«заманауи сын-тегеуріндер мен қОҒамның жаһандану жағдайында қазақстандағы білім мен ғылымның инновациялық Ҽлеуеті»



Pdf көрінісі
бет50/69
Дата06.03.2017
өлшемі5,27 Mb.
#7955
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69

 

ӘДЕБИЕТТЕР

 

1 Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жіберген жолдауы.  - 

2014. 

2   Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. – Астана, 2012.  



3  Әбенбаев С. Эстетикалық мәдениет: оқу құралы. –Алматы: Дарын, 2005.- Б. 280-

284.    


4  Балтабаев М.Х. Педагогическая культурология. – Алматы, 2000. – 94 б. 

5  Ұзақбаева    С.  А.      Балаларға  эстетикалық  тәрбие  берудегі  халық  дәстүрі.  -     

Алматы, 1990. - 30 б. 

6 Ростовцев  Н.Н.  Методика преподавания изобразительного искусства в  школе.  – 

М.: Просвещение, 1974. – С. 75-96. 

7  Ералин  Қ.Е.,  Түрікпенова  С.Ж.  Бейнелеу  өнерін  оқыту  әдістемесі.  -      Арқалық,  

2008. – Б. 22-22. 

 

 



ҼОЖ 371.1 

 

БОЛАШАҚ БАСТАУЫШ СЫНЫП МҦҒАЛІМДЕРІН ПЕДАГОГИКАЛЫҚ 

ИННОВАЦИЯНЫ ПАЙДАЛАНУҒА ДАЯРЛАУ МҼСЕЛЕЛЕРІ  

 

Сейтенова С.С. 

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті, Ақтөбе қаласы, 

seitenova_ss@mairu 

 

Мемлекеттің  экономикалық  және  әлеуметтік  жетістіктері,  ең  алдымен,  олардың 

білім  жҥйесімен,  азаматтардың  білім  деңгейімен  анықталатыны  белгілі.  XXI  ғасыр  – 

жаһандық жаңалықтар мен білімнің дәуірлеу ғасыры, ӛйткені ол қазіргі кезде мемлекеттің 

тҧрақты  дамуын  қамтамасыз  етуде,  сондай-ақ  әлемдік  нарықтағы,  әлемдік 

қоғамдастықтағы  орнын  айқындап  халықтың  ӛмір  сҥру  сапасы  мен  деңгейін  кӛтеруде 

айырықша  маңызды  рӛл  атқарады.  Қазіргі  әлемде  болып  жатқан  қарқынды  ӛзгерістер  

әлемдік білім беру жҥйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды ӛзгеріп жатқан 



 

285 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



әлемде білім саласындағы саясаткерлер ҥшін де, жалпы мектептер ҥшін де, соның ішінде 

мҧғалімдер ҥшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «ХХІ ғасырда нені оқыту 

керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мҧғалімдер 

оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды» [1]. 

Білім  беру  саласындағы  ӛзгерістер  жайлы  айтқанда,  жалпы  білім  беру  жҥйесінің 

алғашқы сатысы бастауыш мектеп екендігі белгілі. Бастауыш сатысында  соңғы он жылдан 

астам  уақытта  кӛптеген  ӛзгерістер  орын  алды:  мектептің  жаңа  тҥрлерлері  пайда  болды, 

бастауыш мектептің тәрбие және білім беру тҧжырымдамасы жаңғырды. Бҧл жаңалықтар 

педагогикалық процестің мазмҧнымен бірге бастауыш мектепті ҧйымдастырудың тҥрлерін 

де  қамтыды.  Соңғы  жылдары  бастауыш  оқытудың  педагогикасы  және  әдістемесі 

мамандығы  бойынша  білім  беретін  негізгі  пәндер  мен  дербес  әдістемелердің 

бағдарламаларында  негізге  ала  отырып,  біз  болашақ  педагогтарды  кәсіби  даярлау 

мәселелеріне 

қатысты 


ғылыми-педагогикалық 

әдебиеттерге 

талдау 

жҥргіздік. 



Психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді,  ғылыми  зерттеулерді  оқу  барысында 

жоғарғы  оқу  орындарында  педагогтарды  даярлау  проблемасын  шешудің  кӛп  қырлы 

жолдары  болатындығына  кӛз  жетті.  Баршамызға  белгілі,  педагогикалық  мамандыққа 

даярлаудың  ерекшелігі  сол  –  студент  жоғары  оқу  орнын  бітіргеннен  кейін,  бірден  оқу-

тәрбие процесінің дербес ҧйымдастырушысы болып, мҧғалімнің бҥкіл қызметін атқаруға 

міндетті.  Бҧдан  шығатын  қорытынды  –  педагогикалық  білімнің  мазмҧны  мен  сипаты 

мҧғалім-шебердің  білімі  мен  білік  деңгейіне  сай  келіп,  болашақ  педагогтардың  дербес 

кәсіби қызмет атқаруға сапалық даярлығын қамтамасыз етуге тиісті. 

Бастауыш    мектептің  білім  деңгейін  кӛтеру  ҥшін  оқу  процесінде  педагогикалық 

инновацияларды  кеңінен  енгізіп,  барлық  ҧйымдастырушылық,  білімділік,  дамытушылық 

сапасын кӛтерудің тың жолдарын, әдіс-тәсілдерін қалыптастыру қажет. Ол ҥшін бастауыш 

білім  беру  жҥйесінің  мазмҧны  жаңа  міндеттермен  толықтырылып,  ӛмір  талабына  сай 

жаңаша саналы тәрбие, сапалы білім берілуі керек. 

Тәжірибемізде  инновациялық  оқыту  –  жалпы  азаматтың  қҧндылығы  бар  жеке 

табиғатқа  еш  залалын  тигізбейтін  «инновациялық  ойлау»  және  «инновациялық  әрекет» 

ҧғымдарымен сипатталатын қасиеттерді тән ету, маман бойындағы жасампаздықты «ояту» 

және оның шығармашылық әлеуетін дамыту,  сенімін арттыру, шығармашылық ойлауын 

ҥздіксіз жетілдіру (жақсарту) жҥйесімен қҧрылымдайтын жеке тҧлғаның бағдарына ӛтуге 

бағыттайды.  Сол  себептен  де  білім  беру  мазмҧнын  дамыту  идеясы  кең  қҧлаш  жайып 

отырған  соңғы  онжылдықта  олардың  мәнін  айқындау  тҧлғаға  бағдарланған  қатынасқа 

негізделуде. 

Осыған орай, болашақ бастауыш сынып мҧғалімдерін мектептерде жаңа жағдайда 

жҧмыс  атқаруға,  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  даярлау  –  заманның  ең 

маңызды талаптарының бірі [2]. 

Осы айтылғандардың барлығы жоғары оқу орындарында болашақ бастауыш сынып 

мҧғалімдерін мектептерде педагогикалық инновацияны пайдалануға даярлау  қажеттілігін 

тудырды.  Болашақ  бастауыш  сынып  мҧғалімдерінің  мектептерде  педагогикалық 

инновацияны  пайдалануға  даярлау  мазмҧнын  жоғары  оқу  орындарында  педагогикалық 

инновацияларды  ендіру  арқылы  кәсіби  білім  беру  және  технологиялық  оқыту  мен 

тәрбиелеу  қҧрайды.  Педагогикалық  инновацияларды  ендіру  оқыту  мазмҧнына  бҥгінгі 

қоғамда білім беру саласында жҥріп жатқан реформаларға сәйкес жаңашылдықты енгізуді, 

оқу-тәрбиесін  оқытудың  жаңа  технологиялары  арқылы  ҧйымдастыруды,  сонымен  бірге 

студенттердің технологиялық біліктері мен дағдыларын қалыптастыруда жаңа техникалық 

қҧрал-жабдықтарды пайдалануды қамтамасыз етеді. 

Бҥгінгі таңда білім мен техниканың даму деңгейі мамандардан сапалы және терең 

білім  мен  біліктің  болуын,  олардың  шығармашылықпен  белсенді  жҧмыс  істеуін  және 

кеңінен ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Болашақ бастауыш сынып мҧғалімін даярлау 


 

286 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

маңызды мәселелерінің бірі ғылымның, инновация дамуының қазіргі кездегі деңгейі мен 



келешегіне сәйкес келетін білім берудің жаңа мазмҧнын жасау болып табылады. Қандай да 

болмасын салаға мамандарды даярлау білім беру мазмҧнына байланысты екендігі белгілі, 

сондықтан оған жаңаша сипат беру арқылы болашақ бастауыш сынып мҧғалімін даярлауға 

болады. 


Аталған  мазмҧнды  жҥзеге  асыру  ҥшін,  кешенді  тҥрде  қҧралдар,  әдістер  мен 

формаларды тандап  алу қажет.  Кӛтеріп отырған мәселеміздің  мазмҧнын аша тҥсу  ҥшін, 

ӛзім  қызмет  ететін    университеттің  бастауыш  сынып  мҧғалімдерін  даярлау  жолдарына 

ерекше тоқтап кетуді жӛн санадым.  

Қ.Жұбанов  атындағы  Ақтөбе  өңірлік  мемлекеттік  университетінің  «Әлеуметтік 

педагогика  және  бастауыш  оқыту»  кафедрасы  жаңа  инновациялық  әдістерді  енгізу 

бағытында  5В010200 - «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі», мамандығы 

бойынша білім алушыларды мамандандыру мақсатында «Бастауыш  мектепте  қазақ тілін 

оқытудың  инновациялық  технологиялары»,    «Білім  берудегі    педагогикалық 

технологиялары», «Бастауыш мектепте  тілдік қатынас негіздерін оқытудың теориясы мен 

әдістемесі»,  «Бастауыш мектепте қазақ тілін оқытудың теориясы мен  әдістемесі»,  «Білім 

берудегі  жаңа  стратегиялар»  атты  студенттер  ҥшін  арнайы  курстар  жҥргізіледі.  Жоғары 

білім беру жҥйесінде болашақ бастауыш сынып мҧғалімдеріне элективті курстың алатын 

орны ерекше. Себебі элективті курстар  студенттерге таңдау  мҥмкіндігін тудыра отырып, 

олардың педагогикалық инновация туралы жан-жақты әрі терең  білім  алуларына  жағдай 

жасайды [3]. 

Жоғары  да  аталған,  элективтік  курстар  педагогикалық  инновация  бойынша 

теориялық  білімдерін  тереңдетеді,  танымдық  ізденімпаздығы  мен  шығармашылық 

қабілетін  қалыптастырады,  ӛздігінен  білім  алу  іскерліктерін  айқындап,  зерттеу 

бейімділіктерін жетілдіреді. 

Бҧл  элективті  курстар  ЖОО  ҚР  МЖМБС,  типтік  оқу  жоспарына  сәйкес  базалық 

пәндер  цикліндегі  таңдау  бойынша  компонент  ретінде  ҧсынылады.  Біз  осы  элективті 

курстардың  мақсат,  міндеттері  мен  мазмҧнын    ҧсынамыз,  бҧл  кез  келген  оқытушыға 

курсты  оқытуға  мол  мҥмкіндік  беріп,  болашақ  мамандарға  мектептерде  педагогикалық 

инновацияны дҧрыс пайдалануды меңгертуге кең жол ашады. 

Жоғарыда  аталған  «Білім  берудегі  жаңа  стратегиялар»  атты  арнайы  курстың 

мақсаты мен міндеттері мен мазмҧнына тоқталатын болсақ: 

Мақсаты:  болашақ  маман,  бітіруші  студенттердің  бәсекеге  қабілеттілігін 

артыртыру  мақсатында    оқытудың  заманауи  технологиялары  мен  білім    берудің 

инновациялық  тәсілдемесін қолдана алатын қҧзіреттілік қалыптастыру. 

Міндеттері:  

 

Еліміздің  білім  беру  саласында  болып  жатқан  ӛзгерістерге  болашақ  маманның 



икемді әрекет етуіне кӛмектесу; 

 



Жеті  модульдің    оқу  материалы  негізінде    курстың  теориялық  негіздерін, 

тҧжырымдамалық тҥсінігін қалыптастыру; 

 

Болашақ  мамандарды  кәсіби  қоғамдастық  аясында    белсенді  жҧмыс  істеуге 



дайындау;  

 



Болашақ мамандардың ӛз бетімен білім алуына мҥмкіндік беретін ӛзін-ӛзі реттеу 

дағдыларын қалыптастыру; 

 

тҥрлі  жағдайда  тиімді  диалог  жҥргізе  алатын,  заманға  лайық  табысты  ӛмір 



сҥруге  дайын,  сандық  технологияларды  қолдануға  қҧзіретті;  болашақ    маман  ретінде 

қалыптасуына кӛмектесетін оқу ҥдерісін ҧйымдастыру;  

 

Ӛзін ӛзі кәсіби талдау және ӛзін ӛзі кәсіби бағалау дағдыларын қалыптастыру.  



Арнайы курста қалыптастырылатын  қҧзіреттер: 

 

287 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



-  пәндік,  психологиялық-педагогикалық  және  әдістемелік  білімдер  жҥйесін,  нақты 

әлеуметтік-педагогикалық жағдайды ескере отырып кәсіби қызметте теориялық білімдерді 

қолдана  алу  біліктері  мен  дағдыларын  меңгеру,  педагогтің  кәсіби  парызын  ҧғыну, 

педагогикалық қызмет нәтижесіне жауапкершілікпен қарау; 

-  педагогикалық  интеграция  теориясы  саласындағы  білімдерді  меңгеру, 

педагогикалық  міндеттерді  шешуде  тҥрлі  пәндер  салаларындағы  білімдерді  біріктіру 

біліктері  мен  дағдыларын  меңгеру,  әлеуметтік  серіктестікке  және  педагогикалық 

ынтымақтастыққа қабілетті болу; 

Курстың мазмҧнына тоқталатын болсақ: 

Модуль 1. «Оқыту мен оқудағы жаңа әдістер» 

Модуль  оқытудың  сапасын  арттыратын  заманауи  әдістер  мен  амалдарды  қолдана 

отырып  қҧрылған.  Болашақ  педагог  мамандарға  «Қалай  оқу  керектігін  ҥйрету»  немесе  

оқушылардың  болашақта  ӛз  бетінше  білім  ала  білетін  етіп  ӛзінің  оқуы  ҥшін 

жауапкершілікті  ӛз  мойнына  алу  қажеттігін  тҥсінуге  және  оған  дайын  болуға  қалай 

кӛмектесуге болатынын кӛрсетеді. 

Модуль 2. «Сын тҧрғысынан ойлауға ҥйрету» 

Сын тҧрғысынан ойлауды екі мағынада қолдану мақсат етіледі.  Студенттердің оқу-

ҥдерісін    тиімді  ҧйымдастыруға  ҥйренуде  сын  тҧрғысынан  ойлауын  дамыту    және 

оқушылардың  ақпарат  пен идеяларды синтездеу қабілеті, олардың салыстырмалы тҥрде 

шынайылығы  мен  маңыздылығы  туралы  ойлана  білу  қабілеті  ретінде  тҥсіндіріледі. 

Болашақ  мамандардың  сын  тҧрғысынан  ойлауы    ӛзінің  жҧмыс  тәжірибесін,  жаңа 

тәсілдерді қолдану және бағалау әрекеттерін сын тҧрғысынан бағалауға ҥйретуге арналған. 

Модуль 3 «Оқу ҥшін бағалау және оқуды бағалау» 

Модуль  білімгерлердің  оқу  жетістіктерін  бағалау  жҥйесін,  сыни  және  жинақтап 

бағалау  негіздерін,  оқытудың  жаңа  технологиялары  бойынша  білімнің  жинақтаушы 

жҥйесін игеруге арналған.  

Модуль 4 «Оқытудың ақпараттық-коммуникативтік технологияларын пайдалану» 

Модуль  болашақ  педагог  маманның  кәсіби  қызметінде  жаңа  ақпараттық 

технологияларды игеруге және қолдануға  арналған. 

Модуль 5 «Талантты және дарынды балаларды оқыту» 

Болашақ  мамандардың  сыныптағы  оқушылардың  оқу  ҥдіресінде  ӛзіндік,  даралық 

ерекшеліктерін анықтай алу алу және оларды ӛз мҥмкіндік шеңберінде дамыту әдістемесін 

қолдана алу мәселелеріне арналған. 

Модуль 6 «Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу»  

Модуль  оқушылардың  қажеттілігін  қанағаттандыруға  бағытталған  саралап  оқыту 

әдістерін қолдануға арналған.  

Модуль 7 «Оқытуды басқару және кӛшбасшылық» 

Модуль  болашақ  мамандардың  оқу  ҥдерісін  тиімді  ҧйымдастыру  қабілеттерін 

шыңдауға, сын тҧрғысынан ойлана білу қабілеттерін дамытуға арналған.  

Жоғарыда  айтылғандай,  инновациялық  қажеттілікті  студенттердің  ӛз  беттерінше 

әзірлеген  шығармашылық  жҧмыстары  арқылы  жан  -  жақты  дамыту,  бір  мамандық  иесі 

атануына  және    ғылыммен  айналысуына  мҥмкіндік  береді.  Ғылыммен  айналысуы  –  бҧл  

инновациялардың  қоғамдағы  ӛзгерістермен  тығыз  байланыстылығын  байқауға  болады. 

Олардың  байланыстары  бірінші  кезекте  ӛздерінің  алдына  қойған  мақсаттары  мен 

міндеттері арқылы танылады [4]. 

Ҧстаз  -  білім  алу,  оқыту  процесінде  міндетті  тҥрде  қажет  тҧлға.  Алайда  мәселе  

ҧстаздың  бҧрынғы  «ҥйретуші»,  «білім  беруші»,  «білім  кӛзі»,  «бҧлжымас  бедел», 

«оқытушы»  сынды  рӛлдерінен  бас  тарту  қажеттігінде.  Бҧдан  бҧлай    педагог  ҥйрену 

процесін  ӛзара  әрекеттесу  деп  қабылдап,  ӛз  қызметін  «ҧйымдастырушы»,  «бағыт-бағдар 

беруші»,  «жӛн сілтеуші»  деп тҥсінуі керек.  Бҧл ӛзгеріс ҧстаз  еңбегінің маңызын тіпті де 



 

288 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

бәсеңдетпейді,  керісінше  ерекше  мазмҧнмен  толықтырады,  мәртебесін  асқақтатады. 



Педагог  білім  тасымалдаушыдан    -  білім  әлеміне  жол  кӛрсетуші  дәрежесіне  кӛтеріліп, 

нағыз ҧстаздық харекетті атқарушы болады. 

Ҧстаз кҥн сайын кҥрделі әртҥрлі шешімдер қабылдайды. Бҧл шешімдер тҥрлі білім 

мен пікірлерге  сҥйенеді және  әрбір оқушының не ҥйреніп,  келешекте  неге қол жеткізуге 

тиіс  екендігіне  бағытталады.  Осыған  байланысты  мҧғалімдер  оқушыларды  олар  ӛмір 

сҥруге тиіс ӛзгермелі әлемге дайындауда маңызды рӛл атқарады. Мысалы, бҥкіл әлемдегі 

жас  оқушыларға  айтарлықтай  әсері  болатын  елеулі  факторлардың  бірі  –  инновациялық 

технологиялардың  кең  таралған  тҥрін  пайдалануға  байланысты  білімге  оңай  қол 

жеткізудің  артып  келе  жатқандығы.  Білімге  қол  жеткізудің  кҥн  сайын  артуының 

нәтижесінде  мҧғалімнің  рӛлі  ӛзгереді.  Алайда,  бҧл  мҧғалім  рӛлінің  біркелкілігін 

білдірмейді, керісінше, мҧғалімнің рӛлі барынша артады және оқушылардың білімге қалай 

сыни  қарайтындығына  бағытталатын  болады.

 

Сондықтан  ӛзгермелі  ӛмірде  мҧғалімдер 



барлық  сатыларда  білім  беру  бағдарламасына  енгізілетін  ӛзгерістермен  және  пәндік 

салалардағы әзірлемелермен бірге дамып отыруға тиіс. Кҥрделі ҥдеріс болып табылатын 

оқыту шеберлігін толық игеріп шығу бҥкіл ғҧмыр еншісіндегі мәселе, міне, сол себепті де 

практикаға  ҥнемі  ерекше  назар  аударылатын  болса,  мҧғалімдер  қызмет  барысында  ӛзін 

жетілдіруді жалғастыра бермек. Осы мақсатта мҧғалімдердің даму тҥсінігімен ҧштастыра 

оқыту, оқушылардың ішкі мҥмкіндіктерін ашу, оқытудағы ерекшеліктерді тҥсіну, кӛптеген 

тәсілдердің, тілдік және мәдени әсер мен мінезқҧлық және дағдының, қызығушылық және 

оқыту  амалдарының  болатынын  жете  тҥсінуі  қажет  болады.  Оқыту  және  сабақ  беру 

саласындағы  негізгі  білімнің  болуымен  қатар,  мҧғалімдерге  қандай  ӛзгерістер  болып 

жатқаны  және  қандай  стратегияларды  алдын  ала  қабылдау  қажеттігі  туралы  барынша 

дәлелді тҧжырымдар жасауға мҥмкіндік беретін қосымша ақпараттар жинауға тура келеді. 

Шешім  қабылдау  ҥдерісінде  мҧғалім  ҥшін  ең  маңыздысы  оқушының  қызығушылығы 

болып  табылады.

  Оқытудың  қандай  жолы  қолданылса  да,  қарастырылатын  екі  кӛзқарас 

бар.  Біріншіден,  оқушының    жеке    тҧлға    және    әлеуметтік    нысан    ретіндегі    келешегі,  

екіншіден,    оқытудың  оқушы  мен  мҧғалім  арасындағы  қарым-қатынас  нәтижесі  ретінде 

қарастырылуы. Мҧғалімнің қызметін бағалау барысында бағалаушы белгілі бір факторлар 

жиынтығын  пайдалана  отырып,  қасиетті  ӛзінше  тҥсіндіріп  беретіндігін  ҧғыну  қажет. 

Сындарлы  оқытуға  негізделген  сабақтар  оқушыларға  ӛз  білімдері  мен  ҧстанымдары 

жайында ойланып, сҧрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып білу 

кезеңінде ӛз тҥсінігін ӛзгертуге мҥмкіндік береді. Бҧл ҥдеріс оқушының ӛз болжамдарына 

кҥмәнмен, сын тҧрғысынан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы 

ӛзінің  тҥсінігін  тереңдетіп,  кеңейтуге  ҧмтылу  мҥмкіндігін  ҧлғайтады.  Оқытудың  бҧл 

тҥрінде  оқушылар  ӛте  маңызды  рӛл  атқарады:  олар  қҧрбы-қҧрдастарымен  әлеуметтік 

байланыс жасау арқылы белсенді тҥрде білім жинақтайды. Мҧғалім оқушылардың оқуына 

мҥмкіндік тудырып, оқу материалы және ӛзге де қажетті қҧралдармен қамтамасыз етеді, ал 

оқушылар  ӛз  кезегінде  пән  бойынша  ӛз  тҥсініктерін  арттыру  іс-әрекеттеріне  ынталы 

болғаны абзал [5]. 

«Ҧстаз  тумысынан  ӛзіне  айтылғанның  бәрін  жетік  тҥсінген,  кӛрген,  естіген  және 

аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, олардың ешбірін ҧмытпайтын, алғыр да 

зерек  ақыл  иесі,  ӛте  шешен,  ӛнер-білімге  қҧштар,  аса  қанағатшыл,  жаны  таза  және  әділ, 

жҧртқа жақсылық жасап, ҥлгі кӛрсететін, қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержҥрек 

болуы  керек»  —  деп,  шығыстың  ҧлы  ойшылы  Әбу  Насыр  әл  Фараби  ҧстаз  болмысын 

айқындаған екен. Олай болса, жауапкершілігі шексіз, қадірі мол мамандық иесінің ҧрпаққа 

білім мен тәрбие берудегі алар орнын әр мҧғалім бар болмысымен сезінгені абзал. Ӛйткені, 

бәсекеге қабілетті тҧлға даярлауда білім сапасын кӛтерудің негізгі тетігі — білімді ҧстаз. 

ЖОО  -  дағы  оқытушылардың  міндеті  сапалы  маман  иесін  дайындау.  Мамандарды 

дайындау  сапасы  дегеніміз  жоғарғы  білімді  маман  даярлау  ісінің  қажеттіліктерге,  



 

289 


«ЗАМАНАУИ СЫН-ТЕГЕУРІНДЕР МЕН ҚОҒАМНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДА ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ 

БІЛІМ МЕН ҒЫЛЫМНЫҢ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ҼЛЕУЕТІ» 

халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары 



28-29 қазан, 2016 ж.

 

 

 

 



мақсаттарға,  талаптар  мен  стандарттарға  сәйкес  келуі.  Мамандарды  дайындау  сапасы 

студенттің (тҥлектің) қандай қасиеттердің жиынтығын иеленгендігін кӛрсетеді [6]. 

Жалпы  қорыта  айтқанда,  аталған  тәсілдерді  сабақта  тиімді  қолданысқа  енгізу 

арқылы  баланың  танымдық  белсенділігін  арттыруға,  ӛз  бетінше  білім  алуға, 

шығармашылығын  қалыптастыруға  ықпал  етеді,  оқушылар  оқудың  қызықты  жеңіл 

ӛтетіндігін,  ҧжымда  бірлесіп  жҧмыс  жасауға  ҥйрететіндігін,  білімнің  тереңдігі,  әрі 

тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни, оқушы ӛз ой – пікірін ашық еркін айтады, 

бір  -  бірін  тыңдауға  ҥйренеді.  Сондықтан  олар  басқа  пәндердің  де  осындай  оқыту 

формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға болады. 

 

ҼДЕБИЕТТЕР: 

1.

 

Мҧқаметқали М.М. Мектеп мҧғалімдерінің кәсіби-педагогикалық инновациялық 



іс-әрекетке даярлығын жетілдіру: пед. ғыл. канд.  автореф:.31.01.07. -Астана, 2007.- 27б. 

2.

 



Мухаметжанова  А.  О.  Болашақ  бастауыш  сынып  мҧғалімдерін  ауыл 

мектептерінде  педагогикалық  инновацияны  пайдалануға  даярлау:  пед.  ғыл.  канд.  ... 

автореф. 2010. 

3.

 



Cейтенова С.С. Подготовка учителей начальных классов к использованию 

педагогической инновации.

 

Bulletin d'eurotalent-fidjip, 2014, N  4 ISSN 2101-53171 1 rue de 



la Concorde 10100 Romilly sur Seine FRANCE Dépôt légal : Septembre 2014 стр.   22   ИФТ 

0,46. 


4.

 

Сейтенова  С.С.  Оқытудағы  Кембридж  тәсілінің  тиімділігі.  Қарағанды 



Университеті Хабаршысы. Педагогика сериясы № 3(79)| 2015. 

5.

 



Cейтенова 

С.С. 


Интербелсенді 

әдіс-тәсілдер 

арқылы 

студенттердің 



шығармашылық  қабілетін  дамыту.    «Кәсіби-педагогикалық  білім  беруде  жобалау 

инновациясының  ғылыми  негіздері»  атты  респуб.  ғылыми-прак.  конф.  Ы.Алтынсарин 

атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық нституты.  2016. 

6.

 



Әлімов А. Интербелсенді әдістерді жоғары оқу орындарында қолдану. Оқу 

қҧралы. – Алматы: 2009. - 263 бет. 

 

 

ҼОК 373.13:51 (574)  

 

БОЛАШАҚ

 

МҦҒАЛІМДЕРДІ

 

ОҚУШЫЛАРДЫҢ

 

ФУНКЦИОНАЛДЫҚ

 

САУАТТЫЛЫҒЫН

 

АРТТЫРУҒА

 

ДАЙЫНДАУ. 

 

Сеитова С.М., Дҽуітбек К. 



І.Жансүгіроов атындағы жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қаласы

dkabyran@mail.ru. 

 

Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасындағы  ӛзгерістер,  тҧрақты  дамудың 

жаңа стратегиялық бағыттары және қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы, 

қарқындылығы  білім  беруге  қойылатын  талаптарды  тҥбегейлі  ӛзгертті.  Әлемдік 

білім  беру  кеңістігіне  енуге  бағытталған  білім  берудің  жаңа  жҥйесі  қалыптасуда. 

Білім берудің жаңа жҥйесі, халықаралық білім беру стандарттарына сҥйене отырып, 

міндеттерінің  бірі  ретінде  функционалдық  сауаттылықтың  қалыптасуын 

қарастырады.  

Яғни функционалдық сауаттылықтың басты мақсаттардың бірі  – жалпы білім 

беретін  мектептерде  Қазақстан  Республикасының  зияткерлік,  дене  бітімі  және 

рухани  дамыған  азаматын  қалыптастыру,  тез  ӛзгеретін  әлемде  оның  табысты 


 

290 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет