Ббк 81. 2 С 84 Главный редактор



Pdf көрінісі
бет17/40
Дата12.03.2017
өлшемі4,09 Mb.
#9150
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40

А.Ж. Каримова 
«№47 жалпы орта білім беретін мектеп»КММ 
Қазақстан, Семей қ. 
 
ПӘНДІК ОЛИМПИАДАЛАРҒА ОҚУШЫЛАРДЫ ДАЙЫНДАУ  
ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДІҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 
 
Білім жүйесі ел өміріндегі стратегиялық маңызды сала болып табылатындығы белгілі. Ал, оқу 
процесіндегі  дәстүрлі  әдістердің  озық  заман  талабына  жауап  бере  алмайтындығы  өз  –  өзінен 
түсінікті. Бүгінгі уақыт талабына сәйкес білім беруді одан әрі жетілдіру оқу тәрбие процесіне озық 
тәжірбиені, ғылыми жетістіктерді енгізуді талап етеді. Белгілі педагог                     Ш.А. Амонашвили 
«Оқушылардың  білімін  арттыру,  пәнге  қызықтыру  үшін  оқытуды,  жалпы  алғанда  ең  бірінші, 
оқушылардың неге қызығатынын анықтап алып, содан соң бастау керек» дейді.  
Қазақстан Республикасының 2015 жылға білім беруді дамыту мәселелерінің негізгі мақсаты – 
білім  беру  жүйесінің  барлық  деңгейінде  қоғамның  талаптарына  сәйкес  келетін  білімді,  кәсіби 
біліктілігі жоғары, бәсекеге қабілетті тұлғаны тәрбиелейтін білім негізін қалыптастыру. 
Бүгінгі  мақсат  –  әрбір  оқушыға  түбегейлі  білім  мен  мәдениетінің  негіздерін  беру  және 
жан+жақты  дамуына  қолайлы  жағдай  жасау.  «Инновация»  -  бұл  нақты  қойылған  мақсатқа  жетуде 
ойға  алынған  жаңа  нәтиже.  Нақты  мақсат  дегеніміз  не?  Нақты  мақсатқа  қандай  әдіс-тәсілдердің 
көмегімен  жетуге  болады?  Оқу  мақсатының  жүйесінде  берілген  мақсаттың  негізгі  категорияларын 
пайдалана отырып, педагог өз еңбектерінің нәтижесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік алады. Демек 
мақсат  пен  нәтиже  –  жаңалыққа  бет  бұрудың  кілті.  Инновациялық  үрдістің  негізі  –  жаңалықтарды 
қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез келген жаңа әдіс жекелік сондай-ақ 
уақытша жоспарға жатады, бұл яғни, мұғалім үшін өтілген материал тәрізді. 
Қазіргі  таңда  мектептің  алдында  тұрған  негізгі  міндеттердің  бірі  –  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  ашып,  толыққанды  қоғам  құруға  өзінің  барлық  мүмкіндігін  жұмсайтын 
шығармашылыққа қабілетті жеке тұлға қалыптастыру. 
Қазіргі мектеп мұғалімдерінің алдында тұрған басты міндет – оқушылардың шығармашылық 
білім дағдыларын қалыптастыру.  
Жас  ұрпаққа  пәнді  тиімді  ұғындырудың  бірі  –  жаңа  технология  негіздері  болып  табылады. 
Сонымен бірге өскелең ұрпақтың ақпарат құралдарымен жұмыс жасай білуіне назар аударған жөн. 
Педагогикалық  технология  дегеніміз  –  тәжірбиеде  жүзеге  асырылатын,  белгілі  бір 
педагогикалық жүйенің жоспары делінген. 
Қазіргі  таңда  қолданыста  жүрген  елуден  астам  педагогикалық  технологиялардың  ішінде, 
пәндік олимпиадаларға оқушыларды дайындауда тиімдісі деңгейлеп оқыту және проблемалық оқыту. 

113 
 
Деңгейлеп оқыту технологиясының негізін салушы: В. Фирсов, М.В. Монахов,  Ж.А. Қараев. 
Негізгі идеясы: әр оқушының жеке ерекшелігі мен қабілетіне қарай бейімдеу. 
І  деңгей  тапсырмасы:  жаттап  алуға  лайықталған  болуы  керек;  алдыңғы  сабақта  жаңадан 
меңгерілген  білімнің  өңін  өзгертпей  қайталап,  пысықтауына  мүмкіндік  беру;  тапсырмалар  жаңа 
тақырып үшін типті және өмірмен байланысты болуы қажет; 
ІІ  деңгей  тапсырмасы:  өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген 
тапсырмалар; оқушының ойлау қабілетін жетілдіруге берілетін тапсырмалар;  
ІІІ  дейгей  тапсырмасы:  танымдық  –  іздену  түріндегі  тапсырмаларды  орындаубарысында 
оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым  білімдерін  жетілдіріп, 
тереңдетумен  қатар,  ол  тағы  да  жаңа  білімді  меңгеріп,  өзі  үшін  жаңалық  ашуы  тиіс;  өздігінен 
мысалдарқұрастыру, өмірден алынған мәліметтер негізінде диаграмма, графиктер салу, ой қорытуға 
арналған, дағды қалыптастыратын тапсырмалар; 
IV деңгей тапсырмасы: оқушылардың жинаған өмірлік тәжірбиесі мен қалыптастырған ұғым, 
түсініктерінің, қиялы  мен белсенді ой еңбегінің нәтижесінде жаңаша, бұған дейін болмаған, белгілі 
бір  дәрежеде  олардың  жеке  басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап  шығуына  негізделген 
тапсырмалар; 
Бұл технологияның тиімділігі: таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте 
түседі 2, 15. 
Проблемалық  оқытудың  басқа  әдістерден  ерекшелігі  –  білім  оқушыларға  дайын  күйінде 
ұсынылмайды,  керісінше,  олардың  алдына  белгілі  бір  проблеманы  өз  бетінше  шешу  міндеті 
қойылады.  Осылайша  іздену  әрекеті  барысында  шешімді  оқушылардың  өзі  тауып,  білімді  игеруге 
жол  ашады.  Проблемалық  оқыту  «проблема»,  «проблемалық  сұрақ»,  «пороблемалық  тапсырма», 
«проблемалық жағдай» деген ұғымдарды қамтиды. Проблемалық тапсырмалар оқушыны логикалық 
ойлауға, ғылыми іздену жолына бағыттайды. Проблемалық тапсырмалар сезімге молырақ әсер етеді 
де,  оқушының  қызығушылығын,  білімге  іштей  құмартушылығын  дамытады.  Құмартушылық, 
қызығушылық оқушыны өздігінен ізденуге жетелейді. Ізденіссіз шығармашылық ойлау жоқ 2, 15. 
Проблемалық тапсырмаларды орындау барысында: 
-
 
бір сұраққа әртүрлі ой айтылады; 
-
 
қарама-қайшылықтарға жеткізіп, оны шешу тәсілін табуға ұсынылады; 
-
 
нақты сұрақтар қойылады; 
-
 
проблемалық  сұрақтар  қойылады  (жетіспейтін  немесе  артық  мәліметтер,  әдейі  жіберілген 
қателер, қарама-қайшылықтар, бірнеше жауаптары бар есептер). 
Бұл  технологияның  тиімділігі:  оқушылар  алған  білімдерін  іс  жүзінде  қолданады,  ғылыми 
жобаларға  дайындық  жүргізіледі,  оқушылар  ақпарат  іздеп,  ақпаратпен  алмасады,  оқушының 
ізденуіне  жағдай  туады,  қандай  да  бір  мәселенің  керекті  фактісін,  шешімін  таба  білуге  үйретеді. 
Болашақта  Қазақстанды  әлемдегі  бәсекеге  барынша  қабілетті  50  елдің  қатарына  қосатын  құдіретті 
күш – білімге тән болса, білімді тиянақты меңгерту, шығармашыл шәкірт тәрбиелеу басты ұстаздың 
міндеті.  Сондықтан  пәндік  олимпиадаларға  оқушыларды  даярлауда  мұғалім  мына  шарттарды  есте 
ұстауы керек. 
-
 
өз білімін үздіксіз жетілдіру; 
-
 
жаңа  ақпараттық  технологиялармен  үнемі  танысып  оқып  шығып,  сабақ  үрдісіне  тиімдісін 
пайдалану; 
-
 
мемлекеттік білім стандартына сай білім беру; 
-
 
тест тапсырмаларын, сынақ тапсырмаларын түрлі нұсқа бойынша даярлау. 
-
 
шығармашылықпен жұмыс істеу; 
-
 
түпкі нәтиже – білім сапасына қол жеткізу 4 
«Ұрпағы  білімді  халықтың  болашағы  бұлыңғыр  болмайды»  дегендей  жас  ұрпаққа  сапалы, 
мән-мағыналы,  өнегелі  тәрбие  беру,  оқушының  қалыптасқан  даралығын  анықтап,  жігер-қайратын 
ескеріп,  ұлттық  мәдениетімізді,  салт-дәстүрімізді  бойына  сіңірген  ұрпақ  тәрбиелеу  –  қазіргі 
мұғалімдердің басты мақсаты демекпін. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Кудрявцев Т.В. Проблемное обучение – истоки, сущность, перспективы. - Москва, 1991. - 25-26 б. 
2.
 
Кобдикова Ж.У. Орта мектепте білім алуды технологияландыру. - Алматы, 2002. - 15-17 б. 
3.
 
