Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Қазақ журналистикасы: 3 томдық.1 томы. – Алматы: Таймас, 2008.
2. Тұрсын Қ. Қазақ теледидары қай деңгейде? // Қаз МҰУ хабаршысы. Журналистика серия-
сы. – 2002. – № 1 (12).
3. Шеремет П. Журналист в кадре: от великого до смешного. – 2007.
dp-redaktor@mail.ru
4. Мұқанова Қ.Қ. Қазақ тілін журналистика бөлім студенттеріне қарқынды оқыту технология-
сы. – Алматы: 2005.
5. Биғалиева Г. Қазіргі телеарналардағы PR – сюжеттің жасалу жолдары. // Қаз ҰУ хабаршысы.
Журналистика сериясы. – 2006. – № 1 (20).
6. Әбділжәділқызы Ж. Журналистің кадрдегі сөзі немесе «Stand-up» туралы. // Қаз ҰУ хабаршы-
сы. Журналистика сериясы. – 2004. – № 1-2 (16-17).
Резюме
Автор в своей работе отмечает, что работа в кадре — ключевая особенность телевидения. Это
придает вашему тексту эмоциональность, повышает значение всего репортажа и статус автора репор-
тажа, облегчает понимание материала зрителями. Английский глагол «stand up» означает буквально
«вставать после того, как вы сидели». Появление журналиста в кадре с каким-либо сообщением, об-
ращенным непо средственно к зрителям, на нашем жаргоне теперь и называется stand up — стендап.
Вы встаете в кадр перед зрителями, чтобы сообщить им нечто важное, чего нельзя было сделать за
кадром.
Саниязова Еркемай Қазыбекқызы
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
Арнайы құқықтық пәндер кафедрасының оқытушысы
ЖЕР АСТЫ БАЙЛЫҚТАРЫН ПАЙДАЛАНУДАҒЫ КЕЙБІР
эКОЛОГИяЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕР
Қай кезде де болмасын әрбір мемлекеттің қалыптасуы мен дамуында жер
қойнауының байлықтарын пайдалану тәртібі маңызды роль атқарып келген. Жер
қойнауын пайдаланудан түскен табыстар көптеген мемлекеттердің экономикалық
жағдайына өсуіне, өзгеруіне айрықша үлес қосып келе жатыр. Сонымен қатар, мем-
лекет пен оның халқының мұқтаждықтары үшін де маңызы ерекше. Қазақстан Респу-
бликасында аса маңызды минералдық шикізаттардың барлық түрлері бар. Еліміздің
жер қойнауына Менделеев кестесіндегі 99 элемент кездеседі. Жетпіс элементтің мол
қоры барланған және оның алпыстан астамы өндіріледі. Алты мыңға жуық пайдалы
қазбалар кен орындары ашылған. Қазақстан Республикасы алтын қоры бойынша
181
дүние жүзі бойынша алтыншы орында, ал Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдері
бойынша Ресей мен Өзбекстаннан кейінгі үшінші орнында. Тәуелсіз Мемлекет-
тер Достастығы елдері көлеміндегі мыс пен қорғасын қорының жартысынан аста-
мы, мырыштың 70 пайызынан астамы Қазақстанда шоғырланғаны еліміздің жер
қойнауы байлықтарына бай екендігін дәлелдейді. [1]
Осы айтылған табиғи ресурстарды еліміз жоспарлы экономикадан нарықтық
қатынастар кезеңіне өткен кезде осыншама байлықтарды игеруге техникалық және
экономикалық жағынан мүмкіншілігіміз келмей, ел экономикалық тоқырауға
ұшырады. Осы кезең уақытында жер қойнауынан игеру саласының да дамуы нашар-
лап, көптеген кен орындары өз жұмыстары тоқтауға тура келсе, енді біреулері шетелдік
компанияларға сатылды. Солардың бірі ретінде 1996 жылы «Оңтүстікмұнайгаздың»
акциясын 120 миллион долларға канадалық «Петро» мұнай компаниясына сатыл-
ды. [2]
Қазақстанда игеріліп жатқан кен орындарының барлығы дерлік көп компонентті
кендер күйнде. Кезінде олардан кен өндіруге лицензиялар берлігенде сол кен орын-
дарында пайдалы қазбаны алу қажеттілігі экономикалық тұрғыдан жеткілікті
негізделіп, ескерілмеді және лицензиялар жеткіліксіз негізде тексерілмей, бейбере-
кет берілгендігі қазір ашық айтылып жүр.
Экология проблемасы ұлтқа ортақ проблема. Мемлекеттің өркендеуі халықтың
денсаулығына тікелей тәуелді. Ал халықтың денсаулығы оны қоршаған ортасына
тікелей байланысты екені даусыз. Осы мәселелерді шешуде Қазақстан республика-
сы егемендік алғаннан кейін осы жер қойнауын пайдалану қатынастарын дамыту-
да көптеген нормативтік-құқықтық актілердің қабылдап, күрделі реформалардың
жүргізілгені әлі де болса жүргізіліп келе жатқаны да белгілі. Қазіргі таңда еліміздің
экологтары жерімізде 25 миллиард тонна өндіріс қалдықтары жиналып қалғанын
аитып, дабыл қағуда, Соның 300 миллион тоннасы радиоктивті қалдықтар екен.
Әрине, бұның ішінде жер қойнауын игеруден қалған қалдықтардың да өзінше үлес
алатын ақиқат. [3]
Осы реформалардың негізгі алдына қойған мақсаттары біреу – ол осы жер асты
байлықтарын пайдаланудың тиімділігін арттыру, жер асты ресурстарын кешенді
пайдаланудың тетіктерін табу, Отанымыздың өсіп өркендеуіне ерекше үлес қосып
отырған өндіріс орындарының қызметін нақтылау, шетел инвесторларымен елімізге
пайдалы келісім-шарттар орнату, сонымен бірге отандық жекеменшік мердігер
компаниялардың да жұмыс істеуіне қолдау қажеттілігі, оларды жоғары дәрежеде ын-
таландыру.
Жер қойнауын пайдалануда жүргізіліп жатқан реформалардың ішіндегі ең өзекті
мәселелеріне айналып отырған үлкен проблема – ол жер қойнауы ресурстарын пай-
далану кезінде экологиялық талаптардың тиісті дәрежеде дұрыс орындалмауы.
Осы мәселе шеңберінде Үкімет экологиялық жағдайды жақсартуды ұлттың
денсаулығын жақсартудың негізгі талабы ретінде қарастырып, осы
мақсаттарға нақты іс-шаралар жасау үстінде. Соның бірі ретінде, Қазақстанның
2030 жылға дейінгі даму стратегиясында жер асты байлықтары кешені Қазақстанның
әлеуметтік-экономикалық жағынан жоғары дамыған елдердің қатарына қосылуын
қамтамасыз етуге жәрдемдесетін басым салалардың бірі ретінде белгіленген. Ре-
спублика кен-металлургия кешінің басты міндеті ішкі және сыртқы рыноктардың
қажеттерін қанағаттандыратын бәсекеге қабілетті өнімдер шығаруда экологиялық
жағдайларды жақсарту болып табылады. Әрине, ұзақ жылдардан бері орын алған
түйінді мәселелерді бір күнде, бір жылда шешудің мүмкін еместігі де түсінікті. Әйтсе
де Елбасы міндеттеген бәсекеге қабілетті елу елдің қатарынан нық орын алу үшін
182
Отанымыздағы экологиялық саланы дұрыс жолға қойып, өндіріс орындарының
қызметін қатаң қадағалап қоймай, заманауи жаңа технологияларды іске қосу болып
саналады.
Сондай-ақ, таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан
Республикасының 2007–2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу
тұжырымдамасы», «Қазақстан Республикасының 2030 жылға дейінгі даму
стартегиясы», «Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-
инновациялық даму стратегиясы», «Қазақстан Республикасының 2004–2015
жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсізідігі тұжырымдамасы», «Қазақстан
Республикасының 2015 жылдарға дейінгі аумақтық даму стратегиясы» сияқты ел
дамуы үшін маңызды рөл атқаратын құжаттар ауқымы жағынан кең мағынадағы
тың құжаттар болып табылады. Осы құжаттар негізінде мемлекеттік органдардың
қызметкерлеріне экологиялық тұрақтылық пен табиғи ресурстарды тиімді
пайдалану сияқты мәселелерді шешудің оңтайлы тәсілдерін табу мен оны орындау
үшін тапсырмалар берілді. Әсіресе, ауа, жер, су бассейндерін ластаған жер қойнауы
байлықтарын пайдаланушы өндірістерге талап қатаң болмақ. Сонымен қатар,
экологияға зиян тигізетіндерге қойылатын жазаны қатаңдатып, заңды жетілдіре
түспекші.
Зерттелген деректерге сүйенсек, жер қойнауын пайдалану кезінде экологиялық
талаптардың сақталмауы нәтижесінде, республика бойынша сотта қаралаған істер
бойынша 27 976 889 теңге өндірілген. Оның нәтижесінде 1468775 теңге көлемі
жерді ластағаны үшін, 398613 теңге су ресурстарына келтірілген залалдың есебінен
өндіріліп отыр екен.[4]
Экология мәселесі қазір мемлекетіміз үшін маңызды мәселе ретінде күн
тәртібінде тұрған тақырыптардың бірі. Соның ішінде жер асты қойнауын пайда-
лану кезіндегі экологиялық мәселелерді шешуде ең алдымен, әр адам өзінің елінің
ұлтжанды патриоты бола отырып, өзінің экологиялық мәдениетін қалыптастыруы
керек. Экологиялық мәдениетті дамытуда мемлекет тарапынан көптеген маңызды
шаралар ұйымдастыруы қажет. Одан кейін жер қойнауын игерумен айналы-
сатын компаниялардың халық үшін маңызды экологиялық талаптарды дұрыс
орындамағаны үшін қолданылатын жазаны ауырлату керек. Себебі, қазірде ірі
компаниялар айыппұл төлеумен ғана шектеліп, айтылған кемшіліктерді толық
орындамай-ақ, өз жұмыстарын жалғастыруда. Жылына жарты миллиардтап пайда та-
батын компанияларға айыппұл салу олардың мемлекет алдындағы жауапкершілігін
көтеруге ықпал ете алмайды. Осы салада заңдарға өзгертулер енгізу қажеттілігі ту-
ындайды.
Жер қойнауын пайдалану үшін берілетін лицензиялардың талаптарын күшейту
қажеттілігі осы аталған мәселені шешудің бір жолы болып табылады. Лицензиялар
кендердің көп компонентті болуына байланысты, оларды өндіруде тек қана бір-
екі негізгі компонентін ғана өндіруді көздемей, барлық қоспалы компоненттерді
игеруді қамтамасыз ететін заңдарымызды дүниеге әкелуіміз керек. Өндіріс
орындарының көп бөлігі шетеліктердің қолына өтіп, олардың жерасты байлығын
ысыраппен өндіріп жатқаны жасырын емес. Кен өндіру жұмысы қарқынды да-
мып, тек таза пайдалы кесектерін алып, ұсақ кен байлықты қоқысқа араласып кетіп
жатқаны баспасөз беттерінде айтылып жүр. Әйтпесе, пайдасы мол қосымша компо-
ненттер қалдықтар негізінде тасталынып, өндірілмей қалып жатыр. Осы айтылған
толық пайдаланылмаған шикізаттың құрамында көптеген улы заттар бар. Оларды
залалсыздандыру ісі әлі дұрыс шешілмеген. Қазіргі кен пайдаланушылар Кеңестік
кезеңде жасалынған жобалардың көрсеткіштері мен қол жеткізген экологиялық
183
деңгейден артқан көлемде қоршаған ортаны ластауға жол беріп отыр. Басқа ел-
дермен салыстырсақ, Америка, еуропа елдерінде компаниялар өз елінде бір тон-
на күлқоқыс тотыған ауаға шығарғаны үшін 48 доллар төлесе, біздің компани-
ялар небәрі 7 центтен төлейді. [5] Тағы аита кететін жайт, табиғат ресурстарын
пайдаланудың тиімділігін арттыруға, оны тұрақты дамытуға, ол үшін техникалық
әлеует құру ісіне, өндірісте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, халықты сумен
қамтамасыз етуде, қала өнеркәсібінде, көлік жүйесінде экологиялық жағынан таза
және экономикалық жағынан тиімді технолотгияларды енгізу қажет. Мұндай тех-
нологиялар қоршаған орта үшін рентабельді және өндірісітік жағынан қауіпсіздікті
қамтамасыз ететін коммуникативтік және ақпараттық құралдарды, басқару мен
есептеудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру,
т.б) үйлестіретін кешенді жүйемен іске асады. Сонда ғана өндіріс орындары пайда-
сыз қалдықты аз шығарып, экололгияны бұзудан тыйылуға жол ашуға негіз болып
табылады. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қалдықтарды қайта кәдеге
жаратады.
Сонымен бірге, өндірістік мекемелерде жүргізіліп жатқан операциялардың
жариялылығы комерциялық құпия деген желеумен айтылмай жүргені жер қойнауын
пайдаланудағы экологиялық проблемалардың бірі. Сондай-ақ, олардың бюд-
жетке түсетін салық көлемін белгілейтін өнімнің өзіндік құны, жаңағы аитылған
комерциялық құпияға жатқызылуда. Аталмыш құпияға не жатуы керек екені айқын
да, дәл белгілейтін біздің елімізде заң нормалары жоқ. Міне осы мәселені жеткілікті
түрде зерттеп, заңнамаға тиісті толықтырулар енгізуіміз керек.
Қандай мемлекетте болмасын, қандай жағдайда болмасын, біз байлықтың негізгі
көзі болып саналатын жер асты қойнауын игеруде экологиялық талаптарының
дұрыс жолға қойылуына мемлекет тарапынан да қарапайым халық тарапынан да
үнемі қызығушылықта, мүдделілілікте болуымыз оның әрі қарай жақсаруына мол
үлес қосатынымыз ақиқат.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. Статический ежегодник Казахстана /под ред Абдиева/ 2006 г.
2. Жас Алаш газеті, Қ. Данабаев //Арбалап алып, дорбалап шашып... 27.10.2004 ж.
3. Ана тілі. 2005-8 (№36). 8-б.
4. Егемен Қазақстан газеті, М. Мырзахметов //Экология – ұлтқа ортақ проблема 10.07.2004 ж.
5. Құқықтық Қазақстан газеті, М. Түсіпбеков //Экологиялық қауіпсіздік –адам денсаулығының
кепілі 18 қаңтар 2007 ж.
Қ.Б. Сапарбаева, Н.Ж. Әбдікерімова, Т.Т. Рахманов
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Тараз қ.
ОСЫ ЖҰРТ ӘБДІРЕШТІ БІЛЕ МЕ ЕКЕН?
«...Асықпаңдар, арттарында қазы бар,
тергеп талай сүйектерің қазылар»
(А. Байтұрсынов)
Ономастика мәселесі қазіргі таңда үлкен саяси-идеологиялық мәнге ие болып
отыр. Өйткені бүкіл төрткүл дүние ең алдымен елді – оның атауларын, белгілі тұлға
184
есімдері мен әйгілі жер-су атауларымен байланыстырып таныса, екіншіден, оно-
мастика халқымыздың өсер ұрпақтың өз еліне деген патриоттық сезімін оятатын
тәрбиелік мәні зор факторлардың бірі. Осыны көрегендікпен сезген елбасымыз бен
ел тізгінінде отырған ұлтжанды ағаларымыз дер кезінде бұл мәселені алға тартып,
өзекті мәселеге айналдырып отыр.
Әрине әр елдің, кез келген ұлттың тарихында өздері үкілеп, өбектеп өтер ұл-
қыздары, қимас перзенттері болады. Сондай перзенттерден қазақ халқы да кенде
емес. Сонау 30 жылдары Сталиндік зобалаңға ұшыраған Жамбыл облысы Байзақ
ауданынан шыққан: Жақаш Мамыров, Сыдық Абланов, Намазбай Ақшабаев,
Өзенбай Бақбердиев сынды тұлғалардың есімдерін тарихтан біріміз білсек, біріміз
мүлдем бейхабармыз. Сондай ірі тұлғалардың бірі Намазбай Ақшабаев 1897 жылы
Қостөбе ауылында дүниеге келген. Қоғам қайраткері, Әулиеата уезіндегі 1916 жылғы
көтеріліске қатысқан. 1934–35 жылдары Әулиеата МТС-ның директоры, 1935–37
жылдары Әулиеата ауданында партия комитетінің бөлім бастығы болып қызмет
атқарған. 1937 жылы «Халық жауы» деген жаламен саяси қуғын-сүргінге ұшырап,
ату жазасына кесіледі.
Қазір Қызыл жұлдыз ауылындағы жаңа типтегі мектеп осы кісінің есімімен
Н. Ақшабаев атындағы мектеп деп аталады.
Ал, Жақаш Мамыров 1894 жылы қазіргі Жамбыл облысы Байзақ ауданын-
да дүниеге келген. Новоивановка деген жерде МТС-тің директоры болып қызмет
атқарған. Зерттеу деректеріне сүйенсек Ж. Мамыров революционер Т. Рысқұловпен
дос болған. Оқып жүрген кітабының арасынан Тұрармен жазысқан хаттар табы-
лып... соның кесірінен жазықсыздан-жазықсыз сотталып кете барған. 1937 жылы
3 қазанда ұсталып, 1938 жылы 19 ақпанда атылған.
Қазіргі Байзақ ауданындағы Суханбай колхозы осы кісінің есімімен Жақаш ау-
ылы деп аталады.
Бақбердиев Өзенбай бұрынғы Байназар ауылында (Тегістік) дүниеге келген. Со-
нау ашаршылық жылдары халыққа көп көмегі тиген тұлғалардың бірі. Туған ауылын-
да бригадир қызметін атқарған. 1937 жылдары «Халық жауы» ретінде тұтқындалып,
жазықсыз атылған. Қазір бұл кісінің есімімен Тегістік ауылындағы басты көшелердің
бірі аталады.
Сыдық Абланов Сталиндік саясаттың құрбаны болған. Сыдық Абланов Жам-
был жерінде Кеңес үкіметін орнатуға және оның нығаюына көп еңбек сіңірген
қайраткер. Ол өзінің бүкіл саналы ғұмырын халқымыздың жаппай оқу-білімге бет
бұруына арнаған. Қазіргі Байзақ ауылында кедей шаруа Бұралқы Аблановтың от-
басында дүниеге келген. Ол тарих тұғырында бірегей тұлға ретінде де, ағартушысы
ретінде де қалды. Жұрттың Сыдық Аблановты «облыстың Темірбек Жүргенові» деп
атауы тегін емес. Қазір Байзақ ауылындағы мектеп С. Абланов атындағы орта мек-
теп деп аталады.
Осындай тарихи тұлғалардың бірі жұмысымызға өзекті сипат берген Нұрбаев
Әбдіреш болмақ. Осы тұлғалардың ішінде әлі күнге өзіне тиесілі орын таппай,
көлеңкеде қалып, елеусіз болып жүрген азамат Нұрбай Әбдіреш. Н.Әбдіреш бейнесі
«Ештен кеш жақсы» дегендей, сонау, Сталиндік зұлмат заманның бұлыңғыр
пердесінен бүгінгі ұрпақтары біздерге «...Мені неге ұмыттыңдар» деп мұңайып
қарап тұрғандай. Тарихтағы ақтаңдақтарымызды ұмыту, оларды елемеу тарихымыз-
ды ұмытумен тең. Сондықтан олардың ерліктерін, халқына жасаған жақсылығын
көпшілікке паш ету сияқты ұлы міндеттің біздерге, жастарға жүктелуі заңдыда.
«Рухы еркін халық қана ұлы істерді атқара алады» деп елбасымыз айтпақшы біз
осы атамыздың өмір тарихын, еңбек жолын зерттеп, бағалап, бүгінгі ұрпақ біздер
185
тәлім-тәрбие алатын тұлға ретінде тарихта мәңгі атын қалдыру үшін 2006 жылдан
бері осы кісінің өмір жолын зеттеумен жұмыс жүргізіп келеміз. Зерттеу барысын-
да ол кісінің 1932 жылғы ашаршылық кезінде халыққа көмегінің көп тигендігін, өз
заманының өте білімді азаматы болғанын білдік. Атасы Сәтекбай Алматы облысы
Ұзынағаш ауылының перзенті. ХІХ ғасырдың аяғына таман тағдырдың айдауымен
Жамбыл облысына келіп осында тұрақтап қалған. Сәтекбайдың төрт ұлы болған:
Тойбай, Тойжігіт, Нұрбай, Тәжен. Осы ұлдарының ішіндегі Нұрбайдан Әбдіреш
және Әбдіжәліл есімді екі ұрпақ тараған. Нұрбаев Әбдіреш Оңтүстік Қазақстан обы-
лысы Мирзоян ауданы Байназар ауылында 1902 жылы дүниеге келеді. 20 жылда-
ры қазіргі Тегістік ауылындағы алғашқы ашылған мектепте мұғалім болып қызмет
атқарған.
Қазіргі Көкбастау ауылының байырғы тұрғыны соғыс және еңбек ардагері
Маймақов Әбдіқали ақсақал: «Әбдіреш ағай 1929 жылы бізге бірінші сыныпта дәріс
берген еді. Алған бетінен қайтпайтын өте өткір, адал кісі болатын», – деп еске ала-
ды [1].
30 жылдары тұтқынға алынғанға дейін Мирзоян ауданындағы Свердлов
«Машина-Трактор» станциясы (МТС) хатшысының қызметін атқарып, Буде-
новка ауылында қоныстанған. Сол кезде жанұясында әйелі Айынсын – 28 жаста,
қызы Жұмакүл – 11 жаста, баласы Әбдібек – 8 жаста, кенжесі Амангелді – 1 жа-
ста болған. 1938 жылғы 15 қаңтарда Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша ішкі
істер халқы комиссариатының Мирзоян аудандық бөлімшесінің қызметкелерімен
«...Революциға қарсы ұйымдастырылған қазақ ұлттық ұйымының мүшесі» ретінде
тұтқынға алынып, сол айдың 31 жұлдызында Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша
ІІХК-ның үштігі ату жазасын қолдану туралы үкім шығарған [2].
1959 жылғы 30 желтоқсанда Жамбыл облыстық сот алқасы Әбдіреш Нұрбаевтің
ісінде қылмыстық әрекеттердің болмағанын анықтап, оны ақтаған. Міне, осын-
дай атпал азамат Әбдіреш бар-жоғы 36 жасында жазықсыз жаланың құрбаны болып
кетті. Қазіргі кезде Әбдірештің үлкен ұлы Әбдібектен 7 немере, 15 шөбере, 2 шөпшек
және ең кенже баласы Амангелдіден 8 немере, 23 шөбересі еліміздің әр түпкірінде ел
игілігі жолында еңбек етуде.
Қазіргі таңда Нұрбаев Әбдірештің еңбегі, ерлігі өзінің тиісті бағасын алмай, кен-
желеп отырғандығы белгілі. Келер ұрпақ бұл тұлғаның есімімен, оның атқарған
қызметімен танысуы үшін дұрыс бағалап тиісті мәртебесін береді деп сенеміз.
Жамбыл облысы, Байзақ ауданы тұрғындары бүгінгі күнге дейін бұл өңірде төрт
қана адам репрессияға ұшыраған деп келсе, енді міне, осы кісілердің қатарына тағы
да бір тұлғаның қосылғанын осы жұмысымыз арқылы айғақтай аламыз. Әркімніңде
еңбегі өз уақытында бағаланып отырса, ол өз кезегінде жастарға мәңгілік мұра,
өшпес өнеге болмақ.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
1. «Байзақ ауданының құрылғанына 70 жыл» Ақжол газеті 2008 жыл
2. Бақытжан Мітәнұлы «Байназар мектебі». Ақжол, 2009
186
А.А. Сидаков,
Қазақ Гуманитарлық Заң Университеті
Азаматтық-құқықтық зерттеулер институтының
жоғары санатты маманы
ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІКТЕР ТУРАЛЫ
КОРПОРАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Қазақстан Республикасында корпоративтік құқық субъектісі ретіндегі
шаруашылық серіктестіктерді кешенді түрде арнайы ғылыми тұрғыдан зерттеген
ғылыми жұмыстар жоқ екендігі барлығымызға мәлім. Қазіргі таңда экономикасы
берік мемлекеттерде корпоративтік құқық нормаларын кеңейту арқылы бұқаралық
құқық нормаларын арттыру үдерісі байқалады. Жария құқық – бұл адамзат дамуының
негізгі және өзгермес кепілі, себебі жеке мүдделерді көздеу барысында жаһандық
мүдделердің нақты бір бағытын айқындау қиындыққа соқпақ. Демек, бұқаралық
құқықтың дамуы, өркениеттің бір сатыға болса да ілгері дамығандығының бірден бір
көрсеткіші. Корпоративтік құқыққа қарағанда бұқаралық құқық, қоғам мүшелерінің
өзара бағыныстылық-байланыстылығын сөреттейді. Ал қоғамдық құқықтық
қатынастар әрдайым кеңейген, тығыз және көптектес жағдайда болғандықтан
бұқаралық құқықтың әсері басым. Алайда, бұл үрдіс өте баяу дамып келеді.
Осы жұмыстың зерттеу пәні ретінде қазіргі кездегі Қазақстан Республикасындағы
азаматтық құқықтың даму үрдісі және заңнамасы бойынша корпоративтік құқықтық
қатынастардың туындауы мен реттелуіне байланысты туындайтын құқықтық
мәселелер, сондай-ақ еркіндіктің бір нышаны ретінде танылатын шаруашылық
серіктестіктердің корпоративтік құқықта алатын орны туралы және оның құрылымы
тұрғысынан пәні мен объектісі ретінде алып қарастыру сияқты өзекті мәселелер топ-
тарын айтуға мүмкіндік бар.
Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша шаруашылық серіктестік-
тердің жекелеген түрлерінде жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер туралы айты-
лып кеткен.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп – бастапқы капиталы қатысушылардың
анықталған мөлшерлі үлестері түріндегі, жауаптылығы шектеулі үлес бойынша ғана
болатын корпорациялардың түрін айтамыз [1. 563б.].
Бұл корпорациялардың түрлері акционерлік компаниялардың жеткіліксіз дамуы
мен толық серіктестіктердегі шектелген мүмкіндіктердің пайда болуымен шартталған
тәжірибеде жүрген кәсіпкерлердің талабы бойынша ХІХ-ғасырдың соңында Герма-
ния заңгерлерінің ойлап тапқан құқықтың нысаны. 1892 жылдың 12 сәуірінде Рейх-
стаг «Жауапкершілігі шектеулі қоғамдар туралы» Заңын қабылдады [2.19б.].
Бұл жаңа құқықтық институтты Германиядағы қалыптасқан барлық нормалар-
ды сақтай отырып Австрия да өзінің саясатында ұстанды. Кейінірек Ресейге рецеп-
цияланып тәуелсіз Қазақстанға мұра ретінде қалдырылып орнықтырылған.
Германияда пайда болғанға дейін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің
құқықтық нысаны АҚШ-да, Англияда, Голландияда, Бельгияда қолданылмағаны
да қызықты. Бұл мемлекеттерде акционерлік қоғамдардың нысаны кең етек алып
жатты. Біздің ойызымша Германия Ресей сияқты қолайсыз географиялық ортаға
бейімденгендіктен экономикалық дамуы жағынан артта қалғандығы себебі осын-
да. Әлемді шекаралық бөлісуден қалғандығы отаршыл мемлекетердің жоқ болуы-
нан айтарлықтай көлемдегі байлық жинаудан да бір сірә қалды. Бұл мемлекеттегі
капиталдың шоғырлануы Англия және сол сияқты мемлекеттердегі материалдық
187
күшпен салыстыруға келмейді. Осы жағдаяттардың себептерінен алыпты массалардың
көлеміне байланысты қолданылатын акционерлік қоғамдар континентальді Еуро-
па мемлекеттерінде кейін пайда болып баяу дамыса да, «шикі» жағдайда қалыптасты.
Қазіргі күнге дейін Германия, Францияда шаруашылық серіктестіктердің көлемі
акционерлік қоғамдардың көлемінен басым болып келетіндігін айтып кеткен орын-
ды. Қазақстанда ЖШС ең көп таралған ұйымдық-құқықтық нысан ретінде танылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің басқа корпорациялар түрлеріне
қарағанда ыңғайлығы неде?
Акционерлік қоғам-орта мөлшердегі қаржысы бар кәсіпкерлік үшін қолайсыз
және жүзеге асырылуы үшін айтарлықтай күш пен уақыт мерзімдерін талап ететін
күрделі ұйымдық-құқықтық нысан болып табылады. Сондай-ақ, акционерлік
қоғамдардағы капиталистік элементтің басымдығы тұлғалық элементті екінші
орынға ығыстырады. Алайда, жеке тұлғалық элемент корпорациялар дамуының
негізгі қозғаушы, итермелеуші күштердің бірі.
Толық серіктестік әрбір серіктестің өмірімен тығыз байланыста болғандықтан,
оның қызмет ету уақыты соншалықты ұзақ бола бермейді. Коммандиттік серіктестік
толық серіктестіктердің бұл жағын жарым-жартылай жұмсартады, алайда ондағы
салымшылар толық серіктестіктердің әрекеттерін бақылайтын екінші сатыдағы
қатысушылар болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік жеке тұлғалық
және материалдық элементтерді өзара айқастырмай, келісушілікпен ұстау үшін
ыңғайлы құқықтық нысан.
Бiр немесе бiрнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен
белгiленген мөлшерде үлеске бөлiнген серiктестiк жауапкершiлiгi шектеулi
серiктестiк деп танылып, жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке қатысушылар оның
мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi және серiктестiктiң қызметiне байланысты
залалдарға өздерiнiң қосқан салымдарының құны шегiнде тәуекел етедi [3. 77-бап].
Ұлттық заңнаманың ережелері бойынша жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiкке
қатысушылардың саны шектелмейдi. Бұл серiктестiк оған қатысушылардың
қабылдаған шешiмi бойынша өз еркiмен қайта құрылуы немесе таратылуы мүмкiн.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (бұдан әрі – ЖШС) өзге де шаруашылық
серiктестiк акционерлік қоғам немесе өндiрiстiк кооператив болып қайта құрылуға
құқылы.
ЖШС органдарының құзыретi, сондай-ақ олардың серiктестiк атынан шешiмдер
қабылдау немесе әрекет ету тәртiбi Қазақстан Республикасының Азаматтық
кодексіне, заң актiлерiне және серiктестiк жарғысына сәйкес белгiленедi. Бұл
серіктестік түріне қатысушылардың жалпы жиналысының айрықша құзыретiне мы-
налар жатады:
1) серiктестiктiң жарғысын өзгерту, соның iшiнде оның жарғылық капиталы
мөлшерiн өзгерту;
2) атқарушы органның мүшелерін (мүшесін) сайлау (тағайындау) және олардың
(оның) өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе
оның мүлкін сенімгерлік басқаруға беру туралы шешім қабылдау және осындай беру
шарттарын айқындау;
3) серiктестiктiң қаржылық есебiн бекiту және оның таза табысын бөлу;
4) серiктестiктi қайта құру немесе тарату туралы шешiм шығару;
5) серiктестiктiң байқау кеңесiн және (немесе) тексеру комиссиясын
(тексерушiсiн) сайлау және өкiлеттiгiн мерзiмiнен бұрын тоқтату, сондай-ақ
серiктестiк тексеру комиссиясының (тексерушiсiнiң) есептерi мен қорытындыларын
бекiту;
188
6) iшкi ережелердi, оларды қабылдау рәсiмдерiн және серiктестiктiң iшкi қызметiн
реттейтiн басқа да құжаттарды Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде
көзделген жағдайларды қоспағанда бекiту; 7) серiктестiктiң өзге де шаруашылық
серiктестiктерге, сондай-ақ коммерциялық емес бiрлестiктерге қатысуы туралы
шешiм шығару;
8) тарату комиссиясын тағайындау және тарату баланстарын бекiту;
9) қатысушыларының жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған
мәселелердi ол серiктестiктiң атқарушы органының шешуiне бере алмайтындығын
айтып кету қажет.
Сондай-ақ, серiктестiң қатысушысы заң актiлерiнде немесе құрылтай
құжаттарында белгiленген серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда
серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес сот бойынша осындай
қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен
мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда
мәжбүрлеп сатып алынатын үлестiң бағасын сот белгiлейдi.
Осыған сәйкес жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк қатысушысынан үлестi
мәжбүрлеп сатып алу туралы шешiм шығару қатысушылардың жалпы жиналысының
айрықша құзыретiне жатқызылады.
Қатысуша міндеттемелері бойынша жауап ерген кезде, өз борыштарын өтеу үшiн
мүлкi жеткiлiксiз болған жағдайда несие берушiлер борышқор-қатысушының үлесiн
белгiленген тәртiп бойынша бөлiп берудi талап етуi мүмкiн.
Ортақ істі сәтсіздік күтіп тұрған жағдайда үлестері көлемінде ғана жауап беретін
серіктестік қатысушылары аса көп қобалжымайды. Олар серіктестікке кіру кезінде
салынған салым немесе жарна мөлшерінде ғана жауапты болады. Жауапкершілігі
шектеулі серіктестікпен іскерлік қатынастарға түскен кездегі, тәуекел мөлшерін
алдын-ала білген кредиторлар белгілі бір кепілдемелерімен ескертіледі. Әрине, аталу-
ында «жауапкершілігі шектеулі серіктестігі» сөздерінің бар болуы, шынайый ниетті,
парасатты адамдар үшін ғана негізіді болатын айтарлықтай кепілдеме емес. Бұл ту-
ралы статистикалық мәліметтер куәлік бола алады. Аталмыш корпорациялардың ту-
ындауы уақытындағы Германияда жабылуы шебінде тұрған жауапкершілігі шектеулі
серіктестіктердің пайыздық мөлшері өте үлкен болған. Олардың ішінде жабылған
жағдайда ешбір мөлшердегі қаржы немесе басқа бір қаржылық құндылығы бар
объектілердің қалмайтындығымен көрінісін тапты [4.29б].
Қорытындылай келгенде, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, серіктестіктің
басқа да түрлері сияқты шағын бизнестің ұйымдық-құқықтық нысандарына
жататындығын айтуға тиістіміз.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің нысанында көрінісін тауып отырған
шағын бизнестің келесі функцияларын атап кеткіміз келіп отыр:
1) Жаңа жұмыс орындарын ашу. Алайда, бұл жердегі жұмыс орындары ірі
компаниялардағы жұмыс орындарынан бірқатар себептермен ерекшеленеді.
Біріншіден, шағын кәсіпорындардағы жалақы ірі компаниялардан қарағанда
әлдеқайда аз. Екіншіден, қызметкердің жұмыс күні әдетте толық емес. Үшіншіден,
шағын фирмалардың қызметкерлері жастық цензі бойынша айрықшыланады.
Төртіншіден, шағын компаниялардың қызметкерлері әдетте бұрын-соңды жұмыс
істемеген немесе ұзақ уақыт бойы ізденісте болған. Бесіншіден, шағын фирмалардың
қызметкерлерге білімі мен біліктігі бойынша қоятын талабы үлкен фирмаларға
қарағанда төмен. Әдетте, білімі мен біліктігі бойынша қызметкерді орта кәсіптік
білімі негізінде қабылдайтыны да жасырын емес. Мемлекеттегі жұмыс мәселелері
бойынша тұрақтылық көрсеткіштерінің пайда болуы да осының нәтижесі.
189
2) Жаңаша тауарлар мен қызмет көрсетулерді енгізу.
3) Ірі кәсіпорындардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Арнайы қызметтерге
мұқтаж болып келетін адамдар және ұйымдар бар екендігі бәрімізге мәлім (прокатқа
костюм алу, сағат жөндеу, сирек пластинка немесе кітапты сатып алу және тағы
сол сиқты). Ірі фирмалар бұндай қызметтердің көлемі үлкен болмағандықтан және
экономикалық табыстың аздығынан бұндай қызмет түрлерін көрсетпейді. Бұндай
қызмет түрлерін көрсету тек қана шағын фирмалардың «мүдделері» (мысалыға, жеке
бассейн құрастырып жасау).
Батыстың тәжірибесі бойынша:
- жаңа фирмалардың 85% алғашқы 10 жылда жабылады;
- 40% құрылғанынан кейін 5 жылдың ішінде бұдан әрі қарай өмір сүреді;
- фирмалардың салыстырмалы түрдегі 80% 3 жылдан кем мерзімде құлдырауға
ұшырайды. Демек, корпорацияның құрылымдық күрделігі – сол корпорацияларды
басқарудың күрделілігімен іспеттес болатындығы анық.
Достарыңызбен бөлісу: |