Іі халықаралық Ғылыми-тәжірибелік конференциясы ғылыми баяндамалар



Pdf көрінісі
бет5/82
Дата09.03.2017
өлшемі13,88 Mb.
#8634
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

Использованная литуратура

1. Евсеев В.Н. Художественная проза Е. Замятина: Проблемы метода, жанровые процессы, стилевое 

своеобразие. Учебное пособие. М.: Прометей, 2003.

2. Mirsky D.S. Contemporary Russian Literature, 1981, 1925. New-York, 1926.

3. Злочевская А.В. Художественный мир В. Набокова и русская литература XIX века. М.: Изд-во МГУ, 

2002. 


4. Rampton D. Vladimir Nabokov: A. Critical Study of the Novels. Cambridge: Cambridge University Press

1984.


5. Parket S.J. Understanding Vladimir Nabokov, Columbia, South Carolina:University of South Carolina Press

1987.


6. Hagopian I. Decoding Nabokov’s «Signs and Symbols» // A Stall Alpine Form: Studies in Nabokov’s Short 

Fiction. New York, Garland, 1993.

7. Connoly I.W. Nobokov’s Early Fiction: Pattens of Self and Other. Cambridge: Cambridge University Press, 

1993.


8. Рягузова Л.Н. Метаязыковая концептуализация сферы «Творчество» в эстетической и художественной 

системе В. Набокова. Дисс. канд. филол. наук. Краснодар, 2000.

9. Бойд Б. Владимир Набоков: американские годы. Библиография / пер. с англ. Под ред. А. Глебовской. 

М.: Независимая газета, СПб.: Симпозиум, 2004.

10.  Долинин  А.  Истинная  жизнь  писателя  Сирина:  после  «Дара» // В.В.  Набоков.  Русский  период. 

Собрание сочинений в 5-ти т. СПб: Симпозиум. Т.5. C. 9-39.

11.  Романова  Г.Р.  Философско-эстетическая  система  В.  Набокова  и  ее  художественная  реализация  в 

период американской эмиграции. Дисс. канд. филол. наук. Владикавказ, 2005.

12. Barabtarbo G. Aerial view: Essays on Nabokov’s Art and Metaphysics. Bern: New York: Peter Long, 1993.


27

ТАРИХ ПӘНІН ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫНЫҢ 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 

Магзумова А. С.

«Назарбаев Зияткерлік мектебі» Орал қаласы

Қазақстан Республикасы

Аннотация

В  данной  статье  рассмотрены  основные  особенности  использования  инновационных  технологии  в 

учебном процессе

Abstract

In work are stated actual problems of the system of the formation, as well as are considered main particularities 

of the use innovation technologies in scholastic process

«Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, оқуды ізденуді тоқтатысымен 

оның мұғалімдігі де жойылады» 

К.Ушинский 

Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында  жатқан  ұлттық  тәрбиенің  озық  әрі  өнегелі  дәстүрлерін,  асыл 

қасиеттерін оқушылардың бойында қалыптастыру, этнопедагогика материалдарын ұтымды пайдалану – 

аса  маңызды  міндеттердің  бірі.  ХХІ  ғасыр – қатаң  бәсеке  ғасыры.  Еліміздің  білім  беру  жүйесі  әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  бағыт  алуда.  Бүгінгі  күні  қазақ  халқының  ұлттық  мәдениетінің  қайта  өркендеу 

жағдайында жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстүрлерде тәрбиелеудің заңды объективті қажеттігі туды. Қай 

заманда болсын жас ұрпақтың өнеге тұтар өзіндік ұлттық тәлім-тәрбиесі болатындығы белгілі. Егеменді 

Қазақстан  Республикасының  болашақ  ұрпақтарының  сана-сезімін,  ұлттық  психологиясын,  оның  ерте 

замандағы ата-бабалар салт-дәстүрімен сабақтастыра тәрбиелеу қазіргі күннің ең өзекті мәселесі екендігін 

өмірдің өзі көрсетіп отыр.

Тарихты оқытудың мақсаттары мемлекет дамуының әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отырды. Кеңестік 

кезеңге  дейінгі  мектептерде  тарихты  оқытуда  көптеген  обьективтік  жетістіктер  болғанымен,  оның 

мазмұнында  ұлы  орыстық  шовинизм,  ұлыдаржавалық  астамшылдық  басым  болды.  Қазақстандағы 

мектептердің өзінде Қазақстан тарихына қатысты мәселелер оқытылмады. Кеңестік кезеңде тарих пәнінің 

мазмұнында  жоғарыда  аталған  саяси  белгілер  коммунистік,  таптық  сипат  алды.  Дегенмен  Қазақстан 

тарихы  жеке  пән  ретінде  оқу  бағдарламасына  енгізіліп,  оқытыла  бастады.  Ол  кезеңдегі  тарих  пәнінің 

мақсаты  маркстік-лениндік  дүниетанымға  негізделіп,  коммунистік  идеяларға  бағытталды.  Өткен  тарих 

бұрмаланып, тым саясиланып оқытылған болса, 1990 жылдардан бастап тарихты оқыту жаңа бетбұрыс 

алды.  Қазіргі  уақытта  тәуелсіз  Қазақстан  тарихын  тарихи  деректер  негізінде  оқушыға  жеткізу,  сабақ 

барысында жаңа әдістерді тиімді қолдану, жаңа технологияларға жүгініп, оқытудың жаңа тәсілдерін ойлап 

табу тарих пәні мұғалімдерінің өзекті мәселесіне айналды [4].

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты 

маман  болу  мүмкін  емес.  Инновациялық  технологияны  меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кәсіптік, 

адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, 

өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі. Инновациялық педагогикалық 

технологияларын шығармашылық қабілеттерін арттыруға өз үлесін қосады [5].

Инновациялық технологиялардың педагогикалық негізгі қағидалары: балаға ізгілік тұрғысынан қарау; 

оқыту мен тәрбиенің бірлігі; баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; баланың өз бетімен 

әрекеттену  әдістерін  меңгерту;  баланың  танымдылық  және  шығармашылық  икемділігін  дамыту;  әр 

студентті оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық студенттердің дамуы үшін жүйелі 

жұмыс істеу.


28

Біз  өз  тәжірибемізде  педагогика  ғылымының  докторы,  профессор  Ж.Қараевтың  «деңгейлік  оқыту» 

жүйесіне, «сын  тұрғысынан  ойлау»  стратегиясына,  Шаталовтың  «тірек  сигналдары  арқылы  оқыту» 

жүйесіне  және  қосымша  электронды  оқулықтарға  сүйеніп  сабақ  жүргіземіз.  Жаңаша  әдіс-тәсілдер 

арқылы  оқушының  нені  білетінін,  нені  меңгергенін,  нені  ұға  алмағанын  білуге  болады.  Жаңа  әрі 

пайдалы ізденістердің бірі әлемнің 18 елінде сынақтан өткен «оқу мен жазуды сын тұрғысынан ойлауды 

дамыту»  бағдарламасының  стратегияларын  сабақта  қолдану  барысында  көрсеткен  нәтиже:  оқушының 

оқуға  қызығушылығы  артады,  іскерлік  дағдысы,  ойлау  белсенділігі,  тапқырлығы,  өзіне  деген  сенімі 

қалыптасады,  пікір  таластыра  білуді,  ойын  жүйелі  түрде  жеткізуді,  эссе,  өлең  жолдарын    құрастыруды, 

қиялдауды  үйренеді [7]. Баланың  жеке  қасиеттерін  ашу  арқылы  тәрбиелей  отырып,  танымдық  күшін 

қалыптастыру  және  оқушының  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  «Бетпе-бет», «Жұлдызды  сәт» 

сияқты ойын түрлері, топтастыру, сәйкестендіру, толықтыру стратегиялары, тарихи басқатырғыш, сергіту 

жаттығулары, электронды оқулықтар кеңінен қолданылады.

Оқыту  нәтежиелері  мына  деңгеймен  өлшенеді: 1) 5-11 сыныптардағы  бір  сабақта,  бір 

тақырыптағы  бірнеше  сабақта  немесе  бөлімдегі,  тараудағы,  курстағы,  бүкіл  курстағы  алған 

тарихи  білім; 2) ғылыми  көзқарастың  қалыптасуы; 3) тарихты  оқыту  процесінде  оқушыларды 

тәрбиелеу; 4) оқушылардың  танымдық  мүмкіндіктерін  дамыту [9]. Осылайша  оқыту  нәтежиелері 

алға  қойған  мақсаттың  орындалғанын  немесе  тек  сөз  жүзінде  қалғандығын  танытады.

Соңғы жылдары білім сапасы тест көмегімен бағалануда. Оның есесіне оқушылардың алған білімдерінің 

практикалық  қызметте  қолдану  қабілетін  бағалайтын  тапсырмалар  аз  қолдануда.  Тарих  сабақтарында 

мұндай  тапсырмалар  қарапайым  дерек  көздері  және  құжаттарды  зерттейтін  зертханалық  сабақтар 

жүргізумен тікелей байланысты. Оқушылар сабақтан бос уақытында мұражай мен мұрағаттағы жұмыстары 

негізінде баяндама, реферат, ғылыми мақала дайындауы да тарихи білімін бағалаудың өлшемі болуы тиіс. 

Еліміздің  барлық  оқу  мекемелерінде  білімнің  жаңа  жүйесі  енгізіліп  жатыр.  Мұндағы  негізгі  мақсат 

–  жаһандану  заманында  білімнің  бүкіләлемдік  кеңістігіне  ену.  Осыған  орай,  білімнің  мазмұны  да, 

оған  қойылатын  талаптар  да  өзгереді.  Сол  себепті  қазір  жалпы  барлық  оқу  орындарында  оқытудың 

инновациялық технологиялары қолданыла бастады. Сондықтан жаңашылдық керек, яғни, инновациялық 

жүйе  негізінде  оқу  орынның  оқушыларының  белсенділігін  арттыру,  өзіне  сенімділігін  қалыптастыру, 

танымдық-шығармашылық қабілетін дамыту олардың белсенділік-сенімділік сапаларын диагностикалық 

әдіс-тәсілдермен  анықтауға,  сабақта,  сабақтан  тыс  уақытта  өз  ойын  еркін  жеткізе  білуге  үйретуге, 

қоғамда болып жатқан оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына, инновациялық тәртіп нормаларын, 

белгілерін, көрсеткіштерін анықтауға көмегін тигізеді.

Тарих пәнін оқыту әдістемесі сабағын қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену, ұтымды әдіс-тәсілдерді 

қолдану, оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты. Қазіргі таңда әдістеме пәнінің мұғалімдері 

инновациялық және интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып сабақтың сапалы, 

әрі қызықты өтуіне ықпалын тигізуде.



Жаңа технологиялардың мақсаты мен тиімділігі:

1. шығармашылықпен жұмыс істей алатын жеке тұлға қалыптастыру;

2. демократиялық білім беру;

3. білім берудің ұлттық үлгісін қалыптастыру;

4. білім сапасын көтеру;

5. өзін бағалай білу және өзгелердің ой – пікірімен санасуға, құрметтеуге басқаны баулу;

6. әр оқушы өз мүмкіндігінше дамиды;

7. жауапкершілігі, қызығушылығы артады

8. пікір айтуға жаңаша ойлауға жағдай туғызады.

Нағыз  сабақ – ол  әрқашан  диалог,  іздене,  дайындала,  үйрене,  кеңесе,  шәкірттер  болашағын  ойлай 

жасаған еңбек пен тәжірибенің бірлігі болуы қажет.

Педагогикалық  технологиялар  оқыту  мақсатына  жетудің  тиімді,  нақты  жолдарын  көрсетеді.  Олар 

аз  емес;  мәселелік  технологиялары,  дебат,  ойын  әдістері,  оқушының  денсаулығын  қорғайтын  оқыту 

технолгиялары, модульдік технология және сыни тұрғыдан ойлауға дамыту технологиясы. Мен осылардың 

ішінде « Сын тұрғысынан ойлау » технологиясына тоқтала кетпекпін.


29

Сын тұрғысынан ойлау мен жазуды дамыту технологиясы.

«Оқу мен жазу арқылы сыни ойлау бағдарламасы – алған білімін өмірде қолдана алатын, өзін таныта, 

дамыта білетін жеке тұлғаны қалыптастыруға мүмкіндік тудыратын технология» [7]. 

«Оқу  мен  жазу  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды  дамыту»  бағдарламасы  бойынша  мынандай 

құрылым:

1. шыңдалған ойлау, кез – келген даму деңгейіне байланысты мәселелерін сын көзбеу қарау;

2. күрделі мәселелерді шешуге, аса маңызды, жауапты шешімдер қабылдауға құштарлық;

3.  үйрету  мен  үйрену  бірлігін,  үйренудің  қызығуынан  тұратын,  үйренушінің  сеніміне  негізделген 

құрылым;

4. баланың бойындағы құмарлығын жойып алмай, оның үнемі алға жылжуға  деген талап – тілектерін, 

сұраныс пен қажеттілігін ескеру, шығармашылыққа баулу;

5. білімді өз бетімен іздену арқылы йлауға жағдай жасау,

6. өзін - өзі дамытатын тұлға қалыптастыру.

Баланың  сезіміне  әсер  етпей,  санасына  жеткізбей,  оған  терең  білімді  меңгерту  мүмкін  емес.  ХХ 

ғасыр  басында  Жүсіпбек  Аймауытов: «Сабақ  беру – үйреншікті  жай  ғана  шеберлік  емес,  ол – жаңадан 

табатын өнер», - деген екен [10]. Мен көбінесе өз сабақтарымда жаңа педагогикалық әдістердің ішінен 

сын  тұрғысынан  ойлау  әдісін  пайдаланып  жүрмін.  Өйткені,  гуманитарлық  бағыттардағы,  соның  ішінде 

тарих  пәніне  бұл  әдіс  өте  тиімді  болып  табылады.  Оқу  мен  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлауды 

дамытудың  сабақ  өткізудегі  үш  кезеңінде  өзім  қолданатын  стратегиялар:  Қызығушылықты  ояту: 

мағынаны  түсіну,  ой-толғаныс.  Топтастыру:  семантикалық  карта,  синквейн;  Болжау:  Блумның  сұрақ 

қою  кестесі,  Венн  диаграммасы,  еркін  жазу;  БҮҮ:  пікірталас,  екі  жақты  күнделік,  галереяны  шарлау. 

Сабақтарымда  осы  технологияны  жүзеге  асыру  үшін  оқулықтан  тыс  қосымша  көркем  әдебиеттер, 

естелік  зерттеу  еңбектерін  тұрақты  пайдалануға  тура  келеді.  Әсіресе  ұлт  тарихында  азаттық  күрестер, 

нәубет жылдар оқиғасы, тарихи дара тұлғалар туралы жалаң сөз етпей, оқиғаны әсерлеп, сезіміне әсер 

ете отырып, білім бергенде олардың көп білуге деген ұмтылысы, пәнге қызығушылығы, сондай-ақ ұлы 

тұлғалардың  ерлік  істеріне  деген  мақтаныш  сезімі  кеудесін  кернейді.  СТО  технологиясының  І  кезеңі 

бойынша  сабақты  түсіндіргеннен  кейін,  жоғарыда  аталған  қалған  екі  кезеңде  технологияны  шебер  де 

еркін пайдалануға жол ашылады. Сабақ шынайы түрде оқушының ой-өрісін дамыта отырып өткізіледі.

Жаңаша  оқыту  үрдісі  бойынша,  модульдік  оқыту  технологиясында  сабақтарымда  қолданамын. 

Модульдік оқытудың негізгі талаптары:

1. Оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін дамыту.

2. Танымдық үрдістерді (жады, ойлау, зейін, елестету қабілеті) дамыту.

3. Оқуға қызығушылық қалыптастыру.

4. Белсенді сөздік қорын, ауызша және жазбаша тілін дамыту.

5. Тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыруға ықпал ету.



Модульдік оқытудың негізгі тиімділігі:

1. Әр оқушыға деңгейлік жүйе бойынша жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

2. Дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге жағдай жасайды.

3. Оқушылардың өзіндік ізденісіне алғышарттар жасап, серпін береді.

4. Сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуына жағдай жасайды.

Модульдік оқытудың құрылымы:

1. Оқытудың жалпы мақсатын қою.

2. Жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу.

3. Оқушылардың білім деңгейін алдын – ала (диагностика) бағалау.

4. оқу әрекеттерінің жиынтығы.

5. Нәтижені бағалау.



Модульдік  оқытудың  ерекшелігі:  бірінші  кезекте  балаларды  оқытуға  емес,  танымдық  қызметін 

ұйымдастыруға, оқу процесін өзара сөйлесу негізінде құруға бағытталған [2].



30

Білім саласының әлемдік кеңістікке ену жағдайында Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі 

қалыптасуда. Жаңа білім парагдимасы бірінші орынға жеке тұлға білім беру арқылы оның шығармашылық 

біліктілігі мен дағдысының өз дәрежесінде дамуын мақсат етіп қойып отыр.

Жалпы  шығармашылық  дегеніміз – адамның  белсенділігі  мен  дербестігінің  және  қиял – ойын  іске 

асырудың жоғарғы формасы.

 Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыратыру жолдары:

1.  шығармашылық  тұрғыда  оқушылардың  өзіндік  жұмыстарын  ұйымдастыру  мен  оқу  міндеттерін 

анықтау арқылы,

2. пәнаралық бірлестіктерді қалыптастыру арқылы,

3. оқытуды жаңа педагогикалық жаңа технологияларға негіздеу арқылы,

4. концептуалды идеяға негізделген оқу процесінің инновациялық әдіс – тәсілдерін енгізу тағы басқа 

арқылы іске асырылады.

Оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін арттыруда сабақтарды түрлендіріп өткізудің маңызы 

ерекше.  Оқушылардың  шығармашылық  қабілетін  дамытуда  сыныптан  тыс  жеке – ұжымдық  жұмыстар 

ұйымдастырудағы: шығармашылық ай, пәнді апталықтар мен ғылыми апталық, жобалар, пәндік үйірмелер 

мен факультатив сабақтарының маңызы зор. Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы бойынша жүргізілсе, 

оған әртүрллі сынып оқушылары қатыстырылуы мүмкін.

Оқыту  сабақтарының  шығармашылық  сипаты  оқушының  танымдық  белседілігін  оятып,  оның 

шығармашылық  қабілеттерінің  дамуына,  адамгершілік  қасиеттеріне  әсер  етеді.  Ұжымдық  сабақтарда 

өзінің сыныптасының кемшілігін көруге , өзгелердң ісінен сабақ алуға, танымдық, әлеуметтік ұстанымының 

қалыптасуына өз ортасының пікірінің әсері зор. Мұндай сабақтарда оқушылардың ұжымдық ой – пікірлері 

қалыптасады [13].

Өмір  бір  орында  тұрып  қалмай,  әрдайым  жаңалықтармен  толықтырылып  отырады.  Сондықтан 

өмірдің жаңалықтарына бет бұрып, жаңаша білім беру тәсілдерін ойлап табу - әр пән мұғалімінің негізгі 

мақсаты. Бүгінгі таңда біздің мектеп ұжымы бір кісідей проблемалық оқыту технологиясына бет бұруда. 

Бұл  технологияның  ерекшелігі – оқушының  танымдық  белсенділігін,  ізденімпаздығын  қалыптастыра 

білу.  Оқыту  үрдісін  жаңаша  ұйымдастыру  мұғалімнің  оқушының  өзін-өзі  дамытуына  қолайлы  жағдай 

жасай отырып, оның шығармашылығының өздігінен іс-әрекет ету даралық қабілеттерінің артуына себін 

тигізеді.  Мұндай  жаңа  технологияларды  пайдаланып  оқыту  барысында  оқытушыға  қойылатын  негізгі 

талап оқушының берген жауабын түзету, берілген тапсырманы орындау жолдарын көрсету, оқушыға өз 

ойын рет-ретімен толық жеткізуді үйрету болып табылады. Балаға өз ойын қысылмастан айтуға мүмкіндік 

беру,  оған  пікір  еркіндігін  сездіру  оқушының  сол  сабаққа  деген  қызығушылығын  арттырады.  Сонымен 

қатар сабақ барысында техникалық жабдықтарға, көрнекіліктерге жүгіну оқытушыға уақытты үнемдеуге, 

аз  уақыттың  ішінде  бірнеше  оқушының  білімін  бағалауға,  бағдарламадағы  материалды  қай  дәрежеде 

меңгергенін айқындауға мүмкіндік береді, бұл оқушының білім деңгейін қадағалаудың ең тиімді тәсілі. 

Себебі, оқушының білімін тексеру, оның мүмкіндіктерін айқындау – оқыту кезеңінің ең маңызды бөлігі.

Бүгінгі таңда Қазақстан тәуелсіздік шыңынан орын алып, халық санасы жаңарған мезгілде оқушыға 

білім беру, соның ішінде тарихты оқыту талаптары түбегейлі өзгерді. Тарих мұғалімінің алдында үлкен 

жауапкершілік бар. Өйткені тарихты оқыту – отансүйгіш азаматтарды тәрбиелеп өсіру деген сөз. Тәуелсіз 

Қазақстан тарихын оқушы өзін сол оқиғалар арасында жүргендей қызықты өткізу оқытушыдан ерекше 

шеберлікті талап етеді. Ал бұл талапты орындау үшін мұғалім көп ізденіп, заман талаптарына сай білімге 

ие болып, әлем жаңалықтарымен де таныс болуы керек.

Жаңа технологияны білім беру саласында тиімді пайдалану оқушылардың өзіндік жұмысының сапасын 

арттыруға көмектеседі. Тәуелсіз Қазақстанның елешегі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ – ұлттың ұлт 

болып қалуының кепілі.



Әдебиеттер тізімі

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты 01.09.2008 жыл 

//12 жылдық білім №1


31

2. Қазақстан Республикасының «Білім туралы заңы» А, Литера 2000

3. Жүнісбек Ә. Жаңа технология негізі – сапалы білім. – //Қазақстан мектебі, №4, 2008

4. Нағымжанова Қ. Инновациялық технологияның құрылымы. – А.:Өркен, 2007

5. Көшімбетова С. Инновациялық технологияны білім сапасын көтеруде пайдалану мүмкіндіктері. – 

А.: Білім, 2008.

6. Жанпейісова М. М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы

ретінде. Алматы, 2002. 246 б. 15-16 беттер

7. А. М. Оңғарбай Тарих сабағында сыни тұрғыдан ойлау стратегиясын қолдану. Қазақстан тарихы» 

03.03.2006 №3 14-15 б.

8. Р. Бектаева Дамыта оқыту технологиясын тарих сабағында қолдану. «Қазақстан тарихы» 04.03.2006 

№45. 7-8 б.

9. Тұрлығұлов Т.Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары Алматы 1984 . 280 б. 18-19 беттер 

10. Тұрғанбаев Б. А. Дамыта оқыту технологиялары - Алматы 2000 . 180 б. 9-16 беттер

11. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғарғы курс студенттерінің оқу тәрбиелік практикасын 

өткізу және ұйымдастыру әдістемелік талқылама Алматы 1997 315 б. 42-45

12. Ташенова А. Сын тұрғысынан ойлауды оқу мен жазу арқылы дамыту // Білім-Образование. 2006. 

№6 3-4бб.

13. Байсейтова А. Шығармашылық белсендікті арттыру. // Қазақстан мұғалімі. 2008. 5 наурыз. 6б.

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДАҒЫ ПЕДАГОГТАРДЫҢ

 ИННОВАЦИЯЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРІ

 

Мазбаев О. Б., г.ғ.д,  профессор,



Карбаева Ш. Ш., п.ғ.к., доцент

Абай атындағы ҚазҰПУ География-экология факультеті

Қазақстан Республикасы

Аңдатпа

Мақалада  білім сапасын арттырудағы педагогтардың инновациялық іс-әрекеттері қарастырылған. 

Жоғары  оқу  орындарында  білім  сапасын  арттыру  бағыттарының  бірі  модульдік  білім  беру 

бағдарламаларын  құрастыру  болып  табылады.  Мақалада  модульдік  білім  беру  бағдарламаларын 

құрастырудың дидактикалық ұстанымдары ұсынылып отыр.

Аннотация

В  статье  рассматривается  инновационная  деятельность  педагогов  в  повышении  качества 

образования.  Одним  из  направлений  в  повышении  качества  образования  в  высшем  учебном  заведении 

является составление модульной программы образования. В статье предложены дидактические принципы 

для составления модульной программы и примеры к ним.

Abstract

The article studies teachers’innovative activities in improving the quality of education. One of the directions to 

improve the quality of education in higher education institutions is to formulate a modular program of education. 

In the article didactic principles in makingmodular program and examples for them are offered.

Қазіргі педагогикалық білім берудің өзекті мәселелерінің бірі тұрақты білім беру тұрғысынан әлемдік 

білім беру  тендецияларына сәйкес  педагог мамандарын даярлаудың сапасын арттыру болып табылады. 

Жаңашыл, құзыретті, шығармашыл мамандар даярлау кәсіби білім берудің құрамдас бір бөлігі, сондықтан 

білім  берудің  инновациялық  үрдісіне  енгізілген  жаңа  формациядағы  маман  иелері  ғылыми-техникалық 

прогреспен қатарласа, әрқашан алдыңғы шептен көрінуі тиіс.    



32

Қазіргі педагогтардың білім сапасының жоғары деңгейіне жетуге дайындықтарының аздығы олардың 

кәсіби  тұлға  ретінде  қалыптасуы  үшін  педагогикалық-психологиялық  білім  беру  жүйесіндегі  дәстүрлі, 

яғни  монологты  оқыту  әдістерінің  басымдылығымен  сипатталады.  Болашақ  педагог  мамандарды 

репродуктивті  әдістерге  бағдарлау  білім  сапасын  арттыруды  қамтамасыз  ете  алмайды.  Педагог 

мамандарын даярлаудағы білімге орталықтандырылған ұстаным жаңа ақпараттық технологияларды (оқу 

пікірталастарын,  конференциялар,  тренингті-жаттығулар,  компьютерлік,  ақпараттық-танымдық  және 

бақылау  бағдарламалары құралдарын, т.б.) қолдануға кедергі келтірері сөзсіз.

Педагогтардың  кәсіби  ділі  мен  педагогикалық  іс-әрекеттерінің  үлгісі  олардың  әлеуметтік-кәсіби 

топ  ретінде  дамуына,  өзіндік  анықталуына  әсер  етуі  тиіс.  Бүгінгі  күні  жоғары  оқу  орындарында  білім 

сапасын арттырудағы педагогтардың инновациялық іс-әрекеттерінің бірі кәсіби мамандар дайындаудағы 

модульдік  білім  беру  бағдарламаларын  құру  болып  табылады.  Ол  берілетін  білім  көлемін  жүйелеу, 

тұлғалық-бағдарлы оқытуға жағдай жасау және  білім алушылардың өзбетінше жұмыс жасау тиімділігін 

арттырумен  білім  алушылардың  модульдерді  таңдау  еркіндігімен,  білім  алушылардың  жеке  жұмыстық 

оқу жоспарлары негізінде өзінің білім траекториясын құруға мүмкіндіктерімен сипатталады. Модульдік 

білім  беру  бағдарламалары  оқыту  мақсатына  сәйкес  күтiлетiн  нәтиженi  жоспарлауға,  бiлiм  сапасын 

қамтамасыз ету үшiн оқу нәтижелерiн анықтауға, оқу үдерісін ұйымдастыруға және білім алушылардың 

құзыреттіліктеріне негізделген [1].

Жоғары оқу орындарында бiлiм берудiң мазмұндық және процессуалдық негiзiн анықтаудың бұл жолы 

білім  алушылардың  оқу  материалдарын  дайын  күйiнде  алуға  емес,  өз  бетiмен  iзденуге,  өзiне  қажеттi 

бiлiмдi  iздестiру қасиеттерімен қаруландырады.

Модульдік білім беру бағдарламары – қандай да бір квалификациялық атақ алуға қажетті құзыретттерді 

меңгеруге  бағытталған    модульдердің  жиынтығы  мен  реттілігі.  Модульдік  ұстанымға  негізделген 

бағдарламалардың  ерекшелігі  оның  икемділігі,  жұмылдырылуы,  қысқа  мерзімді  бағдарламалар 

жасауға,  проблемаларды  шешудегі  кешенді  тәсілді  қамтитын  кіріктірілген  бағдарламалар  құруға,  білім 

алушылардың оқыту траекторияларын өзбетінше анықтауға, қашықтықтан оқытуға мүмкіншілігі, үздіксіз 

кәсіби дамуға жағдай туғызады.

Дәстүрлі  оқу  бағдарламаларын  модульдік  білім  беру  бағдарламаларына  көшіру  жоғары  оқу 

орындарындағы профессорлық-оқытушылар құрамының инновациялық іс-әрекетін көрсетеді. Модульдік 

білім  беру  бағдарламаларын  құрылымдау  мен  проблемалық,  бейімделу  (адаптивность),  қайтымды/

қайтарымды    байланыс  (обратная  связь)  сияқты  дидактикалық  ұстанымдарға  негіздеп  құру  тиімді. 

Мұндағы  құрылымдау  мен  проблемалық  ұстанымы  дидактикалық  мақсаттың  иерархиясын,  реттілігін 

және мазмұндаудың біртұтастығын, әрбір модульдің логикалық аяқталған жеке даралығын, оқу материалы 

мазмұнының  проблемалығын,  модульдің  көрнекілігін  қамтамасыз  етеді.  Ол  үшін  алдымен  модульдік 

бағдарламаның  кешенді  дидактикалық  мақсатын  қалыптастыру;  зерделенетін  мәселеге  қатысты  жалпы 

ғылыми мәліметтерді, ұғымдарды, заңдар мен заңдылықтарды бөліп алу; модульдік бағдарламаның блок-

схемасын құру; әрбір модульден күтілетін нәтижелер тізбесін (білім, білік және іс-әрекет) құрастыру;  оқу 

пәнінің тезаурсын дайындау; әрбір модульде берілетін  мазмұнға талдау жасау және білім алушылардың 

оны бұрынғы алған білімі негізінде зерделеуге дайындығын қамтамасыз ету; білім алушылар өзінің ілімдік 

траекториясын көре білуі үшін модулдьдің логикалық  құрылымының  блок-схемасын және т.б. беру қажет. 

Бейімделу ұстанымы – дидактикалық мақсат, модульді құрастырудағы сабақтастық, модульде берілген 

оқу элементтерінің кәсіби-қолданбалы бағыттылығы арқылы көрінеді. Бұл ұстаным модульдің мазмұнын 

білім берудің сәйкес деңгейлерімен сабақтастыра құрастыру; кәсіби-қолданбалы проблемаларды анықтау 

және кәсіби саралануды қамтамасыз етуге  бағытталған модуль мазмұнын іріктеу; модуль мазмұнынының 

көлемін  мамандық  пен  мамандануға  сәйкес  (толық,  қысқартылған,  таныстыру  курсы)  саралау  арқылы 

нақтыланады [2]. 

Қайтымды/қайтарымды байланыс ұстанымында білімді игеру үрдісін басқаруға және оны өңдеу мен 

бақылау жасауға мүмкіндік жасайтындай болуды талап етеді. Ол үшін  әрбір модулден күтілетін нәтижелер 

тізбесін  (білім,  білік  және  іс-әрекет)  құрастыру;  білім  алушылардың  құзыреттілігін    қалыптастыруға 


33

бағдарланған тапсырмалар; білімді бақылау блогын дайындау (әрбір оқу элементінің соңындағы ағымдағы 

бақылау;  модульдің  соңындағы  аралық  бақылау)  сияқты  берілген  мазмұнды  меңгеру  әдістемесін  жасау 

қажет [3].

Жоғарыда қарастырылған ұстанымдар модульдік білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру жолдары  

модульдік білім беру бағдарламаларының алгоритмін анықтап беріп отыр.  Ол модульдік ұстаным бойынша  

келесі: 

– оқыту мәселелерін анықтау;

– мақсат қою;

– алғы шарттары мен талаптарын анықтау; 

– білім мазмұнын іріктеу және құрастыру;

– оқыту стратегиясын, әдістері мен құралдарын таңдау;

–  оқытудың  күтілетін  нәтижелерін  бағалау  стратегиясы  мен  құралдарын  таңдау  тәрізді  кезеңдерден 

тұрады (1-кесте). 

1-кесте. Модульдік білім беру бағдарламаларының алгоритмі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет