Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет12/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40

Б.Ж. Жумыкбаева 
Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университеті 
Қазақстан, Семей 
 
ЖОҒАРЫ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ БОЛАШАҚ МАМАНДАРДЫҢ  
КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
Болашақ  психологтардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  негізгі  бағыты  –  қазіргі 
қоғамның талабына сай, өз еркімен шешім қабылдай алатын, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыреттілігі 
мен қабілеттілігі, біліктілігінің талапқа сәйкес келуіне негізделеді. Нәтижеге бағытталған білім беруде 
болашақ  психологтардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруды  оқыту  үдерісінде  жүзеге  асыруда, 
оның  өзінің  іс-әрекетінің  субъектісі  болуына  мүмкіндік  туғызу  керек.  Бұл  өз  кезегінде  болашақ 
психологтардың ең алдымен өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі жүзеге асыру, өзін-өзі дамыту, өзіндік білімін 
жетілдіру, бақылау мен бағалау құзыреттілігін қалыптастырумен сипатталады.  
Олай болса, болашақ мамандардың кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру - жоғарғы білім беру 
жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі. 
Шет ел ғалымдары ішінде «құзыреттілік», «құзырлылық» ұғымдарының педагогикалық және 
психологиялық  аспектілерін  Р.Арнольд,  Г.Влуменштейн,  Дж.  Равен  жан-жақты  қарастырып, 
зерттеген. 
Теориялық  талдау  нәтижесінде,  «құзыреттілік»  ұғымының  мәнін  анықтауға  мүмкіндік 
ашылды.  Құзыреттілік  дегеніміз  –  қойылған  мақсатқа  жету  үшін  ішкі  және  сыртқы  ресурстарды 
тиімді  жұмылдыруға  дайындық;  сонымен  қоса  жеке  және  қоғамдық  сұраныстарды  қанағаттандыру 
мақсатында табысты әрекет етуге дайындық болып саналады. 

82 
 
Құзыреттілік  –  белгілі  бір  ұғымдық  жүйенің  болуын  талап  ететін  практикалық  іс-әрекетті 
жүзеге  асыру  қабілеті,  яғни  пайда  болған  мәселелер  мен  міндеттерді  шапшаң  шешуге  мүмкіндік 
беретін ойлаудың типі, түсіну қабілеті. 
Жоғары  білім  беру  жүйесінде  болашақ  психолог  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастырудыңжолдары, олардың ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау мәселелері әлі толық 
айқындалмаған. 
А.В.  Либин  кәсіби  құзыреттілікті  оның  педагогикалық  ойлауға  теориялық  әзір  екендігі  мен 
педагогикалық әрекет етуге практикалық дайындығы тұтастығы деп түсінген, ал С.С. Татарченкова 
кәсіби құзыреттілікті субъект іс-әрекетінің жеке интегралдық сапалы сипаты, біртұтас жағдайы мен 
оны  жүзеге  асыруға  жеке  тұлғаның  әзір  екендігі  деп  жазған.  Педагогикалық-психологиялық 
мамандықтар  арасында  кәсіби  іс-әрекетке  деген  дайындық  кәсіби  құзыреттіліктің  құрамдас  бөлігі 
болып  табылады  және  маманның  педагогикалық  мамандыққа  рефлекстелген  бағыттылығынан, 
дүниетанымдық көзқарасының жетілгендігінен; өзін-өзі үнемі кәсіби және жеке тұлғалық жетілдіру 
нұсқауларынан, сонымен қатар өзін-өзі жүзеге асыру мен өзін-өзі тәрбиелеуден тұрады. 
ЖОО-ны  студенттерінің  кәсіби  құзыреттіліктерін  қалыптастыру  жөніндегі  пікірін  «кәсіби 
құзыреттілік  –  жеке  тұлғаның  кәсіби  іс-әрекетті атқаруға  теориялық  және практикалық  әзірлігі  мен 
қабілеттілігінің  бірлігі»,  -  деп  тұжырымдаған  ғалым    Б.Т.  Кенжебеков  болып  табылады.  Ғалымның 
пікірі бойынша, құзыреттілік жансыз, жаттанды білім түрінде емес, жеке тұлғаның танымға, ойлауға 
қатысын  және  әрекетке,  белгілі  мәселелерді  ұсынып,  шешім  шығаруға,  оның  барысы  мен 
нәтижелерін  талдауға,  ұдайы  түрде  ұтымды  түзетулер  енгізіп  отыруға  деген  біліктіліктерінің 
белсенділігінен көрініс табады [4]. 
Әртүрлі  зерттеушілердің  пікірі  бойынша,  негізгі  құзыреттіліктер:  коммуникативтік, 
ақпараттық,  реттеуші  құзыреттіліктерден  тұрады,  сонымен  қатар  психиканың  қызметі  негізінде 
жалпы қабілеттіліктердің жіктелуін білдіреді. Коммуникативтік құзыреттілі - эмоциялық тұрақтылық, 
экстраверсия, басқа адамдармен қарым-қатынас орната білу компоненттерінен тұратын құзыреттілік. 
Ақпараттық  құзыреттілік  деп  өзі  және  өзінің  жеке  тұлғасы  туралы  еңбек  нысаны,  әлеуметтік 
қоршаған  ортасы  туралы  ақпараттар  көлемін  құрайды.  Реттеуші  құзыреттілік  –  мақсатты 
тұжырымдау, жоспарлау, жұмылдыру мен тұрақты белсенділіктің, іс-әрекеттер нәтижелерін бағалау, 
рефлексия,  құндылық  бағдардың  бар  болуы  арқасында  өз  мінез-құлқын  басқара  білу  шеберлігін  де 
білдіреді.  
Білім  саясатының  басты  бағыты  ретінде  жоғары  білім  беру  жүйесінің  сапасын  арттыруда 
арнайы  пәндерді  оқытуда  болашақ  психологтардың  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыру  мәселесі 
басым  бағыт  алады.  Бұл  мәселенің  нәтижелі  жүзеге  асуы  болашақ  психологтыңарнайы  пәндерге 
қызығушылықтарын  оятып,  белсенділіктерін  арттыруды,  алған  білімдерін  тәжірибеде  пайдалану, 
яғни  семинар,  өзіндік  жұмыстар,  практика  барысында  практикалық  сабақтардағы  біліктілігі  мен 
кәсіби құзыреттілігінің жүзеге асырылуынан көрініс табады.  
Болашақ  маманның  кәсіби  құзыреттілігінің  арнайы  әлеуметтік  және  тұлғалық  түрлеріне 
ерекше  мән  беріледі.  Арнайы  –  өзінің  мамандығына  сәйкес  білімі,  біліктілігі,  дағдысы,  жаңа  білім 
мен білікті өз бетімен меңгеру, өз еңбегінің нәтижесін бағалау, біліктілігінің болуы.  
Болашақ  психологтың  құзыреттілігіне  психологияда  көптеген  зерттеулер  жүргізілді. 
В.А.Адольф мақсатты бағдардан, құрамнан, құрылымнан, оның түрлері мен компоненттерінің өзара 
байланысынан  тұратын  болашақ  мұғалімнің  кәсіби  құзыреттілігінің  мәнін  ашты.  Болашақ 
психологтың  кәсіби  құзыреттілігінің  тиімді  қалыптасуының  психологиялық-педагогикалық  алғы 
шарттары  анықталды.  Болашақ  мұғалімнің  кәсіби  дайындау  үрдісіндегі  оның  құзыреттілігінің 
қалыптасуының мазмұны мен технологиясын жасады [2]. 
Ресей ғалымы Т.А.Маркина төменгі курс студенттерінде кәсіби-психологиялық құзыреттілікті 
қалыптастырудың қорын анықтады. Зерттеуші студенттерінің кәсіби-психологиялық құзыреттілігінің 
мәнін, құрылымын нақтылады, кәсіби құзыреттілікті диагностикалаудың әдістерін, оқытудың әртүрлі 
курстарында  құзыреттіліктердің  қалыптасу  деңгейлерін  ұсынды.  Осы  автор  психологиялық 
практикада оқу материалдары мазмұндарын таңдау жолдарын жасады. 
Болашақ  психологтардың  кәсіби  іскерлік  құзыреттілігін  қалыптастырудың  педагогикалық-
психологиялық  шарттарын  анықтау  барысында  ең  алдымен,  педагогикадағы  белгілі  заңдылықтарға, 
педагогикалық принциптерге, білім, іскерлік пен дағдыға сүйендік. Ал, енді болашақ психологтардың 
кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастырудың  педагогикалық-психологилық  шарттарын  анықтау  үшін, 
«шарт» ұғымының мәнін қарастыру қажеттігі туындайды. 
Құзыреттілікке  бағытталған  білім  беру  қазіргі  таңда  әлемдік  білім  беру  жүйесінде 
нәтижелілігі, тиімділігі мойындалған бағыт болып табылуда. Құзыреттілік бағыт бойынша кез-келген 

83 
 
оқытудың  негізгі  мақсаты  –  адам  өзінің  әрекетін  нәтижелі  жүзеге  асыруы  үшін  қажет  білім,  білік 
және  тұлғалық  қасиеттерді  меңгеріп,  мінез-құлық  тәсілін  яғни,  қажетті  құзыреттіліктер  түрлерін 
игеруі қажет. Басқаша айтқанда, білім алушы тек білім және  біліктілік жиынтығын меңгеріп қоймай, 
оқудың соңында не үшін білім алғандығын саналы түсініп, игерген білімін өзінің кәсіби әрекетінде 
қолданысқа еңгізе алу қабілеті. 
Құзыреттілік бірінші орынға білім алушының ақпаратты сауаттылығын емес, оның мәселені 
дұрыс  шеше  білу  қасиетін  қойса,  кәсіби  құзыреттілік  -  маманның  жеке  бас  сапалары  мен  оның 
психологиялық-педагогикалық  және  теориялық  білімінің,  кәсіби  біліктілігі  мен  дағдысының, 
тәжірибесінің  бір  арнада  тоғысуы  деуге  болады.  Болашақ  маман  өз  ісінің  шебері,  біздің 
жағдайымызда  жақсы  мұғалім  болу  үшін  мамандығына  қажетті  қабілеттерді  және  жалпы  әлемдік 
мәдениетті,  өз  елінің  мәдениетін, қарым-қатынас мәдениетін,  тіл  мәдениетін  игеріп,  интеграциялық 
үрдістерді меңгеріп, әлемдік білім кеңістігінің өресінен шыға алуға талпынуы керек.  
Қазіргі  жоғары  білім  беру  жүйесінде  маманның  кәсіби  құзырлығының  жоғары  оқу  орны 
кезеңінде  қалыптасуын  зерттеуге  қызығушылық  артып  келеді.  Бұған  дәлел  –  В.  Адольф,  Ю.В. 
Койнова, Н.Е.Костылева, Н.Н.Нацарениус т.б. зерттеу жұмыстары. Бұл еңбектердің негізгі міндеттері 
кәсіби 
құзырлылығы 
қалыптасуының 
әртүрлі 
әлеуметтік-психологиялық, 
дидактикалық, 
маркетингтік, мониторингтік мәселелерін шешуге бағдарланған. 
Ғалым  Б.Т.Барсай  өзінің  докторлық  диссертациясында:  «...Болашақ  бастауыш  сынып 
мұғалімдерінің 
кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілігін  қалыптастырудың 
ғылыми 
негіздері:  
әдіснамалық, теориялық және ғылыми-әдістемелік білім деп анықтадық» – деп көрсеткен [3]. 
Б.Т.Барсайдың  ашып  көрсеткен  әдіснамалық,  теориялық  және  ғылыми-әдістемелік 
білімдердің болашақ психологтарды кәсіби шыңдау мақсатында қолданудың маңызы ерекше болып 
табылады.  Өйткені,  интеграцияланған  білім  кеңістігінде  студенттерді  кәсіби  дамытуда,  олардың 
кәсіби  құзыреттілігін  жетілдіруде  қолданылатын  теориялық  білімдер:  кәсіби-дидактикалық 
құзыреттілік  қалыптастыруға  арналған  арналған  курстар,  семинарлар;  мемлекеттік  білім  беру 
стандарттарын (жалпы орта білім, педагогикалық білім беру) оқу-тәрбие процесінде жүйелі қолдану 
тиімді нәтиже берері сөзсіз. 
Қазіргі таңда жоғары білім беру жүйесі кеңістігінде, болашақ кәсіби мамандарды дайындауда, 
мұғалімдердің алдында жастарды қалайша қоғам талабына сай азамат етіп, қандай жағдайда қажетті 
дағдыларды  қалыптастырып  дамытуға,  яғни  жастардың  әлеуметтенуіне  бағытталған  оқу  үрдісін 
ұйымдастыруда  теориялық  және  практикалық  дайындық  арасын  қалайша  байланыстыруға  болады, 
еңбек  нарығына  тез  бейімделетін  тұлғаны  дайындаудың  психологиялық-педагогикалық 
ерекшеліктері қандай деген сауалдар тұр.  
Кәсіби  білім  берудің  негізгі  мақсаты  –  жоғары  білім  беру  жүйесінде    өз  мамандығына  сай 
квалификацияланған, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті, өзінің мамандығын еркін меңгерген, түрлі 
құзыреттіліктерді меңгерген, әлемдік стандарт деңгейі бойынша тиімді жұмыс жасай алатын, кәсіби 
өсуге бейім, әлеуметтік және кәсіби мобильді жұмысшы дайындау болып табылады. Әрине, болашақ 
маманның  тұлғасы  тек  кәсіби  білім  беру  мекемесінде  емес,  сонымен  қатар,  мектепке  дейіңгі 
мекемеде, орта мектепте қалыптасады.  
Бүгінгі  еңбек  нарығындағы  бәсекеге  қабілеттілік  жұмыс  берушінің  талаптарына  оқу  орнын 
бітіргелі  тұрған  түлектің  кәсіби  дайындығының  сәйкес  келуімен  анықталады.  Жұмыс  беруші  жаңа 
технологияларды  игерген,  өзінің  білімін  практикада  қолдана  алатын,  өзіне  серіктес  бола  алатын, 
мекеме басшылығының мақсатын түсініп, жүзеге асыруға қабілетті, белсенді адамды алуды көздейді.  
Қорытындылай  келе,  бүгінгі  күні  еліміздің  жоғары  білім  беру  жүйесі  алдына  білім  беру 
сапасын арттыру, оның жоғары деңгейін қамтамасыз ету міндеті қойылып отыр.  Бұл міндет еліміздің 
әлеуметтік, экономикалық саласында болып жатқан өзгерістерден туындайды. Осы тұрғыдан алғанда 
білім беру саласы қызметкерлеріне қойылатын талаптардың күшейетіні сөзсіз. Сондықтан, болашақ 
психологтарды  кәсіби  даярлау  процесіне  жаңа  талаптар  қойылып,  өзгерістер  енгізілу  қажет  болып 
отыр.  Бұл  студенттерді  кәсіби  даярлауға  да  қатысты  мәселе.  Біздің  ойымызша,  бұл  өзгерістердің 
негізгілерінің  бірі  –  болашақ  психологтарды  жоғары  білім  беру  жүйесінде  кәсіби  құзыреттілікке 
даярлау  арқылы  оның  жобалау  құзыреттілігін  қалыптастыру  болып  табылады.  Осы  себептен  біз 
аталған мәселені өзіміздің зерттеу жұмысымыздың өзегі етіп алдық.  
Арнайы  жүргізілген  тәжірибелік-эксперименттік  жұмыста  қол  жеткен  нәтижелер 
төмендегідей тұжырымдар жасауға мүмкіндік берді: 
1.  Қазіргі  қоғам  сұранысының  талаптарына  сай  болашақ  психологтың  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыру  қажеттілігі  еліміздің  әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  енуге,  соған  сәйкес  білім  беру 

84 
 
парадигмасының  өзгеруі,  білім  беру  мекемелерінің  жаңа  бағдарын  анықтап,  мамандардың 
құзыреттілігін көтеруді талап етіп отыр.  
2.  Болашақ  психологтардыңжоғары  білім  беру  негізінде  кәсіби  құзыреттілігі  –  әлеуметтік 
сұранысқа  сай  заңды  құбылыс,  өйткені  тұтынушылар  жоғары  деңгейде  сапалы  білім  беру 
мектептерін  таңдауға  мүмкіндік  алады,  психологтың  кәсіби  біліктілігі  –  сол  мектептің  бәсекеге 
қабілеттілігінің  көрсеткіші,  түлектердің  білім  сапасында,  тәрбиесінде,  жаңа  ақпараттық 
технологияны  меңгеруінде,  олардың  бойынан  пәндік  және  түйінді  құзыреттіліктердің  көрініс 
табуында бір мектеп пен екінші мектеп арасында бәсекелестік болады. 
3. 
Болашақ 
психологтардыңжоғары 
білім 
беру 
негізінде 
кәсіби  құзыреттілігі 
қалыптастырудың  әдіснамалық  негіздерін  анықтауда  тұлғаға  бағдарлы,  әрекеттік,  жүйелілік, 
ақпараттық  және  құзыреттілік  тұғырлар  басшылыққа  алынды.  Тұлғаға  бағдарлы  тұғыр  студенттің 
кәсіби  құзыреттілігі  қалыптасуында  оларды  өз  ісінің  субъектісі  ретінде  сезінуіне,  өзіндік  әлеуетін, 
сапаларын  аша  білуге  және  дамытуға  ықпал  етеді.  Іс-әрекеттік  тұғыр  болашақ  мұғалімнің 
іскерлігінің, жасампаздығының, қайраткерлігінің қалыптасуына түрткі болады.  
4.  Болашақ  психологтардыңжоғары  білім  беру  негізінде  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастырудың  теориялық  негізі  біртұтас  педагогикалық  үдеріс,  оқыту  үдерісіндегі  пәнаралық 
интеграция, құзыреттілікті қалыптастыру, инновациялық теорияларына сүйенеді. 
5.  Болашақ  психологтардың  кәсіби  құзыреттілігінің  қалыптасуы  әдіснамалық,  теориялық, 
әдістемелік  және  технологиялық  компоненттердің  бірлігінде  және  өлшемдер  мен  көрсеткіштердің 
негізінде жасалған құрылымдық – мазмұндық – үдерістік модельге байланысты. 
6.  Студенттердің  кәсіби  құзыреттілігін  қалыптастыруда  болашақ  маман  дайындайтын  оқу 
орны  профессор-оқытушыларының  осы  бағыттағы  және  білім,  ғылым  саласындағы  жаңалықтардан 
хабардар болып, өз білімдерін үздіксіз көтеріп отыруларының маңызы зор. 
7.  Зерттеу  барысында  теориялық-әдіснамалық  әдебиеттерді  талдау  арқылы  болашақ 
психологтыңкәсіби құзыреттілігін қалыптастыру жоғары оқу орындарында маман даярлаудың бүгінгі 
күнгі талаптарын ескере отырып жасалған бүртұтас, жүйелі жұмысының сапалы құрылған мазмұнда 
жүргізілуіне және болашақ маманның өзінің ынтасы мен жігеріне, ұмтылысы мен қызығушылығына 
байланысты екені анықталды. 
Қарастырылып  отырған  мәселе  өте  ауқымды  және  тың  болғандықтан,  ол  толық  зерттеліп 
болды  деуге  болмайды.  Келешекте  болашақпсихологтың  кәсіби  құзыреттілігі  қалыптасуының 
біртұтас  жүйесін  студенттердің  зерттеушілік,  ақпараттық,  коммуникативтік  құзыреттілігін 
қалыптастыру бағыттарында құруға болады.   
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Акишева  С.  Н., Рысқұлбекова  А.Д.    Жоғары  оқу  орындарында  болашақ  педагог  мамандардың  кәсіби 
құзыреттілігін  қалыптастыру  жолдары.  «Мұғалімнің  кәсіби  дамуы:  дәстүрлері  мен  өзгерістері»  ІІ 
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция баяндамалар жинағы. І том. - Астана, 2012 73-78б. 
2.
 
Адольф В.А. Формирование профессиональной компетентности будущего учителя // Педагогика, 1998. 
- №1. 
3.
 
Барсай  Б.Т.
  Болашақ  бастауыш  сынып  мұғалімдерінің  кәсіби-дидактикалық  құзыреттілігін 
қалыптастырудың ғылыми-педагогикалық негіздері. автореф. - Шымкент, 2010. - 44 с. 
4.
 
Кенжебеков  Б.Т.  Жоғары  оқу  орны  жағдайында  болашақ  мамандардың  кәсіби  құзыреттілігін 
қалыптастыру. Дисс.пед.ғ.д.: 13.00.08. – Қарағанды, 2005.  
 
ӘӨЖ: 25.14 
Р.Р. Ибраева 
«Беген орта мектебі» КММ, Бесқарағай ауданы 
 
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУДЫ ҮЙРЕТУ АРҚЫЛЫ  
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН АРТТЫРУ 
 
Сын тұрғысынан ойлау - бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты 
алу  ғана  емес,  сонымен  қатар  алған  ақпаратты  сыни  тұрғыдан  бағалап,  ой  елегінен  өткізу  арқылы 
қолдану.   
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  бұл  қиын  тапсырманың  шешімін  табу  үшін  жасалатын  дұрыс 
шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.  
Сын  тұрғысынан  ойлау-оқушының    дұрыс  ойлануына  жасалатын  ой  моделі  және  ой 
әрекетінің қызметі.  
Сын тұрғысынан ойлау- шығармашылық ойлауын дамытатын ең маңызды бағыт.  

85 
 
Сын тұрғысынан ойлауды дамтыу құралы деп айтуға келмейтін зияткерліктің түрлері: 
Есте сақтау; 
Қарапайым және қиын ойларды түсінуін; 
Шығармашылықта: спортшының, суретшінің, музыканттың интуитивтік ойлауы; 
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар: 
Бірінші-бұл өз бетімен ойлау; 
Екінші-бұл ойын қорыту; 
Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі
Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;  
Бесінші-сын  тұрғысынан  ойлаудың  өзі  әлеуметтік  ойлау  болып  табылады  (өмірмен 
байланысты).  
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы анықтағандай 6 компоненттен тұрады. 
Сыни ойлаушы: 
Өз ойын қалыптастыра біледі; 
Әртүрлі ойлармен санасып, өз ойын дәлелдеуге тырысады; 
Тақырып бойынша мәселені шеше біледі
Дәлелді пікірталас құра алады; 
Бірлескен жұмыстан түбегейлі шешім шығаруды толықтай құптайды; 
Кезкелген сұрақтың шешімін табу үшін адамның қабылдауының өзі көптеген факторлардың 
әсерінен болатынына түсінеді және бағалай біледі.   
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының негізгі белгілері:  
Осы  технологияның  мақсаты-оқушылардың  ойлау  дағдыларын,  оқуда  ғана  емес  тұрмыстық 
өмірде  де(толық  түбегейлі  шешім  қабылдауға,  түрлі  жағдайттардың  қыр-сырын  білуге,  ақпаратпен 
жұмыс жасауға және оны талдай алуына) дамыту; 
СТО технолгиясының негізі- сабақтың үшбағыттық құрылымында: 
Ой шақыру; Ойлау ; Кері байланыс; 
Ой шақыру тапсырмалары: 
Өтілетін  (оқытылатын)  материал  бойынша  оқушылардың  білімдерін  жаңарту,  не  болмаса 
естеріне түсіру; 
Өтілетін материалға деген оқушылардың қызығушылығын ояту; 
Өтілетін тақырыпты оқушылардың өздері анықтауға мүмкіндік беру; 
Ойды жүзеге асыру үшін берілетін тапсырмалар
Өтілетін тақырыпты белсенді меңгеруіне жағдай жасау; 
Өткен тақырып пен жаңа тақырыпты байланыстыра білуге жағадай жасау
Кері байланыстың тапсырмалары- 
Өтілген тақырып бойынша өз ойын қорытуға көмек беру; 
Келесі тақырыпты өзбетімен анықтауға көмек беру;  
СТО дамытудың түрі мен құралдары: 
Тақырып бойынша жинақ
Мәтіндер талдауы; 
Түрлі көзқарастағы тапсырмалар құрастыру; 
Ұжымдық пікірталас; 
Топпен және жұппен жұмыстардың әртүрі; 
Дебаттар; 
Пікірталастар; 
Оқушылардың жазба жұмыстарын жариялау; 
СТО-жазба жұмыстары (оқушылардың жазған «Эссе», «5 жолды өлең» жинап отыру. 
СТО технологиясындағы мұғалім ролі: 
Оқушыларды анықталған бағытқа бағыттау; 
Түрлі пікірлермен бетпе-бет келеді; 
Өз бетімен дұрыс шешім шығаруға жағдай жасайды
Оқушыларға өзбеттерімен шешім шығаруға мүмкіндік береді; 
Қалыптасқан танымдық ішкі жағдаяттарды дайындайды; 
СТО технологиясының негізгі тәсілдері: 
Сұрақтарды дұрыс құру дағдысын дамытуға арналған тәселдер.  
 
 
 

86 
 
«Жуан» және «жіңішке» сұрақтар кестесі 
Неліктен, үш түсінік бер.....? 
Неліктен, түсіндір ......? 
Неліктен, сіз солай ойлайсыз.....? 
Неліктен, сіз солай ойлайсыз......? 
Қандай айырмашылығы бар.....? 
Не боларын, болжап көр....? 
Әйтпесе, не .......? 
Кім .....? 
Не...? 
Қашан...? 
Мүмкін...? 
Болар...? 
Алар ме еді....? 
Қалай аталады....? 
Болды ма....? 
Сіз келісер ме, едіңіз....? 
Дұрыс па....? 
 
Блум сұрақтарының түймедағы: 
Қарапайым  сұрақтар-Бұл  сұрақтарға  жауап  берген  кезде  нақты  фактілерді  атау  керек, 
мәтіннен белгілі бір мәліметті еске түсіріп, оны айтып беру керек.  
Дәлелдеуші сұрақтар-«Егер мен дұрыс түсінсем, онда …?» 
«Мен қателесуім мүмкін, бірақ, меніңше сіздің айтып тұрғаныңыз …?» 
Интерпретациялық (түсіндірме) сұрақтар- Әдетте неге? деген  сөзден басталады. 
Кейбір  жағдайларда  олар  ақталуға  мәжбүр  етушілік  сияқты  негативті  қабылдануы 
мүмкін. 
Басқа жағдайларда олар дәлелдемелік байланыстарды анықтауға бағытталған.  
Бағалау сұрақтары-Неге  жақсы, ал  жаман?»  
«… … айырмашылығы неде?»  
Бұл сұрақтар  осы немесе басқа да  оқиғалар, құбылыстар мен айғақтардың  
бағалау критерийлерін анықтауға бағытталған .  
Шығармашылық  сұрақтар  (жорамал)-«Қалай  ойлайсыздар,  ...  кейін  (егер)  …  қалай 
болады?
 
Шығармашылық  сұрақтарда  «егер»  деген  қыстырма  сөз  қолданылады.  Олалдын  ала 
болжайтын, жорамалдайтыншарттылық элемент.  
Практикалық сұрақтар- «Әңгіме кейіпкерінің орнында болсаңыз сіз не істер едіңіз?» 
Сұрақ теория мен тәжірибе арасындағы өзара байланысты анықтауға бағытталған. 
Кластерлар (ұяшықтары) 
Өтілген материал автор өмірбаянын не мәтін бойынша алуға болады.  
Өтілетін материалдың көру айғақтарын ұйымдастыру формалары: 
«Қалай, көренеді…..», «Қалай, айтылады…..» 
 
«Қалай, көренеді…..» 
«Қалай, айтылады…..» 
Сағаттар 
Конвейер 
Баспалдақ басқыштары 
Шынайы сурет 
«Бұл жаңа!» 
«Бұл қызықты!» 
Ән: шумақ, қайырма. 
 
 
Сын тұрғысынан ойлау: 
Тірек сызбалар; 
Кестелер; 
Логикалық-ойлау кескіндері; 
«Болжағыш ағаш» (Дж. Белланс)-ойлау  
Тақырып-бұл «ағаштың діңі» 
Жапырақтары-бұл жорамал 
Бұтақтар-бұл жорамал жасаушы жапырақтардың дәлелі.  
«ФИШБОУН» тәсілі (Модель постановки и решения проблемы) 
Проблема- проблеманытудырушысебептер -шешім 
Проблеманы тудырушы себептердің айғақтары 
 
 
 

87 
 
«Бағалау терезесі» 
 
Дереу қолдана аламын 
Ештеңе түсініксіз 
Жақсы маған түсінікті 
Ешқашан қолдана алмаспын 
 
(х осі мен у-осі)-осы бойынша оқушылардың қаншалықты түсінгендіктерін анықтауға болады.  
ҚАҚ (Қосу-Азайту-қызықты)-авторы Эдвард де Боно. 
Қосу  (+)  –  «Не  жақсы?»,  «Несімен  жақсы?»  деген  сұрақтарға  жауап  беретін  айғақтарды 
жазамыз. 
Азайту (-)-«Несіжаман?» деген сұраққа жауап беретін ағйақтар мен ойларды жазамыз. 
«?»-«Несімен қызықты?» деген сұраққа жауап беретін оқушыны түрлі ойға салатын ойлар мен 
айғақтарды жазуға арналған.  

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет