Қазақ филологиясы


Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктердің синонимдік қатар құруы



бет31/45
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15145
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45
1.5 Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктердің синонимдік қатар құруы

Қазіргі қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер бір-біріне синоним болып қолданылады, әрі олардың өздеріне тән ерекшеліктері бар. Мәселен, сөйле – ойды ауызша баяндау 43,362



айт – сөйлеу, сөзбен ой пікірін білдіру 44,105

де – айту, сөйлеу 45,91 деген мағыналарды білдіреді.

«Словарь современного русского литературного языка» деген еңбекте:говорить - выражать, изъяснить устно какие либо мысли 46,68 сказать – изложить устно какую- либо мысль 46,105 деп түсіндірілген.



Сөйле етістігі айту мағынасының бір ғана түрін берудің баяндау ретімен берілген бір сарынды сөйлеу процесін білдіреді.
Сөйле етістігіне қарағанда айт етістігінің қолданылу өрісі кең. Айт бірде сөйле етістігінің беретін мағынасындай қара сөзбен баяндалған ұзақ сөйлеу процесін де көрсетеді ( айтып отыр, айтып жатыр, айтып берді т.б.), сонымен қатар хабар беру, мәлімдеу, ескерту жасау мағынасын да көрсетеді Мысалы: Ол туралы айттым, бұл жөнінде саған айтайын ба?

Сөйле - сөз тудыру процесін жалаң түрде білдіреді. Айт, де сөз тудыру процесін бір объектіге, тақырыпқа қатыстырған тұспен қосып білдіреді. Айт, де қатысқан реплика тыңдаушыдан бір мәселе объек жөніндегі хабарды талап етеді. Сөйле қатысқан реплика ондай программа қоймайды. Де етістігінің осы мағынасы оның төл сөзден кейін тұрып жұмсалуына себеп болады.

Н.Т.Сауранбаев «Семантика и функций деепричасти в казахском языке» деген еңбегінде 1942 жылдың өзінде –ақ етістік туралы былай жазған болатын: « Бүгінгі қазақ тілінде де нақты дербес лексикалық мағынаға ие емес. Оның мағынасы өзі грамматикалық қатысқа түскен сөзбен, сөздермен бірге алып қарағанда ғана белгілі болады. Ол әдеби тілде де, ауызекі сөйлеу тілінде де дара лексикалық тұлға ретінде де қолданылады» 33,9.

Барлық етістікті мағыналық ерекшілігіне, қолданысына, өзіндік белгілеріне сүйене отырып, семантикалық жағынан топтастыруға болатыны сияқты, іштей мәндес етістктерді де мағынасына қарай топтастыруға болады. Семантика тұрғысынан алғанда : айту, сөйлеу, деу, әңгімелесу, кеңесу,тілдесу, шақыру , дауыстау т.б. етістіктер сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктер тобына жатады.

Сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктер туралы Н.З.Гаджиева мен А.А.Коклянова өз еңбектерінде екі кішілеу топқа бөлген. Авторлар бірінші топқа таза сөйлеуге жататын түбір етістіктерді жатқызған. Ондай синонимдес етістіктер көп емес санаулы ғана, олар: айт, де, сөйле. Екінші топқа сөйлеу әрекетінде дифференцияланған етістіктерді жатқызған. Бұл топқа жататын етістіктер көбірек және көпшілігі актив қолданылады 22,75.

Мысалы: айту, сөйлеу, деу етістіктеріне қарағанда жиі актив қолданылады.

Мұндай ерекшелік бұлардың басқа сөздермен тіркесінен де байқалады. Яғни, сәлем айтты, өтірік айтты, рахмет айтты, құтты болсын айтты, әңгіме айтты, айтып беру, сөз айтпады т.б. күрделі форма тудырғанда белгілі бір ойды білдіре сөйлейді. Ал сөйлеу етістігінің соншалықты тіркесу қабілеті жоқ. Сөйлеу етістігі бұлардың кез келгенімен тіркесе бермейді. Әңгіме сөйле, ақыл сөйле деп айтылмайды. Ал сөз дегенмен тіркесіп сөз сөйлейді сияқты күрделі форма тудырып, ұзақ желісті баяндаудың қалпын білдіреді. Мысалы: Ит болайын, енді қыбырламасаң. Оразбай жалғыз көзін жалтылдатып, айнала қарап, қанын ішіне тартып сөйлейді ( М.Әуезов).

Бұдан Оразбай өз ойын, пікірін сөзбен хабарлап, білдіргенін байқаймыз.

Ал деп етістігі жоғардағы сөздердің бәрімен болмаса да, кейбіреулерімен тіркесе алады, әрі автор сөзінің ішіндегі біреудің төл сөзін сол күйінде бұлжытпай беруі де мүмкін. Мысалы: Өзгелермен қош, қош десіп, Тұрар аттың басын солтүстікке қарай бұрды ( М.Әуезов).



Сөйлеу етістіктері кейде біреудің баяндау ретімен берілген бір сарынды сөйлеу процесін білдіре отырып, айту мағыналарының бір түрін ғана білдіреді. Мысалы, Осыдан он шақты күн бұрын әңгімені үлкен ықыласымен тыңдап, жақсы ұғынатын Баймағанбетке Абай бір қызық оқиғасын сөйлеп берген –ді

( М.Әуезов).

Бұдан айту- сөйлеу- деу синонимдес етістіктері семантикасы жағынан жақын, өзара мәндес, бірақ бірінің орнына бірі дәлме –дәл келмейтін, бірінің қызметін екіншісі үнемі атқара алмайды.

Сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктердің саны аз болғанымен, мағынасы кең. Оның біреуі сөйлеу тәсілін, басқа біреуі айтылатын ойдың сөйлеу екпінінің, сөз сөйлеу, айқын пікір айту формасын атайды. Бұл топтағы сөздердің семантикалық мағынаның кеңеюіне қарай тілімізде сөйлеу, айту сөздеріне синонимдес, яғни мәндес кеңесу, тілдесу, әңгімелесу, өсек айту , әңгіме айту тәрізді сөздер мен тіркестер пайда болған.

Жағымсыз эмоциялық бояуы қалың, мәні күшті лапылдау, мыжу, былшылдау, сандырақтау т.б. мәндес сөздер де жұмсалады.



Айт етістігі тыңдаушы адамның нақты болу, болмауына байланысты болмай – ақ қолданатын болса, сөйлеу етістігі әрі айтушының , әрі тыңдаушының нақты болуын талап етеді. Мысалы: Ералыға айт дегенде сөйлеу кезінде Ералының сол жерде болуы шарт емес, ал Ералыға сөйледі дегенде Ералы сол жерде болуы шарт.

Сөйле етістігі жеке адамға да, көпшілі қауымға да байланысты информацияны хабарлау мәнін білдірсе, айт етістігі көпшілікке хабарлау информациясының белгілі бір стильдік талапқа байланысты береді.

Айт бірде сөйле етістігінің беретін мағынасындай, ұзақ сөйлеу процесін көрсетеді. Ал, әңгімелесу, тілдесу, тіл қату сөйлесу мағынасында екі кісінің не одан да көп адамның сөйлесуін білдіріп, негізгі түбірлерден өрбіген синонимдік етістіктер. Мысалы: Ол ауылына соқпастан, қаладағы туыстары жиналған үйге келгенмен бірде- бір жанмен тіл қатысып, сөйлеспестен төрдегі жинаулы тұрған төсекке сұлық құлады (БМайлин).

Семантикалық жағынан жақын, бірақ эмоциялық бояу дәрежесімен ерекшеленетін сөйлеуге қатысты синонимдес етістіктер де бар. Мысалы: Күмілжу – міңгірлеумыңқылдау , мылжу – танту – көку – оттау- былшылдау т.б. сөздер сөйлеу етістігіне жататын синонимдер. Бұл синонимдес етістіктер бетімен лағып, мылжыңдап орынсыз, қисынсыз шамадан тыс артық сөйлеуді білдіреді.

Аталған сөйлеу мәндегі етістіктердің өздеріне тән мағыналық жақтары мен синонимдік қатар құру қабілеттілігі көрсетілген.

сөйле - ойды аузша баяндау мағынасында жұмсалып, айтушы мен тыңдаушының болуын қажет етеді, айту сөзіне синонимдес.

айт - сөйлеу, сөзбен ой пікірін білдіру мағынасында жұмсалып, тыңдаушы адамның болу болмауын қажет етпейді, деу етістігіне синонимдес.

де - айту, сөйлеу деген мағыналарды білдіреді, көбінесе диалогта кездеседі, айт, сөйле етістіктеріне синонимдес.

Жалпы алғанда, аталған сөйлеу мәніндегі етістіктердің өздеріне тән мағыналық жақтары мен синонимдік қатар құру қабілеттілігі бар. Бұларды тек мағыналық жақтарынан контексте дұрыс ажырата білу қажет.Сөйлеу түрлері: баян ету, баяндау, сипаттау, байымдау, мәлімдеу, жариялау, қылқылдау, (сұрай, өтіне сөйлеу), желілеу, қыстыра сөйлеу, бажайлай сөйлеу, тақақтау, бипаздай сөйлеу, жаймалап сөйлеу, сөз қосарлау, жәумештеу, кесіп айту, жебей сөйлеу, бастырмалата сөйлеу, тақылдау, сапылдау, түйдектете сөйлеу, есіп сөйлеу, екілену, даурығу, езулеу, өңештеу, зарлау, әңгірлеу, күжілдеу, сарнау, сампылдау, саңқылдау, барқылдай сөйлеу, қышқыру бажалақтау, дүрсе қоя беру, зіркілдеу, шаптығу, қағыту, келекелеу, айбаттау, даттау, кекеу, сықақтау, мінеу, шеңеу, айыптау, қыжырту, сөгу, шағу( шағып сөйлеу), жекіру, жазғыру, жерлей сөйлеу, түйреу ( түйрей сөйлеу ), іреу, сықпырту, зеку, тілдеу, бажылдау, қиыстыру , ділмарсу , есу, бөсу, көку, оспақтау, астарлау, зуқиту, көйту, тасырту, сыпсыңдау, ысқырту, міңгірлеу, қыңқылдау, қақылдау т.б. ( Қ.Мәшһүр Жүсіп 274-бет)

Сөйлеу мәнді етістіктердің синонимдік қатарларының қолданылу ерекшеліктері бар. Мысалы, қазақ тілінің функционалдық стильдерінің белгілі бір түріне тән сөйлеу мәнді етістіктер қолданылады. Ресми стильде; баяндау, хабарлау, мәлімдеу, қорытындылау, тұжырымдау, анықтау,айқындау, жинақтау, т.б. сөйлеу мәнді етістіктер жұмсалса;

көркем әдебиет стилінде сөйлеушінің мінез ерекшелігі мен хабарлау сипатына байланысты экспрессивтік мәні бар сөйлеу етістіктері жұмсалады: сумаңдады, зулатты, сыпылдатты, зырлатты, жырлатты. аңыратты. сайратты. т.б. түрде жұмсалады. Ғылыми стильде хабарлады, тұжырымдады, қорытты, қортындылады, баяндады, анықтады, деді, сөйледі т.б. түрінде кездеседі. Сөйлеу мәнді етістіктердің синонимдік қатары қазақ тілінде өте көп, қолданылу сипаты да әр алуан болып келеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет