Научно-методический журнал Scientific and methodological journal 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап шығады Издается с сентября 2009 года


Коммуникативті бақылау деңгейі бойынша зерттеу нәтижесі



Pdf көрінісі
бет130/222
Дата19.10.2023
өлшемі3,44 Mb.
#119149
түріНаучно-методический журнал
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   222
Байланысты:
annotation141066

Коммуникативті бақылау деңгейі бойынша зерттеу нәтижесі
Сурет 1.
 Тұлға бағыттылығы бойынша зерттеу нәтижесі
1. А.Е. Голомштоктың «Қызығушылық 
картасы» [2, 352 б.]. тұлғаның қызығу-
шылығын анықтау мақсатында қолданы-
лады. Қызығушылықты анықтау мақсатында 
сұрақтар беріледі. Жауаптар парағының 
құрылымынан қатар бойынша кәсіби қызы-
ғушылықтардың келесі түрлері анықталады: 
биология, география, геология, медицина, 
жеңіл және тамақ өнеркәсіп, физика, хи-
мия, техника, электро-радиотехника, метал 
өңдеу, ағаш өңдеу, құрылыс, көлік, авиация 
және теңіз ісі, әскери мамандықтар, тарих,
әдебиет, журналистика, қоғамдық қызмет, 
педагогика, юриспруденция, қызмет көрсету 
саласы, математика, экономика, шет тілдер, 
бейнелеу өнері, сахна өнері, музыка, дене 
шынықтыру және спорт. 
2. В.Смейкл, М.Кучердің «Тұлғаның 
бағыттылығы» сауалнамасы. Әдіс чех пси-
хологтары В.Смекл және М.Кучермен зерт-
теліп дайындалған [4, 512 б.].
Зерттеу бағыттылығы – адамның бағыт-
тылығын анықтау: өзіндік (өзіне қарай), 
қызметтік (міндетке қарай) және ұжымдық
(қарым-қатынастық). 
Өзіндік бағыттылық (өзіне қарай бағыт-
талған) өзінің мәртебесіне, озықтығына 
ұмтылуға, өзінің амандық уәжіне басым бо-
луымен байланысады.
Ұжымдық бағыттылық немесе қарым-
қатынас әрекетті дегеніміз адамның әрекет-
тері араласу қажеттіліктерін анықтайды, 
жұмыс барысында ұжым мүшелерімен жақсы 
қарым-қатынас орнатуды қолдайды. Ондай 
адам біргіп жұмыс істеуге қызығушылық 
білдіреді.
Іскерлік бағыттылық жаңа іскерліктерді 
және дағдыларды меңгеріп алуды, танымға 
риясыз талпынуды, іс-әрекет үрдісімен 
айналысуды, іс-әрекеттің өзімен ту-
ындайтын мотивтердің басым болуын 
қамтиды. Бұндай адам ұжыммен тығыз 
қарым-қатынаста болуға талпынады, топ 
жұмысының өнімділігінің көбейуіне қол 
жеткізеді, сондықтан да ол алдына қойылған 
міндеттерді шешуге тиімді санайтын 
көзқарасын дәлелдеуге тырысады. 
3.М. Шнайдердің коммуникативті ба-
қылау деңгейін зерттеу әдісі. Әдістеме 
коммуникатвті бақылау деңгейін зерделе-
уге арналған. М.Шнейдердің көзқарасына 
сәйкес, коммуникативті бақылауы жоғарғы 
деңгейлі адамдар үнемі өздерін қадағалап 
байқайды, қай жерде және қалай өздерін 
ұстау керектігімен жаксы хабардар болады. 
Өздерінің эмоциялық көрсетулерімен үнемі 
басқарып отырады.
4. 1966 жылы Дж.Холланд тұлға тео-
риясымен мамандық таңдау теориясын 
біріктіретін психологиялық концепияны 
құрастырған [3, 130 б.].
Дж.Холланд тұлғаның маңызды құры-
лымы реттінде бағыттылықты танудан 
шыққан. Іс-әрекет жетістігі құндылық 
бағдар, қызығушылықтар, мақсаттар, қа-
рым-қатынастар, мотивтер сияқты бағыт-
тылықтың компоненттерімен анықталады.
Бағыттылықтың негізгі компоненттерін 
анықтау негізінде: қызығушылықтар мен 
құндылық бағдардар – Дж.Холланд алты 
кәсіби бағдарланған жеке тұлғаның түрін 
көрсеткен: реалистік, интеллектуалдық, 
әлеуметтік, конвенционалдық, кәсіпкерлік 
және көркемдік. Жеке тұлғаның әр түрі белгілі 
кәсіби салаға бағдарланған: реалистік – ма-
териалды заттарды жасауға, технологиялық 
үрдістерге және техникалық құрылғыларға 
қызмет көрсетуге; интеллектуалдық – ой 
еңбегіне; әлеуметтік – әлеуметтік ортамен 
қарым-қатынас жасауға; конвенционалдық – 
анық құрылымданған іс-әрекетке; кәсіпкерлік 
– адамдармен басшалақ жасауға және бизне-
ске; көркемдік-шығармашылыққа.
Эмпириялық зерттеулер Қазақ ұлттық 
аграрлық университет базасында жүзеге 
асырылды. Инженерлік факультет «Кәсіптік 
оқыту» кафедрасының күндізгі бөлімнің 
2-3 курс студенттері зерттелді (1 суретте 
көрсетілген). Зерттеуге қатысқан студент-
тер саны – 40, олардың ішінде 24 қыз, 16 
ер бала. Зерттеушілердің жасы 18-20 жас. 
Экспериментті өткізу формасы – топтық. 
Тестілеудің жалпы уақыты 1,5- 2 сағат.
1. «Тұлғаның бағыттылығын» зерделей-
тін сауалнама әдісі бойынша зерттеу нәти-
желерінің көрсеткіштері:
9 студентте, немесе 22,5% зерттенуші-
лерінде іскерлік бағыттылық немесе міндет-
терге деген бағыттылық байқалады.
Барлық сұралғандардың 57,5% құрай-
тындардың арасында зерттелген 23 студент-
те өздеріне деген бағыттылық байқалады.
Және де жағдайдың 20% немесе 40 сұ-
ралғандар ішінде 8-де тұлғаның қарым-
қатынасына бағытталған. Педагогикалық 
әрекет басқа адамдармен үнемі тығыз бай-
ланыста болуды мен, ұжымда жұмыс істеу 
мен, білім алушылармен жұмыс істеу мен 
болжамдағандықтан, әрине бұл айтарлықтай
аздаған көрсеткіш.
2. Коммуникативті бақылау деңгейін 
зерделеу әдістемесі бойынша зерттеу нәти-
желерінің көрсеткіштері: 12 студентте, не-
месе 30% 0-ден 3 балға дейін жинаған, 
ол коммуникативті бақылаудың төменгі 
деңгейін дәлелдейді.
Сауалнамаға жауап берген 20 сту-
дент, немесе 50% 4 балдан 6 балға дейін 
жинаған (2 суретте көрсетілген), ол ком-
муникативті бақылаудың орташа деңгеін 
көрсетеді. Сауалнамаға жауап беруші 8 
студент 10 балдың ішінен 7 бал жинады, 
ол коммуникативті бақылаудың жоғарғы 
деңгейін көрсетеді.


ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ /ПЕДАГОГИКА И ПСИХОЛОГИЯ
/PEDAGOGICS AND PSYCHOLOGY
№2, 2018
166
167
Білім берудің заманауи әдістемелері мен технологиялары/
Современные методики и технологии обучения /Modern methods and technologies of teaching
4. Д.Голландттың құрастырған «Түлға 
типологиясы және тартымды кәсіби орта» 
әдістемесі бойынша зерттеу нәтижелерінің 
көрсетулері: тұлғаның бірнеше типтерінің 
үйлестірілуі байқалады, жинақталған бал-
дардың саны бойынша балдардың саны 
бірдей, немесе бір біріне жақын сандар 
Сурет 3.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   222




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет