Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет3/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Бақтағы ескі, өнбей қалған ағаштарды жаңартуды, тіпті керек болса, бақты қайта құрудың өзін тым созып жіберуге болмайды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында бақтағы ескі ағаштарды жаңарту жұмысын күздігүні, ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарда көктемде жүргізу тиімді.
Ағаштардың отырғызылған алғашқы жылы-ақ өнбей қалуы топырақтың сапалы және дер кезінде дайындалмағандығынан, сондай-ақ тікпе көшеттердің сапасының төмендігінен, кеш отырғызылғандықтан және жас көшеттерді күту жөніндегі агротехниканың бұзылғандығынан деп білу керек. Жеміс ағаштарының келер жылдары нашар өсуі агротехника деңгейінің төмендігінен болатын жағдай, яғни дер кезінде және сапалы суарылмаған, қоректік заттармен қамтамасыз етілмеген, бақ қатар аралықтары дұрыс пайдаланылмаған, ағаштар топырақ қопаратын күрек, кетпен т.б. құралдармен жарақаттанған, үсіген, аурулар мен зиянкестер зақымдаған т.б.
Бақта көктемей қалған ағаш болса дереу жаңартуға, яғни орнына қайта тікпе көшет отырғызуға кірісу керек. Шекілдеуіктілер отырғызылған 3-5 жылдық жас бақтарды қайта жөндеу үшін сол бұрынғы отырғызылған сорттардың тікпе көшеттері пайдаланылады.
Сүйекті тұқымдарды жаңартуды бақ отырғызылғаннан кейінгі 2-3 жылдықта аяқтау керек. Жеміс беріп тұрған биік өсетін телітушідегі 10-15 жылға дейінгі бақтарды жаңарту үшін ергежейлі, орташа өсетін телітушілерге ұластырылған көшеттер отырғызған жөн. Сонда өнімі де тез қалпына келеді. Бірақ қатарлардағы сорттардың біртектілігін сақтаған жөн. Отыр-ғызылған көшеттің ағаш бөрікбастарын қалыптастырылады, суарылады, шұңқыр жақсылап қопсытылады қара шірікпен, өсімдік қалдықтарымен жабындалады.
Бақ жерін қайта құру, отырғызу кезінде жіберілген кемшіліктерге, сондай-ақ бақты күту агротехникасының бұзылуына байланысты жүргізілуі мүмкін. Қайта құру дегеніміз жеміс өсімдіктерінің олардың отырғызғаннан кейін тұқымдық, сорттық және телітуші құрамына, ағаштың қоректену алаңының мөлшері мен конфигурациясына қарай жүргізіледі. Бақ жерін бәрінен бұрын отырғызу тығыздығын (жиілігін деуге де болады) арттыру, өнімі аз, болшағы мәз емес жазда пісетіндерін анағұрлым өнімді, күзде-қыста пісетін сорттарға ауыстыру үшін қайта жасалады. Аз өнімді сорттарды жаңасына ауыстырғанда, ағаштардың сорттық тазалығын сақтау үшін қайта ұластырады, яғни телімдейді. Қазақстан республикасының, ағаштары күн сәулесі күйдіруден зардап шегетін, оңтүстік, оңтүстік-шығыс облыстарында қайта ұластыру күйікке шыдамды сидам жасау үшін қолданылады.
Қайта ұластыру 3-5 жылдық жас бұтақтарға жүргізген жақсы. Бірақ оның 10-15 жыл жеміс салатын бақтар үшін пайдасы зор (15-сурет). Қайта ұластырылған ағаш аурудан сау, сидамдары және негізгі бұтақтары зақымдалмаған, үсімеген болуға тиіс. Егер ағаш бөрікбастары қабылданған тип бойынша дұрыс қалыптасқан болса, онда жас өсімдіктердің бүкіл қаңқа бұтағын діңінен 30-50 см қашықтықта, ал жетекші бұтағы ұластырылатын қаңқа бұтақтан 25-30 см жоғары ұластырылады. Жеміс салып тұрған жеміс ағаштарының бұтақ тармақтарының бірінші және екінші қатарындағы қаңқа бұтақтары мен жетекші бұтағын қайта ұластыруға болады. Ағаш жасына, ағаш бөрікбастарының дұрыс қалыптасуына қарай оларды бір жылда немесе екі жылдың ішінде қайта ұластырған жөн. Ескі ағаштардың майда бұтақтары өзінде қалдырылады. Олар жаңа ағаш бөрікбасын қалыптастыру кезеңінде тамыр жүйесінде сүйеу болып, өсіп келе жатқан жас бұтақтарға қорек жеткізеді, 2-3 жылдан соң олар кесіліп тасталады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет