С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)


МАХАМБЕТ МҰРАСЫНДАҒЫ ИСАТАЙ БАТЫР ТҰЛҒАСЫ



Pdf көрінісі
бет18/19
Дата16.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#4212
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

МАХАМБЕТ МҰРАСЫНДАҒЫ ИСАТАЙ БАТЫР ТҰЛҒАСЫ 
 
З.Ажибекова – Абай атындағы ҚазақҰПУ Филология мамандықтар кафедрасы, 
Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының І курс магистранты 
 
Махамбет  поэзиясы  –  жорық  жырлары,  өмір  туралы  философиялық  толғаныстарының 
өзінде  ханнан  халық  кегін  алу  идеясы  жатады.  Ал  сексенге  тарта  өлең-толғаныстарының 
бәрінің ішкі мінезіне үңілсек, бәрі де күрес жыры. Алқалы отырыс, майдан туралы көтеріліс 
басшыларының  пікірталасы  үстінде  туған  деп  болжамдауға  болады.  Және  бәрі  де  суырып 
салынып айтылған деу-ге негіз бар. Ақын жаза білген, сауатты адам болыпты деген дерек бар 
ғой,  соған  қарамастан,  ақын  өлеңдері  жазылып  тумаған.  Бұл  жырлар,  сонымен  бірге, 
көтеріліс сарбаздарының басқосу-ларында талай қайталанып айтылып жүргенге ұқсайды. Ел 
есінде  қалуға  олардың  шағын  болған-дығы  да  мүмкіндік  берген.  Жырлардағы  алмас 
қылыштай  жарқылдаған  сөздер  адам  сезімін  дір  еткізіп,  шырт  ұйқыдан  оянғанда  еске 
түсердей өткір, қайрат-жігерге толы, жасығанды қайраған-дай, тіні босағанды қайта ескендей 
сөздер.  
Ақын  жырларында  екі  образ  үнемі  тыңдарман  мен  оқырман  көз  алдыңда  тұрады:  ол  – 
Исатай  образы  және  ақынның  өз  бейнесі.  Ақын  бұл  адамдардың  көтерілістің  негізгі 
діңгектері  екендігін  қаперге  алып,  көтерілісшілерге  күш  беріп  отырған  және  Исатай  атты 
көсемдеріңіз қандай болса, сіздер де сол батырдай болыңыздар, әйтпейінше, алға қойған еш 
мақсатқа жете алмаймыз дегенді айтпақшы. Өзінің қайратымен де жігерлендіреді.  
Махамбеттің Исатай батырға арнаған жырларының көпшілігі батыр қаза тапқаннан кейін 
шығарылған.  Тірі  кезінде  батырды  көп  дәріптемеген.  Өлгеннен  кейін  оның  рухы  мен 
бейнесін халық санасынан өшірмей, қайта мәңгі есте тұтып жүру үшін, оның ерліктері мен 
адамгершілігі-не, елі үшін еңіреп туған ер екендігіне мәңгі өшпес ескерткіш орнатқандай. 
Батыр  тұлғасын  беруде  болсын,  жалпы,  басқа  да  ерлік  пен  елдікті    жырлауда  болсын, 
ақынның ғажайып стильдік ерекшелігі – сөздерінің уытты жарқыл берер көркем қолданысты 

діңгегі  –  метафора  мен  параллелизм.  Әсіресе  осы  екі  көркемдік  тәсілін  қолданғандағы 
шеберлігі шырқау биікке көтеріледі. 
Халық  қамқорлығын  көздеген  ерлердің  жалпы  қасиеттерін  айтатын  өлеңдері 
сарбаздардың жігер-қайратын еселендіре түсуге қызмет етеді. 
Мысалы: 
«Ереуіл атқа ер салмай, 
Егеулі найза қолға алмай, 
Еңку-еңку жер шалмай... 
Темір қазық жастанбай, 
Қу толағай бастанбай 
Ерлердің ісі бітер ме? 
Немесе: 
Толарсақтай саз кешіп, 
Тоқтамай тартып шығарға 
Қас үлектен туған қатепті 
Қара нар керек біздің бұл іске 
Тағы да: 
Құландар ішпес бұршақ қақ 
Кімдерге шәрбат болмаған? 
Садағына сары шіркей ұялап
Жау іздеген ерлердің  
Қайда басы қалмаған?» 
Мұндай жырлар халық үшін өлімге басын байлаған барлық  ерлерге қарата айтылған. [1; 
28 б] 
Махамбет  Исатайды  әрі  көтеріліс  көсемі,  ері  батыр,  қайыспас  берік,  әрі  ақылды,  халық 
тілегін  жеке  басының  мақсатынан  жоғары  санайтын,  сол  мақсатына  жету  жолында  қайрат 
көрсететін,  басалардан  жөні  бөлек,  шоқтығы  биік  жан  етіп  көрсетеді.  «Тарланым»  деген 
өлеңінде: 
Таудан мұнартып ұшқан тарланым, 
Саған ұсынсам қолым жетер ме?! 
Арызым айтсам өтер ме? 
Арыстаным, көп болды-ау, 
Саған да менің арманым! 
Кермиығым, кербезім, 
Керіскендей шандозым! 
Құландай ащы дауыстым,  
Құлжадай айбар мүйіздім! 
Қырмызыдай ажырлым! 
Хиуадай базарлым! 
Теңіздей терең ақылдым! 
Тебіренбес ауыр мінездім! – деп, батырдың портретін және адам-
ық болмысын әдемі ашып суреттейді. 
Исатайдың сыртқы портретіне мінезі мен ақылы сай, басқалардан анағұрлым ілгері адам 
еті-ліп  суреттелумен  қатар,  осы  үзіндінің  өзінде  ақынның  Исатайға  деген  сүйіспендікпен, 
жүрегін жарып шыққан жылылықтың лебі де бетке үргендей сезіледі.  
Оның портретін, мінез-құлқын ашып көрсету үшін ақын қазақтың бай тілінен ең шұрайлы 
эпи-тет,  теңеу,  метафора,  алуан  көркем  сөз  образдарын  қолданады.  Сонымен  қатар,  батыр 
образын  жасауда  Махамбетке  ауыз  әдебиеті,  әсіресе  батырлар  жырының  азды-көпті  әсері 
болғандығы  аңға-рылады.  Мысалы:  ер  түсінігіндегі  айнымай  жауға  шауып,  алынбас  қамал 
бұзған  адамдарға  қолда-нылатын  тұрақты  эпитет.  Осыдан  келіп:  «Ер  Тарғын»,  «Ер  Сайын», 
«Ер Көкше»,  «Ер Қосай»  т.б. Сондай-ақ, Махамбетте де Исатайдың алдында тұрақты эпитет 
«ер»  көп  жерлерде  қолданылады.  Кейде  батырлар  жырында  жиі  ұшырайтын  әсіреулер  де 
Махамбетте аз кездеспейді. 
Арыстан еді-ау – Исатай, 
Бұл фәнидің жүзінде, 

Арыстан одан кім өткен.- немесе: 
Қоғалы көлдер суалып
Тізеге жетер жетпес күн болған т.б. 
Әйтсе  де,  Махамбеттің  образ  жасаудағы  әдісін  де,  образының  идеялық  мәнін  де, 
оқушыларына ететін әсері мен тәрбиелік мәнін де, бұрынғы жырдағы батыр образдарымен бір 
сатыға  қоюға  бол-майды.  Махамбет  образдарының  олармен  жақындығы  болумен  бірге,  өзіне 
тән ерекшеліктері де бар. 
Махамбетше  Исатай  батыр  халықтың  қорғаушысы  болғанда  жалпы  халық  қорғаушысы 
емес, соның ішінде еңбекші халықтың қорғаушысы. 
Айқайласа белдік байланған, 
Астана жұртын айналған. 
Атына тұрман болсам деп,  
Жұртына құрбан болсам деп, 
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен, 
Атқан оғы Еділ, Жайық, тең еткен. 
Атқанын қардай боратқан 
Көк шыбығын қанды ауыздан жалатқан... 
Бұл  жердегі  «жұртына»  деген  сөзге  хан,  сұлтан,  би-феодалдардың  ортағы  жоқ.  Ақын 
синекдо-ха  арқылы  жалқы  ұғымның  орнына  жалпы  ұғымды  қолданады.  Айтайын  дегені 
езілген жұрт, еңбекші халық. Геройын ақын өз аузынан сөйлеткенде: 
Қорлықта жүрген халқыма, 
Бостандық, алып берем деп, – дейді. 
Махамбет Баймағамбет сұлтанға айтқан сөзінде Исатайға да, өзіне де осы тәрізді мінездеме 
береді. 
Таудағы тарлан шұбар біз едік, 
Исатайдың барында. 
Қара қазан сары бала, 
Қамы  үшін  қылыш  сермедік,  –  деп,  өздерінің  халық  үшін 
күрескен-дерін ашық айтады. 
Ханның кірген ақ орда,  
Бұзуын ойлап кеңестік. 
Исатайдың тарихи рөлі де, кейінгі ұрпақтар үшін оның істерінің 
әлеуметтік мәні де – хан, сұлтан, би-феодалдардың тамырына балта шауып, «қара қазақ, баласын 
хан ұлына теңгеру»  болды.  Демек, Махамбеттің Исатайға  берген бағасы да оның істеген ісіне 
сәйкес. 
Тайманның ұлы Исатай 
Ағайынның басы еді, 
Алтын ердің қасы еді, 
Исатайды өлтіріп, 
Қырсық  та  шалған  біздің  ел,  деп,  оның  өлімі  халықты  қайғыртқан  өлім  болды  деген 
қорытын-ды шығарады, Махамбет Исатайды батыр образы етіп көрсетпек болғанда, оны екі 
жағынан  алып  көрсетеді.  Бірінші,  ел  ұғымындағы  батырлық  оның іс-қимылдары,  соғыстың 
қиын-қыстау кезде-рінде қандай дәрежеге көтеріле алды, басқа ерлерден Исатай ерліктерінің 
көзге түсерлік ерекше-ліктері не еді деген сұраққа жауап береді. 
Ақын  Исатайдың  ерлігін  суреттеу  үшін  өзінің  «Соғыс»  деген  өлеңінде  оны  атакаға 
шаптыра-ды.  Бұл  соғыстың  өте  бір  қиын  кезі  болады.  Көп  адам  оққа  ұшып,  әскердің  алды 
бөгеліп, айнала бораған оқ дем алғызбай талайдың табанын тайдырарлық минут туады. Ақын 
мұны: 
Қабырғасын қақыратқан, 
Тебінгісін тесе атқан, 
Тізгінінен кесе атқан 
Оқ біздің қайсар батырдың  
Жүрегін сүйтіп оятқан, – деп суреттейді. 
Махамбет поэзиясында қасиетті тұлға, жарқын да, өшпес бейне – Исатай бейнесі осылай 
ерек-ше айбатты көрінеді.                               

 
ХАЛЕЛ ДОСМҰХАМЕДҰЛЫ ИСАТАЙ ТАЙМАНҰЛЫ БАСТАҒАН 
АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТЫҢ ЗЕРТТЕУШІСІ 
 
Г.Б. Қозиева – Филология мамандықтар кафедрасы, Қазақ тілі мен әдебиеті 
мамандығының І курс магистранты, Абай атындағы ҚазҰПУ 
 
Досмұхамедұлы Халел – аумалы төкпелі заманда мұң мен зардың, айтыс пен тартыстың, 
өмір  мен  өлімнің  бел  ортасында  жүрсе  де  азаматтық  тұлғасына  дақ  түсірмеген  қазақ 
зиялыларының  бірі,  мамандығы  дәрігер  бола  тұрса  да,  қоғам  өмірінің  сан  салалы 
мәселелеріне  араласқан  көп  қырлы  дарын:  саяси  және  қоғам  қайраткері,  тарихшы, 
табиғаттанушы,  тілтанушы,  әдебиетші,  ауыз  әдебиетінің  сирек  үлгілерін  жинап, 
насихаттаушы, шебер аудармашы.  
Жеке адамға табыну дәуіріндегі алғашқы қуғын-сүргін зұлматына алдымен халқымыздың 
маңдай  алды  аяулы  азаматтары  ұшырағаны  белгілі.  Солардың  бірі  болып,  КазПи-де 
проректор  болып  жүрген  Халел  Досмұхамедұлы  тұтқындалып,  Воронежге  жер  аударылды. 
Сонда жүргенде қайта тұтқындалып, әуелі Мәскеу, содан соң Алматы түрмесінде отырады. 
Бар  жоғы  55-56  жыл  ғұмыр  кешкен  Х.Досмұхамедов  өмірін  төрт  кезеңге  бөліп 
қарастыруға болады: 
1. тұлғалану жылдары (1916 жылға дейін); 2. күрес жылдары (1916-1920 жж.); 3. ғылыми-
шығармашылық  және  қоғамдық-педагогикалық  қызметпен  айналысқан  жылдары  (1921-1928 
жж.);  
4. қуғын-сүргінге ұшыраған азапты жылдары (1929-1939 жж.). 
Халқыма  қызмет  етуден  артық  бақыт  жоқ  деп,  бар  мағыналы  өмірін  осы  жолға  арнаған 
аяулы азамат осылайша зұлымдықтың құрбаны болды. Оның ісі тек 1958 жылы 28 ақпанда 
Қазақ КСР Жоғарғы сотының Қылмыстық істер коллегиясында қайта қаралып ақталды.  
Әр  заман,  әр  уақыттың  өзіндік  көтерер  жүгі,  мұра-мирастарға  берер  басқаша  баға, 
тұжырымы  бар.  Ұлттық  ояну  кезінде  жоқты  іздестіріп,  барды  бағалап,  рухани  мұрағат-
жәдігерлерімізді  жинастырған  тұлғалардың  бірі  –  Халел  Досмұхамедұлы.  Оның  «Исатай-
Махамбет»  атты  еңбегін-де  халық  намысының  алаулай  тұтанған  отты  жылдары,  Кіші  жүз 
өлкесі  ғана  емес,  бүкіл  қазақ  тарихында  елеулі  із  қалдырған  ұлттық  бас  көтеруге  қатысты 
мол  дерек  алғаш  рет  топтастырыл-ған.  Профессор  Халел  Досмұхамедұлы  көлемді  алғысөз 
жазып,  Ташкентте  1925  жылы  бастырып  шағарған  бұл  еңбектің  күні  бүгінге  дейін  мәнін, 
ғылыми құндылығын жоймаған екі тұсы бар: Біріншіден, Махамбет ақынның өлең-жырлары 
осы  кітапта  тұңғыш  рет  толық  топтастырылып,  тасқа  басылған,  сол  арқылы  ғана  бүгінгі 
ұрпаққа жеткен. Екіншіден, Исатай-Махамбет бастаған бас көтерудің ащы шындығы, оның 
отаршылдық  бұғауына  шыдамай  толқыған  халықтық,  ұлттық  көтеріліс  екендігі  ашық 
айтылған.  Өкінішке  орай,  арбау  сөзді  молынан  айтқан  50-60  жылдары  тек  Халел 
Досмұхамедұлы  сынды  арыстардың  ел  үшін  еңіреп  еткен  еңбектерін,  сонымен  бірге 
Махамбеттің  отты  жырларын  да  құбылмалы  саяси  ағымның  ығына  бағытталды.  Және 
Исатай-Махамбет  бастаған  көтеріліс  те  күні  бүгінге  дейін  бар-жоғы  хандық  құрылысқа 
(Жәңгір ханға) бас көтерген «шаруалар қозғалысы» деп түсіндіріліп, насихатталып келген... 
Халел  Досмұхамедұлы  осы  еңбегінде  Қазақстанның  батыс  бөлігіндегі  Кіші  жүз 
қазақтарының  XVII-XIX  ғасыр  аралығында  Ресей  патшалығының  бодандағына  қарсы 
тәуелсіздік  пен  бостандық  жолындағы  жан  қиярлық  ерлік  күрестеріне  шолу  жасай  келіп, 
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған ұлт азаттық көтерілістің шығуы мен 
жеңіліске  ұшырауының  тарихи  себеп-салдарына  терең  талдау  жасаған.  Сонымен  қатар 
еңбекте  қос  арысты  дүниеге  әкелген  туған-өскен  ортасы,  елдің  саяси-әлеуметтік  тыныс-
тіршілігі жан-жақты баяндалған. 
Халық  үшін  Исатай  үй-ішін,  бала-шағасын  құрбандыққа  берген.  Олар  жаудың  қолына 
түсіп,  айдауда  шіріген.  Ағайын,  туған-туысқандары  шабылған.  Тырнақтап  жинаған  мал-
мүлкі, дүниесі жаудың қолында қалған. Жәңгір ханға қадірлі ел билері бірнеше рет ханмен 
татуластырамын  деп,  араға  түссе  де  Исатай  келіспеген.  Оралдағы  орыстардың  ішіндегі 
тамырлары да, Оралдың атама-ны Покатилов те, Орынбордың жандаралы Перовскийдің өзі 
де бірнеше рет шақырып, дегеніңді істеймін деп, уәде берсе де сөзіне ермеген, өзінің дұрыс 
деп шешкен жолымен кеткен. 

Халқын жарты жолда тастамаған, сатып кетпеген, керісінше оның сойылын соғып, жоғын 
жоқтап, мұңын мұңдаған, қар жастанып мұз төсене жүріп, елім деп еңіреп, елі үшін мәнді де 
мағыналы өмірін құрбан еткен... 
Исатай  батырдың  қимылы  XIX  ғасырдағы  ел  әдебиетіне  көп  әсер  берген.  Оның  ісін 
дұрыстап  ең  әуелі  сөз  шығарған  беріш  Қуан  жырау.  Екінші,  Исатай  батыр  туралы  көп 
сөйлеген Истайдың жолдасы Махамбет жырау. 
Ел арасындағы сөздердің бәрі де Исатайды мақтап, ісін дұрыстап, өлгеніне күйініп жоқтап 
сөйлеген.  Заманында  қас  болған  Жәңгір  мен  Баймағамбет  те  қазақ  арасында  Исатайды 
жамандап сөйлейді деп естілмеген. Бұлар Исатайды тек «тентек» дейді екен. 
Исатай  туралы  сөзді  көп  айтқан  адамның  бірі  –  кете  Шернияз  шешен.  Ол  Исатай 
батырдың замандасы болған.  
Баймағамбет  сұлтан  бір  күні  Шерниязға:  «Исатай  өлген  болмай  ұсталып  кетіп,  қайтып 
келген  болса,  қане  не  айтар  едің»  дегенде,  Шернияз  былай  деп  мойнынан  құшақтар  едім 
депті; 
Бармысың жауға түскен алтыным-ай, 
Самалым саз қонысым, салқыным-ай, 
Кәпірдің қоржынына түсіп едің,  
Шықтың ба, аман-есен жарқыным-ай. 
Ақ алмас, алтын сапты қылышым-ай, 
Құрып ең алты алаштың тынысын-ай, 
Жатпапты алтын пышақ қап түбінде 
Шықтың ба, қабын жарып ырысым-ай. 
Кетекен соң ит малданған сонау жаққа 
Тапсырдық құдай менен аруаққа. 
Қазақтың күйі кетті орыс алып
Төбеге доңыз шығып, ер аулақта. 
Жәңгір  ханды  мақтаған  жыршылар  әрине,  Исатайды  мақтай  алмайтын  болған.  Байтоқ, 
Жанұзақ деген жыршылар Жәңгірді қанша ұлығласа да Исатайды жеңдік деп мақтап сөз айта 
алмаған. «Тентегін тыйдық қазақтың» деп, бұлар Исатай батыр туралы жанай өткен. 
Өкінішке  орай,  көп  жылдар  бойы  Халел  Досмұхамедұлының  есімі  мен  шығармашылық 
қызме-тін  «ататпауға»  мәжбүр  еткен  саяси  ағымға  байланысты  жоғарыда  аталған  еңбектері 
ғылыми айна-лысқа түспей қалған. Оның ел алдындағы ерен еңбегін елеусіз қалдыру саясаты 
ғалым,  зерттеуші-леріміздің  қаламына  бұғау,  пікіріне  тұсау  салып  келді.  Ал  шын  мәнінде 
Халел  Досмұхамедұлы  тіптен  осы  «Исатай-Махамбет»  жинағынан  өзге  артында  ешбір  із 
қалдырмағанның  өзінде,  біздің-ше,  бәрібір  тарих  дәптеріне  есімі  алтынмен  жазылып  қалар 
еді.  Өйткені  Махамбеттей  дауылпаз  ақынның  отты  жырларын  қилы  заманның  өткелінен 
өткізіп, біздің қолымызға тигізу жолындағы ерлігі – өшпес мұра. 
Халел ағамыз сынды ақылгөй азамат, зиялылыр «халақ жауы» атанып, халық мұрасының 
басым  көпшілігі  «жат  пиғылды»  деп  жарияланған  қилы  замандарда  Махамбет  жырларын 
жинас-тыру,  жариялау  ісі  қолға  алынбаған.  Араға  көп  жыл  салып,  тек  1939  жылы  ғана 
академик Қажым Жұмалиев латын қарпімен «Махамбет өлеңдері» деген атпен ақын мұрасын 
екінші  рет  бастырып  шығарған.  Осы  еңбектің  жарық  көруінің  негізінен  Махамбет  есімі 
әдебиет тарихында нық орны-ғып, мектеп оқулықтарынан лайықты орын алды. 
Одан  кейін  де  ғалымдардың  еңбектері  өзара  салыстырылып,  жылдар  бойы  еленбей  келе 
жат-қан  жаңсақтары  түзеліп,  ғылыми  жүйеге  түсірілген.  Дегенмен  дағы  зерттеушілер 
күмәнді,  дүдә-мал  тұстарында  профессор  Х.Досмұхамедұлы  құрастырған  1925  жылғы 
жинаққа сүйеніп, негізін соны темірқазақ етіп ұстанаған. 
Енді  міне, жарты ғасыр бойы арнаулы қорда, құлып астынада  сақталып келген еңбектер 
еш  өзгеріссіз  қалың  оқырман  қолына  тиіп  отыр.  Профессор  Халел  Досмұхамедұлының 
тұңғыш  құн-ды  басылымы  бұрын  халықтың  тек  көкейінде  болып  келсе,  енді  үнемі  көз 
аладында тұрмақ.  
Баба рухымен тілдесу 
Менің кім екенімді білетін боларсыңдар! Мен жұмыр жерде жасаған аз ғана ғұмырында азат-тық 
үшін  арпалысқа  түскен,  тегіне  тарта  тектілігін  жоғалтпаған,  исі  қазақтың  ұланы,  алты  алаш-тың 
қыраны  Исатайдың  ұрпағымын!  Ия,  араға  қаншама  ғасыр  өте  баба  рухының  алдына  келіп  тұрмын. 

Жанарымда  жас,  жүзімде  мүң,  жүрегімде  қайғы...  Рас,  көргенімнен  көрмегенім,  білге-німнен 
білмегенім  көп  адымы  қысқа адам  ұлы  екенім  баршаға  аян.  Көз  ұшында сағымданған  са-йын  дала, 
қастерлі де, қасиетті жер ана мына сенің қойнауыңда қаншама сыр, тірі жан білмес ақи-қат бүгілуде 
?! Ей, бұлқына аққан Ақбұлақ өзені саған елім деп еміренген қанша ердің нақақ қа-ны тамды екен? 
Қанша,  Қанша?  Дәл  сенің  жағаңа  келіп,  қайсар  қазақтың  ұланы,  асылдың  сыны-ғы  болған  менің 
бабам жанын жаратқанға аманат еткен. Сол Исатайдың тұлымдысымын... Құла-гердің құлыны құздан 
құламады, шабысынан жаңылмады, құндылығынан құлдық ете баз кешпе-ді. Ағысқа қарсы ұмтылып, 
тағдыр салған тауқыметке мойымады. Уа, баба сен аялаған сенім жо-ғалмады, сен жаққан от ошақта 
әлі  сөнген  жоқ,  сен  аманаттаған  аманатқа  қиянат  жасамақ  болған  Батыраш  (ниетпен)  жұмсалған 
қылыштың жүзі қайрылды. Сендік арман ақиқатқа айналды. Өзің жаныңды пида еткен қараша қазақ 
әлі де Жер Ананың төсінде тіршілік етуде. Еңсесін тіктеп, еге-мен ел болды. Шаңырағы шайқалмай, 
ордалы елге айналып, керегесін кеңге жайды.  
Керегесін кеңге жайды-ау, тек... сендік қоғамда болған Қарауылқожалар мен Баймағамбеттер, бұл 
қоғамда да қарасын көрсетуде. Тегіне тартқан тектілердің аяғына тұсау, қолына кісен болуда. Сендік 
қоғамда  болған  Тастөбедегі  шайқас,  араға  екі  жарым  ғасыр  сала,  ұрпақтарыңның  санасын-да  орын 
алуда.  Жеңістер  мен  жеңілістер  әлі  күнге  өз  жалғасын  табуда.  Сен  тұтатқан  сенім  шыра-ғы  әр 
қазақтың жүрегінде маздаса, қазақы таным, ұлттық сана қайта тіріле қазақ шынарының тамырына нәр 
болар еді ау, баба...  
Уа,  баба  сенің  қайсарлығың  мен  батылдығың,  өр  мінезді  тектілігің,  қара  қылды  қақ  жарар 
әділеттілігің  мына  қоғамға  ауадай  қажет  болуда.  Білем  ұлың  Жақияның  тәні  өзіңмен  бірге  жер 
құшқанымен,  оған  артқан  үмітің  әлі  сөнген  жоқ.  Сөнбейді,  сөнбекте  емес!  Рухыңның  алдында  ант 
берем ұлттық рухтың сардары болған өр баба! Уа, қастерлі Жер Ана, қасиетті Кок аспан куәлік ет! 
Саған  жасаған  тағзым,  саған  айтқан  ұлықтық  еліме  айтқан  ұлықтық.  Сенің  мадақталуың, 
ұрпақтарының еске алуы сендік еткен еңбектің зая кетпегенінің бір дәлелі. Рухыңмен үндесуге тым 
кешірек келгені үшін мына ұрпағыңды кеше гөр баба!!! 
 
ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМІЗДІҢ ЕРЛІК ЖОЛЫ 
 
АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗҰПУ-ДЕ ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТЕРІНІҢ ҚАТЫСУЫМЕН ЕЛ 
ЕРКІНДІГІНІҢ 20 ЖЫЛДЫҚ ТОРҚАЛЫ ТОЙЫНА АРНАЛҒАН 
«ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМІЗДІҢ 
ЕРЛІК ЖОЛЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ 
 
Жиында  дәстүрлі  бұқаралық  басылым  басшылары,  сарапшы  мамандар  және  зиялы  қауым  өкілдері 
Тәуелсіздік  құндылықтары  төңірегінде  пікірлерін  ортаға  салды.  Сол  пікірлердің  бірша-масын  ықшамдап 
ұсынып  отырмыз.  Басқосуды  тарих  факультетінің  деканы,  тарих  ғылымдары-ның  докторы  Ғабит  Кенжебаев 
ашып, жүргізіп отырды. 
Ақтолқын Құлсариева, Абай атындағы ҚазҰПУ-дің Оқу ісі жөніндегі проректоры, профессор:  
Қадірменді қонақтар, әріптестер, студент жастар! 
Бүгін  біздің  университетіміз  еліміздің  тәуелсіздігінің  20  жылдығына  орай  өткізгелі  отырған 
«Тәуелсіздік – еліміздің ерлік жолы» атты дөңгелек үстеліне қош келдіңіздер. 
Қазіргі  таңда  Алтайдан  –  Атырауға  дейінгі  республиканың  түкпір-түкпірінде  осынау  айтулы 
мерекеге байланысты жетістіктеріміз бен алар асуларымыз жөніндегі шаралардың кеңінен өткізі-ліп 
жатқандығы баршаңызға мәлім. 
Иә,  шын  мәнінде  біздің  мұншалдықты  табысқа  жетуіміз  оңайшылықпен  жүзеге  аса  қойған  жоқ. 
Еліміз егемендігін  алып, тәуелсіздігін  жариялаған сәттен  бастап-ақ  дербес елдің  қабырғасын  қалап, 
іргесін  бекіту,  тіпті  әлем  таныған  мемлекетке  айналдыру  бір  мезетте  бола  қалған  жоқ.  Мұның  бәрі 
елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  сарабдал  саясатының  арқасында  қол  жеткізілгені 
бүгінде баршамызға аян. 
Қазақстанды  дүниежүзілік  қауымдастықтың  бейбітшілік  пен  ұлтаралық  келісімнің  орталығы, 
тұрақты  даму  жолына  түскен  мемлекет  ретінде  мойындағанын  еңбектеген  баладан  еңкейген  кәріге 
дейін білетіні ешкімге жасырын емес.  
Қазақстанның  осындай  жетістіктері  мен  мол  потенциалына  ұлтаралық  татулықтың  тигізген  оң 
ықпалы да жоқ емес. Өз елінің өткені мен бүгініне үңілген жастар мұны әрдайым жадында ұста-уы 
абзал. 

Қадірменді  достар!  Мемлекетіміздің  тәуелсіздігін  қалыптастыру  жолында  үлкен-кіші  барша-
мыздың да түрлі салада өз үлестерімізді қосып жатқанымыз кім-кімге де мақтаныш сезімін туды-руы 
керек. 
Елбасымыздың ұстанған тұрақты да салиқалы саясаты қоғамның идеялық және рухани жағы-нан 
топтасуына  әкелгені  бұл  күнде  баршаға  ақиқат.  Сондықтан,  студент  жастарымыз  саналарын-да 
тәуелсіздіктің құндылығын ерекше қастерлеп, оны көздің қарашығындай сақтауға, жаңа  белес-терді 
бағындыруға құлаш сермеуі қажет.  
Біздің бүгінгі өткізіп отырған дөңгелек үстелге бас қосқандағы мақсатымыз да студент жас-тардың 
бойында өз еліне деген патриоттық сезімдерін қалыптастыру, өткен тарихы мен бүгініне құрметпен 
қарауға тәрбиелеу болатын.  
Қадірменді  қауым,  дөңгелек  үстелге  шақырылған  қонақтардың  басым  көпшілігі  де  тәуелсіздікке 
сөзімен де ісімен де атсалысқан біртуар азаматтар мен азаматшалар. Сондықтан баршаңызды дөң-гелек 
үстел жұмысына белсене қатысуға шақырамын. Дөңгелек үстел жұмысына сәттілік тілеймін!  
Махамбет  Бейдали, 
«Нұр  Отан»  халықтық  демократиялық,  партиясы  Алматы  қалалық  филиа-лы  төрағасының  бірінші 
орынбасары: 
Тәуелсіздік,  кейбіреулер  айтып  жүргендей,  оп-оңай  басымызға  қона  салған  жоқ.  Бұл  XVIII-XIX 
ғасырларда жүргізілген отарлау саясатынан кейін үнемі егемендікке ұмтылған ата-бабалары-мыздың, 
ерлікке  толы  сандаған  жорықтарының  нәтижесі,  кешегі  Алаш  көсемдерінің,  ұлт  ардақ-тыларының, 
ұрпақ  санасына  қалдырған  азаттық  идеяларының  жемісі.  Иә,  Тәуелсіздіктің  алғашқы  жылдарында 
қарапайым ел-жұрт та, Үкімет те әлеуметтік-экономикалық дағдарысты бастан кешірді. Бірақ сондай 
қиын кезеңде. 
Мемлекет  басшысы  тығырықтан  шығатын  жол  таба  білді.  Кезең-кезеңімен  реформалар  жүзеге 
асып, экономикамыз түзелді, кейбір тұстарда ТМД елдерімен салыстырғанда көп ілгері оздық, қазір. 
Енді, ел мәртебесін әлем қауымдастығы алдында дәлелдеу-жастардың қолында. Бұл туралы Елбасы 
кеше ғана өткен «Нұр Отан» ХДП кезектен тыс құрылтайында жеткізе айтты. Ғылым-білім саласына 
серпін  беру  керек.  Ол  үшін  дарынды  жастарға  қолдау  көрсетіп,  оларға  жол  ашу  қажет.  Біз  20  жыл 
ішінде  көп  шаруа  атқардық.  Ең  басты  құндылығымыз  –  адам  факторының  әлеуметтік  әлеуетін 
түзедік, Тәуелсіздігімізді баянды еттік. Президентіміз ерекше мәртебесі бар әсем қаламызға әрдайым 
қамқоршы болып келеді. Мен бүгін таңертең метро көлігімен жүрдім, әсерім ерекше. Бұл, енді, қала 
әкімдігінің  шын  жетістігі.  Еліміздің  беделі.  Қазір  партиямыздың  көшбасшысы  Нұрсұлтан 
Назарбаевты қаһармандық атаққа ұсынып жатыр, ол кісі бұған әбден лайық деп санаймын. 
Махамбет  Бидалиұлы  партия  қатарына  өтуге  ниет  білдірген  бірнеше  студенттерге  өз  қолымен 
партия  куәлігін  тапсырып,  жастарды  алғы  шепте  белсенді  қимылдауға,  ел  мұратына  адал  болуға 
шақырды.  
Аягүл  Миразова,  Қазақстанның  Еңбек  ері,  Ы.Алтынсарин  атындағы  №159  мектеп-гимназия 
директоры: 
Өз жолын Бибігүл Төлегеноваға беріп еді 
«Қуана білмегенге құт тұрмайды, бағалай білмегенге бақ тұрмайды» деген атадан жеткен сөз бар 
емес  пе?!  Сондықтан  егемендігіміздің  қасиетін,  қадірін  сезіне  білейік  дегім  келеді.  Ұстаз-бос-тан 
мемлекеттің  бірінші  кезектегі  тірегі,  өскелең  ұрпақ  отаншыл,  мемлекетшіл  болса,  ол,  ең  алдымен, 
ұстазына  байланысты.  Биылғы  көктемде  әйелдер  құрылтайы  өтті.  Құрылтайда  Елбасы-мыз  әйел-
аналардың 90-жылдардағы  қиын  кезеңдегі  рөлін  ерекше  атап  өтті.  Ерлеріне  сүйеу  болып,  отбасына 
ұйытқы бола білгендері үшін алғыс айтты.  
Біздің №159 мектеп Тәуелсіздіктің арқасында 1991 жылы 31-желтоқсанда алғаш қазақша қоңырау 
соқты.  Әйгілі  сахна шебері  Асқар  Тоқпановтың  бұл  мектепке  көп  еңбек сіңіргенін  айта  кету  ләзім. 
Шүкір,  қазір  қалада  қазақ  тілінде  57  жалпы  білім  беретін  оқу  ошағы  бар.  Соңғы  жыл-дары 
пайдалануға  беріліп  жатқан  мектеп  пен  балабақшалардың  дені  мемлекеттік  тілде.  Биылдың  өзінде 
осындай 11 тәрбие-оқу орындары ел игілігіне берілмекші. Үкімет тарапынан қаржы тап-шылығы жоқ 
бұл  салада.  Қазіргі  таңда  республика  деңгейінде  15-16  оқушыға  1  компьютерден  келсе,  бізде  4 
оқушыға 1 компьютер. Керек десеңіз, кітапханаға дейін компьютерленген. Айта-йын дегенім, мұндай 
жетістіктің барлығы ел еркіндігінің нәтижесінде мүмкін болып отыр.  
Жаңа  әзірде  Махамбет  айтып  кетті,  Елбасы  «Халық  қаһарманы»  атағына  ұсынылыпжатыр  деп, 
біле білсек, ол кісі сонау Кеңес Одағының соңғы жылдарында «Социалистік Еңбек Еріне» лайық деп 
табылған.  Алайда  Нұрсұлтан  Әбішұлы  ең  жоғарғы  мәртебе-атақтан  бас  тартып,  өз  жолын  әнші 

апамыз  Бибігүл  Төлегеноваға  берген  еді.  Елбасының  азаматтыққа  тән  бұл  қадамын  екінің  бірі  біле 
біле бермеуі мүмкін.  
Менің мына отырған студенттерге айтарым, сіздер мектепке қажетсіздер, ертеңгі ұрпақ сауат-ты 
тәрбие, білімді сіздерден алады. 
Қали Сәрсенбай, «Алматы ақшамы» газетінің бас редакторы, Президент сыйлығының лауреаты: 
Дәстүрлі басылымдар – ұлттық құндылықтардың қорғаушысы 
Жастардың  қатысуымен  өтетін  мұндай  басқосулар  қазіргі  таңда  өте  керек.  Тәуелсіздік  бізге  не 
берді  деумен  қатар,  өзіміз  Тәуелсіздікке  қандай  үлес  қостық  деген  сауал  да  әрқайсысымызды 
мазалауы тиіс. 20 жылда ілгері дамыған әлем қауымдастығы керуенінен өз орнымызды ойып алдық, 
бізді бүгін дүние жүзі таниды. Әлемде дербес 200 мемлекет бар болса, соның бірі – Қазақстан. Жер 
шарында  5651  тіл  мен  диалект қолданыста  екен. Мәселен бір  Үндістанның  өзінде  845 диалект  бар. 
Ал, Қазақстан екі тілде сөйлейді. Таяу болашақта бір тілде – қазақ тілінде сөй-леп кететіндігіне сенім 
зор.  
Бүгінде еліміздегі 77 пайыз мектеп оқушылары қазақ тілінде білім алады. 30 мыңға жуық басқа ұлт 
өкілдерінің баласы қазақ тілінде оқып жатыр. Ұл жақсы нышан. Қазақстандағы дәстүрлі басылымдар 
Тәуелсіздік  мұраттары  мен  құндылықтары  жайлы  терең  жазып  келеді.  Қазақстандағы  орыс  тіліндегі 
кейбір ресми басылымдар болмаса, қалғаны қазақ ұлтының мәселелері жөнінде жібі түзу сөз айтпайды. 
Демек, ұлттық құндылықтардың қорғаушысы да ұлттық басылымдар деген сөз. 
Бір мысал келтірейін. Осы уақытқа дейін Алматының тарихын Верный бекінісінен беремен қарай 
таратып келгендер болды. Өткен жылы әлемнің 24 елінен келген айтулы археолог-тарихшы ғалымдар 
ЮНЕСКО  шеңберінде  Алматыда  бас  қосып,  3  күн  бойы  қаламыздың  көне  тарихын  таразылады. 
Археологиялық зерттеу нәтижелерін талқылады. Қорытындысында, қаланың тарихи тамыры ең кемі 
1000  жыл  деп  нақтыланды.  Симпозиум  барысында  қабылданған  құжат  ЮНЕСКО-ға  жолданды. 
Бұйыртса, алақайлап тойлайтын күн де алыс емес.  
Айта  кету  керек,  қалалық,  «Алматы  ақшамы»  газеті  2005  жылдың  наурызында-ақ  бірінші  беттің 
маңдайшасына  «Мың  жасаған  шаһардың  шамшырағы»  деп  жазып  қойған.  Мұның  өзі  қалың  оқыр-
манды, әсіресе, жас ұрпақтың санасын қалыптастыруға, тәрбиелеуге үлкен әсерін тигізері сөзсіз. 
Елбасының  БАҚ  басшыларымен  кездесуде  айтқанындай,  Тәуелсіздігімізді  тәулік  сайын,  сағат 
сайын  қорғауымыз  керек.  Ел  еркіндігінің  жанында  күнделікті  айтыла  беретін  сыбайласжемқор-
лығыңыздың да, түрлі саяси ойындардың да құны көк тиын. Көшеде келе жатып қазақ тілінде қате 
жазылған сөзді түзетуге ықпал еткен болсаңыз, Тәуелсіздікті қорғаным деп біліңіз. Бостан-дығымыз 
баянды  болу  үшін  білімді  жастардың  ғылымдағы  белсенділігі  қажет.  Мәселенің  осы  жағын  жастар 
жадынан  шығармағаны  дұрыс.  Анау  маңдайшадағы  «Кешегі  бабамызбен,  бүгінгі  бағамызбен  ғана 
емес,  ертеңгі  шамамызбен  де  мақтана  алатын  ұлт  болуымыз  керек»  деген  мемле-кет  басшысының 
сөзі әр жастың ойынды жүруі керек! 
Қайнар Олжай, «Қазақстан» телерадио корпорациясы басқарма төрағасының орынбасары: 
Бәсекелестік болмай, даму жоқ 
Ел Тәуелсіздік алғаннан кейін-ақ азаматтық қоғамда көппартиялық жүйеге жол ашылды. Олардың 
қалың  бұқарамен  тұрақты  байланысып  отырған  өз  басылымдары  да  бар.  Сын  айтамын  десе  де 
еріктері өздерінде. Енді көппартиялы Парламентке де жеттік. Тәуелсіз газеттердің ұста-нымын, бет-
бейнесін күнделікті көріп те жүрміз. Кеңес кезінде 70 жыл бедерінде цензура болған-дығын бәріміз 
білеміз.Ұлт  мүддесі  үшін  шыбын  жанын  пида  еткен  арыстарымызды  бертінде  ғана  ақтап  алдық. 
Дербес  елдің  келешегі  –  жастардың  қолында.  Заманына  лайық  саяси  реформаны  жасайтындар, 
экономикалық саясатты қалыптастыратындар білімді буын өкілдері, сондықтан, ел Тәуелсіздігіне мен 
не бере алам деген ой әрбір жасты толғандырса керек. 
Көппартиялық  жүйе  –  ел  Парламентіндегі  орынның  көпшілігін  алуға  тең  мүмкіндіктері  бар 
бірнеше  саяси  партиялардың  болуын  білдіретін  саяси  жүйе.  Көппартиялық  –  әралуан  топтардың 
мүдделерінің толық өкілеттігін толық қамтамасыз етуге тырысады, саяси үрдістің жариялылығы мен 
бәсекелестігіне, қоғамның саяси элитасының алмасып отыруына ықпалын тигізеді.  
Өткен Парламетте «Нұр Отан» партиясы жетекші партияға айналып келді. Алайда, бір партия-лық 
жүйе билік пен бизнес біртұтас болып тұрғанда демократиялық және құқықтық мемлекеттің қалыпты 
дамуына  кедергі  келтіреді.  Бұл  қоғамда  көрініс  тауып  отырған  сыбайлас  жемөорлық  пен  басқа  да 
келеңсіз  құбылыстардың  туындауына  себепші  болады.  Ендігі  Мәжіліс  сайлауында  бірне-ше  партия 
халық дауысына таласпақшы. Әрине, билік партиясына қай партияның бәсекелес бола-тынын сонда 
шамалаймыз. Демек, бәсекелестік болмай, даму жоқ.  

Әзімбай Ғали, тарих ғылымдарының докторы, саясаттанушы: 
Еркін елі бар азаматтардың ғана ертеңі жарқын 
Мойындау  керек,  20  жылда  Қазақстан  тәуелсіз  мемлекет  ретінде  көп  шаруаны  істеп  үлгерді. 
Ойлап қараңыздаршы, егер егемендік болмаса, ана тіліміз мемлекеттік тіл мәртебесіне қол жеткі-зер 
ме  еді?  Ірі  нәтижелер  үшін  20  жыл  көп  уақыт  емес,  алда  әлі  талай-талай  асуларды  аламыз,  Алла 
амандығын берсін, Алла тағала исі қазаққа тым көп жақсылық жасаған сияқты. Қарасаңыз-дар, иен 
даламызда  табиғи  байлығымыздың  неше  атасы  кездесетініне  көз  жеткізесіз.  Құнары  бөлек,  Жер-
Анамыз  бидай  да,уран  да,  мұнай  да,  түрлі-түсті  темірдің  нешеме  түрін  беріп  жатыр  десеңізші.  Бұл 
байлықтың  бәрі  көрші  жұрттың  көз  құртына  айналған.  Ресей  мен  Қытай  арасында  отырып 
«аптығуға» болмайды. Табан астынан туындайтын қауіп-қатерді ешқашан естен шығар-маған абзал. 
Ұлттық  қауіпсіздігіміз  тәуелсіз  елдің  бірінші  кезектегі  мұраты,  жаңа  ғана  алдымда  сөйлеген  бір 
спикердің  айтқанындай,  Тәуелсіздікті  сағат  сайын  қорғау  керек.  Өйткені,  еркін  елі  бар  азаматтың 
ғана ертеңі жарқын. 
Дөңгелек  үстел  соңында  Абай  атындағы  ҚазҰПУ-дің 
тарих  факультетінің  деканы  Ғабит  Кенжебаев 
құрметті  қонақтарға  алғыс  айтып,  ризашылығын  білдірді.  Бабаларымыздың  сан  ғасырлық  арманы, 
мақсат-мұраты болған Тәуелсіздік алғанымызға 20 жыл толып отыр. Осы бір ұлы құндылығымызды 
ұлықтау,  тарихқа  тағзым  ету,  одан  келешек  үшін  тағылым  алу,  сондай-ақ  студент-жастардың 
бойында  қазақстандық  патриотизмнің,  отаншылдық  сезімнің  және  мемлекет-тің  тәуелсіздігін  құру 
процесіне  жастардың  да  қатысы  бар  екендігіне  мақтаныш  сезімін  қалыптас-тыру  қай  кезде  де  күн 
тәртібінен түспейтін маңызды міндет. Тарих факультетінің ұйымдастыруы-мен өткен аталмыш шара 
студенттердің  өздерін  қоғамның  бір  бөлшегі  ретінде  сезініп,  белсенді  азаматтық  ұстанымдарын 
қалыптастырудың шынайы көрінісі болды.  
«Алматы ақшамы» газетінің тілшісі 
Берік Сәдуақас 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет