Қазақстан республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi



жүктеу 0.97 Mb.
Pdf просмотр
бет12/14
Дата28.12.2016
өлшемі0.97 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

Стандарт құрастырушылар: басы, хат, гүл, оты, жегi, ақы, 
балық,  қап,  ауру,  той  т.б.  Бұл  қатардың  сандық  та,  сапалық  та 
сипаты  –  тiркескен  сөзге  ортақ  белгiлi  бiр  стандарт  мағына 
үстейтiн, бiр денотативке байлаусыз, көп денотативке ортақ, бiр 
семантикалық  аймақтағы  лексикаларды  құрайтын,  жеке  де 
қолданыла алатын сипаты – оларды формалды белгiнiң стандарт 
құрастыруыштарына топтайды» [17, 61 б.]. 
Хат  сыңарлы:  сенiмхат,  тiлхат,  қолхат,  құснихат,  жолдаухат, 
үндеухат т.б. 
Қап  сыңарлы:  буынқап,  кесеқап,  сандыққап,  көрпеқап, 
бұршаққап, тезекқап т.б. 

Шөп  сыңарлы:  еменшөп,  жұмыршөп,  жұпаршөп,  жаншөп, 
күреңшөп т.б. 
Гүл сыңарлы: азагүл, бөрiкгүл, жарықгүл, дәстүргүл т.б. 
Оты/  сыңарлы:  ақот,  аю  оты,  бақа  оты,  балықоты,  киiкоты, 
қоянот т.б. 
Жегi сыңарлы: ағаш жегi, алма жегi, балық жегi, тiс жегi т.б. 
Жинақтауыш  құрастырушылар:  бас,ағаш,  құрт,  тамыр,  тiкен, 
жапырақ,  аяқ,  тас  сөз  «тұлғалары  бүтiннiң  жалпыға  ортақ 
бөлшегi  ретiнде  жұмсалып,  белгiлi  бiр  сөздiң  сүйемелi  арқылы 
ғана  заттың  атауы  болатын,  стандарт  мағынадан  гөрi  ұғымды 
жинақтау  қызметiн  атқаратын,  бiр  денотативке  байлаусыз,  көп 
денотативке ортақ сөздер». 
Бас  сыңарлы:  қалжыңбас,  қылжақбас,  желбас,  маубас, 
жүдеубас т.б. 
Тiкен сыңарлы: бозтiкен, бүрметiкен т.б. 
Тамыр  сыңарлы:  кiндiктамыр,  жертамыр,  мыңтамыр, 
сабынтамыр т.б. 
Жапырақ 
сыңарлы: 
бабажапырақ, 
иманжапырақ, 
теңгежапырақ т.б. 
7. Сөздердiң бiрге жазылуының семантикалық факторы. 
Бұл  фактор  бойынша  сөздiң  бiрге  жазылу  уәждемесi  оның 
құрамындағы  сыңарларының  семантикалық  арақатысымен 
айқындалады. Себебi тiлдiк таңбаның мазмұн өресi оның /тiлдiк 
таңбаның/  1.  қоршаған  ортамен  қатынасы  /сигматика/;  2. 
қолданушымен  қатынасы/  прагматика/;  3.  мәтiндегi  басқа 
таңбамен қатынасы / синтактика/; 4. жүйедедегi басқа таңбамен 
қатынасы  /  семантика/  аспектiлерiнде  қаралуында  кейде 
компоненттерi  экстралингвистикалық  мәндiлiктен  алшақтай 
қоймаған  жалақы,  уыққап,  итаяқ  сөздерi  бiрiгiп,  ал  кәрi  жiлiк, 
мойын  омыртқа  сияқты  сөздер  бөлек  жазылатын  уәждемесi 
күрделi  мәселелер  кездеседi.  Бұндай  түсiнiксiз  жолмен 
бiрiктiрiлген құрама сөздердi жүйелеуде автор фразеологиядағы 
коннотат  –  денотат  теориясын  қолданады.  Денотат  -  латынның 
denotare  «белгiлеу,  бiлдiру»  сөзiнен  шыққан.  Лингвистикада 
денотат  белгiлi  бiр  сөз  бiлдiретiн  обьектив  дүниедегi  зат  не 
құбылыстар; белгiлi бiр сөздi айтқанда ойымызға келетiн зат не 

оның  белгiлерi  деп  алынып,  денотаттық  мағына  адамның  сезiм 
мүшелерiне  түйсiк  туғызатын  заттың  қасиетi  ретiнде 
түсiндiрiледi.  Семаларэкстралингвистикалық  мәннен  алшақтап 
және  одан  қол  үзген  сайын    екi  құрамды  күрделi  есiм  сөздердi 
бiрге  жазу  үрдiсi  күшейе  түседi.  Олар  әр  түрлі  жолдармен 
жасалады:  Метанимиялық  қолданыстың  атаулық  қызметiнiң 
актуальдануынан пайда болған аюқұрақ, қазтабан, бұзаубас т.б. 
метафора  негiзiнде  пайда  болған  ақсақал,  ақсүйек,  бойкүйез, 
бақталас,  төлтума,  қолтаңба  сияқты  сөздер.  Эпитет  негiзiнде 
пайда  болған  аққұс,  ақлақ,  ақжүрек,  ақбикеш  т.б.  Сонымен, 
Қ.Күдеринованың  «Бiрге,  бөлек  таңбаланатын  сөздердiң 
орфограммасы  және  оларды  кодификациялаудың  негiздерi» 
еңбегiнде  күрделi  /құрама/  сөздердiң  бiрге  не  бөлек 
таңбалануының  қазiргi  тiлтану  аясындағы  қол  жеткен 
нәтижелерге  сүйене  отырып,  ғылыми  –  теориялық  негiздемесi 
жан-жақты баяндалғанын көремiз. Сонымен қатар Қ.Күдеринова 
бiрге  жазылатын  сөздердi  босаралықсыз  таңбаланатын  сөздер 
деп  бөле  қарастырады.  Бөлек  жазылатын  сөздердi  5  сатыға 
бөлiп,  олардың  да  ғылыми  теориялық  түсiндiрмесiн  ұсынады. 
Сонда бөлек жазылатындар мынадай тiлдiк бiрлiктер: 
1. Сөйлем мүшелерi;  
2.  Синтаксистiк  сөз  тiркесi  деңгейiндегiлер  /алтын  сағат,  
күмiс қасық, кеңсе құралы, сабақ үлгерiмi/; 
4. Фразеологиялық тiркестер /ит әуре, мысық тiлеу/;  
5. Лексикалық синтагма /тандыр нан, ат қора/ [32,59 б.]. 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар: 
1. М. Балақаевтың «Бiрiккен сөздердiң орфографиясы» еңбегiне 
конспект  жасаңыз  /  кiтап:  М.Балақаев  «Қазақ  әдеби  тiлi, 
Алматы, 1987 217, 218 бб/. 
2.Н.Уәлиев, 
А.Алдашева 
«Қазақ 
орфографиясындағы 
қиындықтар»  /Алматы  «ғылым»  1988/  кiтабынан  «Бiрiккен 
сөздер 
мен 
шылаулардың 
жазылуы» 
тақырыбын 
конспектiлеңiз. /55-66 бетке дейiн/. 
3.  Жаттығу  жұмыстарын  орындаңыз.  Берiлген  күрделi 
сөздердiң  бiрге,  бөлек  және  дефис  арқылы  жазылатындарын 

ажырата көрсетiп, бөлек- бөлек терiп жазыңыз. Бұл сөздердiң 
неге  бiрге,  немесе  бөлек,  не  дефис  арқылы  жазылатынына 
теориялық  жақтан  түсiнiк  берiңiз.  әлде  /не/,  ақ/табан/, 
жүк/ая/,  қонақ/  жай/,  абысын/  ажын/,  баж  /бұж/, 
балалы/шағалы/,  дау/  жанжал/,  ерсiлi/  арсылы/,  жайма  /шуақ/, 
жан 
/тәнiмен/, 
көз/қарас/, 
көш/басшы/, 
қос/аяқ/, 
иман/жапырақ/,тiс/ағаш/, 
әдебиет/тану/,аудан/аралық/, 
жазушы/сымақ/, 
батыр/сымақ/, 
агро/база/, 
изо/сызық/, 
аэро/құрылыс/, 
авиа/бензин/, 
авиа/бомба/, 
авиа/мектеп/, 
радио/әуесой/,авиа/матор/,фото/альбом/,бет/орамал/,ас/асы/,ас
а/бас/, ауға/бас/,баспа/бас/, соқа/бас/. 
4.  Сөз,  тас,  жапырақ  сөздерiмен  келетiн  фразалық  тiркес, 
бiрiккен  сөз,  құрама  тiркескен  сөз,  еркiн  сөз  тiркесiн  тауып 
жазып,жазылу емлесiне ауызша түсiнiк берiңiз. 
5.  Сөздіктерді  пайдаланып  кiрiккен  күрделi  сөздердiң  тізімін 
жасаңыз. 
 
16. СӨЗДЕРДIҢ ЖАРЫСПАЛЫ НҰСҚАЛАРЫ 
/ВАРИАНТ СӨЗДЕР/, ОЛАРДЫҢ ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСI 
ТУРАЛЫ
 
1. Сөз варианттарының тiлде қалыптасу факторлары. 
2.Қазақ  тiлiнiң  орфографиялық  сөздiктерінде  көрсетілген 
вариант сөздер. 
 
  1.  Сөздiң  жарыспалы  тұлғалары  дегенiмiз  –  мағыналық 
жағынан  абсолют  теңдiкте  тұрған,  сөйлемде  ешбiр  реңктiк, 
стильдiк  бояуы  мен  ерекшеленбейтiн,  әр  алуан  себептерден 
дыбыстық немесе тұлғалық ауытқуға ұшырап, әрқалай жазылып, 
әрқалай 
айтылып 
жүрген 
дыбысталуы 
бөлек, 
бiрақ 
қолданылуында  мағыналық  дербестiгi  жоқ,  бiрнеше  вариантта 
айтылатын  сөздер  [19,3  б.].  Мысалы,  риза-разы,  ырза,  дәнеңе-
дәнеме,  ештеңе-ештеңе,  үлгiру-үлгеру,  суару-суғару,  түгендеу-
түгелдеу,  тырнақтау-тiрнектеу,  айқай-айғай,  мүлде-мүлдем, 
бiрдеме-бiрдеңе  т.б.  Сөздiң  жарыспалы  тұлғалары  /вариант 
сөздер/,  фонетикалық,  iшiнара  морфологиялық  құбылыстар 

негiзiнде  пайда  болады.  Сөз  варианттарының  тiлде 
қалыптасуына мынадай фактор себеп болатын тәрiздi: 
   1.  Кiрме  сөздердiң,  соның  iшiнде,  араб-парсы  сөздерiнiң 
қазақ  тiлiнiң  дыбыстық  заңдылығымен  ауызекi  тiлде  түрлiше 
айтылып,  қалыптасуы  арқылы.  Мысалы,  әл-хал,  қисап-есеп, 
қаракет-  әрекет,  ғылым-iлiм,  ғазиз-әзiз,  қаржы-қаражат, 
мағлұмат-мәлiмет,  үкiм-өкiм,  кiнә-күнә,  ауа-әуе,  пұл-бұл, 
хайуан-айуан [19, 119 б.]. 
 2.  Кейбiр  сөздердiң  айтылымында  дыбыс  өзгерiстерiне 
ұшырауына  байланысты  /ауызекi  сөйлеу/  мысалы,  шай-шәй, 
жай-жәй,  ыразы-разы-  риза,  сәрсенбi  –  сәрсембi,  дәнеңе  – 
дәнеме, ештеңе-ештеме т.б. 
3. 
Бiр 
түбiрге 
морфологиялық 
тұлғалардың 
ұқсас 
варианттарының  қосылуы  арқылы.  Сойыс-сойым,  бермек- 
берешек, арызой- арызшы-арызшыл, пiшiн- пiшiм,пiспек- пiскен, 
шаруақор- шаруашыл- шаруагер, келешек- кележақ. 
4.  Кейбiр  тұлғалардың тарихи  даму  қалыптасу  жолында  ескi 
және  жаңа  тұлғалары  қабат  қолданылып,  тiлде  екеуi  де  қалып 
қойған  мүшелер.  Мәселен,  суар-суғар,  бермек-  берешек, 
келешек-  кележақ,  не  қылып-  неғып-  нағып,  мән-мағына, 
алатын-алатұғын т.б. 
5. Бiр сөздiң түрлiше жазылуынан да орфографиялық вариант 
сөздер  түзiледi:  рахмет-рақмет,  марқұм-марқым,  көк  ала-
көгала, байыиды-байиды т.б. 
Вариант  сөздердiң  қолданылу,  тiлде  қалыптасып,  орнығу 
бағыты  былайша  болуы  мүмкiн:  Бiрiншiден,  кейбiр  вариант 
сөздер қолданыс барысында мағыналық реңк алып, әрқайсымен 
бөлек-бөлек лексикалық тұлға ретiнде сақталуы мүмкiн: мәселен 
>өкiмет  –  үкiмет,  рәсiм  –  ресми,  нысан  –  нышан,  жирену  – 
жиiркену, әжет/ әжетхана, хош – қош т.б. 
Екiншiден,  вариант  сөздердiң  өзге  түрлерi  ауызекi  сөйлеу 
тiлiнде,  диалектизмдер  қатарында  қалып,  бiр  ғана  түрi  әдеби 
нормаға  енуi  мүмкiн.  Мысалы,  дөңгелек  -  доңғалақ,  алатын  - 
алатұғын,  абырой  –  абиыр  т.б.  Көрсетiлген  варианттардың 
бiрiншi сыңарлары әдеби нормаға жатады. 

Үшiншiден, 
вариант 
сөздердiң 
бiрқатары 
бiрнеше 
нұсқаларымен  әдеби  тiлде  жарыса  қолданылуы  мүмкiн. 
Мысалы,  ажуа  –  әжуә,  ән  –  әуен,  мiне  –  мiнi,    бақыраю  - 
бақшию  –  бағжию  –  бажбию,  балақай  –балақан,  барлық  – 
барша, бастық – басшы т.б. Немесе варианттық қатардағы әрбiр 
сөз  белгiлi  бiр  стиль  түрiнде  қолданылуы,  яғни  стильдiк  сипат 
алуы  мүмкiн.  Мәселен  бастық  дегеннен  гөрi  басшы  ресмилеу, 
ғажап-поэтикалық,  ғажайып-  кiтаби,  ғылыми  стильге  бейiм 
деуге болады. Барлықтан гөрi барша нұсқасы публисцистикалық 
стильге  жақын.  Немесе  кейбiр  варианттар  бiр-бiрiнен 
экспрессивтiк  бояуымен  де  ажыратылуы  мүмкiн.  Бақыраю  – 
бақшыраю  –  бақшию  –  бағжию-бажбию,  ақыраңдау  – 
әкiреңдеу,  бiлгiр  –  бiлгiш,  т.б.  сөздерiн  салыстырып  қарасақ 
бұған көз жеткiзуге болатын тәрiздi. 
2.  1978  жылғы  Қазақ  тiлiнiң  орфографиялық  сөздiгiнiң 
кiрiспесiнде  вариант  сөздердiң  сөздiкте  берiлуi  туралы: 
«Тiлiмiздiң  сөздiк  құрамында  әр  түрлi  фонетикалық  вариантта 
айтылатын  бiраз  сөздер  бар.  Олардың  бiрқатарының  жазылуы 
бүл  күнде  едәуiр  қалыптасқанымен,  бiрсыпырасының  жазылуы 
әзiр  бiр  iзге  түсiп  үлгiрген  жоқ.  Сөздiкте  мұндай  сөздердiң 
iшiнде  жазылуы  қазiр  бiршама  орнықты  дегендерiн  шама 
келгенiнше  сол  орныққан  қалпында  беру  көзделдi.  Бұл  топқа 
мынадай  сөздер  жатады:  әжiм  –  ажым,  ажуа  –  әжуа,  барым 
әзiр  –  бармазыр,  бәйшешек  –  байшешек,  әрдайым  –  әрдәйiм, 
әмбе  –  әмме,  беймаза  –  бимаза,  жайт  –  жәйт,    бүлдiргi  – 
бүлдiрге, өмiр – ғұмыр, қу жүгермек – жүгiрмек, көнбiс-көнпiс, 
қарақат-  қаракет,  балуан-  палуан,  пенде-  бенде,  пiтiр-  бiтiр, 
бiрадыр-  пiрадыр  т.б.  Сөздiкте  бұлардың  алдыңғы  сыңарлары 
ұсынылды»  деп  көрсетiлген.  Дегенмен  аталған  сөздiкте  барым 
әзiр сөзi реестрде жоқ, ал палуан /балуан сөзiнiң екi варианты да 
реестрде  ж/және/  арқылы  берiлген.  1988  жылғы  сөздiкте 
көрсетiлген  вариант  сөздерден  әжiм,  ажуа,  өмiр,  ғұмыр, 
бүлдiргi, бүлдiрге, палуан / балуан, пiрәдар нұсқалары берiлген. 
Өмiр  және  ғұмыр,  бүлдiргi  және  бүлдiрге  сөздерi  дербес  сөз 
тұлғалары  ретiнде  жеке  ресстрде  берiлген.  Әрi  қарай  сөздiктiң 
/1978/  кiрiспесiнде  былай  көрсетiледi:  «Ал,  ендi  жазылуы  әзiр 

бiр  iзге  түсiп  орныға  қоймаған  айқай  –  айғай,  тәж  –  тәжi, 
жалпақ – жайпақ, зәбiр – жәбiр, уағда – уәде, азар – әзер, айуан 
– хайуан, хәкiм – әкiм, қолбырау – күлбiреу, риза – ырза – разы, 
кулейдi – гулейдi, ғарып – кәрiп, қапыда- қапияда, кәртамыш – 
қартамыш  –  қартамыс  тәрiздi  көптеген  сөздердiң  бiрiн 
қалдырып, екiншiсiн 
қолдануға  тыйым  салу  дұрыстыққа  жатпайтын  болғандықтан, 
мұндай  сөздердiң  екi  түрiн  де  сөздiкке  енгiзудi  мақұл  көрдiк 
делінген.  Демек, жазуда бұл сөздердiң екi  вариантын да бiрдей 
қолдана  беруге  болады»  [19,  11  б.].  Бұл  сөздердің  стильдік 
мағыналарында айырмашылықтар да жоқ емес. 
 1988 жылғы Қазақ тiлiнiң орфографиялық сөздiгiнде вариант 
сөздер  туралы:  «Морфологиялық,  фонетикалық  варианттардың 
бұл  күнде  дербес  лексикалық  мағынада  қолданылатындар 
/үкiмет – өкiмет, уәде – уағда, оқиға – уақиға/ немесе стильдiк 
мақсатта екi түрi де жұмсалатындары /шайтан – сайтан, дәрi – 
дәру, заман – замана/, я болмаса семантикалық үстеме мағынаға 
ие болғандары /үстел-стол, резеңке- резина/ сөздiкте жеке-жеке 
реестрде  берiледi.  Ал  мұндай  сипатқа  ие  болмаған,  бiрақ  екi 
варианты да қолданыста бар жарыспалы сөздер  ж /және/ деген 
белгiмен  қатар  ұсынылады:  айғай  ж  айқай,  балуан  ж  палуан 
/олардан  туындаған  сөздердiң  әрқайсысының  жарыспалылығы 
көрсетiлмейдi/ [15,15 б.]. 
 С.Бизақовтың 
вариант 
сөздер 
сөздiгi 
кiтабында  
фонетикалық вариант қатарына жатқызуға болатын тек 300-дей 
сөз болса, 1988 жылғы сөздiкте жеке реестрге ие болған 16 түрлi 
ғана жарыспалы тұлғаларды кездестiрдiк. Бұлардың өзi а/ә, д/т, 
б/п,  /  т.б.  дыбыстар  сәйкестiгi  немесе  метатеза,  апакопа, 
афереза,  элизия  тәрiздi  фонетикалық  құбылыстар  негiзiнде 
пайда  болған  тұлғалар.  Олай  болса  вариант  сөздердiң  жазылу 
емлесi  бiршама  нормаланып  немесе  бiрнеше  жарыспалы 
тұлғаның  бiр  вариантын  жазу  орнығып,  не  жарыспалы 
тұлғалардың  әрқайсысы  дербес  мәнге  ие  болып  не  болмаса 
стильдiк  реңк  алып  жеке  реестрге  берiлiп,  ретке  келген  деп 
есептеуге болатын тәрiздi [32,58 б.]. 

1988  жылғы  сөздiкте  вариант  сөздер  ретiнде  екi  тұлғасы  да 
қатар  көрсетiлген  кейбір  фонетикалық  варианттар  кестеде 
көрсетілген: 
 
Ретi  Реестр бойынша 
берiлген тұлға 
Қандай 
фонетикалық 
құбылысқа жатады 
Бетi 
 
айғай ж. айқай 
қ/қ 
сәйкестiгi 
аккомодация 
28 
 
Балуан ж. палуан 
б/п 
сәйкестiгi 
игерусiз өзгерiс 
61 
 
Батсайы ж. патсайы   б/п – бұ да сондай 
65 
 
Бәле ж. Пәле 
б/п – бұ да сондай 
66 
 
Бұнда ж. мұнда 
б/п – бұ да сондай 
82 
 
Бұндай ж. мұндай 
б/м – бұ да сондай 
82 
 
Бұнша ж. мұнша 
б/м – бұ да сондай 
83 
 
Дәнеме ж. Дәнеңе 
м/ң- сәйкестiгi 
99 
 
Ештеңе ж.ештеме 
м/ң- сәйкестiгi 
117 
 
Пара-пар ж. бара-бар  п/б – сәйкестiгi 
268 
 
Пәле ж.бәле 
п/б – сәйкестiгi 
270 
 
Пiссiмiлләж. 
Бiссiмiллә 
п/б – сәйкестiгi 
275 
 
Тiлмар ж. дiлмар 
т/д – сәйкестiгi 
352 
 
Сұрақтар мен тапсырмалар
1.  2001,2007  жылғы  сөздiктер  бойынша  фонетикалық, 
морфологиялық  вариант  сөздердiң  жоғарыда  көрсетiлген 
үлгiмен кестесiн жасаңыз. 
2. Төменде берiлген жарыспалы тұлғалардың қай нұсқасы жазу 
нормасына  сай  келедi.  Себебiн  ғылыми  тұрғыда  дәлелдеп 
берiңiз:  Рақмет/рахмет/,  ақымақ/ахымақ/,  кемтар/кем  тар/, 
кәсiпорын/кәсiборын/, 
хазiрет/қазiрет/, 
шекара/шегара/, 
жина/жыйна/,  қорытынды/қортынды/,  қауiп  /хәуiп/,  махұм 
/марқұм/, 
iрткi/iрiткi/, 
көкала/көгала/, 
даусы/дауысы/, 
аулы/ауылы/,  айуан/аюан/,  әлi/пәлi/,  байиды/баиды,  байыйды/, 
кейидi/кейiидi,  кеидi/,  бара  алмаймын/баралмаймын,  барып  па 

екен/барыппекен/, 
насихат 
/нәсихат/, 
итбүлдiрген/ит 
бүлдiрген/, 
дiлгiр/дiлгер/, 
жүгермек/жүгiрмек/, 
жәдiгей/жадыгой/,  дiмкәс/дымос/,  жәдiгер/жадыгер,  жадiгер/, 
қанiшер қанышер/, бәйтерек/байтерек/. 
3.  2007  жылғы  сөздiк  бойынша  вариант  сөздердiң  стильдік 
мағыналарына түсініктеме беріңіз. 
4. Вариант сөздер қатарынан орфоэпиялық варианттарды бiр 
бөлек, 
орфографиялық 
варианттарды 
бiр 
бөлек, 
грамматикалық  варианттарды  бiр  бөлек,  синтаксистiк 
варианттарды бiр бөлек терiп жазыңыз. (С.Бизақовтың сөздiгi 
бойынша) 
 
17. БАСҚА ТIЛДЕН ЕНГЕН СӨЗДЕРДIҢ ҚАЗАҚ 
ТIЛIНДЕГI ЖАЗЫЛУ ЕМЛЕСI. 
 
1.
 
Кірме 
сөздер 
қазақ 
тiлiнде 
жазылу 
емлесiнің 
ерекшеліктері. 
2.
 
Орыс  тiлiнен  енген  түбiр  сөздерге  қазақ  тiлi 
қосымшасын  
жалғап жазудың ережелерi. 
3.
 
Орыс  тiлiнен  енген  сөздерге  қосымша  қосудың  ережеге 
бағынбайтын тұстары.  
 
1.  Басқа  тiлден  енген  сөздер  негiзiнен  екi  бағытта 
қарастырылады:  орыс  тiлiнен  енген  сөздер,  араб-парсы  тiлiнен 
енген сөздер. Араб-парсы тiлiнен қазақ /жалпы түркi/ тiлiне сөз 
ауысу  өткен  ғасырларда,  қарым-қатынас  жасаудың  ауызша 
формасы  басым  болып  тұрған  кезеңде  жүрдi.  Сондықтан  араб-
парсы  тiлдерiнен  енген  сөздер  басқа  түркi  тiлдерiндегi  сияқты 
қазақ 
тiлiнде 
де 
қабылдаушы 
тiлдiң 
фонетикалық 
заңдылықтарына 
бейiмделiп, 
төл 
тiлiндегi 
бастапқы 
графикасынан  мүлде  алшақтап,  қазақ  тiлiнде  айтылуынша 
қалыптасты [20, 99 б.]. 
Араб-парсы  тiлiнен  енген  сөздердi  жазуда  кедергi  келтiретiн 
2 мәселе ғана бар: 

1. Аралас буынды сөздердiң жазылуы. қазiр – кәзiр, қазiрет- 
қазырет,  қасiрет-қасырет.  /Қазақ  тiлiнiң  үндестiк  заңына 
бағынып  бiрыңғай  жуан  не  бiрыңғай  жiңiшке  жазылса,  кейде 
аралас буынмен жазылады. 
2.  Кейбiр  сөздердiң  2  түрлi  айтылып,  жазылып  қалыптасуы 
нәтижесiнде  вариант  сөздер  қатарын  толықтырды:  барабар  -
парапар,  пайым-байым,  заман-замана,  тозақ-дозақ,  балуан- 
палуан 
т.б. 
Бұлардың 
қатарында 
семантикалық 
дифференциациялау процесiне ұшырап, түрлiше қоғамдық-саяси 
ұғымдардың  атауларына  айналған  қатарлар  да  бар.  үкiмет  – 
өкiмет, өкiл – уәкiл, iлiм – ғылым, ауа – әуе т.б. [20, 100 б.]. 
Орыс тiлiнен енген сөздердi қазақ тiлiнде жазылу емлесiне 2 
топқа бөлемiз:  
1.  Қазақ  тiлiне  ертеректе  (қазан  төңкерiсiне  дейiн)  енiп, 
ауызша  айтылған  күйiнде  жазылып  қалыптасқан  сөздер. 
Мәселен,  бәтеңке,  самаурын,  үстел,  болыс,  бөрене,  кәстрөл, 
кәмпит, кәрзеңке т.б. 
2.  Қазақ  тiлiне  кейiнiрек  жазба  тiл  арқылы  енген  негiзiнен 
орыс  тiлiндегi  тұлғасын  графикалық,  грамматикалық  жақтан 
сақтап  жазылатын  сөздер.  Сондай-ақ  орыс  тiлiнiң  а  дыбысына 
аяқталатын бiршама сөздерi қазақ тiлiнде а дыбысы түсiрiлiп те, 
ы  дыбысына  қысаңдап  та,  а  дыбысы  сақталыпта  айтылып, 
жазылып  жүр.  Мұндай  әртүрлiлiк  былайша  түсiндiрiледi:  газет 
/газета/, минут /минута/, пар /пара/, аптек /аптека/, цифр /цифра/ 
сөздерiнiң  орыс  тiлiндегi  орфоэпиясында  екпiн  сөз  ортасына 
түседi.  Қазақ  тiлiнде  ауызша  қабылданғанда  сөз  аяғында  а 
дыбысы  мүлде  көмескiленiп  түсiп  қалады.  Лампа,  штанга, 
майка, марка, мода тәрiздi сөздер орыс тiлiнде айтылғанда екпiн 
сөздiң  алғашқы  буынына  түседi,  ол  қазақ  тiлiнеқабылданғанда 
сөз  соңындағы  а  көмескiленедi,  бiрақ  2  дауыссыз  қатар  тұра 
алмайтындықтан  соңына  қысаң  ы  тiркеледi  [20,83  б.].  Ал 
перспектива, 
директива, 
коллега, 
декада, 
дидактика, 
спартакиада, серенада, логика, формула т.б. термин сөздерде а 
дыбысы  түсiрiлмейдi.  Бұған  себеп  бұл  сөздердiң  қазақ  тiлiне 
жазба тiл арқылы енуi екенi белгiлi. 

Орыс  тiлiнен  жазбаша  тiл  арқылы  енген  сөздер  (негiзiнен 
терминдiк  сөздер  мен  терминдiк  тiркестер)  орыс  тiлiндегi 
тұлғасын  сақтап  жазылады.  Дегенмен  орыс  тiлiнен  енген 
түбiрлерге  қазақ  тiлiнiң  қосымшасын  жалғағанда  белгiлi  бiр 
жүйеге бағынуды қажет ететiн күрделiлiктер кездеседi.  
      2.  Р.Сыздықованың  «Емле  және  тыныс  белгiлер»  атты 
еңбегiнде  осы  мәселе  нақты  баяндалады.  Орыс  тiлiнен  енген 
түбiр сөздерге қазақ тiлi қосымшасын жалғап жазудың негiзгi 
ережелерi: 
- Соңғы буынында (бiр буынды сөздiң өзiнде) у дыбысы бар 
сөздерге  қазақ  тiлi  қосымшасы  жуан  жалғанады:  курс-қа, 
автобус-қа, институт-тың т.б. 
- Соңғы буынында (бiр буынды сөздiң өзiнде) и дыбысы бар 
сөздерге  қазақ  тiлi  қосымшасы  жiңiшке  жалғанады:  кассир-ге, 
синтаксис-ке, магнит-тiк т.б. 
-  к  дыбысына  аяқталған  сөздерге  қазақ  тiлi  қосымшалары 
сөздiң  соңғы  буынындағы  дауыстының  әуенiне  қарай 
жалғанады: физик-тер, маяк-тың, поляк-қа т.б. 
       -  Рк,  рг,  ск,  кт,  кс,  нк,  нг,  лк,  нкт  дыбыстар  тiркесiне 
аяқталған сөздерге қазақ тiлi қосымшалары жiңiшке жалғанады: 
парк-тер, танкi-ге, киоскi-ден т.б. 
- жiңiшкелiк белгiсiне аяқталған көп буынды сөздерге қазақ 
тiлi  қосымшалары  буын  үндестiгi  бойынша  жалғанады:  лагерь-
ге,  фестиваль-ға  т.б.  Бұл  ережеге  тәуелдiк  жалғауы  ғана 
бағынбайды,  үнемi  жiңiшке  жалғанады:  лагерi,  фестивалi, 
дизелiмiз
-  Соңғы  екi  дауыссыздың  арасында  жiңiшкелiк  белгiсi  бар 
сөздерге  қазақ  тiлi  қосымшалары  буын  үндестiгi  бойынша 
жалғанады: вальс-қа, вальс-і, асфальт-та, асфальт-ымыз т.б. 
-  кль,  брь,  бль  тәрiздi  дауыссыз  дыбыстар  мен  жiңiшкелiк 
белгiсiне  аяқталатын  бiр  буынды  сөздерге  қазақ  тiлi 
қосымшалары  әрдайым  жiңiшке  жалғанады:  ансамбль-ге, 
бинокль-дi, октябрь-сiз т.б. 
л дыбысына бiткен сөзге қосымшаның алдынан жiңiшкелiк 
белгiсi қосылып жазылатын сөздерге (материал – материальный) 
қазақ  тiлi  жұрнақтары  жалғанғанда  жiңiшкелiк  белгiсi 

жазылмайды:  материальный  –  материалды,  коммунальный  – 
коммуналды т.б. 
Ал  жұрнақтар  жалғанбай-ақ  түбiрдiң  өзiнде  жiңiшкелiк  белгiсi 
бар  сөздерге  (мораль,  артель,  акварель)  қазақ  тiлi  қосымшасы 
жалғанғанда  жiңiшкелiк  белгiсi  сақталады:  моральный- 
моральды, коммунальный - коммунальды т.б. 
- соңғы буынында ю,ё,э дауысты дыбыстар келетiн сөздерге 
қазақ  тiлi  қосымшалары  жiңiшке  жалғанады:  полюс-тi,  актер-
лер, дуэт-i т.б. 
-  нд,  нз,  нк,нг,  мп,  мб,  кт,  ск,  вт,  фй,  мт  дыбыстарына 
аяқталған  сөздерге  қазақ  тiлi  қосымшалары  ы,  i,  дәнекер 
дыбыстары  арқылы  жалғанады:  фонд+ы+сы,  киоск+i+лер, 
митинг+i+лер, факт+i+сiз т.б. 
Ал  нс,  рс,  рт,  рш,  нт,  рд,  рм,  фр  т.б.  тәрiздi  дыбыс 
тiркестерiне  бiткен  сөздерге  қазақ  тiлi  қосымшалары  дәнекер 
дыбыссыз  тiкелей  жалғанады:  финанс+қа,  цемент+тен, 
цифр+ға т.б. 
-  сс,  лл,  тт,нп,  ст,  кст,  сть,  зд,  нк  дыбыстарына  бiткен 
сөздерге қазақ тiлiнiң қосымшасы жалғанғанда соңғы дауыссыз 
түсiрiледi:  ведомость-  ведомосқа,  съезд-съезге,  грамм-грамы, 
Донбасс-Донбасқа т.б. 
Ал бiрдей қос дыбыстарға аяқталған жалқы есiмдерге қазақ 
тiлi  қосымшалары  жалғанғанда  қос  әрiп  сақталып  жазылады: 
Кириллге,  Гриммдер,  тек  қана  қосымшаның  басқы  дыбысы  қос 
дыбыспен  бiрдей  болғанда,  бiреуi  түсiрiлiп  жазылады: 
Гримммен емес, Гриммен. 
      3.    Орыс  тiлiнен  енген  сөздерге  қосымша  қосудың  ережеге 
бағынбайтын да тұстары кездеседi: 
1.  Қазақ  тiлiнiң  заңдылығы  бойынша    к,  н  дауыссыз 
дыбыстарына бiткен сөздерге қосымша дауыстыдан басталып 
жалғанса,  бұл  дауыссыздар  ұяңдап    г,  б  дыбыстарына 
айналады.  Орыс  тiлiнен  енген  сөздерден  к  дыбысына  бiткен 
сөздерге  қосымша  жалғанып  ережеге  бағынады:  гудок-
гудогы,  кубок-кубогы,  механик-механигi  т.б.  Ал  п,  х 
дыбыстарына  аяқталған  сөздер  бұл  ережеге  бағынбайды: 
окоп-окопы,  тип-типi,  цех-цехы,  альманах-альманахы  т.б. 

Қазақ  тiлiнде  осы  тәрiздес  бiрен-саран  сөз  ұшырасады:  сап-
сабы, сапы, қазақ-қазағы, қазақы тәрiздi. 
2. –ль әрiптерiне аяқталатын бiр буынды сөздерге қосымша 
жiңiшке түрде  жалғанады:  роль,  рольге,  ролi, ноль,  нольге,  нолi
Дәл  осы  сияқты  аяқталатын  көп  буынды  сөздерге  дауыссыз 
дыбыстан  басталатын  қосымша  жуан,  дауыстыдан  басталатын 
қосымша  жiңiшке  түрінде  жалғанады:  гастрольға,  гастролi, 
гастрольдық,  бандероль,  бандеролі,  бандерольға,  бандерольдан 
түрiнде бiрiңғай жуан қосымшалармен берiледi. 
Сондай-ақ  –аль  дыбыстар  тiзбегiне  аяқталатын  сөздерге 
қосымша негiзiнен, а дыбысының ыңғайымен жуан жалғанады: 
фестивальға,  моральды,  госпитальдан  т.б.  Тек  қана  тәуелдiк 
жалғауы  жiңiшке  жалғанады:  фестивалi,  моралi,  госпиталi  т.б. 
1978 жылғы сөздiкте моральға, моральдан, моралы т.б. түрiнде 
бекiтiлген. 
3. Соңғы дыбыстары ог, уг түрiнде келген сөздерге қосымша 
тек жiңiшке жалғанады. Ал ак, аг, ок, ук дыбыстарына аяқталған 
сөздер  бұған  бағынбайды:  парторг,  парторгке,  парторгi, 
педагог,  педагогке,  педагогi,  бiрақ  аншлагқа,  аншлагы,  бамбук-
бамбукқа, бамбугы, галстук-галстукқа, галстугы[32,58 б.]. 
 
Каталог: uploads -> files
files -> «Бекітемін» Алматы облысы білім басқармасының басшысы
files -> Қоғамдық қатынас құралы ретінде тіл бірнеше формада өмір сүреді. Әдеби тіл
files -> №19 (112) 1 қазан, 2015 жыл АҢдатпа с днем учителя
files -> Ибраимова Жібек Тұңғышбайқызы
files -> І. Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №2-3 /2013
files -> Бекітілді/утвержден
files -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
files -> Қазақстан республикасы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
files -> №3 (120) 11 ақпан, 2016 жыл АҢдатпа 10 бет


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет