Алибаева. Г. А, Петренко В. А, Сариева. К. Х


Сұйықтықтарды тамыр ішіне тамшылатып құюды орындау



бет65/118
Дата18.05.2023
өлшемі0,51 Mb.
#94363
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118
Сұйықтықтарды тамыр ішіне тамшылатып құюды орындау
Мақсаты: баяу, минутына 40-60 тамшы жіберу арқылы қан жүретін арналарға дәрілік заттардың түсуі
Көрсетім: айналымдағы қан көлемін қалпына келтіру, су-электрожелістік теңдікті және ағзаның қышқылды-сілтілі күй-жағдайын қалыпқа келтіру, улану құбылыстарын жою, парентеральды тамақтандыру.
Жабдықтау:

  • залалсыздандырылған: лоток, 4 қабатты бөз матадан жасалған және лотокты жабу үшін салфетка, пинцет, кішкене салфеткалар, мақта шариктері, бетперде, қолғап, халат.

  • Сұйықтарды тамшылатып жіберуге арналған бір реттік жүйе, ұзындығы кереуеттен 1-1,5 м штатив, клеенкалы жастықша, 2– лекопластырь лентасы;

ЕМШАРАҒА ДАЙЫНДЫҚ:

  1. Науқаспен (егер есі болса) сенімділік қарым қатынас орнатыңыз.

  2. Науқасқа дәрілік затты жіберудің мақсатын, өту барысын түсіндіріп оның немесе туыстарының келісімін алыңыз.

  3. Қолыңызды гигиеналық деңгейде өңдеңіз, залалсыздандырылған халат, бетперде, қолғапты киіңіз.

Назар аударыңыз!
Қолғапты киер алдында қолыңызды антисептикалық ерітіндімен өңдеңіз.

  1. Тамшылатып құюға арналған жүйені дайындаңыз (қолдану мерзімін, қабының екі жағынан басып қарап, бүтіндігін тексеріңіз).

  2. Залалсыздандырылған лотокқа мақта шариктерін, салфеткалар және пинцетті салып дайындаңыз.

  3. Инфузияға арналған дәрілік заты бар флоконды дайындаңыз.

Назар аударыңыз!
Ерітіндінің қолдану мерзімін, сыртқы түрін, дәрігердің тағайындауымен мұқият тексеріңіз.

  1. Дез.ерітіндіде малынып тұрған пинцет немесе қайшымен флаконның металл қақпағының ортасын алып тастаңыз.

  2. Флаконның резеңке тығынын спиртке батырылған мақтамен екі рет өңдеңіз.

  3. Жүйенің қысқышын жабыңыз. Ауа өткізгіш инесінің қақпағын шешіп, инені түгелімен флаконның тығынына кіргізіңіз.

  4. Флаконды аударып, штативке орналастырыңыз.

  5. Ұзын түтікшені көлденең ұстап, жүйенің басындағы инені қақпағымен бірге шешіңіз де залалсыздандырылған лотокқа салып қойыңыз (бұл ине науқастың тамырына енгізетін ине)

  6. 2-3 рет тамызғышты қысу арқылы тамызғышты жарты көлеміне дейін ерітіндіге толтырыңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   118




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет