0сын тұРҒысынан ойлауды дамытатын педагогикалық технология «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамытатын»


Американ психологы Бенджамин Блумның сын тұрғысынан ойлауды дамытуды көтеретін сұрақтар үлгісі



бет13/26
Дата02.05.2023
өлшемі1,2 Mb.
#89227
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26
Американ психологы Бенджамин Блумның сын тұрғысынан ойлауды дамытуды көтеретін сұрақтар үлгісі:
Таксономия сұрақтары сипатының І нұсқасы:

  • ес (механикалық ес– алынған ақпаратты еске түсіру, тану Әңгіме кім туралы? Не болды? Қашан, қалай болды?)

  • түсіндіріп талдау ( алынған ақпаратқа жаңа түр беру, оқиғалар, идеялар, деректер, құндылықтар арасындағы байланысты анықтау және ойды түсіндіру. Әңгіменің ең қызық жері? Неге қызық?);

  • қолдану – (ақпаратты оқиғалы мәтінде немесе мәтіннен тыс проблеманы шешу құралы ретінде қолдану: Сіз оның орнында болсаңыз қайтер едіңіз?);

  • талдау – мәтіндегі «жалпы» оқиғадан «жалқының» бөлінуі, жеке оқиғалардың пайда болуын қарастыру кейіпкерге тән қасиеттерді ата, қандай адам?;

  • жинақтау – алынған ақпаратқа толық логикалық қорытынды жасау,оқиғаның себебі мен салдарының байланысын толық түсіну;

  • бағалау – алынған ақпаратқа пікірталас жасай отырып, субъективтік-өзіндік көзқарастарын қалыптастыру;

Таксономия сұрақтарының 2-нұсқасы

  • Жай сұрақтар. Оларға жауап бере отырып, қандай да бір деректерді атау, кейбір ақпараттарды еске түсіру.

  • Анықтау сұрақтары. Олар әдетте мынадай сөздерден басталады: «Сонымен, сіздің айтуыңызша….?», «Егер мен дұрыс түсінсем, осылай ғой ..?». Бұндай сұрақтар әңгімелесушінің жаңа айтқан сөзіне қатысты кері байланысты орнату үшін қажет.

  • Практикалық сұрақтар. Бұл сұрақтар теориялық және практикалық өзара байланысты орнатуға бағытталады. «Егер сіз кейіпкердің орнында болсаңыз қайтер едіңіз?»

  • Түсіндірме сұрақтар. Әдете «Не үшін?» деген сұрақтан басталады. Бұл сұрақтар себеп-салдар байланысты орнатуға бағытталады.

  • Шығармашылық сұрақтар. Сұрақта шарт қою бөлшектері, жорамал, қиял, болжам болса, «Не өзгерер еді? …., осылай болса қайтер еді?..», «Қалай ойлайсыз, оқиға әрі қарай қалай өрбуі мүмкін?»

  • Бағалау сұрақтары. Бұл сұрақтар оқиғаларға, деректерге, құбылыстарға берілген бағалар өлшемін түсіндіруге арналады. «Неге мынау жақсы, ал мынау нашар?», «Бір кейіпкер екінші кейіпкерден несімен ерекшеленеді?»

4-қадам: шығарманың атын талқылау.
5-қадам: мәтінді үзіп оқу және дайындалған сұрақтарға оқушылардың жауабы (мәтінді өз беттерінше оқуға немесе оқушылар «тыңдай» отырып, қабылдауы үшін мұғалімнің дауыстап оқуын ұйымдастыруға да болады).
6-қадам: бірнеше рет оқығаннан кейін «Сәуегей ағаш» тәсілін қолдануға болады: тіктөртбұрышқа өз болжамдарының нұсқасын жазады, ал тілсызыққа - өз болжамдарына түсінік жазады, осылайша олар өз көзқарастарына мәтіннен дәйектемелер келтіріп үйренеді.


7-қадам: «Рефлексия» сатысында оқушылар мәтінге қайтып оралып, дәл келген сәйкестік пен пайда болған әртекті ойларды талқылайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет