Конференциясының материалдары


БАСТАУЫШ СЫНЫПТА  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІНДЕ



Pdf көрінісі
бет27/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60

БАСТАУЫШ СЫНЫПТА  ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТ ПӘНДЕРІНДЕ 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҚТЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ 

Сагинбаева Гульмира Амантаевна

бастауыш сынып мұғалімі

 КММ Күншалған орта мектебі, 

Ерейментау ауданы 

Функционалдық сауаттылық дегеніміз не? 

Елбасы  Н.Назарбаев  2012  жылғы  27  қаңтардағы  «Әлеуметтік-экономикалық  жаңғырту  – 

Қазақстан  дамуының  басты  бағыты»  атты  Қазақстан  халқына   Жолдауында  мектеп 

оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  бойынша  бес  жылдық  ұлттық 

жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды.  Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 

жылы  25  маусымда  №832  Қаулысымен  «Мектеп  оқушыларының  функционалдық 

сауаттылығын  дамыту жөніндегі  2012-2016 жылдарға арналған ұлттық іс-қимыл жоспары» 


190 

қабылданды.  Әлемдік  білім  кеңістігіне  енуде  өмірге  бейім,  өзгеріске  икемді,  өзіндік  ой-

пікірін  жеткізе  алатын,  сыни  тұрғыдан  ойлай  алатын  тұлға  қалыптастыру  заман  талабы 

болып отыр. Осындай оқушыны даярлауда олардың функционалдық сауаттылығын арттыру 

маңызды  орын  алады.  Бастауыш  сынып  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  оқу,  жазу 

сауаттылығын  дамыту  жұмыстары  әр  сабақ  сайын  қарастырылуы  зор  нәтиже  береді. 

Оқушылар  күнделікті  шығармашылықпен  айналысып,  өзіндік  пайымдауға  дағдыланады. 

Бастауыш сыныпта қазақ тілі  мен әдебиеттен  оқушылардың функционалдық сауаттылығын 

арттыру  жұмыстарының  мақсаты:жазу,оқу  сауаттылығы–  оқушылардың  мәтін  мазмұнын 

түсіне  білуі  және  оларға  ой  жүгірте  білу,  мәтін  мазмұнын  өзіндік  пайымдау  жасауға,ойын 

еркін жаза , пайдалана білуге баулу. 

Міндеттері:Мәтін  түрлерін  білу  (пайымдау,сипаттау,баяндау),  мәтіндерге  өз 

тұжырымын  жасай  отырып,  белсенділік  таныту,  дыбыстардың  жазылу  жолын 

үйрету,сөйлемдерді  дұрыс  байланыстыра  білу,шығармашылық  тұрғыда  ойлау,  шешім 

қабылдай алуға даярлау; 

тілдік  жағдаяттарда  қарым-қатынасқа  түсе  алу  даярлығын  білдіретін  құзыреттілікті 

қалыптастыру жолдарын қарастыру; 

ана тілін жетік білетін,сауатты жаза алатын, ұлттық мәдени құндылықтарды бағалай 

алатын тұлға даярлау. 

бастауыш сынып  мұғалімдері оқушылардың оқу сауаттылығын жетілдіру тәсілдерін 

жоспарлы түрде жүргізу тиімді.  

Жоспарлауды 3 бөлімнен құрастыру ыңғайлы: 

I-бөлім:  Сабақтарда  мәтіндер  бойынша  оқу,жазу  сауаттылығын  арттыратын  сұрақтар 

мен тапсырмалар жүйесін беру. 

II-бөлім: Сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерде оқу сауаттылығын арттыру 

тапсырмаларын ұйымдастыру, таңдау курстарын жүргізу. 

III-бөлім: Оқушылардың интеллектуалды сайыстар мен олимпиадаларға қатынастыру 

Бастауыш сыныпта қазақ тілі мен әдебиет сабақтарында әр оқушыны дара тұлға деп 

танып,  оның  шығармашылық  қабілеттерін  дамыту  жұмыстарын  жүйелі  жүргізу  – 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттырудың  негізгі  шарты  болып  табылады. 

Тіл  сабақтарында  мәтіндер  бойынша  оқу,жазу  сауаттылығын  арттыратын  сұрақтар  мен 

тапсырмалар  жүйесін  беру  мұғалімнен  зор  дайындықта  қажет  етеді.  Сұрақтар  жүйесі 

оқушылардың  белсенді  ойлауын,  білімі  мен  білік,  дағдысын  қолдана  білуді  қамтамасыз 

ететіндейетіп  құрылуы  керек.  Мысалы:  «Шығарманың  басты  ойы  неде?  Шығармада  не 

жазылғаны  туралы  айтуға  болады?(оның  мазмұны  туралы).  Шығарма  қалай 

жазылғанытуралы  айтуға  болады?  (оның  стилі  туралы).»  сұрақтары  беріледі.  Сұрақтарға 

жауап  беру  арқылы  оқушылар  рефлексия  жасай  отырып,  мәтін  мазмұнын  өз  мақсаттарына 

қол  жеткізу  үшін  қолданып,  бiлiмдері  мен  дағдыларын  қоғамның  белсендi  өмiріне 

араласуына  бағыттайды.  Келесідегідей  түрдегі  сұрақтар  «не  мақсатпен  көрсетілген?  Қалай 

қолданасың?»  берілсе,  оқушылар  мәтін  мен  сұрақты  қолдана  отырып,  логикалық  байланыс 

жасауға  дағдыланады.  Немесе,  «Шығарманың  қай  бөліктері  бір-біріне  қарама  қайшы? 

Неліктен?»  сұрақтары  арқылы  байқағыштыққа,  мәтіннің  әр  сөзін  дұрыс  қолдана  білуге, 

тұжырымдауға  үйренеді.  Сондай-ақ,  оқу  материалдарының  форматы  аспектісін  түсінуге 

бағытталған  шығармашылық  тапсырмалар  ұйымдастыру  сауаттылықты  арттыруға 

бағытталады.Бастауыш  сыныптақазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  «Кім  жылдам  әрі 

дұрыс?»,  «Басты  кейіпкермін»,  «Менің  ойым...»,  «Пікірлер  парағы»,  «Үндестік  парағы», 

«Шаттық  шеңберін  құру»  тәрізді  тапсырмалар  оқушыларды  өзіндік  жеке  қасиеттерінің 

дамуын  қамтамасыз  етеді.  Қазіргі  кезеңдегі  Қазақстан  Республикасының  мұғалімдерінің 

біліктілігін арттыруына негізделген деңгейлі бағдарламалар мұғалімдерге үзіліссіз даму мен 

өзін-өзі  жетілдіруге  негізделген.  Оларға  сабақ  беру  мен  оқытуда  жаңа  тәсілдерді  түсінуіне, 

өздерінің жеке ойланулары мен тәжірибелеріне өзгерістер енгізуге бағытталған. Қазақстанда 

педагогикалық  шеберлік  орталығы  мен  Кембридж  университетінің  бағдарламасымен  оқу 

мұғалімдердің  сабақ  беру  тәжірибесіне,  оқушылардың  оқуына,  жалпы  алғанда  мектептің 


191 

жұмысына оң әсерін тигізуде. Бағдарламадағы модульдерді сабақтарға тиімді ықпалдастыру 

арқылы  оқушылардың  функционалдық  сауаттылықтарын  дамытуда  жоғары  нәтижеге  қол 

жеткізуге  болады.  Модульдің  бірі  ретінде  алынған  сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  пәндік-

білімдік  кезеңді  күрделі  ой  еңбегіне  айналдыра  аламыз.  Сын  тұрғысынан  ойлаудың  әдіс-

тәсілдерін  кеңінен  қолдана  отырып,  оқушының  ішкі  мүмкіндігін  танып,  оның  сыртқа 

шығарылуына түрткі жасап, тілдік қабілеттің дамуына жағдай туғызуға болады. 7 модульдің 

сын тұрғысынан ойлау бағытын қолдану арқылы оқушылардың: 

танымдық белсенділігін арттыруға; 

өздігінен ізденуді жүзеге асыруға; 

жан- жақты ойлаудың пайда болуы; 

өзін-өзі дамытуға; 

болжам  жасай алуға

іскерліктің пайда болуы; 

шешім қабылдау әрекетінің дамуына жағдай туғызылады.  

Қазақ маманы С.Раевтың ойынша, сауатсыздық дерті адамға кішкентай кезінен бастап 

жұғады  екен.  Әсіресе  бүлдіршінді  жазу  мен  оқуға  баули  бастаған  1-ден  3-сыныпқа  дейінгі 

аралықта  пайда  болады.  Яғни,  үшінші  сынып  оқушысы  ешқашан  кітапханаға  бармаса, 

оқулықтан  басқа  ешқандай  кітап  оқымаса,  тағы  бір  ертеңгі  сауатсыздың  дүниеге  келгені. 

Ғалымдардың айтуынша, 8-сыныптан бастап оқушылардың 60 пайызының өз бетімен жазып-

оқуға  деген  ынтасы  жоғалады  екен.  Тіпті  түлектердің  үштен  бірінің  оқуға  мүлдем  құлқы 

болмайтын көрінеді. Елбасы дұрыс айтады, «білім беру тек қана оқытумен ғана шектелмей, 

оны  керiсiнше,  әлеуметтiк  адаптация  процесіне  бейiмдеу  қажет».  Бастауыш  сыныптағы 

функционалдық сауаттылығы дегеніміз-мектеп табалдырығын аттағаннан өқушының мектеп 

қабырғасындағы барлық ережені,бағдарламаға сай білімді қабілетінше меңгеруі, әлеуметтік , 

мәдени,мектепішілік  шараларға    белсене  араласуы,  яғни  бүгінгі    заман  ағымына,  жасына 

қарамай  ілесіп  отыруы,  отбасы  мен  мектеп  бойынша    үнемі  білімін  жетілдіріп  отыруы. 

Функционалдық  сауаттылықтың  бір  механизмі-ата-аналардың  балаларды  оқыту  мен 

тәрбиелеуге  белсенді  қатысуын  қамтамасыз  ету.Ата-ананың  борышы  бала  бойына  жас 

кезінен  адами  құндылықтарын  дарытып,  саналы  өмір  сүруге  баулу.  Ата-ана  баласының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  үшін  мұғалімдерімен  тығыз  байланыс  жасау  керек. 

Ата-ана баласының ерекше қасиетін тану, түсініп қол үшін беру, олардың қабілетін дамыту, 

бойына рухани құндылықтарды қалыптастыру, жағымсыз мінез-құлық, әдеттерден арылтуға 

көмек беруі керек. Ата-ананың бойында да фукционалдық сауаттылық болуы тиіс.  

Бұл  үшін  мемлекет  жаңа  әдістемені  әзірлеуге  кірісті.  Осы  әдістеменің  негізінде  ата-

аналарға арналған семинарлар мен тренингтер өткізілуде. 

Тағы  бір      механизм-қосымша  білім  беру  жүйесін  дамыту.  Ұлттық  жоспарда  оқушылар 

сарайы,музыка  мектептері,жас  техниктер  мен  натуралистер  станциялары  жұмыстарын 

түбегейлі  өзгерту қарастырылған. Қазақстанның тарихында алғаш рет  аталған ұйымдардың 

материалдық  техникалық  базасы  жаңартылатын  болады.Оқытудың  жаңа  технологиялары 

мен  интерактивтік,  инновациялық  формалары  енгізілетін  болады.  Олар:  балалар 

интерактивті  парктері  (ғылыми  қалалар),  технопарктер,  балалар  мұражайлары,  ғылыми 

үйірмелер  және  т.б  Бұл  –  шығармашылық  пен  инновацияға  деген  қызығушылықты 

арттырады.  Мұндай  оқыту  жүйесі  баланың  санасына  әлеуметтік  тұрмысына,  төңіректегі 

әлемге  терең  көзбен  қарап  үйреніп,  жолығатын  қиын  мәселелерді  оңай  шешетін  болады. 

Бұрынғыдай мектептен  шыққан соң бала үйренген білімін ұмытып қалмайды, қайта өмірде 

пайдаланатын болады.  

Ондағы  басты  мақсат  жалпы  білім  беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының 

зияткерлік,  дене  және  рухани  тұрғысынан  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  оның  әлемде 

әлеуметтік бейімделуі болып табылады.  

Мұндағы басшылыққа алынатын сапалар: 

-белсенділік  

-шығармашылық тұрғыда ойлау 


192 

-сауатты жазу мен сауатты оқу  

-шешім қабылдай алу  

-өз кәсібін дұрыс таңдай алу  

-өмір бойы білім алуға дайын тұруы болып табылады.  

Бастауыш    сынып  оқушыларының  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастырудың 

психологиялық  және  педагогикалық  негіздеріне  келер  болсақ,бастауыш  сынып 

оқушыларының психологиялық ерекшеліктері ескерілуі керек. Оқу , жазу сауаттылықтарын 

қалыптастыруда,ең  алдымен  кіші  мектеп  жасындағы  балалардың  ойлауы  мен  сөйлеуі 

маңызды  орын  алады.Ой  ұйымдасқан  сөйлесім  үрдісіне  айналуы  үшін  адам  өзіне  қажетті 

үлгіні,  ойды  дәл  бейнелейтін  сөзді  таңдап  алатын  іштей  сөйлеудің  кезеңдерінен  өтуі 

тиіс.Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  қалыптастыруда  іштей  сөйлеу  мен 

сөйлесімнің мәнін назарға алу. Олар орындайтын жаттығулар мен тапсырмаларды іріктеуде 

маңызды рөл атқарады.Қазіргі таңдағы кең таралған технологиялардың пайдасы баршылық. 

Сын  тұрғысынан  ойлау  арқылы  ғылыми  ойлау,  креативті  ойлау,  сыни  бағалау,  дәлелдерді 

пайдалану  арқылы  жасап  қорытынды  жасай  алады.  Оқушылар  шешім  қабылдаға, 

мәселелерді  шешудің  жаңа  жолдарын  іздестіруге  тырысады,  жаңа  идеялар  ұсынады. 

Сабақтарда  оқушы  сұрақ  қоя  білуге,  әр  кез  сұраққа  жауап  іздеуге  талпынады,  екпінді  іс-

әрекетке  түседі,  әр  түрлі  идеялар  мен  пікірлерді  сарапқа  салады.  Бұлардың  барлығы 

оқушыдан үнемі тілдік қатынасқа түсіп отыруға итермелейді, оқу сауаттылығын арттырады. 

Оқушы  шығармашылықпен  жұмыс  істеу  арқылы  бір-бірінің  пікіріне  бақылау  жасайды, 

айтылған ойға баға бере алады. Терең, тиянақты, сапалы білім беру мақсатында жүргізілген 

әдіс-тәсілдердің  барлығы  ауызша,  жазбаша  сөйлеу  арқылы  жүзеге  асырылады.  Сын 

тұрғысынан  ойлаудың  ұтымдылығы  сонда  –қолданатын  стратегиялар  ғылыми-танымдық 

мәтіндермен  жұмысқа  да,  көркем-әдеби  мәтіндермен  жұмыс  жасауға  да  қолайлы.  Ендеше, 

қандай  пән  болса  да  мұғалімдер  сабақ  кезеңдерін  басқаша  құра  отырып,  оқытудың  сапалы 

болуына қол жеткізе алады. Нәтижесінде, өз пікірін тұжырымдап айтатын, көпшілік ортада 

батыл сөйлей алатын, өзгемен еркін сөйлесім қарым-қатынасына түсетін тұлға қалыптастыра 

аламыз.Бастауыш  сыныпта  қазақ  тілі  мен  әдебиет  сабақтарында  диалогтік  оқыту  модулін 

жүйелі  енгізсе,  оқушылар  бірлескен  оқу  әдістерін  қолдану  арқылы  білімді  зерттей  отырып 

игеруді  қамтамасыз  етеді;  бірін-бірі  оқыту  арқылы  топтық  жұмыстың  тиімділігін  түсініп, 

білімді  белсенді  игеруді  жүзеге  асырады;  оқушы-оқушы,  оқушы-мұғалім  қарым-қатынасын 

дамыту тәрізді маңызды оқыту түрлерін жүзеге асырады. Бұл оқушылардың функционалдық 

сауаттылықтарын дамытуда зор рөл атқарады. Себебі, сынып оқушыларының әрқайсысы оқу 

үдерісіне  белсене  қатысып,  өз  көзқарастарын,  біліктерін  ортаға  салады.  Бұл  олардың 

әлеуметтік және эмоционалды тұрғыдан дамуына жағдай туғызады.  Бастауыш сынып қазақ 

тілі мен әдебиет сабақтарында сыныптан тыс сабақтар мен пәндік үйірмелерді жүйелі өткізу 

оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  арттырудың  бірден-бір  жолы.  Пәннен 

ұйымдастырылған  мұндай  сабақтардың  негізгі  мақсаты  –  оқушыларды  ойлау  еңбегіне 

дағдыландыру, ізденіске жетелеу, жазбаша көркем тілін дамыту, олардың қабілет, дарынына 

әсер ету. 

Бастауыш  сатыдан  қазақ  тілі  пәніне  асақатты  назар  аударуымыз  керек.  Өйткені  ең 

алғашқыда қалай қалыптасады,ол бала ойында солай сақталып қалады. Баланың толық қанды 

сауатты болуына  кедергісін тигізетін қазақ тілінде жазу кезіндегі мына дыбыстарға тоқталар 

едім: н-ң,п-б,и-йдыбыстарының жазылуы. Соның ішіндегі ең жиі кездесетін оқушы қателігі 

«н-ң»  дыбыстарының  жазылуы.Өзімнің  25  жыл  еңбек  тәжірибемнен  түйгенім:бастауыш  

кезеңінен  бастап  қолға  алу  керек.Ол  үшін  бала  сөз  мағынасын  дұрыс  түсіну  керек.Кейде 

оқушымыз  сайрап,  бәрін  біліп  тұрады,барлық  пәннен  дарынды  келеді  де  ,қазақ  тілі 

сабағынан диктант жазғанда,  баланың сауатсыздығы осы дыбыстардың жазылуынан білініп 

қалады. |Бала да өз қателігін сезінеді, бірақ оған жалғыз мұғалімінен басқа ешкім  көмек бере 

алмайды.Сондықтан  мен  қазақ  тілі  маманы  болмасам  да,  оқушыларға  өз  білгенімді 

үйретудемін.  



193 

Мысалы:  шын  –шың  сөздері  қалай  жазылады.  Ол  үшін  ең  алдымен  «шын»  сөзінің  -

рас,дұрыс,ақиқат  деген    мағына  беретінін  білу.  Сондықтан  «шын»  сөзінде  «н»  дыбысы 

жазылады.  Мысалы:Айдос  мұғалімге  шын  сөзін  жеткізді  .Ал  «шың»  сөзіне  келсек  Ол 

биік,құз,ұшқыр  деген  мағынаны  білдіреді  де,  ол  сөзде  «ң»  дыбысы  жазылады.  Сонда 

сөйлемнің  мағынасына  мән  беру  керек.  Мысалы  :  Мен  Алатаудың  шыңына  шықтым.  Бұл 

сөйлемдегі бірінші сөйлемдегі шын сөзі емес .Сондықтан «ң» дыбысы жазылатынын ескерту.  

Сондай –ақ: 

он-оң мағынасына қарай отыра нмен ң дыбысының тиістісін қою.  

Тон-тоң, тон-ішік, киім, ал тоң – мұздың, топырақтың тоңы.т.б. 

Жоғарылай  келе  3-4  сыныпта  септіктерді  өте  отыра,  ілік  септігінің  жалғаулары 

арқылы  түсіндіре    сауаттылықтарын  арттыру.Ілік  септігінің  кімнің?Ненің?  сұрақтарына 

жауап беретінін білу. Диктант ,не болмаса, қандай да бір тапсырма жазып жатқанда, н мен ң 

дыбысының қайсы келетінінен сезіктенсе, ол сөзге міндетті түрде сұрақ қою керек. Егер  сөз  

ілік  септігіндегі  сұраққа  жауап  берсе,  онда  -нің  –ның,  -дың  –дің,  -тың  –тің  жалғаулары  

арқылы «ң» дыбысы жазылады. 

ненің? 

Мысалы: Самал еденнің үстін сыпырды. 



Жан-жақты  ойластырылған  танымдық  шаралар  мен  қызықты  сабақтарда  неғұрлым 

оқу сауаттылығын дамытуға негізделген жұмыстарды ықпалдастыру қажет. Сондай-ақ, «Біз 

таңдаған  қаламгер»,  «Ең  әлсіз  топ»,  «Мәтінді  бағалау»,  «Пікірлер  білдіреміз»  тәрізді 

сабақтар  жүргізу  оқушылардың  шынайы  танымдық  мүмкіндіктерін  жетілдіруге  мүмкіндік 

береді.  Пәннен  ұйымдастырылған  сыныптан  тыс  сабақтар  келесідегідей  сауаттылықты 

дамытады: 

-

 

оқушы 



тіл 

ұстартуамалдарын 

дұрыс 

ажыратып 



орынды 


қолдана 

алу,функционалдық 

сауаттылық 

дағдылары 

(тұжырымдау,жинақтау, 

салыстыру,қорыту, дәлелдеу);  

-

 

тілдің қоғамдық маңызын, ана –тілінің қадір –қасиетін түсіне білу; 



-

 

әдебитілдің даму тарихынанолу, дамуынсаналытүрдетүсінебілу;  



-

 

стиль түрлерінажыратыпалу; 



-

 

шығармашылық жұмыстардың орындалу техникасын меңгеру; 



-

 

көркем шығармадан автордың стильдік қолданысын түсініп, талдай білу; 



-

 

мәтінді тақырыпқа сай баяндап, суреттей, талдай білу,  



-

 

поэзиялық шығармалардың әсемдігін түсініп, орындай білу; 



-

 

жазбаша  жұмыстарға  талдау  жасай  білу,  өз  көзқарасын,  әсерін  кірістіріп, 



қорытындылай алу. 

Сондай-ақ,  оқушылар  функционалдық  сауаттылықтың  негізгі  міндеті  мәтiннiң 

қолдану  жағдайы  немесе  мақсаттары  аспектісін  үйренеді,  мәтiнді  толық  түсiнгенін 

дәлелдейтін машықтары дамытылады.  

Қазақстанның  ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  және 

функционалдық  сауаттылығын  дамуына  мүмкіндік  береді.  Жалпы  білім  беретін  орта 

мектептердегі құзіретті тұлғаны қалыптастыруда тіл пәндерінің орны ерекше болып келеді. 

Бұл  орыс  мектептердегі  «Қазақ  тілі»  пәніне  де  тікелей  қатысты.  Өйткені  мемлекеттік  тіл 

ретінде оқытылатын оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру ҚР  «Білім 

туралы»,  «Тіл  туралы»  Заңдарының  жүзеге  асуының  басты  шарты  болып  саналады. 

Функционалдық  сауаттылықты  қалыптастыру  үшін  өзге  тілді  мектептеріндегі  Қазақ  тілі 

пәнін  оқытудың  әдістеме  негіздері  қайта  қарастырылып,  білім  беру  жүйесіне  өзгерістер 

енгізілуде.  

Баяндамамның  соңында  бастауыш  сыныпта  қазақ  тілі  пәнінен  оқушының 

функционалдық  сауаттылығын  дамыту  мәселесіне  мынандай  тұжырымдарманы  ұсынуға 

болады:  

1.Оқушыларды  бірінші  сабақтан  бастап  сөйлесім  әрекетінің  түрлерін  (айтылым,

жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу 



194 

2. Оқушылардың  алған  білімдерін  өмірде  ,  кез-келген  жағдайда,  әлеуметтік  ортада

қолдана алуға үйрету; 

3.Мемлекеттік тілде ауызша,жазбаша қарым-қатынас жасау;

4.Әлеуметтік  талаптарына  сай  келу  үшін  оқушының  ақпараттық  технологияларды

қолдану және проблемалардың шешімін таба алуға үйрету; 

5.Оқушылардың өзгермелі өмірге бейімделуіне үйрету;

6. Оқушылардың жеке бас қабілеттерін дамытуы;

7.Оқушылардың әлеуметтік-мәдени дағдыларын дамытуы;

8. Қазақ халқының салт- дәстүрі, мәдениеті,тарихын түсіну және құрметтеуге баулу.

Қорыта  келгенде  Ұлттық  жоспарды  жүйелі  және  одан  әрі  іске  асыру  Қазақстанның 

ұлттық  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін  және  функционалдық  сауаттылығын 

дамуына  мүмкіндік  береді.  Жалпы  білім  беретін  орта  мектептердегі  құзіретті  тұлғаны 

қалыптастыруда  тіл  пәндерінің  орны  ерекше  болып  келеді.Әр  мұғалім  өз  еңбегіне 

жауакершілікпен  қарап,  алдында  отырған  жас  бүлдіршіннің  болашағын  ойласа  ол  ұстаз  өз 

маманының  иесі.Өйткені  алдыңыздағы  шәкірт  ,сізге  ең  бірінші    мемлекетіміз,  екінші  ата- 

анасы,үшінші  басшыныңыз  сеніп  тапсырған  аманат.Дарынсыз  оқушы  болмайды,оның 

дарындылығын ашатын шебер мұғалім. Ол- сізсіз. 



Пайдаланылған әдебиеттер: 

1. Оқушылардың  функционалдық  сауаттылығын  дамыту  жөніндегі  2012-2015

жылдарға  арналған  ұлттық  іс-  қимыл  жоспары  (Қазақстан  Республикасы

Үкіметінің 2012 жылғы25 маусымдағы №832 Қаулысы)

2. «Бастауыш сынып » журналы №9/2012 ж [2бет]

3. «Бастауыш сынып » журналы №3/2013 ж [2бет]



ПЕДАГОГТАРДЫҢ КӘСІБИ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ – БІЛІМ 

САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ БАСТЫ ШАРТЫ 

Иманалиева Гульнур Алихановна

«Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Жамбыл облысы 

 бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін 

арттыру институты, 

Тараз қаласы 

«Халықпен халықты, 

 адаммен адамды теңестіретін - білім» 

М.Әуезов 

Ел  Президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстан-2050:  Бір  мақсат,  бір  мүдде,  бір  болашақ»  

Жолдауында  барлық  жалпы  білім  беретін  мектептерді  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінің 

деңгейіне  көтеру  керектігін  айқындады.  Сонымен  қатар,  Елбасы  оқушылардың  білім  алу 

нәтижесінде  олардың  сыни  тұрғыдан  ойлауы,  өздігінен  білім  алуға,  ақпаратты  терең 

сараптама жасауға  дағдылануына назар аударады [1]. 

Білім  -  қоғамды  әлеуметтік,  мәдени  үдеріспен  қамтамасыз  ететін  жоғары  құндылық. 

Осы жоғары құндылық сапасын көтерудің басты шарты– педагогтардың кәсіби құзыреттілігін 

дамыту  болып  табылады.  Олай  болса,  білімге  негізделген  қоғам  құрылысының  негізгі 

басымдықтарын  есепке  ала  отырып,  педагог  мамандардан  аса  жоғары  кәсіби  құзыреттілік 

талап  етіледі. Еуропалық  білім  кеңістігінде  қоғамға  қажеттік,  мобильдік,  өзара  сенім 

білдірудің  ең  басты  шарты  алынып,  сапа  көрсеткіштері  ретінде  құзыреттіліктер 

қарастырылуда.  


195 

Педагогтың  мәртебесін  көтеретін  басты  күш  -  оның  кәсіби  құзырлылығы.  Кәсіби 

құзырлылық - маманның әлеуметтегі қабылданған стандарттар мен нормаларға сәйкес өзінің 

кәсіби-педагогикалық  қызметін  атқаруға  дайындығы  мен  қабілетін  анықтайтын  кәсіби 

білімдер мен дағдылар жиынтығы немесе жекелік-кәсіби сипаттамасы. Кәсіби құзырлылық - 

мұғалімнің педагогикалық әрекетті өте жоғары деңгейде атқара алуы, педагогикалық қарым-

қатынасқа  түсе  алуы  нәтижесінде  оқушылардың  білімділік  және  тәрбиелік  деңгейінің 

жоғары  болуын  қамтамасыз  етуі.  Білімнің  сапасын  қамтамасыз  ететін  педагогтар 

болғандықтан, ең алдымен олар сапалы қызмет көрсетуі тиіс.  

Кәсіби  құзыреттілік  –  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетті  атқаруға  теориялық  және 

тәжірибелік әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі. Ал педагог маманның кәсіби құзыреттілігіне 

мұғалімнің оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыруда өз мамандығына байланысты барлық теория 

мен тәжірибені меңгеруі, жеке тұлғаны қалыптастыруда, яғни оқушыларымен жұмыс істеуге 

бағытталған  қабілеттерінің  бірлігі

 

[2].  Осыдан  кәсіби  құзыреттілік  ұғымына  педагогқа  тән 



болуы  тиіс  барлық  қасиеттер  мен  қабілеттер  кіретіндігін  аңғару  қиын  емес.  Мұғалімнің 

білім-білік,  дағдылары,  өз  мамандығына  қатысты  білімдер  жүйесі,  жұмыс  істеу  шеберлігі, 

мәдениеті,  психологиялық  қасиеттері,  қарым-қатынас  стилі,  педагогикалық  такт,  әдеп  т.б 

жатқызамыз.  

Мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігі  күнделікті  педагогикалық  қызметте  әр  түрлі 

танылады  және  әр  түрлі  іске  асады.  Оның  мазмұнын  өзара  байланысты  үш  компоненттен 

тұратын  тұлғаның  қасиеттерін  түсінеміз:  педагогикалық  қыметте  жүзеге  асатын  кәсіби 

білім;  кәсіби  біліктілік;  мұғалімнің кәсіби құнды  қасиеттері.  Бұл  үш компонент  мұғалімнің 

тұлғасын  дамыту  мақсатымен  біріктірілген,  сонымен  қатар  әр  компонент  педагогикалық 

қызмет үдерісінде бірде алғышарт, бірде құралы, бірде нәтижесі болып кызмет атқарады [3].  

Біліктілікті  арттыру   бағытында   мұғалім   жаңашылдықты  қабылдай  отыра,  өзінің 

тәжірибесіне   қорытынды  жасайды,  сонымен  қатар  шеберлігін  нығайтады.  Заманауи 

мектепте  мұғалім - тәжірибе жүргізуші ғана емес, зерттеуші де.  «Қазіргі заманғы жастарға 

ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай, мүдделі жаңа білім беру өте 

қажет», - деп Елбасы атап көрсеткендей, жаңа технологиялық әдіс-тәсілдерді мектеп өміріне 

енгізу,  оны  әр  пән  мұғалімінің  тиімді  пайдалана  білуі  бүгінгі  таңда  білім  сапасын 

арттырудың бірден-бір жолы.  

   Олай болатын болса, сабақтың негізгі міндеті — мұғалімнің басшылығымен оқушыларға 

ғылым негіздерінен берілетін мағлұматтарды саналы түрде игерту,  алған білімді  іс жүзінде 

қолдана  білуге  дағдыландыру,  іскерлікке  үйрету,  адамға  қажетті  қасиеттер  қалыптастыру. 

Мазмұны мен дидактикалық мақсатына орай  сабақтың көптүрлігіне  назар сала отыра, оны 

бір  пәнді  оқытуға  арналған  оқу  сағаты,  мектептегі  оқу  жұмысын  ұйымдастырудың  негізгі 

түрі  деп  қабылдаймыз.  Осы  орайда  А.Байтұрсыновтың  мына  сөздері  орынды  келеді: 

«Мұғалім сабақты қызықты мысалдармен, айшықты көрнекті құралдармен, басқа да достық 

қарым-қатынаспен,  балаларға  жүрек  жылуымен,  кейде  әзіл-оспағымен  түсіндіру  арқылы 

шәкірттердің  сабаққа  деген  ынтасын  оятады.  Сабақтағы  шәкірттердің  зейініне  ерекше  мән 

беріп,  зейінді жарықпен салыстырады [4]. 

    Қазіргі оқыту барысында қолданылып  жүрген  технологиялар жеке тұлғаның жетілуіне 

оқыту тиімділігінің негізін құруға бағытталған. Сол себептен сабақтың мазмұны төмендегіге 

сәйкестенеді: 

ғылымилығы



әр сабақта оқушының ой-өрісі сындарлы болуы;

өмірмен, теория және  тәжірибемен байланысы іске асырылатындығы;



топтық және жеке жұмыс түрлерінің мазмұны;

оқушылардың белсенді танымдылық оқу қызметінің  ұйымдастырылуы;



зерттеушілікке баулу және өздігінен білім алуы;

сыныптың және жеке оқушының қызметіне бағыттаушы көзқарасы.



   Сабақта  көбінесе  оқушылардың  бірлесіп,  ұйымдасып,  топтасып  жұмыс  істеуіне  көп 

көңіл  бөліну  қажет.  Оқушылар  бірлесіп  ортақ  мәселелерді  талқылағанда  жаңа  пікірге 



196 

шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтарды ашу барысында жұмыс жасайды. Бұл 

оқушының  коммуникативті  құзырлығының  дамуына  әсер  етері  сөзсіз.  Топ  мүшелері  өз 

ойларын  ортаға  салып,  оларды  кесте  арқылы  көрсетеді.  Осындай  топта  жұмыс  жасап 

үйренген  оқушылардың  іс-әрекеті  нәтижелі  болады,  білімдері  шыңдалады.  Оқу  үдерісінде 

технологияны меңгеріп, енгізу  -  әр мұғалімнің кәсіби шеберлігіне байланысты.  «Мұғалім  – 

мәңгі  нұрдың  қызметшісі,  ол  барлық  ой  мен  қимыл-әрекетіне  ақылдық  дәнін  сеуіп,  нұр 

құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі» деген  Я.А.Коменский [5]. 

Шығармашыл  бола  тұра  көптің  бірі   болып  қалмау,  артында  із  қалдыру  құзыретті 

мұғалімнің негізгі қағидасы болып табылады. Мұғалім нәтижесінің негізі – өзіндік білім алу. 

Ол  білім  алу  жүйесі  тиісті  деңгейде  болады,  егер  білім  алу  саналы  түрде,  өз  қалауымен, 

жоспарланып, өзімен бақыланып тұрса.  Өзіндік білім алу жүйесі құрылымының бағыттары: 

жаңашыл  педагогикалық   технологияларды,   оқытудың  әдістерін,  түрлерін  оқу  және  іске 

асыру,  тәжірибемен  алмасу,  әріптестердің  сабақтарына  қатысу,  кәсіби  қызметке  өзіндік 

сараптама  жасап  отыру,  заманауи  психология  және   педагогика  саласы  бойынша   білімді 

жетілдіру,  экономикалық,  саяси  және  мәдени  өмірдің  оқиғаларымен  таныс  болу,  өз 

интеллектісін, құқықтық, жалпы мәдениетті арттыру. 

Кез  келген  білім  ордасының  білім  сапасын  арттырудағы  туындайтын  кейбір 

проблемалардан  шығу  үшін:  нәтижеге  бағытталған  жалпы  орта  білім  беруде  мұғалімнің 

кәсіби  құзырлылығын  дамытуды  талап  етеді.  Әрбір  мұғалімнің  кәсіби  дайындық  сапасына 

қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі – құзыреттілік 

пен  кәсіби  шеберлігінің  сапасы  ретінде  қаралады.  Ежелгі  заманның  философы 

Аристотельдің айтуынша «Ақыл алған тек  біліммен емес, ол білімді іске асыру дағдысымен  

пайымдалады». Осындай биік нәтижеге қол жеткізуді – кәсіби құзыреттілігі жоғары мұғалім 

ғана  жүзеге  асырмақ.  Бүгінгі  таңда  мұғалім   заманауи  педагог  ретінде  білім  саласындағы 

өзгерістердің мазмұнын дұрыс қабылдағаны жөн. Ол дегеніміз: 

 бірінішіден,  шебер  мұғалімнен  күтілетін  жұмыс  сапасы  қоршаған  ортаны  жақсыға 

өзгертетін деңгейге теңелу қажет;  

екіншіден, білім беру сапасының түсінігінің өзгеруі: білім, өзіндік, шығармашылық

үшіншіден, білім берудегі өзгерістер қажеттіліктердің түсінігі келесі сұрақтарға жауап 

алуға бағыт береді: 

1. Мақсатымыз қандай?

2. Қойылған мақсаттарды іске асыру үшін не қолданамыз?

3. Қандай нәтижеге жеттік?

4. Келешекке нені жоспарлаймыз?

 

Оқу  үдерісінде  ұстаз  репродуктивтік  және  конструктивтік  білімнің  екі  түрінен 



соңғысы басым болу керектігін түсіну қажет. Себебі, конструктивтік білімде оқытуда басты 

назар  үйренуші  тұлғаға  аударылады.  Бұл  тұста  ұсынылған  білім  тұлғаны  өзгерістерге 

ынталандырады.  Білім  алуда   шәкірт  өз  бетімен  білім  алып,  ой-толғаныс  жасап,  өзін-өзі 

түрлендіруге тырысады. Сондықтан, бүгінгі таңда конструктивтік білім өзекті мәселе болып 

табылады [6].  

Жоғарыда  аталған  құзыреттілік  құрамынан  әр  мұғалім  өз  жұмысына  талдау  жасап, 

қызметіндегі  артықшылықтары  мен  кемшіліктерін  мойындай  алады.  Өзіне-өзі  сын  көзбен 

қарай отырып, кемшілік болса, түзеп, артықшылықтарымен өз әріптестерімен бөлісе алады, 

олай ету әр маман үшін өте тиімді. 

Мұғалімнің  құзыреттілігі  оның  сабақты  нәтижелі  жүргізуіне  де  тікелей  байланысты. 

Сабақ нәтижелі болуы үшін мұғалімдер төменгі ережелерді ескергендері дұрыс: 

 - өте жинақы болу, оқушылардың алдына қоятын мақсат нақты, айқын болуы және мақсатқа 

жетудің жолдарын ретімен, бірізділікпен жүргізе білу;  

- оқушыларды төмендетіп, жөнді-жөнсіз ұрыспау, олардың білмегеніне ренжімеу,  мейірімді 

болу. Егер сыныптың көпшілігі түсінбеген болса, онда өзіңіздің кемшілігіңізді іздеңіз;  

-  оқушылардың  сөзін  бөлмеу,  соңына  дейін  сөйлеуге  мүмкіндік  беру,  оқушының  жауабы 

дұрыс болмаса, ол қойылған сұрақтың нақты болмауынан; 


197 

 -  тапсырма мен нұсқау анық, оқушы мұғалімнің талабын анық түсінетін болуы шарт; 

 -  сабақ  барысында  оқушылардың  зейінін  тұрақтандыру,  егер  ауытқулар  болса,  тақырыпты 

өзгерту  немесе  қосымша  материалдарды  пайдалану,  оқушылардың  ынта-ықыласын, 

қызығушылықтарын қадағалап отыру;  

-  сабақты  дәл  уақытында  бастау,  уақытты  үнемдей  білу,  тәрбиелік  ақыл-кеңесті  ұзақ  уақыт 

айтып тұрудың қажеттілігі аз;  

- оқушыларға қойылған талап міндетті түрде жүзеге асуы керек;  

-  сабақтың  өткізілуі  бірізді,  бірақ  оқу  материалдарын  оқушылар  толық  меңгеруіне  жағдай 

жасалуы шарт; 

 - оқушылардың жауабын мақұлдап, ынталандырып, қоштап отыру қажет. 

Мұғалім        қызметінде        өз        кәсіби  құзыреттілігін  жетілдіре  отырып  жетістікке 

жетудің  алғы  шарттары:  сырт  кескін-келбеті;  пәндерді  сабақтан  тыс  ақпараттармен 

қамтамасыз  ету;  мінез-құлқы,  пайымдау  мүмкіндіктері,  оқу  үдерісінде  қарым-қатынас 

мәдениетін  сақтай  білуі;  әзіл-қалжыңға  мән  бере  білуі;  оқушылардың  жеткен  жетістіктерін 

мақұлдай,  қолдай  білуі;  шыдамдылық  және  төзімділік;  басқалардың  пікірін  сыйлай  білу; 

еркіндік, икемділік; кез - келген жағдаятты оңтайлы бағытта шешуге арналған әдіс-тәсілдерді 

тиімді пайдалана алу; балалардың қызығушылығына қарай әрекет ете білу дағдысы [6]. 

Егер  мұғалім  жоғарыда  аталған  шарттар  мен  өзін-өзі  жетілдіруге  арналған 

мүмкіндіктерді  дұрыс  пайдаланса,  онда  мұғалім  өз  жұмысының  нағыз  шебері  болатыны 

даусыз.  Қазіргі  қоғамға  сәйкес  жеке  тұлғаны  қалыптастыру  үшін  мұғалімнің  кәсіби 

құзыреттілігі де сай болар еді. 

Пайдаланылған әдебиеттер 

1. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Нұрлы жол - болашаққа бастар

жол» Жолдауы, 2014 жыл, 11 қараша.

2. Назарбаев Н.Ә. «100 нақты қадам» Ұлттық жоспары. Астана, 2015 ж.

3. Игиликова  Б.И. Мұғалім тұлғасының құзыреттілігі. - Алматы: Рауан, 2010.

4. Каримов А.Н. Педагогикалық қызмет және педагогикалық шеберлік негіздері: оқу

құралы. – Алматы: Қазақ Университеті, 2010

5. Әлімов А.Қ. Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану:  оқу құралы,

Алматы 2009 ж.

6.

Батибаева  С.Г.  Обновление  содержания  образования  дошкольных    организаций



через новые технологии./ Білім. Образования. 2005. 

7. Мурзалинова А.Ж. Педагогтардың біліктіліктерін арттырудың ерекшеліктері [Мәтін] /

А.Ж. Мурзалинова // Мектепке дейінгі ұйым басшысының анықтамалығы. 2014, №11



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет