Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының хабаршысы ғылыми-педагогикалық журнал



Pdf көрінісі
бет13/22
Дата16.02.2017
өлшемі1,94 Mb.
#4227
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22

___________________            
1.Матюшкин  А.М.  Основные  направления  исследования  мышления  и  творчества  //  
Психологический журнал.-1984.-№ 1.-С.9-17. 
2.Богоявленская  Д.Б.  Интеллектуальная  активность  к  проблема  творчества.  Ростов-
на-Дону,-1983,176 с. 
3.Матюшкин А.М. Психологическая структура, динамика и развитие познавательной 
активности // Вопросы психологии.-1982.-№4 
4.Асеев В.Г. Мотивация поведения и формирования личности. М., 1976. 
5.Петровский  В.А.  К  психологии  активности  личности  //  Вопросы  психологии. 
1975.№ 3. 
6.Асмолов  А.Г.,  Петровский  В.А.  О  динамическом  подходе  к  психологическому 
анализу деятельности. // Вопросы психологии.-1978.№ 1 
7.Бердяев Н.А. Философия свободного духа.- М.,1994. 
8.Грязев В.Г. Экологическая  психология творческой личности: обучение в контексте 
развития личности как субъекта культуры.-Челябинск: Полиграф-мастер, 2000.-276 с. 
9.Рубинштейн  С.Л. Основы общей психологии.-М.,1946. 
 
 

 
108 
А. Рыскулова 
 
ДАМЫҒАН ЕЛДЕРДІҢ ЖОҒАРЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ 
ЖҤЙЕЛЕРІНДЕГІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҤДЕРІСТЕРІНЕ  
САЛЫСТЫРМАЛЫ ТАЛДАУ 
 
ӘӚЖ +001.895 
       Р 94 
 
Дамыған  елдерде  дүние  жүзі  халқының  15  пайызы  тұрады.  Шамамен  әлемде 
нақты  32  дамыған  ел  бар  деп  есептеледі.  Дамыған  елдердің  санатына  Австралия, 
Австрия,  Бельгия,  Ватикан,  Ұлыбритания,  Германия,  Греция,  Дания,  Исландия, 
Ирландия, Израйль, Норвегия, Португалия,  Сингапур,  АҚШ,  Франция, Финландия, 
Швеция, Швейцария,  Оңтүстік Корея, Жапония және   Ресей жатады. 
Дүние  жүзілік  жаһандану  жағдайында  ақпараттық  кеңістіктің    шапшаң  дамуы 
және білім беруде қазіргі әлемдегі ерекше ӛзектілік   инновациялық технологияларды 
енгізуді қолдау қажеттілігі, кез келген  дамыған елдердің саяси, экономикалық және 
мәдени тұрақтылығына   байланысты. 
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың    2005-2010  жылдарға 
арналған  Мемлекеттік  бағдарламасы  мемлекеттік  білім  беру  саясатын  жаңғыртуға 
негіз  болған.  Осы  уақыт  аралығында    Қазақстанның  білім  беру  жүйесінің  деңгейі 
дамыды және тұрақты   жұмыс жасады.  
Білім беру саласының мәселелері жан-жақты  қарастырылып, ашық есеп түрінде 
құрастырылып,  алты  жыл  бойы    жарияланып  келеді.Онда  2005-2010  жылдар 
аралығындағы  білім  беру    жүйесін  дамытудың  кӛрсеткіштері  мен  индикаторлары 
салыстырмалы   түрде талданған. 
ЮНЕСКО  мониторингі  бойынша  барлығы      үшін    Қазақстандағы    білім  беруді 
дамыту индексі (ББДИ) дамыған елдер қатарының тӛртігіне кіреді.2009 жылы біздің 
еліміз  Жапония,  Великобритания,  Германияны  артқа  тастап      129  әлем  елдерінің 
арасында  1  орынды  иеленді.  Рейтингтегі  жоғары  позиция  болуының  жетістігі,  ол 
еліміздегі  мектеп  алды  дайындық  пен  он  бір  жылдық  білімнің  міндетті  және  тегін 
болуында.  Келесі  артықшылығы  гендерлік  тұрғыда  білім  алуға  барлығы  құқылы 
болуы. 
 
ЮНЕСКО Топ-5 рейтингі бойынша 2010 жылғы білім беру деңгейі 
 
Елдер 
БДИ 
Бастауыш  
білім  беруді   
қамту 
Ересектердің   
сауаттылық   
деңгейі 
Гендерлік  
ерекшелігі 
5-сыныпқа   
дейін  білім   
алғандар   
ҥлесі 
Норвегия  
0,995 
0,987 
1,000 
0,995 
0,997 
Жапония  
0,994 
0,998 
0,992 
0,997 
0,990 
Германия  
0,994 
0,998 
1,000 
0,993 
0,984 
Қазақстан  
0,993 
0,990 
0,996 
0,992 
0,995 
Италия  
0,992 
0,994 
0,989 
0,991 
0,996 
 
Дереккӛз:  Жаппай  білім  беру  мониторингі  бойынша  дүниежүзілік  ЮНЕСКО 
баяндамасы, 2010 жыл. 

 
109 
Білім беру жүйесінің нәтижелілігі ол, 15 жастан асқан тұрғындардың сауаттылық 
деңгейі  тиімділігімен  емес,  оның  нәтижелілігімен      анықтала  –тындығыда  маңызды 
кӛрсеткіш.  Бұл  кӛрсеткіш  бойынша  Қазақстан  Жапонияны  басып  озып,.  ЮНЕСКО 
рейтингісінде 2 орынды иеленді. 
Елдегі білім  беру жүйесінің нәтижелілігі елдегі адам қорының сапасын айғақтаса 
керек,  ӛйткені  ол  білім  беру  жүйесінің  мемлекеттік  саясатын  дұрыс  жүргізу 
арқасында қол жеткен сапа болатын. 
Қазақстандық білім беру жүйесінің нәтижелілігінің тағы бір кӛрсеткіші 
Адамның  даму  потенциалы  индексі  болып  (бұдан  әрі  -  АДПИ)  табылады,  оны 
жыл    сайын  Біріккен  Ҧлттар  Ҧйымының  Даму  Бағдарламасы  (бұдан  әрі  - 
БҰҰДБ)есептейді.  Бұл  жерде  Адам  потенциалының  жоғары  даму  деңгейі  ұзақ,әрі 
байқуатты  ӛмір  сүру  («Ӛмір  ұзақтығының»  компоненті),  қажетті  білім  алу(«Білім 
алу» компоненті) және жақсы ӛмір сүру үшін қажетті ресурстарға қолжеткізу («Ӛмір 
деңгейі» компоненті) мүмкіндігін айтып отыр. 
БҰҰДБ  рейтингісінде  Қазақстан  Адам  потенциалы  жоғары  деңгейде  дамыған  
елдердің  тобына  қосылып,  169  әлем  елдері  арасында  66  орынға  табан  тіреп,бір 
жылдың ішінде 16 орынға ілгері жылжыған.  
Сонымен қатар Қазақстан   Белорусиядан бес позицияға, Ресейден бір позицияға 
тӛмен орналасқан. Қазақстан аталмыш топтың құрамына енген Әзірбайжан, Украина, 
Грузия    және    АДПИ  елдерінің  тобына  кірген  Түрiкменстан,  Қытай,  Молдавия, 
Моңғолия,  Ӛзбекстан,  Қырғызстан  мен  Тәжікстан  басып  озды.  БЭФ  мәліметіне 
сәйкес, Қазақстанның білім беру жүйесі  сапасын  сипаттайтын  Индекс  кӛрсеткішінің 
мәні  2005-2010  жылдары  тұрақты  түрде  тӛмендеген.  Бұл  Қазақстанның  ұстанымы, 
басқа  елдердің  бiлiм  беру  жүйесінің    бәсекеге  қабілеттілігі  рейтингісінде  тӛмендігін 
айғақтайды.  
2005  жылы  отандық    бiлiм  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігі  бойынша  50 
орыннан кӛрінсе, 2010 жылы Қазақстан жүз отыз тоғыз елдің ішінде 93 орынға бірақ 
шықты.Ал, 2009-2010 жылдары тағы 27 орынға күрт тӛмендеді (БЭФ - бұл негізі 1971 
жылы құрылған тәуелсiз халықаралық ұйым.  
Шта пәтері Женева қаласында (Швейцария) орналасқан. БЭФ елдерiн салыстыру 
үшiн,  әлемдік  қауымдастық  деңгейінде,  жан-жақты  кӛрсеткіш  болып  есептелетін 
Жаһандық Бәсекеге қабілеттіліктің ғаламдық  индексі (бұдан әрi - БҚҒИ). 
Қазақстан  үшiн  индекстiң  мәні  қазақстандық  серiктестiктердiң  жетекшiлерiнiң  
сұрауы негiзінде анықталды. Олар «Еліміздегі білім беру жүйесі қаншалықты жақсы 
дамыған? Ол экономиканың бәсекеге қабілеттілік талаптарына сәйкес келе ме?» деген 
сауалдарға «1» (сәйкес келмейді) «7» (сәйкес келеді) дейінгі  аралықтағы бағаны қоя 
отырып,  жауап  беру  керек  болды.  Қазақстан  үшiн  2010  жылда  индекстiң  мәні  3,3 
деңгейінде  қалыптасты.  Демек,  қазақстандық    серiктестiктер  жетекшiлерiнің  ойлары 
отандық  бiлiм  беру  жүйесi,  шынтуайтына    келгенде,  экономикалық  бәсеке 
талаптарына сәйкес келмейді деген пікірге түйісті.  
2010 жылы ең нашар кӛрсеткіш (рейтинг бойынша 100 орыннан да тӛмен). «Оқу 
орындарын  басқару  сапасы»,  «Ғылыми-зерттеу  және  ҒЗТКД  саласындағы  бизнес 
және  университеттердің  ӛзара  ықпалдастығы»  және  «Ғалымдар  мен    инженерлердің 
қолжетімділігі» кӛрсеткіші бойынша тіркелді. Компаниядан ҒЗТКД (ғылыми-зерттеу, 
тәжірибелік-конструкторлық  дайындау)  шығын    аз  бӛлінеді,  компания  мен 
университттің зерттеу ынтымақтастығы әлсіз екені  байқалады. 
Елдің  рейтинг  кӛрсеткішіне  әлемдік  тәжірибедегі  білім  беру  деңгейін  анықтау 
бағыттарының  әртүрлі  болуы әсер етеді.  Мысалға алатын  болсақ, Европа   елдерінде 

 
110 
бастауыш білім берудегі тұрғындарды қамту 4-5 жасқа дейін болса, Казақстанда 6-7 
жас.  ЮНЕСКО  құрастырған  Білім  берудің  Халықаралық      стандартты 
класификациялары  (БХСК),  негізгі  білімнің  баспалдағы  болып    бастауыш  білімге 
дейінгі  білім  беру  болса,  ол  қазақстандағы  мектепке  дейінгі  білім    берудің 
мазмұнымен  міндеттеріне  сәйкес  келеді.  Сӛйтіп,  Қазақстандағы  бастауыш  білімнің 
кеш басталуы мен ерте  аяқталуы, сонымен қатар әртүрлі методологиялық шешімдер 
бағалау шамасының   кӛрсеткіштеріне әсер етеді. 
IMD  Халықаралық  менеджментті  дамыту  институтының  әлемдік  бәсекеге 
қабілеттілікті меңгеру Орталығы (Швейцария, Лозанна қаласы) құрастырған рейтинг, 
білім  беру  жүйесінің  сапасын  бағалауға  қатысты  мемлекеттердің  бәсекеге   
қабілеттілігінің  балама  рейтингі  болып  табылады.  Бұл  рейтингтің  басты  ерекшелігі, 
сұрау  арқылы  алған  мәліметтерге  емес,  статистикалық  мәліметтерге  баса  назар  
аударады,  екінші  жағынан,  қатысушы  мемлекет  -тердің  санының  аз  болуы.  Сол 
себепті, БЭФ рейтингісіне 2010 жылы 139 мемлекет қатысқан болса, IMD  рейтингісі 
бойынша 58 мемлекет қатысты. 
Қазақстан үшiн «Бiлiм беру» кӛрсеткiшi едәуiр жақсарды, соның арқасында 
қазақстандық  бiлiм  беру  жүйесі  2009  жылы  3  орынға  жоғарылады.  Сӛйтіп,  2010 
жылдың  қорытындысы  бойынша  IMD  рейтингісі  бойынша  40  орынға      орналасты. 
Білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мен  сауатсыздықты  жою  жолындағы      жетістіктерді 
сипаттайтын  кӛрсеткіштер  де  тым  жақсы.  Қазақстан  соңғы  үш  жылда    1  орыннан 
табылып  келеді.  Сондай-ақ,  шетелде  білім  алып  жатқан  (мысалы,  «Болашақ» 
халықаралық  стипендиясы  аясында  білім  алу)  Қазақстандық      студенттердің  саны 
бойынша 12 орынды иеленіп келеді.  
Егер  белгілі  бір  нормаға  келтіретін  болсақ  (мысалы  үшін,  екі  рейтингіде  100 
мемлекеттің  білім  беру  жүйесі  қатыстырылып  отыр  делік),  онда  БЭФ  рейтингісінде 
қазақстандық білім беру жүйесі 67 орынға орналасса, ал IMD рейтингісі бойынша 69 
орынға шығады. Кӛріп отырғанымыздай, шет елдермен салыстырғанда қазақстандық 
білім беру жүйесі сапасы онша жоғары  емес.  
Сонымен қатар, «Newsweek» американдық қоғамдық-саяси журналының зерттеу 
нәтижесі  бойынша  2010  жылы  Қазақстан  білім  беру  деңгейі  бойынша  ең  үздік  100 
әлем елдері рейтингісінде 14 орынды иеленгенді.   Отандық білімнің беделін әлемдік 
білім беру кеңістігіне кӛтеруде, қазақстандық білімнің бейнесін және тартымдылығын 
әлемдік білім нарқында арттыруда кӛптеген шешімдерді қабылдауды талап етеді.  
Қазақстан   Республикасы Білім және ғылым Министрлігі еліміздегі білім берудің 
бәсекеге  қабіліттілігін  қамтамасыз  етуде  нәтижелі  жұмыстар  жүргізуде. 
Қазақстанның  Бәсекеге  қабілеттіліктің  ғаламдық  индексіндегі  жоғарғы  позициядан 
кӛрінуі   ҚР БҒМ Стратегиялық жоспарындағы БЭФ индикаторы екені белгілі болды, 
ӛйткені    бұндай  нәтижелі  істер  қазақстандық  білім  беру  сапасына  ғана  емес,ел 
тұрғындарының ӛмір сүру сапасы мен тұрмысын ың жоғарылауына әсер етеді.  
Қазақстан  Республикасы  бiлiм  берудi  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
Мемлекеттiк  бағдарламасының  іске  асыру  кезінде  жоғарғы  білім  беру  жүйесінде 
нақты  нәтижелерге  жетті.  Қазақстандағы  жоғары  мектеп  үш  деңгейлі  білім  беру 
жүйесіне кӛшті:  
-
 
бакалавриат, магистратура және докторантура PhD. Жаңа жүйе Қазақстан  
Республикасы «Білім беру» Заңында ӛзінің құқықтық бекітуін тапты (2007 жыл). 
Қазақстанның  жоғарғы  мектебінің  мақсаты  жоғарғы  білімнің  европалық  кеңістігіне 
кіру болып табылады. 2010 жылы Будапешт (Венгрия) пен Вена (Австрия) қаласында 

 
111 
ӛткен Білім беру Министрліктерінің ІІ Болон Форумында   қатысушы мемлекеттердің 
шешімімен Қазақстан Болон процесіне қосылды.  
Болон  Декларациясына  қол  қою  жоғары  академиялық  мектептердің  әлемдік 
стандарттарға  сәйкес  келу  үшін  жасалған  қыруар  жұмыстың  нәтижесі  болып 
табылады. Қазақстандық жоғары білім беру жүйесінің халықаралық деңгейден  орын 
алуына  ӛз  ықпалын  тигізеді.  Болон  декларациясы  принциптерін  енгізу  ісін    жүзеге 
асыру  барысында  60  қазақстандық  жоғары  оқу  орны  Ұлы  Университеттер 
Хартиясына  қол  қойды.  2005  жылы  Ұлттық  аккредитациялық  орталық  құрылды. 
Жоғары  білім  беру  саласындағы  сапаны  кӛтеруде  АҚШ  және  Европа  елдерінің 
тәжірибесіне сүйеніп, методологиялық білім беру сапасын сырттай бағалау (лицензия 
беру, 
аттестация, 
аккредитация, 
саралау, 
орталықтандырылған 
тесттер) 
құрастырылған.  Ұлттық  аккредитациялық  орталық  Халықаралық  жоғарғы  оқу 
орындарының  сапасын  қамтамасыз  ету  желісінде  (INQAAHE),ТМД  және  Балтика 
елдерінің  Евразиялық    білім  сапасын  қамтамасыз  ету  желісінде  (ЕСОКО),  Азия-
Тынық  мұхиттық      желісінде  (APQN),  Жоғары  сапалы  білім  берумен  қамтитын 
Еуропалық      ассоциацияның  және  Ислам  әлемі  елдеріндегі      Жоғары  сапалы  білім 
берумен   қамтитын агенттіктері болып табылады(OIC).  
Ұлттық институттық аккредитациядан 2009 жылы 9 ЖОО, 2010 жылы  24 ЖОО 
ӛтті.  Халықаралық  арнайы  аккредитация  3  ЖОО  (2009  жылы),  2010  жылы  7  оның 
ішінде  2  ұлттық  ЖОО  ӛтті.  Білім  беру  қызметінің  сапасын  арттыру  үшін  отандық 
университеттер  халықаралық  рейтингтерге  және  басқа  да  білім  беру      жобаларына 
2010  жылы  Л.Н.Гумилев  атындағы  Еуразия  ұлттық  университеті      Times  Higher 
Education  деп  аталатын  британдық  рейтингке  қатысып,  ең  үздік  500  әлемдік  ЖОО 
арасында  431  орынды  иеленді.Республикадағы  жоғары  оқу  орындарында 
экспериментальдық  бағдарламалар  енгізілуде.  Қашықтықтан  оқыту  технологиясы 
2007  жылы  17,  2010  жылы  42  ЖОО  енгізілді.  Қазақстандағы  жоғары  мектепте 
қашықтықтан  оқыту    технологиясы  әлемдік  тәжірибеге  сүйеніп,  инновацияны 
нәтижелі қолдану   бейімділік арқылы қолданылады.  
2009 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрлігінде 
европалық трансферттік несие жүйесі енгізіліп, жұмыс жасауда  (ECTS),бұл Ұлттық 
несиелік технологиямен қатар жүрді.  
Халықаралық    президенттік  «Болашақ»  бағдарламасы  аясында  шетелдік    
университеттерде      жас      мамандар      даярланып      жатыр.    2005-2010    жылдар  
аралығында   бакалавриатта - 3379   адам,  магистратурада   2964,  докторантурада 112  
бітірген,   барлығы  6465   адамды   құрайды.  
ҚР Білім және ғылым министрлігі қызметінің басты бағыты жоғары және жоғары 
оқудан  кейінгі білім  беруді интернационализациялау болып  табылады. Қазіргі таңда 
қазақстандық  ЖОО  Ұлыбритания,  Испания,  Германия,Чехия,  АҚШ,  Канада,  Ресей 
және  т.б.  елдердің  алдыңғы  қатарлы  университеттерімен  бірлескен  білім  беру 
бағдарламаларын  енгізу  бойынша  ынтымақтастық  туралы  80  астам  меморандумды 
жүзеге асыруда.  
2009-2010  жылдары  халықаралық  әріптестікпен  жұмыс  қарқында  жүзеге  асты. 
Қазақстандық білім беру құжаттырының жет мемлекеттерде мойындалу жағдайлары 
және  соған  байланысты  сұрақтарды  шешу  үшін,  NARIC  –  Kazakhstan      Қазақстанда 
Ұлттық  ақпараттық  орталық  құрылды,  бұл  орталықтың  қызметі  Болон      процесінің 
анықтамасымен  халықаралық  ақпараттық  білім  беру  серіктестік    шешіміне  сәйкес 
болып отыр.  

 
112 
2005-2010  жылы  Қазақстан  ЖОО  700  оқытушылары  шетелдік  үздік 
университеттерінен  тәжірибеден  ӛтті.  ЕС  (COMETT,  ERASMUS,  LINGUA, 
SOCRATES  т.б.)  ұлттық  бағдарламалар  аясында  оқытушылар  мен  студенттердің  
арасында  тәжірибе  алмасу  жүргізіледі.  ЮНЕСКО,  ТЕМПУС,  ДААД,  Дүниежүзілік 
банк, 
АЙРЕКС, 
ИНТАС, 
КАРНЕГИ, 
Британдық 
Кеңес 
және 
т.б. 
халықаралық,шетелдік, 
аймақтық 
және 
ұлттық 
ұйымдар, 
қорлар 
және 
бағдарламалармен  ғылыми-педагогикалық байланыстар орнатылды.  
Болон  процессінің  негізгі  бӛлігі  ЖОО  оқытушылар  мен  студенттерді 
академиялық мобильдікке бағыттайды. Білім беру процесіне несиелік технологиясын 
енгізу  академиялық  мобельдіктің    нәтижелік  механизмдерінің  бірі.  Республикадағы 
ЖОО шапшаңдықты дамыту басқа ЖОО  тәжірибе алмасумен   жүзеге асады (ЖОО - 
әріптестер  арасындағы  келісім  шарттың  сәйкестігі,  халықаралық  ұйымдармен 
келісім,басқа  ұйымдар  қорымен)  және  оқу    бағдарламасының  негізінің  кіріктіріліп 
бірге  жасалуында.  Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың    Мемлекеттік 
бағдарламасын  іске  асыру  нәтижесінде,  білім  сапасын  кӛтеруге  бағытталған, 
стратегиялық  міндеттерді  шешетін,  жаңа  экономикалық    және  мәдениаралық 
республикадағы білім беру саласының түп - тамырына келелі  ӛзгерістер енгізілді.  
Қазіргі  таңда  «Назарбаев  Университеті»  СҚ  тәжірибиесін  жоғарғы  білім  беру 
жүйесінде  тарату  үшін,  және  Қазақстанның  әлемдік  деңгейдегі  білім  орталығына 
айналуы үшін іс шаралар жүргізілу жетілдірілуде. Жаңарту қызметтеріне бағытталған 
зерттеу  институттары  мен  жоғарғы  оқу  орындары  құрылуда.  Ұлттық  және 
Мемлекеттік жоғарғы оқу орындарында 
Назарбаев  Университеті  (қамқоршы  кеңес)  тұрпаты  бойынша  басқару  жүйесі 
енгізілуде,  бұл  әлеуметтік  жауапкершілік  ұстанымдарын  жүзеге  асыруға  және 
мемлекеттік жоғарғы оқу орындардың қызметінің ашықтығын бақылауға   мүмкіндік 
береді.  
Қортындылай      келе:  Қазақстанда  білім  беру  саласында  жүргізіліп  жатқан 
мемлекеттік  саясат  аса  маңызды  мақсатқа  -  бәсекеге  қабілетті  50  елдің  қатарына 
қосылуды  кӛздейді.  Бүгінгі  күні  қазақстандық  білім  беру  жаңа  серпінге  ие  болды. 
Қазақстанда    жүзеге  асып  жатқан  әлеуметтік-экономикалық  реформалар  білім  беру 
саласын    демократизациялаудың  оң  үрдістерінің  негізін  қалады,  жаңа  құқықтық  – 
нормативтік    базасын  құруға  және  халықаралық  ынтымақтастық  пен  әлеуметтік 
әріптестікті  белсендіруге бастады.  
Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  дамытудың  2005-2010  жылдарға 
Мемлекеттік  бағдарламасын  іске  асыру  нәтижесінде  білім  жүйесінің  барлық 
деңгейлері институционалды түрде тиісті мекемелердің желісімен қамтамасыз  етілді. 
Білім  саласы  білім  берудің  халықаралық  стандартты  біліктілігіне  сәйкес    қызмет 
етуде.  Білім  беру  сапасын  бағалаудың  Ұлттық  жүйесі  құрылды,  ол  тәуелсіз  сыртқы 
бағалаудың  элементтерін  қамтиды.  Елдің  барлық  аймақтарын  қамту  бойынша  
облыстық  білім  сапасын  бағалау  жүйесін  енгізу  жұмыстары  жалғасуда.  Техникалық  
және  кәсіптік  білім  сапасына  тәуелсіз  бағалау  енгізілді.  Қазақстан  толығымен  үш  
деңгейлі  (бакалавр-магистр-доктор  PhD)  жоғары  және  жоғарыдан  кейінгі  білім  
беруге кӛшті.  
ҚР  Президенті  Н.Назарбаевтың  "Болашақты  бірге  соғамыз"  Қазақстан  Халқына 
арналған  Жолдауында  және  Қазақстан  Республикасының  білім  беру  саласын 
дамытудың 
2011-2020 
жылдарға 
арналған 
Мемлекеттік 
бағдарламасында 
қазақстандық  білім  беру  жүйесін  одан  әрі  модернизациялаудың  тактикалық   
міндеттері мен стратегиялық мақсаттары белгіленген. Мемлекет  басшысы Нұрсұлтан 

 
113 
Назарбаевтың қолдауымен,2011-2020   жылдарға   арналған   Білім   беруді   дамыту   
бағдарламасы,   жаңа   «Ғылым  туралы »  заң   және  «Білім туралы» заң қабылданды. 
20 жылдық тәжірибеде осындай келелі міндеттерді жүктеп отырған басты мақсатқа - 
зияткер ұлт және инновациялық экономиканы   қалыптастыру ісінде күш береді.          
_____________________ 
1.«Ақиқат» ұлттық   қоғамдық-саяси журнал  2010 №6 
2.«Айқын »  2011,237-17 желтоқсан 
3.Қазақстан  Республикасы   білім   беру   жүйесінің   жағдайы мен  дамуы   туралы     
ұлттық   баяндама,  Астана  2011 
 
Аннотация.  В  этой  статье  рассматривается      сравнительно-педагогический 
анализ   инновационных  систем высшего профессионального образования развитых 
стран 
Аnnotation. This article focuses on the comparative analysis of innovative educational 
systems of higher education developed countries 
                                                                 
 
Г.Ш. Сейдалиева, Д.А. Сабекова, Г.Ҥ. Оралымбетова 
 
СТУДЕНТТЕРДІҢ ЭТНОСТЫҚ БІРДЕЙЛІГІНІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ 
 
                             
ӘОЖ 159.9 
      С12 
 
Этностық бірдейлікті  ӛз  дамуының белгілі кезеңдеріндегі, оның мәдениетінде, 
тарихында  сол  немесе  басқа  параметрлерінде,  сипаттамаларында,  оның  басқа 
этностармен  ӛзара қатынастарда кӛруге болады.   
Тұлғаның  «Мен-концепция» бӛлігінде  этностық  бірдейлік адам психикасының 
түбірлі  ӛзгерісіне  байланысты  болады.  Онда    жас  ерекшелік  дамуының  әр  түрлі 
кезеңіндегі  сапалық  спецификасын  табуға  болады.  Этностық    бірдейліктің  дамуы  – 
бұл  әлеуметтік-мәдени  контексте  маңызды  рӛл  атқаратын  психо-әлеуметтік  үрдіс. 
Адам ӛзінің  бірдейлігін мойындайтын кӛптеген ерекшеліктер әлеуметтік жағдайдың 
дамуын  талдамайынша,  түсінуі  қиын.  Әлеуметтік    кең  қоршаған  ортаны  талдау 
қажеттігін  кӛптеген  зерттеушілер  айқындайды.  Этностық  бірдейліктің  дамуын 
зерттеу тәжірибеде де, теориялық тұрғыда да ӛзекті болып отыр. 
Этностық бірдейлікті құрайтын  негізгі бӛлімдер: 
а)  когнитивтік  яғни,  ұлт  туралы  мағлұматтылық  –  этностық  топ  және  оның 
тарихы,  салт-дәстүрлері,  мәдениет  ерекшеліктері  туралы  білім  және  оларды  жете 
түйсіну, ұлттық ӛзіндік атауы, этностық бірдейліктің негіздемесін таңдауы жатады
ә)  аффектілік,  ӛз  тобының  сапасына  баға  беру,  ондағы  мүшелікке  қатынасын 
сезіну, осы сезімдердің мәні, нәтижесі, этностық қалау жатады; 
б) мінез-құлықтық компонентіне – әр түрлі этностық байланыс жағдайларындағы 
қатынас пен әрекет жүйелері кіреді. 
Этностық  бірдейлік  компоненттерінің  бірі  –  этностылық  мотивтің  үш  тобын 
тудырады: этностық тиістілікке; позитивтік этностық бірдейлікке; этностық қорғаныс 
қажетілігіне байланысты. 

 
114 
Этнопсихологтардың  зерттеулерінің  нәтижесі  үш  негізгі  этностық  бірдейлік 
типін бӛлуге мүмкіндік береді: 
- этноцентрикалық 
- полиэтностық 
- трансэтностық.  
Студенттер қоғамда болып жатқан үрдістерді белсенді түрде қабылдайды, оларға 
тез  бейімделеді  және  мінез-құлықтың  сәйкес  стереотиптерін  ӛңдеп  шығарады.  Олар 
қайнаған еңбекке ұмтылады, ӛздерін аса қызықтыратын салада міндетті түрде бірдеме 
істеуге тырысады.Студенттілік жастардың құрамдас бӛлігі бола тұра, ӛмір, еңбек пен 
тұрмыстың  ерекше  жағдайларымен,  әлеуметтік  мінез-құлқымен,  психологиясымен, 
бағалы бағдарларымен  сипатталатын ӛзіндік әлеуметтік топ болып табылады.  
Ю.А.Самарин студенттік жасқа тән келесі қарама-қайшылықтарды кӛрсетті: 
1.  Әлеуметтік-психологиялық.  Бұл  -  студенттің  интеллектуалдық  және 
физикалық  күштерінің  гүлденуі  мен  уақыт  жетіспеушілік,  ӛспелі  қажеттіліктерді 
қанағаттандыру үшін экономикалық мүмкіндіктер арасындағы қарама-қайшылық. 
2.  Білімдерді  таңдаудағы  ӛзіндік  пен    нақты  профильді  маманды  дайындаудың 
қатал  формалары  және  әдістері  арасындағы  қарама-қайшылық.  Бұл  –  дидактикалық 
сипаттағы  қарама-қайшылық,  студенттер  мен  оқытушылардың  оқу  процесімен 
қанағаттанбауына әкелуі мүмкін. 
3.  Әртүрлі  каналдардан  келетін  ақпараттың  ӛте  кӛп  мӛлшері  студенттердің 
білімін кеңейтеді, сонымен қатар бұл ақпараттың шектен тыс кӛп мӛлшері уақыттың  
жеткіліксіздігінен,  кейде  ынтаның  жоқсыздығынан  ойлау  мен  білімдегі  ақауларға 
әкелуі  мүмкін  және  оқытушыдан  студенттің  тек  білімін  ғана  емес,  сондай-ақ  икемі 
мен қызығушылығын тереңдетуін талап етеді. 
Студенттік кезең адамның тұлғалық ерекшеліктері жылдам дамуының және оның 
дүниетанымдық  кӛзқарастарының  қалыптасуы  мен  кәсіби,  әрі  қоғамдық  іс-әрекеттің 
әлеуметтік  субъектісі  ретіндегі  қалыптасатын  кезең  болып  табылады.  Кӛпұлтты 
аудиторияда студенттердің танымдық іс-әрекеті тек білімге, оқуға ғана бағытталмай, 
ӛзімен  бірге  жүрген  достарының  ӛмір  салтын,  ӛзіндік  этностық  ерекшелігін  тануға 
және зерделік, мәдениеттік ӛрісін кеңейтуге жолдайды.  
Жастар  ӛз  ӛмірінің  студенттік  кезінде  үлкен  психикалық  ӛзгерістерге 
ұшырасады.  Біріншіден,  студенттің  «Мен»  дәрежесі  кӛтерілсе,  екіншіден,  ұлт 
мәселесіне басқаша қарай бастайды, яғни ұлттық намыс, ұлттық сезім, ұлттық санасы 
оянады.  Осыған  орай,  оқу  іс-әрекетінің  мотивациялық  ӛрісі  де  ӛзгереді.  Олардың 
оқуда меңгеру үрдісінің механизмдері: білім, дағды, шеберлік жүйелерінің нәтижелік 
кӛрсеткіштері де ӛзгеріске ұшырап, оқу түрткісі, қажеттіліктері курстан курсқа ӛткен 
сайын  айқын  анықтала  түседі.  Жоғары  оқу  орындарындағы  студенттерде  рефлексия 
жақсы  дамыған,  яғни  ол  ӛзінің  жеке  ойлау  іс-әрекетіне  және  мінез-құлықтарына 
басқаша қарай алады.  
Рефлексия  теориялық  ойлаудың  негізгі  компоненті,  сонымен  қатар  баланың 
ӛзіндік  санасының  белгілі  бір  механизмі  болып  табылады.  Студент  –  ол  жеке  дара 
және іс-әрекеттің субъектісі екені мәлім. Студент кӛбіне ӛзінің іс-әрекетін ӛз бетінше 
белсенді  ұйымдастыратын  субъекті  ретінде  қарастырылады.  Қазіргі  таңда 
полиэтностық жағдайдағы студенттердің этнопсихологиялық жақтарын зерттеу әлі де 
болса  кӛп  қолға  алынбаған.  Студенттер  жаңа  полиэтностық  ортаға  түскенде,  оның 
этностық бірдейлігін зерттеу басты міндеттердің бірі болып табылады.  
Қазақстандық  психолог  С.М.Жақыпов  еңбегінде  «Мұнда  кейбір  психологиялық 
мазмұнды  нақтылау  қажет,  біз  білім  сӛзімен  нені  белгілейміз.  Білім  бұл  сӛз  арқылы 

 
115 
бекітілген  түсінік  жүйесі.  Әр  түрлі  түсініктің  екі  жағы  бар:  объективті  –  мәні  және 
субъективті  –  мағынасы  болады.  Демек,  ішкі  білімді  беру  психологиялық  тұрғыдан 
бірлескен  екі  ӛзара  байланысқан  үрдіс,  яғни  білім  беру  және  мағына  беру»,  -  деген 
ойынан  танымдық  іс-әрекеттің  мәнін  айтуға  болады.  Оқу  үрдісінде  танымдық  іс-
әрекеттің кӛзқарасы тұрғысынан студент кӛбіне ӛзінің іс-әрекетін ӛз бетінше белсенді 
ұйымдастыратын субъекті ретінде қарастырылады. Студент тұлғасының субъектісі іс-
әрекеттік  ұстаным  тұрғысынан  тұлғаны  оқу  іс-әрекетінің  авторы  ретінде  түсіндіруді 
А.К.Осницкий ұсынды. Аталған автордың талдаған субъектілік сипаттамалары кӛбіне 
студенттің әрекеттік тұлға қырларын сипаттайды.  
Студентте  білімге  деген  қызығушылығы  ұдайы  ӛсіп  арта  түседі.  Танымдық  іс-
әрекет  оқу  үрдісінің  құрамына  кіріп,  арнаулы  оқу  орындарында  қалыптасатын, 
күрделі  психологиялық  білім.  Полиэтностық  аудиториядағы  студенттердің  оқу 
үрдісінде  білім  алу  негізінде  оның  іс-әрекетін  былай  түсіндіреміз:  мәселені  шешу 
үшін, ең алдымен сыртқы материалдың бейнесін елестетеді, әрекеттерді пайдаланады. 
Сӛйтіп, студенттердің іс-әрекетінде болсын бір нәрсеге ӛз бетімен бейімделуін үнемі 
талап ету дамудың ең тиімді тәсілі болмақ.  
Алайда, осы ойды қолдай келе, студенттер жаңа полиэтностық ортаға түскенде, 
оның  этностық  бірдейлігін,  «Менін»  де  зерттеу  –  олардың  танымдық  іс-әрекетін 
дамытуда  ескерілетін  жайттардың  бірі  болмақ.  Сонымен,  жоғары  мектептегі 
кӛпұлтты  ортадағы  студенттерді  оқытудың  барысында  арнайы  және  белгілі 
психологиялық  ерекшеліктерді  ескермейінше,  шығармашылық  қасиетті  жоғары 
деңгейге  жеткізу  жағдайын  түсіну  қиындық  туғызады,  ол  үшін  студенттердің 
тұлғалық  дамуының  негізі  ретіндегі  полиэтностық  аудиториядағы  оқыту  үрдісінің 
танымдық іс-әрекетінің белсенділігіне мән беру тағы да ой туғызады. 
Этнопсихологтардың айтуынша,  тұлғаның этностық бірдейлігі – бұл ӛзін нақты 
бір этностың ӛкілі ретінде санау, адамның бір этностық қоғаммен бірігіп, басқалардан 
алшақтауды  бастан  кешуін  білдіреді.Полиэтностық  аудиторияда  студенттердің 
танымдық  іс-әрекеті  тек  білімге,  оқуға  ғана  бағытталмай,  ӛзімен  бірге  жүрген 
достарының  ӛмір-салтын,  ӛзіндік  этностық  ерекшелігін  тануға,  сӛйтіп,  ӛзінің 
зерделік,  мәдениеттік  ӛрісін  кеңейтуге  жолдайды.  Жастар  ӛз  ӛмірінің  студенттік 
кезінде  ӛздері  үлкен  психикалық  ӛзгерістерге  ұшырасады.  Біріншіден  студенттің 
―Мен‖  дәрежесі  кӛтерілсе,  екіншіден,  ұлт  мәселесіне  басқаша  қарай  бастайды,  яғни 
ұлттық  намыс,  ұлттық  сезім,  ұлттық  санасы  оянады.  Осыған  орай,  оқу  іс-әрекетінің 
мотивациялық  ӛрісі  де  ӛзгереді.  Олардың  оқуда  меңгеру  процесінің  механизмдері: 
білім, дағды, шеберлік жүйелерінің нәтижелік кӛрсеткіштері де ӛзгеріске ұшырап, оқу 
түрткісі, қажеттіліктері курстан курсқа ӛткен сайын айқын анықтала түседі. 
Ұжым  мүшелерінің  этнопсихологиялық  ерекшеліктерін  білмеуі,  ұлтаралық 
қақтығыстарға әкеліп соқтықтыруы мүмкін. Барлық ұлттардың ӛкілдеріне бірдей тең 
қарым-қатынас  болуы,  полиэтностық  аудиторияның  басқарушысы  әрбір  студентке, 
оның  ұлтына  тәуелсіз  сыни  кӛзбен  қарауы  керек.  Әр  түрлі  ұлттың  ӛкілдерінің 
арасындағы  достықты  нығайтуға  бағытталған  арнайы  жұмыстар  жүргізілу  де  артық 
емес.  
Тағы бір айта кететін жай, бұл студенттердің арасында қақтығыс жағдайларының 
болдырмау мәселесі. Себебі бұл ұлттық негіздегі қақтығыстар бір ұлттың ӛкілдерінің 
басқа  ұлтқа  деген  кері  қатынастарын  туғызады.  Мұндай  жағдайларда  олардың 
себептерін  мұқият  ашып  қарау  керек.  Әр  түрлі  ұлттардың  ӛкілдерінің  қарым-
қатынастарының  тәжірибесі  болмауы,  осындай  түрдегі  қарым-қатынастарды 
негативті  эмоциялық  қабылдау.  Сол  үшін  басқарушыларға  тек  қана  топпен  емес,  әр 

 
116 
студентпен жеке дара жұмыс жасау қажет. Бұндай жағдайда қоршаған адамдардың ең 
бірінші  жақсы  жақтары  мен  жоғары  қасиеттерін  кӛруге  үйрету  мәселесін  қарастыру 
артық  емес.  Полиэтностық  аудиторияда  студенттердің  арасында  ұлтаралық  қарым-
қатынастың мәдениетін қалыптастыру жағдайы да маңызды. 
Ұлтаралық  қарым-қатынастың  мәдениеті  -  бұл  кең  кӛлемдегі  түсінік,  бірінші 
жағынан  халықтардың  қарым-қатынасының  ӛткен  тәжірибесін,  ал  екінші  жағынан 
осы  тәжірибе  жиналу  процесінде  қалыптасқан  дәстүрлерді  қамтиды.  Ұлтаралық 
қарым-қатынастың  жоғары  мәдениетіне  ие  болған  адамдар,  ӛз  елдерінің  және  басқа 
халықтардың  діни  құндылықтарына  деген  қызығушылықпен,  ұлттарына  тәуелсіз, 
бүкіл  адамдарға  бірдей  достық  кӛзқараспен,  қиын  жағдайда  кӛмек  кӛрсетуге  дайын 
тұратындарымен ерекшеленеді.  
Полиэтностық  жағдайда  басқарушылар  және  болашақ  мамандар  қандай  ұлттың 
ӛкілдерімен  жұмыс  жасаса,  солардың  этнопсихологиялық  ерекшеліктерімен, 
салттарымен және психологиялық құндылықтарымен таныс болуы да маңызды екені 
мәлім. Әр ұлттық топтар ӛкілдерінің ұлтаралық қарым-қатынас шеңберлерін кеңейіп, 
полиэтностық  аудиторияда  ұлттарына  тәуелсіз  студенттер  басқа  құрбыларындағы 
ӛздерін  олардан ерекшелейтін  қасиеттерді бағалауға  да  үйренеді. Ұлтаралық қарым-
қатынастың  мәдениеті  ұлтаралық  қарым-қатынастардың  аумағындағы  болашақ 
мамандардың іс-әрекеттерінің нәтижелігін және жемістілігін қамтамасыз етеді. Бұның 
мазмұны  әр  ұлттық  топтардың  ӛкілдерінің  арасында  қарым-қатынасты  реттейтін 
ережелер  мен  нормаларды  білу;  ұлтаралық  қарым-қатынастың  құрылған  дәстүрлі 
және  таптауырынның  түрлерін  сақтау;  ұлтаралық  қарым-қатынастың  қарама-
қайшылықтарына қарсы тұру қабілеті. 
Ӛзіміздің  егеменді  елімізде  кӛп  ұжымдар  ӛздерінің  құрылымдары  бойынша 
полиэтностық болып келеді. Полиэтностық жағдайда жеке адамдардың ӛзара қарым-
қатынастарына әсер ететін ұлттық ерекшеліктер, дәстүрлер, адамдардың мінез-құлық 
нормалары  кӛрінеді.  Полиэтностық  аудиториялардағы  студенттерге  этносаралық 
қарым-қатынастың  белсенділі  сипатты.  Этнопсихологиялық  ерекшеліктер  әрбір  ұлт 
ӛкілдерінің  полиэтностық  аудиторияның  жетекшілерінің  талаптарына  бейімделуіне 
қамтамасыз етеді, оған кедергі жасайды. Әр түрлі ұлттық ӛкілдерінің педагогикалық 
іс-әрекетке бейімделу процесін 3 сатыға бӛлуге болады: 
а)  бастапқы  сатыда  студенттердің  ұлттық-психологиялық  ерекшеліктері 
жетекшілердің  іс-әрекеттеріне  кедергі  жасайды,  немесе  әрі  қарай  жақсы  дамуына 
ықпалын  тигізеді.  Егер  де  олар  жетекшінің  мақсатына  қарама-қайшы  келсе,  онда 
жалпы  педагогикалық  іс-әрекеті,  мазмұны  мен  қасиетін  қайта  құру  керек. 
Этнопсихологиялық  ерекшеліктердің  спецификасын,  олардың  нақты  этностық 
топтардың  ӛкілдерінде  қызмет  ететін  түрлерін  анықтау  үшін  және  міндетті  түрде 
ұжымдағы жағдайды мұқият білу үшін ұзақ уақыт қажет болады
б)  келесі  сатысында  жетекшілер  мен  студенттердің  арасындағы  қарым-
қатынастар  тұрақталады,  ӛзара  тіл  табысып  бірін-бірі  түсіне  бастайды  және 
студенттер ӛз белсенділіктерін кӛрсетеді; 
в)  ең  соңғы  кезеңде  ұлт  ӛкілдерінің  араларындағы  потенциалдық  мүмкіндіктері 
ашылып,  бір-бірімен  ӛзара  әрекеттене  бастайды.  Ендеше,  студенттердің 
этнопсихологиялық  ерекшеліктері  пән  оқытушының  белсенділігінің  ұйтқысы  болуы 
да мүмкін. Бұл кезеңде ұжымның ішінде қиыншылықтар пайда болса, онда этностық 
қауым ӛкілдері ӛздері-ақ жая алады, полиэтностық жағдайда студенттердің бір-біріне 
деген жанашырлық, қайғыға ортақтасу, қиын жағдайда кеңес пен кӛмек беру сияқты 
қасиеттері  дами  түседі.  Бір  ескеріп  кететін  жайт  –  полиэтностық  аутиторияда 

 
117 
ӛздерінің дәстүрлерімен, моральдық және мінез-құлық құндылықтарымен, әлеуметтік 
жағдайымен  ӛмір  сүру  стилімен,  мінез-құлқымен  ерекшеленетін  адамдар  бар  екенін 
ұмытпауымыз керек. 
Полиэтностық  аудиторияның  жетекшісі  әр  түрлі  қауымдардың  ӛкілдерімен 
байланыста  бола  отырып,  біраз  уақыт  ӛткеннен  кейін,  олардың  ӛзара  қарым-
қатынастарын реттеудің арнайы дағдылары мен іс-әрекеттеріне ие болады. 
Жоғары  оқу  орындарында  оқытудың  тиімділігін  кӛтеруге  қажетті  тәсілдің  бірі 
неадиттивтіліктің  әлеуметтік  психологиялық  эффектісінен  этнопсихологиялық 
механизмдерінің 
ӛзектіленуінің 
негізінде, 
полиэтностық 
аудиториядағы 
студенттердің танымдық іс-әрекетін қалыптастыру мен дамытуға, этнопсихологиялық 
ерекшеліктерінің  әсері  кедергісін  тежеуге,  интенсивті  оқытудың  әдістерін  қолдану 
болып табылады. 
Полиэтностық  аудиториядағы  студенттердің  танымдық  іс-әрекеттерінің  даму 
ерекшеліктерін зерттеу мәселесі - қазіргі педагогикалық психологиядағы ең маңызды 
бағыттардың  бірі.  Осыған  байланысты  психология  ғылымының  алдында  жеке 
адамның тұтастай құрылуының факторларын, заңдылықтарын ұғыну, оның ішкі және 
әлеуметтік  белсенділігінің  кӛздерін  жеке  адамның  дамуының  интегралдық 
компоненттері  ретінде  полиэтностық  аудиториядағы  студенттердің  танымдық  іс-
әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуді кӛзделуде. 
Полиэтностық  аудиториядағы  студенттер  әр  түрлі  әлеуметтік  ортада,  ӛздерінің 
белсенділіктерін кӛрсете отырып, жоғарғы деңгейде танымдық іс-әрекеттерін дамыта 
алады,  жалпы  адамдармен  іс-әрекет  және  қарым-қатынас  барысында  жоғары 
нәтижелерге  жетуге  мүмкіндіктері  кӛбейе  түседі.  Полиэтностық  аудиториядағы 
студенттердің іс-әрекеттерінің даму ерекшеліктерін зерттеуде, оның негізгі механизмі 
ретінде қостілділікке кӛңіл бӛлудің мәні бар. Билингвизм тілдердің қоғамдық қолдану 
және  даму  ғылымы  ретінде  социолингвистиканың    объектісі  болып  табылады. 
Бірақта, билингвизм сол сияқты психолингвистиканың да объектісі болады, себебі ол 
адамдардың  сӛздік  қатынастарында  хабарларын  бірінші  және  екінші  тілде  білу 
процестерін  зерттеуден  толық  бӛлініп  қарастырылмайды.  Психология  бойынша 
қостілділік  адамның  танымдық  іс-әрекетіне  зор  ықпал  етеді,  сол  себептен  кӛпұлтты 
аудиторияларда  екінші  тілді  меңгеру  жолдары  мен  тәсілдерін,  ойлау  іс-әрекетіндегі 
психологиялық механизмдерді үйренуді қажет етеді. 
_____________________ 
1.Аймаганбетова О.Х. Основы этнопсихологии − А.: Дарын, 2003 
2.Крысько В.Г. Этнопсихологический словарь − М.: Просвещение, 1999 
3.Стефаненко Т.Г. Этнопсихология − М.: МПСИ, 2004   
4.Жарықбаев Қ.Б., Нүкежанов Ж.С. Қазақ этнопсихологиясының әдіснамасын 
жасаудың кейбір ӛзекті мәселелері // Этнопсихология және этнопедагогика. 2 
жинақ.А.: Тәлім-тәрбие қоғамдастығы,1999 
5.Козлова М. Влияние этнического фактора на становление психосоциальной 
идентичности  // Журнал прикладной психологии - М.:2001  №3 6.Мухамметбердиев 
О.Б. Национальное самосознание народов Средней Азии на современном этапе их 
развития.: Дис. канд. психол. наук – М.: 1992.  
7.Джакупов С.М. Межэтническое взаимодействие как фактор активизации 
познавательной деятельности / Межвузвский сборник научных  трудов - А.: Часть 1. 
2000  
8.Ищенко Т.В. Место студенчества в социальной структуре общества − Томск, 1975 
9.Қазақстан Республикасы этностарының гендерлік дамуы – А.: 2008 2-ші басылым 

 
118 
10.Кӛмекбаева Л.К. Мұғалімдердің этностық ӛзіндік санасының психологиялық 
ерекшеліктері: Психол. ғылымдарының канд. дис. − А.:  2003  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет