П у бли ка сы м әдениет, а қ п а ра т ж ә н е қ о ға м д ы қ к е л іс ім м и н и с т р л іг ін щ м ем л е к етт ік тілді дам ы ту бағдарламасы



Pdf көрінісі
бет289/497
Дата14.10.2023
өлшемі38,54 Mb.
#113886
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   497
Байланысты:
kazak grammatikasy fonetika sozzhasam morfologiia sintaksis

СӨЗЖАСАМ
лады. Әр сөз табы ндағы саналуан сөзжасамдық 
типтерге қарап, сөзж асам ды қ м ағы н ан ы ң мол- 
ды ғы н, түрлілігін аңғаруға болады.
О ған сөзж асам ды қ басқа тәсілдер арқылы 
жасалған туынды сөздердің сөзжасамдық м ағы - 
налары қосы лғанда, сөзж асам ды қ м ағы н ан ы ң
аумағы өте кең екені аңғарылады . Бірақ анали- 
тикалық, лексика-сем антикалы қ тәсілдер арқы - 
лы жасалған туындылардың сөзжасамдық типке 
қатысы мүлдем зерттелген ж оқ. Тек осы тәсілер 
тұрғы сы нан емес, жалпы тілдегі созж асамдық 
типтердің м ағы насы аны қ деуге әлі ерте.
М ұндай тұрғы да зерттеу ж асалм ай, тілдегі 
сөзжасамдық әр мағы на туралы пікір айту мүмкін 
емес. Бұл тілдегі сөзж асам ды қ м ағы наны ң ішкі 
құры лы мы әзір а н ы қ емес дегенді білдіреді. 
Өйткені тілде қанш а сөзжасамық тип бары аны қ 
болм ағанды қтан, қанш а сөзж асам ды қ м ағы на 
бары белгісіз болады. Сондықтан да тілдің сөзжа- 
самды қ м ағы насы ны ң ішкі құры лы м ы н ан ы қ- 
тау зерттелуін күтіп тұрған мәселеге жатады.
2 .5 . Т У Ы Н Д Ы С Ө З Д Е Р , О Л А Р Д Ы Ң Т Ү Р Л Е Р І
Туынды сөздер деген терм иннің қолданым- 
ға түскеніне көп уақыт болған ж оқ. Ол осы 
еңбекте қолданылатын мағы нада “ Қазіргі қазақ 
тілінің сөзжасам ж үйесі” деген м онограф иялы қ 
еңбекте алғаш рет қолданы лған болатын. Бұл 
м он ограф и яға дей ін туынды түбір, қос сөз, 
күрделі сөз, біріккен сөз, қы сқар ған сөз деген 
сияқты терм индер қолданы лы п келді. Ал олар- 
’дың бәрі - сөзжасам нәтижесінде тілге қосылған 
сөздердің түрлері. Олар тілдегі алғаш қы негізгі 
түбірлерге қарағанда, кейінгі құбылыстарға жа- 
тады. Осы сөзж асам әрекетінің нәтижесінде әр 
кезеңде тілге қосы лы п оты рған, сөзж асамдық 
түрлі тәсілдер арқы лы түрлі тұ л ғаға ие болған 
сөзж асамдық л екси кал ы қ нұсқаларды ң жалпы 
ортақ термині болған ж оқ еді. Сондықтан сөзжа- 
самдық әрекеттің нәтижесінде тілге қосы лған 
лексикалы қ нұсқалардың бәрін қамтитын туын- 
ды сөз деген термин қолданы лған болатын.
Осымен байланысты 
туынды сөздер
деген 
термин созжасам арқылы жасалған туылымдар- 
дың ортақ атауы ретінде қолданылып отыр.
Тілдің сөзжасам саласының зерттейтін негізгі 
нысанасы - туынды сөздер. Туынды создер - 
тілдің сөзж асамдық тәсілдері арқы лы ж асалған 
лексикалық нұсқалар (единицалар). Мысалы, 
ағар,
бітім, келісім, белдік, кэсіптік, қаламгер, озат,
сөзшен
сияқты туынды түбірлер сөзжасамның
м орфологиялық тәсілі арқылы ж асалған туынды 
сөздер. Ал 
баданакөз
(өсімдік), 
бірталай, жел қақты,
жолсерік, көксоккан, карашайыр
(өсімдік), 
отка-
салар, торкөз, ұзын сонар
т.б. осы сияқты күрделі 
сөздер созжасамның синтаксистік тәсілі бойынша 
ж асалған туынды сөздер. Ал 1) 
а б за л -щ
рал. 
Ат
кораға барып ат абзалдарының кемшілігін түзей
бастады; 2) абзал -
қадірлі, құрметті - 
Көріскен-
ше кош, сау бол, абзал анам
(О маров); 3) 
абзал -
жөн, дұрыс. 
Онда колхозға түгел көшкендерің аб-
зал болар
(Нұртазин) дегендегі 
абзал
сөзінің бірне- 
ше м ағы н а беріп, бірнеше сөз қызметін атқаруы 
сөзжасамның семантикалық тәсілі арқылы жасал- 
ған туынды сөз болуына жатады. С оны м ен ту- 
ынды сөздерге қосымш а арқылы жасалған туын- 
ды түбірлер мен синтаксистік тәсіл арқы лы жа- 
салған күрделі сөздер, сөзжасам тәсілінің барлық 
түрі арқы лы ж асалған туындылардың бәрі жата- 
ды, туынды сөздер - тілдің сөзжасамдық әрекетінің 
нәтижесі.
Қ азақ тілінің сөздік қоры туынды сөздерге 
өте бай. Егер тілдегі түбір сөз бен туынды сөзді 
салыстырса, ол екеуінің арасындағы айырмаш ы- 
л ы қ өте зор. Ө йткені тіліміздің сөзжасам жүйесі
- тым көне замандардан келе ж атқан құбылыс, 
оның барлық кезеңінде тілге туынды сөздер үнемі 
қосылып отырған. Сондықтан ең көне жазба ес- 
керткіш саналаты н орхон ж азбалары ны ң өзінде 
туынды сөздер көптеп кездеседі. Содан бері ту- 
ынды сөздер тілге үздіксіз қосы лы п оты рған. 
Туынды сөздердің қазақ тілінің тарихында сөздікке 
ең мол қосы лған кезі - соңғы 70-80 жыл, яғн и
соң ғы кезең. Еліміз егемендік алған ы н ан бергі 
кезеңде қоғам дағы жаңалықтармен байланысты 
ж аңа сөздер тілге оте көп қосы лы п жатыр. Бұл 
кезеңдерде тілімізге туынды сөздердің қосылу 
қарқы н ы өте күшті. Осының нәтижесінде тіліміз 
ту ы н д ы с ө з д е р м е н о р а с а н б а й ы д ы . Қ а зір
тіліміздегі негізгі түбір сөздермен салы сты рған- 
да, туынды сөздер олардан әлдеқайда көп.
Сөз байлы ғы м ы зды ң осы ең мол тобы бо- 
лып табылатын туынды сөздер іштей алуан түрлі, 
оның себебі - туынды сөздер түрлі-түрлі тәсілдер- 
мен жасалған. Тілдің сөзжасам жүйесі өте күрделі, 
ол түрлі-түрлі тәсілдерді қамтиды. С оған орай 
туынды сөздердің құрамы, құрылысы саналуан. 
Олардың ортақ белгілері де жеткілікті. Сонымен 
бірге туынды создердің тілдің басқа құбылыста- 
рына ұқсастығы да бар. Мысалға туынды создердің 
созформаларға да, сөз тіркестеріне де ұқсастығы 
бары аны қ, сондықтан оларды дұрыс ажырату 
керек. Осы жағдайлардың бәрі туынды сөздердің


өзіндік белгілерін көрсетудің қажеттігін туғыза- 
ды.
Алдымен 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   285   286   287   288   289   290   291   292   ...   497




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет