Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет7/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82

Использованная литература

1.  Бордовский  А.  Инновационные  процессы  в  современной  системе  высшего  педагогического 

образования.  М., 1998.

2.  Душков  Б.А.,  Королев  А.В.,  Смирнов  Б.А.  Энциклопедический  словарь:  Психология  труда, 

управления, инженерная психология и эргономика. М., 2005.

3. Анисимов В.В. и др. Общие основы педагогики. М., 2006.



КОНСТРУКТИВТІ ТӘСІЛ ЖӘНЕ СЫНЫПТА АТҚАРЫЛАТЫН «ІС – ӘРЕКЕТТЕР»

С. М. Мадеев 

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымының «Педагогикалық өлшеулер 

орталығы» филиалының бас сарапшысы, Астана, 

Т. Махалқызы 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты, 

М. Қ. Түйебаев 

Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Бұл статьяда сыныптағы “іс - әрекеттер” – топтық жұмыс, жағымды климат құру, оқушылардың 

оқуға деген қызығушылығын ояту және оқудағы кедергілер қарастырылады.

Аннотация

В  данной  статье  рассматриваются  вопросы  «действия»  в  классе – групповая  работа,  создание 

благоприятной атмосферы, побуждение интереса обучения учеников и препятствия в обучении.

Abstract

In this article a problem of “actions” in the classroom is studied as group work, creation of pleasant atmosphere, 

increase the interest of learners to study and the obstacles. 

Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  өзгерістер,  жаңа  технологиялардың  өте  шапшаң  дамуы  

әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін көрсетіп отыр. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде 

Білім  саласындағы  саясаткерлер  үшін  де,  жалпы  мектептер  үшін  де,  соның  ішінде  мұғалімдер  үшін  де 

ең  басты,  маңызды  мәселе  болып  отырғаны: «21  ғасырда  нені  оқыту  керек?»  және  де  екіншісі – ол  да 

маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?» [1]. 

Кембридждік әріптестеріміз ұсынған конструктивті тәсіл бойынша Қазақстан Республикасының педагог 

қызметкерлерінің  біліктілігін  арттыру  курстарының  бағдарламасының  мазмұны  осы  екінші  мәселені 

шешуге бағытталған.

Мұғалім  оқушылардың  сабақ  үлгерімін  жақсарту  үшін  қандай  тәсіл  қолданбасын  ол  тәсілдердің 

қонымды қабылдануы сыныпта қалыптасатын “іс - әрекеттерге” немесе сыныпта туындаған проблемаларға 


43

байланысты болмақ. Ол “іс – әрекеттерге” – бірлескен топтық жұмыс, ортада жағымды атмосфера орнату, 

қызығушылық ояту және  оқушы алдындағы кедергілерді анықтау жатады және бұл “іс – әрекеттердің” 

ешқайсысы  оқшауланған  болмайды.  Олардың  барлығы  бір – бірімен  динамикалық  байланыста  болады. 

Сыныптағы  процесс - өте  күрделі  процесс.  Сыныптағы  проблемаларды  шешу  үшін  қолданатын  тәсілді 

кейбір жағдайда мұғалімнің қатысыуынсыз ойлап табуға тырысады бірақ, бұл мүмкін емес. Тек мұғалім 

сыныптаға  ситуацияны  толық  бақылай  алады.  Сондықтан,  мұғалім  ғана  сыныптың  жағдайын  жақсарта 

алады.  Мұғалім  сыныпта  бірлескен  топтық  жұмыс  құру,  жағымды  атмосфера  орнату  үшін,  оқушының 

қызығушылығын ояту және оқушылардың алдындағы кедергілерді анықтау үшін өзінің іс – тәжірибесін 

жақсарту мақсатында қайта қарап, оған өзгерістер енгізуі қажет. Мұғалімнің өзінің іс – тәжірибесін өзі 

жақсартуы тек оқушы үшін ғана емес мұғалім үшін де қажет. Себебі, ол – біліктілікті  арттырудың жалғыз 

жолы. Бұл мақалада біз осы мәселелерді сөз етпекпіз.



Бірлескен  топтық  жұмыс.  Ынтымастық  оқыту  жағдайында  білім  алушылар  түрлі  көзқарастағы 

пікірлерді  естіп,  өздерінің  идеяларын  дұрыс  қалыптастыруды  және  оны  қорғай  білуді  үйретендіктен, 

олардың  алдында  әлеуметтік,  сондай – ақ  эмоционалдық  тапсырмалар  қойылады.  Сол  арқылы,  білім 

алушылар  өздерінің  ұғым – түсініктерін  қалыптастырып,  және  де  оқулықтарда  ұсынылған  түсініктерге 

немесе сарапшылардың пікіріне ғана сенуден бас тартуды  үйрене бастайды. Яғни, ынтымақтастық оқыту 

барысында білім алушылар құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасқа түсуге, өз пікірлерін айтуға және 

оны қорғауға мүмкіндік алады. Әрбір сабақта топтық жұмыс арқылы тақырыптық тапсырмаларды бірлесе 

орындаған  тиімді.  Топтық  жұмыстар  үйренушілерде  корпоративтік  сезім  қалыптастырып,  сол  арқылы 

ұжымға тікелей қатысы бар екендігін аңғартады. Ал «–бақ қайда барасың? – ынтымаққа барамын» екендігі 

баршаға аян, ұжым болып қандайда болмасын тасырманы орындау жеңіл.

Бірлескен  жұмыс  барысында  топ  мүшелерінің  барлығы  да  интербелсенді  әрекетте  болады,  біреудің 

жұмыстан тыс не қалыс қалуы екіталай: барлығы да әрекетте, барлығы да жұмыс нәтижесіне өз үлесін 

қосады.

Әдетте дәстүрлі сабақта бірнеше үйренуші ғана әрекет жасаса (тапсырма орындау, жауап беру, талқылау, 



т.с.с.),  топтық  жұмысқа  барлық  дерлік  оқушылар  қатысады.  Дәстүрлі  сабақта  үйренушілерді  жұмысқа 

жұмылдырудың амалдары қатаң талап нысанында болса (бұйрық, нұсқау, жарлық, үкім), топтық жұмыста 

үйренушілердің  санасына  кеңес,  сұраныс,  ұсыныс  арқылы  ықпал  жасайды.  Дәстүрлі  сабақта  ұстаз 

үйренушілердің жұмысын бақылауға алса, топтық жұмыста бақылауды топ мүшелерінің өздері жүргізеді.

Топтық жұмыстың нәтижелілігін келесі ұстанымдар мен әрекеттер арттырады:

• үйрену процесіне қатысушылардың әрқайсымен жеке қарым қатынас орнату;

• үйренушілерді жұмыс жасау мен оның нәтижесі турасында туындаған сенімсіздік пен қобалжудан 

(«Бұл жұмысты мен орындай алар екенмін?», «Жұмысты орындай алмасам қайтемін?», «Ұят болып қалмас  

па екен?»), қорқыныштан («Мені жазылмас па екен?») арылту;

• әр үйренушіге өзінің қабілеттері мен ерекшеліктерін көрсетуге жағдай жасау, еркіндік және еріктік 

атмосферасын қалыптастыру;

• топ жұмысында позитивтік, конструтивтік, шығармашылық қағидаларды ұстану.

Топтық  жұмыс  үйренушілерде  ұжымдық  сезімді  қалыптастырып  қана  қоймай,  бірлескен  жұмыстың 

қызық әрі тартымды әрекет екендігін көрсетіп, жалпы еңбекке деген ынтасын арттыруы шарт.



Ортада  жағымды  атмосфера  орнату.  Сынып – тек  қана  оқытылатын  пәннің  мазмұнын  беретін 

орын ғана емес, мұғалімнің демократиялық ынтымастық атмосфера қалыптастыруын қамтамасыз етуге 

қажетті бөлме. Аудиторияда жағымды психологиялық климат құру топ құрамына кіретін үйренушілердің 

еркіндігі. Бұл еркіндік өзара сыйластық, достық, бір-біріне бейімделу және өзге пікірді  (басқаның пікірі, 

көзқарасын) жағымды тұрғыдан қабылдау мен оны түсінуге ұмтылудан, оған төзе білуден тұрады. Жағымды 

психологиялық атмосфера құру әр сабақтың және жалпылама алғанда бүкіл білім игеру процесінің басты 

мақсаты  болуы  керек.  Ортада  дұрыс  атмосфера  орныққан  жағдайда  ғана  оқу  прцессінің  ең  жауапты 

және күрделі процессінің бірі – обьективті дұрыс бағалау орын алмақ, бұл біріншіден. Екіншіден, ортада 

жағымды климат орныққан жағдайда ғана мұғалім мен оқушы арасында дұрыс қарым – қатынас болады 

және оқушылар сабақ оқуға ынталы. Тек осы жағдайда ғана бағаланушы төмен не теріс баға алғанның 



44

өзінде, сол бағаның әділ екендігін мойындай алады. Жағымды психологиялық климат орнату үшін әрбір 

топ мүшесі жұмыс жасау барысында өз нәтижелеріне қуаттау, қолдау, қолпаштау көрсетіп, әрбір үйренуші 

мен бүкіл топқа көмек пен жәрдем жасау, қол ұшын беруге дайындық, бір-бірін тыңдай білу мен санасу, 

басқалардың нәтижелеріне шын көңілден қуану, өзгенің пікірін сөкпеу, сәтсіздік болған жағдайда кімнің 

кінәлі екендігін іздемей, оның себептерін талдап, болашақта оны болдырмаудың жолдарын қарастыруы 

қажет. Жағымды психологиялық климат құруда сабақ барысында (қажет болған жағдайда сабақ ортасында 

немесе  аяғында)  үйренушілердің  көңілін  көтеру  үшін,  қызықты  бір  оқиғаны  сипаттап  беру,  сұрақ  қою, 

үйренушілерді күлдіру, даулы пікір айту, оқулықтан  тыс мәліметтер келтіруді де пайдалануға болады. 

Қызығушылық ояту. Адам өзінің өміріне ненің қажетті, неге мұқтаж, не мағыналы екендігін анықтаған 

кезде ғана сол нәрселер оны қызықтыра бастайды. Оқушының білім алуға, үйренуге деген қызығушылығы, 

ынтасы,  құлшынысы  болмаса  оқу  нәтижесінің  мардымды  болуы  екіталай.  Қызығушылықтың  білімге 

деген  құштарлыққа  айналуы  оқышының  берілген  материалды  түсінуі  мен  қабылдауына  байланысты. 

Осы  түсіну  арқылы  оқушы  білімнің  өзіне  қажет  екенін,  пайдалы  екенін  біледі  және  өмірде  пайдалана 

алады. Оқушы  алған  білімді дамыту үшін, өзінің білім  алуға  деген қызығушылығын, білім  алуға деген 

құштарлыққа айналдыруы қажет. Білімге деген құштарлық адам бойындағы ерекше қасиеттер – шексіз 

қиял  мен  ой  еркіндігіне  алып  келеді.  Сонда  ғана    оқушы  өз  бетінше  ізденіп  ғылымды  дамыта  алатын 

іздемпаз,  шығармашыл  тұлға  айналады.  Оқушының  бойында  қызығушылықты  ояту  көпшілік  жағдайда 

мұғалімнің  сабақ  беру  шеберлігіне  байланысты  болады.  Сондықтан  да  мектеп  жұмысы  мен  оқушы 

жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім болып қала бермек.

Оқушы  алдындағы  кедергілерді  анықтау.  Оқушылардың  сабақ  үлгерімін  жақсарту  үшін  мұғалім 

сынып оқушылары алдындағы кедергілерді анықтауы қажет. Ол кедергілерді жою тек қана сабақ беруші 

мұғалімдердің ғана емес жалпы мектептегі әкімшілік қызметкерлері мен ата – аналардың біріге ақылдасып 

жасайтын жұмыстарының нәтижесінде жемісті болмақ. Жалпы оқушылар алдындағы кедергілерді сыртқы, 

ішкі және танымдық деп үшке бөлуге болады. Сыртқы кедергіні әлеуметтік (тұрмыстық жағдайы нашар)  

және  физиологиялық (денсаулығы нашар) деп бөлуге болады. Ал ішкі кедерге оған өзіне сенімсіздігін, 

өшпенділігін,  агрессияшылдығын,  күмән  және  күдікшілдігін,  оқушының  өзін  жалғыз  сезінуін  т.б. 

жатқызуға  болады.  Танымдық  кедергіге  пәнді  түсінуі  төмен,  есте  сақтау  қабілеті  төмен,  мәтінді  оқуы, 

жазуы нашар және ойлау кабілеті төмен деген қабілеттік кедергілерді жатқызуға болады. Мұғалім сыртқы 

кедергілердің  шешімін  таба  алмауы  мүмкін,  дегенмен  осы  кедергілер  мен  оның  шешімінің  ортасында 

мұғалім  тұр  десе  де  болады.  Сондықтан,  сыртқы  кедергілер  ішкі  кедергілердің  қандай  түрін  туғызуы 

мүмкін екендігін анықтап, сол кедергілерді жою амалын қарастыруы керек.

Сонымен, ішкі кедергі арта түседі егер:

а. Өзіңізді үйренушілерден тысқары ұстасаңыз.

ә. Үйренушілерді бәлсенді (пассив) тыңдаушылар қатарында ұстап, оларды сол күйде қалдырсаңыз

б. Сіздің ұсыныстарыңыз үйренушілер үшін міндетті тұрде қажет болады деген ойыңыз бен пікіріңіз 

болса.

в. Үйренушілерге сын айту, олардың кемшіліктерін бетіне бассаңыз.



г. Үйренушілер сіз қойған сұраққа жауап бере алмай, өздерін дым білмес ақымақ ретінде сезінсе.

Бұл кедергі кеми түседі егер:

а. Егер мұғалім оқушыны құрметтейтінін байқатса.

ә. Қабілетіне сай тапсырма берсе.

б. Топтық ойындар кезінде оны көшбасшы етсе.

в. Орынды мақтаса.

г.  жоғарыда  айтылған  әлеуметтік  кедергінің  уақытша  екендігін  түсіндіріп,  оны  өзгерту  үшін  өзінің 

әрекет жасау керектігін түсіндірсе.

д.  Оқушы  қате  жасағанда  оған  налымай,  оны  жібергені  үшін  жазаламай,  қатенің  үйренуде  алатын 

маңызды роліне назар аударып «ешнәрсе жасамаған адам ғана қателеспейді, қатесіз біз үйрене алмаймыз- 

жасасын  қате!»  деп,  жіберген  қателерді  талдап,  дұрыс  қорытында  шығару  арқылы,  оларды  болашақта 

қайталамауды жолдарын көрсетсе.



45

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

-

 



 

 

 



 

 

 



  

 

  



 

 



 

 

 



Ішкі және танымдық кедергілерді кедергілердің жойылуы тек қана мұғалімнің шеберлігі, құзіреттілігі 

сияқты мұғалімнің кәсіби сапалылығына байланысты және одан төмендегіде нәтижелер күтіледі:

1. Болашаққа деген сенімі нығаяды.

2. Жоғарыда айтылған кедергілердің барлығы уақытша екендігін түсінеді.

3.  Әлеуметтік  кедергіні  өзгерту  үшін  әрекет  жасайды  және  оның  өзгеруі  тек  қана  өзіне  байланысты 

екенін түсінеді.



Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасы педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру курстарының бағдарламасы 

“Назарбаев зияткерлік мектебі”. Астана.: 2012.

2. А. Әлімов. Оқытудың интербелсенді тәсілдері. Алматы.: 2010.



46

САБАҚ БЕРУДЕГІ ЖЕКЕ «ОҚЫТУ ТЕОРИЯМ» ЖӘНЕ МЕНІҢ ТӘЖІРИБЕМДЕГІ БАҒАЛАУ 

ҚАҒИДАЛАРЫ

Макышева А. Д.

ХББ «Назарбаев Зияткерлік мектебі»

қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Өскемен қаласы, Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада  менің  тәжірибемнен,  әдебиеттерден,  сондай-ақ  Педагогикалық  шеберлік  орталығы 

ұйымдастырған біліктілікті арттыру курсатарынан алынған оқу және оқытудағы заманауи теориялар, 

идеялар және тәсілдер жайындағы менің білімдерім көрсетіліп, оны өз тәжірибемде қалай қолданғаным, 

сонымен қатар бағалау қағидалары қалай менің мұғалімдік және эксперттік тәжірибемнің негізі болғаны 

туралы айтылған.

Аннотация

В  статье  представлены  мои  заклюяения  о  современных  теориях,  идеях  и  подходах  к  обучению  и 

преподаванию, полученных как на практике, из литературы, так и из курсов повышения квалификации, 

организованных  Центром  Педагогического  мастерства.  О  том,  как  новые  педагогические  подходы 

к  обучению  и  преподаванию  были  применены  на  собственной  практике,  а  также  мой  личный  опыт 

использования оценивания в качестве учителя и эксперта по оцениванию, и того, как принципы оценивания 

стали основой практики.

Abstract

The article tells about my knowledge about modern theories, ideas and approaches in learning and teaching 

received in practice, from literature and in the in-service training programme for the pedagogical staff of the 

Republic of Kazakhstan organized by the Centre of Excellence. The article also tells about how I have used the 

new pedagogical approaches in learning and teaching in my own practice and how I have used assessment as an 

expert. The article shows how the assessment principals have become the basis of the practice. 

Тәжірибемде  новатор  ұстаздардың    оқыту  теориясына  сүйенемін,  олар:  Выготский  Л.С.,  Эльконин 

Д.Б., Алтынсарин Ы., Амонашвили Ш.А., Бітібаева К.О. Мен өзімді ізденімпаз мұғаліммін деп санаймын, 

жиырма  үш  жыл  мектеп  мұғалімі  болып  жұмыс  істеп  келе  жатқаннан  бері  оқу  мен  тәрбие  үдерісіндегі 

болып жатқан жаңа идеяларға ашық екенмін. 2012 жылының қаңтар айынан басталған ПШО-да  өткен 

«Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептері педагогтерінің біліктілігін арттыру курстарының 

бағдарламасы» тренерлерді дайындау курсының барлық үш деңгейінің алғашқы қатарындағы қатысушы 

болғаныма  өте  құаныштымын.  Сол  курста  алған  білімдерімді,  үйренген  әдіс-тәсілдерді  өз  тәжірибемге 

енгізгенге  асық  болдым.  Әр  деңгейді  меңгере  салысымен,  мектепке  келген  бетімен  жүзеге  асыруға 

асығатыңмың.  Ең  алдымен  әрине  «Мұғалімдерге  арналған  нұсқаулықтан»  бастайтынмын,  тағы  бір  рет 

мұқият оқып шығатынмын. Менің ұстаздық «оқыту теориям» тағы жаңа білімдермен толды. Орта білім 

беру жүйелерінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында 



сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған [2, 25-б]. Бұл бағдарламада 

түрлі  тәсілдер  қарастырылғанына  қарамастан,  басым  бөлігі  сындарлы  оқыту  теориясы  негіздерін 

қамтыған. Бұл теория бойынша оқушылардың ойлауын дамыту бұрынғы алған білімдерінің сыныптағы 

түрлі дереккөздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүргізуге 

негізделген.  Сындарлы  теорияның  тиімділігін  жақтаушылардың  көпшілігі  оны  дайын  білімді  беруге 

негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің өзін 

меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастыру мен бастапқы білімді жаңа біліммен 



47

өзара байланыстыру да мүмкін еместігін тілге тиек етеді. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль 

арқылы алынған білім оқушылардың басқа білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық 

есте сақтау, жеңіл-желпі білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық есте 

сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ оқушылар оларды терең 

меңгермей, жай ғана жаттаған соң, басқа жағдайларда қажетсіз болып қалады немесе керек кезеңде ұтымды 

да  тиімді  пайдалана  алмайды.  Сындарлы  оқытудың  мақсаты – оқушының  пәнді  терең  түсіну  қабілетін 

дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде де тиімді пайдалануын қамтамасыз ету болып табылады. 

Оқыту  туралы  сындарлы  түсінік  оқушыға  нақты  білім  беруді  мақсат  тұтқан  мұғалімнен  өз  сабақтарын 

оқушының идеясын, білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай етіп ұйымдастыруын талап 

етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз деңгейінде көрсетіп, кейбір 

болжамдар  бойынша  күмәнді  ойларын  білдіре  алатындай  пікір-көзқарастарын  нақтылап,  жаңа  ұғым-

түсініктерін  өрістетуге  орайластырылып  құрылады.  Мұғалім  қызметіндегі  маңызды  дүние – жекелеген 

оқушылардың  тақырыпты  қабылдау  ерекшеліктерін  ескеруі,  оқушылардың  түсінігін  жетілдіру  немесе 

жақсарту  мақсатында  олармен  жұмыс  жүргізу  қажеттігін  мойындауы,  сондай-ақ  жалпы  оқушылардың 

тақырыпты  меңгеруіне  жағдай  тудыру.  Сындарлы  оқытудың  жоғарыдағыдай  сипатталып,  түсіндірілуі 

мұғалімнің ой-пайымы мен кейбір негізгі көзқарастарын, сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар баламалы 

шешімдерді де қамтиды. [2, 5-б].  

Сабақта  оқушылардың  талаптары  толығымен  ескерілсе,  әр  сабақ  өз  мақсатына  жететіндігін  менің  

педагогикалық  тәжірибем  көрсетіп  отыр.  Ағымдағы  оқу  жылында  мен 7 сыныптарда  жұмыс  істеймін, 

бұл оқушылардың қалыптасу мәселелеріне тап қылды (Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқушыларды 

әр мектептерден іріктеу емтихан арқылы Тұнғыш президенттің грант иегерлері атану үшін 7 сыныптан 

қабылдайды)  және  маған  мұғалім  ретінде  (мен  бірнеше  жыл  бойы  тек  10-11 сыныптарда  ересек 

оқушылармен жұмыс істегендіктен). Сол себептен осы жұмысымды жетінші сынып оқушыларына арнағым 

келді. Оқушылардың сабақ кезіндегі әрекеттерін бақылай отырып мен оларды қандай аз білетініме көзім 

жетті.  Жоғарғы  сыныптардағы  оқушылар  жақсы  қабылдаған  әдіс-тәсілдерім 7 сынып  оқушыларыммен 

нәтижелі  болмады,  қандай  тапсырма  дайындамасам  да  оқушылар  қызығушылықтарын  білдіртпеді. 

Балалар жауап беруге қорқатын, белсеңділіктері төмен болды. Оқытудағы көзқарасты өзгерту керектігін 

ұқтым. Сонымен жаңа қадамдарды іздеу, жаңа жол салу қажеттілігін түсіндім. Мен сонымен айналыстым.

Бірінші қадам – әр түрлі ақпараттардан оқушылар туралы мәлімет жинау:

 

 



-

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Оқушылардың әлеуметтік-эмоционалдық талаптары анықталды:



1. Құрдастарының алдында қажеттi болу; 

2. Тұрақты ынталандырудағы қажеттiлік; 

3. Эмоциясын сыртқа шығару; 

4. Коллекция жинаумен, музыкамен, киноөнерімен қызуғышылығы.



48

Осы  қажеттіліктеріне  сүйеніп  мен  сабақтарымдағы  әрекеттерді  жоспарлай  бастадым.  Сабақта  біз 

жиі ойнайтын болдық: саяхат, ертегілер, сүйікті әдеби кейіпкерлермен өткізген сабақтар, мульфильмдер 

кейіпкерлері біздің күрделі тақырыптарды меңгеруге көмектесті. Менің байқағаным оқушыларым сабаққа 

сүйіспеншіліктерімен келетін болды, жауап беріп, қалжындап, көріністер көрсетіп, рахаттанып кейіпкерлер 

болып сол көріністерге қатысатын болды. 



Екінші қадам – психологиялық диагностиканың қорытындысын қолдану. Мектеп психологы өткізген 

7 «Д сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне қарай даму деңгейімен танысу. 

Оқушылардың ойлағыштық амал мүмкіншіліктерін дамыту үшін осы қорытындылардың анализі менің 

сабағымның бағдарын анықтауға көмектесті: 

- Оқушыларды мақсат қоюға, бақылауға және затты сипаттауға, негізгі  мен екінші дәрежеліні анықтауға 

жаттығулар беру.

- Оқу материалдарын құрылымдауда сызба, кесте түрлерін қолдану. 

- Топтық жұмыс формаларын қолдану.

- Жоспар бойынша ертегілер, әңгімелер құрастыру.

- Әр орындалған әрекетті мадақтау (қателіктермен істелген болса да).



Үшінші  қадам – Гарднердің  Көптік  ақыл  ой  теориясы  бойынша  көптік  ақыл  ойды  зерттеу  арқылы 

оқушылардың ерекше ықыластарын анықтау. 



7 «D» сынып оқушыларының  интеллект типін анықтау тест нәтижесі (қазақ тілі мен әдебиет 

пәнінің бірінші тобына)



Интеллект типі

Оқушылардың саны

%

1

Визуалды-көріністік 



4

20%


2

Әртістік


2

16%


3

Моторлы-қозғалмалы

4

16%


4

Ішкітұлғалық

2

12%


 

 

 



49

Осы білімдерді қолдану және Блум таксономиясының (алты ойлау деңгейі) сабақта тиімді әрекеттерді 

жүзеге асыруға көмектесті. (кестеде көрсетілген оқушылардың белгіленген типі және соған қарай сабақта 

Блум таксономиясымен әрекеттерді жоспарлау):



 

 

 

 

 

 

 

 

-

 



 -4 

(





 

  



 

 



 

 

  



,

 

 



 

 



 

 

.  



 

 



 

 

 



 

 



 

 

 



 



 – 


4 (



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 

 –2 



(

,  


 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 . 

 



 

«

»



 



 

  

 



 

 



 

 - 4 



(

,

., 



 



 

 

 



 

 

 



 

 



 

 



  

 

 



 

 

 



 

 



 

 



 

 

 



 



 

 

Оқушылар  сабақта  жиі  біріккен  әрекеттерге  қосылып  отыратын  болды:  шығармашылық  жобаларды 



құрастырады,  сахналауларға  қатысады,  синквейнді  талқылайды,  топта  эсселерін  оқиды,  сұрақтар 

тұжырымдайды.  Осындай  жұмыстар  оларға  жеке  жұмыстан  қарағанда  өте  ұнайды,  олар    топта  жұмыс 

жасағанда  жарысқанды  ұнатады.  Көбінесе  оқушылар  өздері: «Команда  болып  жұмыс  істейікші!» -деп, 

ұсыныс айтады. Осыған орай анда-санда сабақ кезінде тез кейбір тапсырмаларды өзгертуге тұра келеді 

(егер  сабақта  басқа  форма  жоспарланған  болса)  және  топқа  тапсырма  дайындап  тағайындаймын. 

Байқағаным, топта жұмыс жасағанда оқушылар белсенділік көрсетеді. Білместік үрейі, сынып алдында 

жауап  беру  қорқыныштары  шегіне  бастады.  Балаларым  салыстырып,  өз  әрекеттерін  талдап,  критерий 

бойынша бағалау парақтарын толтырып (өздерінің жұмыстарын әрдайым шынайы әлі бағалай алмайды), 

бірақ үйрену үстінде. Бақылап байқағаным, оқушылар әр дайым бір топта ғана жұмыс істегісі келетіндігін, 


50

мен оларды иландыруыма тура келеді: менің ойымша бастауыш сыныптта оқушыларды топқа бөлгенде 

қызығушылықпен емес оқу қажеттілікпен бөлу керек, сонда оқушылардың сыныптағы әрекеттері тиімді 

болады.  

Сабақ жоспары - бұл мызғымайтын нәрсе деген мұғалiмдердiң қатарына өзімді жатқызбаймын. Егер 

сабақ барысын өзгертуге әр түрлі жағдайлар пайда болса, мен оңай өзгертемін. Өте көп мысалдар келтіруге 

болады. Міне сол жағдайлардың бірі: қазақ тілі сабағында тақырыпты бекітуге «Мейірімділік туралы» - 

2 жақтағы етістіктерді көшіріп жазу, жалғауын белгілеу мәтінмен грамматикалық жұмыс жоспарланған 

еді. Бірақ грамматикалық тапсырманы орындамас бұрын мен оқушылардан: Сіздер өздерінізді мейірімді 

адам деп санайсыздар ма? деген сұрақ қойдым.  Оқушылар пікірлесе бастады, мысалдар келтіре бастады, 

мен  оларға  әр  қайсысына  шағын  эссе  арқылы  өзінің  ойындағысын  айтуға  мүмкіншілік  беруді  шештім, 

бірақ эсседе 2 жақтағы етістіктерді қолдануды сұрадым. Эссе жазып болғанан кейін «автор орындығында» 

оқуын ұсындым. Мәтінмен жұмыс «эссе» стратегиясын қолдануға әкелді, бұл менің жоспарлағаным емес 

еді, бірақ  ол тақырыпты бекітуге ең тиімді жаттығу болып шықты, сонымен қатар оқушыларға өз ойларын 

жеткізуге, өздерін көрсетуге мүмкіншілік берді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет