Жолдасбекова Б. А. «Дене тәрбиесі мен спорт түрлерінің физиологиялық негіздері мен гигиенасы»



бет18/46
Дата22.02.2023
өлшемі0,53 Mb.
#69947
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46
Бақылау түрі: Ауызша сұрау


Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі әдебиеттер.
1. Амангелдиева Р.Р., Мұстафина Т.К., Дунаева З.К.- Методическая разработка по применению ситуационных задач при изучении курса спортивной медицины,2000.
2. Дембо А.Г.- Врачебный контроль в спорте- А .,2008.
3.ДунаеваЗ.К., Мустафина Т.К.- Студенттердің спорттық медицинадан лабораториялық жұмыстарды өздігінен орындауға арналған әдістемелік нұсқау.- 2003.
Қосымша әдебиеттер.
4. Карпман В.Л.- Спортивная медицина.-2007.
5. Мустафина Т.К. – Спорттық медицина.Оқу құралы- А.,2003
6. Мустафина Т.К.Дунаева З.К.-Дәрігерлік –ұстаздық бақылау.
7. Мустафина Т.К.- Спорттық медицина.Оқу құралы.-2007.
8.Мустафина Т.К.Дунаева З.К.- Спорттық аурулар мен жарақаттар.Оқу құралы.-А., 2004.
Практикалық сабақ №6
Сабақтың тақырыбы: Дене сапаларын жетілдірудің физиологиялық механизмдері


Сабақтың жоспары:
1. Статикалық максимальды бұлшық, ет күші және оны
анықтайтын факторлар.
2. Максимальды ерікті күш және күш тапшылығы.
3. Бұлшық еттердің қызметтік гипертрофиясы.
4. Динамикалык және жарылыс күші.
5. Шаншаңдыктың айқындалу түрлері.

    1. . Шапшаңдықты жетілдірудің физиологиялық механизмдері-

    1. . Төзімділіктің айқындалу түрлері және олардың жалпы физиологиялык механизмдері.

Сабақтың мақсаты және міндеті, ептілік, дағды және құзыреттілік:
Физиологияда төмендегідей дене сапалары ерекшелінеді: күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік.
Практикалық сабақтарын өткізу түрі: Семинар-дискуссия
Қысқаша теориялық мәлімет:
Физиологияда төмендегідей дене сапалары ерекшелінеді: күш, шапшаңдық, төзімділік, ептілік және иілгіштік.
Жеке тіршілік процесінде дене сапаларын жетілдірудің жалпы механизмі – үлкен ми сыңарларының қабықшасында және қабықша асты бөлімдерінде уакытша шартты-рефлекторлы байланысты түзу.
Дене сапаларының дамуы шынығу кезінде әртүрлі жүйлердің қорлық мүмкіндіктерінің қосылуын сипаттайтын ағзадағы биохимиялық, құрылымды және функционалді өзгерістердің жиынтығы арқылы жүзеге асады.
Дене сапаларының жетілуі кезінде жұмыстың ПӘК (пайдалы әсер коэффициентінің) артуын сипаттайтын бұлшық ет қызметінің үнемделуі жүреді.
Дене сапаларының жетілуі кезінде ағзаның гомеостаздың өзгерістеріне қарсы тұруы артады.
Дене сапаларының дамуы кезінде суперкомпенсация құбылысы байқалады. Мысалы, күштің дамуы кезінде АҮФжәне КрФ-ң шоғырлануы бастапқы күйдсн артып кетеді, бұлшық ет талшықтарының гипертрофиясы дамиды. Төзімділіктің дамуы кезінде ОМҚ, гликогеннің, бос май қышқылдарының жинақталуы артады. Шапшаңдықты дамытқан кезде қимыл орталықтарының лабилдігі және қозғыштыгы артады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   46




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет