№ 1 дәріс. Кіріспе. Есеп туралы жалпыланған ұғым Дәріс жоспары: Кіріспе. Физика есептерінің түрлері, әр түрлі негіздері бойынша топтастыру.
Физика есептерін шығарудың тәсілдері мен әдістемесі
Кіріспе. Физика есептерінің түрлері, әр түрлі негіздері бойынша топтастыру.
Физикадан есеп шығару — оқу жұмысының қажетті элементі. Есептер қандай да бір нақты жағдайларда болып өтетін құбылыстарға физикалық заңдарды қолдануды талап ететін жаттығулар үшін материал береді. Сондықтан олардың оқушылардың білімін нақтылауда, жалпы заңдардың түрлі көрінісін көре білуді дарытуда үлкен маңызы бар. Мұндай нақтылаусыз білімдердің практикалық бағасы болмайды, кітап жүзінде қалады.
Есептер шығару физикалық заңдарды тереңірек және берік меңгеруге, логикалық ойлаудың дамуына, ұғымдылық, инициативалы болуға, ерік және койылған мақсатқа жетудегі табандылыққа себі тиеді, физикаға қызығушылығын оятады, өзіндік жұмыс дағдыларын бойына сіңіруге көмектеседі және өзіндік ой қорытуда бірден-бір құрал болып табылады.
Есептер шығару процесінде кейде сабақта жаңа ұғымдар және формулалар енгізуге, оқып үйренілетін заңдылықтарды түсіндіру, жаңа материалдың мазмұнына жақындата түсуге болады.
Физикалық есептердің мазмұны оқушылардың табиғат пен техника жөніндегі білім шеңберін кеңейтеді. Оқушылар есептерді шығарғанда тікелей физикадан алған білімдерін қолдану қажеттілігімен кездеседі, теория мен практиканың байланысын тереңірек сезінеді.
Есептер шығару — қайталауды, пысықтауды және оқушылардың білімін тексерудің маңызды құралы.
Есеп шығару физиканы оқыту процесінің ұдайы бөлінбес құрамды бөлігі болып саналады, өйткені ол физика сабақтарының түгелдей барлық түрлері мен кезеңдерінде және сыныптан тыс жұмыстарында кездеседі. Есеп шығару физиканы оқытудың әдістері, тәсілдері, амалдары ретінде әр жақты мағынада қолданылады. Әр сабақтың өзінде де физикалық есептерді шығарудың мынадай маңызы бар:
оқушылардың логикалық және физикалық ойлауын дамытады, математикалық амалдар мен түрлендірулерді орындауға жаттықтырады, физикалық заттар мен эксперименттің сандық және сапалық мағыналарын ашады;
мектеп оқушыларын тапқырлыққа, өз бетінше жұмыс істеуге, еңбек сүйгіштікке, қиындықты жеңу төзімділігіне үйретеді, олардың ерік-жігерін қайрайды;
физикалық ұғымдарды, жастардың тәжірибелік ебдейліктері мен дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін қалыптастырады;
оқушылардың алған білімдерінің тереңдігі мен беріктігін тексереді;
сабақта проблемалық ситуация қойып, оны шешуге жәрдемдеседі;
физикалық құбылыстар мен заңдарды және теорияларды талдауға, қорытындылауға, олардың арасындағы өзара байланыстарды анықтауға жәрдемдеседі;
оқушылардың білімдерін, ебдейліктерін, дағдыларын жүйеге келтіріп, оларды дамытады және тереңдетеді;
пән аралық байланысты (математика, химия, астрономия, сызу, биология, география) күшейтуге ықпал жасайды;
оқушылардың физикаға деген қызығушылығын арттырады.
Сондықтан да физикадан есеп шығару бағдарлама және емтихан талаптары бойынша міндетті түрде қолданылатын оқыту әдістерінің негізгілерінің біріне саналады.
Физикалық есептерді шығару арқылы мұғалім сабақта оқушылардың білімі мен дағдыларын тексеріп бағалайды, жаңа материалды түсіндіреді және оны бекітеді, проблема қойып оны зерттейді, сын жұмысын өткізеді, эксперимент орындатады, үйде өз бетінше жұмыс істетеді, олимпиада мен конкурстарды ұйымдастырады, т.т.
Физика есептері мазмұны және дидактикалық мақсаттарына сай алуан түрлі. Оларды түрлі мазмұндағы көптеген есептер үшін неғұрлым типтік қасиеттерін бейнелейтін әр түрлі белгілеріне қарай топтастыруға болады..
Бұл мәселені қарастырғанда есептерді топтастыру, басқа да ғылыми ұғымдар сияқты, түрлі белгілеріне қарай — топтастыру мақсатына байланысты жүзеге асырылатынын ескеру керек. Атап айтқанда, есептер былай топтастырылуы мүмкін:
ондағы қамтылған ақпараттың берілу тәсілі бойынша;
шығарудың негізгі тәсілі — есепте қойылған сұрақтың жауабын алу бойынша;
мазмұны және басқа белгілері бойынша.
Топтастыру мақсаты түрліше болуы мүмкін. Егер, мысалы, есептер политехникалық білімді жүзеге асыруға, кәсіптік бағдарлауға қандай мөлшерде себі тиетінін білгіміз келсе, онда барлық есептерді мазмұны бойынша топтастырамыз да, оқулықтар мен есептер жинағындағы барлық есептің қандай проценті өндірістік-техникалық мазмұнды, ал қандай мөлшерде абстрактілі есептер екендігін санаймыз. Кейбір жағдайларда бірқатар есептерді шығаруды жалпы тұрғыдан айқындау мақсатында немесе шешудің алгоритмін құруда есептерді шығару тәсілдері бойынша топтастыру ыңғайлы.
Есептерді онда қамтылған ақпарат бойынша топтастыру отырып, біз есептер шартының айтылу тәсіліне басты назар аударамыз. Келтірілген топтастырулардың кез келгені толық және соңына дейін жүйелі болмайды, өйткені кейде бірдей есептер топтастыру тәсіліне қарай түрліше топтарға жатқызылуы мүмкін. Сөйте тұра, әдістемелік мақсаттарда есептерді топтастыруды қолдану пайдалы. Есептерді топтастырудың біріншісіне толығырақ тоқталайық.
Физикалық есептерді айтылу тәсіліне қарай негізгі төрт түрге бөлуге болады: текстілі, эксперименттік, графиктік және сурет – есеп. Олардың әрқайсысы өз кезегінде сандық (немесе есептеу) және сапалық (немесе сұрақ-есептер) болып бөлінеді. Сонымен бірге есептің негізгі түрлерін қиындық дәрежесіне қарай оңай және қиын, жаттықтыру есептері мен шығармашылық есептер және басқа типтерге бөлуге болады.
Физиканы оқу процесінде мәтіндік есептер жиірек пайдаланылады. Бұл есептер — шартты сөзбен берілген, дәлме-дәл, әрі олардың шартында физикалық константалардан басқа барлық қажетті мәліметтері бар есептер. Шығару тәсілдеріне қарай оларды сұрақ-есептер және есептеу есептері деп бөледі.
Сұрақ-есептер — бұл шығару кезінде қандай да бір физикалық кұбылысты түсіндіруді (есептеуді орындамай) немесе белгілі бір жағдайларда құбылыстың қалай болып өтетініне болжам жасауды қажет ететін есептер. Әдеттегіше, мұндай есептердің мазмұнында сан мәліметтер болмайды. Мысалы:
Су толтырылған бөтелке суға батады. Сынап толтырылған бөтелкені ішінде сынабы бар ыдысқа батырғанда, бөтелке қайтеді?
Электр лампысының кылы аппақ болып қызғанда, бойымен дәл сондай ток жүріп тұрған проводтар неліктен салқын қалпында қалады?
Сұрақ – есептерді шығару кезінде есептеулердің болмауы оқу-шылардың назарын физикалық мәніне аударуға мүмкіндік береді. Қойылған сұрақтарға жауаптарды негіздеу қажеттігі оқушыларды пайымдауға, физикалық заңдардың мәнін тереңірек ұғынуға үйретеді.
Сұрақ – есептерді шығару, есептің графиктік материалы болатын жағдайларынан басқасында, әдеттегідей, ауызша орындалады. Жауаптар суреттермен де берілуі мүмкін. Мысалы, мына есепке жауап тек суретпен берілуі мүмкін: «Тығыздығы шар затының тығыздығынан екі есе артық болатын сұйықтың бетінде жүзіп жүретін шардың суретін салыңдар.
Сұрақ-есептер мен сурет – есептер тығыз жалғасады. Бұларда сұраққа ауызша жауап беру немесе есепке қойылған сұраққа жауап болатын суретті салу талап етіледі. Мұндай есептерді шығару оқушылардың зейінін, бақылағыштығын және графикалық сауаттылығын дамытуға көмектеседі.
Сандық есептер — бұл есептерде қойылған сүрактардың жауабын есептеулерсіз алуға болмайды. Мұндай есептерді шығарғанда сапалық анализ де қажет, бірақ оны процестегі қандай да бір сандық сипаттамаларды санау арқылы сапалық анализбен де толықтырады. Сандық есептер киындығына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Жай есептер деп күрделі емес анализ бен жай есптеулерді қажет ететін, әдетте бір – екі амалмен шығарылатын есептер түсініледі. Мұндай есептерді шығару (азғантай мөлшерде) енді ғана оқып үйренілген заңдылықты нақтылау үшін қажет. Олардың неғұрлым оңайларын ауызша шығаруға болады.
Сандық есептерді шығару үшін түрлі: арифметикалык, алгебралық, геометриялық, графиктік тәсілдер қолданылуы мүмкін.
Есеп шығарудың арифметикалық тәсілінде арифметикалық амалдар қолданылады және есептеуде де шамамен арифметикадан есеп шығарғандағыдай. Мектептер қазіргі қолданылып жүрген программаға көшкенше есептерді арифметикалық тәсілмен шығару негізінен VІ-сыныпта, кейде VІІ-сыныпта да болды. Бұл алгебраны оқып үйренуді бұрын тек VІ-сыныптың екінші жарты жылдығында бастауға байланысты еді. Мектептердің қазіргі қолданылып жүрген программаға кешуімен байланысты бұл мәселені шешу өзгерді. Қазіргі математика программасы ІІ сыныптың өзінде-ақ — әріпті белгілеулерді, ал V-сыныпта бірінші дәрежелі теңдеу ұғымын енгізуді кездейді. Бұл есептер шығаруда алгебралық тәсілді қолдануды физиканы оқып үйренудің ең бас кезінде — 7-сыныпта қолдануға қолайлы жағдайлар туғызады.
Есептерді шығарудың алгебралық тәсілі формулалар мен теңдеулерді қолданумен шектеледі. Геометриялык тәсілде — геометриялық теоремалар, ал графиктік тәсілде графиктер пайдаланылады.
Текстілі есептердің қатарына абстрактілі есептерді жатқызуға болады, бұл күнделікті өмірде бақыланған құбылыстар мен процестер сөз болатын есептер, өндірістік – техникалык мазмұнды есептер және ақырында, тарихи мазмұнды есептер. Кейде текстілі есептердің ерекше тобына «кызықты есептері делінетіндер жатқызылады.
Техникалық мазмұнды есептерді мұғалім, газеттер мен жур-налдар, радио мен телевизия хабарларын пайдалана отырып, өзі кұрастыра алады. Есептерді құрастыруда ендірістік экскурсиялар материалын пайдалануға болады. Заңдардьң немесе қандай да бір өнертабыстың ашылу тарихынан алынған фактілерді пайдаланады. Олардың үлкен танымдық және тәрбиелік мағынасы бар.
Қызықты есептерде мәселенің әдеттен тыс қойылуы өзгеше және нәтижелердің кейінгі талқылауы әдетте оқушыларды қатты қызықтырады. Көптеген қызықты есептерді Я.И.Перельманның "Қызықты физика" кітабынан және — «Знание — сила", «Юный техник", «Квант", «Техника молодежи" т. б. журналдардан табуға болады.
Есептердегі эксперимент түрліше пайдаланылады. Кейбір жағдайларда демонстрациялық үстелде жүргізілген тәжірибеден немесе оқушылардың өздері орындаған тәжірибелерінен есептер шығаруға қажетті мәліметтерді тауып алады. Бұл жағдайда есепті тәжірибесіз шығаруға болмайды. Екінші бір жағдайларда есептің шартында керсетілген мәліметтерге сүйеніп, есепті тәжірибесіз де шығаруға болады. Мұндай жағдайларда тәжірибені есепте айтылған құбылыстар мен процестерді иллюстрациялау үшін немесе шешудің дұрыстығын тексеру үшін пайдаланады. Бірақ, егер эксперимент тек қана есепті тексеру үшін колданылса, ондай есепті эксперименттік деп атау дұрыс болмайды.
В. И. Лукашиктің және В. А. Золотовтың есептер жинақтарындағы көптеген есептерді эксперименттік есептер ретінде қоюға болады.
Эксперименттік есептерді шығару процесінде окушылардың бақылағыштығы дамытылады, приборлармен жұмыс істеудегі дағдылары жетілдіріледі. Мұнда оқушылар физикалық құбылыстар мен заңдардың мәнін тереңірек танып біледі.
Графиктік есептерді шығару процесінде графиктерді пайдаланады.
Мысалы:
График қандай процесті кескіндейді?Графиктің AB, BC, CD, DE бөліктері қандай құбылысты сипаттайды? Бақылау қандай температурада басталған жәнеқандай температурада аяқталған?
Есептерді шығарудағы графиктердің роліне қарай, қолда бар графикке жасалған анализ негізінде, жауабы алынатын есептер (мысалы, жоғарыда келтірілген жағдайда) және шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті график түрінде көрсетуді қажет ететін есептер болып ажыратылады.
Графиктік есептерді шығару шамалар арасындағы функциялық тәуелділікті түсінуге, графиктермен жұмыс істеу дағдыларын дарытуға көмектеседі. Олардың танымдық және политехникалық маңызы осында.
Шартында оларды шығаратын мәліметтер жетіспейтін физикалық есептер толымсыз мәліметтермен берілген есептер деп аталады. Мұндай есептерге жетіспейтін мәліметтер анықтағыштардан, таблицалардан және басқа әдебиеттерден алынады. Мұндай есептермен оқушылар өмірде жиі кездеседі, сондықтан мектепте бұл сияқты есептерді шығару аса бағалы.
Оқушылардың есеп шығаруға қызығушылығын арттыру үшін есептерді шебер таңдай білу қажет. Олардың мазмұны түсінікті де қызықты, қысқа да дәл тұжырымдалған болуы тиіс. Есептегі математикалық операциялар оның физикалық мағынасын көлеңкелемеуі тиіс. Жасандылықтан және есептер шартындағы ескірген сан мәліметтерден аулақ болу қажет.
Тақырып бойынша есеп шығаруды оңайынан бастау керек, олардың ішінде оқушылардың, зейіні берілген тақырыптағы оқып үйренілетін заңдылықтардың немесе жаңа ұғымнын, белгілерін анықтап оның басқа ұғымдармен байланысын тағайындау төңірегіне тоқталады. Одан кейін біртіндеп қиынырақ есептерге көшкен жөн.
Аналитика – синтетикалық тәсіл — орта мектептін, барлық сыныптарындағы физика есептерін шығарудағы негізгі тәсіл. Оқу процесінде оны ойдағыдай қолдану оқушыларға есеп шешуін табудың дұрыс жолын табуына және олардың логикалық ойлауының дамуына себін тиігізеді. Физикадан әдістемелік кұралдарда анализ бен синтез екі тәуелсіз тәсіл ретінде мейлінше жиі қарастырылады. Алайда бұлай бөлінуді дәл сол мағынасында түсінуге болмайды. Синтез бен анализ есептерді шығаруда, ойлау процесіндегі индукция және дедукция сияқты, бөлінбейді. Физикалық есептерді шығарғанда анализ бен синтезді қолданады (бірге алғандығы), яғни практикада аналитика-синтетикалық тәсіл қолданылады.
Бұл тәсілмен есептің сұрағынан бастай отырып, анализ жолымен шығарғанда, оны шығару үшін не істеу керектігін айқындайды және біртіндеп күрделі есепті жай есептер қатарына жіктей келе, шартында берілген белгілі шамаларға дейін жетеді.
Одан кейін синтез көмегімен пайымдауды кері тәртіпте жүргізеді: белгілі шамаларды пайдалана отырып және қажетті қатыстарды таңдап ала отырып, бірқатар амалдарды жүргізіп барып, нәтижесінде белгісізді табады.