Конференциясының материалдары


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА



Pdf көрінісі
бет28/60
Дата09.03.2017
өлшемі9,39 Mb.
#8612
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА ЖАҢА 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМ 

БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

Муханова Карашаш Кобейсиновна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі 

Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, 

«№8 жалпы білім беру орта мектебі» КММ 

Еліміздің болашағы мұғалімнің білімі мен біліктілігіне, рухани әлеуметіне, құқық-тық 

және  саяси  мәдениетіне  байланысты.  Сонымен  бірге  қазіргі  уақыт  мұғалімдерге  оқу-

шыларды  жаңа  заман  талаптарына  сай,  әрі  оларды  ұлттық  рухта  тәрбиелеп,  бәсекеге  қа-

білетті ұлттық білім беріп, өмірге әзірлеу секілді жауапты міндеттерді қойып отыр. 



198 

«Қазіргі  заманда  жастарда  ақпараттық  технологиямен  байланысты  әлемдік  стан-

дартқа сай жаңа біліммен қаруландыру өте қажет», - деп Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап 

көрсеткендей,  жаңа  технологиялық  әдіс-тәсілдерді  мектеп  өміріне  енгізу,  оны  әр  пән 

мұғалімдерінің  тиімді  пайдалана  білуі  бүгінгі  таңда  білім  сапасын  арттырудың  бірден-бір 

жолы  және  бәсекеге  қабілетті  мектепті  қалыптастырудың  құралы  болып  табылады.  Оқы-ту 

үрдісінде  ақпараттық  технологияны,  компьютерді,  интерактивтік  тақтаны,  электронды 

оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық қабілетін кеңейтіп, логикалық ойлау жүйе-сін 

қалыптастыруда,  шығармашылық  белсенділігін  дамытуда,  баланың  пәнге  деген  қызы-

ғушылығын арттыруда зор рөл атқарады. 

Оқушыны  «қалай  оқыту»  деген  сұрақты  мұғалімнің  кәсіптік  даярлығынан,  жаңа 

технологияны  пайдалана  білуіне  және  сол  арқылы  әлемдік  ақпараттық  қоғамның  толық-

қанды мүшесі ретінде қалыптастыра білу шеберлігінен іздеу қажет. Себебі мектептегі басты 

тұлға – мұғалім.  

Қазақстан  Республикасы  «Білім  туралы»  Заңының  8-бабында  «Білім  беру  жүйесінің 

басты  міндеттерінің  бірі  –  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпарат-

тандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. [2] 

Білім беру сапасын жақсартудың бірден - бір жолы – жаңа ииновациялық технология-ларды 

қолдану. 

Жалпы  «технология»  грек  сөзі,  «өнер,  шеберлік»  дегенге  келеді.  Қазіргі  таңда  технология 

ұғымы үш түрлі мағынада  қолданылуда: 

оқытуды ұйымдастыру формаларында немесе әдістемелік көптеген мәліметтерде  

нақты педагогикалық жүйеде 

қасиеттері белгілі өнім алу үшін қолданылатын әдіс - тәсілдердің жиынтығы және жүйесі  

Инновация (жаңалық  жарату)  -  қазіргі  ойлау  үлгісі  мен  дәстүрлі  таным  ерекшелі-

гіне  ұқсамайтын  жаңа  ойлау  жүйесін  тауып  шығару,  кезектегі  білім  мен  материалдық 

мүмкіндіктерді  пайдалана отырып көнені өңдеу, бар нәрсені  тіпті де жақсарту, кем нәрсені 

толықтыру, жаңа нәрсені тапқырлау, тың нәрсені байқау, жаңа зат, жаңа әдіс, жаңа жол, жаңа 

орта жаңалығымен өмірді жаңарту, сөйтіп адамға және адамзатқа бақыт жарату. [3] 

Инновациялық  білім  беру  –  іскерліктің  жаңа  түрі.  Инновациялық  қызмет  оқу  ісін 

дамытуға,  пәндердің  мәнін  тереңдетуге,  мұғалімнің  кәсіптік  шеберлігін  арттыруға  басқа 

жаңа  технологияларды  енгізуге,  пайдалануға  және  шығармашылық  жұмыстар  жүргізуге 

бағытталған.  Мұндай  технологияларды  қолдану  -  оқытушы  ұтады,  яғни  ол  сабақты  тиімді 

ұйымдастыруға  көмектеседі,  оқушының  пәнге  деген  қызығушылығы  артады.  Білім  жалпы, 

кәсіби,  техникалық,  арнайы  білім  болып  бөлініп кәсіппен   ұштасады.  Ал  кәсіп  –  мамандық 

таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кәсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, 

білім,  кәсіп,  тәжірибе,  ізденушілік,  өзіндік  жұмыс,  іс-шаралар,  дағдыдан  туындайды.  Іскер 

болу  үшін  іс-әрекетті  меңгеру  қажет.  Іс-әрекет  әрекеттен,  операция,   қимыл-қозға-лыстан 

тұрады.  Барлық  үрдіс  байланыса  орындалғаннан  соң   нәтиже  көрсеткіші  пайда  бо-лады.  

Қазіргі  жас  ұрпақтың  саналы  да  сапалы  білім  алуының  бірден-бір  шарты   –   оқу   

орындарындағы    білім    беру    процесіне    жаңа  инновациялық  технологиялар-ды   енгізу 

екендігі   сөзсіз   түсінікті.  Сондықтан   ғылыми-техникалық   прогрестен    қалыспай,    жаңа  

педагогикалық   инновацияларды  оқу үдері-сінде  қабылдап,   өңдеп,   нәтижелі   пайдалана  

білу –  әрбір оқытушының міндеті болып табылады.[4] 

Қазіргі  жаһандануға  байланысты  еліміздің  білім  беру  жүйесіндегі  басты  мәселенің  бірі  – 

инновацияландыру, ал оқыту процесінде технологияларды пайдалану. 

Білім  беру  үдерісінде  инновациялық  технологияларды  пайдалану  заман  талабы  атты  баян-

дамам  арқылы  оқытушылар  үшін  технологияның  тиімді  жақтарын,  оқушыларымыздың 

теориялық білімін қалыптастыру және практикалық мақсатта іске асыру жолдарын іздестіру , 

интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани,  азаматтық  және  басқа  да  көптеген  адами 

келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқыту үрдісін тиімді 

ұйымдастыруына  көмектеседі.  Инновациялық  технологиялар  шығармашылық  қабілеттерін 

арттыруға,  белсенділік-сенімділік  сапаларын  диагностикалық  әдіс-тәсілдермен  анықтауға, 


199 

сабақта, сабақтан тыс уақытта өз ойын еркін жеткізе білуге үйретуге, қоғамда болып жатқан 

оқиғаларға қатысты көзқарастарының болуына өз үлесін қосады. 

Оқытушылар  үшін  білім  сапасын  арттырудағы   инновациялық  технологияларды  пайдала-

нудың  тиімді  жақтары: 

• оқушылардың бірлесе жұмыс жасауына жағдай туғызады;

• оқушылардың білім алуын, дамуын мақсатты түрде ұйымдастырады;

• білім мен білігіне сай келетін бағытты таңдап алуға мүмкіндік береді;

• өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастырып, дамытады;

• оқушылардың танымдық прцестерін арттырады;

  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  сабақтарында  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  оқу-

шылардың  таным  белсенділігін  арттыру,  қазіргі  қоғам  талабына  сай  ой-өрісін  дамыту, 

шығармашылығын кеңейту, дамыту, терең білімді, бәсекеге қабілетті тұлғаны жасау, за-ман 

сұранысына сай ізденімпаз тұлғаны қалыптастыру болып отыр.  Оқыту процесінің нәтижелі 

болуы  ұстаздың  сабақ  беру  шеберлігіне,  сабағын  қызғылықты  жүргізіп,  зейін  қойдыра 

білуіне,  оқушылардың  өздігінен  білім  алуға  үйренуіне  байланысты.  Қандай  да  болмасын 

жаңа  әдіс-тәсілдер  әрбір  оқушының  өз  бетімен  оқып  үйренуіне  сенімін  ұялатып, 

шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне,  қорытынды  жасай  алуына,  сөйлеу  мәдениетінің  өсуіне 

ықпал  етеді,  білім  сапасын  арттырады.  Жаңа  әдіс-тәсілдерді  мән-мағыналарына, 

ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде ұтарымыз анық. Білім беру 

үдерісіндегі  соңғы  уақыттарда  көп  қолданылып,оң  нәтижесін  көрсеткен  модульдік  оқыту 

технологиясы  туралы  айтуға  болады.  Модульдік  технологиялардың  ерекшелігі:  тек  білімді 

меңгерту емес, оқушының танымдық қабілетін және танымдық процестерді жады-ның алуан 

түрлерін  есту,  көру,  қимыл  ойлауды,  ынтаны  қабылдау  қабілетін  дамытып,  оны  бекіту, 

шығармашылық  деңгейін  арттыру.  Сабақтың  қызықты,  сапалы  өтуі  тікелей  мұға-лімнің 

шеберлігіне  байланысты  болады.  Осы  орайда  белгілі  ғалым  Ахмет  Байтұрсынұлы 

«Шеберліктің белгісі – түрлі әдісті болу», - деп өткен ғасырда айтқан сөздері ойға оралады. 

Бір  сабақтың  әр  кезеңдері  түрлі  әдістері  орнымен  пайдалану  арқылы  көп  нәтижеге  жетуге 

болады. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және қабілет деңгейлерін дамы-ту 

үшін М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясының» маңызы ерекше екені мәлім. 

Себебі  аталмыш  технология  әдістері  оқушыларды  өз  бетімен  жұмыс  істеуге,  қоры-тынды 

жасауға,  жүйелі  білім  алуға  жетелейді,  өзін-өзі  өзгені  де  бағалай  білуге  үйретеді.  

9- сыныпта М.Әуезовтың «Абай жолы» романын өткен кезде осы технологияның тиімділі-гін 

айта  кетпеске  болмайды.  Абай  мен  әкесінің  арасындағы  кикілжіңді  тараулардан  үзінді 

келтіре отыра түсіндіруге болады. Онда Қодар мен Қамқаның өлімі, олардың ел алдында-ғы 

жазалануын,  бірақ  оқушыға  Қодардың  адалдығын,  елінен  көшпеу  себебін,  Қодар  мен 

Құнанбай арасына іріткі салып жүрген Жексеннің іс-әрекетін, жазықсыз жазаланған әке мен 

келіні  туралы  ашып  түсіндіремін.  Қазақтың  көне  салттары  бейнеленген  тұстары:  Құнанбай 

мен Бөжейдің арасындағы туыс-тықты жаңғырту үшін Құнанбайдың үшінші әйелі Айғыздан 

туған  Кәмшатты  Бөжейге  бергенін,  Бөжейдің  бәйбішесінің  балаға  дұрыс  қарамай,  соңында 

баланың аурудан көз жұмғанын , көп кешікпей Бөжейдің де дүние салғанын, бірақ Құнанбай 

ауылын  жаназаға  шақырмағанын,  осылайша  қазақ  салтының  әр  бөлімде  қылаң  беретінін 

модульмен жіті түсіндіремін. 

Оқушының оқу және танымдық әрекеттерінің белсенділігін арттыру – ең негізгі әдістеме-лік 

мәселе. Модуль арқылы оқыту осы мәселені шешуге мүмкіндік беретін тиімді жолы болып 

табылады.  Модуль  арқылы  оқыту  технологиясының  өзіндік  ерекшеліктері  қағида-лары, 

белгілері 

бар. 


Тиімді  белгілерінің  бірі  –  оқушының  оқу  белсенділігі.  Бұл  технологияның  бір  ерекшелігі 

сабақтың  негізгі  кезеңдерінің  бәрінде  оқушыларға  шығармашылық  жұмысты  ұсынуға 

болады.  

Оқушының белсенділігін оның ойлау, есте сақтау, елестету, қабылдау қабілеттерін, жады-сы 

мен  зейінін  дамытып,  қызығушылығын  арттырады.  Сабақ  формаларының  өзгеріп  оты-руы, 

әсіресе  топтық  формалар  оқушылар  арасында  қарым-қатынастың  нығаюына  ықпа-лын 



200 

тигізеді. Оқушының тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдап алуға еріктілігі, 

оның  өз  күшін,  шама-шарқын  бағалай  білуге,  өзін  қауіпсіз  сезінуіне,  қиындыққа  дайын 

болуға және оны жеңуге тырысуына жетелейді.  

Модульдік  оқыту  технологиясының  негізі  –  модуль.  Осы  технологияны  басшылыққа  ала 

отырып, бағдарламада берілген тақырыптарды логикалық бір жүйеге келтіріп, модуль-дерге 

бөлдім. Бұл модульдік оқытудың негізгі идеясы – жаңғырту.  

Оның мазмұны: 

1. оқытудың жалпы мақсатын қою;

2. жалпы құрылған мақсатты нақтыландыруға көшу;

3. оқушылардың білім деңгейін алдын-ала бағалау;

4. оқу әрекеттерінің жиынтығы;

5. нәтижені бағалау

Оқыту модулі үш құрылымдық бөлімнен тұрады: 

1. кіріспе (модульге, тақырыпқа енгізу)

2. сөйлесу бөлімі (оқушылардың өзара сөйлесуін ұйымдастыру)

3. қорытынды бөлімі (бақылау, тест)

Қазақ  тілі  сабақтарында  ҰБТ  –  ге  дайындауда  тұлғалас  формаларды  оқытудың 

тиімділігі  зор. Мысалы:  -да, -де,  -та, -те жалғауы жатыс септігінде және демеулік шылауда 

бар,  әрі  сөзі  мекен  үстеуі  ,  септеулік  шылау  және  жалғаулық  шылау  болатынын  мысалмен 

түсіндіремін.  – қы, -кі,  -ғы ,  -гі  жұрнағы сын есім тудырушы жұрнақ. ( қысқы кеш) , қалау 

рай жұрнағы ( оқығым келеді) , сөз тудырушы жұрнақ (тепкі, бұрғы, шалғы). Мен сөзі жіктеу 

есімдігі,  мен  –  жалғаулық  шылау,  Мен  –  көмектес  септігінің  жалғауы.  т.б 

       Мен  көбінесе  оқушылармен  бірлесіп,  ұйымдасып,  топтасып  жұмыс  істеуіне  көңіл  бө-

лемін.  Шәкірт  бірлесіп  үйренуде  кішігірім  топтармен,  жұппен  жұмыс  жасауда  ортақ  проб-

лемаларды  талқылағанда  жаңа  пікірлерге  шығармашылықпен  қарау  тұрғысында  жаңалық-

тар  ашу  барысында  жұмыс  істейді.  Топ  мүшелері  өз  ойларын  ортаға  салып  сол  ойларды 

көрсетеді.  Шамалары  келгенше  қорғап  шығуға  тырысады.  Бірлесіп  жұмыс  жасағанда  мына 

жайттарды  есте  ұстаймын:   Сыйластық  ;  Жауапкершілік  ;  Топтың  барлық  мүшелері-нің 

кезепен  сөйлеу  дағдысын  үйрету;   Сөйлесуде  әлеуметтік  қарым  –  қатынас  жасау,  дағ-

дыларын  қалыптастыру;  Топта  ұтымды  жұмыс  істеу.  Өз  ойларын  ашық  айтуға  жетелеу. 

Өздерін  және  өзгені  бағалау.  Мұғалімдердің,  оқушылардың  топ  ішінде  сөйлеуін  бақылау 

және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету; 

Бірлесіп жұмыс жасауда қол жеткізген жетістіктерім: 

Оқушының  ең  алдымен  есте  ұстау  қабілетінің  жоғарлауы;  Жиі  -  жиі  ой  талқасын 

жасау және терең түсінікпен ойлаудың дамуы арқылы оқушыны сөйлету; Сабақта өз бетімен 

бақылаусыз  отырғаннан  гөрі  оқушынының  жұмыс  басты  болуы;  Бір  нәрсеге  үйрету  мәнді 

түрде  қызығушылығын  оянуы;  олардың  бір  –  біріне  дұрыс  көзқараспен  қарап,  ойларын 

түсінеді. 

Оқушылар  жұмыс  жасау  барысында  бір  –  біріне  көмектесіп,  ойларын  ортаға  салады,  ын-

таларына  күш  –  қуат  бере  отырып,  өздерінің  білім  алуын  көтермелейді,  оқуға,  жазуға, 

тыңдауға, сөйлеуге кең мүмкіндіктер беретін ортада оқушыны өз пікірлерін еркін жет-кізуге 

жағдайлар 

жасайды. 

Сабақ үстінде жан – жақты сұрақ қоюда да мұғалім мүмкіндігінше барлық оқушының жауап 

беруін  қамтамасыз  етуі  керек.  Сұрақ  қоюдың  қарапайым  түрінен  терең  ойлауға  де-йінгі 

түрлері  бар  екендігі  белгілі.  Ал  ұстаздың  мақсаты-  оқушының  ойлау  сатысы  ең  тө-менгі 

деңгейден  жоғары  терең  ойлау  деңгейі  түсінуден  басталады.  Одан  кейін  қолдану,  анализ, 

синтезге дейін жоғарлайды.  

    Жаңаша  жаңғыртып  оқыту,  интерактив  әдістер,  жаңа  технологиялар  тіл  үйренушінің 

танымдық, білімдік белсенділігін тудыруға, уәждемесін тудыруға бағытталған. Бірақ бұ-ның 

бәрі оқытушының  шеберлігіне байланысты, оқытушы  үнемі ізденісте болуы қажет. Мұғалім 



201 

жұмысты  ұйымдастыра  білуі  қажет:  мақсат  қою,  жұмысты  жоспарлау,  тапсыр-маны  бөлу, 

оқушының  әрекетін  бақылау  және  бағалау,  мұғалім  шәкірттердің  кеңесшісі  болады. 

Жұмысты ұйымдастырып, топқа бөліп, әр топқа тақырып беріп, оларды талқылау көзделеді. 

Келесі  әр  шәкіртке  жеке-жеке  тапсырма  беру,  одан  кейін  жұптық  тапсырмаға  әр  түрлі 

тапсырмалар беруге болады. Соңында бүкіл топ өз жұмыстарының нәтижесін тал-қылайды, 

бір-бірін бағалайды. 

Қоғамды  алға  тартатын  күш  –  білім  десек,  болашақтың  иегері  –  жас  ұрпақты  саналы  да 

білімді  етіп  тәрбиелеу-  ұстаздардың  қолында.  Сондықтан  жаңа  педогогикалық  техноло-

гияларды  үйреніп,  күнделікті  сабақ  барысында  қолдану  керек.  Заман  талабына  сай  білім 

беруді алдымызға мақсат етіп қойып, әрқайсысымыз төл жаңалықтармен таныса отырып, іс 

жүзінде  пайдалануға  тиіспіз.  Оқушыларды  оқыта  алмағанымызды  оқулықтан,  ата-ана-дан 

көрмей, өзіміздің шеберлігімізді  шыңдайық. Сонда ғана жас ұрпақты жан-жақты же-тілген, 

белсенді, ұлтжанды, бәсекеге қабілетті азамат етіп тәрбиелей аламыз.        

         «Сабақ беру үйреншікті  жәй ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын  өнер»,  - 

деп  Жүсіпбек  Аймауытов    айтқандай  заман  талабына  сай  оқыту  үшін  инновациялық 

технологиялардың ролі өте зор. 

ӘДЕБИЕТТЕР 

1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдауы

2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы

3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде //

Алматы, 2006, -4,5 бет 

4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б

5. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.



РАЗВИТИЕ ТВОРЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ КАК СРЕДСТВО 

ФОРМИРОВАНИЯ КОМПЕТЕНТНОСТИ УЧАЩИХСЯ 

Басболатова Алма Рахметулловна

ст. преподаватель кафедры ППС ПРУ,  

филиал АО «НЦПК «Өрлеу» 

«ИПК ПР по Акмолинской области» г.Кокшетау 

Выделив проблему формирования конкурентоспособной личности, готовой не только 

жить  в  меняющихся  социальных  и  экономических  условиях,  но  и  активно  влиять  на 

существующую  действительность,  изменяя  ее  к  лучшему,  новая  программа  развития 

образования  в  Республике  Казахстан  на  2020»  определила  основные  тенденции  мирового 

развития,  обусловливающие  существенные  изменения  в  системе  образования,  а  также 

факторы,  негативно  влияющие  на  уровень  развития  системы  образования  Казахстана. 

Обращает  внимание  то,  что  содержательную  сторону  всех  этих  негативных  факторов 

объединяют проблемы психологического сопровождения образовательного процесса.  

Главной  целью  двенадцатилетнего  среднего  общего  образования  признается 

формирование и развитие образованной, творческой, компетентной и конкурентоспособной 

личности, способной жить в динамично развивающейся среде, готовой к самоактуализации 

как в своих собственных интересах, так и в интересах общества (2).  

Сравнительный 

анализ 


государственных 

общеобязательных 

стандартов 

одиннадцатилетнего  и  двенадцатилетнего  среднего  общего  образования  подтверждает 

возможность последнего обеспечить достижение поставленной цели. Новый стандарт делает 

акцент на обеспечении охраны психического здоровья детей, чего не было ранее. Приоритет 

социализации  личности  доказывает  это.  Ведь  социализация,  как  процесс,  посредством 


202 

которого  индивид  приобретает  знания,  ценности,  социальные  навыки,  социальную 

чувствительность, позволяет ему интегрироваться в обществе и вести себя там адаптивно

Целенаправленно и интенсивно этот процесс начинается именно в школе, и далеко не 

всегда  он  проходит  успешно.  Одной  из  главных  причин,  отрицательно  влияющих  на 

адекватную  социализацию,  является  односторонняя  «левополушарная»  методика  обучения, 

рассчитанная  на  будущих  лингвистов,  математиков,  инженеров  и  не  учитывающая 

гуманитарную,  «правополушарную»  направленность  творческого  типа  мышления.  Это 

особенно проявляется в начальных классах, где наибольшие показатели нервности  у детей, 

согласно  исследованиям  Н.Б.  Шумаковой,  составляют  46  процентов  у  мальчиков  и  37 

процентов у девочек (4). Левополушарный характер обучения не дает возможности в полной 

мере  проявиться  творческим,  интуитивным  началам  детей.  Учителя  –  новаторы  потому  и 

достигают  больших  успехов  в  обучении  всех  детей,  что  используют  способы  и  методы

опирающиеся  на  большую  наглядность,  образность,  эмоциональность  в  подаче  материала, 

приучают  учеников  к  его  самостоятельному  усвоению,  всячески  поощряя  за  достигнутые 

успехи.  

Эта  проблема  разрабатывалась  в  70-80  годах  прошлого  столетия  педагогами  – 

новаторами,  работавшими  под  девизом  «Творчество  учителя  –  творчество  ученика». 

Примерами  могут  служить  индивидуальный  подход  В.В.  Шаталова,  который,  возбуждая 

атмосферу коллективной, увлеченной и творческой работы, боролся за избавление детей от 

унижающего  их  достоинство  страха  перед  двойкой,  вселял  в  них  оптимизм,  давал 

возможность ощутить свой успех в учебе.  

И.П.  Волков  считал,  что  для  развития  склонностей  и  способностей  ученик  имел 

возможность  попробовать  свои  силы  в  различных  видах  деятельности.  Для  этого  в  его 

«свободной  мастерской»  были  собраны  всевозможные  инструменты  и  материалы,  каждый, 

без ограничения инициативы, мог выбирать дело по душе. 

Е.И.  Ильин  сделал  свои  уроки  литературы  уроками  человековедения,  средством 

глубокого  творческого  восприятия  литературы  и  как  учебного  предмета,  и  как  учебника 

жизни. 

Активный вклад в современную педагогику вносят педагоги  – теоретики. Например, 



В.В.  Краевский,  рассматривая  содержание  общего  среднего  образования  как  модель 

требований общества к образованию, наметил принципы и уровни его формирования, одним 

из  важнейших  из  которых  был  принцип  научного,  творческого  обоснования  обучения  и 

воспитания. 

Фундамент    всего  этого  закладывается  в  начальной  школе.  Младшие  школьники 

эмоциональны, они не умеют скрывать и сдерживать внешнее выражение своих эмоций. И в 

их адекватной социализации большая роль отводится педагогам и семье. Родители и учителя 

должны  развить  у  ребенка  личные  качества:  уверенность,  понимание  достоинств  и 

недостатков,  любознательность  и  готовность  к  исследовательскому  риску,  доброту, 

честность, сопереживание, умение вести разговор с собеседником. 

В  какой  степени  творческие  импульсы  ребенка  превратятся  в  творческий  характер, 

зависит  от  влияния  родителей,  учителей  и  других  взрослых  дома,  в  школе  и  вне  школы.  

Семья  способна  развить  или  уничтожить  творческий  потенциал  ребенка.  Если  в  школе  и 

семье  культивируется  строгая  регламентация  поведения,  предъявляются  одинаковые 

требования  ко  всем  детям,  то  это  приводит  к  низкому  уровню  креативности  детей.  Это 

обязательно должен учитывать педагог в своей деятельности.  

Исследование  зарубежных  и  отечественных  ученых:  Дж.  Гилфорда,  Е.  Торранса,  Л. 

Термена,  Дж.  Рензулли,  Е.И.  Ильина,  Е.Г.  Алиевой,  А.  Касымова  и  др.  говорят  о  большом 

интересе к этой проблеме и ее актуальности. 

В  филиале  «НЦПК  «Өрлеу»  института  повышения  квалификации  был 

апробирован курс «Развитие творческого мышления у детей 6 -10 лет» разработан научным 

руководителем эксперимента Бирюшевым Р.Р.  



203 

Руководство  содержит  описание  базовых      концепций  и  понятий,  подходов  и 

стратегий развития творческого мышления  предложенных Дж. Гилфордом, Дж. Рензулли и 

на  основе  разработок    Ю.  Б  Гатанова,  А.И.  Савенкова,  Т.П.  Лакоцениной  и  других 

исследователей. Каждое занятие сопровождается подробными рекомендациями. 

Цель  занятий  –  разработка  психолого-педагогических  условий,  позволяющих  обеспечить 

формирование и развитие творческой, компетентной и конкурентоспособной личности.  

Программа  развития  творческого  мышления  оказала  позитивное  влияние  на 

формирование самооценки у испытуемых в экспериментальной группе в значительной мере 

более эффективное, нежели в контрольной группе. В среднем,  в экспериментальной группе 

уровень  самооценки  повысился  на    тридцать  девять  процентов,  а  в  контрольной  группе 

только  на  десять  процентов.  То  есть,  различия  можно  признать,  согласно    законов 

математической статистики, существенными. 

В  результате  участия  в  программе  развития  творческого  мышления  успеваемость  в 

экспериментальной  группе,  по  сравнению  с  исходной,  то  есть,  по  сравнению  с  первой 

четвертью, повысилась на девятнадцать процентов. В контрольной же группе, где  учебный 

процесс  проходил  традиционно,  без  специально  организованного  курса  по  развитию 

творческого мышления,  успеваемость составила сто  шесть процентов от  исходной, то  есть, 

повысилась  на  шесть  процентов.  Можно  говорить  о  том,  что  эффективность  обучения  в 

экспериментальной группе оказалась в три раза выше, чем в контрольной группе. 

Эффективность  воспитательной  работы  в  экспериментальной  группе  составила 

двадцать девять процентов, по сравнению с констатирующим экспериментом, в контрольной 

же группе – одиннадцать процентов. 

Вывод:  специальная  организация  учебно  –  воспитательного  процесса  по  модели 

программы  развития  творческого  мышления  в  начальной  школе  в  значительной  мере 

повышает  успешность  обучения,  независимо  от  интеллектуального  уровня  детей,  а  также 

усиливает  эффективность  воспитательных  воздействий  на  личность  школьника  за  счет 

повышения  самооценки.  То  есть,  в  значительной  мере  способствует  адекватной 

социализации ребенка. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет