1. Жарық терапиясы фототерапия


Қан тамырлары аурулары (тромбоз) Тамыр тромбозы (trombosis)



бет27/43
Дата17.01.2023
өлшемі102.66 Kb.
#61732
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43
54. Қан тамырлары аурулары (тромбоз) Тамыр тромбозы (trombosis) - артерия не вена қан- тамырларының ұйыған қанмен толық не жартылай бітелуі. себептері. өз бетімен дамитын тамырдың бітелуі тамыр- лардың жарақаттануларынан не қабынуынан пайда болады. туындаған ретінде, ауру эндокардиттің, атеросклероздың асқыну- ларынан, атероматоздық қатпарлы табақшалар мен (бляшки) шіріген жердің ыдырауынан пайда болады. тамырдың ұйымалы бітелуіне, қан айналымын бәсеңдетуге мәжбүр еткізетін жүрек қызметінің нашарлауы, қан-тамырларының серпімділігінің төмен- деуі себепкер болады. Ауылшаруашылық малдарда, артерияға қарағанда вена көбірек зақымдалады. көбінесе дұрыс тесе білмегендіктен, не дәрі- дәрмектерді қателікпен сыртқы қабатына енгізу себептерінен мойын көк тамыры қабынып, оның қуысы бекітіліп қалады (тромбофлебит). бұл ауру қан-тамырларының ішкі қабатының сезімталдығы күшейіп (аллергия) өзгеруінен де пайда болады. дамуы. пайда болған қан ұйындысы кейде жұмсарып қайта таралып кетеді, кейде тығыздалынып қан-тамырының қабырғасын қабындыруы мүмкін. венадағы қанның ұйылмалы бекітілуі, көп жағдайларда тиісті ағзалар мен ұлпалардың қызметтерін қатты бұзып оларды шірітіп, ыдыратуға дейін апарады. осындай жағдайларда малдардың жұмысқа қабілеттілігі мен өнімділігі күрт төмендейді. ірі қан-тамырлардың, мәселен іш қолқасының (брюшная аорта), мықын артериясының (подвздошная артерия) бекітілулері, әдетте малдарды тез арада өлтіреді. Паталогиялық-анатомиялық өзгерістер. ірі тамырлардың ішінде қабырғаларына бірігіп өсіп кеткен тромбоциттер, лейко- циттер, фибрин талшықтарынан, эритроциттерден кұралган ақ түсті қан ұйындысын көруге болады. олардың құрылысы ерекше қабаттылықпен бейнеленеді, шеміршектеніп кетуі де мүмкін. майда тамырларда қан ұйындысы көбінесе фибрин талшық- тарынан, эритроциттерден, лейкоциттерден, тромбоциттерден тұрады. симптомдары. қан ұйындысы орналасқан жерлері мен зақымдалынған тамырдың көлеміне байланысты болады. мысалы жүрек етінің күре тамыры (коронарлы) қан ұйындысымен бітелсе, оның кей жері жансызданып (инфаркт) тиісті белгілер жиынтығымен көзге түседі, бүйректер артериясы бекітілсе «бүйрек шаншуы» пайда болып, қан қысымы көтеріледі, несепте нәруыз бен қан анықталынады. иттер мен шошқаларда өкпелер артериясы жиі бітеледі. веналардағы қан ұюы, ылғи да ауырсынып өтеді. кейде дене қызуы көтеріледі, эритроциттің шөгу жылдамдығы да тездетіледі және нейтрофильді лейкоциттер көбейеді. Аяқтарының ірі веналарында қан ұйыса малдар орындарынан тұра алмай қалады. аяқтары суып, сезімталдығы жоғалып кетеді. ауру малдар қалтырайды, тырысады, терлейді, ентігеді, жүрек соғуы жиілейді. алдыңғы қуыс көк тамыр бітелсе мойнындағы, бас пен алдыңғы аяқтарындағы веналар қанға толып кетеді. кеуде шемені дамуы мүмкін. артқы қуыс көк тамыр бітелсе дененің артқы жақ веналарында қан іркіліп, іш шемені дамуы мүмкін. қақпа көк тамырының бітелуі асқазан мен ішек-қарында қанды іркілтіп жалпы қоректенуді бұзады. туғаннан кейін кездесіп тұратын жатырдың қабынуынан қоздырғыштық қабілеті артқан микробтар денеге жайылып, (сепсис) веналарды қабындырып, қуыстарын бекітіп тастауы (тромбофлебит) мүмкін. сол себептен ауру жамбас веналарынан артқы аяқтар веналарына жайылады. ондай малдарда қызба қайталанушы түрде өтеді. кей кездерде, тамырлардың бекітілуінің, әсіресе майда тамырлардың бекітілуінің сырт белгілері онша білінбей өтеді. өтуі. тамырдағы қанның ұюы көбінесе созылмалы түрде өтеді. егерде ұйыған қан таралып кетсе қанның ағымы қайтадан қалпына келеді, ал ұйыған қан қатайып, тамырмен бітісіп, өсіп кетсе қан айналымы қосымша майда тамырлар (қоллатеральды) арқылы жүреді. ауру қайталануы мүмкін. жүрек, ми, бүйрек, өкпе тамырлары бекітілсе, мал тез арада өліп қалады. балау. сырқат жайындағы мәліметтерді (анамнез) еске ала отырып, ауруға тән белгілерін дәл табуға негізделінеді. болжамы шүбәлі не тиімсіз. емі. малдарға толық тыныштық жағдайлар жасайды. жаңадан болған бекітілуде қанға фибринолизин, венаға 1 кг дене массасына 50-100 ә.б гепарин құюға болады және жүрек-қантамыр қызмет- терін жақсартатын тиісті дәрі-дәрмектерді қолданады. стероидті емес қабынуға қарсы натрий салицилатын ірі малға 15-75 г, ұсақ малға 0,2-2,0 г береді. ірі малға бутадион 5-10 г, ұсақ малға 0,2- ,4 г тағайындайды. түрлі індетті аурулардың салдарынан пайда болатын венаның қабынуы мен бекітілуінде әдейі арналған дәрі- дәрмектер-антибиотиктер, сульфаниламидтер қолданылады. ата- лынған және басқа да дәрі-дәрмектерді дер кезінде қолданбаса, ем дұрыс нәтиже бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   43




©emirsaba.org 2023
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет