28-сабақ. МЕТАЛДАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ
Сабақтың мақсаты. Металдардың химиялық қасиеттері туралы жеке
тақырыптарда алынған білімді бір жүйеге келтіріп тереңдету, реакциялардың
жүру жағдайлары жөніндегі білімдерін нақтылап, біліктерін жетілдіру.
Металдардың электрохимиялық кернеу қатары туралы ұғым қалыптастыру.
Оқушылардын талдау, жинактау кабілеттерін дамыту.
Көрнекі құралдар. Натрий, кальций, темір, мыс, мырыш, қорғасын
металдары, хлорсутек, азот және күкірт қышқылдарының ерітінділері, мыс (II)
хлоридінің ерітіндісі.
Сабақтың барысы. Алдымен үйге берілген тапсырма тексеріледі.
Металдардың бейметалдармен әрекеттесу реакцияларының окушылар үйден
жазып келген теңдеулері тотығу-тотыксыздану тұрғысынан тексеріледі
Металдардың оттекпен әрекеттесу жағдайлары талданады, тәжірибелер
жасалады. Оқушылар қорытынды жасайды. Сілтілік металдар ауада кәдімгі
жағдайда тотығып металдық жылтырын жояды. Магний жалынға апарғанда,
жарық шығарып жанады. Мыс сымды қатты қыздырғанда, сыртқы беті
тотығады. Металдардың баска бейметалдармен әрекеттесуі де әртүрлі жағдайда
жүзеге асады. Олардың реакция теңдеулері өздік жұмысы аркылы орындалады
және нәтижесі талқыланады.
Металдар күрделі заттармен де әрекеттесетінін нактылау үшін
окушылардың үйден жазып келген теңдеулері талданады. Реакциялардың типі
анықталады, мәні тотығу – тотықсыздану процесі тұрғысынан түсіндіріліп,
тотықтырғыш және тотықсыздандырғыш қасиетері көрсетіледі.
Сумен өте белсеңді металдар ғана қалыпты жағдайда әрекеттеседі.
Натрийдің сумен реакциясы көрсетіліп, теңдеуі жазылады. Натрий атомы
сыртқы қабатындағы бір электронын беріп өзі тотығады, тотықсыздандырғыш
қасиет көрсетеді. Судағы оң тотығу дәрежесі бар сутек атомының біреуі
электронды қосып алып өзі тотықсызданады, тотықтырғыш қасиет көрсетеді.
Магний ыстық сумен, металдардың кейбіреулері (темір, мырыш) шоқтанып
қатты кызғанда су буымен әрекеттеседі.
Металдардың қышқылдармен әрекеттесуі оқушыларға таныс. Бұл арада
назар аударылатын мәселе, қышқыл ерітінділерінде сутектің катиондары ион
түрінде жүреді. Сондықтан олардың тотықтырғыш қасиет көрсетуі судағыдан
гөрі жеңіл. Металдардың көпшілігі, мәселен, мырыш, темір - қышкыл
ерітінділерімен кәдімгі жағдайда реакцияға түседі.
Металдар мен тұз ерітінділерінің арасындағы реакциялардың бір-екі
мысалымен шектелуге болады. Мұнда тұз құрамындағы белсеңділігі төмен
металдың ионы тотықтырғыш қызметін атқарады.
Талкылаулар нәтижесінде металдардың жалпы химиялық қасиеттері
сызбанұска түрінде қорытындыланады:
Металл атомдары
Тотыксыздандырғыштар
О
-
+
п
Me → nе¯→Me
↓
Тотықтырғыштар
Бейметалдар Судағы Қышкылдағы Түздарда кг
Атомдары сутек сутек катиондары металл иондар
0 -n
БМе + пе →
0
БMе
+n ---
0
2Н
+
+ 2ё → Н
2
Me + пе → Me
Металдар мен бейметалдар арасындағы реакциялар металдардың
(тотықсыздандырғыштардың) және бейметалдарды белсенділігіне байланысты
жүреді. Қышқылдар мен тұздар және металдар арасындағы реакциялардың
журуі туралы болжам айту үшін металдар кернеуінің электрохимиялық
қатарымен таныстырылады:
Li, К, Са, Na, Mg, Al, Zn, Cr, Fe, Pb, H, Cu, Hg, Ag, Pt, Au.
Қатар туралы оқушылар нақтылы білім алу үшін лабораториялық
тәжірибелер жасалады. Тұз қышқылының ерітіндісіне мыс және мырыш
түйіршіктерін салып, мырыш пен реакция жүріп, мыспен жүрмейтініне көз
жеткізеді. Келесі лабораториялық тәжірибеде қорғасынды тұздарынан
мырыштың ығыстыратыны, осыған керісінше, мырышты тұздарынан қорғасын
ығыстыра алмайтыны анықталады. Металдар кернеуінің электрохимиялық
қатарынан оқулық мәтінінде берілген қорытындыларды тұжырымдайды.
Соларға сәйкес жаттығулар орындалады.
Үй тапсырмасы. § 29. Металдар жемірілуін бақылайтын тәжірибе
қойылады. Бұл тәжірибені ертерек оқушыларды қатыстырып әзірлеуге
болады.
29- сабақ. МЕТАЛДАРДЫҢ ЖЕМІРІЛУІ ЖӘНЕ ОДАН
ҚОРҒАУ ШАРАЛАРЫ
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды лабораториялық бақыланған
металдардың химиялық реакцияларының табиғи ортада жүру
жағдайларымен және оның нәтижесінде металдардың бүлінетінімен
таныстыру. Металдар жемірілуінің зияны және онымен күресу шаралары
туралы білім мен білік қалыптастыру.
Көрнекі құралдар. Металдардың жемірілуін бақылауға қойылған
тәжірибе; жемірілуге ұшыраған металдардың үлгілері. Жемірілуге қарсы
шараларды көрсететін көрнекіліктер: плакаттар. Экрандық материалдар, темір
шегелер, мыс сым, күкірт қышқылы.
Сабақтың барысы. Үйге берілген тапсырма тексеріледі. Металдардың
химиялық қасиеттері, электрохимиялық кернеу қатары жөніндегі білім
тексеріледі, электрондық мәніне назар аударылады.
Бұдан соң табиғи ортаның металдарға әсері жөнінде әңгімелесу
өткізіледі. Табиғи ортада металдарға тікелей әсер ететін тотықтырғыштардың
бәрі бар, олар: ауадағы оттек, су, табиғи суда еріген қышқылдар және тұздар.
Әрқайсысының әсері алдын ала қойылған бес сынауықтағы тәжірибелер
арқылы анықталады. Оларды талқылаудың алдында металға қышқылдың
әсері көрсетіледі. Екі сынауыққа құйылған күкірт қышқылы ерітіндісінің
біреуіне таза шеге, екіншісіне, мыс сым оралған шеге батырылып, оқушылар
сутектің бөліну, яғни темірдің бүліну жылдамдығын бақылайды. Мыс сым
оралған шегеде сутектің күшті бөлінетіні туралы, яғни белсенділігі аз
металмен жанасқан темірдің тезірек бүлінетіні туралы қорытынды жасалады.
Химиялық жемірілуге анықтама беріледі, оның электрондар қатысуымен
жүретіні түсіндіріледі.
Бұдан соң жемірілудің жүру жағдайларын анықтауға қойылған
тәжірибелерді талқылағанда мыналарға назар аударылады.
1. Тәжірибенің мақсаты.
2. Тәжірибе қалай қойылады?
3. Тәжірибенің нәтижесін қалай анықтау керек?
4. Анықтаулардан қандай қорытынды жасауға болады?
Тәжірибенің мақсаты – темір металының жемірілуге ұшырау
жағдайларын анықтау. Ол үшін тәжірибелер былай қойылады.
1-сынауықта: су, оттек және темір шеге.
2-сынауықта: ас тұзының ерітіндісі, оттек және темір шеге.
3-сынауықта: ас тұзының ерітіндісі, оттек және мыс оралған шеге.
4-сынауықта: ас тұзының ерітіндісі, оттек және мырыш оралған шеге.
5-сынауықта: ас тұзының ерітіндісі, натрий сілтісінің ерітіндісі, оттек
және темір шеге.
Жемірілудің белгісі: темір жемірілуге ұшырап, қызыл қоңыр түсті тұнба
береді; мырыш жемірілуге ұшыраса ақ тұнба түзеді; сынауықтағы оттек (ол ауа
емес, арнайы аспаптан сынауықтағы суды ығыстырып жіберген оттек болуы
керек және барлық сынауықтардағы көлемі бірдей болады) жемірілуге
жұмсалғандықтан азаяды, оның орнына су көтеріледі.
Жемірілудің қалай жүргені тұнбаның мөлшері, судың көтерілген деңгейі
арқылы анықталып, қорытындылар жасалады.
1. Таза суға қарағанда ас тұзының ерітіндісінде жемірілу күшті жүреді.
Хлорид-ион жемірілуді тездетеді.
2. Натрий гидроксиді, дәлірек айтқанда, гидроксид-ион темірдің
жемірілуін баяулатады,тежегіш қызметін атқарады.
3. Орта бірдей болғанда жанасып тұрған белсенді металл тезірек
жемірілуге ұшырайды. Мыстан бұрын темір бүлінеді, темірден бұрын мырыш
бүлінеді.
Сабақтың келесі кезеңінде жемірілудің жағдайларын білу, одан сақтау
шараларын белгілеуге мүмкіндік беретіні айтылады. Ол шаралар: а) ортаның
әсеріне төзімді құймалар алуға (таттанбайтын болат және т.б.); ә) тез бүлінетін
металды сыртқы ортамен жанаспайтындай етіп қаптауға (хромдау, никелдеу,
мырыштау, лактау, бояу, эмаль жалату); б) белсенді металмен жанастыруға
(белсеңді металдан жамау, пластика қою); в) тежегіштер қосуға бағытталған.
Осылардың әрқайсысының қорғаныштық мәні нақтылы түсіндіріледі.
Үй тапсырмасы.§ 30.1-,6- сұрақтар, 8-есеп.
30-сабақ. МЕТАЛДАРДЫ АЛУДЫҢ ЖАЛПЫ ӘДІСТЕРІ
Сабақтың мақсаты. Металлургия ұғымымен танысу. Металдар алудың
белгілі негізгі тәсілдерін, реакцияларын жаза білу. Химия өндірісінің ғылыми
ұстанымдарын атап өту.
Көрнекі құралдар. Болат пен шойыннан жасалған үлгілер, бұйымдар.
Жинақтамалар, диафильм, бейнетаспалар, кинофильмдер.
Сабақтың барысы. Темір, шойын, болат жөнінде әңгіме өткізіледі.
Металлургия ұғымына анықтама беріледі, оның салалары айтылады (қара және
түсті металлургия). Оқушыларға металлургияның маңызы және біздің даму
тарихы жөнінде баяндама жасап келуге алдын ала тапсырма беруге болады.
Бар болса, бейнетаспадан көрсетілім көрсеткен дұрыс.
Металдардың табиғатта кездесуін жинақтамадағы кен үлгілерінен
көрсетеміз, олардың құрамы, байыту әдістері жөнінде әңгіме өткізіледі.
Мынандай сұрақтарды талқалаған жөн: 1. Металдарды өңдеуге қандай
тотықсыздандырғыштар қолданылады? 2. Металлургия деген не? 3.
Металдарды өндіргенде электролит құрамына қандай талаптар қойылады? 4.
Қалдықсыз өндіріс деген не?
Үй тапсырмасы. § 31.2-,4- жаттығулар. 6- есепті шығаруға және реферат
жазып келуге тапсырма беру.
31- сабақ. МЕТАЛДАРДЫҢ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ ЖӘНЕ ТАБИҒИ
ОРТАДАҒЫ МАҢЫЗЫ
Сабақтың мақсаты. Сабақты өмірмен байланыстыра жүргізу,
конференция – сабақ. Кәсіптік білім беруді дамыту.
Көрнекі құралдар. Бейнетаспалар, металлургия өнімдерінің үлгілері,
суреттер.
Сабақтың барысы. Оқушылар дайындаған материалдармен танысу.
Сабақты зауыттағы конференция өткізу түрінде ұйымдастыруға болады. Бұл
мұғалімнің шығармашылығы мен оқушының дайындығына байланысты.
Уақыт қалса, өндірістік мазмұндағы есептер шығарған жөн.
Үй тапсырмасы. § 32. 1-,7- жаттығулар. 8-есепті шығару және
рефераттар әзірлеуге тапсырмалар беру.
32-сабақ. КАЛЬЦИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты. Периодтық жүйедегі орнына байланысты кальций
және оның қосылыстарын оқып-үйрену. Металдардың табиғаттағы
қосылыстарының маңызы және экологиялық проблемалар жөнінде ұғым
қалыптастыру.
Көрнекі құралдар. Кальций, кальцийдің оксиді, кальцийдің гидроксиді,
кальцийдің табиғаттағы қосылыстарының үлгілері: мәрмәр, бор, әктас, гипс,
фосфорит және т.б.
Сабақтың барысы. Бұл сабақта оқушылар өздік жұмыстар орындайды
және лабораториялық тәжірибелер жасалады. Оқушылар кальций
қосылыстарының үлгілермен, табиғаттағы маңызы және қолданылумен
танысады. Атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера арасында
кальций қосылыстары арқылы жүзеге асатын байланыстың химиялық мәнін
ашуға жете назар аударылады.
Ауадағы көмірқышқыл газы теңіз, мұхит және өзен суларында еріп
қышқыл түзеді. Түзілген көмір қышқылы тау жыныстарындағы карбонаттарды
ерітіп, бикарбонаттарға айналдырады. Олар теңіз және мұхит суларында
қайтадан карбонаттарға айналып шөгеді және теңіз жәндіктеріне сіңіріледі,
олардың ізбесті қатты қабыршақтарын түзуге қатысады.
Сабақтың соңында кальций және оның қосылыстары жөніндегі білім
қорытылып бекітіледі.
Үй тапсырмасы.§ 33. 2-,5-жаттығулар, 6-,7-есептер.
33-сабақ. СУДЫҢ КЕРМЕКТІГІ ЖӘНЕ ОНЫ КЕТІРУ ЖОЛДАРЫ
Сабақтың мақсаты. Оқушыларды судың кермектігі ұғымымен
таныстыру.Суды жұмсартудың тәсілдерін білу. Кермектікті кетірудің иондық
механизмін, тұрмыстағы және өндірістегі маңызын түсіндіру.
Көрнекі құралдар. Кальций нитратының ерітіндісі, кальций хлориді,
натрий карбонаты, сабын,әк суы, дистилденген су, катиониті бар алмастырғыш
түтік, сынауық, көмірқышқыл газын алатын Кипп құрылғысы, кермек су
құйылған ыдыс, «Кальций табиғатта және техникада» диафильмі, бейнетаспа.
Сабақтың барысы. Сабақты мына мәселелер туралы әңгімелеуден
бастаймыз. 1. Алебастр, мәрмәр, әктас дегеніміз не? 2. Әктас қайда
қолданылады? 3. Кальцийдің қандай қосылыстары тыңайтқыш ретінде
қолданылады? 4. Кермек су дегеніміз не? Оны қалай жұмсартуға болады?
Табиғаттағы судың кермектігі оқулықта айтылған құбылыс бойынша
түсіндіріледі. Оқушылар судың кермектігі және оны кетіру жолдарымен
тәжірибе жасап танысады. Кермектік туралы нақтылы мәліметтер алады.
Кермек судың зиянды екеніне бірнеше мысал келтіруге болады. Кермек суда
сабын көпірмейді. Кермек суды тексеріп, онда кальций мен магний тұздары
бар екеніне көз жеткізген жөн. Олар сабынмен ерімейтін тұздар түзеді де,
ыдыстарда (шайнектің ішінде), түтіктерде қақ тұрады. Кермек су жылуды
нашар өткізеді, сондықтан моторлар қызып, қазандықтар тез істен шығады.
Кермектіктің түрлерімен (уақытша және тұрақты) танысқан соң, оны жою
жолдарын қарастыруға болады. Тәжірибелер көрсетіліп, реакция теңдеулері
жазылады. Толық және қыстырылған иондық теңдеулерін жазу оқушылардың
өздеріне тапсырылады.
Үй тапсырмасы.§ 34. 3-,4- жаттығулар, 5-есеп.
34-сабақ. АЛЮМИНИЙ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты. Екідайлы қосылыстары түзетін металдың
мысалымен оқушыларды толығырақ таныстыру; периодтық жүйедегі орнына
қарап, екідайлықтың себебін ашу. Алюминий және оның қосылыстарының
маңызы туралы мағлұмат беру. Заттың қасиеттері мен қолданылу арасындағы
тәуелділікті көрсету.
Көрнекі құралдар. Алюминий және оның құймаларынан жасалған
бұйымдар, алюминий оксиді және тұздары, күкірт, йод, хлорсутек
қышқылының ерітіндісі, сынап нитратының ерітіндісі, натрий гидроксидінің
ерітіндісі.
Сабақтың барысы. Алюминийдің периодтық жүйедегі орны, атом
құрылысы, элементтің және жай заттарының қасиеттері сипатталады.
Бейметалдармен әрекеттесуінің ерекшеліктері тәжірибеде көрсетіледі.
Бұдан соң алюминийдің табиғаттағы қосылыстары қарастырылады.
Лабораториялық тәжірибелерде алюминий оксиді мен гидроксидінің қасиеттері
зерттеледі. Иондық реакциялар тұрғысынан мәні түсіндіріледі. Әсіресе сілтінің
артық мөлшерімен жүретін реакцияның мәніне, теңдеуін жазуға, қосылыстың
атауына баса назар аударылады. Алюминийдің тотықсыздандырғыш
қасиеттерінен алюминтермия реакциясына айрықша назар аударылады.
Алюминийдің жиі қолданылатын тұздарының құрамы, маңызы анықталады.
Үй тапсырмасы. § 35. 1-,6- жаттығулар, 12-,13-есептер.
35-сабақ. ТЕМІР ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚОСЫЛЫСТАРЫ
Сабақтың мақсаты. Кеңінен таралған қосымша топтың металымен
таныстыру; атом құрылысының және қосылыстарының ерекшеліктері мен
қолданылатын жерлерін көрсету.
Көрнекі құралдар.Темір және оның құймалары, темір (III) хлориді, сілті
ерітіндісі, күкірт және азот қышқылдары.
Сабақтың барысы.
Сабақтың алғашқы бөлімінде қосымша
металдарының атом құрылысы күрделі екендігі, жоғарғы сыныптарда өтілетіні
айтылады. Адамзат тарихында өзіндік орны бар аса маңызы металл- темір
туралы түсінік беріледі. Содан соң темір атомының құрылысы қарастырылып,
электрондық формуласы жазылады. Темір жай затының физикалық және
химиялық қасиеттері түсіндіріледі.
Екі қатар химиялық қосылыстар түзетіні және оның себебі түсіндіріледі:
FeO Fe(OH
2
) FeCl
2
Fe
2
O
3
Fe(OH
3
) FeCl
3
Әр қатардағы қосылыстардың құрамы мен қасиеттері лабораториялық
тәжірибелер жасау арқылы зерттеледі, реакция теңдеулері жазылады және
талданады. Кейбір аса маңызды қосылыстарының құрамы мен қолданылуы
айтылады.
Сабақ соңында білім қорытындыланып, жаттығулар орындалады.
Үй тапсырмасы. § 36. 4-,7-жаттығулар, 8-есеп.
36- сабақ. ШОЙЫН МЕН БОЛАТ ӨНДІРУ НЕГІЗІНЕ ЖАТАТЫН
ХИМИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР
Сабақтың мақсаты. Темірдің маңызды құймаларын алудың негізіне
жататын химиялық процестер және оларды жүзеге асыру жағдайларымен
таныстыру; металлургия өнеркәсібі мен химияның байланысын көрсету;
өндірістегі ғылыми принциптер туралы ұғым қалыптастыру.
Көрнекі құралдар. Шойын және болат өндіретін пештердің суреттері,
макеттері, шойын мен болат үлгілері.
Сабақтың барысы. Сабақтың мақсатына сәйкес мынадай мәселелер
талқыланады.
1. Темірдің табиғи кендері, оның құрамындағы темірдің мөлшері.
2. Темір кендерін тотықсыздандыру, тотықсыздандырғыштардың түрлері,
оның өндірістің қай кезеңінде қолданылатыны, әсер ету жағдайлары.
3. Бос жыныстарды бөлу үшін қолданылатын заттар- флюстер, олар
қатысатын химиялық реакциялар.
4. Химиялық реакциялардың жүру жағдайлары,олардың өндірістік
режімдері.
5. Химиялық реакциялар жүзеге асатын қондырғылар, олардың құрылысы
туралы қысқаша түсінік (домна, конвертор, мартен, электр пеші) беру.
6. Қондырғыларда пайданылатын отындардың сипаттамалары.
7. Өндірісте жүзеге асатын ғылыми принциптер, өнімнің сапасын арттыру
жағдайлары.
Үй тапсырмасы. § 37. 1-5 сұрақтар, 7-,8- есептер.
37-сабақ. ҚҰЙМАЛАР
Сабақтың мақсаты. Құймалардың құрамы, қасиеттері, қолданылуы
туралы түсінік беру.
Көрнекі құралдар. Металдар және құймалардың үлгілері , құймалардан
жасалған бұйыидар, құймалардың жіктелуін және құрылысын көрсететін
кестелер.
Сабақтың барысы. Алдымен металдардың құрылысы және физикалық
қасиеттері қайталанады. Үй тапсырмасын орындау барысында таза
металдардың қолданылуы жөніндегі оқушылардың білетіндері талданады.
Солардың бәрі таза металл ма әлде құймалар ма? Таза металдың және
құйманың қасиеттерінде қандай айырмашылықтар бар? Жинақтамада берілген
металдар мен құймалар жеткілікті болса, оқушылар үлестіріліп берілетін
үлгілермен өздік жұмыс істейді. Оқулықтың мәтінімен танысады. Келтірілген
сұрақтардың жауаптарын табады. Оқушыларға алдын ала оқу кітабынан және
басқа әдебиеттерді пайдаланып, рефераттар жазуға тапсырма берілген болса,
хабарламаларды тыңдалады. Пікір алмасу жүзеге асырылады.
Кеңінен таралған құймалардың алынуы және қолданылуы жайлы
әңгімелесу өткізіледі.
Сабақ соңында таза металдардың және құймалардың құрылысының және
қасиеттерінің ерекшелігі, қолданылуы туралы білім қорытылып бекітіледі.
Үй тапсырмасы. § 38. Сұрақтар мен жаттығулар.
38-сабақ. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МЕТАЛЛ КЕНДЕРІ
Сабақтың мақсаты. Қазақстандағы металдардың табиғи қосылыстары
туралы түсінік беру.
Көрнекі құралдар. Қазақстанның қазба байлықтарының картасы.
Сабақтың барысы. Бұл тақырып бойынша, оқушылар рефераттар
дайындайтын дәстүрлі емес сабақ өткізу тиімді.
Рефераттардың тақырыбы мынадай болуы мүмкін.
1. I топ металдарының Қазақстандағы кендері (Na, Cu, Ag, Au).
2. II топ металдарының Қазақстандағы кендері (Mg, Ca, Ba, Zn).
3. Қазақстандағы алюминий кендері және алюминий өндіру.
4. Қазақстандағы қорғасын кендері және қорғасын өндіру.
5. Хром және титан кендері.
6. Қазақстандағы темір кендері және темір өндіру.
Қажетті материалды осы әдістеменің үшінші бөлімінен, оқу кітабынан
және мерзімді баспасөз беттерінен табуға болады.
Үй тапсырмасы. Рефераттар әзірлеу. § 39.
ЭЛЕКТРОЛИТТІК ДИССОЦИАЦИЯ ТАҚЬІРЫБЫНА БАҚЫЛАУ
ЖҰМЫСЫН ӨТКІЗУ ҮЛГІСІ
І нұсқа
1.
Мына заттардың диссоциациялануын жазыңдар:
СаС1
2
, HBr, NaOH.
2. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар:
CuO + H
2
S0
4
→
СаСО
3
+ HCl →
Си(ОН)
2
+ НNO
3
→
3. Мына кысқартылған иондық теңдеудің толық иондық және молекулалық
теңдеулерін жазыңдар:
Са
2+
+ СО
3
2 -
= СаСО
3
↓
2Н
+
+ СО
3
2 -
= Н
2
O + CO
2
↑
4. 4 моль натрий хлориді мен 4 моль күміс нитраты әрекеттескенде қанша моль
күміс хлориді бөлінеді?
ІІ нұсқа
1. Күкірт қышқылы мен мына металдардан (калий, алюминий) түзілген
тұздардың диссоциациялануын жазыңдар.
2. Мына реакция теңдеулерін аяқтап, толық және қысқартылған иондық
теңдеулерін жазыңдар:
Fе
2
О
3
+ 2SO
4
→
Na
2
CO
3
+ СаС1
2
→
Na
2
CO
3
+ HNO
3
→
3. Берілген теңдеудің толық иондық және молекулалық теңдеулерін
жазыңдар:
Pb
2+
+
= PbSO
4
↓
2Н
+
+
= Н
2
O + SO
2
↑
4. 200 г 20 %-тік натрий гидроксиді ерітіндісіне 3 моль мыс (II) сульфаты
бар ерітіндіні құйғанда түзілгең тұнбаның массасын есептеңдер.
ІІІ нұсқа
1.
Мына заттардың диссоциациялануын жазыңдар:
Zn(NO
3
)
2
, H
2
SO
4
, Ca(OH)
2
, K
3
PO
4
.
2. Мына реакция теңдеулерін жазып, толық иондық және кысқартылған
йондық теңдеулерін жазыңдар:
CuSO
4
+ NaOH →
BaCl
2
+ Na
2
SO
4
→
H
2
S + Pb(NO
3
)
2
→
3. Берілген теңдеудің толық иондық және молекулалық теңдеулерін
жазыңдар:
Pb
2
+ + S
2
- = PbS ↓
Cu
2
+ + 2OH-=Cu(OH)
2
↓
4. 150 г 30%-тік тұз қышқылына 0,5 моль тұзы бар натрий карбонаты
ерітіндісін құйғанда қалыпты жағдайда бөлінген газдың көлемін есептеңдер.
Достарыңызбен бөлісу: |