Мұқашева А.Н. Инновациялық технологиялар // Білімдегі жаңалықтар. - №3. - 2004. - 10-11 б.  
4.
 
Алдабергенов Қ.Н. Оқушыларды тәрбие жұмысына тарту // Қазақстан мектебі. - №11. - 2004. - 8-
12 б. 

114 
 
ӘӨЖ: 372.881.151.212.2 
М.Ж. Каримова 
«№4 нашар еститін балаларға арналған мектеп-интернат»КММ 
Қазақстан, Семей қ. 
 
НАШАР ЕСТИТІН ОҚУШЫЛАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ МЕҢГЕРТУДЕ  
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ 
 
Қай заманда, қандай реформа болсын мектептің басты тұлғасы – мұғалім. Мемлекеттік білім 
саясаты да осы мұғалім арқылы жүзеге аспақ. Ал бүгінгі таңда мектептің, мұғалімнің қасиетті міндеті 
– рухани бай, жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру. 
Қазіргі  таңда,  мүмкіндігі  шектеулі  балалардың  сапалы  да  саналы  білім  алуға  құқылы  және 
қоғамда  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына  арнайы  білім  мекемелерінде  барынша  жағдайлар 
жасалынған.  Арнайы  коррекциялық  білім  мекемелерінде  оқу-тәрбие  үрдісі  арнайы  коррекциялық 
типтік  ережелерге  сәйкес  жүзеге  асады.  Нашар  еститін  және  кейіннен  саңырау  болған  оқушыларға 
арналған  арнайы  коррекциялық  мектеп-интернаттың  негізгі  қағидасы  –  оқыту  мен  тәрбие  беру 
үрдісінде  мүмкіндігі  шектеулі  оқушылардың  есту  қабілеттерінің  есту  деңгейін,  тілдік  және  сөздік 
қорларының жиынтығын, танымдық қабілеттері  мен оқу қабілеттерінің мүмкіндігін қатаң ескеру.  
Ұстаз  сабақ  беру  үрдісінде  өзінің  әдістемелік  шеберлігін  шыңдап,  дамыту  үшін  жаңа  оқу 
технологиясының  алуан  түрлерін  меңгеріп,  оны  өзінің  күнделікті  сабақ  беру  үрдісінде  кеңінен 
қолдануы қажет. Шәкірттерді оқыту бұл бүгінгі күннің талабына ғана емес, ертеңгі күннің талабына 
да  сай  болуы  керек.  Бұл  үшін  оқу  процесіне  жаңа  формалар  мен  оқыту  әдістемелері,  жаңа 
педагогикалық технологиялар енгізілуде. 
Жаңа  технологияларды  пайдалана  білу  әлемдік  ақпараттық  қоғамның  толыққанды  мүшесі 
ретінде  қалыптасу,  технологиялық  жаңалықтарды  пән  қасиеттілігіне  қарай  қолдана  білу  –  оқыту 
мақсатының  бірден-бір  жолы.  Кез-келген  оқыту  технологиясы  іс-әрекеттің,  оқыту  процесінің 
белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. 
Нашар  еститін  оқушыларға  мемлекеттік  тілді  меңгертуде  негізгі  инновациялық 
технологиялардың ішінен ақпараттық-коммуникативтік технологияларды кеңінен қолданамын.  
Бүгінгі таңда білім берудің тиімділігін арттыру үшін оқу үрдісін адамды қоршаған ортадағы 
болып  жатқан  өзгерістерді  есепке  ала  отырып,  ұйымдастыру  қажет  екендігі  баршамызға  мәлім. 
Қазіргі кездегі қоршаған ортадағы өзгерістер ақпараттық-коммуникативтік технологиялар саласында 
болып жатқаны белгілі. Бұл саладағы маңызды өзгерістер білім беру саласына да оң ықпалын тигізіп 
отырғаны  бүгінгі  білім  ордасындағы  ұстаздар  қауымына  кеңінен  таныс.  Жаңа  ақпараттық-
коммуникативтік технологиялардың адам, қоғам өміріндегі орны туралы Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев 
өзінің  «Жаңа  әлемдегі  жаңа  Қазақстан»  атты  жолдауында  білім  ордаларын  жаңа  технологиялармен 
қамтамасыз етуді одан әрі жетілдіретіндігін атап өткен болатын 3. 
Ақпараттық-коммуникативтік  технологиялар  бүгінгі  күні  біздің  қоғамымызға  кеңінен  енді. 
Бұл технологияларды төмендегіше жіктеп көрсетуге болады. Олар: 
-
 
аудио және бейнетаспалар; 
-
 
компьютерлер; 
-
 
теледидарлар; 
-
 
үнтаспалар; 
-
 
арнайы мультимедиа техникалары; 
-
 
қашықтан оқыту құралдары; 
-
 
телефон-факс т.б 
Жоғарыда аталған ақпараттық-коммуникативтік технологияларды мектептік білім базасында 
қолдануға  көп  уақыт  берілмегені  анық.  Себебі  жаңа  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды 
пайдалану,  негізінен,  білім  саласындағы  математика-жаратылыстану  сабақтарында  жүргізіледі.  Бұл 
тек  қана  математика-жаратылыстану  бағыты  деген  түсінік  бермейді.  Қоғамдық-гуманитарлық 
пәндерді оқытуда да пайдалануға болатыны мәлім.  
Осы жұмыстардың негізін жинау үшін, ақпараттық технологияларды қолдану аясын кеңейту 
үшін бүгінгі күні әр білім ордасында компьютер сыныптары жасақталды. Бұл сыныптардың негізгі 
мақсаты  байланыс  жүйесін  пайдалана  отырып,  оқушылардың  шығармашылық,  танымдық, 
белсенділік  қабілеттерін  дамыту.  Терең  де  мағыналы  білім  бере  отырып,  білімді  сенімді  тірекке 
айналдыру. 

115 
 
Бүгінгі  ақпараттық  технологияларды  мектепке  кеңінен  қолдануға  әлемдік  аренаға  шығу 
жолындағы негізгі бағыттардың алдын ала дайындығы деп білуге болады. Сол үшін мектептік білімге 
енгізуге  мұғалімнің  шығармашылық  деңгейінің  жоғары  болуы  шарт.  Шығармашылықпен  жұмыс 
жасайтын ұстаздарды анықтау мен жетілдіру жоғарғы білім ордаларында қалыптастырады. Сол алған 
білімдерін жинақтай, толтыра отырып, маман ретінде жаңа ортаға бейімделу сипаттары жетілдіріледі 
2, 30. 
Ғылым  пен  техника  дамуының,  ақпарат  көлемінің  үдеп  өсуінің  білім  беру  үрдесіне  ықпалы 
зор.  Жаңа  ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  тілдік  сабақтарда  қолдану  үшін  қандай 
дайындық  жұмыстары  қажет  деген  негізгі  сұрақ  баршамызға  да  қойылуы  мүмкін?  Бұл  сұрақ 
төңірегінде  жауап  іздеп  көргенде  мынадай  алдыңғы  дайындық  жұмыстарын  жүргізу  қажет  деген 
пікір қалыптасады. Енді сол жұмыстарға тоқталып кетсек: 
1.
 
Ақпараттық-коммуникативтік  сауатын арттыру; 
2.
 
Сауатын ашқаннан кейін өз пәніне қолданатын материалды іс жүзінде үйрету; 
3.
 
Пән мұғалімі ақпараттық-коммуникативтік технологияның мәнін ұғынуы;           
4.
 
Өзіне қажетті ақпараттық-коммуникативтік технологияны анықтау керек; 
5.
 
Жаңа технологияны мұғалімнің өзінің меңгеруі шарт; 
6.
 
Жоспарға сай өзіндік танымдық жұмысын жинақтау қажет; 
7.
 
Сабақ жоспарын құру; 
8.
 
Оқушыларды жұмысқа жинақтау; 
9.
 
Сабақ жүргізу. 
Бұл  аталған  жұмыстар  қазақ  тілі    сабақтарында  мұғалімнің  ізденіс  деңгейін  анықтауға  жол 
береді.  Мұғалім  осы жұмыстарды  жасай  отырып,  оқушының  танымдық, қызығушылық,  ізденгіштік 
жақтарын арттыруға негіз болады 4, 7. 
Жоғарыда  атап  өтілген  ақпараттық  технологияларды  бір  сабақ  көлемінде  пайдалану  мүмкін 
емес.  Сондықтан  да  мұғалім  өзінің  әр  сабағын  жаңа  ізденіспен,  тың  жаңалықтармен  жасақтап 
отырғаны шарт. 
Сабақтың  өтуінің  негізгі  шарты  сабақта  шығармашылық  ахуал  қалыптастыру  болып 
табылады. Мұғалім әр оқушының сабақта белсенді әрі жақсы жұмыс жасау жағдайына жеткізу керек. 
Сонда оқу материалы терең меңгеріледі, білім сенімге айналады. 
Тілдік сабақтарда жаңа ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану аясын кеңінен 
қарауға  болады.  Тілдік  сабақтарда  компьютер,  проектор,  телефон-факс,  газет  материалдарын 
қолдануға болады. Бұл технологияларды қолдануда мұғалім іздену, әрі материалды тиімді пайдалану 
жағын қарастырады. 
Атап  өтер  болсақ,  компьютерді  мәтіндік  жұмыстарды  жазуда,  олардың  айырмашылығын 
ажырату  барысында  көруге  болады,  газет-журнал  материалдарын  ақпаратты  өңдеу  сабақтарында, 
жаңа  өмірмен  байланысты  пәндік  тақырыптарда  қолданатын  болсақ,  теледидарды  редакторлық 
жұмыстарды жетілдіруде пайдалануға болады. Редакторлық жұмыстар жүргізуде оқушы мен мұғалім, 
оқушы  мен  жаңа  ақпарат,  мұғалім  мен  жаңа  ақпарат  қамтылуы  тиіс.  Мұғалім  өз  жұмысын  дұрыс 
жүргізуі қажет. 
Оқытуды ақпараттандыруда келесі мәселені де есте сақтаған жөн деп ойлаймын. 
-
 
Компьютерді модельдеу бағытында үйрету; 
-
 
Оқушымен  жұмысты  белсендіру  жағдайын  жасау  керек.  Мұғалім  сабақ  әрекетінен  тыс 
қалмау керек; 
-
 
Мақсатқа жету ұстанымына пайдалану қажет; 
-
 
Оқушының өзіндік іс-әрекетін жетілдіру керек. 
Қазақ  тілі  сабағында  компьютерді  қолдану  мәтіндер  мен  ақпараттарды  білуге  жол  ашады. 
Тыңдаушылардың  өз  бетінше  жұмыс  істеу  дағдысын  және  олардың  танымдық  белсенділігін 
арттырады.  Орфографиялық,  лексикалық  дағдыларын  қалыптастырады.  Компьютер  әсіресе,  тіл 
үйренушілердің  әр  түрлі  тілдік  жаттығу  жұмыстарын  орындау  кезінде  одан  көп  көмегін  тигізеді. 
Негізінен мына әдіс-тәсілдер қолданылады: 
1) Сұрақ-жауап диалогы, тапсырманың мәні компьютердің сұрағына тура жауап беру, сұрақ 
құрастыру үшін негізгі тілдік мәтін пайдаланылады. 
2)  Таңдап  алынған  жауаптар  диалогы.  Жауап  беруші  ұсынылған  жауаптар  тізбегінен  өз 
жауабын таңдайды. 
3) Бос орынды толтыруға арналған жаттығулар. 

116 
 
4) Сөздікті қаншалықты меңгергендігін бақылауға арналған жаттығулар: компьютер аударуды 
керек ететін сөздер тізімін ұсынады; орысша-қазақша жазылған сөздер ұсынылады. Олардың ішінен 
дұрыс эквиваленттерін тауып, жұп құрау қажет 4, 8. 
Компьютер  интерактивті  оқытудың  жоғарғы  сатысын  қамтамасыз  етеді.  Бұл  жаттығу  жасау 
барысында  оқушының  іс-әрекеті  компьютердің  үнемі  әрі  тез  реакциясы  арқылы  жүзеге  асады. 
Оқушылар жұмыс қарқының өздері белгілейтін болғандықтан, компьютерлік оқу өз бетімен оқудың 
принциптеріне толық жауап береді.  
Тілдік сабақтарда ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану кезінде оқушы мен 
мұғалімнің  арасындағы  қарым-қатынас  деңгейі  артады.  Ойымды  жинақтай  келе  тілдік  сабақтарда 
ақпараттық-коммуникативтік  технологияларды  қолданудың  өзекті  тұсы  мұғалімнің  шеберлік, 
ізденгіштік  деңгейінің  негізі  болып  табылатындығын  ұғынамыз.  Осы  мәселені  әрі  қарай  сабақта 
қолдануды әрі қарай дамытуымыз шарт. 
Әдебиеттер тізімі: 
1.
 
Құдайбергенова.Қ.С.  Электрондық  оқулықтарды  пайдаланудың  педагогикалық  ұстанымдары  // 
Қазақстан мектебі. - №11. - 2008. - 9-11 б.  
2.
 
Жұмашева Е.Н. Электрондық оқытудың әдістемелік аспектілері//Қазақстан мектебі. - № 8. - 2009. - 
29-31 б. 
3.
 
Назарбаев Н.Ә. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты жолдауы 
4.
 
Тұрғынбаева Б.А. Ұстаздық шығармашылық // Білімдегі жаңалықтар. - № 2. - 2004. - 7-9 б.  
 
 
УДК: 159.9 
А.С. Кастусев, О.Г. Беленко  
Государственный университет имени Шакарима города Семей 
Казахстан, г. Семей 
 
ФОРМИРОВАНИЕ ЛИДЕРСКИХ КАЧЕСТВ У УЧАЩИХСЯ СТАРШИХ КЛАССОВ 
 
Современная жизнь ставит перед молодежью задачи, которые требуют активного включения 
в  социальные  отношения,  во  взаимодействие  с  людьми  и  социальными  институтами  в 
экономической, политической и духовной сферах. 
Проблема  раннего  выявления,  воспитания  и  развития  будущих  лидеров  в  настоящее  время 
активно  исследуется  в  педагогике  и  в  психологии  разных  стран  мира.  Растет  ее  популярность  в 
отечественной  психолого-педагогической  науке  и  образовательной  практике.  В  современных 
условиях развития общества подготовке будущих лидеров является стратегической государственной 
задачей. Ее решение способствует прогрессу общества, обеспечивает национальную безопасность [1, 
151]. 
Казахстанское  общество  нуждается  в  деловых  личностях,  которые  могут  и  должны 
организовать  людей  на  решение  возникших  социальных,  экономических  и  политических  проблем. 
Нужны лидеры. Но лидерами не рождаются, их необходимо растить. Становление лидера  - процесс 
длительный  и  сложный.  Чем  раньше  начнется  формирование  и  развитие  лидерских  качеств,  тем 
раньше  личность  будет  способна  к  ответственной  деятельности.  Учитывая,  что  склонность  к 
лидерству ярко проявляется в подростковом и юношеском возрасте, представляет интерес изучение 
феномена лидерства именно в школьных коллективах. 
Наличие  лидерских  качеств  у  старшеклассников  позволяет  уверенно  себя  чувствовать, 
гармонично  расти  и  развиваться,  смело  ставить  перед  собой  цели  и  задачи,  а  также  положительно 
влияет  на  сплоченность  коллективов,  характер  взаимодействия  и  эмоциональную  окраску 
взаимоотношений  между  учащимися,  создает  возможности  разрешения  и  предупреждения 
конфликтов в коллективе [2, 37]. 
Лидерство это не только умение вести за собой других, но и умение управлять собственной 
жизнью.  Мы  можем  прожить  всю жизнь, следуя  за  кем-нибудь,  претворяя  в  жизнь  чужие желания, 
потребности и мечты, принося в жертву свои собственные. Мы можем достичь того уровня развития, 
который  поставили  перед  собой  другие.  Мы  теряем  большую  часть  своей  способности 
самостоятельно  определять  каждый  шаг  своей  жизни,  а  наша  «личная  сила»  и  «лидерство» 
оказываются  не  в  наших  руках,  где  они  должны  находиться,  а  в  руках  окружающих  нас  людей, 
культуры и общества. 

117 
 
Создать  хороший  социально-психологический  климат  в  спортивном  коллективе,  подобрать 
команду так, чтобы все ее члены не только успешно взаимодействовали на площадке спорт зала, но и 
гармонировали между собой как личности, построить правильные взаимоотношения в коллективе  - 
большое искусство и большой педагогический труд. 
Современная теория предлагает различные подходы, основанные на использовании методик, 
оказывающих  влияние  на  физическую  и  технико-тактическую  подготовленность,  при  этом 
отмечается высокая роль лидеров в достижении командного результата. Возможность формирования 
лидерских  способностей  трактуется  по-разному,  что  подтверждается  отсутствием  единства  во 
взглядах. 
Существует  мнение,  что  психофизическое  состояние  лидера  может  оказывать,  как 
положительное, так и отрицательное воздействие на эффективность игровых действий команды. 
Лидер - это личность, за которой все остальные члены группы признают право брать на себя 
наиболее  ответственные  решения,  затрагивающие  их  интересы  и  определяющие  направление  и 
характер деятельности всей группы [3, 263]. 
-  индивид,  обладающий  наиболее  ярко  выраженными,  полезными  (с  точки  зрения 
внутригруппового интереса) качествами, благодаря которым его деятельность оказывается наиболее 
продуктивной. Такой лидер служит образцом для подражания, своеобразным «эталоном», к которому 
должны,  с  точки  зрения  групповых  ценностей,  примыкать  другие  члены  группы.  Влияние  такого 
лидера  основано  на  психологическом  феномене  отраженной  субъективности  (т.е.  идеальном 
представлении других членов группы) [3, 179]. 
-  лицо,  за  которым  данное  сообщество  признает  право  на  принятие  решений,  наиболее 
значимых  с  точки  зрения  группового  интереса.  Авторитет  этого  лидера  основан  на  способности 
сплачивать,  объединять  других  для  достижения  групповой  цели.  Такое  лицо,  независимо  от  стиля 
лидерства (авторитарного или демократического), регулирует взаимоотношения в группе, отстаивает 
ее  ценности  в  межгрупповом  общении,  влияет  на  формирование  внутригрупповых  ценностей,  и  в 
некоторых случаях символизирует их. 
Психологическое  состояние  лидера  команды  в  значительной  степени  не  влияет  на 
коэффициент  полезности  игрока,  но  влияет  на  эффективность  соревновательной  деятельности 
команды  в  целом.  Это  объясняется  тем,  что  лидеры  в  спортивной  команде  обладают  высокой 
степенью психологической устойчивости, которая позволяет ему преодолеть собственное негативное 
состояние  перед  игрой.  При  этом  наблюдается  снижение  взаимосвязи  между  игроками  и  лидером 
команды,  что,  в  свою  очередь,  приводит  к  снижению  эффективности  командных  действий.  Как 
показывают  проведенные  исследования,  лидерские  качества  необходимо  формировать  в  учебно-
тренировочном  процессе  у  всех  учащихся.  Перед  соревновательной  деятельностью  целесообразно 
оказывать  корректирующее  психолого-педагогическое  воздействие  только  на  ярко  выраженного 
лидера команды. 
Рассмотрев  черты  лидеров,  можно  судить  о  тех  качествах,  которые  ценятся  в  классе.  Это: 
высокий  интеллект,  эмпатия,  умение  понять  окружающих,  а  также  уверенность  в  себе, 
независимость,  воля,  т.е.  установлены  черты  личности,  которые  способны  влиять  на  становление 
статуса  лидера  или  приближенного  к  нему  статуса  «звезды»  в  классе.  Таким  образом,  существует 
возможность  для  «отвергаемых»  повысить  свой  статус.  Сознание  групповой  принадлежности, 
солидарности, товарищеской взаимопомощи - не только облегчает подростку некоторое независимое 
существование  от  взрослых,  но  дает  ему  чрезвычайно  важное  для  него  чувство  эмоционального 
благополучия и устойчивости. Сумел ли он заслужить уважение и любовь равных, имеет решающее 
значение для юношеского самоуважения. Исследование может помочь ребятам лучше понять себя и 
задуматься  о  тех  качествах  личности,  которые  могут  положительно  сказаться  на  их  положении  в 
классе.  
В  современной  социальной  психологии  существует  три  подхода  к  изучению  лидерства. 
Влияют  ли  черты  личности  лидера  на  его  положение  в  группе  (его  статус)  или  его  личностные 
качества не играют роли совсем? Этот вопрос меня очень заинтересовал.  
«Теория  черт  лидера»  исходит  из  того,  что  лидерами  люди  рождаются.  Ряд  врожденных 
свойств и характеристик индивида (сила и подвижность нервных процессов, экстравертированность, 
способность  к  эмпатии  -  сочувствию,  ярко  выраженные  эвристические  и  интеллектуальные 
способности),  как  утверждают  сторонники  этой  теории,  позволяют  ему  занять  господствующее 
положение в любой ситуации и взять на себя роль ведущего, т.е. лидера [4, 94]. 
В  жизни  имеется  сколько  угодно  случаев,  когда  лица,  отмеченные  сильной  волей, 
интеллектом и другими достоинствами, так и не стали лидерами. По данным Е. Дженнингс, почти в 

118 
 
каждой  группе  есть  члены,  превосходящие  лидеров  по  уму,  способностям,  однако  они  не  имеют 
статуса лидера. 
В 50-х годах «теорию черт лидера» сменила концепция «лидерства как функции группы» (Р. 
Крачфилд,  Д.  Креч,  Г.  Хоманс),  а  также  «теория  лидерства  как  функции  ситуации»  (Р.  Бейлс,  Т. 
Ньюком, А. Харе) [4, с. 183]. 
Теория  «лидерства  как  функции  группы»  исходила  из  того,  что  феномен  лидерства  есть 
результат  внутригруппового  развития,  все  члены  группы  в  той  или  иной  степени  участники  этого 
процесса,  а  лидер  -  это  член  группы  с  наибольшим  статусом,  который  наиболее  последовательно 
придерживается норм и ценностей группы [4, с. 194]. 
Третья точка зрения - «теория лидерства как функции ситуации» – в настоящее время самая 
распространенная  [5,  с.  84].  Наблюдения  над  тем,  как  одни  и  те  же  лица  в  разных  группах  могут 
занимать  разное  положение,  играя  в  них  различные  социальные  и  межличностные  роли  (ребенок 
может  быть  лидером  среди  ребят  своего  двора  и  «отвергаемым»  в  классе;  учитель  может  быть 
лидером  в  своем  коллективе  и  «ведомым»  в  семье  и  т.д.),  привели  исследователей  к  выводу,  что 
лидерство  –  это  не  столько  функция  личности  или  группы,  сколько  результат  сложного  и 
многопланового влияния различных факторов и ситуаций. 
В  пределах  одного  школьного  класса  всегда  можно  выделить  школьников,  которым  лучше 
других  дается  организация  и  проведение  спортивных,  культурно-массовых,  общественно  полезных, 
туристских и других мероприятий. Имеются случаи, когда в группе появляется универсальный лидер 
(он и самый подходящий капитан волейбольной команды, и самый лучший капитан команды КВН, 
только он может лучше других организовать проведение вечера или выпуск стенной газеты, только с 
ним можно быть уверенным, что в походе быстро разобьешь палатки и т.д.). Однако, как правило, в 
различных ситуациях выдвигаются различные лидеры. 
Еще в 50-х годах Р. Бейлс экспериментально выявил, что в каждой малой группе выдвигается 
как  минимум  два  типа  лидеров:  эмоциональный  и  инструментальный.  Функция  эмоционального 
лидера – психологический климат в группе, забота об оптимальном урегулировании межличностных 
отношений.  Обычно  он  выступает  в  роли  арбитра,  советчика.  Инструментальный  лидер  –  тот  член 
группы,  который  берет  на  себя  инициативу  в  специфических  видах  деятельности  (благодаря  своей 
особой компетентности в тех или иных делах) и координирует общие усилия по достижению цели. К 
подобным  выводам  пришли  и  другие  американские  исследователи.  В  советской  литературе  было 
отмечено,  что,  правильно  понимая  роль  ситуации  для  проявления  лидерства,  американские 
исследователи,  однако,  определяют  саму  ситуацию  лишь  как  сумму  неких  психологических 
ожиданий  группы.  Если  верно,  что  лидер  должен  психологически  соответствовать  ожиданиям 
группы, то уже совершенно неправомерно сводить ситуации к психологическим состояниям [1]. 
Лидерство – один из способов дифференциации группы в результате деятельности, общения и 
взаимодействия ее членов. Возникнув как результат общения и взаимодействия индивидов в составе 
группы,  лидерство  становится  сложным  социально-психологическим  феноменом,  в  котором, 
определенным  образом,  фокусируются  и  проявляются  важнейшие  характеристики  группового 
развития,  имеющие  не  только  психологическую  или  эмоционально-психологическую,  но  в  первую 
очередь  социальную  и  классовую  природу  и  сущность.  Попытки  вывести  лидерство  из  чисто 
психологических  отношений  между  членами  малых  групп  и  противопоставить  его  руководству  как 
процессу,  имеющему  исключительно  социальную  и  политическую  природу,  характерны  для 
современной  американской  социальной  психологии,  которая  рассматривает  малые  группы  в 
основном в качестве эмоционально-психологической общности людей [5, 89]. 
Опираясь  на  труды  отечественных  и  зарубежных  исследователей,  считаем  необходимым 
формирования  лидерских  качеств  у  учащихся.  Развитие  лидерских  качеств  можно  при  создании 
педагогических  условий,  способствующих  развитию  качеств лидера. Для этого  необходимо  создать 
временное  или  постоянное  поле  для  социального  развития  личности  ребенка,  выбрать  наиболее 
целесообразные  виды  деятельности,  способствующие  проявлению  и  формированию  лидерских 
качеств  у  детей.  Используя  эффективные  педагогические  технологии  руководства  и  современные 
диагностические  методики  необходимо  выявлять  детей  с  развитыми  организаторскими 
способностями, обеспечивать формирование и развитие лидерских качеств.  
Формирование  лидерских  устремлений  старшеклассников  проходит  успешно  в  рамках 
программы,  объединяющей  проведение  обучения  лидерству,  тренинг  развития  лидерских  качеств  и 
создание  в  школе,  позволяющей  и  поощряющей  проявление  лидерства.  Обучение  лидерству 
представляет  собой  специально  организованное  взаимодействие  психолога  с  учениками  в  рамках 
лекционно-семинарских курсов, направленное на формирование у них базовых компетенций в сфере 

119 
 
лидерского  поведения.  Развитие  качеств  лидера  включает  развитие  у  старшеклассников жизненных 
ориентаций;  совершенствование  эмоциональной  саморегуляции;  укрепление  волевой  сферы 
личности;  формирование  умения  оказывать  влияние  на  других  людей;  повышение  самооценки. 
Создание  в  школе  среды  лидерства  предусматривает  проведение  с  учениками  организационной 
работы  в  соответствии  с  условиями,  позволяющими  проявиться  и  закрепиться  у  них  лидерским 
качествам. 
Список литературы: 
1.
 
Кунакбаева  А.  М.  Развитие  лидерских  качеств  у  старших  школьников  //  Научно-методический 
электронный журнал «Концепт». – 2015. – Т. 10. – С. 196–200 
2.
 
Мурашов А. Как выделить лидера в ученическом коллективе // Народное образование.  – 2001. –
 №8. – С. 151- 159. 
3.
 
Бреслав,  Г.М.  Эмоциональные  особенности  формирования  личности  в  детстве:  норма  и 
отклонения / Г.М. Бреслав.– М.: Просвещение, 2000. 
4.
 
Майерс Д. Социальная психология. – СПб.: Питер, 2000. – 688 с. 
5.
 
Менчинская, М.А. Приёмы самоуправления позновательной деятельностью и развитие личности. 
Теоретические  проблеммы  управления  познавательной  деятельностью  человека[Текст]  /М.А. 
Менчинская. – М.: Просвещение, 1978. 
 
 
УДК: 375 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет