Ахметов кенжебай. ӘДебиеттану әліппесі


Гомер, ежелгi гректiң аңызға айналған эпик ақыны. “Илиада”, “Одиссея”  поэмаларының авторы деп саналады



Pdf көрінісі
бет142/152
Дата19.12.2022
өлшемі2,31 Mb.
#58115
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   152
Гомережелгi гректiң аңызға айналған эпик ақыны. “Илиада”, “Одиссея” 
поэмаларының авторы деп саналады.  

Гораций Флакк Квинт (б.д.д. 65-8 ж.ж.), рим ақыны. Моральдық-
философиялық тақырыпқа арналған бiрiншi кiтапты, поэзия мәселесiне 
арналған екiншi кiтапты және ”Поэзия ғылымы” трактатын қамтитын 
“Жолдаулар” 
атты 
еңбегi 
классицизмнiң 
негiзiне 
алынған. 
Адамгершiлiк, философиялық тақырыптағы “Эподтар”, “Сатиралар”, 
“Одалар” аталатын кiтаптардың авторы. 

Горгий (шамамен б.д.д. 483-375 ж.ж.), ежелгi гректiң софист-философы, 
шешен. Эмпедоклдың шәкiртi. “Табиғат жайында немесе Жоқ жайында” 
деген трактаттың, “Еленаға мадақ” атты сөйлеу-жаттығуларының 
авторы. 

Грей Томас (1716-1771), ағылшын ақыны. “Село бейiтiнде жазылған 
элегия” поэмасының, “Поэзия шеруi”, “Бард” деген одалардың авторы. 

Гримм Якоб (1785-1863) және Вильгельм (1786-1859), немiс 
филологтары. “Балалардың және отбасының ертегiлерi”, “Немiс 
аңыздары” жинақтарының, “Көне немiс майстергезангы жайында” 
аталатын орта ғасырлық мәтiндердiң, “Бейшара Генрих”, “Рейнеке – 
Лис”, “Раушан гүлзары” деген шығармалардың авторлары. “Герман 
қаһармандық аңыздары”, “Немiс мифологиясы” атты зерттеулер 
жариялаған. 

Гумбольдт Вильгельм (1767-1835), тiлдi жүйе ретiнде ең алғаш 
қарастырған белгiлi немiс тiлтанушысы, жалпы тiл бiлiмiнiң негiзiн 
салушы және тiлдi тарихи тұрғыдан зерттеудiң теориялық негiздерiн 
жасаушы. Сонымен бiрге, философия, әдебиеттану, классикалық 
филология, мемлекеттiк құқық мәселелерiмен де шұғылданған. Негiзгi 
еңбектерi – “Адамзат тiлi құрылысының әр алуандығы туралы” (1827), 
“Ява аралындағы Кави тiлi туралы” (1836). 

Гюго Виктор Мари (1802-1885), француз жазушысы. Көптеген 
поэтикалық 
жинақтардың; 
“Кромвель” 
(алғысөзi 
– 
француз 
романтизмiнiң манифестi), “Эрнани”, “Марион Делорм”, “Король көңiл 
көтеруде”, “Лукреция Борджиа”, “Мария Тюдор”, “Анджело”, “Рюи 
Блаз”, “Бургграфтар” драмаларының; “Ган Исландец”, “Бюг Жаргаль”, 
“Париж 
Құдайанасының 
соборы”, 
“Аласталғандар”, 
“Теңiз 


179 
еңбеккерлерi”, “Күлiп жүретiн адам”, “Тоқсан үшiншi жыл” 
романдарының; “Бiр қылмыстың тарихы” публицистикалық кiтабының; 
“Кiшi Наполеон” саяси памфлетiнiң, “lстер мен сөздер”, “Қуғынға 
дейiн”, “Қуғын кезiнде”, “Қуғыннан соң” деген мақалалар мен сөздер 
жинағының; “Уильям Шекспир”, т.б. да әдебиет пен өнер туралы 
еңбектердiң авторы. 

Данте Алигьери (1265-1321), италия ақыны. Қара сөзбен және өлең 
сөзбен жазылған автобиографиялық “Жаңа өмiр” (1292) повесi, 
“Құдiреттi комедия” (1307-21) поэмасы, Беатриченi жырлайтын 
сонеттер, канцондар, латын тiлiндегi аллегориялық эклогтар (1320), 
философиялық “Той-думан” (аяқталмаған; 1304-1307), “Халық тiлi 
жайында” (латын тiлiнде; 1304-1307), саяси “Монархия жайында” 
(латын тiлiнде; 1312-13), “Жер мен су жайында” (латын тiлiнде; 1320), 
“Жолдаулар” (1304-1316) трактаттарын жазған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   138   139   140   141   142   143   144   145   ...   152




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет