Қазақстандағы орта білім: жағдайы және болашағЫ


 Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу-тәрбие



Pdf көрінісі
бет12/16
Дата18.03.2017
өлшемі5,16 Mb.
#10044
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

6 Бастауыш, негізгі және жалпы орта білім беру деңгейлеріндегі оқу-тәрбие 
үдерісі: тәжірибелер және инновациялар  
 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 
жүйесінің басты  міндеті  – ұлттық және  азаматтық  құндылықтар  мен практика 
жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 
бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 
технологияларын  енгізу,  білім  беруді  ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 
коммуникациялық желіге шығу» - делінген [12].  
Білім  берудің  жаңа  парадигмасы  бүгінгі  күннің  сабағына  өзінің  әсерін 
тигізуде,  инновациялық  педагогикалық  және  ақпараттық-коммуникациялық 
технологияларды қолдану білім берудің жаңа мазмұнын енгізуді талап етуде.  
Оқытудың жаңа технологиялары педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың 
жүйелі  тұтас  құралы  ретінде  тиімді  пайдалану  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын 
жақсарту, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.  
Зерттеуші-ғалым  В.П. 
Беспалько: 
«Педагогикалық 
технологияны 
оқушының  жеке  тұлғалық  қалыптасу  процесінің  жалпы  жобасы  оқыту 
мақсаттарына  жетудің  кепілі»,  -  десе  [38],  ал,  А.Я.  Савельев  оқыту 
технологиясын  оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  білім  мазмұнын  іске 
асыратын құрал ретінде қарастырады [39].  
Оқыту технологиясын жобалау мәселесі, оқыту әдістерін таңдау дидактика 
үшін  өте  маңызды.  Әдістерді  таңдауда  белгілі  дидакт  Ю.К.Бабанскийдің 
ұсынған  өлшемдерін  басшылыққа  алуға  болады:  оқыту  әдістерінің  оқыту 
қағидалары  мен  заңдылықтарына  сәйкестік  өлшемі;  оқыту  әдістерінің  оқу 
материалдарының  мазмұнына,  оның  өзіндік  ерекшелігіне  сәйкестік  өлшемі; 
әдістерді таңдауда оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру өлшемі [40].  
Педагогикалық  технология  өзінің  айқын  түсініктілігімен,  мұғалім 
меңгеруіне  жеңілділігімен,  оқыту  үдерісінде  қолдану  тиімділігімен  және 
әмбебаптылығымен  ерекшеленеді.  Сонымен,  педагогикалық  технология 
оқытудың  тиімді  жолдары  арқылы  оқыту  үдерісінде  қолданылатын  әдістер, 
тәсілдер мен қағидаларды іріктеу болып табылады.  
Қазіргі таңда республикамыздың жалпы білім беретін мектептерінің басым 
көпшілігенде дәстүрлі оқыту технологиясы қолданылады.  
Бүгінгі  таңда  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сәйкес  оқу 
үрдісін  ұйымдастыру  жаңа  педагогикалық  технологияларды  ендіруді 
міндеттейді.  
-  болашақ  мұғалімдерді  ақпаратты  қоғам  жағдайында  оқып  білім  алуға, 
өмір сүруге бейімдеу;  
-  жаңа  ақпараттық  және  телекоммуникациялық  технологияға  бейімделген 
білім берудің ғылыми әдістемелік базасын жасау, білім беру жүйесін жақсарту;  
-  дүниежүзілік  ақпараттық  білім  кеңістігіне  орта  білім  беру  мен  жоғары 
білім беру жүйесін сәйкестендіре отырып кіріктіру;  
-  білім  берудің  иллюстративтік  түсіндірмелі  жүйесін  дамыта  оқыту 
жүйесіне көшу.  
Осыған  орай,  оқу-тәрбие  үрдісін  жетілдірудің  қазіргі  технологияларын 

169 
жетілдіріп,  мектепте  сабақ  беруде  қолдану  арқылы  білім  сапасын  жақсартуға 
болатындығына басым бағыт берілуде.  
Оқыту  түрі  өз  негізіне  алынған  педагогикалық  технология  сипатымен 
анықталады.  
Түсіндірме-көрнекілік  (дәстүрлі,  ақпарат  жеткізу)  оқыту  түрі.  Мұндай 
оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға 
дайын  материалды  ұсынады,  шәкірттер  ақпаратты  сол  күйінде  қабылдайды, 
қайталап айтып береді.  
Проблемалы  оқытуда  ұстаз  басшылығында  оқу,  дәріске  байланысты 
мәселелерді  шешу  үшін  оқушылардың  өз  бетінше  оқу-ізденіс  қызметтері 
ұйымдастырылады. Бұл оқу түрінің тиімділігі көптарапты: жаңа білім, ептілік, 
дағды 
қалыптасады, 
балалардың 
қабілеті, 
белсенділігі, 
танымдық 
қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі және басқа да тұлғалық маңызды сапа- 
қасиеттері дамиды.  
Дамытушы  оқу  түрі  оқушылардың  білім,  ептілік  және  дағдыларының 
күннен-күнге  арта  түсуіне  қажет  ішкі  психологиялық  жағдаяттардың  (зейін, 
түйсік, қабылдау, ес, ойлау, сөйлеу және т.б.) жетіліп баруын қамтамасыз етеді. 
Оқу  жедел  қарқынмен  жоғары  деңгейде  жүреді,  білім  игеру  үдерісі  саналы, 
мақсатты  және  жүйелі  құрылып,  негізінен,  теориялық  ақпарат,  мәліметтерді 
меңгеруге бағытталады.  
Шығармашыл (эвристикалық) – оқу проблемді және шығармашыл оқудың 
басты  қағидаттарына  негізделеді.  Бұл  оқуда  оқушының  білімдік  табыстары 
белгіленген  ғылыми  білімдер  кеңістігіндегі  оның  тұлғалық  шығармашыл 
қабілеттерінің  өзінше  іске  қосылуымен  тікелей  байланысты.  Осыдан,  мұғалім 
міндеті  –  баланың  барша  ұнамды  адами  қасиеттерінің  (нышан,  талант,  дарын, 
т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру үдерісіне қоса білу.  
Тұлғалық  бағдарлы  оқудың  мәні  –  білімдену  бағдарламалары  мен  оқу 
үдерісі  әр  оқушының  жеке  өзіне  тән  танымдық  ерекшеліктерін  ескерумен 
түзіледі әрі іске асырылады.  
Компьютерлік  оқу  және  оқыту  қызметтері  электронды  есептеу 
машиналарының  кері  байланысты  оқыту  –  бақылау  бағдарламаларына 
негізделеді.  ЭЕМ  оқу  үдерісіндегі  білім  мазмұнының  игеріліп  жатқандығы 
жөнінде кері ақпараттың дәл әрі молдығынан даралап оқуды күшейтеді.  
Модульдік  оқытуда  –  білімдік  ақпараттың  шағын  дидактикалық 
бөлшегінің – модульдің көп тарапты қызметтер атқаруынан білім мазмұнының 
тұтастай игерілуін қамтамасыз етуге болады.  
Қашықтықтан  оқыту  түрі  қазіргі  заман  телебайланыс  жүйесін 
пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.  
Сондықтан,  мектептегі  әрбір  пәнді  оқыту  технологиясын  таңдап,  іріктеу 
және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін 
арттыруға болады. Мұнда оқушының әрекет технологияны қабылдауы, ынтасы, 
құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.  
Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған 
тән  құралдар  мен  механизмдерді  өзгертіп  қана  қою  емес,  құндылықтар 
бағытын, білім, білік, дағдыны қалыптастыруымен сипатталады. Білім берудегі 

170 
жаңа  технологиялардың  негізгі  сипаты  -  ізгілендіру.  Білімдік  технологиялар 
жеке  тұлғаны  ұйымдастыруға  бағытталады,  онда  жеке  пәндердің  білімдік 
дәрежесі  өзгеріп,  олар  қоршаған  ортаны  танудың  құралына  айналады, 
оқушылардың  дүниетанымы  кеңейеді,  дамиды.  Мұндағы  басты  мәселе  білім 
мазмұнын 
байытуға 
бағытталған 
белсенді 
танымдық 
әдістерді 
қалыптастыратын жаңа технологияларды жасап, оны тәжірибеге ендіру.  
Қазіргі кезде мектептің оқу-тәрбие үдерісінде 50-ден астам педагогикалық 
технологиялардың қолданылып жүргені мәлім.  
Еліміздегі  мектептерді  шартты  түрде  екі  топқа  бөлуге  болады: 
қазақстандық  және  халықаралық.  Біріншісі  әртүрлі  белгілі  педагогикалық 
әдістерді,  сондай-ақ  оқытудың  ресми  авторлық  бағдарламаларын  кіріктіріп, 
қандай  да  бір  пәнді  тереңдетіп  оқытатын  мектепті  көрсетеді.  Екіншісі 
халықаралық білім беру стандарттары бойынша жұмыс істейді және мектептің 
білім беру сапасының мазмұны кең көлемді халықаралық білім беру желісіне, 
жүйесіне немесе бағдарламасына «кіріктірілген».  
Жалпы білім беретін мектептерде деңгейлеп оқыту технологиясы (Қараев 
Ж.Д.),  жүйелік  негізде  оқыту  технологиясы  (Ғалиев  Г.Г.),  шоғырландырып-
қарқынды  оқыту  технологиясы  (Әбдіғәлиев  Қ.А.,  Нурахметов  Н.Н.),  бөлімдік-
модульдік технологиясы (Жампейісова М.Н.) және т.б. қолдау табуда.  
Оқыту  технологияларының  қайсысын болмасын  пайдалану  жеңіл  іс  емес, 
ол  оқытушыдан  білімділікті,  іскерлікті,  еңбекқорлықты,  шығармашылықты, 
құнттылықты, жаңашылдықты және мол дайындықты қажет етеді.  
Дамыта  оқытудың  бір  түрі  ‒  модульдік  оқыту  технологиясы.  Модульдік 
оқытудың  негізгі  ұғымы  –  модуль.  Модуль  адамның  өзін-өзі  дамытуының 
тәсілі,  мөлшері.  Модульдік  оқытуда  білім  мазмұнын,  білімді  игеру  қарқынын, 
өздігінен жұмыс істей алу мүмкіндігін, оқытудың әдістері мен тәсілдері арқылы 
оқу  әрекетінің  дербестігін  қамтамасыз  етеді.  Ғалым  З.Б.  Бейсембаеваның 
пайымдауынша,  модуль  ‒  әрекеттің  мақсатты  жоспары,  ақпараттар  банкі  мен 
дидактикалық  мақсатқа  жету  үшін  материал  мазмұнын  жекелеудің  жолы,  өз 
бетімен  жұмыс  жасаудың  деңгейі  [41].  Ал,  ғалым  М.М.Жампейісова  оқыту 
технологиясының 
бірнеше 
ерекшеліктеріне 
тоқталды: 
оқыту 
технологияларының білімді меңгертуге емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін 
және  танымдық  үдерістерді,  (есту,  көру,  қимыл,  т.б)  ойлауды,  ынтаны, 
қабылдау  қабілетін  арнайы  жасалған  оқу  және  танымдық  жағдайлар  арқылы 
дамытуға,  шығармашылық  қажеттіліктерін  қанағаттандыруға,  белсенді  сөздік 
қорын  (ауызша  және  жазбаша)  дамытуға  бағытталуы,  сонымен  қатар 
оқушылармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндіктеріне байланысты. 
Сонымен  қатар,  автор  модульдік оқытудың  құрылымына  тоқталып,  модульдік 
оқыту  технологияларын  меңгеру  әдістемесінің  негізгі  шарттарын,  негізгі 
қағидаларын  ұстанды.  Дидактиканың  негізгі  талдаптарына  байланысты 
бірқатар  өзгерістер  енгізді.  Олар  оқушыларды  оқытуға  емес,  тұлғалық 
бағыттылығын  ұйымдастыру,  танымдық  қызметін  ұйымдастыру,  оқу  үдерісін 
өзара сөйлесу негізінде құру деп көрсеткен [42].  
Модульдік оқу технологиясының негізгі идеялары:  
-  модульдік  оқыту  іс-әрекет  принципіне  негізделген,  оқушының  белсенді 

171 
іс-әрекеті  жүйелі  болғанда  ғана  білім  мазмұны  саналы  меңгеріледі.  Мұғалім 
дайындаған  тапсырмалар  оқушыларды  оқу  мақсатына  бағыттап,  оның  жаңа 
білімді 
қабылдауына 
жағдай 
жасайды. 
Модульдік 
технологияның 
психологиялық  негізіне  Л.С.  Выготскийдің  «Оқыту  процесінде  оқушының 
ақыл-ойының  дамуы»,  «жақын  арадағы  даму»  аймағынан  «актуальды  даму» 
аймағына  ауысуы  туралы  теориясы  алынды.  Оқушы  мұғалімнің  немесе 
сыныптас  жолдастарының  көмегімен  тапсырманы  орындайтын  болса,  (көмек 
беру,  бағыт  көрсету),  онда  ол  өзінің  «жақын  даму»  аймағында  деп  саналады. 
Бұл  баланың  психикалық  функциясының  жетілуіне  септігін  тигізеді.  Себебі: 
бүгін  қасындағылардың  (мұғалім,  сыныптас  жолдастары)  көмегі.  Модульдік 
оқыту  технологиясында  оқу  материалдарын  мөлшерлеп  беру  арқылы  білім 
мазмұнын  жетелеуге,  оны  игерудің  қарқынын,  жолын,  әдіс-тәсілін  жекелеуге, 
оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын жекелеуге мүмкіндік туады.  
Ж.А.  Қараевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  педагогикалық 
технологиясы  қазір  Қазақстанның  бар  аймағында  ғылыми–тәжірбиеден, 
сынақтан  өтіп,  оқыту  жүйесінің  белсенді  әдісіне  айналды.  Үш  өлшемді 
әдістемелік  жүйеде,  оқыту  келесі  формула  бойынша  анықталады:  мақсат  –
мотив - іс-әрекет- рефлексия -теориялық білім. Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту 
жүйесі  туралы  іліміне  сүйеніп,  әр  пән  бойынша  деңгейлік  тапсырмалар 
дайындауға  болады.  Жалпы  сабақ  жоспарын  кейінгі  кезде  мұғалімдер  көбіне 
Ж.Қараевтың  деңгейлеп-саралап  оқыту  технологиясы  бойынша  дайындайды. 
Ол  оқушылардың  тақырыпты  меңгеру  үшін  өздігінен  танып,  іздену  іс-
әрекеттерін  меңгертуді  талап  етеді.  Бұл  технологияда  бірінші  орында  оқушы 
тұрады және өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.  
Ж.  Қараевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  технологиясының 
дидактикалық матрицасының әр деңгейінің сипаттамасына сай білімді меңгеру 
деңгейлерінің талаптарын ұсынамыз:  
1-деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей:  

 
 жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, ережелер т.б.  

 
 алдыңғы  сабақта  жаңадан  меңгерілген  білімнің  өзін  өзгертпей  қайталап, 
пысықтауға арналған сұрақтар;  

 
 тапсырмалар  жаңа  тақырып  үшін  тиімді  және  өмірмен  байланысты 
болуы  керек.  Жаратылыстану  пәндерінде  мұндай  талаптар  жаңа  тақырыпты 
игеру  соңында  орындалатын  ұқсас  тапсырмалар  құру  арқылы  жүзеге 
асырылады  және  олар  оқушының  өзі  қорытып  шығарған  ереже,  анықтама, 
заңдарын бекітуге арналады.  
2-деңгей:  алгоритмдік  деңгей  –  елеулі  белгілерді  есте  сақтау  дағдысына 
негізделеді:  

 
 өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген 
тапсырмалар,  бірақ  оларды  орындау  үшін  алған  білімдерін  түрлендіріп, 
тереңдете  пайдалануды  қажет  етеді.  Жаратылыстануда  мұндай  іс-әрекетке 
келтірілетін  тапсырмалар:  мәтінмен  берілген  есептер,  тапсырмалар,  сұрақтар, 
тәжірибелер т.с.с.  

 
 оқушының  ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін  тапсырмалар.  Оларда 
біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы 

172 
болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.  
3-деңгей:  тапсырмалары  –  эвристикалық  танымдық  іздену  түрінде 
орындалатын тапсырмалар:  

 
 танымдық  іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырмаларды  орындау 
барысында  оқушылар  жаңа  тақырып  бойынша  меңгерген  алғашқы  қарапайым 
білімдерін  (заңдылықтар  шығару,  анықтамалар,  формулаларды  жаттау,  т.с.с.) 
жетілдіріп,  тереңдетумен  қатар,  ол  тағы  да  жаңа  білімді  меңгеріп,  өзі  үшін 
жаңалық  ашуы  тиіс.  Мұнадай  жұмыс  –  анализ  бен  синтез,  салыстыру  арқылы 
тақырыптағы негізгі  білімді  анықтау,  қорытындылау,  әртүрлі  әдіс-тәсілдермен 
есептер шығару, ребустар, сөзжұмбақтар құрастыру, проблемалық жағдайларды 
шешу, дағды қалыптастыруға арналған сұрақтар;  

 
 өздігінен мысалдар мен есептер, сұрақтар құрастыру және оны өздігінен 
шығару,  өмірден  алынған  мәліметтер  негізінде  диаграмма,  графиктер  салу, 
жергілікті жағдайда өлшеу жұмыстарын жүргізу, көрнекі құралдар дайындауға 
берілетін тапсырмалар.  
4-деңгей: шығармашылық деңгей:  

 
 оқушылардың  жинаған  өмірлік  тәжірибесі  мен  қалыптастырған  ұғым, 
түсініктерінің,  қиялы  мен  белсенді  ой  еңбегінің  нәтижесінде  жаңаша,  белгілі 
бір  дәрежеде  олардың  жеке  басының  икемділігін  байқататын  дүние  жасап 
шығуына  негізделген:  теореманы  дәлелдеу,  заңдылықтарды  мұғалімнің 
көмегінсіз қорытып шығару, олимпиадалық тапсырмаларды орындау, өздігінен 
тақырыпқа реферат, баяндамалар дайындау [43].  
Г.Г.  Ғалиев  «Жүйелік  негізде  оқыту  технологиясы»  оқушылардың 
біліктілігі  мен  икемділігін  қалыптастыру  сабақ  үстінде  және  үйге  немесе 
сабақтан  тыс  уақыттарда  берілетін  шығармашылық  тапсырмаларды  орындау 
кезінде  жүзеге  асырылады.  Мұндай  тапсырмаларды  орындату  және  оларды 
ұжым  алдында  қорғату  сабақтың  тиімділігін,  оқушылардың  білім  сапасын 
арттырады және сабақтың дамытушылық мүмкіндіктерін кеңейтеді.  
Қойылған  міндеттерге  жету  жолында  мынадай  зерттеу  әдістері 
қолданылды:  ғылыми-әдістемелік,  психологиялық-педагогикалық  әдебиеттерді 
зерделеу;  оқулықтар  мен  оқу  құралдарын,  осы  технология  бойынша 
жинақталған  отандық  және  шетелдік  педагогикалық  тәжірибелерді  зерттеу, 
зерделеу,  бақылау,  оқытушылық  тәжірибе.  Жүйелік  тәсіл  технологиясын 
қолдану  бүгінгі күні  әлеуметтік-экономикалық  жағдайда бәсекелеске  қабілетті 
маманды  дайындау  мақсатын  жүзеге  асырумен,  оқу  үрдісіне  жаңа 
педагогикалық  технологияларды  енгізу  және  оқушының  танымдық  және 
шығармашылық  қабілетін,  меңгерген  білім  мен  дағдысын  практикада  қолдану 
біліктілігін дамыту және қолдаумен анықталады.  
Технология бойынша оқыту үздіксіз дидактикалық ойын түрінде құрылады 
және  бірнеше  кезеңнен  тұрады.  Бірінші  кезеңде  оқушылардың  танымдық 
қызметке  дайындығын  анықтау  және  білімді  түзету  мақсатында  білім  мен 
біліктіліктің  кірістік  тексерілуі  жүргізіледі.  Екінші  кезеңде  өзіндік  жұмысты 
жоспарлау  жүргізіледі.  Оқушылар  білімді  тексеруге  арналған  сұрақтардан 
тұратын өзін-өзі басқару карточкаларымен танысады. Үшінші кезеңде жүйелік-
құрылымдық  талдау  және  жалпылау  (анализ  және  синтез)  көмегімен  білімнің 

173 
теориялық  жалпылануы  жасалады,  тақырып  бойынша  меңгерілген  білім 
иерархиялық  өзара  байланыстарын  көрсету  арқылы  тұтас  бейне  түріндегі 
белгілі бір жүйеге келтіріледі.  
Бұл  технология  оқу  материалының  құрылымдануы  мен  оқушыларды 
ғылыми таным әдісіне үйретуді үйлестіреді. Білім жүйесін құру үшін әуелі пән 
саласының әртүрлі жақтарын сипаттайтын және түсіндіретін білім элементтерін 
анықтайды.  Кейін  осы  элементтер  арасындағы  байланыстарды  тағайындайды. 
Ал бұл білім кешенін біртұтас жүйе ретінде біртіндеп баяндау және меңгеруді 
қамтамасыз етеді.  
Жүйелік 
тәсіл 
технологиясымен 
оқыту 
төмендегі 
сүлбе 
бойынша жүргізіледі:  
Оқытушы  сабақтың  дидактикалық  мақсаты  негізінде  оқу  материалының 
мазмұнын,  оқытудың  әдіс-тәсілдерін,  сабақты  өткізу  пішімдерін  таңдап, 
сабақты  әзірлейді.  Сабақты  баяндау  барысында  тақырып  бойынша  әзірленген 
көрнекіліктерді  пайдалану  арқылы  үйретілетін  материалды  жан-жақты 
қарастырады:  сыртқы  әсер  ету  факторлары  және  оларды  ескеру,  тақырып 
бойынша  туатын  мәселелерді  шешу,  өмірмен  байланыс,  зерттеулер  жүргізу 
және отандық тәжірибе). Материалдың білімдік элементтерін анықтау бойынша 
шығармашылық  тапсырмалар  береді.  Тақырыпты  бекіту  өзін-өзі  басқару 
карточкаларының  және  оқу  карталарындағы  үш  деңгейлі  тапсырмаларын 
орындау негізінде жасалады.  
Қ.А.  Әбдіғәлиев  «Шоғырландырып-қарқынды  оқыту  технологиясы» 
зертханалық 
жұмыс 
барысында 
оқушылардың 
өздерінің 
ізденуіне, 
талқылауына,  жоспарлануына  негізделген.  «Шоғырландырып  -  қарқынды 
дамыту»  технологиясы  әлемдік  көзқарасты  қалыптастыруда  тиімді  оқыту 
технологиясы  болып  табылады,  себебі:  зертханалық  жұмыс  барысында 
оқушылардың  сыни  тұрғыдан  ойлау  және  шығармашылық  қабілеттерінің 
артуына  көмегін  тигізеді.  Проблеманы  оқушылар  өз  бетінше  шешуінен  алған 
білімінің нәтижесін қолдануына сенімділіктері артады.  
Шоғырландырып – қарқынды оқыту технологиясының тиімділігі:  
1.
 
Оқушылардың 
білім 
алуын 
психологиялық 
ерекшеліктерімен 
байланыстыра игеруге мүмкіндік береді.  
2.
 
Өткен  материалды-  бір  күн  ішінде  бірнеше  қайтара  қолдану  арқылы 
түсіну, қайтадан оқу қабілеттері артады.  
3.
 
Өздері  жұптық-топтық  жұмыстар  жасау  негізінде-  әдіс-тәсілдік 
ерекшеліктер деңгейі артады.  
Шоғырландырып- қарқынды оқыту технологиясын тиімді пайдалану үшін 
мұғалімнің  жоғары  талабы  мен  оқушылардың  дайындығы  жоғары  деңгейде 
болуы керек. Білім сапасының нәтижесі оқытудың дәстүрлі репродуктивті және 
түсіндірмелі әдісіне қарағанда жоғары көрсеткіштерге ие болатыны анық.  
Бүгінгі  таңда  жаңа  технологияларды  оқу  үдерісінде  қолдануда 
халықаралық мектептер мол тәжірибе жинақтаған. Қазақстандық және әлемдік 
білім  беру  жүйелерінің  үздік  дәстүрін  үйлестіріп  мектепте  білім  берудің 
инновациялық моделін қалыптастыруда[44].  
Солардың  бірі  «Haileybury  Almaty»  мектебі.  Онда  білім  беру  –  тұлғаның 

174 
жекелеме  таңдауы  және  ұжымдық  оқыту  қағидасымен  сараланып  оқытылады. 
Әр  оқушының  жас  ерекшелігін  және  қабілетін  ескере  отырып  апта  сайын 
арнайы  сабақ  кестесі  жасалынған.  Тереңдетіп  оқыту  үшін  кейбір  пәндерден 
топтарға  бөлінген.  Ол  үшін  білім  беру  бағдарламасының  орталығы  жұмыс 
жасайды, студенттерге кең деңгейлі оқыту тренингтерін ұсынады.  
Дайындық тобы бөлімінен (Crèche-тегі) бастап бүлдіршіндердің өнер және 
музыка  саласындағы  мамандардан  да  тәлім  алуға  мүмкіндіктері  бар.  Бөбектер 
(Nursery)  топтары  мектеп  формасын  киіп,  мектеп  жиналыстарына  қатысып,  әр 
тоқсандық  және  пәнаралық  тақырыптарды  оқып  үйренуге  байланысты 
сабақтың  барынша  құрылымды  ережелерін  сақтайды.  Кіріспе  сабақтары 
барынша  көрнекілік  сабақтар  мен  оқу,  жазу,  қарапайым  математика  сияқты 
оқыту  құралдарына  қол  жеткізуге  көбірек  көңіл  бөлу  арқылы  ресми  мектеп 
ұғымын таныстырудан бастайды. Ағылшын тілі бірінші болып таныстырылады: 
кітапханашының  тұрақты  келіп  тұруы;  әңгімелер  тыңдау.  Барлық  оқушыларға 
қазақ  және  орыс  тілдері  сабақтары  жүргізіледі.  Аптасына  екі  рет  дене 
шынықтыру және бейнелеу өнері сабақтары жүреді.  
Ки  Стейдж  Бірде  Дайындық  тобының  жалғастырушы.  Оқу  жоспары 
Англия және Уэльс Ұлттық Оқу жоспарына негізделген. Пәнаралық сілтемелер 
барынша білім өрісін кеңейту және сөздің мәнмәтіндік мағынасын үйрену үшін 
жасалған.  Ағылшын  тілін  жетік  меңгерген  оқытушылар  оқушыларға 
математика  мен  ағылшын  тілі,  ғылым,  тарих  пен  география,  дизайн  мен 
технология  және  өнер  пәндерінен  сабақ  береді.  Сонымен  қатар  оқушыларға 
қазақ,  орыс  тілдері,  бейнелеу  өнері,  дене  шынықтыру,  ақпараттық  технология 
және  музыка  пәндерінің  білікті  оқытушылары  тәлім  береді.  Ағылшын,  қазақ, 
орыс  тілдерімен  бірге,  испан  және  қытай  тілдері  де  ең  қажетті  әлем  тілдері 
болып  табылады.  Осы  таңдамалы  (ерікті  түрде  оқытылатын)  тілдерді  енгізу 
арқылы пәндер ұсынысы кең өріс алады.  
Ки  Стейджде  оқушыларға  алуан  түрлі  музыкалық  аспаптарда  ойнау 
мүмкіндігі  туады.  Ки  Стейдж  әрбір  баланың  өз  бетінше  жұмыс  істеп, 
жауапкершіліктерін  арттыруға  жігер  беру  үшін  ата-ана  және  баламен  бірігіп 
жұмыс істейміз.  
Әр стейджде екі сыныптан, әр сыныптың өз тәжірибелі оқытушысы және 
оқытушы  көмекшісі  бар.  Туғызылып  отырған  осындай  жағдай  оқушылардың 
Хэйлибери  Астана  мектебінде  тәлім  алып,  өсіп-жетілу  барысында  әр 
оқушының  қажеттілігі  мен  жеке  қабілеттеріне  толықтай  көңіл  бөлу 
мүмкіндігін береді.  
Ки  Стейдж  Екіде  көлемі  үлкен  оқу  жоспарын  ұсына  отырып,  оқуын 
Англия  және  Уэльс  Ұлттық  оқу  бағдарламасы  бойынша  жалғастырады,  бірақ 
өнер, дизайн технологиясы, дене шынықтыру, ақпараттық технология, музыка, 
драма, қазақ, қытай, испан және орыс тілдері сияқты көптеген пәндерден кәсіби 
оқытушылар  сабақ  береді.  Барлық  сыныптарда  қазақ,  орыс  және  ағылшын 
тілдерінде  сөйлейтін  оқытушы  көмекшісі  өз  көмегін  көрсететін  болады.  Кең 
көлемді Сыныптан тыс іс-шаралар бағдарламасы балалардың оригами (қағаздан 
фигуралар  жасау  өнері),  домбыра  оркестрі  не  регби  (доп  ойыны)  сияқты  әр 
түрлі іс-шаралармен айналысуына мүмкіндік туғызады.  

175 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет