Қазақстан тарихының кезеңделуін сипаттаңыз. Қазақстан аумағындағы тас дәуіріне сипаттама беріңіз


-1920 жж Азамат соғысы кезіндегі Қазақстандағы маңызды оқиғаларды анықтаңыз. "Ақтар" мен "Қызылдар" саяси күштерінің күресіне сипаттама беріңіз



бет25/35
Дата17.05.2023
өлшемі149,05 Kb.
#94080
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
47. 1918-1920 жж Азамат соғысы кезіндегі Қазақстандағы маңызды оқиғаларды анықтаңыз. "Ақтар" мен "Қызылдар" саяси күштерінің күресіне сипаттама беріңіз.
Қазақстан азамат соғысы жылдарында — жұмысшы-шаруа Кеңестерінің орталықтағы және жергілікті жерлердегі билікті басып алуы алғашқы күннен-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын туғызды. Азамат соғысы билік үшін күрестің жалғасы болып шықты, сондықтан 1917 жылғы Қазан қарулы көтерілісі мен Азамат соғысының арасында айқын шек болмады. Ел 1917 жылғы 25 казаннан бастап Азамат соғысы жағдайында өмір сүрді немесе бұл дата елді таптық белгісі бойынша бір-біріне жау екі лагерьге бөліп тастады, арадағы күрес бітіспес қанды қырғынға ұласты.
Большевиктер мен Кеңес өкіметін жақтаушылар “қызылдар” деп аталса, оларға қарсы тұрғандар “ақтар” деп аталды.
Қазақстандағы шешуші соғыс қимылдарына “қызылдар” жағынан М.В. Фрунзе, В.В. Куйбышев, В.И. Чапаев, И.П. Белов, И.С. Кутяков т.б., ал “ақтар” жағына А.И. Дутов, С.П. Толстов, Б.В.Анненков т.б. басшылық етті. Торғай далаларында “ақтарға” қарсы күресте А. Иманов, Батыс Қазақстанда Хамит Чурин, Бейсен Жәнекешев т.б. көзге түсті. Ал Әліби Жангелдин азамат соғысы қызу жүріп жатқан кезде (1918 ж. күзі) Мәскеуде жасақталған қару-жарақ керуенін Түркістан майданына жеткізді. 1920 жылдың көктемінде Қазақстандағы азамат соғысы Кеңес өкіметінің жеңісімен аяқталды.
48. 1918-1920 жж "Әскери коммунизм" саясатына және оның салдарына сипаттама беріңіз.
Әске­ри ком­му­низм са­яса­ты — 1918–1921 жылдары азамат соғысы кезіндегі Кеңес одағының ішкі саясатының аты.
Аза­мат соғысы жыл­да­рын­дағы қалып­тасқан қиын­дықтар­мен бай­ла­ныс­ты Кеңес өкіметі 1918 жыл­дың ор­та кезінде ел­дегі бар­лық ма­тери­ал­дық ре­сурс­тар­мен, адам күштерін ба­рын­ша жұмыл­ды­ру, қала­лар­ды, өнеркәсіп жұмыс­шы­ларын, Қызыл Ар­ми­яны азық-түлікпен қам­та­масыз ету, ел­де қатал еңбек тәртібін ор­на­ту мақса­тын­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­тын енгізді. Бұл төтен­ше са­ясат эко­номи­калық күй­зеліс, Кеңес мем­ле­кетін ше­тел ин­тервент­тері мен ішкі жа­улар­дан қорғаудың қажеттілігінен туған еді. «Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде азық-түлік мәсе­лесін ше­шу үшін төтен­ше ша­ра азық-түлік са­лғырты енгізілді.
«Әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты бойын­ша ел­де жап­пай еңбек ету міндеттілігі та­лап етілді. Қазақстан­да «әске­ри ком­му­низм» са­яса­ты негізінде өнеркәсіпті кеңес ор­ганда­рының қолы­на шоғыр­ланды­ру, оны Қызыл Ар­ми­яны қару-жа­рақ және жаб­дықтар­мен қам­та­масыз ету­ге жұмыл­ды­ру ша­рала­ры жүргізілді. Бүкілре­сейлік Атқару Ко­митетінің 1918 жылғы ма­мыр­дағы жар­лығымен әскер­ге өз еркімен ба­ру ісі жал­пыға бірдей міндетті әске­ри бо­рыш­ты орын­да­умен ал­масты­рыл­ды. 1918 жыл­дың жа­зын­да өлке­де Қызыл Ар­ми­яның құра­мын­да ұлттық әске­ри бөлімдер құры­ла бас­та­ды.
Өнеркәсіптің национализациялауымен пайда болған басқару жүйесі бірден шамадан тыс орталықтанғандық белгілерге ие болып, бюрократизмге жол ашты. Маманданған жұмысшылар жеткіліксіз болды. Басқару аппаратының жеке буындары арасындағы үйлесімсіздік, шикізаттың тапшылығы, транспорттың берекесінің кетуі, көп жағдайда саяси және әскери органдардың өндірістік істерге кәсіби емес араласуымен ұштасып жатты. Төтенше шаралар қолдану, билікті шамадан тыс пайдалану әдеттегі іске айналды.
49 .1920 жылғы Қырғыз қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуының тарихи маңызын түсіндіріңіз. КСРО-ның құрылуы.
1 - КазАКСР курылуы1919 жылы 19 кыркуйекте Орынбордын Казак олкесіне косылуы туралы шешім кабылданды, 1920 жылы 7 шілдеде Орынбор республика курамына кірді, 1920 жылы 20 тамызда Кыртыз (Казак) Автономиялы Кенестік Социалистік республикасын куру туралы декрет шыкты, Астанасы: Туныш астана Орынбор каласы 1920-1924, содан кейін Акмешіт (Кызылорда), 1929-1997 жылдарда Алматы, Ауматы - Семей, Акмола, Тортай, Орал облыстары, Мантышлак уезі, Красноводск уезінін бір белігі, Астрахань губерниясынын бір белігі, 1920 жылы 4 казанда Орынборда Кыргыз (Казак) АКСР Кенестерінін, Курылтай сьезі откізілді, Кырыз (Казак) Автономиялы Кенестік Социалистік Республикасы жарияланды, Жо арты Аткару Комитеті, терарасы - Мендешев, Халык, Комиссарлары Кенесі, терарасы - Радус-Зенькович, Кырыз (Казак) АКСР-нін, курылуынын тарихи манызы - Казак, халкынын гасырлык арманы орындалуынын керінісі, Отаршылдыкка карсы курестін натижесі, Улттык, кайта орлеу жолындары алгашкы кадам.
2 - Казак жерлерінін Казак АКСР курамына біріктірілуі, Арнаулы комиссия курылып, республика шекарасын белгілеумен айналысты, Бул озгерістер кезінде эр турлі козкарастар туындады - Казак, елкесіне Акмола, Семей, Орал облыстарынын косылуына карсылык, Республика курамына Омбы облысын, Орта Азиянын, кеп белігін, Барнаул уезін, Алтай елкесін косу, Казак зиялылардын араласуымен – Костанай Аймағын республика курамына косу кажеттігін Ахмет Байтурсынулы мен Мухаммеджан Сералин жан-жакты далелдеді, Батыс Сібірге еніп келген Акмола мен Семей облыстарын елке курамына енгізу мэселесі 5 рет каралып, Бекейханов, Байтурсынулы, Ермеков, Сералиндердін тарихи деректемелерінен кейін гана шешілді, 1921 жылы Акмола жэне Семей облыстары Сібір ревкомы карамагынан КазАКСР-не берілді, 1921 жылы Жайык, Ертіс озендері бойындаты бурын казактар иеленіп келген 10 шакырымдык онір казак халкына кайтарылды
3 - Статистикалык, маліметтер – Республика ауматы 2,7 млн шаршы шакырым, Халкы 5млн 230 мын (1 млн 468 мына кебейді) Казактар - 61,3 пайыз (1926 ж санак), Казак, атауынын кайтарылуы - 1925 жылты 15-19 сауірде Акмешітте Кенестердін букіл казакстандык, 5 сьезінде кырыз-казак, атауы берілді, 1936 жылны 9 акпанда КАКСР Орталык Аткару Комитеті Каулысымен казактар атауы.
50. Казакстандағы жана экономикалык саясаттын (ЖЭС) тарихи манызын сипаттаныз
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (б) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын, банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер, кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға жалға беріледі. Жеке саудаға рұқсат берілді, мемлекеттік және кооперативтік сауда да дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді. Елдегі ақша жүйесін нығайту, тегін қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу міндеттелді. Жаңа экономикалық саясаттың аясында қабылданған міндеттердің ішіндегі ең маңыздысы – азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастыру туралы шешім болды.
Азық-түлік салғырты кезінде шаруа қожалықтары өндірілген өнімнің өзін қамтамасыз етуге қажетті үлесінен артығын мемлекетке тапсыруға міндетті еді. Азық-түлік салығының ендірілуі, яғни белгіленген мөлшердегі ғана салықты өтеуге байланысты, олар өндірілген өнімнің артығын өз еркімен пайдалану құқығына ие болды. Бұл ендірілген салық жүйесіндегі өзгеріс өндіруші шаруа қожалықтарына өте қолайлы болды. Себебі, олар өндірілген өнімнің белгілі мөлшерін ғана мемлекетке тапсырып, қалған өнімді сатуға немесе өзінің басқа қажеттерін өтеуге мүмкіндік алды. Осыған байланысты енді шаруа қожалықтары егістік көлемін ұлғайтуға, сөйтіп өнімді көп өндіруге, яғни еңбек өнімділігін арттыруға ынталы болды. Дұрыс жоспарланбаған саясат дағдарысқа ұшырай бастады. Партия және кеңес органдары кооперацияны басқаруда әкімшілік әдіске жиі сүйенді. Алайда экономиканы мемлекеттің тарапынан жоспарлы түрде дамыту мен әкімшілік басқару әдістері нарықтық қатынаспен сәйкес болмады. Соған қарамастан таптық идеологияны ту еткен Кеңес үкіметі экономиканы жоспарлы түрде дамыту идеясына сүйеніп, 1925 жылдың аяғында өнеркәсіп өндірісін халық шаруашылығының жетекші саласы етіп белгіледі және оның жоғары қарқынмен дамуын қамтамасыз етті. Бұл 20-жылдардың аяғында ұсақ товар өндірушілерге қарсы күресті күшейтті. Соның нәтижесінде нарықтық қатынас тоқырады, яғни жаңа экономикалық саясат тоқтатылды.
51. 1921-19222 жж. Казакстандары жер-су реформасын, онын максаты мен негзіґі іс-шараларын тусіндірініз. Казакстандаты 1921-1922 ж.ж. жер-су реформасы. Казакстанда 1921 -- 22 жылдары ЖЭС аясында жургізілгеншаралардын біріжер-су реформасы болды. Реформанын негізгі міндеті 1920 жылы курылан КАКСР-нін ауматында казак жерлерін біріктіру болды. Патшалык биліктін жургізген саясаты натижесінде Казакстанда жер маселесі оте курделі мэселелердін біріне айналган еді. Ресейдін орталык аудандарынан, эсіресе сталиндік реформа кезенінде шаруалардын коныс аударуы Орта Азия мен Казакстанда отарлаудын курамды шарттарынын бірі болды. Патша окіметінін коныстандыру саясаты барысында келімсек орыс шаруалары жергілікті турындардан орасан зор егістік жерлерді басып алды. Тек 1916 ж. озінде Жетісу мен Сырдария облыстарында коныстанушы шаруалардын колында 2659 млн. десятина жер болды. Жергілікті турындардын жерін тартып алу 1916 Жылы улт-азаттык кетерілісті басып-жаншу барысында ерекше жырткыштыкпен жургізілді. Жазалаушылардан кашкан туткындардын иесіз калган жерін иемденумен бірге, шурайлы егістік жерлерді жазалау шараларын колданып, коркытып - уркіту тэсілдері аркылы да иелену кен еріс алды.Осылайша жерді басып алу келімсек шаруалар тарапынан 1920 жыла дейін жалгасып келді.
XX ғасырдың 20-шы жылдар басындағы жер-су реформаларының ерекше маңызды орыны болды.Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді. 1921 жылы ақпан айында жер-су реформасы Түркістан ауданының Алматы , Қапал ,Шымкент ,Әулиеата уездерінде жүргізілді.
1921 жылы сәуірде бұрынғы Сібір және Орал казак әскерлеріне берілген жерді қазақтарға қайтару туралы декрет нәтижесінде Ертіс өңірінен 177 мың десятина жер қайтарылды. Оралдың сол жағалауынан 208 мың десятина жер қазақтарға берілді.
1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді. Ауылда әлеуметтік өзгерістер мен жер реформаларын жүзеге асыру үшін бұқаралық ұйым 1921 жылы «Қосшы одағы»құрылды (1930 жылдан «Кедей одағы» атанды).Қосшы одаған құрған және қызметтерді атқаруда Ж.Бөрібаев, О.Жандосов , А.Розыбакиев , т.б қоғам қайраткерлері ат салысты.17 мыңнан астам мүшесі бар 99 бөлім жұмыс істеді.
52. 1920-1940 ЖЖ. Казакстандағы индустрияландыру саясатын,онын ерекшеліктері мен салдарын ашып корсетініз.
1 - Халык, шаруашылырын калпына келтіру, елде элі де шешімін толык, таппа ан болатын, Сотыска дейінгі денгейінін салыстыр анда онеркасіп ондірісі 61 пайызта гана жетті, 1925 Жылғы желтоксанда социалистік индустрияландыру батытын БК(б)П-нын 14 сьезі жарияланды, Техникамен жабдыктау аркылы халык, шаруашылырын барлык, салаларын дамытуды индустрияландыру деп атайды, 1928-1932 жылдары 1-ші бес жылдык, жоспар енгізіліп, халык, шаруашылырын дамытумен бірге елді индустрияландыру киыншылыктармен коса жургізілді, - Казакстан байлыкка толы кен байтак, олкесі туралы жинакталган ылыми білім элі де шешілмеген болатын, Темір жол тасымалы нашар дамуы, Аймакта 1/1000 шаршы шакырымына темір жолдан келді, Халык шаруаларынын 90 пайызы камты андыктан, жумысшы табынын сан жарынан оте аз болуы, Елде жергілікті мамандардын, жетіспеушілігі, ЖЭС токтатылып, эскери коммунизм кезеніндегі эдістердін жантыртылуы, Халык, билігінін диктатурамен ауысатырылуы, Эміршіл-экімшілік баскару жуйесі эдісінін енгізілуімен байланысты, Елдін 84,4 пайызынын ауыл шаруашылы ымен айналысуы, Осыган карамастан индустрияландыруды дамыту а мумкіндік жасау ушін енбекші халыктардын жакын арада шешуге тисті міндеттері – Олкенін техникалык экономикалык жатынан артта калуын жою, Байырты халык, окілдерін кенінен тарту жолымен жумысшы табы мен ондірістік
2 - Казакстанды индустрияландыру ісі болашак, онеркасіп ушін кажетті елкенін табитат байлаыктарын зерттеуден басталды, КСРО Тылым Академиясы 1920 жылдардын соны - 1930 жылдардын басында кернекті галымдардын катысуымен зерттеу экспедициясын букіл олкеде жургізді, Академик Курнаков - Орталык Казакстаннын минерал-шикізат байлыктарын зерттеді, КАКСР-і Кенес Одатынын тутас металлогенді провинциясы деген тужырым жасады, Академик Губкин - Орал-Ембі мунайлы ауданын зерттеді, Бул кен орны - мунайта аса бай облыстардын бірі деп корытындылады, Инженер-геолог Сатбаев Жезказган ауданындары мыс ен орындарын зерттеді, Онірдін болашаны зор екенін далелдеп берді
3 - Индустриянын жетекші обьектілері 1927 жылы Туркістан-Сібір теміржол магистралынын курылысы салына бастады, Туркісіб курылысына бірнеше ул окілдерінен туратын 100 мын адам енбек етті, 10 мын казак, жумысшылары теміржолшы, курылысшы, техник, жол ісінін, шебері мамандыктарын менгерді, Курылыска 200 млн сом каржы жумсалды, Сорыска дейінгі бес жылдыктар кезінде салынтан курылыстар - Туркісіб темір жолы, Караганды шахталары, Ембі мунай касіпшіліктері, Шымкент кортасын зауыты, Балкаш, Жезказган кен-металлургия комбинаттары, Кенді Алтай, Ащысай полиметалл касіпорындары, Актебе комбинаты, Жылу жане су электр станциялары, курылыс материалдары онеркасібінін касіпорындарытехникалык мамандарды калыптастыру.
53. Казакстандағы ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастырудын салдарына бага берініз. XX ғ.30-шы жылдарындагы аштык және казактардын көшуі.
Жаңа экономикалық саясат нəтижесінде кооперативтік қозғалыс дами түсті. Мал саны 40,5 млн-ға жетті. Ф.И.Голощекин “ауылды кеңестендіру” ұранымен “жаңа революция” жүргізудің идеялық-cаяси негізін жасады. Наразылық білдірген Т.Рысқұлов БК(б)П Орталық Комитетінің қарамағына шақырылды, ал С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаев “ұлтшыл” деп айыпталды. Шабындық жəне егістік жерді қайта бөлу науқаны ауылдағы жағдайды ауырлата түсті. И.В.Сталиннің нұсқауымен астық дайындау барысында төтенше шаралар қолдануға рұқсат етілді. Ф.Голощекин ауылдарға 4800 уәкіл жіберді, 31 мыңдай шаруа жазаланды, 277 шаруа атылды.
Ұжымдастыру бай-кулактарды тəркілеуден басталды. 1928 жылғы тамызда “Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тəркілеу жəне жер аудару туралы” декрет жарияланды. Бай-феодалдар өздерінің мүліктік жəне қоғамдық ықпалымен ауылды Кеңестендіруге кедергі жасайды деп саналды. Ең ірі 657 байлар мен жартылай феодалдар жер аударылды. Олардан 145 мың мал тартып алынып, ауылшаруашылық құралдары 877 ұжымшарға, 24 491 шаруашылыққа бөлініп берілді.
Ұжымдастыру бағытының 2 жағы болды:
1. Шаруалар бай-феодалдарға кіріптарлық пен күйзелістен құтылды.
2. Көшпелі өркениет ерекшелігі ескерілмей күштеу әдісімен жүзеге асырылды
2 . Қазақ қоғамын таптық негізде жіктеу саясаты кең түрде жүрді. Бірінші дүниежүзілік соғыс, оның артын ала келген революциялық өзгерістер, бүкіл Кеңес елінің кеңістігін қамтыған азамат соғысы қазақ даласына да орасан зор ауыртпалықтар ала келді. 1916—1921 жылдар арасында (кей деректерде) аштықтан қырылған және оққа ұшқан қазақтардың саны 800 мыңға, ал атамекенінен көшіп кеткендердің саны 200 мың адамға жетті. Бұл сол кезеңдегі қазақ халқының шамамен бестен бір бөлігі еді.
Қазақстанда XX ғасыр ірі тарихи оқиғалармен ерекшеленеді. Өткен ғасырдың алғашқы жартысы — қазақ халқының өмірінде бетбұрысты кезең деп саналады. Әсіресе 20–30 жылдарындағы ашаршылық апаты немесе «Ұлы жұт» қазақ тарихының қасіретті беттерін айғақтайды. Зертеуші ғалымдар осы мәселемен айналысып, Қазақстанда халқы бір ғасырда үш бірдей ашаршылықты бастан кешкен және оны үш кезеңге бөліп қарастырады:—1919 — 1922 жылдардағы аштық (1,5 млн адам) —1931 — 1933 жылдардағы аштық (2,5 млн адам) —1946 жылдары болған аштық. Әрине, бірінші ашаршылық та сұмдық болды. Бірінші ашаршылық 1919–1922 жж. болған. Осы жылдары аштық кезінде 1,5 млн жуық адам шығыны болды. Ол көбінесе елдің оңтүстік аймақтарын қамтыды, нақ осы және басқа да деңгейде Қазақстанның барлық тұрғындары да зардап шекті. Екінші ашаршылық, әртүрлі мәліметтер бойынша, 1930—жылдарда 1,5 млн—нан 2,5 млн. адамға дейін болды. Ал, үшінші ашаршылық соғыстан кейінгі еліміздегі экономикалық ахуалдарға байланыты туындады. Бірақ та, бұл ашаршылық сол жылдары халықтан жасырын түрде ұстады. Осылайша, қазақтар іс жүзінде 15–20 жылдың ішінде халқының жартысына жуығынан айырылған. Әлемдік тарих мұндай кең ауқымды ашаршылықты білген емес. Сондықтан, осы қасіретті әрбір қазақ білуге міндетті және есте сақтап, ұмытпауымыз тиіс. Қазақ жерінде ашаршылық салдарынан демографиялық ахуал күрт төмендеп кеткен болатын. Оның айқын көрінісі ретінде тарих беттерінде қалған 1931–1933 жылдары қазақ халқының басына төнген ең бір қасіретті «Ұлы жұт» кесірінен күні бүгінге дейін қазақ халқы өз жерінде демографиясы жағынан азшылыққа ұшырап отыр.
Ашаршылық кезінде қаншама қазақ қыршынынан қиылды. Оған дәлел мұрағат қойнауында сақталған көптеген ресми құжаттар. Ұлт зиялысы М. Тынышбаевтың есебі бойынша «Қазақстанда 1917 жылы 2 910 000 қазақ өмір сүрген болса, ал М.Г. Сириустың 1924 жылғы жүргізген санағы бойынша қазақтар саны 1965 443 әрең жетіп жығылған» — деген мәліметтер көрсетілген [1, 260 б.]. Ал, белгілі демограф—ғалым М. Тәтімовтің есептеуінше "1931–1933 жж. ашаршылық Қазақстанда өмір сүрген 2,5 млн адамның, соның ішінде 2,3 млн қазақтардың және 200 мың келімсектердің қайтыс болғаны анықталды. Отырықшы келімсектер арасында аштықтан өлгендер 10%—ға жетсе, көшпенді қазақтар арасында бұл көрсеткіш 52—53%—тен асып кеткен. Осыдан 17–18% жергілікті тұрғындардың Қазақстаннан біржола көшіп кеткен"—деген мәліметтерді есепке алсақ, қазақ халқының саны өз жерінде осы кезеңде 70% дейін кемігені көрінеді
54. Казак зиялыларынын сталиндік саясатка карсы идеялык-саяси куресіне сипаттама берініз
1930 жылдары Кеңес Одағында социалистік қатынастар қалыптасып, сталиндік тоталитарлық жүйе толық орнықты.
1928 жылы Кеңес үкіметінің басшылығына келген И. Сталин 1929 жылды «ұлы бетбұрыс» жылы деп атады. Халықтың есінде ешбір жазықсыз миллиондаған адамның өмірін әкеткен сталинизмнің «ұлы бетбұрыс» кезеңі мәңгі қалды.
БК(б)П ОК-нің 1923 жылғы маусымда өткен мәжілісінен кейін ұлттық идеялардың көріністерін қатаң қуғындау басталды. Ұлт зиялыларының өкілдері ұлтшыл басмашылармен байланыс және Кеңес үкіметін құлатуға ұмтылғандары үшін айыпталды, қуғын-сүргінге ұшырады. 1922 жылы басшылық қызметтегі «Алаш» партиясының бұрынғы мүшелері орындарынан қуылып, ал 1924 жылы бірқатар қазақ коммунисі республикадан Орталыққа шақыртылып алынды. Қазақстандағы 1920-1940 жылдардағы қоғамдық-саяси жағдайдың күрделілігі В.И. Лениннің ізбасарлары И. Сталин мен Л. Троцкий және басқалардың арасындағы билік, көсемдік үшін тайталаспен ерекшеленді.
Аштық пен жаппай қуғын-сүргін, тоталитарлық режимнің жазықсыз адамдарды қуғындауы мен күштеп жер аударуы осы жылдардағы басты оқиғалар болды.
Ғалым тарихшылардың есебі бойынша, КСРО көлемінде 1926-1940 жылдар аралығында 19 млн 840 мың адам «халық жауы» ретінде ұсталып, осылардың 7 млн-ы атылған. Одан кейінгі Ұлы Отан соғыс жылдарындағы сатқындарды жазалау, 1952-54 жылдары ұлтшылдыққа қарсы көтерілген науқан, барлығын қосқанда 32 млн адам жазалауға іліккен. Осылардың 10-12 млн-ы қандай бір жағдаймен өлтірілген.
Халық жауларының» көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғарғы Сотының Әскери алқасының мәжілістерінде, «екілік» пен «үштік» атанғандар мен НКВД-ның ерекше кеңестерінде құпия жағдайда шешіліп жатты. 1930 жылдардың ортасында Л. Мирзоян, Ү. Құлымбетов, Н. Нұрмақов, Т. Рысқұлов. О. Жандосов, Т. Жүргенов сынды көрнекті партия және мемлекет қайраткерлері «халық жаулары» ретінде тұтқындалды.з(1920-1930 жж.).
1937-1938 жылдары лаңкестік жаппай сипат алды. Ұлт зиялылары “халық жаулары” деп айыпталып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Қазақ-кеңес əдебиетінің көрнекті тұлғалары – С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіров, М.Жұмабаев, М.Дулатұлы жазаға ұшырады. Жазалау шараларының құрбандары: қазақ тілі білімінің ғылыми маркстік негізін салушы А.Байтұрсынұлы, тілтанушы ғалым, профессор Қ.Жұбанов, қазақтың тарихи білімінің негізін салушы С.Асфендияров, КСРО Ғылым академиясы Қазақ филиалы басшыларының бірі М.Төлепов.
55.Қазақстандағы «Кіші Қазан» идеясына талдау жасаңыз. Тоталитарлық жүйенің орнатылуы
Қазақстанда тоталитарлық жүйенің нығаюы 1925 жылдың күзінде өлкелік партия ұйымының басшысы болып сайланған Ф.И.Голощекиннің есімімен байланысты еді. Кәсіпқой революционер, патша отбасының атылуын ұйымдастырушылардың бірі болған Голощекин Қазақстанның астанасы Қызылордаға келіп түскен бойда, бірден «қазақ ауылында Кеңес өкіметінің жоқ» екенін, «ауылда Кіші Қазан» өткізу керектігін мәлімдеді. Негізгі міндет ретінде әлеуметтік саралауды жою арқылы дәстүрлі қауымдастықты бұзу жарияланды. 

1925-1933 жылдар арасында Қазақ өлкелік партия комитетінің 1-хатшысы қызметіне Голощекин келуімен социализмнің бұрмалануы күшейе түсті, Аймақтық көсемшілдік идеясын ұстанды, Қазақ ауылы Қазан лебін сезінген жоқ, сондықтан Кіші Қазан төңкерісін жасау қажет деген идеясын насихаттады, Бұл бағыт елде елеулі қарсылыққа ұшырады, Сол жағдайда Голощекин Сталинге хат жолдап, елдегі жағдайды жасап берді, Сталин жауап ретінде Голощекинге сіз жасаған жоспарыңыз бірден-бір дұрыс саясат деп ойлаймын деген жауап алды, Бұл Голощекин үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік туды, Кіші Қазан идеясының негізгі бағыты 2 топақ бөлінді, 1 Елдегі өнеркәсіп саласын ұсақ және орташа деңгейге бағыттап, дамыту, 2 Елді шикізат аймағына айналдыру, Ірі саяси кайраткер және экономист Смағұл Сәдуақасов Кіші Қазан бағытына қарсы шығып, өз идеясын ұсынды 1 Өнеркәсіпті шикізат көзіне жақындату, 2 Қазақстанды ірі өнеркәсіп еліне айналдыру, Индустрияландыру жолдары туралы пікірсайыс барысында кереғар көзқарастар қалыптасты, - Түйеден социализмге өту мүмкін емес, далада фабрикалар мен зауыттар салу шамадан тыс нәрсе, ұлттық өзіндік ерекшелікті жояды, Қазақтар отар болып келді және солай болып қалады - деп күйінішпен жазады Садуақасов, Қазақтандыру өндірісті қымбаттатып жібереді, Қазақтармен өнеркәсіп-қаржы жоспарын орындау мүмкін емес, Жергілікті мамандардың индустрияландыруды жүзеге асыру кезіндегі ұсыныстары ескерілмеді, Голощекин, Құрамысов бұларды - Сәдуақасов пен Мыңбаев және сыбайластары жергілікті ұлтшылдық көрініс деп бағалады, Кейбір экономистердің өндіргіш күштердің даму деңгейне, еңбек қорының дәрежесіне сәйкес келетін индустрияландыру қарқыны туралы шақыруларын ұлы державалық шовинизм көрінісі деп есептед


56. 1930-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірге талдау жасаңыз. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының құрылуы




20-30жылдар кезеңінің қорытындысы
Тиімдіжағы:
1. Қазақ халқының саяси теңдікке территориялық автономия құқығына қолы жетті.
2. Индустриясы жедел дамыды ,
3. Мәдениет, білім беру саласында табыстарға қол жетті.

Тиімсіз жағы:
1. Экономика мен мәдениет саласында қол жеткен табыстар тым қымбатқа түсті.
2. Тоталитарлық, казармалық жүйе орнықты.
3. Қоғамдағы табыстар сталиндік қатал идеологиялық қыспақ қоршауында қалды.


Қазақ КСР – інің құрылуы.
1936 жылғы желтоқсанның 5–інде КСРО Кеңестерінің Төтенше VIII съезі Кеңес мемлекетінің жаңа негізгі заңын – КСРО Конституциясын қабылдады. Он бір Одақтас республикасының социалистік федерациясы құрамына автономиялы республикадан одақтас республика етіп қайта құрылған Қазақ
Кеңестік Социалистік Республикасы да енді.

1937 жылдың наурыз айында Қазақстан Кеңестерінің Төтенше X съезі қабылдаған Конституциясында - Республикасының саяси негізі – еңбекшілер депутаттарының Кеңестері:

- Республиканың экономикалық негізі – социалистік шаруашылық жүйесі және өндіріс құралдары мен құрал – жабдықтарына социалистік меншік деп атап өтілді. Қазақ КСР – і КСРО құрамына ерікті негізде енді және мемлекеттік, экономикалық, мәдени құрылыс міндеттерін шешуде барлық құқықтарға ие болды. Қазақстан жалпыодақтық еңбек бөлісінде өз орнын алды.

1937 жылғы желтоқсанда КСРО Жоғарғы Кеңестің сайлауы өткізілді. Оған республикадан 44 депутат сайланды.

1938 жылғы маусым - Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің сайлауы өткізілді. Оған барлығы 300 депутат сайланды: 112 – сі жұмысшы; 116 – сы колхозшы; 152 – сі қазақ; 60 – сы әйел, оның 27 – сі қазақ әйелі.

1938 жылғы 15 шілде - Қазақ КСР – і Жоғарғы Кеңесінің бірінші сессиясы болып, оны Ж. Жабаев ашты. 1939 жылғы желтоқсан – жергілікті Кеңестерінің сайлауы өткізіліп, оған 48762 депутат сайланды.
57. 1930-1950 жж. саяси қуғындауға ұшыраған қазақстандық зиялыларды атаңыз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет