Жас және жемiс салып тұрған бақтарды баптау ережелерi



бет6/18
Дата25.04.2023
өлшемі157,21 Kb.
#86657
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Документ Microsoft Word (7)

Шымдау (шалғындандыру). Бақ қатар аралықтарын себiлген көпжылдық шөппен (табиғи шөптермен) шымдау. қатар iшiндегi жолақтарды, сондай-ақ ағаш дiңiнiң айналасын шөптерден таза ұстайды. Қазақстанда бақтарды шымдау ылғалы мол аймақтарда, сондай-ақ тау беткейлерiнде отырғызылған бақтарда ғана iс жүзiнде асырылады. Жемiс сала бастаған бақтар шымдалады. Республиканың оңтүстiгi мен оңтүстiк-шығысында вегетация кезiнде шөптердi екi ретке дейiн, ал кейбiр оңтүстiк аймақтарда, яғни қосымша суаруға мүмкiндiктерi бар жерлерде үш ретке дейiн орылады. Бақтағы орылған шөптердi малға жемшөп үшiн немесе пiшендеме салу үшiн жинап алады. Шымдаудың қысқа (1-2 жыл) және ұзақ мерзiмдi, тұтас, қатараралық, жiңiшке жолақты және бiр қатардан соң деген түрлерi бар.
Тұтас шымдау кезiнде шөптер жалпы бақ алаңында өсiрiледi, тек ағаш дiңiнiң айналасындағы шеңберлер шөптер-ден таза ұсталады. Жемiс бағының қатар аралығы шымдалса, қатар iшiнiң топырағы қара сүр жер түрiнде ұсталады. Жiңiшке жолақты шымдау кезiнде шөп қатар аралық енiнiң 1/3 бөлiгiне дейiн жiңiшкертiле себiледi. Бiр қатардан соң шымдау кезiнде бiр қатар аралыққа шөптер тұқымы себiледi де, екiншiсi қара сүр жер ретiнде жыртылады және керiсiнше.
Қазақстан жағдайында шымдаудың осындай көптеген түрлерiнiң iшiнде кең тарағаны - тұтас шымдау.
Республика бақтарын жасанды шымдау үшiн оңтүстiкте, суармалы жағдайда жоңышқаның еркекшөппен, қылтықсыз арпабаспен, жима тарғақпен араластырып, ал солтүстiк пен орталық аудандарда суармалы жағдайда беденi атқонақпен араластырып себедi.
Көпжылдық шөптер топырақ құрамын жақсартады, топырақ жұмсақтығын, су өткiзгiштiгiн, су сиымдылығын арттырады, топырақты жел және су эрозиясынан жақсы қорғайды, топырақ сортаңдығын азайтады, өңдеу құралдарымен зақымдалған тамырларды қалпына келтiредi, ерте көктемде, жауынды күндерi бақ күтiмiне қолайлы жағдайлар тудырады, сондай-ақ жемiстердiң тауарлық сапаларын көтередi.
Бұл жүйенiң кемшiлiктерi де бар. Топырақ ылғалдылығы төмендейдi, оның аэрациясы нашарлайды, нитраттар құрамы азаяды, органикалық фосфорды минералдайтын микроорга-низмдер әсерiнен ағаштардың фосфорлық қорегi әлсiрейдi. Шөптер жемiс өсiмдiктерiнiң суына, минералды қорек элементтерiне ортақтасады. Себебi жемiс ағаштары мен шөптердiң суға, қоректiк заттарға деген қажеттiгi сәйкес келедi. Бұл ағаштардың өсу жылдамдығын әлсiретедi, қысқы суыққа төзiмдiлiгiн төмендетедi, өнiмдiлiгiн нашарлатады. Бақты шымдаған соң тышқандардың көбейiп кететiнi де белгiлi, сондықтан да жас бақтарда (суармалы, сондай-ақ суармалы еместi де) бұл әдiс жарамсыз. Суармалы бақтарда қатарара-лықтарды шымдауды жемiс өсiмдiктердi жемiс салуға енгеннен кейiн бастайды, отырғызылғаннан кейiн 8-10 жылдан, ал аласа өсетiн телiтушiлерге телiнген ағаштар 5-6 жылдан кейiн.
Шымдаудың терiс жақтарын шөптердiң ылғалға деген қажетiн ескере отырып қосымша суару және тыңайтқыштар енгiзу арқылы жөндеуге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет