Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi


Шымдау-қарашiрiктеу әдiсi



бет7/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18
Шымдау-қарашiрiктеу әдiсi – бақ аралығындағы шөптi вегетациялық кезеңiнде жиi-жиi шаба отырып ұстайтын шымдаудың интенсивтi әдiсi. Жағдайларға байланысты шөптер көп рет (6-8 рет), олардың биiктiгi 10-15 см жеткенде гүлдегенге дейiн шабылады, содан соң ұсақталған күйiнде жабын ретiнде қатараралығында қалдырады. Бұл жүйе топырақты органикалық заттармен байытады, оның агрофизикалық касиетерiн жақсартады, су сиымдылығы мен су өткiшгiштiгiн ұлғайтады. Шөптердi көп рет шабу су шығыны мен оның булануын азайтады. Қыстыгүнi ұсақтап төселген шөп топы-рақты қатырмайды, ал жазда қыздырмайды, соның нәтижесiнде тамырлардың өсуiне қолайлы жағдайлар туғызады. Бұл тамырлардың күзгi маусымда және күштi өсуiне мүмкiндiк бередi, жемiс ағаштарының өнiмдiлiгiн арттырады, жемiстердiң тауарлық сапаларын жақсартады. Шымдау-қарашiрiктеу жүйесi Қазақстанның суарылатын, мардымды бақтарында қолданылады. Суаруды шөптер орылып болысымен жүргiзген дұрыс, сондай-ақ жыл сайын қосымша гектарына 60-90 кг азот тыңайтқыштарын енгiзу және тышқандармен күрес жүргiзу ұсынылады.
Жабындау – топырақ бетiне органикалық материалдардан, арнайы қағаздан немесе синтетикалық пленкадан қорғаныш қабатын жасап, топырақты күту жүйесi. Топырақты жабындағанда оны сабанның, пiшеннiң, ағаш үгiндiсiнiң, көңнiң, тағы басқалардың қалың қабатымен (8-12 см) жабады.
Жабындауды Қазақстанның оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында - ерте көктемде, алғашқы өңдеуден соң, ал Қазақстанның солтүстiгiнде тамыр жүйесiн жылылау үшiн - күзде жүргiзедi. Күзде жабынауды тұрақты аяздарға дейiн аяқтау қажет. Жабын топырақты нығыздалудан, құрғаудан, эрозиядан, қатты қызудан, тоңазудан сақтайды, арам шөптердiң өсуiне кедергi болады, пайдалы микроорганизмдер қызметiнiң және қоректiк режимнiң қызметiн жақсаруына әсер етедi. Топырақты көпжылдық өңдеудiң қажетi болмайды.
Бұл жүйенiң осындай пайдалы жақтарына қарамастан, ол бiздiң республика бақтарында кең қолдау таппаған. Себебi жабынды материалдары аз. Соңғы жылдары осы мақсатта полимерлi пленкалар қолданыла бастады. Шаруашылықтарда бақты жабындау өте қымбатқа түседi, сондықтан да тек жас бақтарда қолданылып жүр, онда да ағаштар сидамының айналасы немесе жолақтар ғана жабындалады.
Қазақстан бақтарында, өсiрiп отырған аймақтарға байланысты бақ қатар араларын ұстау жүйесiнiң iшiнде ағаштардың жақсы өсуiн, ерте жемiс салуын қамтамасыз ететiн және жемiс ағаштарының жалпы жағдайын нашарлатпайтын түрлерi ғана таңдалынады. Топырақты ұстау жүйесiн таңдағанда топырақ-климат жағдайларына, бақтың ылғалмен қамтамасыз етiлуiне және топырақтың физикалық қасиеттерiн, құрамын нашарлатпайтын факторларға ерекше көңiл аудару қажет. Сондықтан да әрбiр шаруашылықта бақ қатар аралықтарын ұстау жүйесiн жергiлiктi жер жағдайларын ескере отырып жасалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет