Химия кафедрасы



Pdf көрінісі
бет10/12
Дата20.02.2017
өлшемі0,55 Mb.
#4575
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

Үй тапсырмасы. § 16. 3-, 6-, 7-жаттығулар, 9-, 11-есептер.
94

19-20 сабақтар. АЗОТТЫҢ ОТТЕКТІ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың   мақсаты.  Оқушыларға   азоттың   оксидтері,   қышқылы   және 
тұздарының құрамы, қасиеттері, маңызы, алынуы, қолданылуы туралы түсінік 
бере   отырып,   маңызды   бейметалдардың   қосылыстары   жөніндегі   білімдерін 
дамыту.   Азот   қышқылының   басқа   қышқылдардан   ерекше   қасиеттерімен 
таныстыру. Дүниеге ғылыми-материалистік көзқарастарын тәрбиелеу.
Көрнекі   құралдар.  Реактивтер:   HNO
3
,   азот  қышқылының   тұздары, 
металдар, оксидтер, негіздер, химиялық ыдыстар, т.б.
Сабақтың   барысы.   Оқушыларға  азоттың  бірнеше   оксидтері  бар  екенін, 
соның ішінде екі түрлі оксидімен танысатындықтары айтылады. 
Азот (II) оксиді N0 — түссіз, иіссіз, дәмсіз, суда ерімейтін бейтарап оксид 
болса, азот (IV) оксиді NO
2
 — қоңыр түсті, өткір иісті, суда еритін қышқылдық 
оксид   екенін   білулері   тиіс.   Оқушыларға   көрнекі   көрсету   үшін   азот 
қышқылының   металдармен   әрекеттесуінен   алынған   оксидтерді   пайдалануға 
болады.
Сабақтың   келесі   кезеңінде   оқушылардан   азоттың   өздері   білетін   ең 
маңызды   қосылысын   атап   беруді   сұраймыз.   Сөйтіп,   азот   қышқылының 
молекула   құрылысын   және   әңгімелесу   арқылы   оқушыларға   белгілі   мына 
қасиеттерін анықтаймыз:1)суда диссоциациялануы жөне индикаторларға әсері;
2) сілтілерге (NаОН) қатысы;
3) металл оксидтеріне (СuО) қатысы;
4)   тұздарға   қатысы   (Nа
2
С0
3
).   Тәжірибелерді   тақта   алдында   окушылар 
жасайды, қалғандары реакциялардың иондық теңдеулерін жазады.
Сұйылтылған   азот   қышқылының   басқа   қышқылдардан   ерекшелігі   —
металдармен   әрекеттесуінде.   Оны   концентрациялы   азот   қышқылымен   бірге 
қарастырған жөн. 
Концентрациялы   азот   қышқылы   —   өткір   иісті,   ұшқыш   сұйықтық.. 
Сондықтан   күн   тіке   түспейтін   жерде,   күңгірт     шыныларда   сақтау   керек:
4HN0

↔2H
2
 0 + 4N0
2
↑ +0
2

                       коңыр
Жарықта тез айырылатындықтан, бөлінген NО
2
  әсерінен азот қышқылы 
өзі   түссіз   болғанымен   де,   сарғыш   түсті   болып   көрінеді.Сонымен   азот 
кышқылының металдармен әрекеттесу ерекшеліктері ретінде мыналарды атауға 
болады:
1)   электрохимиялық   кернеу   қатарында   сутекке   дейінгі   және   сутектен 
кейінгі (Аu, Аg, Рt басқа) барлық металдармен әрекеттеседі;
2)   реакция   нәтижесінде   сутек   бөлінбейді,   газ   түрінде   азоттың   әртүрлі 
тотықсыздану өнімдері: N
2
, N0, NO
2
,NH
3
, т.б. түзіледі;
3)   концентрациялы   азот   қышқылы   темірмен,   алюминиймен 
әрекеттеспейді,   себебі   металда   корғағыш   қабат   түзіледі.   Сөйтіп, 
концентрациялы   күкірт   қышқылы   сияқты   оны   да   болаттан,   алюминийден 
жасалған ыдыстарда тасымалдайды:
         Сu + 4НN0
3
   →Сu(N0
3
)
2
 + 2N0
2
↑ + 2Н
2
0
                    конц.                          қоңыр
95

3Сu + 8HN0
3
  →     3Сu(N0
3
)2 + 2N0↑+ 4Н
2

             сұйық
Оқушыларға   жоғарыда   жасалған   реакция   теңдеулері   нәтижесінде   азот 
қышқылының тұздары — нитраттар түзілетінін айтамыз және К, Nа, Са, NН+4 
нитраттарының  селитралар  деп   аталатындығымен   таныстырамыз.   Олардың 
қайда қолданылатындығын окушылар алдағы сабақтарда оқып-үйренеді.
Бұрынғы өтілген тақырыптардағыдай азот қышқылымен нитраттардың да 
сапалық реакциясы болады. Ол азот қышқылының немесе нитраттардың күкірт 
қышқылы   мен   мыстың   қатысуында   өзара   әрекеттесуі   барысында   N0
2
  қоңыр 
түсті газ түзілуіне негізделген:
4NаN0
3
 + 2Н
2
S0
4
 + Сu →2Nа
2
S0
4
 + Сu(N0
3
) 2 + 2NO
2
↑ + 2Н
2
0
Нитраттардан  концентрациялы  күкірт  қышқылы  азот  қышқылын 
ығыстырып  шығарады,  ол  одан  әрі  мыспен  әрекеттесіп,  көкшіл  түсті  мыс  (II) 
нитратын және қоңыр түсті N0 2 азот (IV) оксидін түзеді.
Азот қышқылы да —  химиялық  өндіріс үшін өте қажет қосылыс. Оның 
қолданылуы, маңызы туралы оқулықтың көмегімен оқушылар өз бетінше оқып-
үйренеді.   Өтілген   тақырыпты   бекіту,   білімдерін   тереңдету   мақсатында 
жаттығулар орындатып, есептер шығартады. Эксперименттік есептер де беруге 
болады.   Мысалы,   мына   тұздарды:   аммоний   сульфатын,   аммоний   хлоридін, 
натрий хлориді.н, натрий нитратын қалай ажыратып тануға болады?
Зерттелетін 
заттар
Әсер ету реакциясының нәтижесі
ВаС ℓ
2
NаОН
АgNO
3
:
Н
2
S0
4
+(конц.)Сu
(NН
4
)
2
S0
4
ВаS0
4
реакция
Аg2S0
4
реакция
жүрмейді
аз еритін зат
жүрмейді
NH

С

жүрмейді

3
   ↑
АgС


жүрмейді
NaC ℓ
жүрмейді
жүрмейді
AgC ℓ↓
жүрмейді
NaN0
3
жүрмейді
жүрмейді
жүрмейді
N0
2

Азот   қосылыстарын   қайталату   қажет.   Генетикалық   байланыстарына 
сәйкес   реакция   теңдеулерін   жазуға   азот   қышқылының   металдармен 
әрекеттесуіне   байланысты   тотығу-тотықсыздану   реакциялары   теңдеулеріне 
электронды теңгерім әдісімен коэффициент қоюға жаттығулар жасалады.
Үй тапсырмасы. § 17. Жагтығулар орындау, есептер шығару.
96

21-22 - сабақтар. ФОСФОР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ. 
МИНЕРАЛДЫҚ ТЫҢАЙТҚЫШТАР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.
Сабақтың   мақсаты.  Оқушылар   V   негізгі   топшаның   маңызды 
бейметалы-фосфордың   элемент   және   жай   зат   ретіндегі   қасиеттерін   азотпен 
салыстыра   отырып,   атом   құрылысы,   кристалл   торлары,   электртерістік 
қасиеттерінің   өзара   тәуелділігі   туралы   үғымдарын   дамытуы   тиіс.   Сабақта 
фосфордың маңызды қосылыстары - фосфин, фосфор (V) оксиді, ортофосфор 
қышқылы   және   тұздары,   сондай-ақ   минералдық   тыңайтқыштар   туралы 
мағұлмат беріледі. Ойлау қабілеттері дамытылады. 
Көрнекі   құралдар.  "Д.И.   Менделеев   жасаған   химиялық   элементтердің 
периодтық   жүйесі"   кестесі,   баспа   және   экрандық   жабдықтар,   жинақтамалар, 
химиялық реактивтер, ыдыстар, т.б.
Сабақтың   барысы.   Сабақты   периодтық   жүйедегі   орнына   байланысты 
фосфорды азотпен химиялық элемент және жай зат ретінде салыстыра қараудан 
бастаған   жөн.   Фосфор   атомының   азотқа   қарағанда   атом   радиусы   үлкен 
болғандықтан,   бірнеше   атомның   электрон   бұлттары   өзара   қаптасып,   көп 
атомды молекула Р
4
  түзеді.  Сондықтан  да фосфордың жай заттары  қалыпты 
жағдайда   қатты     (кристалды)   заттар   екені   қызыл   фосфорды   көрнекі   көрсете 
отырып   түсіндіріледі.Баспа   кұралдарын   пайдалана   отырып,   фосфордың 
аллотропиялық   түрөзгерістерінің   неліктен   әртүрлі   екеніне   тоқталады. 
Аллотропиялық   түрөзгерістер   ауа   қатыстырмай   жоғары   температурада 
қыздырғанда бір-біріне айналатындығы айтылады.
  Осы   арқылы   оқушылардың   алдыңғы   тақырыптардан   алған   білімдері 
бекітіледі.   Оқушыларды   кеңінен   қатыстыра   отырып,   фосфордың   физикалық 
қасиеттерін   сипаттап,   біртіндеп   жай   зат   ретіндегі   химиялық   қасиеттеріне 
ауысады. Фосфордың сутекті қосылысы фосфин РН
3
 - улы, жағымсыз иісті газ 
екендігін, тұрақсыз, ауада өздігінен тұтанатын, практикалық маңызы жоқ зат 
екенін естеріне сала кеткен   жөн.
Фосфордың   оттекте   жану   тәжірибесін   жасап,   реакция   теңдеуін 
оқушылардың өздеріне жазғызады:
               4Р + 50
2
 → 2Р
2
0
5
Алынған   фосфор   (V)   оксидін   суда   ерітуді   де   көрнекі   көрсегіп   немесе 
өздеріне   жасатып,   метафосфор,   ортофосфор   қышқылдарының   түзілуімен 
таныстырып формулаларын, реакция теңдеулерін жазады:
              Р
2
0
5
 + H
2
0  →     2HP0
3
              HP0
3
+ Н
2
О → H
3
 PO 
4
Оқушылардың  назарын   фосфор   (V)   оксидінің  суда   еруі   сатылап 
жүретініне   және   түзілген   қышқылдардағы   фосфор   атомының  тотығу 
дәрежелерінің (өздеріне анықтату арқылы) бірдей екеніне аударған жөн. Сол 
арқылы зат туралы үғымдары кеңейеді.
Оқушылар   ортофосфор   қышқылының   диссоциациялану   теңдеулерін 
сатылы   түрде   жазу   арқылы   көпнегізді  қышқыл   туралы   мағұлмат   алады. 
Химиялық   қасиеттерін   (барлық   қышқылдарға   ортақ)   талдай   отырып, 
тұздарының   құрамымен   танысады.   Ортофосфор   қышқылы   металдармен   үш 
қатар   тұз   түзеді:   ортофосфаттар,   гидрофосфаттар  және  дигидрофосфаттар. 
97

Мұғалім   орта   және   қышқыл   тұздардың   қасиеттерін   түсіндірген   кезде 
оқушыларға өз бетінше жаттығулар жасатып, бекітіп отырғаны жөн.
Орта тұздарынан тек сілтілік металдармен қосылыстары ғана еритіндігін, 
ал  қышқыл   тұздарынын   барлығы   да   еритіндігін   оқушылар   білулері   тиіс. 
Химиялық қасиеттерін қарастырып болған соң, фосфат - анионды Р0
4
 сапалық 
анықтау үшін Ag+ (күміс ионы) қолданылатынымен тәжірибе жүзінде танысып, 
теңдеуін жазады:
Р0
4
+   +  3Ag+ →  Ag
3
 P0
4
                                сары
Оқушылар   фосфордың   табитатта  қандай   күйде   кездесетінін   атом 
құрылысымен байланыстырып, айтып бере алуы тиіс. Табиғатта кездесетін аса 
маңызды   фосфор   қосылыстарының  Қазақстандағы   қоры   жөнінен   дүниежүзі 
бойынша алдыңғы орындардың  бірін алатынын айта  кеткен жөн. Аса бағалы 
фосфорит  ұны Са3  (РО
4
)
2
,  қос суперфосфат Са(Н
2
РО
4
  )
2
,  аммофос (NН
4
Н
2
Р0
4
  ∙ 
(NН
4
)2HР0
4
), т.б. сияқты қосылыстарының ауыл шаруашылығындағы маңызы 
айтылады.   Сондай-ақ  фосфор   қосылыстарының  тірі  организмдердегі   маңызы 
айтылып,   академик  А.Е.   Ферсманның   фосфорды   не   себептен   "ақыл-ой 
элементі" — деп атағанына тоқталу керек.
Сабақта   талқыланған   жаңа   материалды  оқушылар   түрлі   жаттығуларды 
орындап,   өндірістік   мазмұндағы   есептерді   шығару   арқылы   пысықтауы   тиіс. 
Мысалы:
а) фосфор қышқылының орта және қышқыл тұздарына мысалдар келтіру 
және атау;
в)   айналымдар   тізбегін   орындау   арқылы,   фосфор   қосылыстарының 
табиғаттағы өзгерісін қайталау:
                                      
                                       →       H
3
 PO
4
 P  → PH
3
 → P
2
 O
5
                                  →Ag
3
 PO
 4
                                       →      K
3
 PO
4
                      
6) кұрамыңда 10% қоспасы бар 1 кг табиги фосфориттен қанша фосфор 
қышқылын   алуға   болады?   Бұл   есепті   шығарғанда   оқушыларға 
стехиометриялық   әдіс   туралы   айтып,есептеу   дағдыларын   жетілдіруге   көңіл 
бөлгені жөн.
 Берілгені.
ω(қоспа) = 10% 
m
таб
(Са
3
(Р0
4
)
2
) = 1кг
Табу керек: m(Н
3
Р0
4
) =?
Шешуі.
900 г                                   x
Са
3
(Р0
4
)
2
    → Н
3
Р0
4
310 г
                              
 196г
         
М
r
 (Са
3
(Р0
4
)
2
 = 310
М
г

3
Р0
4
) = 98.
 
98

23-сабақ. БЕЙМЕТАЛДАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ТАБИҒИ 
ҚОСЫЛЫСТАРЫ, ОЛАРДАН ӨҢДІРІЛЕТІН  ЗАТТАРДЫҢ 
ҚОЛДАНЫЛУЫ
Сабақтың мақсаты.
1. Бейметалдардың Қазақстандағы табиғи қосылыстарын, олардан кандай 
заттар өндірілетінін, кай жерде қолданылатын білу.
2.  Отандық  шикізатты   пайдалану,  колдану, іске  асыру  жөнінде түсінік 
беру.   Оны  ысырапсыз,   экономикалық   тиімді   пайдаланудың   мәнін   түсіндіру. 
Отан байлығына мақтаныш сезімін ұялату.
3. Алған білімдерін тереңдету, болашақ мамандық таңдауға бағдар беру.
Көрнекі   құралдар.  Бейметалдар   мен   оның   қосылыстарының   үлгілері, 
колданылуы жөнінде фильмдер және кестелер, суреттер.
Сабақтың барысы. Окушылардың "Дүниетану", "География" 
сабақтарында алған білімдері еске түсіріледі
1.
Бейметалдардың кандай пайдалы қазбаларын білесіңдер?
2.
Түрмыста қандай бейметалл қосылыстарын пайдалайсыңдар?
3.
S,  О,   Н,  C

,   N,  Ғ,  С  бәріне   жеке-жеке   тоқталып,   олардың   кайда 
қолданылатыны, кандай қосылыстары көп кездесетіні жайында әңгімелесу;
4.
Бейметалдардың  колданылуы туралы  кестелерді талдай отырып,  осы 
тақырыптарға   дайындалған   оқушыларға   сәз   беріледі.   Олар   өздерінің 
рефераттарын   оқиды.   Оқушылар   әңгімесін   мұғалім   толықтырады.   Маңызды 
бейметалдардың  косылыстары  тактаға   жазылып,   оқушылар   дәптерлеріне 
түсіріп алады.  Кинофильм  көрсетіледі. Қазақстанның картасынан  бейметалдар 
өндірілетін кең орындары көрсетіліп, олардың аттары дәптерге жазылады.
Бұл   сабақ   дәстүрлі   емес   сабақ   түрінде,   яғни   "панорамалык   сабақ", 
министрліктегі зауыт директорларының есебі түрінде келтіруге болады. Зауыт 
өндірісіне   байланысты   әртүрлі   проблемаларды   шешуге   болатын   мәселелер 
туралы,   мысалы:   алынатын   заттардың   құрамы,  экономикалық  тиімділігі, 
алынған өнімнің қолданылатын салалары айтылады. Сабак әңгімелесу түрінде, 
сұрақ - жауап бойынша жүргізіледі.
Үлгі түрінде мынадай сұрақтарды ұсынған жөн.
1.  Зауытта  кандай   бейметалл  өндіріледі?  Оған   қандай   шикізаттар 
пайдаланылады?
2.
Бұл шикізат қай байыту комбинаттарында өңделеді?
3. Алынған өнімді қайда жібереді?
4.
Алынған өнім қандай мақсатта қолданылады?
5.
Зауытта экологиялык қауіпсіздік қалай сакталады? Сабақты пысықтау 
үшін мәтіндегі берілген тапсырмалар орындалады.
Үй тапсырмасы. § 26. 2-, 3-жаттығулар. 7 - есепті шығару.

24-25-сабақтар 2-ПРАКТИКАЛЫҚ ЖҰМЫС. ЭКСПЕРИМЕНТТІК 
ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ
Сабақтың   мақсаты.  Оқушылардың   бейорганикалық  қосылыстар, 
олардың қасиеттері жөніндегі білімдерін бір жүйеге келтіру. Берілген заттарға 
сапалық талдау жасай отырып, бір-бірінен ажырата білу дағдыларын жетілдіру, 
ойлау қабілеттерін дамыту, тәжірибелер арқылы теориялық білімдерін бекіту.
Көрнекі   құралдар.   "Негіздердің,  қышқылдардың,   тұздардың  суда 
ерігіштігі" кестесі,  химиялық реактивтер, химиялық ыдыстар, баспа, экрандық 
жабдықтар.
Сабақтың барысы. Окушыларға сабактың максаты таныстырылған соң, 
окулыктағы   берілген   нұскауларды   оқып,   әр   жұмыстың  жоспарын   жасайды. 
Мысалы,   1-тапсырмада:   "Үш  сынауыкта   азот,  түз,   күкірт  қышқылдары 
берілген. Әркайсысын өздеріне тән реакциялар көмегімен аныктаңдар. Тиісті 
реакция теңдеулерін молекулалық толык және кыскартылған иондык теңдеулер 
түрінде жазыңдар" делінген. Окушы әуелі  осы  берілген заттардың  реактивін 
анықтап  алуы керек. Сосын  қажетті  реактивтерді іріктеп, тиісті реакцияларды 
орындайды;  Әр   реакцияны   жасап   болған   соң,   теңдеуін   жазып,   белгілерін 
көрсетеді.
Реактивтерді   үнемдеу   үшін   зат   шынысын   пайдаланған   жөн,  бұл  арада 
уакыт та үнемделеді.
Міне,   осылайша   барлық  жұмыстар   талданып  орындалады.  Бір   сабақта 
барлық жұмысқа үлгермейтіндей болса, оқушыларды топтарға бөліп, мазмұны 
ұқсас   есептерді   әр  топқа  бөліп,  қорытындысын   жалпы   тыңдатуға   болады. 
Мұндай  ұйымдастыру   мәселелерін   мұғалім  өз   шығармашылығына  қарай 
ойластырады.
Оқушылар көргендерін, бақылағандарын практикалық  жұмыс дәптеріне 
жазып, мұғалімге тапсырады. 
Үй тапсырмасы.  § 10—26.  Мына айналымдарды жүз асыратын  реакция 
теңдеулерін жазу:
N
2
 →NH
3
 → NO → N0

→ HN0
3
NH
3
→NH
4
N0
3
→NaNО
3
24-сабақта   "Бейметалдар"   тарауын  қорытындылай   жаттығулар,   есептер 
орындалып,   білімдері   бір   жүйе  келтіріледі,   бақылау   жұмысына   әзірлік 
жасалады.

МЕТАЛДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТАБИҒИ ҚОСЫЛЫСТАРЫ. 
МЕТАЛДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
26-сабақ. ПЕРИОДТЫҚ ЖҮЙЕДЕГІ ОРНЫ ЖӘНЕ АТОМДАРЫНЫҢ 
ҚҰРЫЛЫСЫ
Сабақтың  мақсаты,  Металдардың   периодтық  жүйедегі   орны   туралы 
оқушылардың білімін кеңейту. Атомдарының кұрылысы  туралы  білімді еске 
түсіре   отырып,   металдарта   тән   ерекшеліктер  туралы  мағлұмат  беру.   Атом 
кұрылысының   ерекшеліктеріне   байланысты   түзетін  кристалдык  торларын, 
оларда атомдарының орналасуын суреттер арқылы сипаттау. Металдық торды 
иондык  және  атомдық тормен салыстырып, үксастығы және айырмашылығын 
анықтау.
Көрнекі   қүралдар.   Периодтық   жүйе,   металдық  кристалл  торының 
модельдері және суреттері; иондык жөне атомдық кристалл торы.
Сабақтың   барысы.   Сабақтың   бастапқы   кезеңінде   оқушылардың 
металдар  туралы  білетіндері  еске  түсіріледі.  Кіші периодтардағы  орны  және 
атомдары  құрылысының   ерекшеліктері   анықталады.   Бұдан   соң   мұғалім   бұл 
периодтарда  металдар аз (литий, бериллий, натрий, магний, алюминий), олар, 
негізінен,   келесі  үлкен   периодтарда   орналасқанын  айтады.   Металдар 
атомдарының   ерекшелігі   оқушыларға   белгілі,   олардың  сыртқы   қабатындағы 
электрон саны аз болып келеді.
Атомдарының  осындай  құрылысына  қарай   металдар   жай  зат   күйінде 
өздеріне ғана тән  кристалдықтор  түзетіні, олардың  осы  кезге дейін окушылар 
білетін  иондык,  атомдық  және  молекулалық кристалдық торлардан езгешелеу 
екеніне назар аударылады. Әртүрлі  кристалдық  торларды  модельдеріне қарап 
салыстырып,  ұқсастығы   мен   айырмашылығын   табатын   өздік   жұмыс 
орындалады. Бұл металдық кристалл торына анықтама берумен аякталады.
Атомдар арасындағы жаңа химиялық байланыстың табиғаты және қалай 
түзілетіні   талқыланады.   Металдық   байланыс  туралы  алғашқы  ұғым 
қалыптастырылады.   Түзілу   механизміне,   беріктігіне   және   орналасуына 
қарамастан  барлық   химиялық  байланыстардың   бірлігіне,   яғни   олардың 
электрондар   аркылы   түзілетініне  баса   назар   аударылады.  Мұның  өзі 
окушылардың   ғылыми   көзқарастарының  қалыптасуына   септігін   тигізеді. 
Әсіресе   металдардың  жиі   заттарындағы   электрондардың   белгілі   бір   атомдар 
арасында  тұрактанбай,   металдың   алынған   кесегіндегі   барлық  атомдарын 
байланыстырып,  бос  күйінде, яғни  электрон  газы  түрінде жүруін түсіндірудің 
маңызы зор. Бұл білім металдардың қасиеттерін түсінуге жол ашады.
Бұл  сабақта кристалдық торларда металдар атомдарының  (иондарының) 
орналасу реттілігі туралы да ұғым қалыптасады. Окушылар олардың өте тығыз 
орналасып, атом-ион түрінде жүретінін білгені жөн.
Өтілген материалды бекіту үшін жаттығулар жүргізіледі.
Үй тапсырмасы. § 27. 5-, 7-жаттығулар,

27-сабақ. МЕТАЛДАРДЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың   мақсаты.  Зат  қасиетінің  құрылысына   тәуелділігі   туралы 
ұғымды   кеңейту,   жаңа   мысалдармен   толықтыру.   Металдардың   физикалық 
қасиеттері   бір   жүйемен   сипаттап  беру  білігін   дамыту,  металдардың 
колданылуы мен қасиеттерінің арасындағы тәуелділікті ашу аркылы коғамдағы 
және   тұрмыстағы   маңызын   көрсету.  Қоғамның  өндіруші   күштері  мен 
металдардың 
пайдаланылуы
 арасындағы   байланысты   оқушылардың 
білетіндеріне сүйене отырып көрсету.
Көрнекі құралдар.  Металдар  үлгілері,  металдардан  жасалған бұйымдар 
мен   тетіктер.   Металдан   және   олардың  құймаларынан   жасалған  қазба 
бұйымдардың суреттері және экрандық материалдар, т.б.
Сабақтың   барысы.  Алдымен  металдардың  периодтық  жүйедегі   орны, 
бейметалдарға  қарағанда  көп   болуының   себебі   талқыланады.  Кристалдық 
торының   ерекшеліктері,   түрлері,   ондағы  атомдар  арасындағы   байланыстың 
сипаты модельдер және суреттер бойынша аныкталады.
Содан соң металл және металдардың қасиеттері терминдерінің мағынасы 
талданады.   Металл  элементі  мен   жай  затының  атауы   мен  таңбасы   бірдей, 
Окушылар қай кезде элемент, кай кезде жай зат туралы сөз болып отырғанын 
да аңғармай, аралас қолдана береді. Шын мәнісінде, элемент металдың қасиеті - 
атомына   тән  қасиеттер,  ол  жай   және  күрделі   заттардың   (оксидтер, 
гидроксидтер,   тұздар)   қүрамына   кіреді,   электрондарын   беріп   жіберуге   бейім 
келеді. Металдарға тән физикалык қасиеттер - жай заттарының қасиеттері. Бұл 
қасиеттер кристалдық  құрылыстың ерекшілігіне және металдық байланыстың 
болуына  қарай  әртүрлі болады. Мұны түсіну үшін өткен сабақтан алған  және 
оқушылардың бұрыннан білетіндеріне сүйеніп, өздік жұмыс жасауға тапсырма 
беріледі   Оқушылар   химиялық  ойланыстың   түрлерін   мына   жоспар   бойынша 
салыстырады:  1)  байланыстың   түрі;  2)  байланыстың   түзілу   механизмі;  3) 
байланысушы бөлшектердің  аттары; 4)  бөлшектерді  ұстап  тұратын күштердің 
сипаты.
Салыстыру нәтижесінде металдық байланыстың коваленттік байланысқа 
ұқсастығы, екеуі де  электрондардың  ортақтасуы аркылы түзілетіндігіне назар 
аударылады.  Айырмашылығы   -  коваленттік   байланыстарда  электрондар  жұп 
түзіп, екі атомды байланыстырады. Металдық  байланыста мұндай жұптаскан 
электрондар  болмайды.  Босаған  электрондар   оларды  бөліп   шығарған 
атомдардың бәрінде ортақ пайдалануда жүреді.
Металдардың   айрықша  қасиеттері   мен  қарастырылған  құрылысының 
арасындағы   байланыс   анықталады.  Қатты   соққанда   иондық  байланысы  бар 
заттар  сынады,   олардың   кристалдық  торы  бұзылады.   Кесек  металды  соғып 
пішінін  өзгерткенде,   иондар   қабаты   бір-біріне   жақындағанымен   арасындағы 
электрондарымен   байланысы  үзілмейді.  Сондықтан   металдар   созуға,   жұқа 
қаңылтыр жасауға төзімді келеді.
Металдардың   электрөткізгіштігі   мен   жылуөткізгіштігі   де
 бос 
электрондарының   болуымен   түсіндіріледі.   Тәжірибе
 аркылы 
электрөткізгіштікті   және   ыстық  суға  қасықты   батырып   жылуөткізгіштікті 
көрсетуге   немесе  физика  пәнінен   оқығандарын   еске   түсіруге   болады.  Бос 

электрондарының   болуы  аркылы  металдарға   тән   тағы   бір   қасиет  металдық 
жылтырының мәні ашылады.
Заттардың  бәрінде   кездесетін  қасиеттерден  -  металдардың   тығыздығы 
балқу   температурасы   және  қаттылығы   қарастырылады.   Олардың  әртүрлі 
болуының   себебі   түсіндіріледі.  Металдардың   тығыздығы  -  атомдарының 
массасына және атомның радиусына  қарай  өзгереді.  Металдардың қаттылығы 
мен   балқу   температурасы   металдық  байланыс  түзетін  электрондар   санына 
тәуелді   болып   келеді.  Ол  атомы   металдық  байланыс  түзуге   бір  электрон 
жұмсайтын сілтілік металдар жұмсак, пышақпен кесіледі. Көбірек электрондар 
жұмсап,  байланыс  түзетін  қосымша   топшалардың  металсыздану   процесі 
тұрғысынан  түсіндіріліп, тотықтырғыш және тотыксыздандырғыш  қасиеттері 
көрсетіледі.
Әңгімелесу
 аркылы   металдардың 
физикалық
 қасиеттері
 мен 
қолданылуының арасында байланыс қарастырылады. Салыстырулар жасалады, 
мәселен,   мыстың  электрөткізгіштігі   алюминийден   артық  болғанымен 
алюминий   сымдарының   электротехникада   кеңінен  қолданылатынын   қалай 
түсінуге  болады.  Мұндай   салыстырулар   оқушылардың  ойлау  қабілетін 
дамытады,  заттың  қасиеттері  мен  қолданылуының   арасындағы   тәуелділікті 
саналы түрде меңгеруге жәрдемдеседі
Үй тапсырмасы.  § 28.  Анықтамалықтан қосымша материалдарды табуға 
тапсырма беру (3-, 4-жаттығулар).

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет