы, « міндет» деген сөз “ duty” және “ obligation”
деген бөлек сөздермен берілсе, “ holder” және “ owner” «/» белгісімен ғана ажыратылып бір қатарда
жазылды. Кей сөздердің жалпыға белгілі мағынасы бола тұра, біз ол сөздің нақты журналистика
саласындағы қолданысын назарға алып аудардық. Мәселен, “ air” деген сөздің « ауа» деген мағынаны
білдіретіні белгілі, алайда бұл сөздікте тек « эфир» деген мағынада қолданылады.
Сондай-ақ сөздіктен Қазақстанға тән кейбір сөздердің ағылшын тіліне сол күйі енген балама
жазылуын да табуға болады. Бұлар - көбіне саяси атаулар. Мәселен, « мәжіліс», « әкімдік», « наурыз»
және т.б. сөздер. Кешікпей қолдарыңызға баратын сөздікті тек сөзді аудару үшін ғана емес, сол
сияқты жалпы «кей сөздерге түсініктеме беретін құрал» немесе шағын энциклопедия ретінде де
пайдалануға болады. Сөздік сонымен қатар, тіпті американдық түсіндірме сөздіктеріне әлі күнге
шейін ене қоймаған lede, hed сияқты неологизм сөздерін де қамтуымен ерекше [6].
Қазіргі замандағы Интернеттің дамуына байланысты сөздіктен ағылшын тіліндегі хат алмасу
кезіндегі « TQ» (Thank You/Рахмет) сияқты кейбір қысқарған бейресми сөздерді де таба аласыз. Бұл
сөздер қазақ және орыс тілдерінде қысқартылып емес, толықтай берілді де арнайы сөз екендігін
білдірту үшін жақшаның ішіне « IT» (ақпараттық технология тілі) деген жазу жазылды.
Сөздік журналистика және коммуникация саласында жиі қолданылатын 1 500-ге жуық сөз бен
тіркестерді қамтыған. Халықаралық журналистикаға байланысты сөздердің көбі ағылшын тілінде
қолданылатындықтан сөздік бір тарапты, яғни ағылшын-қазақ-орыс тілдері болып жасалған. Алайда
алдағы уақытта бұл сөздіктің сөздік қорлары молайтылып ағылшын-қазақ-түрік-поляк-орыс
тілдерінде шығып қалуы да ғажап емес.
Жаhандану заманында ағылшын тіліндегі ғылыми еңбектерді, басылымдарды қазақ тіліне аудару
мәселесі бүгінгі күні өте маңызды әрі өзекті мәселенің бірі болып отырғандығы түсінікті.
Қазақстандағы жоғары оқу орындары ағылшын, неміс, француз, испан тілдерінен қазақ тіліне және
қазақшадан осы тілдерге еркін аударма жасай алатын жақсы мамандарды даярлап шығаруға көбірек
көңіл бөлу керек секілді. Жалпысы Қазақстанда батыс тілдерінен қазақ тіліне аударма жасау жұмысы
әсіресе техника саласындағы аударма жұмысы баяу дамып бара жатқанын айтуымыз керек. Бұл
мақсатта білімді аудармашы мамандар дайындаумен қатар сөздік қоры мол жақсы сөздік кітаптар
дайындау да бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
1
1.Баймолда Д., «Азаттық радиосы: тарихы мен тәжірибесі» оқу құралы.
Қазақ Университеті Баспасы, Алматы, 2009
2
Караван газеті, №148, 1998 жыл
3
Баймолда Д., «Көмір өндірісінде рентген флюорецсенция әдісін қолдану. монографиялық
еңбек. Павлодар Университет баспасы, 2010
4
Н.Назарбаев: «Қазақстандық жол: тұрақтылық, бірлік, жаңғыру»., «Айқын», 28.04.2012
5
Қалиұлы Б. Қазақша термин жасау мәселесі және оны қалыптастырудағы БАҚ-тың рөлі.
Қазақ терминологиясы және Бұқаралық ақпарат құралдары. Республикалық ғылыми-практикалық
конференция материалдары. –Астана: 2003 ж. – 128 б.
6
6.Д.Баймолда, Р.Ахмет. Журналистерге арналған «ағылшынша-қазақша-орысша» сөздік,
Әль-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің баспасы «Қазақ университеті». Алматы,
2013ж. -112б.
232
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
Резюме
Баймолда Д. старший преподаватель КазНПУ, доктор философий, dosanb@hotmail.com
Значение создания словаря в области журналистики
В данной статье рассматриваются о некоторых проблемах перевода медиа терминов и слов СМИ
из английского на казахский язык. В этой связи рассмотрены значимость публикаций английско-
казахско-русский словарь для новых медиа терминов и слов СМИ. Сегодняшний день журналисты
радио «Свобода» которые вещает более 60 лет на казахском языке и журналисты которые работают в
сфере теле-радио и газет-журнал в Казахстане часто сталкиваются проблемами перевода новых слов
и терминов медиа и поэтому рассматривается значение создания такого словарья. Первым шагом в
создании такого словаря, автор совместно со свойм студентом создал англо-казахско-русский словарь
на более чем одной тысячи пятисот слов и терминов СМИ опубликованный типографией «Казахский
университет» в 2013 году.
Ключевые слова: журналистика, коммуникация, словарь, медиа термины, информационная
технология.
Summary
Dr. Dosan Baimolda The senior lecturer of the KazNPU named after Abai.
dosanb@hotmail.com
The importance of the dictionary in the field of journalism
In this article is spoken about some problems of translation of some media terms and words from English
to Kazakh and significiance to publish of English-Kazakh-Russian dictionary for new media terms and
words. In this regard, I consider the importance of publishing the English-Kazakh-Russian dictionary of
terms of new media and media words. Today, journalists of radio "Liberty" which broadcasts more than 60
years in the Kazakh language and the journalists who work in the field of television and radio and
newspaper-magazine in Kazakhstan often face problems of translation of new words and terms of media and
therefore considers the importance of creating such a dictionary. The first step in creating such a dictionary,
the author, together with his colleague published English-Kazakh-Russian dictionary of more than one
thousand five hundred words and terms published by the "Kazakh University" typography in 2013.
Key words: journalism, communication, dictionary, media terms, IT,
ӘОЖ: 317.214.4:373.58
PR-
МЕДИА – БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ БІР САЛАСЫ
Б.К. Сердәлі -
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, ф.ғ.к., доцент
Мақалада қазіргі баспасөз қызметінің PR саласындағы жаңа жұмыс тәсілдері қарастырылады. Бұл осы
тақырыпта зерттелген бірқатар жұмыстардың жаңа қырын – баспасөз хатшысының БАҚ-пен қарым-
қатынастындағы этикалық сипаттарын айқындайды. Зерттеуде талданған жайттар арқылы қоғаммен байланыс
үдерісінің даму кезеңдерімен, әлеуметтік-экономикалық саладағы, коммуникациялық секторлар мен
мемлекеттік құрылымдардағы қоғаммен байланыс институттары мен түрлі қоғамдық бөлімдердің қызметімен
танысуға болады. Сондай-ақ, мақалада «паблик рилейшнздің» мәні, мағынасы, қоғамдағы рөлі және қазіргі
азаматтық қоғамдағы даму ерекшеліктері де сөз етіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |