Тахауи ахтанов боран


ЖАҢЫЛ. Айналайын-ай, күнім-ау, келдің бе? Аманбысың? ҚАЛАМҮШ



бет22/23
Дата20.09.2023
өлшемі70,87 Kb.
#109019
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23
ЖАҢЫЛ. Айналайын-ай, күнім-ау, келдің бе? Аманбысың?
ҚАЛАМҮШ. Ағамды іздеп таба алмадық, апа.
МІНАЙДАР. Аман болар...
ЖАҢЫЛ. Күнім-ай тоңып қалған шығарсың, үйге жүрші, беліңді шешші. Кішкене шайыңды ішіп, бойыңды жылытып ал. Жүріңіз қайнаға!


Олар үйге кіреді. Жаңыл дастархан жайып, оларға шай құяды.


ЖАҢЫЛ. Қарның ашқан шығар, күнім. Жей ғой. (күрсініп) Бір ықтасын тауып, паналай алса жақсы болар еді.
МІНАЙДАР. Дөңқараның қолтығына қойын бір иіріп алса пана болатын жер ғой. Ай соған тырнағын іліктіре алмаған ғой. Білмеймін енді, желдің ығымен кетсе Кішкенеқұм бүйірде қалады. Дөңқараның маңында жоқ болғаны... Қоспан жер жағдайына жетік қой... Сол сірә күн ілгері қамданып, Кішкенеқұмға қарай өтіп кетпесе...
ЖАҢЫЛ. Кішкенеқұмға соқтыңыздар ма?
МІНАЙДАР. Біз алдымен Қарақияға ойысып барып, сонау, аттан шоқының бергі тұсынан кішкенеқұмға оралдық. Бер жағындағы Бөгендік құдығының маңын аралап шықтық. Құм деген мың шұқыр. Көзімізге түсе қоймады.


ЖАҢЫЛ күрсінеді. Қаламүш Жаңылға бір қарайды да, орнынан атып тұрады.


ҚАЛАМҮШ. Ата, сіз бүгін осында дем алыңыз. Мен жүрейін.
ЖАҢЫЛ. Ау жеті түнде қайда барасың?
ҚАЛАМҮШ. Орталыққа барам.
ЖАҢЫЛ. Ойбай-ау, мына бұрқасында сонша жерге... адасып кетесің ғой.
МІНАЙДАР. Балалық жасама. Күн райы жаман. Мұндайда кәнігі кісінің де жол тауып жүруі қиын, балам.
ҚАЛАМҮШ. Орталыққа дейін көзімді байлап қойса да, жол табамын.
ЖАҢЫЛ. Қой айналайын, тым болмаса таң атқанша шыда.
ҚАЛАМҮШ. Шыдауға болмайды, апа. Боран шыдатпайды ағамды. Мына боранда ағама жалғыз қиын ғой. Екі күн өтті. Одан да маған жолға азық дайындап берсеңіз.
МІНАЙДАР. Орталыққа барғаннан не қайыр?
ҚАЛАМҮШ. Трактор алып, техникамен іздемесек, болмайтын сияқты.
МІНАЙДАР. Жарайды, онда үйге барып, қасыңа Қадыржанды қосып берейін.


Жаңыл оған азық-түлікті дорбаға салып, қолына ұстатады да, құшақтап, маңдайынан сүйеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет