12-лекция «Үшбұрыш» тақытрыбын оқып-үйрену. Жоппары: 1. Үшбұрыш ұғымын енгізу
2. Үшбұрыштардың теңдігі туралы
3. Үшбұрыштардың теңдік белгілері
4. Үшбұрыштың биіктігі, биссектрисасы және медианасы
5. Теңбүйірлі үшбұрыштың анықтамсы
6. Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері
Әдебиеттер: 1. Рахымбек Д., Кенеш Ә.С.Мектеп геометрия (планиметрия) курсын оқыту әдістемесі: Оқу құралы. / Д. Рахымбек, Ә.С.Кенеш –Алматы: Эверо,2015. – 320 б.
2. Мектеп оқулықтары
3. Мұғалімге арналған оқу-әдістемелік құралда
1 Үшбұрыш ұғымын енгізу «Үшбұрыш» тақырыбы элементарлық геометрия курсының негізгі тақырыптарының бірі болып табылады. Бұл тақырыптың бүкіл геометрия курсын оқып-үйренудегі орны ерекше.
Біріншіден, тақырыпты оқып үйрену барысында оқушылар көп қадамды дәлелдеулер жүргізумен танысады, ал ол оқушылардың лоикалық ойлау қабілетін дамытуға игі ықпал етеді.
Екіншіден, үшбұрыштар тақырыбын оқып-үйрену нәтижесінде геометриялық дәлелдеудің маңызды әдістерінің бірі – үшбұрыштар теңдігінің белгілерін пайдалану әдісімен танысуға негіз қаланады. Элементарлық геометрияның көптеген оқулықтарында үшбұрыш көпбұрыштың дербес жағдайы ретінде қарастырылады.
Ал кейбір оқулықтарда алдымен үшбұрыш ұғымы анықталып, кейін төртбұрыштар, ал соңында көпбұрыштар оқытылады.
Үшбұрышты фигурамен оқушылар бұрыннан таныс: үш төбесі, үш қабырғасы, үш бұрышы бар фигураны үшбұрыш деп танып, басқа жазық геометриялық фигуралардан ажыратып ала алады.
Сондықтан сабақты оқушылардың білімдерін қайта жаңғыртудан бастаған орынды. Ол үшін:
көптеген геометриялық фигуралардың ішінен үшбұрышты тани алу;
әр түрлі үшбұрытар сызып, оны әріптермен белгілеу;
оның қабырғаларын, төбелерін, бұрыштарын көрсету т.б. жаттығулар орындалады.
Ендігі жерде оқушылардың назары үшбұрыштың кез келген екі төбесінен өтетін түзу жүргізілсе, үшінші төбе ол түзу бойында жатпайтындығына аударылады, яғни үшбұрыштың төбелері бір түзудің бойында жатпайды.
Осыдан кейін үшбұрыштың анықтамасын тұжырымдауға көшеді.
Бір түзу бойында жатпайтын үш нүкте белгілеп, оларды кесінділермен қосқанда (4.1-сурет), пайда болған геометриялық фигураны үшбұрыш деп аталады. Берілген үш нүкте үшбұрыштың төбелері, ал оларды қосатын кесінділер — үшбұрыаитьң қабырғаларыдеп аталады. Мысалы, 4.1-суреттегі А, В, С нүктелері үшбұрыштың төбелері, ал АВ, АС, ВС кесінділері — оның қабырғалары болады. Бұл үшбұрышты былай белгілейді: АВС. BAC, СВА және АСВ — үшбұрыштың бұрыштары деп аталады. АВС үшбұрышының бұрыштарын бір әріппен де белгілейді: A, B, C.
4.1-сурет 4.2-сурет
Өтілген тақырыпты бекіту үшін төмендегідей ауызша жаттығулар ұсынылады.
- АВС сыз.
- Ол үшбұрышты басқаша тағы қалай белгілеуге болады? (ВСА, САВ, АСВ, ВАС, СВА)
- А бұрыштарына қарсы жатқан қабырға қандай? (А бұрышына қарсы жатқан қабырға ВС). В және С бұрыштарына қарсы жатқан қабырға ше?
- АВ қабырғасына қандай бұрыш қарсы жатыр? (АВ қабырғасына қарсы жатқан бұрыш С). ВС және АС қабырғаларына қарсы жатқан бұрыштарды ата.
- АВ қабырғасына іргелес бұрыштарды көрсет (АВ қабырғасына іргелес бұрыштар А және В бұрыштары) Қандай бұрыштар ВС, АС қабырғаларына іргелес?;
- қандай қабырғалардың арасында жатыр? (А бұрышы АВ және АС қабырғаларының арасында). ше?
Мұндай жаттығулар үшбұрыш ұғымын және оның элементтерін білумен бір мезгілде үшбұрыштың теңдік белгілерінің тұжырымдамаларын саналы түсінуге алғы шарттар жасайды.
Үшбұрыштың үш қабырғасы ұзындықтарының қосындысын оның периметрі деп атайды яғни