Түйін сөздер: баспасөз қызметі, баспасөз хатшысы, паблик рилейшнз, мақсатты аудитория, мониторинг.
Қайсыбір мекемеде де ұйымның ақпарат әлеміндегі имиджін қалыптастырып отыратын баспасөз
қызметі жұмыс істейді. Сондықтан да оның жұмыс стилі осы салаға қатысты белгілі бір ережелерге,
әдіс-тәсілдерге сүйенеді. Мәселен, баспасөз қызметінің сыртқы – мақсатты аудиториямен байланысы
ішкі қызмет топтары арқылы нақты жоспарланып, әрқайсысының атқаратын міндеттері белгіленіп
берілген. Мұндай орнықты басқару үлгісін Қазақстан Республикасы Президенті Баспасөз қызметінің
ақпараттық және қоғамдық байланыстағы қызметінен нақты көруге болады. Мұнда Президент
аппаратындағы баспасөз қызметі өкілдерінің қызметтік нұсқаулары тиісінше орын-орнымен бөлініп
берілген [1].
Өкінішке орай, бүгінде бірқатар құрылымдардың баспасөз қызметтері өз қызмет ауқымына
кірмейтін қосалқы қызмет түрлерімен айналысып жүр: мәселен, жарнамалау, PR, GR, маркетинг
233
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
қызметтері, өнімдерді сату-айырбастау т.б. Көп жағдайда бұл міндеттер объективті жағдайлардан,
яғни, сол ұйымдағы қаражат қорының жетімсіздігінен орын алатынын жасыра алмаймыз,
Негізінен баспасөз қызметінің міндеттерін айқындайтын нақты жүйе атқарылатын жұмыстың
технологиясына байланысты қалыптасуы тиіс. Қазақстан жағдайында жоғарыдағыдай қызмет себеп
пен салдарды түсінбеуден, қызметкерлердің өз нұсқауларын терең білмеуінен туындайды.
Әрбір мекеме басшысы өзіне мынадай міндеттер жүктеуі тиіс: белгілі бір оңды шешім қабылдау
үшін алдымен баспасөз қызметінің жұмысынан толық мағлұмат алу, мекеме бренді мен имиджін
қалыптастыру. Көп жағдайда, керісінше, басшылар мұны тек баспасөз хатшысының құзыретіндегі
міндет қана деп түсінеді. Осының нәтижесінде баспасөз хатшысын баспасөз қызметінің қызметтік
нұсқауына кірмейтін қосымша міндеттермен жүктеп, өзінің негізгі жұмысынан шектеп қояды.
Қоғаммен байланыс саласында тәжірибе жинақтап, кәсіби маман болғысы келетіндер, ең алдымен,
мынаны ескергені жөн: баспасөз қызметі тек бұқаралық ақпарат құралдарымен ғана жұмыс жүргізеді,
сол салаға қатысты мәселелерге ғана жауап береді, осы мақсатта ақпарат құралдарының көмегімен
қажетті мәліметтерді аудиторияға жеткізеді, мерзімді баспасөз арқылы өзі жұмыс істейтін ұйымның
имидждік бейнесін қалыптастырады [2, 122]. Бірақ бұл PR-медиа жұмысы сервистік қызметпен
сәйкес келеді деген ұғымды білдірмесе керек (мәселен, журналистерді іс-шараларға шақыру,
ақпараттық хабарламаларды тарату т.б.). Баспасөз қызметінің негізгі міндеті – ақпарат тізгінін
мықтап ұстап отыру (мұны кейбіреулер жете түсінбей, басшының саясатына сәйкес келмейді немесе
басшының көлеңкесінен шыға алмайды деп ұғынып жүр). Әрине, егер штат кестесі бойынша
баспасөз қызметінде бір ғана штат бірлігімен жүктеме қарастырылған болса, қызметкер қоғамдық
ұйымдармен байланыс жасауды қосымша міндет ретінде мойнына ала алады, олармен қарым-
қатынасты арттырып, басшысының да, мекемесінің де имиджін көтеруге атсалысады. Дегенмен,
қоғамдық ұйымдар мен БАҚ-тардың қарым-қатынасы редакциялар арқылы қалыптасады, бұл – таза
техникалық әдіс. Мұнда баспасөз қызметтерінің бағыт-бағдар беруімен БАҚ белгілі бір топтарға
арналған ақпаратты жеткізуші делдал кейпінде ғана танылады.
Әлеуметтік немесе қоғамдық топтар әрқилы болады, оның ішінде шешім қабылдайтын топтар да,
сол шешімнің орындалуын қадағалаумен шектелетін топтар да кездеседі.
Қазіргі баспасөз қызметінің жұмыс тәсілін, формасы мен сипатын сөз еткенде, осы тақырыпты
әріптестердің қаншалықты түсінетіндігі маңызды болмақ. Оның ішінде жеке адамдардың қазіргі ой-
түйсігі, іскерлік қарым-қатынасы, сыртқы субъектілермен жұмыс жүргізу тәсілдері көп рөл атқарады
(баспасөз хатшысының бас редакторлармен, журналистермен, қоғамдық бірлестіктермен,
тұрғындармен қарым-қатынасы, бәсекелестік дағдысы т.б. Нәтиже тиімді болу үшін жұмыстың
ауқымына жүрдім-бардым қарамайтын, бейімі мен қабілеті басым, туындаған түрлі жағдайларға орай
жедел шешім шығара алатын, үнемі демалыссыз жұмыс істеуге бейіл мамандардың ықпалы мол
болмақ. Яғни, адамның біліктілігі мен білімі, кәсіби тәжірибесі мен дағдысы жұмыста басты көмекші
бола алады.
Қайсыбір тәжірибе шеберлік нәтижесінде қалыптасады. Қалай болғанда да, ештеңеден қорықпау
керек, жұмысты неғұрлым жұртқа бейтаныс жаңа тәсілдерден бастау керек. Ештеңе істемейтін адам
ғана қателеспейді. Бұл – аксиома. Үнемі жаңа шешім қабылдауды талап ететін, осы принципті
өнебойы ұстанып отыратын, күрделі кәсіпті меңгергісі келетін маманның есінде ұстар айнымас
қағидасы.
Баспасөз қызметінде жұмыс істейтін адамның жұмысы, міне, осындай шаруалардың қатарына
жатады. Сондықтан баспасөз қызметінің жұмысына қандай да бір ортақ үлгі ұсыну қиын. Біз тек
нақты, шындыққа жақын, нәтижеге жетуге болатын үлгіні ғана көрсете аламыз. Егер жұмыстың жаңа
технологиясы алғашқы кезекте қолданысқа енсе, онда одан күтпеген оңды нәтижелер шығады да,
бәсекелестерге – мақсатты аудиторияға тез жетеді. Бұл, біріншіден, атқарылған жұмысты тәжірибе
ретінде таратуға оңай. Яғни, басқалар мұны әлі игере қоймағандықтан, жаңа технологияға деген
құмарлық артады. Екіншіден, бәсекелестер оны сараптап-талдап, жағдаймен толық танысып үлгерем
дегенше, уақыттан ұтуға болады.
Дәстүрлі технологиямен қоштасқымыз келмеген жағдайда, қауіп жаңа технологияны игере
бастаған орындардан келеді. Салыстыру арқылы олар кімнің қалай жұмыс жүргізетінін, қай тәсілдің
нендей нәтиже беретінін біле бастайды.
Жаңа технологияның үлгі алатын жақтары көп болғандықтан, қазір өзін сыйлайтын көптеген
мамандар оны жаппай игере бастады. Мәселен, Біздің елімізде 90-жылдардан кейін ғана ресми түрде
өндіріске енгізіле бастаған қымыз саудалау әдісін мысал етейік. Ол кезде қымызды шөлмек ішінде
234
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
ұзақ мерзімге сақтау технологиясын жақсы білмегендіктен, әртүрлі қышқыл тағаммен тұздықталған
қоспалар мен концетраттарды пайдаланып жүрдік. Бірақ бұл жерде екі нәрсеге көңіл бөлу керек еді:
қымыз әу бастан-ақ бізде өз дәстүріміз бойынша ашытқы қосылған түрде әзірленді, ал зауыттағылар
тек сол ата дәстүрін сақтай отырып, барлық тиісті градиенттер қоспасымен ғана даярлап шықты.
Бұдан түйетініміз – жаңа технологияны дұрыс қолданбаудан өнім сапасы әлсірейді екен. Сол сияқты
ақпарат та мақсатты аудиторияға бастапқы қалпында жете бермейді. Сондықтан тапсырыс берушілер
келесі жолы мұндай сапасыз ақпарат көзіне жолай бермейді. Сол себепті де мекеме имиджін ақпарат
көмегімен көтеру үшін бізге, ең алдымен, осындай факторларды қатаң ескеруге тура келеді. Бұл
тұрғыда «Мерзімді баспасөздегі feature-материалдар айтарлықтай еркін құрылымдарға – «the inverted
pyramid» (төңкерілген пирамида) принципіне құрылған жаңалық мәтінінің белгіленген үлгісіне
негізделеді. Сондықтан маңызды мәселелер мәтіннің басында «лид» түрінде хабарланады» [3, 242]
деген пікір түйінді ойға сәйке келеді.
Әрине, жаңа технологияны қолдану керек, ол әрі қажет те. Бірақ бастапқы қалып алған үлгісін
қатаң сақтамай, өз нұсқамызды тықпалау жақсылыққа апармайтыны даусыз. Ал егер бұл жаңа
технологияны қолданған мекеме шет елде болса, онда оның сапасын тапсырыс берушілердің талабы
мен талғамына қарай бағдарлап отыруға тура келеді.
Баспасөз қызметінің маманы, ең алдымен, мықты, сауатты психолог. Адамдармен (әсіресе, өз
басшыларымен) тіл табыса білу үшін осыншалық үлкен өнер қажет. Бұл қажеттілік оның санасына,
дүниетанымына, ойлау қабілетіне қарай дамиды. Осы қасиеттер ғана оны қажетті нәтижеге жеткізеді.
Сондықтан баспасөз хатшысы алдымен адамдардың психологиясын еркін меңгере білуі керек. Қоғам
–
үнемі өзгеріп отыратын құбылыс болғандықтан, кәсіптік технологияның жиынтық үрдісі де әркелкі
құбылатынын есте ұстаған жөн.
Әрбір жаңа мақаланы жазар алдында баспасөз хатшысы міндетті түрде: «мақсатқа жету үшін не
істеу керек?», «қандай эмоциялық құралмен қаруланған дұрыс?», «материалды қалай күшейтуге
болады?», «оны оқылымды мақалаға айналдырудың қандай жолы бар?» деген сияқты түрлі
сауалдарға жауап іздеуі тиіс. Әрине, әртүрлі жағдайда мақсат та әртүрлі болмақ. Мәселен,
журналистер іс-шараның ұйымдастырылуына өте риза болса, келесі жолы оларды ақпарат таратуға
мәжбүрлеудің қажеті жоқ, олардың өздері-ақ ақпарат таратуға мүдделі болады. Мұнда тек екеуара
принцип пен сыртқы байланыс қана сол күйі өзгеріссіз қалады. Нағыз кәсіпқой ғана өз ісіне дәл
осылай қарайды. Себебі ол қоғаммен байланысты бірінші кезекке қояды.
Жоғарыда айтқандарды сараптай келе, қазіргі баспасөз қызметінің жұмыс істеу тәсілінің келесі
факторларға тәуелді екенін бағамдауға болады:
o
Институттардың (мемлекеттік мекемелердің, табыс табуға бағытталған құрылымдардың
(бизнес құрылымдарының), қоғамдық ұйымдардың т.б. жеке меншікке қатыстылығы;
o
Баспасөз қызметі қызмет ететін ұйымның беделі (институт бренді, оның жетекшісінің
танымалдылығы, БАҚ-та көріну жиілігі т.б.);
o
Ұйымның беделі, сарапшылардың, VIP-тұлғалардың, бәсекелестердің ұйымға деген қарым-
қатынасы, қоғамдық ұйым көшбасшыларының пікірлері т.б.;
o
Баспасөз қызметінің инфрақұрылымы (қажетті ресурстармен толық қамтамасыз етілуі);
o
Сыртқы конъюнктура (нарықтағы жағдайлар, қоғамдық қатынастардың сегменттері, мекеменің
экономикалық, саяси немесе әлеуметтік инфрақұрылымы);
o
Ұйымның дамуына және қызмет етуіне ықпал ететін институттағы лоббилер мен
жақтаушылардың болуы;
o
Мекеме басшысының тұлғасы мен баспасөз қызметінің (баспасөз хатшысының) кәсіби келбеті.
Келтірілген факторлар, сөзсіз, мұнымен түгесілмейді, белгілі бір дәрежеде баспасөз қызметінің
жұмысын технологиялық сипатты айқындайтын тәсілдер мұнан да көп. Мысалы, Қазақстанда
қоғаммен байланыс орталықтары мен әкімдіктердің ішкі саясат бөлімдері де баспасөз қызметінің
міндетін атқарады, оның да белгілі бір дәрежеде жұмысына тән өзіндік белгілері бар:
o
БАҚ мониторингі;
o
Аймақтарға ықпал жасау мүмкіндігі (аймақтардағы баспасөз қызметінен алынған мәліметтерді
жинақтап, талдап отыруы);
o
БАҚ-тың сұрауларына жауап бере алуы (материалдарды сұрыптауға, сюжет даярлауға көмек
көрсетуі т.б.);
o
Арнаулы сайттар ашу;
o
БАҚ-тың аймақтағы органдарының жұмыстарына талдау жасап отыру;
235
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
o
БАҚ жетекшілерінің жұмысын қолдап, олармен тұрақты байланыс жасау, жеке жұмыстарын
жоспарлағанда өтініштеріне құлақ асу;
o
Төтенше жағдайларды жіті қадағалап отыру (мобильді топтар жұмысына араласу).
Нәтижелі жұмыс жасаудың базалық принциптерінің бірі – бизнес құрылымдарының, саяси және
қоғамдық ұйымдардың, басқару органдарының жұмысын БАҚ жұмысымен қалай ықпалдастыруға
болатынын перспективалық негізде жоспарлап отырудан да көрініс табады. Осы тұрғыдан келгенде
кез келген баспасөз қызметі өзінің сапа мақсаттарын белгілеп, сол арқылы белгілі бір нәтижеге
жетуге ұмтылатыны даусыз.
1. Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты / Президент әкімшілігі / Президенттің
Баспасөз қызметі //
www.akorda.kz
2.
Буари Ф. А. Паблик рилейшнз или стратегия доверия. – М., 2001.
3. Сердәлі Б. Медиамәтіндердің негізгі түрлері // Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің хабаршысы. Филология сериясы. – 2015. - №1(51).
Резюме
Сердали Б.К.
Международный казахско-турецкий университет имени Х.А.Ясави
кандидат филологических наук, доцент
PR-
медиа, как один из методов пресс-службы
В статье анализируется эффективная работа по связам с внешними целевыми аудиториями, так как
строгий системный подход к определению функционала пресс-службы и, как следствие, технологий
работы актуален сегодня в Казахстане. Формы и методы работы современной пресс-службы во
многом зависит от того, насколько человек разбирается в таких темах, как современные технологии
личностной и деловой коммуникации, приемы работы с внешними субъектами (главные редактора
СМИ, журналисты, экспертное сообщество, население).
Ключевые слова: пресс-служба, пресс секретарь, паблик рилейшнз, целевая аудитория,
мониторинг.
Summary
Serdali B. K.
The international kazakh-turkish university of a name H. A. Yasaui
The candidate of philological sciences, senior lecturer
PR-media as one of the press-service methods
The article analyzes the effective work on communication with external target audiences, as a strict
systematic approach to defining functional press service and as a result, work technologies relevant today in
Kazakhstan. Forms and methods of work of the modern press service depends largely on how much a person
versed in topics such as modern technology personal and business communication, techniques for working
with external entities (chief editors, journalists, the expert community, population).
Keywords: Press Service, Press Secretary, public relations, target audience, monitoring.
236
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
АУДАРМАТАНУ
ПЕРЕВОДОВЕДЕНИЕ
УДК 821= 03. 111= 512.122
ДЖЕК ЛОНДОННЫҢ «КИШ ТУРАЛЫ» ӘҢГІМЕСІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ АУДАРМА
НҰСҚАЛАРЫ
Б.Д. Жұмақаева – Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті, филология
ғылымдарының кандидаты, профессор м.а.,
З.Т. Аманғалиева - ҚазмемҚЫЗПУ-дың 2-курс магистранты
Көркем аударма әдебиеттің ерекше де, күрделі де салаларының бірі. Көркем аударма халық пен халықты,
мәдениетті бір-бірімен тоғыстырып, әдебиетті жаңаша байытып отырады. Қазақ әдебиетінде де көркем аударма
саласы таңсық емес. Көптеген әлемдік деңгейдегі классик ақын - жазушылардың туындылары ана тілімізге
аударылып, қазақ оқырмандары мен әлемдік классиктер арасында көпір орнатылды. Осындай туындылары
көптеп аударылған американдық жазушы – Джек Лондон. Оның шығармаларынан қала өмірінен гөрі дала
өмірінің иісі сезіліп тұрады. Сондықтан шығар, оның туындыларын қазақ оқырмандары ерекше ықыласпен
оқиды. Оның шығармаларына Абайдың шәкірттері Турағұл Абайұлы мен Мұхтар Әуезов қызығушылық
танытып, әңгімелерін тәржімелеген. Осындай қызықты да әсерлі шығармаларының бірі «Киш туралы аңыз»
әңгімесі. Мақалада Джек Лондонның осы «Киш туралы аңыз» әңгімесінің қазақ тіліндегі түрлі аударма
нұсқалары (Турағұл Абайұлы, Сейфолла Оспанов, Серік Нұғыман аудармаларында) салыстырыла
қарастырылады.
Кілт сөздер: көркем аударма, Джек Лондон, әңгіме, аударма нұсқалары, кейіпкер, мақат, кірекей.
Қай кезеңді алсақ та, қоғам өмірінің ілгері жылжып, дами түсуіне аударма өнерінің, соның ішінде
көркем аударма өнерінің қосатын үлесі айрықша. Аударма халық пен халықты жақындатып, рухани
қазыналарымен ортақтас етіп, әдеби байланыстардың нығайып, күшейе түсуіне ықпал етеді. Көркем
аударма әдеби үдеріс пен ұлттық мәдениеттің ілгері жылжып, қалтқысыз еңбек етіп келеді. Академик
Н.И.Конрад: «Өзге тілде жазылған әдеби шығарманы өз тіліңде жаңғырту– әруақытта да
шығармашылықтың шыңы. Аударманың пайда болуы– белгілі бір дәрежеде төл әдебиеттің баюына
ықпал жасайды» деген [1]. Көркем аудармадағы қойылатын басты талап – шығарманың көркемдік
идеялық күші мен эстетикалық ләззатын жеткізу. «Ол алдымен көркем болсын, әсерлі де, тартымды
оқылсын»,- дейді М.Әуезов. Бұл мақалада америкалық жазушы Джек Лондонның «Киш туралы»
әңгімесінің қазақ тіліне аударылған нұсқалары салыстыра қарастырыады.
Америка елінің ХІХ ғасырдың соңғы ширегі мен ХХ ғасырдың бас шенінде өмір сүрген дана
жазушысы Джек Лондонның шығармаларын әлем жұртшылығы ықылас қойып, қызыға оықпи келеді.
1876 жылы Калифорнияда дүниеге келген америкалық жазушы Джек Лондонның шын есімімі Джон
Гриффит Чейни. Туындыларының бірін-бірі қайталамайдығымен, шынайы өмірден алынғандығымен
ерекшеленеді. Оның шығармаларының тартымдылығы соншалықты, көркем өнердің басқа
салаларына арқау болған. Атап айтқанда, оның шығармаларының желісімен бірнеше көркем суретті
фильмдер түсірілген. Мұның өзі жазушы шығармашылығының көркемдік эстетикалық мәнінің
жоғарығылын көрсетеді. Жазушының өмірбаянын зерттеуші Ирвинг Стоун айтады: «Бірде оның
оқырмандары: «Сіздің жазудағы басты мақсатыңыз не? Сіз, жалпы, не үшін жазасыз?»-, дейді
төбеден қойып қалғандай. «Ақша үшін» -, дейді ол өте сабырлы түрде. «Бірақ ақша үшін
жазатындардың шығармалары көбінде нашар болушы еді»-, десе, Лондон: «Мен бір рет нашар
шығарма ұсынсам, келесі ретте оны ешкім сатып алмайды. Сондықтан ылғи да жақсы жазуға
тырысам»,– дейді ол ағынан жарылып» [2].
Жазушылық өмірінде жүз елуден аса әңгіме, хикая, эссе, мақала жазған Джек Лондонның қазақ
тіліне көптеген әңгімелері аударылған. Абайдың шәкірттері де Лондон әңгімелерін аударуға
қызығушылық танытқан. Мысалы, Т.Абайұлы «Баланың ерлігі», М.Әуезов «Қасқыр» әңгімелерін
аударса, одан басқа Ж.Аймауытов «Теңіздей телегей», «Күштілердің күші», С.Нұғыман «Өмірге
құштарлық», «Кіш туралы аңыз», Әшімхан Дидахметұлы «Теңіз қорқауы» романын, «Тектік сарын»
237
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
повесін және 7 әңгімесін аударған. Әрине Джек Лондонның қазақ тілінде сөйлеген әңгімелері
бұлармен шектеліп қалмайды.
Жазушының ең әсерлі әңгімелерінің бірі – «Киш туралы аңыз». Ол алғашында «Киш-аю аулаушы»
деген атпен 1904 жылы басылып шыққан. Әңгіменің негізгі мазмұны тоқталсақ: Эскимос
тайпасының атақты аңшысы Бок ашарлық кезінде, аюмен арпалысып, оны өлтіріп, өзі де аюдың
тырнағына ілігіп ажал құшады. Сол жолы ашаршылықтан ауылы аман қалғанмен де, аңшының
соңында жары Икига мен ұлы Киш қалады. Уақыт өте келе елі Боктың ерлігін ұмытып, оның әйелі
мен баласына көмектесуді доғарады. 13 жасар Киш өте батыл әрі ақылды болып өседі. Ол он үшке
толғанда, ауылдағы жиналысқа келіп, ауылдың жасап отырған әділетсіздігі туралы айтады. Үлкендер
жағы оны менсінбей жиналыстан қуып жібереді. Одан кейін Киш аң аулаудың тамаша әдісін ойлап
тауып, әр сапарында аюды олжалап қайтатын болды. Ауылдағы адамдар аюды қалай өлтіргеніне
таңғалып, оны сыйқырлықпен айналысып жүр деп есептейді. Олар Киштің соңынан тыңшы жіберсе
де, ол сыйқырлы әдісті аша алмайды. Олар Кишке келіп оның қолданатыны қандай әдіс екенін айтып
беруді өтінеді.
Әңгіменің қазақ тіліндегі аудармасының түрлі нұсқалары Турағұл Абайұлы, Сейфолла Оспанов,
Серік Нұғыман еңбектерінде кездеседі. Айта кететін жайт, Т.Абайұлы мен С.Оспанов орыс тілінен
аударған болса, кейіннен С.Нұғыман ағылшын тілінен қазақ тіліне тікелей аударған. Тұрағұл
Абайұлының кімнен аударғаны туралы ешқандай деректер кездеспейді, ал Сейфолла Оспанов
М.П.Богославский аударған орысша нұсқасынан қазақ тіліне тәржімелеген.
Аударма типін анықтау үшін оның бірнеше аспектілері бойынша анықтама беріп өтуі қажет.
1)
“The story of Keesh” әңгімесінің аудармасы тілдік қатынастарына қарай тікелей де, бинарлы да
аударылған, яғни бір тілден екінші және үшінші тілге табиғи тілге аударылған (ағылшын- орыс-
қазақ) немесе бірінші тілден үшінші табиғи тілге (ағылшын- қазақ) аударылған нұсқалары.
2)
Аударма жасаған субъекттердің аударма мәтін авторларына қатысына байланысты бұл
дәстүрлі аударма.
3)
Аударманың жанрлық- стильдік қасиеті бойынша- көркем аударма.
4)
Түпнұсқаның мағыналық мазмұнын беру белгілері бойынша барлық аударма нұсқалары
толық аударма деп айтуға болады (яғни қалдырып кетулерсіз, қысқартуларсыз).
5)
Аударма мәтінді презентациялау формасының белгілері бойынша аударма түпнұсқаның
жазбаша пішінінен жазбаша пішінде берілген. [8]
6)
Аударма нұсқалары бойынша, Т.Абайұлының аудармасы – еркін аударма, ал С.Оспанов пен
С.Нұғыман аудармалары – тікелей аударма.
Турағұл Абайұлының әдеби мұрасының бір саласы, оның орыс және Еуропа жазушылары
шығармаларынан аудармалары екені белгілі. Бірақ Т.Абайұлының аударма еңбектері түгел жиналып
зерттелінген жоқ. Бізге жеткендері максим Горькийдің «Челкаш» әңгімесі 1925 жылы «Таң»
журналына басылып шықты, сонымен қатар, Прусұлы Болеславтың «Антек қыран» әңгімесі,
Неверовтың «Я хочу жить» деген шығармасын «Мен өмірге жерікпін» деп аударған.
Джек Лондонның тамаш әңгімесін алғашқы аударушылардың бірі Т.Абайұлы екенін айттық. Бұл
аудармасы жеке кітап болып 1928 жылы Мәскеу қаласында басылып шыққан. Т.Абайұлынан кейін,
1936 жылы, Д.Лондонның «Brown wolf» әңгімесін М.Әуезов «Қасқыр» деп аударғаны белгілі.
Джек Лондонның «The story of Keesh» әңгімесін Т.Абайұлы тақырыбын тікелей аудармай, әңгіме
желісіне орай «Баланың ерлігі» деп атауды жөн көріпті. Аудармашы әңгіменің алдына шағын алғы
сөз келтіреді: «Бұл кітапшаны оқушы алаштың баласы, жалпы Алаш баласына деген Эскимос елдің
жайы мәлім емес шығар, қысқаша сезім бергенім артық болмас деп, мына төмендегі сөзді жаздым»
деп, әрі қарай эскимос тайпасының өмірі мен поляр мен экватордың географиялық ерекшелігін
негізге алып, әңгімеге беташар жазған [3]. Тұрағұл Абайұлының аудармасының тағы бір ерекшелігі –
кейіпкерлердің бастан кешірген оқиғаларын жеке-жеке бөліп, әрбіреуіне тақырыпша қойып
отырған. Мысалы, «Киштің долданғаны», «Киштің сыры», «Киштің аңшылығы», «Киштің абұйыры»
[4]. Ал бұндай тақырыпшалар түпнұсқада жоқ.
Аудармадағы ең басты мән беретін жайт – кейіпкерлердің аттарының берілуі. Түпнұсқадағы
кейіпкерлердің аттары: Keesh, Ikeega, Ugh-Gluk,Klosh-Kwan, Massuk, Bim and Bawn.
Тұрағұл Абайұлы Екиге - Ұғұлік, Бім - Бауын деп кейіпкерлер есімдерін де қазақшалауды жөн
көрген. С.Оспанов Киштің анасын Айкига деп көрсеткен. Біздің оймызша, бұлай аталу ағылшын
тіліндегі дыбысты нақты таңбаламаудан туған сыңайлы. Өйткені түп нұсқада оқылуы -Икига.
Ағылшын әрпі –«І» екі түрлі жағдайда–[ай] және [и] дыбысталады. Орыс тіліндегі аудармаларында
238
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
да Айкига деп оқылады. С.Оспанов орыс тілінен аударушы болғандықтан, бұған мән бермеген болуы
керек. “Keesh lived long ago on the rim of the polar sea” деген жолдағы «polar sea» Т.Абайұлы
аудармасында «Темірқазық асты, жердің сол жақ тұмсығы» деп аударса [3], С.Нұғыман «Кіш –
ертеде Солтүстік үйек теңізі жағасында өмір сүрген» деп десе, С. Оспановтың аудармасы: «Сонау
бір ертеде мұзды мұхит жағасында Киш деген бала өмір сүріпті» [5]. Әр жазушы әр кезеңде әр түрлі
аударса да, , яғни темірқазық асты, солтүстік үйек теңізі, Мұзды мұхит деп әртүрлі аударылса да,
мағыналарынан алшақтамай шебер аударған.
Keesh lived long ago on the rim of the polar sea, was head man of his village through many and
prosperous years, and died full of the honours with his name on the lips of men. So long ago did he live that
only old men remember his name, his name and the tale, which they tell to their children and their children’s
children down to the end of time. And the winter darkness, when the north gales make their long sweep
across the ice-pack, and the air is filled with flying white, and no man may venture forth, is the chosen time
for the telling of how Keesh, from the poorest igloo in the village, rose to power and place over them all.
Бұл абзац Т.Абайұлының аудармасында мүлдем жоқ. Бұл абзацтың орнына «беташар» жазғанын
көреміз. С.Оспанов пен С.Нұғыман аудармаларында тікелей аударылған. Ағылшын тіліндегі «And
died full of the honours with his name on the lips of men»
деген жолдардағы «on the lips of men» тіркесі
қазақ тіліндегі «ел аузында» деген сөз тіркесіне өте жақсы балама. Аударма барысында осындай
түпнұсқадағы сөз тіркестеріне сай келетін қазақ тіліндегі сөз тіркестерді қолданылып отырса, сөз
тіркестерін жай сөзбен аударылған нұсқаларынан әсерлі шығып, тіліміздің байлығын көрсетер едік.
Ал бұны тек С.Нұғыман ғана ескерген. С.Оспанов жәй сөзбен аудара салса, жоғарыда айтылғандай
Т.Абайұлында бұл жолдар жоқ
Солтүстік полярда мәңгі мұз басып жатқандықтан, үйлері де мұздан салынған, оны «Igloo» деп
атаған. Орыс тілінде баламасы «иглу», яғни орыс тілінің сөздігінде «Иглу – зимнее, с
куполообразным сводом жилище канадсих эскимосов, сложенное из снежных плит» деп көрсетілсе
[7],
қазақ тілінде оның баламасы жоқ. Т.Абайұлы «ійгіло» деп орыс тіліндегі баламасына
ұқсастырып, ұлттық колоритін сақтаса, С.Оспанов бұл атауға мән бермей «үй» деп ала салған.
С.Нұғыманның «мұз тошала» деп қолдануы оқырманға көбірек мәнді әрі түсінікті.
Бұл әңгімеде жазушы эскимос халқының кейбір салттарын және жылды қалай қайыратынынан
оқырмандарға танымдық хабар береді. Мәселен, эскимос халқының жыл санау әдісі де өте ерекше,
«He had seen thirteen suns, in their way of reckoning time. For each winter the sun leaves the land in
darkness, and the next year a new sun returns so that may be warm again and look upon one another’s
faces».
Поляр халқы болғандықтан, оларда алты ай күн, алты ай түн болып тұрады. Алты ал күн
болып, келесі алты алты ай күн болатын уақытқа дейінгі аралықты олар жыл деп есептеген. Енді
аудармашылармыздың аудармаларына оралсақ:
Т.Абайұлы: «Киш күнді 13 рет көрген. Бұл сөздің мағынасы: ол эскимос жүрген жерде жылына бір
рет күн шығып, алты ай батпастан жерді айналып жүреді де, алты ай түн болып болып тұрады. Темір
қазық, жердің сол жақ тұмсығы– деп жоғары жаздық қой [беташарда,авт.]; алты ай күн, алты ай түн
болмағы, жердің тұмсығы болғандығынан жазды күні күн төбеге таман келіп жоғары көрініп, түн
қысқарып қысқа айналған сайын аласа көрінетінін елдің бәрі байқайтын шығар. Бізге жаз шығып,
күн жоғарылаған кезде, эскимостың күні шығады да, екінтідегі күннің тұрған шамасындай болып
жерді алты ай айналып жүріп, бізге күн қысқарып аласарған кезінде, олардың күні батып, түн
болады» [3].
С.Оспанов: «...ол күнді бар болғаны он үш-ақ рет көріпті,– терістікте уақытты осылай есептейді
екен. Өйткені, жыл сайын қысқа түн жылт тез жоғалып кетеді екен де жердің беті түнеріп,
қараңғылық құшағына енеді екен. Сол жоғалғаннан күннің көзі келесі жылы жаңадан шығып, жер
бетін жылытып, адамдар да бір-бірін сонда ғана көреді екен» [5].
С.Нұғыман: «Өздерінің уақыт есебі бойыншаалғанда, он үш рет күн көріпті. Әр жылы қыста күн
даланы түнекке қалдырып ғайып боп келіп, келесі жылы қайта шыққанда кезекті рет келгенде, таңғы
шұғылаға шомылған олар бір-бірлерінің жүздерін тағы көреді екен» [6].
Үш аудармашының аудармалары түпнұсқаға сәйкес аударылып отыр. Осының ішінде,
Т.Абайұлының аудармасы ерекше болып отыр, өйткені ол тек қана аударып қоймай, қазақ
оқырмандарына «Эскимос халқының жылды қалай санайды, неге олайды» деген сұрақтарға кеңінен
жауап іздеп, қазақ оқырмандарына танымдық ақпарат беріп отыр.
Ал, салттарынан хабар беретін жолдары: «Ikeega tore her hair and put soot of the seal-oil on her face
in token of her grief».
Яғни бұл тайпаның қайғы жамылғанда беттеріне итбалық майының күйесін
239
Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Хабаршысы, «Филология ғылымдары» сериясы, № 2 (56), 2016 ж.
жағып алатын салты бары көрінеді. Үш аудармашы бұл салтты өзінше жеткізген. Мысалы, Т.
Абайұлы «Анасы Екиге: шашын жұлып зарлап, қатты күйгеннің белгісіне, ошағынан алып күлін
басына төкті», деп мағынасынан алшақтаса, С.Оспановтың аудармасында «Айкига бір пәлеге
ұрынбағай деп қайғырудың белгісі ретінде бетін теңіз мысығының майымен майлап тастады» [3] деп
келтірген. Алайда бұл аудармашының аудармасы сәтті шықты деуге келмейді, өйткені, бұл Икига
итбалықтың майын емес, оның күйесін жағып алады. Айта кетерлік жайт, Т.Абайұлы да, С.Оспанов
та орыс тілінен аударғандықтан, кейбір жолдары өзгеріске ұшыраған. С.Нұғыман аудармасында
«
Икига шашын жайып, күл араласқан түлен майын бетіне жағып, қасірет- қайғысын бетіне
шығарды» [6]. Серік Нұғыман, айтып өткеніміздей, ағылшын тілінен тікелей аударушы. Ол көбіне-
көп дәлме-дәл аударған. Ол автордың айтайын дегенін дәлме-дәл жеткізумен қатар, ағылшынша
сөздердің қазақ тіліндегі баламаларын дұрыс таба білген.
Қазақ халқының сөздік қоры өте бай. Осындай асыл мұраны ұрпақтан ұрпаққа жеткізу ақын-
жазушылардың міндеті. С.Оспанов аудармада осы міндетті ұтымды жүзеге асырған. Мысалы, «His
very next trip he killed a young bear, on the trip following, a large male bear and his mate».
С.Оспанов
аудармасында: «Осы жолғы сапарында бір жас аюды сұлатыпты, содан кейінгі сапарында – үлкен бір
аюдың мақаты (қазақта тілінде еркегі осылай атайды) мен кірекейін жайластырған » [5].
Қазақ әдеби тілінің 15 томдығында « Кірекей (зат.зоол.) – аюдың ұрғашысы» деп анықтама берген
[8].
С. Нұғыманның аудармасында «еркек аю мен сыңары» деп ағылшын тіліндегі атауын сол
қалпында қазақшаласа, Т.Абайұлы «кәрі еркек аюды ұрғашысымен бірге алды» деп береді. Бұл
жерде С.Оспановтың қазақы терминдерді шебер қолданғанын көреміз.
«The anger boiled a white heat».
Ағылшын тілінде «white heat» деген сөз тіркесі–ярость– ашу, ыза болып аударылады.
Т.Абайұлында «Үлкендердің ашуы шетіне шықты» [3], С.Нұғыман «бұрқ еткен ашу басына шапты»
[6],
С.Оспановта бұл жол аударылмаған.
«But in the council one night after long deliberation, it was determined to put spies on his track when he
went forth to hunter, so that his methods might be leaned».
Т.Абайұлының аудармасында «Бірнеше күн өткен соң, тағы да жұрт жиналып, сиқыр деген сөзді
арлы-берлі айтысып, ақырында Киш аңға кеткенде артынан екі кісіге аңдуға тапсырды.,сол екі адам
Киштің амалын біліп келсін десті» [3]. Бұл жердегі сиқыр деген сөзді арлы-берлі айтысып, екі кісі
туралы түпнұсқада қозғалмаған. С.Оспановта: «Бір күні кешке қарай өтетін жиында мұны көп
талқылағаннан кейін жұрт мынадай тоқтамға келді:Киш аңға шыққанда соңынан ізін аңдытып бір-екі
адам жиберейік. Олар Киштің аңды қалай аулайтынын бақылап қайтсын десті» [5]. Түпнұсқада
артынан қанша адам жіберу керектігі де көрсетілмеген. С.Нұғыман: «Тағы бір күнгі кеңесте жұрт
ұзақ ойланыстан кейін, келесі рет аңға шыққанда, оның ізіне түсіп, әдісін үйреніп алу бекіміне
келді» [6].
«He picked up a thin strip of whole and showed it to them the ends were sharp as needle points. The strip
he coiled carefully till it disappeared in his hands. Then, suddenly releasing it sprang straight again. He
picked up a piece of blubber».
Т.Абайұлының аудармасында: « Қолына жайынның жіңішке мұртын
алып, саусағына орап, жұртқа көрсетті. Сақинадай қолына оралып тұрған мұртты босатып еді, түзеліп
кетті. Сонан соң жайынның азырақ майын алды да»,– деп сөйлемді әрі қарай жалғастырады.
Түпнұсқадағы the ends were sharp as needle points, яғни таяқшаның ұштары иненің ұшындай өткір
болды деген жолдар мүлде аударылмаған. Тағы айта кететіні «blubber» жайынның емес кит немесе
итбалық майы. С.Нұғыманда бұл жолдар былай аударылған: «Ол кит сүйегінің кішкене бір сынығын
қолына алды да отырғандарға көрсетті. Сүйектің екі ұшы инедей үшкір екен». Ал, С.Оспанов «Ол
киттің жұқа қабыршағын алды да, отырғандардың барлығына жеке жеке көрсетіп шықты.
Қабыршақтың ұшы инедей үшкірленген». Серік ағамыз да Сейфолла да кит майы деп дұрыс
аударғанын көріп отырмыз.
Әңгіменің тәрбиелік эстетикалық тұрғыда қазақ оқырмандарына берері көп. Шебер, жақсы
аударылған аударма– қайта түлеген рухани құндылық, ел мәдениетінің мәуелі жемісі. Сондықтан да
В.Левик аудармада адалдық пен жауапкершілік басты қасиет деп айта келіп, «бәрібір дәлдік –
аударманы қолға алған ақынның бірінші парызы» деп, оны ең құнды сипаты ретінде айтады [10].
Жалпы аудармаға қойлаты бірнеше талаптар бар:
–
Аударма түпанұсқа сияқты оқылып, түпнұсқа сияқты оқылып түсінікті болыуе тиіс. Бұл
талаптар үш аудармашы: Т.Абайұлында, С.Оспановта, С.Нұғыманда да сақталған.
240
Вестник КазНПУ им.Абая, серия «Филологические науки», № 2(56), 2016 г.
–
Аудармада түпнұсқаның ұлттық колоритін сақтау-маңызды міндеттердің бірі. Мұндай талапты
Т.Абайұлы көбірек ескерген.
–
Аудару барысында түпнұсқадағы образдардың рухани-психологиялық әлеміне үңілу қажет, бұл
талапты үш аудармашымыз толықтай орындаған.
–
Аударма үдерісінде көркемдік-бейнелеу құралдарын барынша дәлме-дәл қол жеткізу керек, бұл
талап үш аудармашыда да, әсіресе С.Нұғыман аудармасында жоғары деңгейде. Ол С.Нұғыманның
ағылшын тілінен тікелей аударғандығынан болса керек.
–
Түпнұсқаның басты идеясын сақтау керек. Үш аудармашымызда бұл міндеттерін қатаң сақтаған.
–
Аудармада толықтырулар мен қысқартуларға жол бермеу керек, С.Оспанов пен С.Нұғыман
мұндай жағдай орын алмаса, Т.Абайұлы аудармасында қажеттіліктен бе, бәлкім, бұл талаптан
ауытқушылық байқалады.
Десек те, ең бастысы қазақ аудармашыларының автор ойын дәл жеткізе білгені қуантады. Алғаш
аударушы–Тұрағұл Абайұлы. Орыс тілінен аударғанмен, дәл қай аудармашыдан аударғаны белгісіз.
Алғаш аударушы болғандықтан да, оның аударма нұсқасында кейбір кем-кетік жерлері болуы заңды
сияқты. Кейбір сөздер өзгертіліп аударылған. Түпнұсқадағы және орыс тіліндегі аударма
нұсқаларындағы кейбір сөздер түсіп қалған. Серік Оспанов аудармасы танымдық жағынан сапалы,
жоғары дәрежеде деуге негіз көп. Кейбір жерлерде автор қолданысынан өзге өз тарапынан да сөз
қолданып, шығармаға өзінше бір көрік берген. Ал, Серік Нұғыман аудармасының ерекшелігі –
ағылшын тілінен тікелей аударуында. Автордың ойын жеткізумен қатар әрбір сөзін дәлме-дәл қазақ
тіліндегі эквиваленттерін сәтті тауып, оқырманға әсерлі әңгіме сыйлады. Жалпы, көркем аударма –
оқырманның эстетикалық, танымдық, мәдени білімін ұлғайтуда таптырмас қазына. Көркем аударма
әдеби байланыстардың ең маңыздысы екендігіне көзіміз жетіп отыр.
1
Талжанов С. Көркем мәтінді аудару мен талқылау үрдістері// Қазақ мемлекеттік көркем
әдебиет баспасы// 1962. -5-13б.
2
Лондон Джек. Теңіз қорқауы.// Роман// Повесть// Әңгімелер// Ауд.Д.Әшімханұлы// Аударма//
Астана, 2006. -6-7б.
3
Абайұлы Т. Баланың ерлігі// «Абай» журналы// №3, 1996. -72-76б.
4
Жұмашева А. Джек Лондонның әңгімелерінің аударылу ерекшелігі // Әуезов оқулары(жас
ғалымдардың 5- халықаралық ғылыми теориялық конференция материалдары)// Алматы, 2001. -169-
180б.
5
Оспанов С. Киш туралы аңыз// Джек Лондон әңгімелері//Әңгiмелер// Роман// Ауд.Оспанов С.,
Әшiмханұлы Д.// Алматы, 2012. -42- 43б
6
Нұғыман С. Кіш туралы аңыз// Таң-Шолпан // № 1, 2010. - 156-164б.
7
Словарь русского языка, том 1 (четвертое издание)// Москва:издателство «Русский язык»
полиграфресурсы// 1999. 216б.
8
Қазақ әдеби тілінің сөздігі// 15 томдық, 8-ші том// «Арыс» баспасы// Алматы, 2007.
9
Jack London. The story of Keesh// www.jacklondon.com.
10
Адаева С.Е. «Қазақ және ағылшын мақал-мәтелдерінің аударма ерекшеліктері»// Абай
атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университетінің хабаршысы// №1(43),2013. Алматы.
Достарыңызбен бөлісу: |