№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
жылы «Қазақ романы және замана» тақырыбында кандидаттық диссертация
қорғайды. 1967 жылдан 1971 жылға дейін партия қызметінде болды. Бұл жерде
Насихат және үгіт бөлімінің нұсқаушысы, баспасөз, радио және теледидар
секторының меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін істеп
жүрген кезде қазақ журналистикасындағы өзекті мәселелерге араласып, оның
өркендеуіне атсалысады.
1971 жылы Шериаздан Рүстемұлы Елеукенов Қазақ ССР Министрлер
Советі жанындағы Баспасөз жөніндегі комитеттің председателі қызметіне жоға-
рылатылды. Қазақ ССР-інің Баспа, полиграфия және кітап саудасы жөніндегі
комитетке 15 жыл бойы жетекшілік еткен ол жаңашыл басшы ретінде өзін таныта
білді. Ол басшылық еткен жылдары он бес томдық Қазақ Совет энциклопедия-
сы, сериялық басылымдар, жинақтар, таңдамалылар жарық көрді. Ол баспа
ісін басқарған жылдары республикада кітап өнімінің көлемі екі есе ұлғайды.
1989 жылы М. Горький атындағы Әлем әдебиеті институтында «Қазақ
романының идеялық-көркемдік және жанрлық ерекшеліктері» деген тақырыпта
докторлық диссертация қорғады. Профессор Шериаздан Елеукенов әдебиет
тарихы саласында көптеген іргелі зерттеулер жазған. «Казахский роман и
современность» (1968), «Замандас парасаты» (1977), «От фольклора до романа-
эпопеи» (1987) атты кітаптары, «Мағжан» (1995) атты монографиясы, «Әдебиет
және ұлт тағдыры» (1997), «Сұлулыққа іңкәрлік» (1999), «Ғасырмен сырласу»
(2004), «Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде» (2006), «Тәуелсіздік биігінен»
(2007), «Казахская литература: новое прочтение» (2007) атты зерттеулері қазақ
әдебиеті тарихының көкейкесті мәселелеріне арналған құнды еңбектер болып
саналады. Бұл бағалы еңбектерден қаншама ұрпақ өзіне теориялық терең білім
мен ғылыми бағыт, рухани нәр алары сөзсіз.
Соңғы кездері де Шериаздан Елеукенов көптеген ғылыми жинақтарға автор
ретінде қатысып, ойлы, проблемалы мақалалар жазып жүр. Ол 10 томдық қазақ
әдебиеті тарихының редколлегия мүшесі, белсенді авторларының бірі болып,
осы іргелі еңбектің 10-томның редакциясын басқарды.
Бүгінгі күні Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақ ПЕН-клубының мүшесі
ретінде де үлкен жұмыстар атқаруда.
Шериаздан Елеукенов ғылыми зерттеу мен әдеби-көркем сынды ұштастыра
отырып, көптеген қазақ қаламгерлерінің шығармашылығына жарық сәуле түсі-
рді. Солардың ішінде ғалымның әсіресе көп зерттеп талдағаны – Мағжан
Жұмабаев еңбектері. «Мағжан» атты көлемді монографиясы – қазақ әдебиеті-
нің биік белесі. Бұл еңбегі үшін авторға ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты
атағы берілді.
Ғалым Мағжанның шығармагерлік жолын негізінен үш кезеңге бөліп қарас-
тырады.
1 Мағжаннның өлең өлкесіне бет алғаннан бастап, 1917 жылдың ақпанына
дейінгі уақытты қамтиды.
2 Ақпан төңкерісінен 1924 жылға дейінгі уақытқа тіреледі.
3 1924 жылдан бастап, өмірінің ақырына дейін созылады.
«Мағжандағы бір ерекшелік дейді: «Мағжан Жұмабаев ақындық бағдарла-
масын ту бастан-ақ шегелеп алғаны байқалады. Ол өлеңдерінде елінің жерінің
шындығын жазуға тырысқан. Ол бірден ұлтым деп алашына сиынған. Өзгерсе
А.М. Картаева
99
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
қазағының мүддесіне сәйкес өзгерген. Ұлты зар жыласа ақын хан жылаған», –
деп жазады Ш. Елеукенов [1]. Ғалым Мағжан поэзиясын ұлттық болмысымен
талдай отырып, әлем әдебиетімен байланыстыра зерттейді. Мағжантану
саласында теориялық мазмұны терең, эстетикалық талғамы биік еңбек ретінде
бағаланады. Ш. Елеукенов зерттеулеріндегі мағжантану мәселесі зерттеуін күтіп
тұрған мәселе.
Қазіргі таңда әдебиет пен мәдениетке, білім мен ғылымға, журналистика
мен баспасөз саласында есімі үлкен құрметпен аталатын өмірі өнегеге толы
Шериаздан Елеукеновтің ұшан-теңіз мол еңбегі бүгінгі жас ұрпаққа тағылымы
зор дүние. Қадірлі ағамызға талмай еңбектене беріңіз, ғылымға береріңіз көп
сіздің еңбектеріңіз аққан бұлақтай кемерінен ағып таси берсін демекпіз.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Елеукенов Ш. Мағжан Жұмабаев / Ш. Елеукенов // Алматы, 1990.
2. Елеукенов Ш. Мағжан: Өмірі мен шығармашылығы / Ш. Елеукенов // Алматы, 1995.
ӘОЖ 821.512.122.09
Г.С. Балтабаева
Қазақ қыздар мемлекеттік университеті, Алматы қ.
ТӘУЕлСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ҚАЗАҚ ӘҢГІМЕСІНДЕГІ АҒАШ ТОТЕМІ
Автор мақаласында аталмыш кезеңіндегі қазақ әңгімесіндегі Ағаш тотемінің қолданысын
қарастырады.
В статье рассмотрена художественная функция символа дерева в произведениях указан-
ного периода.
The article considers the artistic function of the tree symbol in the works of that period.
Қазіргі қазақ әңгімесіндегі –
Ағаштың фольклорлық сипатын сан түрлі
тұрғыдан көруге болады. Мәселен, М. Мағауиннің «Қисық ағаш», «Қос ағаш»,
Р. Отарбаевтың «Бәйтерек», Н. Ораздың «Теріс ағаш» әңгімелері бір қарағанда
экологиялық тақырыпқа арналған сияқты. Ал шығарманың түпкі идеясына терең
үңілсек, ежелден келе жатқан «ағаш – дүние тірегі» дейтін ұғым жаңғырған.
«Тотем»-нің мағынасы – «төркіндік белгі» немесе таным тарихына қысқаша
барлау дегенді білдіреді.
Қазақ бүгінде ислам дінін ұстанатын мұсылман халық болғанмен, оның
мәдениетінен шамандықтың, тіпті одан да ежелгі, алғашқы діндердің таңбалары
менмұндалып тұрады. Сол алғашқы діндік құбылыстардың бірі – тотем. Тотем
есте жоқ ерте кездегі «сәби» адамзаттың қарабайыр, бірақ қатепті діндік ұғы-
мынан туған. Тотемдік ұғым бойынша әр тайпаның, тіпті әр заттың, құбылыстың
жаратушысы болады. Айта берсең, кәдімгі дерт-дербез, пәле-қазаның да өз иесі
болмақ.
100
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
Тотемге табыну – діннің ең ертедегі түрі. Алайда оның арғы тегінде діндік
реңктен гөрі, нышандық сипаты басымдау. Тотем – назариялдық (теориялық)
жүйедегі шынайы ғылым көзіне о баста Америка құрлығының солтүстігіндегі
үндістер тұрмысынан шалынды. Бұл сөз – (тое) «төркінім» және «белгілі»
(нышаны) деген мағыналарды беретін үндіс тілінің дыбыстық аудармасы.
Рулық қоғамдағы санасы толыспаған әлеумет мүшелерінің дені «әрбір тайпа өз
алдында белгілі нәрседен пайда болған» деген нанымда болған. Сол «нысаналы
нәрсенің» көбі қасиеті ерекше хайуанаттар, одан қалса өзгеше жаратылған өсімдік
және басқа ерекше қорғап, басына көтере қадірлесе, әуел баста олар табынатын
тәңірі есептелмеген, көбінде сол тайпаның символдық белгісі ретінде қаралған.
Мәселен, бүгінде үндістердегі кейбір ру-тайпалар қияли түрінде өздері шауып-
қырнап жасап алған тотемдік ұстынын (колоннасын), әдетте ауылдың немесе
үйдің сыртына орнатып қоятын ағашты тек тайпалық рәміз үшін ғана пайдала-
нады. Әсте оған табынбайды. Бұл – үндіс халқында алғашқы санадан қалаған
наным. Уақыт озған сайын тотемді құрметтеу – санасына судай сіңіп, балдай та-
тып кеткен тайпа мүшелері жаратылыстың ғажайып күштері алдында қорғансыз
күйге түссе-ақ тотемдерінен медет, жақсылық тілейтін әдет қалыптастырған.
Мәселен, бағзы замандарда тотемдік нәрсе айуан болса, етін жемейтін, зат бол-
са, оған жұғыспайтын болған. Міне, осылайша тотемдік заттардың діндік мағы-
насы қоюлай түсті де, оған табыну бірте-бірте бел ала бастады. Осы төтемдік
заттарға табыну үрдісі жүйелі де іргелі діндер жарыққа шыққанға дейін жалғасып
келді. Мәселен, бүгінгі кейбір мұсылман халықтардың тотемдік танымдарының
орнын шамандық, кейін келе «18 мың» ғаламды жаратушы, құдыреті күшті алла
деген наным басты.
М. Мағауиннің «Қисық ағаш» әңгімесі: «...Міне қызық. Оң қанат – аллеяның парк
жақ беті – биік, сымбатты қарағай. Самсай тізіліп тұр. Сол қанат – Джержинский
көшесіне қараған беті –қиқы-жиқы, қисық-қыңыр қара ағаш» [1], – деп авторлық
пайымын осы бір көшенің екі жақ бетінде өскен ағаштардың екі бөлектігін
суреттеу арқылы, бір елдің басынан өткерген екі түрлі бір-біріне кереғар екі
өмірін алып көрсеткендей. Бірі қазіргі түзу жолдың бойындағы сымдай тартыла
самсаған қарағай тәрізді тәуелсіздік алып, еңсесі биіктей түскен елдің символын
білдірсе керек. Ал екіншісіне өкінішті өткені бұлыңғыр елеске айналса да көлеңке
құсап арыла алмай келе жатқан кеңестік солақай саясат ізіне – қиқы-жиқы,
қисық-қыңыр қара ағашты алып отыр. Суреткер шеберлігінің өзі ағаш болғанда
қарағай – біріншіден, ол ешқашан қисық өспейтін, әрқашан да қисаймай тік өсіп,
биікке ұмтылып өсетін көп жылдық, қысы-жазы өзінің жап-жасыл қалпын өзгерте
қоймайтын, мықтылығы сондай дініне балта бойламайтын қылқан жапырақты
ағаш болып саналады. Қарағайдан салынған үйлер жүз жылдап тұрмақ, мың
жылдап небір қарлы-жаңбыр жауса да шірімейді. Керісінше жыл өткен сайын
қатты болып, нығыздала түседі. Жалпы қарағай – өрлік пен биіктіктің рәмізі бо-
лып саналады. Автордың ағаштардың ішінде қарағайды таңдауының мәні осын-
да тәрізді. Жазушының қарағай мен қисық өскен қарағашты біріне-бірін қарама
қарсы алуының да өзіндік мәні бар. Қисық өскен қара ағаш – оңынан емес, қисық
қыңыр келген заманды, бір кезеңді алып отыр. Қазақта «жолың оңынан болсын»,
оң тілек, «айың оңынан тусын» деген ақ тілектері бар. Ал керісінше қисық, теріс-
қағыс деген ұғымдарға да аса мән берген. Мәселен Қуандық Түменбайдың
Г.С. Балтабаева
101
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
«Адамның тууы» атты әңгімесінде де осы мәселе сөз болады.
«– Бала теріс келді, мейілі ме?
Оң, теріс деген ұғымға түсініп жатқан ол жоқ.
– Теріс келсе, балаң ұрпақсыз қалады. Мейілі ме?
– Теріс... деп жігіт сәл мүдіріп қалды.
– Сен өзің теріс дегенді түсінесің бе? Адам анасынан теріс шығады. Теріс
шықса ұрпақсыз қалады» [2]. Жарық дүниеге келген адамның басымен шығып,
ал өмірден озып, ақтық сапарға аяғымен шалқалап шығатыны бәрімізге мәлім.
Қасым Аманжоловтың «Шалқалап әкем шықты үйден» демекші, не нәрсе болса
да бұл дүниеде өзінің ретімен, Алланың жаратқан табиғи болмысы, жаратылысы
бұзылмай берілгенге не жетсін дейді авторлық таным. Адам болашағының кілті
осы оң мен теріс келудің өзінде екен. Атам қазақтың «ісің оңынан болсын», «оң
аяғыңмен атта», «айың оңыңнан тусын» деп тілек тілеп, бата беруінде де үлкен
мән жатыр екен. Қуандық Түменбай өз шығармасында теріс келу концептісінің
мәні ұрпақсыз өтіп, болашағыңа балта шабылады, теріс келген адамның ісінің
бәрі терісінен келіп, оңбайды десе, ал М. Мағауин қисық өскен ағашты сол о
баста теріс келген бала тәрізді басынан оңбай қыңыр келген заманның рәмізі
деп түйіндейді. Екі жазушы екі түрлі тақырыпты жаза отырып, бір-ақ өзекті
мәселені қозғап тұр. Бәрі оңынан, түзу болсын деген тілектен туындаған мөлтек
сыр ғана.
«Шекесі әлденеге соғыла жаздап, әрең тоқтады. Көлденең ағаш. Қисық ағаш.
Қисық болғанда, тротуар жаққа сұлай біткен. Жуандығы құшақтан астам, қожыр-
қожыр діңі балталап шапса сызат түспес берік. Құлап кетпей қайтіп тұр. Түбі
берік, бұтағы бүтін. Сыңайына қарағанда, тамыры мықты. Бес жүз жылдық емен.
Әлі жас. Көп болса егілгеніне жетпіс жыл. Осы қисық қалпында әлі қаншама
заман тұруы қақ» [1].
Автордың суреттеп отырған ағашы − ағаш болғанда қисық біткен ағаш.
Жоғарыда айтып өткендей қисық өскен ағаш арқылы суреткер өзінің барлық
айтпақ ойын осы «қисықтыққа» әкеліп тіреп, үлкен салмақ салып отыр. Табиғаттың
жаратылысын бұзып, жоғарыға, көкке ұмтылатын ағаш көлденеңінен келіп тұр.
Қазақта кесе-көлденең тұрма, көлденең келді деген сөздер мәні осы әңгімені оқу
барысында ашылады. Автордың айтпағы түзу емес қисық біткен нәрсе әрқашан
да көзге қораш көрінері анық. Егер өсіп тұрған қисық ағаш көрсеңіз, ондай жердің
де жақсы орын болмағаны. Соны білетін диқаншылар экономикалық шығынға
ұшырамас үшін ондай жерге егін екпеген. Ал жазушының қисық ағашының мән-
жайы неде? Қисық ағашты суреттеу арқылы айтпағы не дегенге келсек:
«Әуелде қисық орнаған. Содан соң, тамыр тартып, жапырақ жайып, бой
созған сайын, ауыр салмағы төмен тартып, мысқалдап, бұрынғыдан әрмен қисая
берген. Теріс бітімін ешкім көріп түземеген. Немесе, түзелмеген. Сол қалпы
жуандап, бұтақтана түскен. Қисық қалпында. Енді, аз ба, көп пе, уақыт өткен соң,
кесімді мезгілінен көп бұрын, түбінен қырқыла құлайды. Қарлы жауын жауып,
екпіндей дауыл соқса болғаны. Әрең тұрған қисық ағаштың ғұмыры санаулы» [1]
деп автор жаңа егілген кезінде неге түзетпеген деп астарлы сұрағын қоя отырып,
әдейі түзетпеген шығар. Мүмкін, қожайынға дәл осындай қисық ағаш керек
болған шығар. Барлық ағаш түзу, түзуге жақын, тік. Шындығында қиысықтығы
егушіге қызық көрінген болар. Эксперимент жасаған шығар бәлкім... Кім білсін?
102
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
деген астарлы ойдың шешімі қисық ағаш – қисық, қыңыр заман болар бәлкім...
Ал сол заманның қыңыр болуы ол заманды құрушы мен жасаушыларына
тимді болған шығар. Қыңыр заманның арты жақсылыққа апармасын білсе де
кем-кетігін жөндеп түзеткілері де келмеген болар. Мүмкін қисық ағаш тәрізді
қисық, қыңыр заманның үстемдік құруын оң көрулері де әбден мүмкін. Сонымен
суреткер қисық ағашты деталь ретінде ала отырып, қыңыр заманың символы
ретінде алып отыр. Жазушы осы қисық ағаштан қандай қауып-қатер барлығын,
осы көлденең біткен ағаштан келіп-кетер нендей қиындық көрерін бейнелеуде
тағы да градация әдісіне сүйенеді.
Төбесін ойып ала жаздады -------бет-аузы талқан болар еді-----оңбай сүрінген----
төрт тағандай жығылған----екі тізесі қақсап барады--- екі алақаны қатарынан
талқан болыпты. -----құдай сақтады----Сүйек аман екен, – деп автор кейіпкерінің
басын көлденең ағашқа соққызуы арқылы қыңыр заманнан зәбір көрген адам-
ның бейнесін көрсетуге тырысқан.
М. Мағауиннің «Қисық ағаш» әңгімесі басынан-аяқ тұнып тұрған астарлы
мағынада, символдық рәмізбен жазылған туынды деп қорытуға толық негіз бар.
Сонымен шығармадағы рәміздерге келетін болсақ:
Қисық қыңыр келген совет заманы ----- қисық ағаш
----- ескерткіш
----- сұр үй
Қисық ағаш ---- кеңес заманы
----- кеңес заманындағы қазақ әйелі
------ қисық кеткен адам тағдыры
«Сонымен бірге ұлттың ұлттылығын айқындап, бедерлей түсетін этно-
графиялық сипаттардың молдығы да М. Мағауин шығармашылығына тән
эстетикалық факторлардың бірі болып табылады десек, артық емес.
Жазушы қазақи өмір салтын, тарихи, дәстүр мен этнографиялық ұстаным-
дарын мейлінше терең білетіндігін және оның бұл бағыттағы барлық шығар-
маларынан дерлік көрініс табатынын атап айту қажет.
Автордың бұл шығармасының ерекшелігі: бұрыннан бар фольклордағы ұғым-
дарды тірілту, жаңаша мән беру арқылы ой айту.
М. Мағауиннің «Қисық ағаш» әңгімесіндегі өзекті ой Н. Ораздың «Терісағаш»
әңгімесінен өз жалғасын тапқандай.
«Ол біздің ауылдың шетіндегі тоғайда өсіп тұрған Теріс ағаш. Жұрт оны көптен
бері солай атайды. Сырттай қарағанда айналасындағы басқа ағаштан ешқандай
айырмашылығы жоқ» [3], – деп автор осы теріс ағаш оқиғасына шегініс жасау
арқылы әңгімесін аяқтайды. Солқылдақ жас шыбықты ат қып мініп, тоғайға қарай
«құйындатып» келе жатқан жас баланы Боранбай барон тоқтатып бұтының
арасындағы «атын» жұлып алады.
«– Әй, ақымақ, – дейді Әнтайға қарап. – Обал емес пе?! Бұ да өзіңдей бала
ғой.
Сосын ол саздау жерге әлгі шыбықты тік шаншып қоя салды. Әнтай қу оның
шыбықты ұш жағынан теріс қадағанын байқап қалып:
– Барон көке, бұл бәрібір өспейді, – дейді. – Өйткені сіз оны дұрыс шаншыған
жоқсыз.
Боранбай барон артына бұрылып қараса, шынында да, жас шыбықты теріс
Г.С. Балтабаева
103
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
ГУМАНИТАРНЫЕ НАУКИ
қадап қойған екен. Бірақ ол өзін мазақ еткісі келіп көздері ұшқын атып тұрған
үрпек сары балаға қарап:
– Өсе-ді! – дейді даусын созып. – Барон қадаған шыбық өспеуі мүмкін емес!
Расында да, сол шыбық кейін жетіліп, өсіп кетті. Басқа ағаштарға қарағанда
бас жағы жуандау, биік қара ағаш болды» [3].
Авторлық таным жас шыбық пен жеткіншек баланы психологиялық парал-
лелизммен қатарластыра алып отыр. Негізгі өзекті ой «терісінен» қадалып отыр-
ғызылуында деп түйіндейді. Ағаш теріс отырғызылғанымен, өсіп-өніп, зәулім
қарағашқа айналып отыр. Теріс те болса ағаштың шын ниетпен, таза көңілмен
отырғызылуында деп пайымдайды автор.
ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Мағауин М. Құмырсқа қырғын / М. Мағауин. – Астана: Аударма, 2004. – 352 б.
2. Түменбай Қ. Ағаш ескерткіш / Қ. Түменбай. – Алматы: Жазушы, 2008. – 240 б.
3. Ораз Н. Биіктегі сұлулық / Н. Ораз. – Алматы: Жазушы, 2008. – 224 б.
УДК 81`42
А.Г. Хачатрян
Армянский государственный педагогический университет имени Х. Абувяна, г. Ереван, Армения
ЭМОЦИОНАлЬНОСТЬ ТЕКСТА В АСПЕКТАХ ЯЗЫКОВОЙ
И НЕЯЗЫКОВОЙ ВАРИАТИВНОСТИ
Мәтін алушыға (адресатқа) немесе бақылаушыға тек тілдің вариативтік нормалары
ескерілсе, сөздің жалған екені анықталып бағаланса, жіберуші мен алушы бір әлеуметтік топқа
жатса, яғни алушыға интеллектуалды түсінік беріп, оның жалған не рас екенін анықтауға
мүмкіндік берген жағдайда ғана өз әсерін тигізеді.
Мәтіндегі қалыпқа түспеген қарым-қатынастар вербализациясы алушы (адресат) мен
бақылаушыға мәтіннің эмоционалды әсер ететіні талдау арқылы дәлелденген. Мұндай қарым-
қатынастар баршаға тән болғандықтан, мұндай мәтіндердің барлық адамдар үшін эмоцио-
нальды әсері болады немесе әлеуметтік топтар бүкіл адамзатты, бүкіл қоршаған ортаны
және тілдерді қамтиды.
Текст оказывает эмоциональное воздействие на адресата или наблюдателя лишь в том
случае, если языковая вариативность нормы будет замечена, а ложность высказывания по-
нятна и оценена, и когда адресат и адресант принадлежат одному и тому же социальному
полю (СП), что дает возможность адресату понять интеллектуальную информацию текста,
оценить ложность высказывания о предмете речи и языковую вариативность.
Анализ фактического материала показал, что вербализация в тексте ненормативных
отношений приводит к эмоциональному воздействию текста на адресата и наблюдателя.
Поскольку подобные отношения присущи всему человечеству, то такие аномальные тексты
будут эмоциональными для всех людей, ибо глобальное СП охватывает все человечество, весь
окружающий мир и язык как таковой (субъект-объект-язык-деятельность).
The text has an emotional impact on the recipient or an observer only if the variation of the linguistic
norms is seen, and the falsity of the statement is clear and appreciated, and when the sender and the
104
№ 3 (55), 2012
Региональный вестник Востока
recipient belong to the same social field (SP), which allows the recipient to understand the intellec-
tual information of the text, evaluate the falsity of the statement about the subject of the speech and the
linguistic variation.
The analysis of the factual material showed that the verbalization of the deviant relations in the
text leads to the emotional impact of the text on the recipient and the observer. Because these relation-
ships are inherent to all mankind, then such anomalous texts will be emotional for all people, since the
global SP encompasses all mankind, all around the world and the language itself (subject-object-lan-
guage-activity).
Тек ст – это линейная цепочк а знак ов (высказывание, абзац, раздел),
объединенная смысловой связью, с помощью которой выражаются мысли, воля,
чувства адресанта и оказывается эмоциональное воздействие на адресата и
наблюдателя.
Речь как манифестация языка в реальной ситуации общения возникает в
результате взаимодействия языка с факторами внеязыковой действительно-
сти: предметным миром, социальной структурой общества, психикой человека,
поэтому язык в психическом преломлении изучается психолингвистикой, в со-
циальном – социолингвистикой.
Некоторые современные лингвисты отмечают, что переход языковой едини-
цы в тексты необычного для нее подъязыка влечет за собой появление в вы-
сказывании коннотаций эмоционального характера, хотя наблюдаются и
некоторые отклонения от норм.
Одни нарушения норм вызывают положительные эмоции у адресата или на-
блюдателя, другие – отрицательные. Нарушения первого типа (положитель-
ные эмоции) можно назвать идеальными, второго типа (отрицательные эмоции)
– антиидеальными. Идеальное нарушение нормы – это такое языковое
нарушение, которое, по мнению коммуникантов и наблюдателя, лучше нормы
выражает их «лингвистическую мечту».
Норм у мы представляем тем языковым уровнем, на котором передается
основная интеллектуальная информация. При нарушении норм употребления
языковых единиц в речи появляется информация эмоционального харак-
тера. Эмоциональная информация в тексте может передаваться интонацией,
уменьшительно-ласкательно-уничижительными аффиксами, словами типа под-
лец, негодяй, предатель и т.д., эмфатическими синтаксическими конструкция-
ми [1].
В.В. Виноградов, как и некоторые другие исследователи, не различает экс-
прессивность и эмоциональность. ”Экспрессивный факт” – это языковая еди-
ница, которая, помимо логического содержания, обладает и эмоциональной
окраской, выявляющейся в речи.
Понятие эмоциональности – это чувство, вызванное речью (текстом) у
адресата или наблюдателя, которое характеризуется как одобрение / неодобре-
ние явления, понятия, вещи, мысли и т.д. Одобрение / неодобрение конкретизи-
руется тремя основными аспектами:
– радость-страдание;
– выгодность-невыгодность;
– хорошо-плохо.
Эмоциональность – это категория речи, а не языка. Она предпола-
А.Г. Хачатрян
105
Шығыстың аймақтық хабаршысы
№ 3 (55), 2012
Достарыңызбен бөлісу: |