1. «Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы» пәні, мақсаты мен міндеттері, қоғамдық тарихи сананы қалыптастырудағы орны. «Қазіргі Қазақстан тарихы»


Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру, «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы



бет12/60
Дата26.05.2022
өлшемі245,11 Kb.
#35626
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60
15.Е.Б.Бекмахановтың, Қ.И.Сәтбаевтың, Б.Сүлейменовтың т.б еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестіру, «Зар заман» мектебі ақындарының шығармаларына тиым салынуы

Е.Б.Бекмаханов, Қ.И.Сәтбаев, Б.Сүлейменов және т.б. ғалымдардың еңбектерінен «қылмыстық» істерді іздестірудің зардаптарын анықтаңыз


1944 жылы басталып, 1952 жылы Ермұқан Бекмахановтың 25 жылға сотталуымен аяқталған даудың басы «Кенесары Қасымов бастаған қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі» деген ғылыми тұжырым еді.Қазіргі тарих ғылымында орныққан бұл тұжырымды әуел баста көтерген ғалым сегіз жыл әуре-сарсаңға түсіп, ақыры бір жарым жылын ГУЛАГ абақтысында өткізді. Бекмахановтың саналы ғұмырының он екі жылдық сергелдеңіне кейбір отандық тарихшылар да «үлес» қосты.Республика басшылығы «ұлтшыл» Бекмахановты қатаң айыптай отырып, осынау «ұлтшылдықты жөргегінде тұншықтырмаған» сол кезде Қаныш Сәтбаев басқарған Қазақ ССР Ғылым академиясын аяусыз сынады.. Соның нәтижесінде Бекмаханов қана емес, басқа да ұлтшылдар «табыла қалып», қазақ әдебиетінің тарихын зерттеуші Есмағамбет Ысмайылов, Қажым Жұмалиев, т.б. ғалымдар да сотталды. Ал Қаныш Сәтбаев Мәскеуге кетуге мәжбүр болды. Қамауға алу туралы сөз бола бастағанда КГБ офицерлерінің бірінің астыртын жанашырлық ескертуінен кейін Мұхтар Әуезов те табан астында Мәскеуге ұшып кетті.Бекмахановтың еңбегінде Кенесары Қасымұлы бастаған қозғалыстың «феодалдық-монархиялық қозғалыс» деп аталмай, қазақ халқының ұлт-азаттық көтерілісі ретінде қарастырылуынан шыққан даудың соңы қазақ ғалымдарының осылайша тағы да жаппай қуғын-сүргінге ұшырауына әкеліп соқты. Қазақ ғылымын үрей биледі.


Зар заман ақындарының шығармаларында сары уайымға салыну, қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалады. Бұл кезең ақындары келер күннен үміт жоқтығына налиды, тығырықтан шығатын жол таппай қиналады.[5] Олар елдің басына түскен нәубетті ақырзаманның келгені деп ұғады. Бұл жердегі ақырзаман – ғаламдық апат, жарық дүниедегі көзге ілінген нәрсенің тып-типыл болуы турасындағы емес, отаршылдықтың шеңгеліне мықтап түскен ұлттың күйреуі сипатындағы ақырзаман. Халықты қан қақсатқан зобалаңның себебін Зар заман ақындарының бірі адам қолымен жасалған зұлымдықтан, екіншілері діннің бұзылғандығынан деп топшылайды. Әсіресе, Шортанбай ақын шарасыздықтан дінді таяныш қылады.


Зар заман ақындарының қайраткерлік биікке көтерілуі отаршылдықтың белең алуынан басталады. Жыр жүйріктерінің бар құдіреті, бар қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зобалаңды алдын-ала ескертті, зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді. Елдің берекетін кетірген отарлаушылардың құбыжық кейпіндегі бейнесін жасады. Солардың ойранына жол ашқан өз халқының кейбір жандайшаптарын аяусыз сынға алды, кей тұста ел бірлігінің кемістігін де түйреп өтті. Зар заманның бүкпесіз баяндалған оқиғаларын кейінгі ұрпаққа аманат етіп қалдырды. Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілі – Дулат Бабатайұлы қазақ халқының дәстүрлі жыр үлгісін түр жағынан өзгертіп, өлеңді көркемдеп кестелеудің жаңа үлгісін жасады. Аталған ақындардың қай-қайсысы да ұлттық поэзиямызды мазмұн жағынан байытуға үлес қосты. Кеңестік идеология үстемдік еткен кезеңде Зар заман ақындарының шығармаларын насихаттауға тиым салынды. Олар барлық оқулықтардан алынып тасталды. Соған қарамастан Зар заман ақындары шығарм. Әр жылдарда зерттеу нысанасына айналды. Қазақ әдебиетінің тарихын оқып-үйренуге арналған ғыл. Жинақтарда олардың кейбір өлең-толғаулары арагідік жарық көрген тұстары да болды. Мысалы, 1978 жылы Ленинградта басылып шыққан “Поэты Казахстана” жинағында (құрастырған М.Мағауин) Зар заман ақындарының отаршылыққа қарсы жазылған бірқатар өлеңдері орыс тілінде жарық көрді.20 ғ-дың соңынан бастап зар заманның тарихи сипаты, Зар заман ақындары шоғырының белгілі өкілдері, әдеби ағым ретіндегі ерекшеліктері, көркемдік кестелері туралы бірқатар еңбектер жазылды. Зар заман ақындары шығарм. – жаңалығы мол, өзгеше дәстүрі бар күрделі құбылыс ретінде әдебиеттану ғылымының тұрақты зерттеу нысанасы болып қала бермек.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет