С. Х. Байдильдина (жауапты хатшы)


  жылы  31  қазанда  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Жарлығы  бойынша



Pdf көрінісі
бет15/19
Дата16.02.2017
өлшемі2,71 Mb.
#4212
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

1968  жылы  31  қазанда  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Жарлығы  бойынша 
республика  орта  мектептеріне  мұғалімдер  даярлауға  сіңірген  жемісті  еңбегі  үшін  Қазақ  КСР 
Жоғарғы  Кеңесінің  «ҚҰРМЕТ  ГРАМОТАСЫМЕН»  марапатталған  Абай  атындағы  Қазақ 
Мемлекеттік педагогтік институтының қызметкерлері 
 
 
№ 
 
 
аты-жөні 
 
 
лауазымы, атқарған қызметі 
 

Амантаев Жауынбай Амантайұлы 
КОКП тарихы кафедрасының меңгерушісі 

Әбусадықов Төкеш Әбусадықұлы 
Теориялық физика кафедрасының меңгерушісі 

Әділгереев Халел Мұхамеджанұлы 
КСРО тарихы кафедрасының доценті 

Ержанова Райхан Жұмағазықызы 
Педагогика кафедрасының меңгерушісі 

Қирабаев Серік Смайылұлы 
Филология факультетінің деканы 

Лемберг Раиса Григорьевна 
Педагогика кафедрасының профессоры 

Мадин Имаш Барғанұлы 
Оқу ісінің проректоры 

Маркович Марк Моисеевич 
Физика кафедрасының доценті 

Оразбаев Базарбай Мәмбетұлы 
Жоғары алгебра кафедрасының меңгерушісі 
10 
Озерова Варвара Семеновна 
Гардеробщица 
11 
Сәтбаев Меңдібай Құрманұлы 
Элементарлық математика кафедрасының меңгерушісі 
12 
Смирнова Нина Сергеевна 
Орыс және шетел әдебиеті кафедрасының меңгерушісі 
13 
Суворова Ольга Александровна 
Химия кафедрасының профессоры 
14 
Толыбеков Серғали Есбембетұлы 
Институт ректоры 
15 
Төлегенов Бақыт Төлегенұлы 
Жоғары математика кафедрасының меңгерушісі 
16 
Фридман Цезарь Львович 
Ғылыми іс жөніндегі проректор 
 
 
 
1968  жылы  31  қазанда  Қазақ  КСР  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Жарлығы  бойынша 
республика  орта  мектептеріне  мұғалімдер  даярлауға  сіңірген  жемісті  еңбегі  үшін  Қазақ  КСР 
Жоғарғы Кеңесінің «ГРАМОТАСЫМЕН» марапатталған Абай атындағы Қазақ Мем-лекеттік 
педагогтік институтының қызметкерлері 
 
 
№ 
 
 
аты-жөні 
 
 
лауазымы, атқарған қызметі 
 

Әлімжанов Дәулет Әлімжанұлы 
Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі 

Бақшылов Сәдуақас Құрманғалиұлы 
Жалпы тарих кафедрасының меңгерушісі 

Дрозд Александр Иванович 
Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушысы 

Жаңбырбаев Бегалы Сәдуақасұлы 
Математика факультетінің деканы 

Занько София Сергеевна 
Зоология кафедрасының препараторы 

Киікбаев Нығметолла Құсепұлы 
Тарих факультетінің деканы 

Коваленко Александра Николаевна 
Жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысы 

Көшкінбаева Тұрсын Әбдірахманқызы 
Тарих факультеті деканының орынбасары 

Краева Анна Гавриловна 
Институт мұрағатының меңгерушісі 
10 
Кузнецов Алексей Иванович 
КСРО тарихы кафедрасының меңгерушісі 
11 
Қалиев Ғабдолла Қалиұлы 
Қазақ тілі кафедрасының доценті 
12 
Ларина Ольга Ивановна 
Орыс тілі кафедрасының меңгерушісі 
13 
Левин Алексей Никитич 
Элементарлық математика кафедрасының доценті 
14 
Мұсақұлов Тәліп Мұсақұлұлы 
Ботаника кафедрасының меңгерушісі 

15 
Пузырева Анна Андреевна 
Физикалық география кафедрасының меңгерушісі 
16 
Сафарова Халима Хасанқызы 
Кадр бөлімінің бастығы 
17 
Суворов Николай Иванович 
Генетика және дарвинизм кафедрасы меңгерушісі 
18 
Ысқақов Ербол Ысқақұлы 
Саяси экономия кафедрасының аға оқытушысы 
 
1970  жылы  14  сәуірде  В.И.  Лениннің  туғанына  100  жыл  толу  мерейтойына  орай  Абай 
атында-ғы  ҚазПИ  ұжымына  Құрмет  Грамотасы  тапсырылса,  институт  ректоры,  профессор 
Серғали  Толыбеков  бірқатар  оқытушыларды  «Еңбектегі  ерлігі  үшін»  медалімен 
марапаттаған  болатын.  Олардың  қатарында  институт  оқу  ісінің  проректоры  И.Б.  Мадин, 
сырттай  бөлім  проректоры      Т.Қ.  Құлахметов,  факультет  декандары,  доценттер  И.М. 
Төленбеков  (жаратылыстану-география),  Г.А.  Тілеубергенова  (физика),  А.Ә.  Әбілқаев 
(филология),  Ш.Ғ.  Омашев  (көркем-сурет),  профес-сор  С.С.  Қирабаев,  доценттер  Т.М. 
Мұсақұлов, Д.Ф. Злобин, Т.Ә. Әбдісадықов, Ж.А. Амантаев, Н.И. Суворов, А.Н. Левин, аға 
оқытушы  Е.В.  Заплавнова  болған  еді.  Салтанатты  жиынға  қатыс-қан  Қазақ  КСР  Жоғары 
және арнаулы орта білім министрі Б.Біләлов арнайы сөз сөйлеп, институт ұжымын мерейлі 
мерекемен  құттықтады.  Сондай-ақ,  еңбектегі  табыстары  үшін  доценттер  Д.Әлімжанов  пен 
А.Пузырева  Қазақ  КСР  Жоғары  және  арнаулы  орта  білім  министрлігінің  Құр-мет 
Грамотасымен  марапатталса,  Жергілікті  комитет  төрағасы  А.С.  Рябинин  Құрмет  кітабына 
есімдері жазылған институттың 190 қызметкеріне арнайы куәлік тапсырыпты. [6] 
Ендігі кезекте, 1960-1970 жылдары факультет және кафедралар құрылымы мен ғылыми-
педа-гогикалық кадрлар құрамында болған бірқатар өзгерістерді мұрағат деректері негізінде 
өзара  салыстыра  келе,  ондағы  сандық-сапалық  көрсеткіштердің  айырмашылығы  жүйелі 
түрде берілген төмендегі кестеге назар аударайық: [7] 
 
1960-1970 жылдардағы ҚазПИ-дің ғылыми-педагог кадрлары туралы мәліметтер 
 
 
№ 
 
Жылдар 
 
Факультет 
саны 
Кафедра саны 
Профессор-оқытушылар саны 
фак-тік 
ж/инст.  
ғ.д., 
проф. 
ғ.к., 
доц. 
аға 
оқыт. 
оқыт. 
ассист. 
жалпы 
саны 

1961 

22 


112 
130 
112 
361 

1962 

17 


102 
87 
48 
244 

1963 

17 

10 
108 
102 
41 
261 

1964 

17 

11 
105 
99 
54 
269 

1965 

18 

10 
105 
104 
51 
270 

1966 

18 

11 
109 
114 
49 
283 

1967 

18 

12 
118 
108 
52 
290 

1968 

19 

13 
140 
112 
64 
329 

1969 

23 

12 
147 
116 
69 
344 
10 
1970 

23 

13 
151 
148 
70 
382 
 
1972  жылы  республикада  жалпыға  бірдей  орта  білім  беруге  көшудің  қорытынды  кезеңі 
бас-талды.  Бұл  туралы  КОКП  Орталық  Комитеті  мен  КСРО  Министрлер  Кеңесінің  1972 
жылы 20 маусымда «Жастардың жаппай орта білім алуына көшуді аяқтау және жалпы білім 
беретін  мек-тепті  одан  әрі  дамыту»  туралы  қаулысында  «Орта  мектептердің  жүйесі  өсті, 
мұғалім  кадрлардың  саны  көбейіп  оқу-тәрбие  процесі  жетілдіру  үстінде.  Қоғам  дамуының 
және  еңбекшілердің  саяси  санасы  мен  мәдениетін  арттырудың  алғышарттарының  бірі 
ретінде елімізде жаппай орта білімге көшуді аяқтау үшін барлық жағдайлар жасалып жатыр. 
Осының бәрі – халыққа білім беру сала-сындағы ірі жетістік» деп атап көрсетілді. Сондай-ақ, 
барлық мектеп курстары бойынша жаңа оқу жоспарлары мен бағдарламаларын енгізуді 1975 
жылға  аяқтау  міндеті  жолға  қойылып,  соның  негізінде  ғылым  мен  өндіріс  жетістіктерінің 
қазіргі  дәрежесін  бейнелейтін  тиянақты  оқулықтар  мен  оқу-әдістемелік  құралдар  кешенін 
әзірлеп, басып шығаруда ҚазПИ профессор-оқытушыла-рының жетекші  рөлі  арта түсті. [8] 
Бұл кезде институтта ардагер қарт ұстаздардан                   Х.М. Әділгереев, М.М. Маркович, 
Ү.М.  Балқашев,  С.Қ.  Бақшылов,  Т.М.  Мұсақұлов,  М.Қ.  Сәтбаев,  А.И.  Кузнецов,  С.Е. 

Толыбеков, О.Ә. Жәутіков, Т.Ә. Әбдісадықов, Н.И. Суворов, В.Е. Бреусов, А.Н. Коваленко, 
А.Ахметжанов,
  Д.Дінәсілов, 
Д.Ә.  Әлімжанов,  Н.Қ.  Киікбаев,  Г.Г.  Гайнутдинов,  Ж.А. 
Амантаев т.б. еңбек етті.   
1972 жылы 13 сәуірде т.ғ.к., доцент Жауынбай Амантаев «КОКП тарихы» кафедрасының 
мең-герушісі  қызметінен  босап,  институт  ректорының  №287  бұйрығымен  тарих 
факультетінің  деканы  болып  екінші  рет  тағайындалып,  бұл  қызметті  1975  жылдың  25 
сәуіріне дейін атқарды. [9]     Ж.А. Амантаев декан болған кездегі факультетте болған үлкен 
өзгерістің бірі 1972 жылы 1 мау-сымда «Қазақ КСР тарихы және тарихты оқыту әдістемесі» 
кафедрасының құрылуы еді. Кафедра өз алдына жеке шаңырақ көтерген кезден бастап 1982 
жылға  дейін  кафедраның  алғашқы  меңге-рушісі,  тарих  ғылымының  кандидаты,  доцент 
Тұрсын  Әбдірахманқызы  Көшкінбаева  кафедраның  интеллектуалдық  әлеуетін  дамыту  ісіне 
салмақты үлес қосты. Қазақ әйелдерінің арасында алғаш-қылардың бірі болып тарих ғылымы 
бойынша ғылыми атақ алған Т.Ә. Көшкінбаева, И.В. Сталин атындағы стипендия алып оқып, 
ҚазПИ-дің тарих факультетін 1947 жылы үздік белгімен бітірген еді. Ол бірден, өзі оқыған 
жерінде  оқытушылық  қызметте  қалдырылып,  зейнеткерлікке  шыққан-ша  Қазақстан  тарихы 
пәнінің өсіп-өркендеуіне өлшеусіз үлес қоса алды .[10] 
1974  жылы  институтқа  тарих  ғылымдарының  докторы,  профессор  Жүнісбек  Жұмабековтың 
ректор  болып  тағайындалуына  байланысты  институтта  жұмыс  сапасының  көлемі  ұлғайып, 
түбе-
гейлі өзгерістер қолға алынды. Бұл кезде институттың мектептермен байланысы күшейтіліп, 
ұстаздар  қауымы  оқу-тәрбиелік,  ғылыми-зерттеу  жұмыстарына  белсене  араласып, 
студенттердің мектептегі практикалық жұмыстары жанданды. Институт ұжымы мектептерге 
арналған  оқу-әдіс-темелік  құралдарды  көптеп  шығарып,  мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру 
және  оларды  қайта  даярлау,  кәсіби  бағдар  беру  сияқты  жұмыстарды  қарқынды  түрде 
жүргізіп  отырды.  Ендігі  жерде  институт  ректорының  тарихшы  болуына  байланысты  тарих 
факультетіне  ректорат  тарапынан  үнемі  назар  аударылып,  қолдау  көрсетілді.  Мәселен, 
институт  ректоры  Ж.Жұмабековтың  тарих  факультетінен  сағат  алып,  студенттерге  дәріс 
оқуының  өзінен-ақ  тарихи  білімге  аударылған  назардың  қаншалықты  деңгейде  болғанын 
аңғару қиын емес.  
1974  жылы  17  қазанда  сонау  1934  жылдан  факультет  деканы  болып  тағайындалып, 
факультет-тің  қалыптасуы  мен  дамуына  зор  үлес  қосқан,  зерделі  зерттеуші  ретінде 
көпшілікке танылып, Ақай Нүсіпбеков, Тәжен Елеуов, Ғазиз Әбішев, Нығметолла Киікбаев 
т.б.  тәрізді  қоғам  қайрат-керлерін  тәрбиелеп,  ғылым  кеңістігіне  шығарған  айтулы  тұлға, 
тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Халел Мұхамеджанұлы Әділгереев 67 жасында 
дүниеден  озды.  Ардақты  ұстаздың  1934  жылы  17  қазанда  алғаш  тарихи  білім  ордасының 
есігін  ашып,  арада  қилы  тағдырға  толы  40  жыл  өткеннен  кейін дәл  осы  17  қазан күні  өмір 
мектебінің  есігін  жабуы,  сонымен  қатар  1966  жылы  17  қазанда  «профессор»  атағын  алуы 
тарих толқынындағы өзара ұқсас сәттер болса керек. Институт тарихында зор үлесі бар Х.М. 
Әділгереев,  С.Қ.  Бақшылов,  А.Ахметжанов  сынды  аза-маттар  70-жылдардағы  тарих 
факультетінің шоқтығы биік тұлғалары еді. 
1978  жылы  институт  өзінің  50  жылдық  мерейтойын  айтарлықтай  табыстармен  қарсы 
алды.  Осы  жылы  12  қазанда  КСРО  Жоғарғы  Кеңесі  Президиумының  Жарлығы  бойынша 
педагогикалық  мамандарды  даярлау  мен  тәрбиелеудегі  қол  жеткізген  табыстар  мен 
жетістіктер  үшін  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогика  институты  «Еңбек  Қызыл  Ту» 
орденімен  марапатталды.  Институт  ұжымы  мерейтой  айдарына  да  өз  үлестерін  қоса  білді. 
Мәселен,  доцент  Т.Ә.  Көшкінбаева  «Қазақстан  әйелдері»  журналының  №7  санына  ҚазПИ-
дің  50  жылдығына  арналған  «Пройденный  путь»  атты  мақала  жарияласа,  доцент 
А.Ахметжанов,  К.А.  Аманжолова,  А.Уәлиев  институт  тари-хына  байланысты  «Қазақ 
радиосында»  тыңдарман  қауыммен  сұхбат  жүргізді.  Сонымен  қатар  осы  оқу  жылында 
Республика  бойынша  өткізілген  студенттердің  ғылыми  конференциясында  тарих 
факультетінің студенті Г.В. Кан үздік көрініп І дәрежелі дипломды жеңіп алды. [11] 
Институтта  жоғары  білімді  тілші  мамандар  мен  әдебиетшілерді  даярлау  ісі  филология 
факуль-тетінде жүргізілді. Оны бітірушілер арасынан сол факультеттің өзінде сабақ берген, 
Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  академигі  Қажым  Жұмалиев,  Мұхамеджан  Қаратаев, 
КСРО  Педагогика-лық  ғылымдар  академиясының  академигі  Мәлік  Ғабдуллиннің  еңбегін 
ерекше  айтуға  болады.  Қазақ  КСР  Ғылым  академиясының  академигі  М.С.  Сильченко  мен 

осы  академияның  корреспон-дент-мүшесі  Н.С.  Смирнова  бұл  факультетте  көп  жылдар 
бойына  лекция  оқып,  көрнекті  фоль-клорист-ғалым  және  бірқатар  ғылыми  еңбектердің 
авторы  ретінде  кеңінен  таныла  білді.  Сондай-ақ,  филология  факультетін  бітіргендер 
арасында  қазақ  қыздарынан  көптеген  ғалымдар  өсіп  шық-ты.  Олардың  қатарына  Ш.Қ. 
Сәтбаева,  Н.О.  Оралбаева,  Ф.М.  Мұсабекова,  А.Хасенова,  Р.Сыздықова  сынды  тағы  басқа 
қазақ  қыздарын  жатқызамыз.  Сондай-ақ,  аға  ұрпақтың  жақсы  дәстүрін  жалғастырып,  әрі 
қарай  дамытушы  КСРО  Ғылым  академиясының  корреспондент-мүше-сі,  қазақ  әдебиеті 
кафедрасының  меңгерушісі  С.С.  Қирабаев  пен  филология  ғылымының  докторы, 
профессорлар Н.Т. Ғабдуллин мен Х.Ә. Әдібаев, ғылым кандидаты, доценттер О.Н. Ларина,  
М.А.  Глазман,  К.А.  Бейсембаева,  Ш.А.  Бәйтікова  институтта  филолог  мамандар  даярлауға 
ерек-ше үлес қосты. [12] 
Институтта  1971  жылы  барлығы  377  оқытушы  болып,  оның  ішінде  13  ғылым  докторы, 
про-фессорлар,  158  ғылым  кандидаты,  доценттер,  137  аға  оқытушы  және  69  оқытушы, 
ассистент бол-са, бұл көрсеткіш 1978 жылы барлығы 400, ал, 1980 жылы 421 адамды құрады. 
Әрине,  мұндай  көрсеткіштен  институттағы  профессор-оқытушылар  құрамының  жыл  сайын 
артып отырғаны бір-ден байқалады. Оны мына бір кестеден анық көреміз:    
 
1970-1980 жылдардағы ҚазПИ-дің ғылыми-педагог кадрлары туралы мәліметтер 
 
 
№ 
 
Жылдар 
 
Факультет 
саны 
Кафедра саны 
Профессор-оқытушылар саны 
фак-тік 
ж/инст. 
ғ.д., 
проф. 
ғ.к., 
доц. 
аға 
оқыт. 
оқыт. 
ассист. 
жалпы 
саны 

1971 

23 

13 
158 
137 
69 
377 

1972 

24 

13 
167 
128 
70 
378 

1973 

25 

13 
168 
131 
71 
383 

1974 

25 

14 
152 
137 
74 
377 

1975 

27 

14 
148 
141 
77 
380 

1976 

27 

15 
152 
136 
73 
376 

1977 

31 

17 
195 
102 
79 
393 

1978 

31 

16 
206 
111 
67 
400 

1979 

32 

16 
202 
105 
67 
390 
10 
1980 

32 

19 
160 
149 
93 
421 
 
1980-1987  жылдары  институтта  физика-математика  ғылымдарының  докторы,  профессор 
Құлжабай Қасымов ректорлық қызмет атқарды. 1980 жылдары Абай атындағы ҚазПИ жалпы 
білім беретін жоғары оқу орындары  арасында қайта құрудың жаңа бастамалары мен нақты 
қадамдарын  жасады.  Білім  берудегі  қиын  міндеттер  мен  жастарды  тәрбиелеудегі  күрделі 
мәселе-лер  ұстаздар  тарапынан  өз  шешімін  тауып  отырды.  Жоғары  білім  беру  мәселелері 
зерттеліп,  болашақ  мұғалімдерді  тиімді  даярлаудың  жолы  мен  олардың  кәсіби  міндеттерін 
анықтау  ісі  тал-қыланды.  Осындай  мәселелерге  байланысты  институтта  жыл  сайын  оқу-
әдістемелік конферен-циялар өткізіліп, педагогикалық мамандарды заман талабына сай етіп 
даярлаудың  жолдары  қарастырылды.  Осы  мақсатта  80-ші  жылдары  студенттерге  дәріс 
жүргізу  және  оқытушылар  мен  аспиранттарға  ғылыми-әдістемелік  көмек  көрсету  үшін 
орталықтағы жоғары оқу орындарынан білікті ғалымдар мен жетекші мамандар шақырылды. 
[13] 
Бұл  кезде  институт  тарихшыларының  ішінде  Қазақстан  тарихының  белді  маманы 
профессор Жанұзақ Қасымбаевтың еңбек жолындағы шығармашылық жетістіктерді ерекше 
бөліп  айтуымыз  керек.  Профессор  Ж.Қасымбаев  1982  жылы  «Қазақ  КСР  тарихы  және 
тарихты  оқыту  әдістемесі»  кафедрасына  меңгерушілікке  тағайындалғаннан  кейін  бұл 
қызметті 22 жыл қатарынан атқарып, ел тарихының гүлденуі мен өсіп-өркендеуіне өлшеусіз 
үлес  қосты.  Ғылым  жолын  студент  кезден  бастаған  ғалым  ұзақ  жылғы  ізденістері  мен 
зерттеулерінің  нәтижесінде  соңына  көлемді  ғылыми  мұра  қалдырып,  таяу  және  алыс  шет 
елдерде  Қазақстанның  тарих  ғылымын  таныту  ісінде  көп  еңбек  сіңірді.  Ғалымның  зерттеу 
ауқымы  барынша  кең,  әрі  сан  салалы.  Оның  мұрағат  қорлары-нан  сұрыптап  алған  тың 

деректер негізінде жүргізген 600-ден астам  ғылыми зерттеулері Қазақстан  тарихының  өзекті 
мәселелерін  қамтиды.  [14]  Сонымен  қатар,  Ж.Қасымбаев  аз  уақыт  ішінде  өзі-нің 
еңбекқорлығы,  ғылымға  деген  талпынысы  мен  ізденушілігінің  арқасында  тарихшылар  ара-
сында кеңінен танылып, өзін білікті ұйымдастырушы, ұлағатты ұстаз ретінде көрсете білді. 
Оның  бүгінгі  замандастары  Өтебәлиев  Жігер,  Құдайбергенов  Әділхан,  Орашев  Сұлтан, 
Жұмағұлов Болат, Тимченко Сергей, Шарипова Анель, Төлекова Мереке, Сүтеева Ханзада, 
Берлібаев  Бақдәулет,  Кан  Григорий  тәрізді  профессор-оқытушылар  жастарға  тарихи  білім 
беруге  сүбелі  үлес  қосуда.  Ж.Қасымбаев  ғылыми-зерттеу  жұмысына  бейімді  жас 
ғалымдарды  тәрбиелеу  мен  ғылыми  дәреже,  атақ  алуларына  қамқорлықпен  қарап,  қолынан 
келген  көмегін  аямаған.  Оның  жетекшілігімен  даярланған  тарих  ғылымдарының  3  докторы 
мен  34  кандидаты  бүгінде  ғылым  жолында  іргелі  зерттеулер  жүргізіп,  әлі  де  «Қасымбаев 
мектебін»  жалғастырып  келе  жатыр.  Олардың  қатарында  доценттер  Ермұқанов  Еркін, 
Қоңыратбаев  Ордалы,  Далаева  Теңлік,  Меңілбаев  Ғани,  Сейфулмәлікова  Сәбира, 
Байдильдина Сәуле, Қалиева Елеухан т.б. сияқты бір шоғыр ғалымдарды бөліп айтуымызға 
болады.  Осы  орайда,  өзінің  ұстазына  деген  шынайы  ықыласын  Ж.Қасымбаевтың  шәкірті, 
т.ғ.к.,  доцент  Еркін  Ермұқанов  былай  деп  жеткізеді:  «Қазақстанның  жоғарғы  мектебінде 
дәріс оқудың Жанұзақ ағайдай хас шебері кемде-кем десем артық айтқандық емес. Ағайдың 
лекциясына өмірінде бір-ақ рет қатысқан адамның лектордың өзін ұстауы, өзіндік әдістемесі, 
аудиторияға жеткізу мәнері жөнінде таңдай қақпағаны некен-саяқ. Қай-қай дәрісін болмасын 
бей-жәй,  немкетті  тыңдау  мүмкін  емес.  Небір  құнды  деректерді  астарлы  әзілмен  жеткі-зе 
білетін лектордың лекциясынан әсерленіп шықпайтын студент жоқ шығар...» [15] 
КСРО  Ағарту  министрлігінің  1982  жылғы  22  қазандағы  №2  нұсқауының  негізінде  барлық 
кафедралардың жұмыс жоспары мен оқу бағдарламасына өзгертулер енгізілді. Осыған байланыс-ты, 
80-жылдары  институтта  оқу  үрдісі  мен  оқу-әдістемелік  жұмыстарды  ұйымдастыруда  барлық 
кафедралардың алдына қойылған негізгі міндет – болашақ педагог мамандарды даярлаудың сапа-сын 
арттыру  мәселесі.  Осы  мақсатта  оқытушы-профессорлар  құрамының  оқу  пәндерін  жүргізіп, 
студенттердің  өзіндік  және  саяси-тәрбие  жұмыстарын  ұйымдастырудағы,  арнайы  курстар  мен 
семинарлар, дипломдық және курстық жұмыстарға қатысты мәселелерді талқылау күн тәртібін-дегі 
басты  міндетке  айналды. 
Бұл  кезде  институтта  С.Қ.  Қирабаев,  Х.М.  Маданов,  Х.А.  Әдібаев, 
М.М. Мағауин, М.Х. Асылбеков, Т.Ә. Найзағарин, Б.Г. Аяған, Н.К. Келімбетов, А.В. Козлов, 
Р.М.  Қоянбаев,  С.К.  Кенжебаев,  А.Г.  Ғатаулин,  М.Қ.  Қалиев,  В.Я.  Басин,  Ө.Ә.  Өмірзақов,       
Х.Ә. Әбдірахманов, Б.Т. Берлібаев, Б.Н. Оразәлиев, Қ.Қ. Шалғынбаева, М.Г. Құлқашева т.б. 
ұстаздар жұмыс істеген болатын. Осылайша, 1981-1991 жылдары Абай атындағы ҚазПИ-дің 
ғылыми-педагогикалық 
кадрлар 
құрамындағы 
сандық-сапалық 
айырмашылықтар 
төмендегідей көрсеткішті құрады: [16] 
 
1980-1990 жылдардағы ҚазПИ-дің ғылыми-педагог кадрлары туралы мәліметтер 
 
 
№ 
 
Жылдар 
 
Факультет 
саны 
Кафедра саны 
Профессор-оқытушылар саны 
фак-тік 
ж/инст. 
ғ.д., 
проф. 
ғ.к., 
доц. 
аға 
оқыт. 
оқыт. 
ассист. 
жалпы 
саны 

1981 

30 
10 
21 
160 
148 
91 
420 

1982 

31 
10 
22 
162 
145 
97 
426 

1983 

32 
10 
25 
206 
97 
106 
434 

1984 

31 
11 
34 
207 
108 
90 
439 

1985 

35 
11 
35 
221 
96 
104 
453 

1986 

37 
11 
30 
261 
87 
106 
484 

1987 

37 
11 
26 
257 
103 
94 
480 

1988 

36 
11 
31 
278 
138 
107 
554 

1989 

36 
11 
29 
279 
121 
127 
556 
10 
1990 

39 
10 
31 
237 
238 
163 
669 
11 
1991 

43 
11 
33 
294 
276 
134 
737 
 

Өзіміз  көріп  отырғандай,  1991  жылы  институт  профессор-оқытушыларының  саны  60-
жылдар-мен  салыстырғанда  екі  есеге  өскен  болатын.  Мәселен,  1961  жылы  институтта 
барлығы  361  оқы-тушы,  1971  жылы  377  оқытушы,  1981  жылы  420  оқытушы  болса,  еліміз 
тәуелсіздік алған 1991 жылы мұның саны 737 адамға өсіп, соның ішінде 33 ғылым докторы, 
профессор, 294 ғылым кан-дидаты, доцент, 276 аға оқытушы және 134 оқытушы, ассистент 
жұмыс істеген екен. [17] 
Сонымен,  зерттеліп  отырған  кезеңде  Қазақстан  мәдениеті  мен  ғылыми-педагогикалық 
ойдың қайнар көзіне айналған Абай атындағы ҚазПИ-дің профессор-оқытушылары жоғары 
білімді  педагогикалық  кадрлар  даярлаумен  бірге  жастарға  қоғамдық  тәрбие  беруге  және 
халық  ағарту  саласының  маңызды  міндеттерін  табысты  шешуге  белсене  араласа  отырып, 
республиканың  қоғамдық-саяси  және  мәдени  өміріне  зор  үлес  қоса  білді.  Өзінің  даму 
сатысында 
жоғары білімді педагог мамандар дайындауда институт қызметі республика міндеттеріне 
жауап беруге қабілетті болса, шешуші табыстарға қол жеткізуге болатынын ұстаздар ұжымы талмай 
еңбектене отырып, жаңа бір қырынан дәлелдеп берді. Қазақстанда педагогикалық білім берудің қыр-
сырын  тереңдей  зерттеп,  оның  бағыт-бағдарын  белгілеумен  айналысудың  негізін  салған  Абай 
атындағы  Қазақ  педагогика  институты  өзінің  құрылған  күнінен  бастап  күні  бүгінге  дейін  халық 
ағарту саласына қажетті ғылыми-педагог мамандар даярлауда теңдессіз қызмет атқарып келді және 
алдағы  уақыт-тарда  да 
өзінің  құнды  дәстүрлерін  сақтай  отырып  Қазақстанда  педагогикалық 
білім беру ісін одан әрі жалғастыра бермек. 
 
1.
 
Жаңбырбаев Б.Ж. Оқуға құштарлық күшті еді. – Зерде, 1998, №9, – 7 б. 
2.
 
Манкеев Н.Б. Абай атындағы ҚазҰПУ атаулары және ректорлары (1928-2008 жж.). – Білім көк-жиегі, 
2008, №12 (73), – 6-7 бб. 
3.
 
Тарихтың тағылым айдыны.  – Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің 75 жылдығына шық-қан 
кітап. – Алматы, 2009, – 32-42 бб.   
4.
 
Мадин  И.Б.  Қазақтың  Абай  атындағы  педагогтік  институты  –  республикамыздағы  тұңғыш  білім 
ордасы. – Қазақстан мектебі, 1968, №11, – 26 б. 
5.
 
Указ Президиума Верховного Совета Казахской ССР. «О награждении Грамотами Верховного Совета 
Казахской ССР сотрудников Казахского Государственного педагогического института имени Абая». – Алма-
Ата: Дом правительства, 31 октября 1968 г. 
6.
 
Абдрахманов Т.А. Высокая награда вручена. – Педагог, 16 апреля 1970, №7-8 (283-284), – 2 с. 
7.
 
ҚР ОММ (Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік мұрағаты) 1142-қор, 1-тізбе, 1062-іс, 123-б. 
// Годовые отчеты по кадрам института за 1960-1974 годы. 
8.
 
ҚР ПМ (Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты) 17-қор, 59-тізбе, 412-с/б, 14-23-бб. // КОКП 
Орталық Комитеті мен КСРО Министрлер Кеңесінің «Жастардың жаппай орта білім алуына кө-шуді аяқтау 
және жалпы білім беретін мектепті одан әрі дамыту туралы» Қаулысы, 20 маусым 1972 ж. 
9.
 
ҚазҰПУ  мұрағаты  1-л  О/К-тізбе,  65,  76-бб.  //  Жауынбай  Амантайұлы  Амантаевтың  жеке  іс-
құжаттары. 
10.
 
ҚазҰПУ  мұрағаты  1-л  О/К-тізбе,  63-б.  //  Тұрсынхан  Әбдірахманқызы  Көшкінбаеваның  жеке  іс-
құжаттары. 
11.
 
Тарихтың тағылым айдыны. – Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің 75 жылдығына шыққан 
кітап. – Алматы, 2009, – 79-82 бб.   
12.
 
Көшкінбаева Т.Ә. Ұстаздар ұясы (Абай атындағы ҚазПИ-ге 50 жыл) – Қазақстан әйелдері, 1978, №7, 
– 10-11 бб. 
13.
 
Тарихтың тағылым айдыны. – Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің 75 жылдығына шыққан 
кітап. – Алматы, 2009, – 40 б.   
14.
 
ҚазҰПУ  мұрағаты  1-л  О/К-тізбе,  397-іс,  129-130-бб.  //  Жанұзақ  Қасымбайұлы  Қасымбаевтың  жеке 
іс-құжаттары. 
15.
 
Ермұқанов Е.Н. Ұстаз тағылымы (Жанұзақ Қасымбайұлын еске алу). – Тарихтың тағылым айды-ны, – 
Алматы: Атамұра, 2009, – 265 б. 
16.
 
ҚР ҰМ (Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағаты) 24-қор, 1-тізбе, 31-іс, 92-95-бб. // При-казы 
по основной деятельности (№166-200), 1 апреля 1992 г. – 30 апреля 1992 г. 
17.
 
ҚР  ҰМ  24-қор,  1-тізбе,  42-іс,  92-93-бб.  //  Приказы  по  основной  деятельности  (№451-468),  1  декабря 
1992 г. – 21 декабря 1992 г. 
 

Резюме 
Данная  статья  рассматривает  на  основе  раннее  не  известных  документов  из  архивных  источников  количе-
стенно-качественный  состав  научно-педагогических  кадров  Казахского  педагогического  института  им  Абая  в 
1960-1990 гг. и актуальные проблемы связанных по повышению квалификаций кадров данного ВУЗа. 
 
Summary 
In this article considered about early unknown materials from archive  reserves, scientific – pedagogical specialists 
of Kazakh Pedagogical Institute named by Abay and their qualitative – quantitative structure, and about their promotion 
professional activities of topical problems in 1960-1990. 
 
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН: ТАБЫСТАРЫ МЕН ЖЕТІСТІКТЕРІ 
 
З.Байжұманова – теориялық-қолданбалы саясаттану және әлеуметтану кафедрасының 
аға оқытушысы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің тарих факультеті 
 
Қазақ  халқының  санмыңдаған  жылдар  көздеген  асыл  мұраты  –  Тәуелсіздікке  қол 
жеткізгеніне, азат ел болғанына 20 жыл!  
Тәуелсіздік – қазақтың басына қонған бақыт! 
1991  жылдың  16  желтоқсанында  қабылданған  Қазақ  ССР  Жоғарғы  Кеңесі  «Қазақстан 
Респуб-ликасының  мемлекеттік  тәуелсіздігі  туралы»  Конститутциялық  Заң  қабылдады.  Бұл 
Заң  Евразия  құрлығының  нақ  ортасындағы  ежелден  ұлы  дала  атанған  ұлан-ғайыр  өлкеде 
«Қазақстан»  атты  жаңа  мемлекеттің  келгенін  паш  етті.  Ел  тәуелсіздігін  таныған  әр 
мемлекеттен келіп түскен қуа-нышты хабарлар дүниенің төрт бұрышына тарап жатты. Қазақ 
тарихының жаңа дәуірі басталды. 
Бұл біздің Отанымыз – егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті еді. Қазақ халқы ғасырлар бойы 
мойнына  тағылған  құлдық  бұғаудан  босады.  Ұлттық  рухы  қайта  жаңғырды.  Ешкімге 
жалтақта-майтын,  өз  мүмкіндігін  көрсете  алатын  дербес  мемлекетке  айналды. 
Тарихымыздың  терең  қатпа-рына  көз  салсақ,  бізге  Тәуелсіздік  оңай  келмегенін,  ата-
бабаларымыз тәуелсіздік жолында талай «Тар жол, тайғақ кешуді» бастан кешіргенін білеміз. 
Қазақ  елі  өз  тәуелсіздігі  жолында  ғасырлар  бойы  жат  жерлік  басқыншылармен  ерлікпен 
шайқасып келді. Білектің күші, найзаның ұшымен күресіп, талай зұлматты күндерді бастан 
өткерді. Қазақтар өз бостандығы мен тәуелсіздігі жолында патша отаршылдары мен кеңестік 
жүйенің озбырлығына қарсы ұлт-азаттық көтеріліс-терге де шыққан еді. Еліміздің болашағы 
үшін  күрескен қазақ  зиялылары  атылып,  қуғын  сүргінге  ұшырағаны  да  белгілі.  Осының  ең 
соңғысы тоталитарлық жүйеге қарсы күрескен қазақ жастары-ның 1986 жылғы «Желтоқсан 
қозғалысына» да 25 жыл толып отыр. 
Желтоқсан қозғалысы тәуелсіздіктің бастауы болды. 
Ел басына осындай қиын-қыстау күн туғанда ерлері намыс отын жағып, туған топырағын 
қасық  қаны  қалғанша  қорғағанына  өткен  тарих  куә,  кешегі  сұрапыл  заман  куә.  Сондықтан 
тәуел-сіздік  жолында  құрбан  болғандардың  есімі  халық  жүрегінде  мәңгі  сақталады,  тарих 
бетінде алтын әріппен жазылады. 
Адам  адам  болып  жаралғаннан  бері  ұлан-асыр  даму  көшінің  өн  бойында  жер  үшін,  ел 
үшін сан-қилы дүрбелеңдер көп болған. Осындай дүрбелеңдерден, үлкен аумақты қамтыған 
соғыстар-дан соң, әлем картасына түзетулер түсетін. Ал жиырмасыншы ғасырдың  соңында 
әлем  келбеті  ешқандай  дүрбелеңсіз-ақ  өзгеріп  сала  берді.  Оған  жер  жаһанның  алтыдан  бір 
бөлігіне  иелік  етіп,  қаһарымен  алыс-жақын  елдердің  бәрін  ықтырып  келген  алып 
империяның  ың-шыңсыз  ыдырай  бастауы  себеп  болды.  Ыдыраған  империяның  орнына  он 
бес тәуелсіз мемлекет пайда болды.  
Солардың  бірі  –  Орталық  Еуразия  алабындағы  ғажайып  әрі  қайталанбас  тарихы  бар 
Қазақстан Республикасы еді. 
Қазақстан – қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Бұл жерде ата-бабамыз туды, 
тұрды,  өмір  сүрді,  оның  топырағында  ата-бабамыздың  кіндігі  кесілген,  кең  жазира  жері 
болды.  
Қазақстан  –  Тәуелсіз  Республика  болып  қалыптасты.  Ол  Президенттік  басқару 
нысанындағы  біртұтас  мемлекет  болды.  Мемлекеттің  биліктің  бірден-бір  көзі  –  халық.  [1] 

Тәуелсіз  мемлекеттің  тұңғыш  Президенті  болып  Н.Ә.  Назарбаев  сайланды.  Тәуелсіздіктің 
алғашқы  күндері-ақ  мемле-кеттік  нышандарды  қабылдады.  Мемлекеттік  тіл  –  қазақ  тілі 
болды, ал ресми қарым-қатынас тілі орыс тілі еді. 
Бүкілхалықтық  талқылаудан  кейін  1992  жылғы  маусымда  Жоғарғы  Кеңестің  сесиясында 
жаңа  мемлекеттің  Туы  мен  Елтаңбасын  бекітті.  Сол  жылғы  желтоқсанда  республика 
Гимнінің  жаңа  мәтіні  қабылданды.  «Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  рәміздері 
туралы  Жарлығына  толықтырулар  мен  өзгертулер  енгізілген  Конститутциялық  Заңына 
Елбасы  қол  қойды.  Сол  бойынша  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  Гимнінің  жаңа 
мәтіні  мен  музыкалық  өңдеуі  бекітілді  (Әні:  Ш.Қалдаяқов,  сөзі:  Ж.Нәжімеденов  мен 
Н.Назарбаев). 
Тәуелсіз  Қазақстанда  130-дан  аса  ұлт  өкілдері  мен  45-тен  астам  түрлі  конфессиялар 
өкілдері-нен  тұратын  қасиетті  мекенде,  асқақтаған  Алатаулы  өлкеде,  кеңшілігі  керемет, 
дархан  дастархан-дай  далада,  егіні  теңіздей  толқыған,  төрт  түлігі  мыңғырған,  өндірісі 
өркендеген мекенге айналды. 
Қазақ  жерінде  өмір  сүруші  әрбір  адам  өз  Отанын  жанындай  сүйді,  оның  көк  байрағын 
көке  көтерді,  мақтаныш  етті.  Еліміз  егемендік  алғаннан  кейін  көптеген  жетістіктерге  қол 
жеткізді.  Қазақстан  экономикасы  дамып,  әлеуметтік  тұрмысы  тұрақты  дамып  келген 
Орталық Азиядағы беделді мемлекетердің қатарына қосылды.  
Байтақ  ел,  күн  сәулетті  Қазақстан  бүгінде  дамудың  даңғыл  жолына  түсті.  Өлшеусіз 
табиғат  байлығымен  ғана  емес,  ең  алдымен  сан  түрлі  ұлттардан  құралған  халқының 
бірлігімен де аты шықты. Бұл да Президентіміздің Қазақстан халықтары Ассамблеясын құру 
туралы  1992  жылғы  желтоқсан  айындағы  шешімінің  жемісі  болды.  Бұдан  халықтар 
арасындағы  келісімді  жүзеге  асы-ратын  құрылымның  керек  екенін  пайымдағанын  білеміз. 
Бұндай ұйым ТМД елдерінің ешқайсы-сында жоқ екені белгілі. Сондықтан Н.Назарбаевтың 
осы  мәселеге  байланысты  «Ассамблея  көп  ұлтты  Қазақстан  халқын  топтастыруда  өте 
маңызды рөл атқарды», – деп атап көрсетті. [2] 
Ең бастысы, қазақ халқымен бірге әр түрлі этностардың да Отаны болып табылатын біздің 
еліміз  бүкіл  әлемге  қоғамдық  татулық  пен  ынтымақтастықты  сақтаудың,  әр  түрлі  ұлттық 
мәдени-еттер  мен  діндердің  үйлесімді  дамуына  қамқорлық  жасаудың  жарқын  үлгісін  де 
көрсетіп берді. 
Бүгінгі  Қазақстан  –  өзі  орналасқан  аймақтың  ғана  емес  бүкіл  әлемдік  проблемаларды 
талқы-лауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел.  
Ал  Қазақстан  Президенті  Н.Ә.  Назарбаевтың  сындарлы  саясаты  мен  көрегендігі 
тәуелсіздіктің баянды болуына тікелей ықпал етті. Елбасының пікіріне әлем саясаткерлері де 
ықылас қоятын болды.  
«Уақыт  қарқыны  зымырай  күні  кеше  өткен  сияқты  уақиғалар  бүгін  де  тарих  беттеріне 
айна-лып  та  үлгерді.  Бұл  жаңа  мемлекет  пен  жаңа  қоғамның  дүниеге  келуінің  азапты 
қиындыққа  толы,  сонымен  бірге  ғаламат  сәті  еді.  Сол  сәт  әлі  аяқталған  жоқ  бірақ  ең  қиын 
белестерден  аса  білдік.  Ең  қиын  жылдар  дәл  қазір  артымызда  қалды,  сондықтан  да  мен 
еліміздің еңсесі биіктей беретіні-не сенемін» деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі бүгін де 
тарихи шындыққа айналып отыр.  
Тәуелсіздікті  баянды  ету  жолындағы  жиырма  жылдың  ішінде  қол  жеткізген 
жетістіктеріміз  бен  жеңістерімізді  қалың  ел  Елбасының  есімімен  тығыз  байланыстырады. 
Жиырма  жылдың  ішін-де  қол  жеткізген  табыстар  мен  істеген  жұмыстар  халықтың  көз 
алдында. Болашаққа бастайтын үлкен мақсаттар жолына бет алып келеміз.  
Елбасына күн туған заманда тарыдай болып шашылған әр елге күн көріс қамымен кеткен 
қан-дастарымыз да елге оралуда. Бұл да тәуелсіздіктің жемісі. Тәуелсіздік алған күннен бері 
бүгінгі  күнге  дейін  жүргізіліп  келе  жатқан  бұл  шара  негізінде  алыс  жақын  елдерден  800 
мыңнан астам қазақтар Қазақстанға келіп орналасып, азаматтықтарын алуда. Алдағы уақытта 
шетелдегі  қандас-тарымызбен  арадағы  байланыс  бұрынғыдан  да  белсенді  сипат  алмақ. 
Алайда, Қазақстанға келген оралмандар «Қазақстаннан не аламыз?», – деп келмей, керісінше, 
«Қазақстанның  өркендеуіне  бар  үлесімізді  қосамыз,  еліміз  үшін  барлығына  дайынбыз»  – 
деген патриоттық сезіммен келсе, әрине, есігіміз әркезде ашық. 
Сондай-ақ  тәуелсіз,  азат  ел  атанғанына  биыл  жиырма  жыл  толғалы  отырған  бүгінгі 
Қазақстан-ның  саяси-экономикалық,  рухани-мәдени  әлеуметтік  дамуы  елдің,  елордамыз 

Астананың  даму  көрсеткіштерімен  өлшенеді.  Иә,  кезінде  Елбасымыз  еліміздің  астанасын 
Алматыдан  Ақмолаға  көшіру  туралы  батыл  шешім  қабылдағанда  әртүрлі  пікірлер  қоғам 
таразысына түсті. Жасыратын несі бар, үміт пен сенімнен гөрі әр көңілде күдік басым болды. 
Дәл  осы  тұста  Елбасымыз  қашан-да  болашаққа  сеніммен  қарайтын  қазақы  мінезіне  басып, 
ұлы істі бастап кетті. Нәтижесі, міне, жалғыз Қазақстандықтардың емес, байтақ әлемнің көз 
алдында  бүгінде  мүшел  жасқа  толған  Астана  Бейбітшілік  қаласы  ретінде  танылып 
халқымыздың  мақтанышына  айналды,  өзге  жұртты  көрікті  келбетімен  тамсандырды, 
қазақтың  айбынын  асқақтатты.  Әлемдік  деңгейдегі  басқосулар-дың  орталығына  айналды. 
ЕҚЫҰ-ға төрағалық етіп, Астанада 56 елдің басшылары мен халықара-лық ұйым өкілдерінің 
басын қосқан Саммит өткізіп, нәтижесінде Астана декларациясын қабыл-дады. Бұл еліміздің 
төрінде  өткен  Саммит  –  тарихи  оқиға.  XXI  ғасырдың  елеулі  жаңалығы.  Елі-міз  Еуропаның 
төбе биі ретінде бір жыл бойы билік айтты. Астана Саммиті ел беделін одан әрі шарықтатты. 
Қазақстан  тәуелсіздік  алғанан  бері  бейбітшілік  пен  ынтымақтастықтың  ұйтқысы  болып 
келеді.  Сонымен  бірге,  Қазақстан  Ислам  Конференциясы  Ұйымына  төрағалық  етуі  көңілі-
мізді  одан  әрі  биікке  қалықтатты.  Елбасымыз  Н.Ә.  Назарбаев  өзінің  Қазақстан  халқына 
Жолда-уында: «Біз Батыс пен Ислам әлемі үнқатысуын нығайту бойынша бастама көтердік. 
Ислам  Кон-ференциясы  Ұйымына  төрағалық  Қазақстанның  сыртқы  саясатының  азиялық 
векторын күшейтуі тиіс», – деп атап көрсеткен болатын. [3] Бұл ұйым – төрт құрылықтағы 57 
мемлекетті біріктіретін бірегей құрылым болып саналады. Сондықтан ұйымға төрағалық ету 
мемлекеттік  тұғырымыздың  беріктігі  мен  тұрақтылығын  көрсетуде  дүниежүзілік 
қауымдастықтың көзін жеткізді.  
VII  қысқы  Азияда  ойындарында  үлкен  әзірлікпен  өткізіп,  жалпы  командалық  есепте  70 
медальды  иемденді.  Сөйтіп,  отандастарымыз  әр  спорт  түрі  бойынша  үлкен  жетістіктерге 
жетті.  Бір  апта  бойы  Қазақстан  құрамасының  үстінен  толассыз  алтын  мен  күміс,  қола 
медальдар жауған жарыс мәресіне жетті. Бұл жәй мәре емес, еліміздің айбынын асырған сәні 
мен  салтанатын  асқақ-татқан  дүйім  дүниеге  күш-қуатын  танытқан  мерейлі  мәре  болды. 
Мәртебелі қонақтар да елімізге қызығып қайтты. Олимпияданың ұйымдастырылуы, өткізілуі 
жоғары деңгейде болып, елдігімізді тағыда танытты.                                                           
Елорда Елбасының көрегендігінің арқасында әлемдік түйінді мәселелерді шешетін бірлік 
пен ынтымақтастықтың ордасына айналды.  
Кез  келген  мемлекеттің  елордасы  маңызды  рөлге  ие.  Басқа  жұрт  осы  елге  қарап  елдің 
ерекше  қабілетін  таниды,  ұлттық  болмысын  мінезін  ұғады.  Бүгінгі  Астанада  сәулет 
жауһарлары,  мың-жылдық  тарихымыздан  сыр  шертер  тарихи  ескерткіштердің  көптеп 
салынуы  өткенді  ұлықтап,  ұлттық  құндылықтарымызды  келер  ұрпаққа  табыстап,  қазақтың 
даңқын  асқақтату  үшін  қажет.  Еліміз  экономикасы  мен  мәдениеті  өрге  жүзген  іргелі  елге 
айналды.  Астана  халықтың  өркендеу-ін,  қуаты  мен  күшін  танытып,  жаңа  Қазақстанның 
символы мен мақтанышына айналды. Қазақстан-ның елордасы – тәуелсіздігіміздің салтанаты, 
ол  –  болашаққа  ұмтылған  халқымыздың  тарихы  мен  мәдениетімен  байланысты  символы 
болды.  
Міне,  Қазақстанның  бүгінгі  жетістіктерін  тұңғыш  Президентіміз  Н.Ә.  Назарбаевпен 
байла-ныстырамыз.  Мемлекет  басшысының  әлемдегі  бейбітшілікті,  достық  пен  келісімді 
сақтау  жолын-дағы  маңызды  бастамаларын  барлық  әлем  қолдайды.  Бүгін  іргеміз  түгіл, 
бірлігіміз бекем  елге  айналдық. Жалпақ  әлем  тегіс  мойындаған  мемлекет  болуымыз  жарық 
дүние түгел таңқалған астана салуымыз соның айғағы.  
Тарихтың  тар  жол,  тайғақ  кешуін  де  данышпан  халқымыз  өз  тағдырын  кімге  сеніп 
тапсыруды  білді.  Тұңғыш  Президентіміз  Н.Назарбаевтың  бойында  ондай  терең  білім, 
көрегендік, ойындағы-сын іске асырмай тынбайтын табандылық болды.  
Айналасы он жылдың төңірегіде Астана таңғажайып шаһарға айналды. 1996 жылдан бері 
он  бесінші  рет  халыққа  Жолдауын  ұсынды.  Әр  Жолдауда  халықтың,  елдің  жағдайларын, 
мүддесін  қорғады.  Тәуелсіздігімізді  баянды  етті.  Ауыр  әрі  абыройлы  асулардан  өттік. 
Дүниедегі  қабырға-лы  елдердің  қатарына  қосылдық.  Еуразия  кіндігінде  ұлт  пен  ұлысты 
сүттей  ұйыттық,  бейбітші-лікті  нығайттық.  Тәуелсіздігіміз  қазақ  елінің  асқан  рухын  әлем 
кеңістігінде  қалықтатты.  Әлемде  бірінші  болып  ядролық  қарудан  өз  еркімен  бас  тартып, 
ядролық  қауіпсіздік  саласында  көшбасшы  болып  отырмыз.  Сондай-ақ  Қазақстан  БҰҰ-ға 
жалпыға ортақ ядросыз әлем декларациясын қабылдауды ұсынып отыр. 

Елбасымыздың  «Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз!»  атты  2011  жылғы  Қазақстан 
халқына арналған Жолдауында «Биыл – біз үшін ерекше қастерлі жыл. Біз ел тәуелсіздігінің 
20 жылдығы-на қадам бастық», – дей келе, осыдан 1997 жылғы Халыққа Жолдауында айтқан 
сөзін  есіне  түсіре  отырып:  «2030  жылы  біздің  ұрпақтарымыз  бұдан  бұлай  әлемдік 
оқиғалардың  қалтарысында  қалып  қоймайтын  елде  өмір  сүретін  болады»  деген  сөзінің 
жүзеге  асып,  бұл  межеге  біз  33  жылда  емес,  бір  мүшел  жастың  өзінде  жеткенімізді  атап 
көрсетуі де осы тәуелсіздігіміздің жемісі екенді-гін айғақтайды. [3] 
Қазақтың  тарихи  арманы  орындалды.  Бүгінде  дүние  жүзін  мойындатқан  егеменді  еліміз 
бар.  Мемлекетіміздің  негізін  қалап,  еліміздің  көсегесін  көгертіп,  әлемге  танытып, 
көрегенділікпен  өрге  сүйреп  келе  жатқан  Көшбасшымыз  бар.  Елбасының  жасампаз  еңбегі, 
бейбітшілік баянды болсын. Қазақстан қарыштай берсін.  
Ойымды қорыта келе, тәуелсіздік біреуден келген сый емес, қазақтың ерлігінің, елдігінің 
арқа-сында,  жерге  тұлпар,  көкте  сұңқар  болған  бірліктің  нәтижесінде  келген  тарихтың 
шынайы  жеңісі  екендігі  баршамызға  мәлім.  Тәуелсіздіктің  тұғырын  биік  ұстап,  еліміз, 
жеріміз  үшін  әрқашан  бір-лікте,  татулықта  болсақ  алынбайтын  қамал,  аспайтын  асу  жоқ 
екенін білеміз.  
Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерекесі құтты, баянды болсын! 
 
1.
 
Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Астана, 2008. 
2.
 
Қазақстан Халықтар Ассамблеясы. Егемен Қазақстан 2001 ж. 20 қаңтар. 
3.
 
«Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз».  Қазақстан  Республикасының  Президенті  Н.Ә.  Назарбаев-тың 
Қазақстан халқына Жолдауы. // Егемен Қазақстан. 2011 ж. 29 қаңтар. 
 
Резюме 
В  данной  статье  рассматриваются  социально-политические  предпосылки  становления  Независимого 
Казахстана.  Наряду  с  этим  автор  предлагает  анализ  достижений  Республики  Казахстан  за  20  лет  независи-
мости. В этой связи показаны особенности политического развития современного Казахстана. 
 
Summary 
In this article sociopolitical preconditions of formation of Independent Kazakhstan are considered. Along with it the 
author offers the analysis of achievements of Republic Kazakhstan for 20 years of independence. Thereupon features of 
political development of modern Kazakhstan are shown. 
 
РЕЛИГИОЗНАЯ ПОЛИТИКА РОССИЙСКОЙ ИМПЕРИИ В КОЧЕВОМ ОБЩЕСТВЕ 
 
Д.Аманжолова – Докторант КазНПУ им. Абая 
 
Религиозная  образованность  у  казахов  пользовалась  уважением,  но  число  культовых 
сооруже-ний  в  Казахстане  было  не  велико,  и  их  организация  в  подавляющем  большинстве 
случаев, была связана с деятельностью татарского (Северо-западные регионы) и центрально-
азиатские  (на  юге)  духовенства.  Специфика  хозяйственно-культурного  типа  у  казахов  не 
могла способствовать стро-ительству культовых сооружений, как это имело место у других 
оседло-земледельческих наро-дов. Отмечалось неравномерность распространения мечетей на 
территории  Казахстана  к  югу  их  число  увеличивается,  а  к  северу  уменьшалось,  что 
объяснялось  близостью  южных  земледельче-ских  районов  и  среднеазиатским  религиозным 
центрам. 
Мечети  в  Казахстане,  как  и  в  других  регионах  традиционного  распространения  ислама, 
явля-лись религиозными центрами. 
Мечеть, масджид (араб – место поклонения или место, где совершают земные поклоны) – 
у мусульман молитвенное и общественное здание. В разных районах мусульманского мира 
сложи-лись различные архитектурные типы мечетей. Основные черты мечетей определились 
в  конце  VII  в.  Большинство  мечетей  один  или  несколько  минаретов  башен,  с  которых 
провозглашаются  призыв  к  молитве  (азан).  В  молитвенном  помещении  находится  михраб-
ниша,  указывающая  нап-равление  на  Мекку,  к  которой  молящиеся  должны  повернуться 
лицом. В каждом исламском городе существует «соборные» мечети, служащие для больших 
коллективных  молений  в  пятни-цу,  а  также  квартальные  мечети.  Мечети  при  медресе. 
Первая мечеть была построена сразу после Хиджры в середине 623 г. рядом с домом пророка 

Мухаммеда.  После  завоевания  Мекки  в  630  г.  Кааба  и  окружающий  ее  двор  были 
превращены в мечеть. После этого мечеть стали возводить во всех мусульманских городах. 
В первые века ислама правители или наместники широко использовали мечеть: хранили 
каз-ну,  объявляли  казну,  народу  указы,  выступали  с  речами,  проводили  судебное 
разбирательство.  Постепенно  общественно-политическая  функция  мечети  ослабевала. 
Служителями мечетей явля-лись имамы, хатыбы, муэдзины. [1, c.1 37] 
Во  второй  половине  XIX-начале  XX  в.  сооружение  мечетей  в  Степных  областях 
разрешалось: 
1.
 
во  вновь  учрежденных  Уральской  и  Тургайской  областях  министерством  внутренних 
дел  по  представлению  местного  военного  начальства  с  соблюдением  статей  154  и  155 
«Устава  стро-ительного»  (действительная  необходимость,  определенное  в  законе  число 
прихожан и обеспече-ние «средствами содержания мечети и духовенства»), в Акмолинской и 
Семипалатинской  обла-стях-степным  генерал-губернатором,  в  Семиреченской  (с  момента 
присоединения к Туркестан-скому краю) – туркестанским генерал-губернаторам. [2, c. 115] 
Строительство  мечетей,  медресе  состоятельными  людьми  стало  распространяться  во 
второй половине XIX в. 
По  “Уставу  о  Сибирских  киргизах”  1822  года,  первом  документе,  положившем  начало 
подве-дения  казахов  под  общее  управление  империи,  предполагалось  строительство 
культовых  соору-жений.  Параграф  124  “Устава”  указывал,  что  могут  быть  построены  в 
каждом  округе  наравне  с  другими  общественными  зданиями  молитвенный  дом  с  жилищем 
для  духовенства.  Параграфом  125  предполагалось  составление  планов  и  смет  с  указанием 
местных  средств  к  приведению  в  исполнение.  Эти  планы  и  сметы  должны  быть 
представлены на утверждение правительства. Ответственность за скорейшую постройку этих 
зданий  возлагалась  параграфом  126  Устава  на  областное  начальство.  [3]  Думается,  что  эти 
параграфы  были  предусмотрены  и  из  соображений  использования  мечетей  в 
государственных интересах, а также из представления о принадлежно-сти народа к религии и 
соответственно ей необходимости молитвенных домов. 
Правительство,  учитывая  функциональную  роль  мечети,  указывало  на  то,  чтобы  для  них 
выби-рали  выгодные,  наиболее  посещаемые  места.  В  “Строительный  Устав”  была  введена 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет