Абай атындағы ҚазҦпу-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж


Ережеге  сай,  сӛйлеу  әрекетінің  екі  жақты  актісі  ҥшін  ең  аз  контекст  ретінде



Pdf көрінісі
бет16/19
Дата05.02.2017
өлшемі2,34 Mb.
#3456
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

Ережеге  сай,  сӛйлеу  әрекетінің  екі  жақты  актісі  ҥшін  ең  аз  контекст  ретінде 
«қарапайым  интеракцияны»  немесе  интерактивті  блок  қҧрушы  бір  рет  әрекет  алмасатын 
акт  есептеледі.  Интерактивті  блоктың  әрбір  бӛлігі  қатынасқа  қатысушының  жекелеген 
жҥрісін білдіреді, бҧл жҥріс сӛйлесім қимылы да сӛйлесімдік емес әрекет те бола алады. Бҧл 
драмалық шығарма контексінде маңызды орынға ие болады. 
Прагматика  мен  оның  қҧраушы  бӛлігі  –  Дж.Остин  мен  Р.  Серльдің    еңбегінде 
айтылған  сӛйлеу  актісінің  теориясы    -    алдымен  «қарапайым  тілге»  және  жанды  сӛйлеу 
тілінің  процесіндегі  сӛйлесімге  қатысты  пайда  болған  болатын,  соңғы  жылдардағы 
зерттеулер    [7]  кӛркем  шығармадағы  прагматикалық  тәсілдің  жемістілігін  нақты  кӛрсетіп 
отыр. Бҧл лингвистикалық зерттеу материалы болып қызмет ететін тілдік тҧлғаның ҥлгісі 
ретінде  бейнеленетін  кейіпкері  бар  драмаға  қатысты  қолданылады.  [8].  Жоғарыда 
айтылғандарды ескеріп, біз сӛйлеу қатынасының белгілі ҥлгісін драма саласындағы кӛркем 
қатынас тҧрғысынан толықтырып тӛмендегідей сызбамен беріп отырмыз. 
Сызбада  кӛрсетілгендей,  кӛркем-драмалық  қатынас  кезінде  қатынас  процесінің  ӛзі 
сияқты ең аз контекст те кеңейеді. Кӛркем шығарманың авторын сӛйлеуді жіберіші ретінде 
схемамен белгіледік, пьеса тҥріндегі театрлық қойылымда автормен бірге сӛйлеу адресанты 
болып  қоюшы-режиссер,  актерлар  -  рӛлдерді  ойнаушылар  да  актерге  мәтінді  беруші 
суфлерлер де болатынын есте сақтауымыз керек. Сӛйлеу адресаты – кӛрермен – жас қҧрамы 
жағынан да, әлеуметтік жағдайы, білімі мен мәдениеті жағынан да бірдей емес. 
Пьеса,  егер  аударылған  болса,  сӛйлеу  адресатының  этнолингвистикалық  мәдениет 
айыр-машылығын  ескеру  керек.  Басқаша  айтсақ,  драмадағы  кӛркем-сӛйлеу  қатынасы  – 
кӛп  компонентті,  кӛп  қырлы,  адресат-кӛрерменді  драмалық  әрекеттің  ӛзі  тартатын,  ӛз 
кезегінде әрекет етуші адамдар қаты-насының сӛйлеу әсерін /қатынас/ кӛрсететін негізгі кӛзі 
бар полифониялық феномен болып табылады. Жҧмыста нақты осы негіз- тӛл және аударма 
пьесалар  кейіпкерлерінің  сӛйлеу  қатынастары  талданды.  Кӛркем-драмалық  қатынас 
феномені  жалпы  және  негізінен  алғанда  драмада,  жоғарыда  солай  айтылған,  -  ӛз  зерттеуін 
кҥтіп  тҧрған  мәселе  болып  отыр;  оның  кӛлемі  мен  ауқымының  ҥлкендігі  сонша  қазіргі 
кездегі  жазатын,  есептейтін,  қайта  ӛңдейтін  және  т.б.  техникалармен  қаруланған  тҧтастай 
топ  адамдардың  кҥш-қайратын  қажет  етеді.  Бҧл  қатынасты  оқудың  перспективалық 
бағыттарының бірі екеніне кӛзіміз жетіп отыр.    
Драма  саласындағы  сӛйлеу  қатынасының    контексіндегі  лингвистикалық  прагматика 
саласының бірі - кӛркем сӛздің прагматикасын тҥсінуге негіз болатын Л.В.Щербаның мына сӛзіне 
назар  аударайық:  ―Сӛйлеу  процесінде  біз  осы  сӛздің  ешқашанда  естімеген  формаларын 
қолданамыз, ешқандай сӛздік қарастырмаған сӛздерді  жасаймыз, ең бастысы  –  белгілі бір тіркеу 
заңдары бойынша сӛздерді тіркесек те, ҥнемі жаңа... жасаймыз; барлық сӛз формалары мен барлық 
сӛз  тіркестерін  де  осы  кезеңнің  нақты  жағдайындағы  сӛйлеу  механизмінің  кҥрделі  ойындары 
нәтижесіндегі  сӛйлеу  кезінде  жасаймыз.‖  [9].    Осы  айтылғандар    кӛркем  сӛз  прагматикасын 
зерттеудің нысанын анықтайды. Бҧл – адресанттың коммуникативтік мақсатына жетуі ҥшін және 
адресаттың жауап реакциясын алуы ҥшін тіл материясын ҧйымдастыру қҧралдары мен тәсілдері 
арқылы  реципиентке  кӛркем  сӛздің  әсер  етуінің  мазмҧндық  интерпретациясы  болып  табылады. 
Зерттеушілер «сӛзді ойлап шығаратын және қабылдайтын», «осы тілдің орталық фигурасына және 
сӛйлеуші  және  ол айтып отырған әлемнің басты  әрекет етуші  тҧлғасына» басты  рӛл ең алдымен 
адамға  берілетін  ―кім  –  не  –  қалай  –  не  ҥшін  –  кімге‖  деген  прагматикалық  тізбекті  бӛліп  отыр. 
[10].  Сонымен  бірге  лингвопрагматикалық  интерпретация  тіл  материясының  лексика-
грамматикалық және лингвостилистикалық ерекшеліктерін ескермей тҧрып орындалмайды.  
Осылайша,  біз  лингвопрагматикалық  кӛзқарас,  яғни  адам-  адресант  және  сӛйлеу 
адресаты тҧрғысынан драма кейіпкерлерінің сӛйлеу қатынастарын қарастырамыз, ӛйткені 
прагматика  адамдар  арасындағы  қатынастар  мен  қарым-қатынас  жағдаятындағы  олар 
қолданатын  тіл  белгілерін  қарастырады,  сӛйлесім  мақсаты  мен  оның  прагматикалық 
тиімділігін  талдайды.  Прагматикалық  ақпарат  тілдік  материядан,  оның  мазмҧндық 
интерпретациясы – тілден тыс факторлардан – нақты айтсақ, әлеуметтік-мәдени контекстен 
алынады.  Мҧнда  әрбір  келесі  реплика    -      мҥмкін  деп  болжанатын,  сондықтан  да  тосын 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
90 
 
болатын (сӛйлеуді жіберушінің кей кезде мҥлдем сӛйлегісі келмесе де, оқыс айтатынын еске 
тҥсірейік) адресаттың жауап репликасы бар қатынастың динамикалық сипаты ескеріледі.   
Прагматиканың  негізгі  бірлігі  -    бағалау  мәнінің  сипаты  бойынша  эмоциялық-бағалау 
немесе әлеуметтік- бағалау болатын прагмема болып табылады. Коммуникативтік-прагматикалық 
жағдаятты талдауға қатынастың сыртқы жағдайларын талдау: қатынас жағдайы мен орны (пьесада 
негізінен  экспозициямен  немесе  авторлық  ремаркамен  беріледі,  кейде  «сыртқа»  сӛйлеу  деп 
аталатын  персонаждың  ішкі  сӛйлеуін  дыбыстаумен  беріледі),сӛйлеу  тақырыбы  мен  мақсаты, 
сӛйлеу  қатынасына  қатысушылардың  әлеуметтік,  этникалық  және  жеке  сипаттамалары, 
коммуниканттар  арасындағы  рӛлдік  және  тҧлғалық  қатынастар  жатады.  Рӛлдік  қатынастар  – 
сӛйлеу  әдебі,  рӛлдік  кҥтулер,  ӛзара  тҥсінісу  факторлары  сияқты  тҥсініктерге  қатысты  туыс 
термин.  Сӛйлеу  әдебі  жалпы  әлеуметтік  жҥйеде  оның  әлеуметтік  детерминанттар  тҧрғысынан 
қарастырылады.  Сӛйлеу  қатынасы  коммуниканттардың бірлескен әрекетін де  сӛйлеу  қатынасын 
да  реттеу  мен  ҥйлестіруге  бағытталған  әлеуметтік  ӛзара  әсер  етуден  тҧрады.  Сӛйлеу  қатынасы 
кезінде  коммуникаттар  әлеуметтік  рӛл  иелері  ретінде  де  жеке  тҧлға  ретінде  де 
сӛйлейді.Социумның әрбір мҥшесі жемісті қатынас қҧру ҥшін әлеуметтендіру процесіндегі қоғам 
мәдениетін игере отырып, осы социумда қабылданған сӛйлеу этикетін, тілдік нормаларды игереді. 
―Қоғам  мәдениетінің  ҥзігін  тҧлға  әрекет  кезінде  ғана  тез  игеретіндіктен,    тҧлғаның  рӛлдік 
репертуары – оның әрекет номенклатурасы – оның мәдени білімінің индикторы болып табылады, 
ал коммуниканттардың осындай рӛлдік репертуарлары олардың интелектілері болып табылады.‖ 
[11].  
Прагматикалық тиімділікке жетудің шарттары қандай? Олар: 

 
 адресант пен адресаттың фондық білімі, жалпы преусппозициясының саны; 

 
Сӛйлеуді  жіберушінің  қатынас    кезінде  кӛпшілдік  қағидатын  сақтауы, 
интерпретатордың ойына сәйкестігі мен соны алға қоюы; 

 
 Сӛйлеу 
адресатының    ӛзі  нақты  коммуникативтік-прагматикалық 
жағдаятта, прагматикалық контексте туғызатын прагматикалық ақпаратын анықтау. 
Тілдік  қҧралдар  –  семантикалық  және  синтаксистік,  сол  сияқты  авторлық  ремаркалар 
кӛмегі  арқылы  пьесада  бейнеленетін  қимыл,  ишара,  тҧрыс  және  т.б.вербальді  емес  қҧралдар 
арқылы прагматикалық мазмҧн (соның ішінде кӛркем шығарма) жҥзеге сады. Бҧл жағынан кӛркем 
мәтін  оның  –  басқа  да  гносеологиялық,  микролингвистикалық,  психологиялық  қасиеттерімен 
байланысты 
органикалық 
белгілері 
болып 
саналатын 
прагматикалық 
сипатқа 
ие  
макрокоммуникативтік  актінің  ҥлгісі  бола  алады.  Мақсат,  тақырып,  мәтінді  жіберуші  мен 
адресаттың әлеуметтік статусы, байланыс желісі  -  кӛркем мәтіндегі тілдік қҧралдарды таңдауды 
реттеуші  экстралингвистикалық  факторлар  болып  табылады.  Егер  ХХ  –  ғасырдың  70-ші 
жылдарының ортасында кӛркем шығарманы сӛйлеу қатынасы ретінде тану кҥдік пен дау туғызса, 
ол  туралы  белгілі  әдебиеттанушы  М.Б.Храпченконың  сӛзімен  айтсақ:  ―қазір  даудың  ортасында 
әдебиет  пен  ӛнердің  коммуникативтік  қасиеті,  олардың  ішкі  табиғаты,  ҥлкен  аудиторияның 
эстетикалық  қҧндылықтарды  қабылдау  мҥмкіншіліктері  туралы  мәселе  болып  отыр‖  [12],  онда  
ХХІ-ші ғасырдың басында кӛркем мәтін сӛзсіз кӛркем / әдеби қатынас болып танылды, оның пәні 
-    ««Мен»  сӛйлеу  субьектісі  арқылы  ӛткізілген  және  ақпаратты  алушыға  жіберілген  шындықтың 
бір  ҥзігі  ретіндегі  шынайы  ӛмірді  эстетикалық  шындықтың  идеалды    әлемінде  бейнелеу»  болып 
есептелді. [13]. 
 
                     
1.
 
Тимофеев  Л.И.  Основы  теории  литературы.  –  М.:  Просвещение,  1973.  –  495  с., 
390 бет 
2.
 
Зепалова  Т.С.  Уроки  литературы  и  театр:  Пособие  для  учителей.  –  М.: 
Просвещение, 1982. – 176 с., 50 бет 
3.
 
Речевое  воздействие  в  сфере  массовой  коммуникации.  –  М.,  1990.  –  194  с.,
 
55 
бет 
4.
 
Остин  Дж.  Слово  как  действие  //  Новое  в  зарубежной  лингвистике.  Вып.17. 
Теория речевых актов. М., 1986. - С.22-130. 
5.
 
Азнаурова  Э.С.  Прагматика  художественного  слова.  –  Ташкент:  Фан,  1988.  – 
119 с.; 14-15 бет 
6.
 
 Сусов  И.П.  Коммуникативно-прагматическая  лингвистика  и  ее  единицы.  // 
Прагматика  и  семантика  синтаксических  единиц.  Сб.  науч.  тр.  Калининского  ГУ.  –  Калинин, 
1984. – 158 с., 88 бет 
7.
 
Остин  Дж.  Слово  как  действие  //  Новое  в  зарубежной  лингвистике.  Вып.17. 
Теория речевых актов. М., 1986. - С.22-130.299 бет 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
91 
 
8.
 
 Караулов Ю.Н. Русский язык и языковая личность. - M., 1987. – 263 с. 
9.
 
Щерба  Л.В.  О  трояком  аспекте  языковых  явлений  и  об  эксперименте  в 
языкознании // Известия АН СССР. Отдел общественных наук. – М., 1931; с.113. 
10.
 
 Золотова  Г.А.  Коммуникативные  аспекты  русского  синтаксиса.-  М.:  Наука, 
1982. 8бет 
11.
 
 Сорокин  Ю.А.,  Тарасов  Е.Ф.,  Шахнарович  А.М.  Теоретические  и  прикладные 
проблемы  речевого общения. – М.: Наука, 1979. – 327 с., 38 бет 
12.
 
 Храпченко М.Б. Художественное творчество, действительность, человек. – М.: 
Советский писатель, 1976. – 366 с. 5 бет 
13.
 
 Сусов  И.П.  Коммуникативно-прагматическая  лингвистика  и  ее  единицы.  // 
Прагматика  и  семантика  синтаксических  единиц.  Сб.  науч.  тр.  Калининского  ГУ.  –  Калинин, 
1984. – 158 с.  88 бет 
Резюме 
В  данной  статье  рассматривается  драма,  в  первую  очередь,  как  художественный  текст  – 
драматическое речевое произведение, специальным образом организованное на речевом общении 
и, следовательно, на речевой деятельности героев, детерминируемой их интенциями и условиями 
общения (коммуникативным контекстом).                  
Summary 
This article deals with the drama as an artistic text – dramatic speaking work, specially organized 
–  work,  specially  organized  on  the  speaking  communication  and  on  speaking  activities  of  the  heroes, 
determining its intentions and conditions of the communication. 
 
 
ҚАЗАҚ ТІЛ БІЛІМІНДЕГІ ПРАГМАТИКАЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР ЖАЙЫНДА 
 
А.С.Шыныбекова - 
М.Тынышбаев атындағы Қазақ кӛлік және коммуникациялар 
 академиясының «Тілдер»  кафедрасының оқытушысы,  
доцент, ф.ғ.к 
 
Прагмалингвистика  бҥгінде  сӛйлеу  коммуникациясының  (дауысталатын  сӛйлеу  тілі) 
бҥгінгі  жағдайына  қатысты  теориялық  және  тәжірибелік  ауқымды  материалын  жинаған,  тіл 
білімінің перспективалық бағыты болып танылады. Алайда, прагмалингвистика тҥсінігінің негізін 
қалаушылар оның шекарасы кӛмескі берілгендіктен, бір жақты шешімге келе алмай отыр. Қазіргі 
уақытта прагматиканың әртҥрлі тҥсіндіру тҥрлері бар: біріншісі – Ч.Моррис пен Ч.Пирстің ізінен 
кейін синтезделген (интеграктивтік) семантика –синтактика – прагматика ҥштағанының элементі; 
екіншісі – радикалдық  прагматика, яғни лингвистика мен прагматиканы когнитивтік деңгейдің екі 
ӛзара байланысқан саласы ретінде қарастырған тҥрі. Осыған байланысты зерттеу тәсілі тҥбегейлі 
ӛзгерді:  әрекет  теориясынан  бӛлек  шығып,  тілге  деген  гумбольдтік  әрекет  тәсілін  қайта  қараған 
қазіргі лингвистика, негізінен,  прагматика, осы сӛздің кең мағынасында талдаудың  бастау  кӛзі 
ретінде  адам,  оның  қажеттіліктері,  уәждері,  мақсаты,  тілегі  мен  талабын,  оның  іс  жҥзіндегі 
және  коммуникативтік    әрекеттерін  негізге  алды.  Ч.Моррис  алғаш  рет  қолданған  «прагматика» 
терминінің  ӛзі  коммуникацияның  шынайы  процесіндегі  таңбалардың  тәртібін    зерттеуді    алға 
қойды. Прагматиканың пайда болуымен бірге  «тіл ғана әлем бейнесін (эскизін) (лингвистикалық 
қатынас гипотезасы) салмайды, сонымен бірге ӛмір де тіл мен сӛйлеудің кӛптеген қҧбылыстарын 
тҥсінудің кӛзі болатыны туралы тағы да  жаңаша тҥсінік берілді» [1,5]. 
Прагматиканың  кҥрделі кӛп аспектілі сала  екендігіне  ғалымдар о бастан-ақ назар аудара 
бастаған.  Әлемдік  және  орыс  тіл  білімінде  прагматикаға    қатысты  зерттеулердің  кӛбі 
лингвистикалық талдаулардың ӛн бойында прагматикалық фактордың бар екеніне кӛңіл аударды. 
Бҧның  басты  себептері  тілді  зерттеудің  жаңаша  бағыттарымен  байланысты  болды.  20-ғасырдың 
соңғы ширегінде тіл білімінің антропологиялық парадигмаға кӛшуі тілді адаммен, адамды тілмен 
бірге  қарастыру  мәселесін  негізгі  ҧстаным  етіп  алды.  «Қазақ  тілі  осы  уақытқа  дейін  жалаң 
лингвистикаға қҧрылып, адамға (туғызған халыққа) байланыссыз оқытылды. Тіл мен оны туғызған 
халықты, яғни тіл мен адам факторын, байланыстыруда ӛткен ғасырдың аяғы мен ХХІ ғасырдың 
басында  жалпы  тіл  білімінің  негізін  салушы  Вильгельм  фон  Гумбольдт  идеялары  негізінде 
антропоцентристік  парадигма  ретінде  пайда  болды»[2,5].  «Тіл  мен  адам  арасындағы  қарым-
қатынасты  зерттейтін  прагматика»  тілдік  емес  факторлардың  ішінде  прагматикалық  фактордың 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
92 
 
бар  екенін  толық  дәлелдеп  берді.  Кҥнделікті  ӛмір  адамдар  арасындағы  сан-салалы  байланыстар 
мен  қарым-қатынастарға  толы.  Оны  саралап  ой  елегінен  ӛткізетін  болсақ,  олар  адамдардың 
әртҥрлі  жағдайларда  ӛзін-ӛзі  ҧстау,  мінез-қҧлық  пен  жҥріс-тҧрыс,  сӛйлеу  тәртібіне,  бір  сӛзбен 
айтқанда әдеп, әсіресе сыпайылық ережелеріне келіп тіреледі. «Адамына қарап сӛзін алма, сӛзіне 
қарап  адамын  ал»  дейтін  Абайдың  сӛзінен  адамның  сӛйлеуі  арқылы  оның  әлеуметтік,  рухани, 
психологиялық  тҧлғасын  тануға  болады  деген  философиялық  ойын  ҧғамыз.  Ал  сыпайылық 
дегеніміз – адам мінез-қҧлқына тән ізеттілік, инабаттылық, әдептілік, кішіпейілділік қасиет. Адам 
баласы белгілі бір қоғамда ӛмір сҥріп, бірлесіп еңбек етеді. Қандай болмасын қоғамның кӛпшілік 
қабылдаған  сыпайылық  ережелері,  қарым-қатынас  жасау  қағидалары  болады.  Адамдардың  бір-
бірімен қарым-қатынас және туыстық араласуы сол қағидаларға негізделеді. 
Әр  халықта  бір-біріне  ортақ  болып  келетін  лексикалық  мағынасымен  бірге  сыпайылық 
мағына білдіретін сӛздер кӛп екенін байқауға болады. Дегенмен, ортақ сыпайы сӛздер әр елде ӛз 
талап  ережелеріне  сай  қолданылады.    П.Грайс,  Дж.Личтің    тҥрлі  халықтардың  тілдік  қатынаста 
қарама-қайшылықтарға,  тҥсініспеушілікке,  ҧрыс-керіске  ҧшырамауы  ҥшін  ҧсынған  сыпайылық 
стратегиясы қазақтың ҧлттық мәдениетінде бҧрыннан бар ереже, норма. Сӛз этикасының этикеттік 
бӛлігі  байланыс  орнату,  байланысты  жалғастыру,  байланысты  аяқтау  тәрізді  қарым-қатынас 
тәртібінің  ережелерін  білу,  сол  ережелерді  коммуниканттың  мәртебесіне  сай,  қарым-қатынастың 
ресми/ бейресми жағдаятында іс жҥзінде қолдануға, ҥлкенді сыйлау, қҧрметтеу, сӛйлеушінің сӛзін 
бӛлмеу,  сӛйлеуші  тыңдаушыны  назардан  тыс  қалдырмауы,  ӛзін  тӛмен  ҧстауы,  мадақ  сӛзден 
қашуы, т.б. тәрізді ҧлттық сӛз саптау дәстҥріндегі талаптар. Ал сӛз этикеті ережелері сыпайылық 
принциптеріне негізделген. Сӛйлеуші жақтың ӛз әріптесіне қҧрметпен қарауы негізгі ережелердің 
бірі  болып  саналады.  Ҧлттың  дәстҥрлі  сӛз  саптау  мәдениетінде  этикалық,  эстетикалық 
қҧндылықтардың  мәні  айрықша  болады.  Мейірімділік,  ізеттілік,  адамгершілік,  жауапкершілік, 
парыз,  т.б.  эстетика-этикалық  категориялар  адамдар  арасындағы  тілдік  қатынаста  ҥйлестіріп-
ҥндестіріп отырады.  Сыпайылық стратегиясы   дегеніміз – қоғамдық қатынастар негізінде тілдік 
қатынастардағы  қарама-қайшылықтарды  болдырмау  принципі  болып  табылады.  Сыпайылық 
стратегиясының мақсаты – қоғам мҥшелерінің іс-әрекетін шектеу, яғни, тыңдаушы мен сӛйлеуші 
бір-біріне  қызығушылықпен,  сыпайылықпен  қарау,  бір-бірінің  сезімімен,  ойымен,  пікірімен 
бӛлісу, бірін-бірі зейін қойып тыңдау, қиын жағдайдан шығуға кӛмектесу, т.с.с. болып табылады. 
«Сӛйлеушінің    парасаттылығы,  білімі  оның  сӛзінен  байқалған.  Артық,  кӛп,  орынсыз  сӛйлеме, 
қарым-қатынасты бҧзба, тҥсінісуге тырыс, тыңдаушыңды ескере отырып, сӛйле деген жасырын ой 
берілген. Бҧл – талай ғылыми зерттеуге негіз болып, сӛйлесім тҥрлерін ғылыми тҧрғыда талдауға 
басшылыққа алынатын сӛйлеу актісі теориясында жіктелетін «қатысым қағидаларының»  ҧлттық 
кӛрінісі», – деген болатын зерттеуші-ғалым З.Ш.Ерназарова [3,20].  
Қазақ  тілінде  арнайы  прагматика  деп  аталмаса  да,  прагмалингвистиканың  кӛп  қырлы 
сипатын зерттеп, жалпы прагматикалық мәселелерге стилистиканың негізінде тоқталған ғалымдар 
бар.  Атап  айтсақ,  А.Байтҧрсынов,  Қ.  Жҧбанов,          С.Аманжолов,  Н.Сауранбаев,  І.Кеңесбаев,  
Ә.Қайдар, М. Балақаев,  Р.Сыздықова, Р. Әміров, т.б. 
Соңғы  уақытта  қазақ  тіл  білімінде  тілді  прагматикалық  тҧрғыдан  зерттеу  ӛзекті 
мәселелердің  біріне  айналды.  Қазақ  тіл  білімінде  де  осы  бағытта  З.Ш.Ерназарова  «Қазақ  сӛйлеу 
тілі  синтаксистік  бірліктерінің  прагматикалық  негіздері»  (2001),  Д.А.Әлкебаева  «Қазақ  тілі 
стилистикасының  прагматикасы»  (2006),  А.Ж.Аманбаева  «Интонациялық  бірліктердің  
прагмалингвистикалық    сипаты»  (2006),  Г.М.Әзімжанова  «Қазақ    кӛркем  проза  мәтінінің  
прагматикалық  әлеуеті» (2007), Қ.Ӛ.Есенова «Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы» (2007) 
тақырыптарда  зерттеулер  жҥргізіп,  докторлық  диссертацияларында  саралады.  Ал  қазақ  сӛйлеу 
тіліне  тән  және  оны  басқа  тілдермен  салғастыра  зерттеудегі  кейбір  ерекшеліктері 
прагмалингвистика 
тҧрғысынан 
З.К.Ахметжанова, 
Г.С.Иманғалиева, 
Д.Б.Абдукаримова, 
М.К.Мурзагалиева,  И.Н.Нҧрғожиналардың  зерттеу  жҧмыстарында  қарастырылған  болатын. 
Прагматика  туралы  З.Ш.Ерназарова:  «Прагматика  –  стилистиканы  қалыптастырушы  анықтаушы 
тіл  аспектісі.  Прагматиканың  негізінде  сӛйлеу  жағдаяты  мен  конвенциялық  ережелердің 
шарттарын  есепке  ала  отырып,  жҥзеге  асатын  әрекет,  екі  жақты  әрекет  жатыр.  Әрекетті 
тудыратын,  оның  стратегиясы  мен  тактикасын,  яғни  кӛріну  қҧралдарының  тҥрін  анықтайтын  – 
сӛйлеушінің  мақсаты.  Мақсатқа  сай  таңдалған  қҧралдардан  қҧрылған  мәтінде  немесе  сӛйлеу 
әрекетінің  таңдалған  тҥрінде  жиі  қайталанатын  ерекшеліктер  мен  белгілер,  стильдік  қолданыс 
тҥрлерін  қалыптастырады.  Сӛйлеуші  ӛз  мақсатына    жету  ҥшін  белгілі  стиль  тҥрін  таңдайды.  Ол 
коммуникацияда прагматикалық салмаққа ие болады. Ӛйткені ҧтымды таңдалған стиль тҥрі ӛзара 
ықпалды  арттырады.  Сонда  стиль  мен  сӛйлеу  қағидалары  арасындағы  байланыс  соңғысының 
алғашқының  тҥрін  айқындайтындығын  кӛрсетеді»[3,  22].  Ал  Д.А.Әлкебаева  «Қазақ  тілі 
стилистикасының  прагматикасы»  еңбегінде:  «Прагматика  сӛйлеу  әрекеттеріндегі  сӛйлеушінің 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
93 
 
интенциясын  (ниет-пиғылын)  зерттейді.  Интенция  (лат.  Intention  «ҧмтылу»)  –  осы  әңгіме 
барысында сӛйлеушіге не хабарлау немесе одан не білу жайындағы сӛйлеушінің коммуникативті 
ниеті. Прагматиканың анықтамасы мен стилистика ережесінің қағидалары арасында ҧқсастық бар. 
Екеуі де «ықпал ету», «әсер ету» қызметін кӛрсетеді. Автор стилистикалық амал-тәсілдерді таңдап 
алғанда,  адресатқа  әсер  ету    мақсатын  кӛздейді.  Автордың  тілдік  бірліктерді  таңдап  алуы,  оның 
ақыл-ойы,  санасындағы  белгілі  прагматикалық  мақсатты  нәтижелі  ҧйымдастыра  білуіне  тікелей 
байланысты»,  –  деп  жазады  [4,  22].  Қазақ  тіліндегі  кӛркем  прозаның  прагматикасын  зерттеуші-
ғалым Г.М. Әзімжанова: «Прагматиканың басты мақсаттарының бірі – сӛздің қолданылу сипатын 
тҥсіндіру  және  қалай  тҥсіндірілетінін  анықтау.  Прагматикалық  тҧрғыдан  зерттегенде,  тілдік 
бірліктер  маңызды  компонент  ретінде  қарастырылады,  ол  жалпы  жағдаятты,  адресанттың 
әлеуметтік  белгілерін  ескере  отырып,  тілдік  бірліктерді  қатынас  қҧралы  ретінде  қолданушы 
адаммен  байланысты  болып  келеді.  Тілді  функционалды,  коммуникативті,  прагматикалық 
тҧрғыдан сипаттау ӛзара тығыз байланысты әрі бірін-бірі ҥнемі толықтырып отырады.  Тіл арқылы 
қарым-қатынас  жасау  барысында  адам  прагматикалық,  коммуникативті  кеңістікті  анықтайтын 
тілдік  әрекеттердің  субъектісі  ретінде  кӛрінеді.  Тілдің  прагматикалық  кеңістігі  дегеніміз  – 
сӛйлеушінің  ақиқат  шындыққа  тҥрлі  қатынасын  бейнелейтін  тілдік  кең  аймақ.  Ол 
коммуникативтік қызмет барысында тілді тҧтынып, осы қатынастарды атап, кӛрсетіп білдіреді, ал 
адресат осы мағыналарды қабылдап, талқылайды» [5,14].  
Прагматика  сӛйлеу  әрекеттерін  оқып-ҥйретуді  және  оның  жҥзеге  асыру  шарттарын 
зерттейді.  Прагматика  –  коммуниканттардың  бір-біріне  және  мәтінің  мазмҧнына  (жазбаша  және 
ауызша  тҥрде)  олардың  коммуникативтік  пиғылымен  және  сҧхбаттасу  мән-жайымен  санасқан 
жеке  қарым-қатынасы.  Лингвистикалық  прагматиканың  ең  басты  ерекшелігі  –  оның  белгілі  бір 
деңгейдегі  шектеулі  шеңбері  болмайды,  осыған  орай  ол  кӛптеген  мәселелерді  қамтиды. 
Прагмалингвистика  коммуникативтік  іс-әрекет  туралы  ғылым  саласы  болғандықтан,  тіл 
ғылымының  басқа  салаларынан  бӛлшектенбейді,  тілдің  барлық  аспектілерінің  қызметіне  тікелей 
қатыса  алады.  Прагмалингвистика  шындыққа  негізделген  коммуникация  бағытында  тілдің 
субстанционалдық-функционалдық  ерекшеліктерін,  қарым-қатынасын  оқып  ҥйрететін  сала, 
сонымен  қатар  ол  белгілі  тҧлғалардың  нақтылы  сӛйлеу  барысында  вербалды  және  бейвервалды 
тілдік тәсілдерді пайдалана отырып, пікір алысып, ой бӛлісуін ҥйретеді. Ақиқатқа қҧрылған ӛмір 
жағдайларында  адам  кез-келген  уақытта  таңбалар  арқылы  ӛзінің  ой-пікірін  тыңдаушыларына 
немесе оқырманына жеткізе алатындығын ҥйретуді мақсат етеді. 
Ғалым  Қ.Есенова:  «прагматика  міндеті  дегеніміз  –  тікелей  адресатқа  ықпал  етуге 
бағытталған  тілдік  қатынас  коммуникациясын  қолдану  заңдылықтарын  реттеу,  осы  арқылы 
адамды иландыру болып табылады. Мәтіннің прагматикалық әлеуеті онда қамтылатын сӛздердің 
санына  емес,  семантикалық  аясының  кеңдігіне,  фразеологизмдер  мен  метафоралық 
қолданыстардың  тҥрленуге,  трансформациялануға  бейімділігіне  және  экспрессивтік  мәнінің 
жоғарылығына  тікелей  тәуелді»,  –  деп  кӛрсетеді[6,6].  Прагматиканың  негізгі  ғылыми  нысаны 
сӛйлеу  әрекеті  –  сӛйлеу  актісінің  негізінде  анықталады.  Сӛйлеу  актісін  зерттеудің  барысында 
олардың  сәтті/сәтсіз  жҥзеге  асырылу  ережелері  айқындалады.  «Сӛйлеу  актілерінің  тҥрлерін, 
оларды  қалыптастырушы  ережелерді  анықтау  прагматиканың  негізгі  мақсаты  болып  табылады. 
Сӛйлеу әрекетінің негізінде әрекет ҧғымы, оның мақсаты, содан туындайтын ықпал етуші қызметі 
(иллокуция)  жатады»  [1,152].  «Кез-келген  сӛйлеу  қатынасы  сӛйлесімдік  ықпал  жасайды. 
Сӛйлесімдік ықпал ету  – сол адамның  әрекетін  сӛйлеу арқылы басқа бір адамның реттеуі. Ықпал 
жасаушы  тҧлғаның  қатынасқа  белсенді  қатысу  процесінде  ықпал  етіп  отырған  субьектісін 
әрекетке итермелейді» [7, 211].  
Прагматиканың басты  ӛзегі  –  сӛйлеуші  мен тыңдаушы ара-  қатынасы, ӛзара  байланысы. 
Сонымен қатар, бҧған прагматикалық пресуппозициялар, яғни тыңдаушының жалпы білімін, оның 
зейінін,  кӛзқарасын,  тҥсіну  қабілетін,  психологиялық  ерекшелігін,  тағы  басқа  деңгейлерін 
айтушының  ескеруі,  бағалауы  кіреді.  Прагматиканың  басты  мақсаты  –  сӛздің  қолданыс 
ерекшелігіндегі  ӛзіндік  ережелерді  ҧғындыру.  Прагматика  мәтін  лингвистикасында  байқалатын 
категория,  себебі  мәтін  ғана  сӛйлеуші  мен  тыңдаушыны  жалғастырып  тҧрады.  Осыған 
байланысты мәтін лингвистикасы – мәтін синтаксисі, мәтін семантикасы, мәтін прагматикасы деп 
ҥшке  жіктеледі.  Тілдік  тҧлғаның  шынайы  келбеті–  оның  заттық  дәлелі  мәтінде  ғана  ашылады. 
Мәтін  прагматикасы  тілдік  тҧлғаның  прагматикалық  деңгейін  анықтау  қҧралына  айналып 
отырады.  
Сонымен, қазіргі тіл біліміндегі ғалымдардың тілдік бірліктерді прагматикалық тҧрғыдан 
қараған кӛзқарастары мынандай: прагматика– сӛйлеу актілері мен олардың жҥзеге асу контексін; 
прагматикалық  лингвистика  коммуниканттардың  сӛйлеу  әрекетін;  тілдік  қатысымның 
заңдылықтарын,  сӛйлесімнің  мақсаттық  бағасын,  сӛйлеушінің  коммуникативтік  интенциясын, 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
94 
 
сӛйлеу  актілерінің  функционалды  тҥлерін;  сӛйлесімнің  мазмҧнын,  сӛйлесім  авторының 
коммуникативтік  мақсатқа  сай  тілдік  қҧралдарды  таңдап  алу  мәнін,  сондай  ақ  тыңдаушының 
айтылған ой мен берген бағаны дҧрыс тҥсінуін анықтайтын нақты қатысым жағдаятын зерттейді.  
Ал  лингвисткиалық  прагматика  –  коммуниканттардың  қатысым  актісінде  тілді  қолдану 
шарттарын зерттейтін ғылым болып табылады. Прагматиканың нақты белгіленген шекарасы жоқ, 
оған  сӛйлеуші  субьект  пен  адресаттың  (тыңдаушының)  арақатынасынан  туынадйтын  мәселелер 
жатады, адресанттан алынған ақпараттан кейінгі адресаттың белгілі пікірге келіп, қайтадан қандай 
әрекет  жасайтынын  прагматика  зерттейді.  Прагматика  адамның  белгілі  жағдайда  қандай 
мақсатпен сӛйлеп тҧрғанын қоса қарастыратын, тілдің коммуникативті қызметін жҥзеге асырушы 
қҧрамдас  бӛлік.  Тіл  сыртқы  дҥниені  бейнелеуші  таңба  ғана  емес,  сыртқы  дҥниенің  ӛзі  кӛптеген 
тілдік  қҧбылыстардың  табиғатын  ашуға  кӛмектеседі.  Тілдегі  прагматикалық  деңгей  тілдік 
тҧлғаның  ой-толғанысы  мен  пайымдауынан  және    сҧрақ,  жауап,  риторикалық  сҧраулардан 
байқалады.  Прагматикалық  деңгей  кӛп  жҥйелі,  кӛп  қабатты  қҧрылымнан  тҧрғандықтан,  тілдік 
тҧлғаның қоғамға деген қатынасын да білдіреді. 
Сонымен,  прагматика  саласы  мына  мәселелерді  қарастырады:  сӛйлеушінің  қалай 
сӛйлесетіндігі  және  не  айтатындығының  қатынасы:  шынайылық,  әділдік,  шамамен  айтушылық, 
оның  шынайылығы  және  шынайы  еместігі,  әлеуметтік  ортаға  және  тыңдаушының  әлеуметтік 
дәрежесіне  бейімдігі;  тыңдаушының  сӛйлеуімен  интепретация  –  шынайы,  объективті  немесе 
жалған. Мҧның барлығы да, ӛзінің тҥрлі қҧрамына  қарай белгілі  бір байланыстырғыш бҥтіндік 
қҧрайды,  мҧны  біз  субъект  факторы  деп  есептейміз.  Шынында  да  сӛйлеуші  жазушыға  ҧқсап, 
ӛзіндік  дербес  танымын  аяқтаған  тҧтастық  ретінде  кӛреді,  оның  оқиғаларының  басталуын  да, 
аяқталуын  да біледі және  ол туралы  айтуға  мҥмкіндік  алады.  Қазақ  тіл  білімінде  прагматикалық 
бағыттың  дамуы  кездейсоқ  нәрсе  емес.  Прагматиканың  ең  басты  ҥлгісі  сӛйлеумен  байланысты 
зерттеу  назарынан  тыс  қалған  немесе  қалыпты  ережелерге  кӛнбейтін  тілдік  кӛрсеткіштерді 
жинақтап, оларға  ғылыми негіздеме беруінен кӛрінеді. 
Тілдің қарым-қатынас  қызметі әр тҥрлі аспектіде жҥзеге асырылатындықтан, прагматика 
тілдің  жалпы  коммунникативтік  қызметімен  байланысты  болады,  сондықтан  да  қолданыстағы 
тілдік мән мен мазмҧнның  айырмашылығын ажыратуда  прагматикалық  бағыт  –  негізігі ҧстаным 
болады.  Қазақ  тіліндегі  сӛйлеу  әрекеті  –  сӛйлеу  тілін,  соның  ішінде  драма  кейіпкерлерінің  тілін 
прагмалингвистика  тҧрғысынан  зерттеудің  қажеттілігі  коммуникативтік  қызметтің  артуына 
байланысты қалыптасып отыр. Қазақ тіл білімінде прагматика  қарастыратын  мәселелер мақсатты 
тҥрде  болмағанымен,  ғылыми  зерттеулер  барысында  қазіргі  уақытта  жиі  айтылып  жҥр. 
Сӛйлеушінің  тілді  қолдануы  сияқты  мәселені  қарастыра  отырып,  прагматика  ӛзіндік  зерттеу 
тарихы  бар  әр  тҥрлі  тақырыптармен  байланысады.  Бҧл  мәселелер  риторика,  стилистика, 
синтаксис,  коммуникация,  әлеуметтік  лингвистика,  психолингвистика  –  салаларында 
қарастырылып келеді.  
 
1.
 
Арутюнова  Н.Д.,  Падучева  Е.В.    Истоки,  проблемы  и  категории  прагматики.  // 
НЗЛ. Вып. XVI. Лингвистическая прагматика. – М.:Прогресс, 1985. – 501с.(С.3 – 42). 
2.
 
Хасанҧлы Б. Мемлекеттік тіл мамандарын оқу ӛзге тілде жҥретін қала мектебі 
ерекшеліктерін  ескере  дайындаудың  социолингвистикалық,  психолингвистикалық  негіздері 
(бағдарлама). –Алматы. 2007. –14 б. 
3.
 
 Ерназарова  З.Ш.  Қазақ  сӛйлеу  тілі  синтаксистік  бірліктерінің  прагматикалық 
негіздері: Ғыл.докт. дисс. ... – Алматы, 2001. –246 б. 
4.
 
Әлкебаева  Д.  Қазақ  тілі  стилистикасының  прагматикасы:  Ғыл.докт. 
дисс.авторефераты ... – Алматы, 2006. –43 б. 
5.
 
 Әзімжанова  Г.М.  Қазақ  кӛркем  проза  мәтінінің  прагматикалық  әлеуеті: 
Ғыл.докт. дисс. ... – Алматы, 2007. –265 б. 
6.
 
Есенова  Қ.Ӛ. Қазіргі қазақ медиа-мәтінінің прагматикасы: Ғыл.докт. дисс. ... – 
Алматы, 2007. – 345 б. 
7.     «Стратегии  исследования  языковых  едииц». Материалы Международной научно-
практической конференции. – Тверь,16-17 апреля, 2010г. –295 с.
 
Резюме 
В  статье  А.С.  Шыныбековой  «Прагмалингвистические  исследования  в  современной 
лингвистике» сделан обзор учений современных языковедов о прагматическом аспекте языковых 
единиц.  Обосновывается  принятый  в  прагматике  исследовательский  подход  к  анализу  речевой 
ситуации цели, функций речевых актов, определяющих выбор языковых средств. 
 

Абай атындағы ҚазҦПУ-нің Хабаршысы, «Филология» сериясы, №4 (34), 2010 ж. 
 
 
95 
 
Summary 
In  article  «Pragmalinguistic  researches  in  modern  linguistics»  of  A.S.Shynybekova  the 
review  of  doctrines  modern  linguist  about  pragmatical  aspect  of  language  units  are  made.  The 
research  approach  accepted  in  the  pragmatist  to  the  analysis  of    speech  situation  of    purpose, 
functions of the speech certificates defining  choice of language means are proved. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет