К.К. Ишмакина
«Семеновка орта мектебі» КММ
Қазақстан, ШҚО, Бесқарағай ауданы
БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН
ҚАЛЫПТАСТЫРУ НЕГІЗІНДЕ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Қазіргі таңда үздіксіз білім беру жүйесінде білім беруді дамыту, дүниежүзілік білім беру
кеңістігіне кіру мақсатында елімізде білім берудің жаңа жүйесі құрылып жатыр. Білім беруді дамыту
негізінде жалпы оқыту үрдісінде жүктеліп отырған жаңа талап, міндеттер мұғалімдерге қойылып
отыр. Сондықтан мұғалімнің іс әрекетін жаңа талап тұрғысынан ұйымдастыру бүгінгі күннің өзекті
мәселесі.
Бастауыш сыныпта пәндерді оқыту барысында теориялық білім негіздерін меңгерумен ғана
шектелмей, оқу үрдісінде оқушылардың шығармашыл әлеуетін дамыту, бәсекеге қабілетін арттыру,
ақпаратты өзі тауып, өзі іздеп тәжірбиесіне қолдана білуге үйрету өмір талабы болып отыр.Аталған
қажеттіліктердің оқыту үрдісіне кей жағдайда іске асырылмауын қалыптасқан дәстүрлі оқыту жүйесі
мүмкіндігінің шектеулі екендігімен түсіндіруге болады. Бұл мәселе тек оқыту үрдісінде оқытудың
әдіс тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру арқалы шешімін таппақ. Осындай тиімді оқыту тәсілдерінің
бірі- ойын элементтерін оқу үрдісінде пайдалана отырып оқыту. Ойын- оқытуда жаңа технологияның
маңызды бөлігі болып табылады.
Заман талабына сай сабақты жаңаша ұйымдастырып, шығармашылық ізденіспен өткізе
отырып, білім беру субъектісі ретінде оқушыны қалай дамытуға болады? Не арқылы дамытуға
болады? деген сұрақтар туындады. Қазіргі уақытта білім беру құрлымында жаңа технологиялардың
түрлері жетерлік. Сондықтан бастауыш мектеп балаларының жас және психологиялық
ерекшеліктерін, қабілет- қарымын есепке ала отырып, солардың ішінен ойын технологияларын
сабақтарда тиімді пайдалана білу керек.
Оқу үрдістерінде ойын элементтерін түрлендіре отырып, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген
материалды қайталағанда, білімді тиянақтау және тексеру кезінде, яғни сабақтың кез-келген сәтінде
оқыту әдісінің құралы ретінде пайланыға болады. Бала тек ойын ойнап қана қоймай, осы ойын
арқылы білім алып, тұлға ретінде жан-жақты дамиды.
Ойын- оқушы білімін берік меңгерту құралы. Әр сабақта ойын түрлері орнымен қолданылып,
оны қызықты ету арқылы жас жеткіншектердің білімге ынта-ықыласы, пәнге деген сүйіспеншілігі
артады. Ойын оқушылар сабақта шаршаған кездерде сергіту мақсатында емес, оларға берілген ұғым,
түсініктерді берік меңгерту мақсатында да жүргізіледі.
«Ойын» ұғымына түсініктеме берсек - бұл адамның мінез-құлқын өзі басқарумен
анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған жағдаяттар негізінде іс-әрекеттің бір
түрі. Ойын әрекеті мынадай қызметтерді атқарады:
-
Ойын-сауық
-
Қарым-қатынастық
-
Диагностикалық /ойын барысында өзін-өзі тану/
-
Коррекциялық / өзін-өзі түзету/
-
Әлеуметтендіру.
Ойын-адамның өміртанымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден
көптеген мәліметтер алып білімін жетілдіреді.
Ойынның ережелері ойнаушылардың қисыңды ой қабілетінің дамуы, бір-біріне деген
сыйластық қажеттіліктерімен санасуы әр ойыншының жеке әрекеттерінен туындайды. Ойынның
басты шарты жеңіске жету болса, әр ойыншы өзінің қарсыласының мүмкіндігімен санасып, бір-біріне
деген сенімді арттырады.
Ойынның өзіне тән себептері болады. Мысалы: мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін,
есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін
қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында
101
белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығы, байқағыштығын,
зейінділігін арттырумен қатар ерік сезім түрлерін де дамытады. Оқытудың ойын формасын
пайдалануда екі жақты байланыс байқалады, біріншіден ойнау үшін білу,үйрену қажет, екіншіден
ойнай отырып өзіндік білім алуы, шығармашылық қабілетін арттыруы болып шығады.
Сабақ барысында ойын түрлерін қолданудың тиімділігі:
-
Жаңа тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нәтижеге жетуге болады;
-
Сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады;
-
Шығармашылық ізденушілік қабілеттерін арттырады;
-
Өзіне деген сенімділік пайда болады;
-
Логикалық ойлау қабілеті дамиды.
Міндеттері:
-
Оқушылардың ойынға деген қызығушылығын оята білу;
-
Ойынды қажетті бағытта дұрыс қолдана білу;
-
Оқушылардың өздеріне деген сенімділігін сезіндіру.
Мектеп қабырғасында оқушы білім бағдарламасына сәйкес білім алу мен қатар ғылым
көкжиегіне көз жіберіп, зерттеу мен зерделеуді саралап сараптауды үйрене бастау тиіс. Бүгінгі күні
өте қабілетті, дарынды балаларды іріктеп, олардың дамуына жағдай жасау- кезек күттірмейтін іс.
Бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп, қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Сондықтан
оқушыларды шығармашылық өнерге баулуды жүзеге асыру, тиімділігіне қарай пайдалану мұғалімнен
үлкен шеберлікті талап етеді.
Психологтардың зерттеу бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа баулуға өзек болардай
өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Бастауыш оқушының шығармашылық дамуын бағыттап,
бағдарламаса, онда жоғарғы сыныпқа келгенде, көбінің шығармашылық мүмкіндігі шектеліп,
тоқырап қалады. Шығармашылықты тежейтін үш нәрсе бар:
-
біреуі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан ешнәрсе келмейді» деген тыс қорқыныш сезімі;
-
екіншісі, өзіне өзі тым риза болмаушылық сезімі (не жазса да өзі ұнатпайды, кейде өзін-өзі
жек көріп кетеді);
-
үшіншісі-жалқаулық
Ондай жағдайда баланы құтқарудың жолдарын табу қажет.
Бастауыш буынында шығармашылықтың алғашқы сатысын іс-әрекет және ойын түрінде
бастаған дұрыс. Себебі: ойын баланың дамуындағы ең күшті әсер ететін фактор. Бала ойын ойнауға
қызығу арқылы оның ойлау өрісі және еркін қиялдаумен шығармашылық ойлауы тәрбиеленіп,
қалыптасып дамиды.
Мысалы; бастауыш сыныпта шығармашылықты тәрбиелеудің бір түрі оқушыны
суырыпсалмалыққа үйретуде, «Жаңбыр» ойыны, «Музыкалық әңгіме», т.б. іс-әрекет жасатудың
маңызы ерекше. 4-сыныпта дүниетану пәні бойынша «Ауа райы»тақырыбын бекіту барысында
«Жаңбыр» ойыны қолданылады. Мұғалімнің «найзағай ойнады», « жаңбыр тамшылады», «жел
күшейді» «нөсерлеп құйып жауды», «жел бәсеңдеді» т.б. айтқан құбылыстарын оқушылар сол сәтте
әрқайсысы өз беттерінше дыбыстап немесе қимылмен көрсетеді. Осылайша оқушыларды сергіте
отырып, қызығушылығын туғызып алған соң, « Жаңбыр» өлеңіне сай суырыпсалмақтылық ең
алғашқы сатысын орындатуға болады. Ол үшін тірек сөздерді қолданылады: жаңбыр, дала, қала, тау,
бау т.б
Інұсқа ІІ нұсқа
Мұғалім Оқушылар Мұғалім Оқушылар
Жаңбыр жауды далаға жаңбыр жауды қалаға
Жаңбыр жауды қалаға жаңбыр жауды ауылға
Жаңбыр жауды ауылға Жаңбыр жауды бауға да
Жаңбыр жауды бауға да Жаңбыр жауды далаға
Қандай мезгіл тамаша?- сұрақ –жауап арқылы оқушы өзіне ұнайтын жыл мезгілін таңдайды.
Сыныпта осылайша өзінен-өзі төрт топ іріктеледі. Тірек сөздерін пайдалана отырып, әр мезгілді
бейнелейтін өлең тармақтары шығады. Тірек сөздер: әдемі, керемет, көрікті, сұлу, жаңаша, тамаша
т.б. Бұл жерде «Қазақ тілі-дүниетану» сабақтарының пәнаралық байланысын көруге болады.
Оқушының шығармашылық қабілеттеріне сай талғамына және ойынның ұшқырлығына
байланысты өлең қатары әр түрлі болып шығады.
«Қандай мезгіл тамаша?» деген сұрақты әр өлең шумағының алдында пайдалануға болады.
102
І нұсқа ІІ нұсқа
Мұғалім Оқушылар Мұғалім Оқушылар
Көктемгі кез көрікті, Көктемгі кез жаңаша
Жазғы мезгіл жаңаша. Жазғы мезгіл әдемі
Күзде бәрі әдемі, Күзде бәрі көрікті,
Қыста бәрі тамаша. Қыста бәрі тамаша
Оқушылардың шығармашылығынан туындаған өлең шумағын сыныпта оқып беру арқылы
оның осындай істерге деген ынтасын арттыруға болады. Бұл ойын түрінің қызметі- ойын-сауық -
баланың өзін-өзі көрсете алуына, яғни жасырын мүмкіндіктері мен қабілеттерін көрсете білуіне
жағдай туғызады.
Мұғалім оқушы шығармашылығын дамыту, бағыт-бағдар беру ісінде мыналарды ескеру керек:
-
шығармашылық тапсырманың мазмұнын - түрін ойлап табу;
-
шығармашылық міндеттерді оқушыға ұсынудың әдіс-тәсілін меңгеру;
-
көркемдік шешімді табу, оқиға құру, образ жасау үшін кілт боларлық жағдайларды тудыра
білу;
-
шығармашылық, педагогикалық әдістемелік тұрғыдан бағалап, қортынды бере білу,
теориялық, практикалық тұжырымдар жасау.
4-сыныпта ана тілі сабағында «Туған жерім-тұғырым, өскен елім - өзегім» бөлімін қайталауда
«Жалғасын тап» ойны орынды. Мақсаты - мақал-мәтелдері, еске сақтау қабілеттерін арттыру,
балалардың бір-біріне деген сенімін күшейту, достық қарым-қатынасқа тәрбиелеу.
Ойын шарты: мақал екі қатарға жазылады. Бірінші қатарға басы, екінші қатарда соңы
жазылады. Мақал басы мен соңының орындары ауыстырылап жазылады. « Орамал тастау» ұлттық
ойынына сәйкес оқушының міндеті мақалдың басын айтып, қолындағы орамалды келесі баланың
алдына тастайды. Ал бұл оқушы өз кезегінде мақалды жалғастырады. Содан соң келесі мақалды
бастайды, үшінші аяқтайды. Сөйтіп ойын жалғаса береді.
А) Ердің сыншысы, бітеді
Ә) Жақсы болсаң, жүректе
Б) Ерлік білекте емес, ашу – дұшпан
В) Жері байдың, ел
Г) Ақыл дос, ардақты ат
Ғ) Кім еңбек етсе, жақын көп
Д) мал баққанға, сол тоқ
Е) Адам деген- елі бай
Ойынның коммуникативтік қызмет атқарып тұрғанын байқаймыз.
2-сыныпта қазақ тілі сабағында «Сөз және сөз мағынасы» тақырыбын өткенде «Кім көп
біледі?» ойынымен бекітуге болады. Мақсаты: сөздердің мағынасын ажырату, сауатты жазуға және
алғырлыққа дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін дамыту.
1-сыныпта «Он көлемді сандар» тақырыбын бекіту барысында «Сандар әлемі» ойынын
ойнату орынды Ойын шарты бойынша тақтаға бір қатар сөздер жазылады. Оқушылар осы сөздердің
ішінен жасырын сандарды тауып, оларды тақтаға жазып көрсетулері керек. Сонымен қатар аталған
сөздердің мағынасын түсіндіреді.Мысалы: алтын, күшік, бесік, Екібастұз, жетістік, бірлік т.б Бұл
ойынды ойнату барысында оқушылардың көру, есту арқылы есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып.
Сөздік қорында молайту мақсатқа алынады. «Математика-қазақ тілі – ана тілі» пәнаралық байланысы
жүзеге асырылады.
Оқу үрдісінде – кеңінен қолданылатын ойынның тағы бір түрі ол - дамытушы ойындар.
Дамытушы ойындарың маңыздылығы оқушылардың ынта-ықыласын есепке ала отырып, оқуды
қызықты етіп, білім, білік дағдыны қалыптастыру. Дамытушы ойындарға қойылатын талап-
оқушының танымдық әрекетін, қызығушылығын дамыту.
Ойын барысында балалар тез серігіп, тапсырманы жылдам дәл орындауға тырысады. Төменгі
сынып оқушыларына ойын түрлерін қолдану, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып,
сабаққа белсенді түрде қатысып, түсінбегенін түсінуге мүкіндік туғызады.
Ана тілінен әрбір тараудан кейін оқушының білім тереңдетіп шығармашылық белсенділік
арттыру мақсатында қызық ойындар ұйымдастыруға болады. Мысал: «Мені түсін», «Сиқырлы
қалам»т.б. «Достық әзіл жұмбақтар» құрастыруда оқушының шығармашылығына тоқталсақ.
Көзді жұмып тақпақты, «Сен тимесең мен тиме»,
Беріліп тұрып айтады. Деп ол отырған.
103
Киіп алып қалпақты, Айтыңдаршы, балалар,
Түсте үйге қайтады. Ол кім?
/ Махамбет / /Ноян/
Жоғарыда келтірілген осындай ойындар оқушыны жан-жақты дамытып, білімді толық
игеруіне көмектеседі. Ойын технологиясын тағы да бір жағымды жағы-үнемі пәнаралық байланыс
сақталып келеді
Ойынның негізгі мақсаты баланы қызықтыра отырып білімді берік меңгерту құралы болса,
мұғалімнің міндеті-сол ойын түрлетін пайдалана отырып өздігінен жұмыс істей білуге, ой
белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу болып
табылады.
Ойын технологиясын пайдалану арқасында, оқушы жан-жақты шығармашыл болып
қалыптасып, жетістіктерге қол жеткізеді.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Ұстаздық шығармашылық Б.А. Тұрғынбаева. - Алматы, 2007.
2.
Шығармашылық қабілеттер және дамыта оқыту Б.А. Тұрғынбаева. - Алматы, 1999.
3.
Құрманалина Ш.Х., Сәрсенбаева С.Ш., Өміртаева Р.Қ. Қазақ тілінен қызықты тапсырмалар //
Бастауыш білім журналы. - №1. - 2004.
4.
Сәтімбаева М. Математиканы оқытудағы методикалық көмек //Бастауыш сыныпта оқыту
журналы. - № 1-2. - 2008.
5.
Мен және бәрі, бәрі, бәрі. – Алматы: «Аруна», 2006.
6.
Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. - Алматы, 2004.
ӘӨЖ: 223:17
Н.У. Қабышева
№ 142 жалпы білім беретін орта мектеп
Қазақстан, Алматы қаласы
ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ РУХАНИ БАЙЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ
Тіл дамыту жұмыстарында басшылыққа алатын басты мәселелердің бірі оқушылардың сөздік
қорды, ауызекі сөйлеу тілін тиімді ережеге сәйкес құра білуінде жатыр. Қазақ тіліндегі тіл ұстарту
жұмыстарының негізгі мақсаты – дұрыс, сауатты жазуға, оқушының ауызша және жазбаша ойын
грамматикасын және стилистикасы жағынан дұрыс сөйлем құрап, жүйелі сөйлеуге үйрету. Мұғалім
оқушының ауызша және жазбаша тілін дұрыс дамытуда грамматикалық ережелерді жақсы білуге,
тыныс белгілерін дұрыс қоюға үйретіп, көркем әдебиетті көп оқуға бағыт беріп, оның үлгісін
көрсетіп отыруы тиіс. Әр мұғалім тіл ұстарту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс
ұйымдастыра білсе, ол оқушының күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген
нәрселерін ауызекі сөздерінде қолдана білуіне жағдай жасайды. Тіл дамыту жұмыстары ауызша
жазбаша жаттығулар, мәтінмен жұмыс, мазмұндама, шығарма, диктант, мақала жазу, мінездеме беру,
суретпен жұмыс, сұраққа жауап жаздыру, жоспар жасату, кітап оқу сияқты жұмыс түрлері
арқылыіске асырылады. Оқушының сөздік қорын байытып, тілін ұстартуда шешуші рөл атқаратын
жұмыстардың бірі – сөздік жұмысы. Сөздік жұмысы арқылы оқушының тіл байлығын молайтумен
қатар, дұрыс жазуға да дағдыландыра аламыз. Тіл дамытудағы өнімді тәсілдердің бірі –
шығармашылық тапсырмалар. Шығармашылықтың түрі әр алуан, мәні біреу – ол жаңа мазмұн
жасау.Озық педагогика: әрір бала өзінше талантты, әрқайсысы шығармашыл бола алады.
Шығармашыл бала өзінің қабілетін,күш-қуатын, бейімділігін сезіне алатынын дәлелдейді. Тамаша
педагог
В.
Сухомлинский:
«Шығармашылық
арқылы
тұлғаның
рухани
байығы
қалыптасады,шығармашылық адамды адамға тартатын магнитпен тең. Сондықтан да мектептің,
мұғалімнің, ата-ананың, тәрбиешілердің негізгі мақсаты баланы өмірге, еңбекке шығармашылықпен
қарауға үйрету» - деп атап көрсеткен. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілдері мен жазба тілдерін тіл
дамыту жұмыстарында бірлікте ала отырып жүргізудің тиімділігі зор.
«Тіл» немесе «тіл дамыту» – пән аралық түсінік: ол лин-гвистикалық, психологиялық және
әдістемелік әдебиеттерде кездеседі. Лингвистика тіл және оның даму, заңдарын зерттесе, психология
адамның бір-бірімен қатынасында ойын, еркін, сезімін және пікірін жеткізу үшін тіл материалдарын
қолдану процесі – сөйлеуді зерттейді.
104
«Тіл» дегеніміз белгілі бір ұлттың ішкі заңдылықтарын қалыптасып, жүйеге түскен қатынас
құралы екені белгілі. Ал даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге
көшу деп түсіндіреді. Психика (сөйлеу) даму үшін жаңа мен қатар бұрыннан қалыптасқан негіздер
болуы шарт. Қазақтың көрнекі психологі М. Мұқанов психиканың дамуында көнеден қалған негізді
инвариант (лат. – өзгерілмейтін) оған тіректелетін жананы «өзгерілгіш» деп атады. Бұл туралы М.
Мұқанов былай дейді. «Психика үнемі өзгеріске ұшырайды, бірақ оның құрамы бәрі бірдей
өзгермейді, оның көп және аз мөлшерде дамуға ұшырайтын қасиеті бар. Сонымен қатар, аз
өзгерілетін қасиеттері (инвариант) психикалық дамудың тірегі және негізгі шарты болып есептеледі».
Тіл дамыту мәселесінде де осыны айтуға боладьь Яғни баланың сөздік қоры игерген тіл
единицаларының негізінде (су, сушы, сулық суару) молаяды. Қазақ тілі мен әдебиетіне арналған
бағдарлама: «...тіл дамыту жұмыстарында оқушының сөздік қорын, сөз байлығын толықтыру, өз
ойын анық дұрыс етіп ауызша, жазбаша жеткізе білуге баулу, қазақ әдеби тіл нормасында жатық,
әдепті сейлеуге дағдыландыру», – десе, М. Балакаев: «...сөз байлығын молайту, сөз тіркестерін,
сөйлемдерді дұрыс түсініп, дұрыс құрай білу, сөздердің орфоэпиялык нормаларын сақтап, дұрыс оқу-
қазақ тілі пәнін меңгертуде оқушылардың бәріне бірдей қойылатын ортақ талаптар», - деп
анықтайды. Ал Аханов тіл дамытуды: «Айтайын дегенді дәлмедәл, ашық айқын және әсерлі түрде
жеткізіп беру ол үшін тілді, әсіресе оның байлығын, көркемділігі мен үнділігін, сан сырлы мағынасы
мен өткірлігін, эмоциональды болуы мен эксперсивті қызметін жан-жақты меңгеру», деп біледі.
Ш.Уәлиевтің пікірінше, балада сөз мәдениеті қалыптасады, егер «алдымен әдеби тілдің
грамматикалық лексикалық, стилистикалық, орфоэпиялык нормаларын меңгерсе, сонымен бірге,
бейнелеуіш, көріктеуіш амал-тәсілдерді, қарым-қатынас жасаудың мақсаты мен мазмұнына сай етіп
қолдана білсе», - дейді. Бұл пікірлерден мынандай қорытынды жасауға болады. Тіл дамытуды тіл
білімінің заңдылықтарына сүйне жүргізу қажеттігіне саяды. Шын мәнінде солай ма? «Тіл дамыту,
дейді X.К. Арғынов, — баланың ойлау процесімен байланысты әрі психологиялық фактор, әрі тіл
білімін зерттеу объектілерінің бірінен саналады. Баланың тілін да-мыту жеке сөздердің басын
біріктіріп сауатты сөйлеуге (жазуға) баулу - психология, тіл ғылымының заңдылықтарымен тығыз
байланысты құбылыс». Бұл пікірді Б.В. Беляев та қолдайды. «Белгілі бір тілді меңгертуде тіл біліміне
сүйенбей, сол тілде ойлай білуге үйрету қажет», - дейді.ілді меңгеру сөз мағынасын білумен
шектелмейді, қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды қатесіз тану үшін адам санасында белгілі
бір ұғымдардың пайда болуы талап етіледі. Ұғымдарды ұғынуда бүтін логикалық ойлау операциялар
жүйесі түзілген, адам соның жәрдемімен белгілі бір ұғымға қатысты зат не құбылысты және олардың
арасындағы айырмашылықтары мен ұқсас қасиеттерін дұрыс айырады. Мұнсыз тілде ойлану мүмкін
емес. Тіл дамыту – қазіргі мектептің оқу тәрбие ісіндегі басты проблема – тіл мен сөйлеу процесін
жіктей оқыту, оқушының дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу. Әр мұғалім қазақ тілі сабақтарында тіл
дамыту жұмыстарын шығармашылықпен жүргізіп, дұрыс ұйымдастыра білсе, ол оқушының
күнделікті өмірдегі құбылысты жан-жақты түсіне білуіне, білген нәрселерін ауызекі сөздеріне
қолдана білуіне жағдай жасайды. Оқушының тілін дамыту жұмысы, ол баланың жалпы ойын дамыту
деген сөз, өйткені оқушы пәнді оқып үйренсе де, өзінің істеген жұмысы, көрген-білгені туралы
күнбе-күн сөйлеп, ойын қалыптастырып отырады, яғни оқушылардың тілін дамыту мәселесі олардың
ойлау қабілетімен байланыстырылса, сондай-ақ, ойлау мен сөйлеу процесінің бірлігінде
ұйымдастырылады. Оқушылардың ауызекі сөйлеу тілін, тіл мәдениетін арттыру мен дамыту, сапалы
білім беру қазіргі кезде мектеп мұғалімдерінің, тіл мамандарының алдынды тұрған басты
міндеттердің бірі. Қазіргі заман талабына сай білім беру үрдісі білімді жеке тұлғаға қарай бағыттай
отырып, тұлғаны жан-жақты дамытуға, шығармашылықпен айналыстыруға жол ашып отыр.
Алайда, осы іс-шаралардың барлығы мұғалімнің ұйымдастыруы мен шеберлігінің
нәтижесінде іске асырыларды. «Білім туралы Қазақстан Республикасының Заңында» «Жеке адамның
шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір
салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуыүшін жағдай жасау арқылы
интеллектін байыту» - дейтін тұжырымдар бүгінгі білім берудің мақсаттары мен міндеттерін ғана
емес, тіл дамытудағы өзекжардымәселелерді де айқындайды. Қазақ тілі сабағында оқушыларды сөзді
дұрыс қолдана білуге, өз ойын орнықты жеткізуге, еркін сөйлей білуге жетелейтін тәсілдің бірі – тіл
дамыту жұмыстары. Тіл дамыту мақсатындағы жүргізілетін жұмыстар оқушының ойлау
қабілетіне,сондай-ақ өз ойын жеткізе білуіне, шығармашылық ізденісіне жол ашады. Оқушының
білімі ғана жетіліп қоймайды, қабілетінің, дарын көзінің ашылуына түрткі болады. «...барлық
жаттығулар оқушылардың тілін дамытуға бейімделе жүргізілуі тиіс. Тіл сабағы негізінен
оқушыларымызға тілімізді меңгертуді мақсат етіп қойды. Олай болса, оқу мен жазу сабақтарында
әдеби тіліміздің нормаларын сақтау дағдысы бірдей дәрежеде берілуі қажет» - деген ұстанымды
105
басшылыққа алсақ, тіл дамыту жұмыстарына бастауыш сыныптың өзінде-ақ аса назар аударылып
келді. Тіл дамытудың басты құралы сөздік қорда жатады. Оқушының сөздік қорыныңнеғұрлым көп
болуы және оны тиімді қолдана білуі жүйелі еңбекті қажет етеді. Қорытындылай келгенде, тіл
дамыту жұмыстары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, ауызекі сөйлеу дағдыларын,
шығармашылық қабілеттерін дамытады. Берілген тапсырмаларды өз беттерімен орындауларына жол
ашады. Ең бастысы, сөйлеу тілдерінің көркеюіне, өз ойын еркін жеткізе білулеріне,
сауаттылықтарының артуына да түрткі болады.
Әдебиеттер тізімі:
1.
Әбдікәрімова Т., Рахметова С, Қабатаева Б. Ана тілі. Оқыту әдістемесі. - А., 1999.
2.
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. - А., 2005.
3.
Рахметова С, Жаманқұлова П., Қабатаева Б. Ана тілін оқыту әдістемесі. - А., 1998.
4.
Уәйісова Ғ., Жұмабаева Ә. Қазақ тілі. Оқыту әдістемесі. - А., 1999.
5.
Сарыбаев Ш. Қазақ тілі методикасының кейбір мәселелері. - А., 1959
УДК: 371.13
Достарыңызбен бөлісу: |