Әдебиеттер тізімі:
1.ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы 2012 ж. 14
желтоқсан.-
http://www.zakon.kz
.
2.Бұзаубақова Қ. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз, 2003 – 136 б.
3.Кӛшімбетова С. «Оқу тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін
пайдаланудың педагогикалық шарттары», Алматы, 2004 – 103 б.
4.Инновациялық педагогикалық технологияны енгізу негізінде құзіреттілігі
бәсекеге қабілетті мамандарды қалыптастыру» - қалалық ғылыми-практикалық
конференция материалдар жинағы. Алматы, 2012 – 41 б.
Резюме
В статье расматривается значение новых технологий в обучении.
Resume
In this article has told the meaning of new technologies in education.
ӘОЖ 400: 419. 992 71
Мағжан С. - ф.ғ.к., Каспанова Ф. - магистрант
Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан,
Қазақстан
ТІЛДЕ, СӚЙЛЕУДЕ КЕЗДЕСЕТІН ПРОСОДИКАЛЫҚ АМАЛДАР
Бұл мақалада паралингвистикалық бірліктер қатарына жататын бейвербалды
амалдардың бірі – просодикалық амалдардың сӛйлеуде қолданылу сипаты туралы сӛз
болып, негізгі мағынасы ғылыми тұрғыдан топтастырылып кӛрсетіледі.
Тірек сөздер: Дауыс, семантика, лексема, функция, коммуникация, акт,
коммуникативті, прагматикалық, диалог, сӛйлеу, метонимия.
Қазақстан қоғамы үшін әлеуметтік-экономикалық, саяси-мәдени
ӛзгерістер мен бәсеке үдерісінде адам ресурсын сапалы дамытудың маңызы
ӛте зор. Оны орындау үшін нарықтық экономикаға негізделген бәсекеге
лайықты жаңа заманда жаңаша ойлайтын жеке тұлғаны дайындау шарт.
Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаев Қазақстан
халқына Жолдауында білім және кәсіби машық – заманауи білім беру
жүйесінің, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағдары туралы:
«Бәсекеге қабілетті дамыған мемлекет болу үшін біз сауаттылығы жоғары
елге айналуымыз керек», - деп атап кӛрсетеді [1].
Бейвербалды амалдардың бір түрі просодикалық амалдардан құралады.
Просодика – экстралингвистикалық амал, акустикалық және оптикалық
аппарат-каналдардың қатысуымен жасалатын тілдік қатынастың мағыналы
бӛлшектері [2, 24 б.]. Просодикаға зерттеуші С.Мағжан интонация, қатты,
ақырын шығуы, тембр, дем алыс (жиі, дірілдей, ентіге, үздік-создық),
жылау, күлу, сыбырлау, қыстығу т.б. амалдарды жатқызады [2, 26 б.].
Адам ӛмірі дауыстан басталады. Ұлы Абай айтқандай: «ӛлеңмен жер
қойнына кірер денең». Сол сияқты адамның дүниеге келуі дауыспен
белгіленеді: «Жизнь начинается с крика, смерть – с молчания» дейді
О.Савич. Адамға дауыс туылғаннан бастап беріледі, ӛйткені ол адамға
жаратылыстан берілген, оның ажырамас құрамы іспетті.
«Дауыс» сӛзінің мағынасы 1) «Ӛкпеден келе жатқан ауаның қысымы
арқылы дауыс шымылдығының керіліп дірілдеуінен пайда болатын үн»
[2,83 б.] Мысалы: қатты дауыс, дауысы жетті, дыбысты дауыс т.б. 2) «дыбыс
шығаратын мүше» (дауыс шымылдығы, қарлыққан дауыс), 3) «адамның және
жануардың дыбыс шығаруға қабілеттілігі» (дауысын жоғалтты, дауысын
қайта қалпына келтіреді, Менің бүгін дауысым жоқ).
«Дауыс» сӛзі ӛзіндік сипатына сәйкес метонимия бола алады. Дыбыс
берді тіркесі адамның қатысын білдіріп дейксис болып тұр. Бұл сонымен
қатар достықты білдіретін, танысуды, табысуды білдіретін қол алысу
бейвербалды амалы іспетті.
Біз адамды топ ішінде немесе алыстан кӛре алмай тұрған жағдайда
дауысынан танимыз. Адам дауысы арқасында біздің санамызда нақты бір
адамның бейнесі қалады. Дауысынан біз адамның қандай да бір сыртқы
кейпін біле аламыз. Сондай-ақ дауысынан адамның физикалық және
психикалық жағдайын сипаттап бере аламыз және таныс емес немесе аздап
таныс адам туралы мінездеме бере аламыз. Дауыстың кӛмескі тембрі біздің
ойлауымызды кӛңілсіз, жабырқаңқы мінезді болса, шапшаң, шыңқылдаған
дауыс жақсы емес адаммен ассоциацияланады. Әлсіз, жасқаншақ жақсы емес
дауыс науқас адам немесе әлсіз, ӛзіне сенімсіз адам туралы ой береді.
Мысалы: Үйдің тӛр жағынан жӛтел естілді; науқас әйел мейірімді де
кӛңілсіз жүзімен тӛсектен ауыр кӛтеріліп, әлсіз дауысымен «Кім бұл» деп
сұрады (М.Алданов). Керісінше, күшті, қуатты және әдемі дауыс – бұл мінезі
қатты, денсаулығы мықты, әдемі және сыртқы келбеті қызықтыратын
жанның дауысы.
Әдемі дауыс туралы құдай берген тамаша, періште, ғажайып дауыс деп
айтады. Мұндай дауыс иелерін шығармашылыққа негізделген дейді (ән
айтуда, ӛлең оқуда, сӛйлеуде пайдаланады).
Дауысты ойнатуға, ӛзгертуге, кӛтеруге немесе түсіруге болады. Мәселен
қобалжығанда дауыс дірілдейді, айқайдан немесе қатты қысылғаннан дауыс
қатты шығады, мұндай жағдайда дауысты жоғалтып алуға да болады. Егер
тамағы ауырса, кӛбіне дауыс жоғалып кетеді (дауысы отырады, дауысынан
айырылады деп те атайды) [3, 217 б.].
Дауыс просодикалық амал ретінде адамның әртүрлі кӛңіл-күйін білдіреді.
Зерттеуші Б.Момынова дауыс пен дауыстың түрлі қарқыны, екпіні, дауыс
тембрінің ӛзі сӛйлеуші мен оны тыңдаушының кӛңіл-күйінен хабардар
ететінін, бейвербалды амалдардың бір түрі – просодиканың эмоцияны
сипаттаушы амал-тәсілдердің қатарына жататын дәледей түседі [4, 129 б.].
Ол тілі күрмелу және дауысы жарықшақтану, дауысы дірілдеу просодикалық
амалдары ұялуды білдіретінін айтады. Мысалы: Айманның ұялғаннан тілі
күрмеліп, дауысы жарықшақтанды [4, 129 б.]. Әлгінде қойылған сұрағыма
ол қысыла жауап қайтарды. Қысылғандығы сонша, тіпті дауысы дірілдеп
шықты [4, 129 б.]. Ашулануды білдіретін просодикалық амалдарға мысал:
Жанжал басылғанда Бәтжан жерге түскен кимешегін кие жүріп:
– Малың барда сен қорқақ едің. Енді қара табан кедей болғанда кӛзіңнің
еті ӛсейін деген екен! – деп бажылдап, дәлізге жүгіріп шықты (Т.Әлімқұлов
«Алғырдың тамыры»). Алдаберген енді қоға кӛрпенің үстіне малдас құрып
отырды. Әлден уақытта жүрелеп, қамшысын екі бүктеді. Несібелі қарсы
алдына келіп, қырын қарап, бетін қолымен қалқалап отырған. Әкесі
сызданып, дауысы тарғылданып:
- Ақымақ қызым, қызталақ қызым, не істедің сен?! – деп, ернін тістеп,
басын шайқады (Т.Әлімқұлов «Алғырдың тамыры»). - Сұлтан әділ болу
керек. Сенде сол әділдік жоқ. Осы отырған халайық ӛз кӛздерімен кӛріп
отыр ғой – деп Мырзағара да ӛктем сӛйлеп, боп боз болып, қолын сермеп
қалды (Ә.Шәріпов «Сахара қызы»).
Айтылғандарды қорытындылай келе, «дауыс» сӛзінің тӛмендегідей
мағыналарын атап шығуға болады:
1) Дауыс = 1 «ӛкпеден келе жатқан ауаның қысымы арқылы дауыс
шымылдығының керіліп дірілдеуінен пайда болатын үн». Мысалы: Мен оны
қобалжыған дауысынан таныдым. Қыздың дауысы алыстан естіліп
жатты.
2) Дауыс = 2 «қандай да дыбысты шығаратын мүше». Мысалы: Мен оның
науқас екенін дауысынан сездім.
3) Дауыс = 3 «адамның және жануардың дыбыс шығаруға қабілеттілігі»
Мысалы: Дауысым қайта қалпына келді, бірақ тамағым әлі ауырады.
4) Дауыс = 4 «шығармашылық тұлға ретінде қалыптасу». Мысалы: Бұл
әншінің ӛзінің дауысы бар.
5) Дауыс = 5 «бір мәселе тӛңірегіндегі адамның пікірі немесе талдауы».
Мысалы: Сайлауда халықтың дауысы шешуші болады.
6) Дауыс = 6 «мемлекеттік және қоғамдық мекемелерде мәселе шешуде
адамның ӛз пікірін айтудағы құқығы». Мысалы: Әр сайлаушы бір дауысқа
ие.
7) Дауыс = 7 «шығармашылық қызметті бағалауда». Мысалы: Театр
бағыты ӛзінің дауысына, стиліне ие.
8) Дауыс = 8 «адамның қандай да бір әрекетке ішкі түйсігі». Мысалы:
Құпия дыбыс оған: «Ол жаққа барма» деді.
9) Дауыс = 9 «табиғат құбылысын немесе қандай да бір механизм
жұмысын сүйемелдейтін дыбыс». Мысалы: Мен жағада тұрып, теңіз
толқынының дыбысын ұзақ тыңдадым.
10) Дауыс = 10 «әуендік дыбыс». Әуендік дыбыстар сӛйлеу секілді
жастық және жыныстық белгілері арқылы бӛлінеді. Алайда әуендік дыбыстар
ерекше мағынаға ие. Жасӛспірім дауыстары – бұл альт, дискант, егде
ерлердің дауысы – бұл бас, баритон және тенор, әйелдер арасында альт,
контральта, сопрано, меццо-сопрано және колоратурлы сопрано болып
бӛлінеді. [56 81 б.]. Мыс: Оның дауысы жағымды баритон.
11) Дауыс = 11 «ән айту қабілеті». Мысалы: Концертті кейінге
қалдыруға тура келеді, оның дауысы отырып қалыпты.
12) Дауыс = 12 «музыкалық шығарманың бір бӛлігі». Мысалы: Олар
фигуды тӛрт дауыста орындады.
13) Дауыс = 13 «әуен, мотив». Мысалы: Бұл әннің дауысы маған таныс.
Әдебиеттер тізімі:
1 «Қазақстан - 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси
бағыты. Қазақстан Республикасының Президенті – елбасы Н.Ә.Назарбаевтың
Қазақстан халқына Жолдауы. 2012 жыл.
2 Ғ.Қалиев. Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сӛздігі. А., 2007 ж.
3 Г.Кейдлин. Невербальная семиотика. Москва. Новое литературное обозрение.
2004 г.
4 Б.Момынова. Ұялуды білдіретін кинесикалық және просодикалық амалдар//
Республикалық ғылыми-әдістемелік мат., 2013 ж. 6 желтоқсан.
5 М.Дүйсенова. Бейвербалды семиотика: негізгі бірліктері. Магистрлік
диссертация авторефераты. Түркістан қ., 2011 ж.
Резюме
В данной статье с научной точки зрение рассматривается паралингвистическая
единица – просодика, дается анализ использования просодики в речи.
Summary
Paralinguistic unit – prosody is considered from the scientific point of view in this article,
there given the analysis of usage of prosody in speech.
КӚПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ
ПОЛИЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
MULTILINGUALEDUCATION
--------------------------------------------------------------------------------------------
ӘОЖ 811.512.122' 42
Дҥйсенова Қ.Т. - аға оқытушы
Абай атындағы ҚазҰПУ, Алматы, Қазақстан
ҚАЗАҚСТАНДА КӚПТІЛДІ БІЛІМ БЕРУ САЯСАТЫН ЕНГІЗУДІҢ КЕЙБІР
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Кӛптілді Қазақстанда кӛптілді білім беруді енгізудің бастапқы сатысында
шешімін таппаған мәселелер әлі де болса жетерлік. Орта мектеп жағдайында
оқушыларға орыс және қазақ тілдерімен қатар ағылшын тілін оқытудың тиімділігі
жайлы және кейбір пәндерді шет тілінде тереңдетіп оқыту мәселелері берілген
мақаланың басты қарастыратын тақырыбы. Елбасы қойған мақсаттар мен
міндеттерді жүзеге асыру барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан реформалардың
орындалу барысы да мақалада сӛз болады.
Тірек сөздер: Кӛптілді білім беру, билингвалды білім беру, білім нарығы, тіл бірлігі,
біліктілікті кӛтеру, оқу бағдарламасы, жоғары санаттағы маман, коммуникативтік
құзырлық, ұлттық құндылықтар.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей,
ата-бабамыз байырғы заманнан ұрпағының кӛреген де білімді болғанын
армандаған, ӛйткені тек білімді тұлғаның ғана белгілі нәтижеге қол жеткізіп,
ӛмірден ӛз сыбағасын алуына мүмкіндігі бар екендігі белгілі еді. Ал соның
ішінде тіл білудің маңыздылығы сол кезде де ӛзекті болды: алпауыт екі елдің
ортасында бейбіт ӛмір сүру үшін олармен әртүрлі келіссӛздер жүргізу
қажеттілігі туды, ӛмір сүріп қана қоймай ӛзінің күн кӛрісіне қажетті сауда-
саттық жұмыстарын жүзеге асыру да ӛз маңызына ие еді, ал осы іс-
шараларды жүзеге асыруда әрине тіл білгеннің жұлдызы жарық болатыны
айдан анық.
Аталмыш мәселе осы күнге дейін ӛз ӛзектілігін жоғалтпағанын біз
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың кӛптілді білімді дамытуға жіті назар
аударып «…еліміздің маңызды құндылықтарының бірі және басты ар-
тықшылығы – кӛпұлттылық пен кӛптілділік» деп атап кӛрсеткенінен кӛре
аламыз.
Қазақстан
қоғамының
әлеуметтік-экономикалық,
рухани
қалыптасуының жаңа міндеттерін іс жүзінде асыруға дайын жас ұрпақты
тәрбиелеудің негізгі факторларының бірі-мектепте кӛптілді және
билингвалды білім беруді жолға қою болып табылады. Кӛптілді білім-кӛп
мәдениетті тұлғаны қалыптастырудың ӛзегі. Қазақ тілі мемлекеттік тіл, ал
орыс тілі мен шетел тілдерінің бірін білу тұлғаның ой-ӛрісін кеңейтеді, оның
«сегіз қырлы, бір сырлы» тұлға болып дамуына жол ашады, ұлтаралық
қатынас мәдениетін, толлеранттілігін және кең ойлауының қалыптасуына
мүмкіндік туғызады.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев ӛзінің жылсайынғы Қазақстан халқына арналған
Жолдауында «Тілдердің үш тұғырлығы» жобасын іске асыруды жеделдету
тиістігіне ерекше мән береді. Биылғы жылғы «Әлеуметтік-экономикалық
жаңғырту-Қазақстан дамуының басты бағыты» жолдауында «Кӛп ұлттылық
пен кӛптілділік құндылықтардың бірі және біздің еліміздің басты
артықшылығы болып табылады » деп атап кӛрсетті. Сонымен қатар бүкіл
қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін
оқытудың сапасын арттыру қажеттілігіне ерекше назар аударады [1].
Сондықтан қазақ тілін тереңдетіп оқыту, сонымен қатар кӛптілділікті
меңгеруді жолға қою-бүгінгі таңдағы орта білім жүйесінде педагогикалық
үрдістің негізгі бағыттарының бірі.
Әлемдік білім беру іс-тәжірибесінде кӛптілді және билингвалды білім
беру жаңалық емес, атап айтқанда, АҚШ пен кӛптеген Еуропа елдерінде,
әсіресе соңғы жылдарда бұл бағытта жетістікке қол жеткен. Бірақ,
қазақстандық білім беру жүйесінде кӛптілді және билингвалды білім берудің
халықаралық іс-тәжірибесінде қолданыс тапқан моделдерін енгізу- жаңа
педагогикалық проблема, ӛйткені ол жаңа жағдайларда шығармашылық
тұрғыдан іске асырылуы тиіс.
Енді аз-кем кӛптілді және билингвалды білім беру ұғымдарының
мағынасы туралы тоқталып ӛтейік. Ғылыми әдебиеттерде осы ұғымдарға
кӛптеген анықтамалар берілген.Олардың ішінде біздің тәжірибемізге ең
сәйкес келетін нұсқалары тӛмендегіше болады:
- Кӛптілді білім беру- бұл мектепте оқу пәндерін екі немесе одан да кӛптілде
аудармасыз оқыту;
- билингвалды білім беру- оқу және оқудан тыс жұмыстардың негізгі
бағыттарын екі тілде іске асыру, педагогикалық үрдісте екі тілді оқыту
құралы ретінде пайдалану [2].
Бұл ӛзекті мәселелерді жүзеге асыру үшін басты мақсатымызды анықтап
алдық. Ол - Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта
білім стандарттары талаптары деңгейінде үш тілде білім меңгерген, кӛптілді
коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасқан, кӛп мәдениетті, рухани-
адамгершілік қасиеттері дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Кӛптілді және билингвалды білім беруде оқу- тәрбие үрдісінен күтілетін
нәтижелер мыналардан тұрады:
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті орта білім
стандарттары талаптары деңгейінде қалыптасқан білімдерін ана тілі,
мемлекеттік тіл, орыс тілінде еркін білдіретін мектеп бітірушісі;
- бітірушінің кӛптілді коммуникативтік және ақпараттық құзыреттілігі;
- кӛп мәдениетті, рухани-адамгершілік, ұлтаралық қатынастар мәдениетінің
жоғары деңгейі;
- ұлттық және жалпықазақстандық, құндылықтарды қастерлейтін, тілдерді
меңгеруге тұрақты қызығу танытатын, отансүйгіштік және азаматтық сана-
сезімдері дамыған тұлға;
- бітірушілер еңбек нарығында, ӛмірлік қызметте тілдік кедергілерге
ұшырамайды.
-«Тілі бірдің-тілегі бір», «Тіл тағдыры-ел тағдыры» екендігін жадымызда
ұстай отырып, ел бірлігінің негізі- тіл бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет
ету парыз. Ендеше жас ұрпақтың қазақ тіліне деген сүйіспеншілігін, ӛзге
тілдерді оқып білуге деген қызығулары мен ұмтылыстарын арттыру арқылы
олардың Отанға деген махаббаттарын оятып, ӛз тағдырын ел тағдырымен
мәңгілікке байланыстыратын ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу- басты
міндетіміз. Президент жүктеген тапсырмаларға сәйкес, Тілдерді қолдану мен
дамытудың 2011-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы мен
«Тілдердің
үштұғырлығы»
мәдени
бағдарламасында,Қазақстан
Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында, 2020 жылға қарай «... барша қазақстандықтар
қазақ тілін, орыс тілін 95% және 25% – ағылшын тілін меңгеруі тиіс»
делінген [1].
Аталған үш тілдің атқартын функцияларына қарай әрбір Қазақстан
азаматы мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін, ұлтаралық қатынас тілі ретінде
орыс тілін және әлемдік экономикаға үйлесімді кірігу тілі ретінде ағылшын
тілін меңгерген, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Қазақстан Республикасының
алыс та жақын шетелдермен халықаралық байланыстарының күннен-күнге
арта түскен кезеңінде халықаралық байланыстарды дамыту үшін ӛз ісін жақы
білумен қатар шет тілін жақы меңгерген мамандар қажет-ақ. Осы орайда кӛп
тіл білу біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға
мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың
аса маңызды құралы болып табылатынын атап ӛткеніміз жӛн. Білікті маман
ғана емес, шет тілін жақы меңгерген білкті маман дярлау қазіргі кезде
қазақтандық жоғарғы оқу орындарына қойылып отырған негізгі талаптардың
бірі.
Бұндағы негізгі мақсат – ӛмірден ӛз орнын таңдай алатын ӛзара қарым
– қатынаста ӛзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір
ғылым саласында білімі мен білігін кӛрсете алатын, кӛптілді және
кӛпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген полимәдениетті жеке тұлға
қалыптастыру. Қазақстандықтардың үш тілді еркін меңгеруі туралы идеяны
тәжірибе жүзінде іске асыру бүгінде отандық мектептен маманның
шығармашылық ӛзін-ӛзі жетілдіру саласын дамыту мақсатында қазіргі білім
беру саласында тілді оқыту мен үйрету мақсатында жүзеге асырылып жатқан
іс шаралар жетерлік. Мектептер мен жоғарғы оқу орындары заманауи
техникалық құралдармен жабдықталған, қазіргі кезде интернет желісі
қосылмаған оқу орындары кем де кем. Бұл таңда оқушыларға шет тілін
оқытудың әртүрлі деңгейлеріне сәйкес оқытудың жаңа технологияларын,
ақпараттық және компьютерлік жүйелер арқылы ізденіс жұмыстарын
жандандыра түсудің барлық мүмкіндіктері жасалған. Шетел тілін оқытуда
лингафондық құрал-жабдықтар, аудио, бейне кешені – оқушылардың ауызша
және жазбаша аударудағы білім жетілдіру, сӛздік қорын қосымша жаңа
сӛздермен байыту, толықтыру, ой-ӛрісін дамыту мақсатында қолданылады.
Сондай-ақ оқыту процесінде мультимедия бағдарламасының кӛмегімен,
ғаламтордан алынған әлемдік жағдайлар, педагогикалық технологиялардың
түрлі әдіс – тәсілдері, комуникативтік бағыттағы оқыту элементтері кең
қолданылады.
Тілге байланысты оқу процесінде жүйелі жетілдіру жұмыстары
жүргізіліп отырады, атап айтсақ ашық сабақтар, пікір-сайыстар, семинар,
конференциялар, практикалық сабақтар, дӛңгелек үстелдер, кездесулер, ӛзара
сабаққа қатынасып талдау, оқушылардың зерттеу жұмысымен айналысулары,
сонымен қатар студенттердің жеке ізденіс жұмыстарына басшылық ету
сияқты шаралар. Оқытушылардың біліктілігін арттыру мәселесі де ӛз
шешімін тауып жатқанын атап ӛтуіміз қажет. Соның бірі ретінде Қазақстан
Республикасының білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық
қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын Республикалық институты (ББЖ
ҚБАРИ) мен барлық ӛңірлеріндегі 16 облыстық институттың қызметін
біріктіретін «Ӛрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығы құрылғанын
айтуға болады.
Қазіргі таңда «Ӛрлеу» Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының
құрылуы республиканың барлық аймақтарында біліктілікті арттыру
жүйесінің тиімді жұмыс істеуін білдіреді. «Ӛрлеу» Ұлттық біліктілікті
арттыру орталығы мұғалімдер мен оқытушылардың біліктілігін тек
Қазақстан шеңберінде ғана емес, сонымен қатар алыс та жақын шетелде білім
алуларына жол ашып отыр. Қазақстан оқытушыларының ӛз біліктіліктерін
әлемдік деңгейде кӛтеріп, осы салада қызмет ететін шетелдік әріптестерімен
біліктілік алмасуына барлық жағдайлар жасалған [3].
Алайда атқарылған істердің кӛптігі мәселенің шешілгенінің кӛрінісі
бола алмайтынын да мойындағанымыз жӛн. Тіл үйрету мәселесі жанжақты
қарастырылып, талқылануды қажет ететін кең кӛлемді мәселе. Шет тілін
үйретуді шетелдіктерден үйрену кезінде біз ӛзіміздің кӛптілді мемлекет
екенімізді ескере отырып әрекет етуіміз қажет деп ойлаймыз. Кӛпұлтты
кӛптілді Қазақстанның тілдерді үйретіп, дамытуда ӛзінің тӛл бағдарламасы
мен моделі болғаны дұрысырақ болар еді, ӛйткені шет тілін неғұрлым ерте
бастаса, соғұрлым жеңіл меңгеріледі деген қағидытты ұстанған кейбір
ғалымдар ағылшын тілін мектепке дейінгі мекемелерде, яғни балабақшада
бастаған дұрыс деп есептейді. Осыған байланысты тіл дамыту және тіл
ұстарту сабақтары қазақстандық балабақшалардың да бағдарламаларына
енгізіліп, кӛптеген балдырғандар шет тілін мектеп табалдырығын аттамай
тұрап ақ үйрене бастайды. Осы орайда назарды балабақшаға барған
балақанның тілдік дайындығын ескеру қажеттігін баса айтқымыз келеді,
ӛйткені бәрімізге мәлім жанұяда бала әдетте тек бір тілде ғана сӛйлейді,
екінші тіліді ол белсенді емес түрде, яғни теледидар бағдарламарын қарау
арқылы, немесе ауладағы құрбыларымен қарым қатынасқа түсу кезінде
меңгеруі мүмкін. Алайда тілді бұл деңгейде меңгеру, оны жетік білу дегенді
білдірмейді.
Ал егер де балабақшада орыс топтарына қазақ, ал қазақ топтрына орыс
тілін үйрету қолға алынса, бала мектепке дейін екі тілді ӛз днңгейінде
меңгеріп, мектепке келген кезде шет тілін үйрену оған кӛп қиындық туғызбас
еді деген пікірдеміз. Ал орта мектептегі тіл сабақтарына келетін болсақ,
әрине заманауи технологиялар барлық дерлік мектептерде бар, бірақ
солармен жұмыс істей алатын мамандар тапшылығы жұмыстың ақсауына
соқтырып отыр.
Сонымен қатар бұл технологиялар тек шет тілін, яғни ағылышын
немесе басқа тілді үйретуге бағытталған. Қазақстан мектептерінде қазақ және
орыс тілдерін шет тілі ретінде оқыту мәселесі әлі де болса ӛзектілігін
жоғалтпай тұрған мәселе.
Неге екені белгісіз, бізде барлық қазақстандықтар екі тілді жетік біледі
деген қағидат қалыптасқан. Бір тілдің басқа ұлт ӛкілі үшін шет тілі болуы әлі
де болса ескерілмей келеді. Сондықтан болар, қазақ немесе орыс тілдерін шет
тілі ретінде оқыту бағдарламалары осы тілдерді коммуникативтік мақсатта
үйретуге бағытталмаған. Тағы да айта кететін мәселе, қазақ және орыс
тілдерін үйретуге арналған интербелсенді тақтамен жұмыс істейтін
бағдарламаның жоқтығы мен осы тілдердегі аудио және бейне сабақтардың
мүлде болмауы. Егер мектеп оқушысы екі тілді мектептен жетік меңгеріп
шықса және бір шет тілінің базалық курсын алып шықса, оған жоғарғы оқу
орнында осы тілдерден алған іскерліктері мен дағдыларын ары қарай дамыту
ешқандай қиындық туғызбас еді.
Ал қазіргі жағдайда осы олқылықтардың орнын толтыру жоғарғы оқу
орындарының құзырында. Бұл мақсатта жоғарғы оқу орындарында жүзеге
асырылып жатқан іс шаралар да айтарлықтай. Мысал ретінде айтар болсақ,
Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің біраз
институттары мен факультеттерінде ағылшын тілі топтары ашылған, сондай-
ақ аталған үш тілді қосымша сабақ ретінде жүргізу ісі де қолға алынуда.
Ӛйткені жоғарыда атап кӛрсетілгендей, кем дегенде екі тілді қатар меңгеру
мектептен қалыптасуы қажет дегенменен, орта мектептен кейін университет
табалдырығын аттаған студенттердің қазақ және орыс тілдерінде қатар еркін
сӛйлей алатындары некенсаяқ.
Осы олқылықтардың орнын толтыру мақсатында, қазақ топтарында-
орыс, ал орыс топтарында қазақ тілін қосымша оқыту дұрыс бағыт деп
білеміз. Кезек күттірмей шешімін табуы қажет мәселелердің бірі –ол ӛз
пәнін шет тілінде оқыта алатын мұғалім дайындау мәселесі. Осы кезге дейін
жоғары білім беруді жаңартудың негізгі құжаттарында ең негізгі мақсат -
білікті маман даярлау деп кӛрсетілген болатын.
Алайда қазіргі талап тек қана жоғары оқу орындарында ғана емес,
сонымен бірге, мектептерде де кӛптілді білім беру үшін тілді терең
меңгерген мұғалімдер дайындау. Бұл мәселенің қиындығы ол маманның шет
тілін ӛте жақсы меңгере отырып, басқа пәннен сабақ беруге қабілетті болуы,
яғни студент екі бағытта жұмыс істеуі тиіс деген сӛз. Алайда, бұл мақсатқа
жету үшін бізге әлі біраз уақыт керек сияқты және де бізге бірнеше
сұрақтарға жауап табу керек. Олар:
1. Ӛз пәнін шет тілінде оқытуды меңгерген студент қай мектепте жұмыс
істеуге тиісті?
2. Студент бұл пәнді шет тілі мен қатар қазақ немесе орыс тілінде оқытуды
да меңгеруге тиіс пе?
3. Егер де пәнді шет тілінде оқыту қажеттілігі туындап отырса, жоғарғы оқу
орындарында шет тілі бӛлімдерін ашу қажеттілігі туындамай ма?
4. Егер де туындаған жағдайда ол бӛлімдерде барлық пәнді шет тілінде
оқытуға қабілетті оқытушыларды табу мәселесі қалай шешілмек?
5. Шет тілі дегенде тек ағылшын тілі туралы айтыла ма?
Осы қойылған сұрақтарға жауап табылған жағдайда ғана біз кӛпұлтты
Қазақстанда тіл саясатының жемісті жүргізілуіне мұрындық болып, ана
тілімізді сақтай отырып, ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді
нығайтуға ӛз үлесімізді қоса аламыз деп айтқым келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |