Қазіргі заманғЫ Қазақ тілінің негізі


БЕЛГІСІЗДІК БОЛЫМСЫЗДЫҚ



бет21/31
Дата08.03.2022
өлшемі0,98 Mb.
#27264
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31
БЕЛГІСІЗДІК

БОЛЫМСЫЗДЫҚ

ЖАЛПЫЛАУ


Жіктеу есімдіктері өзгесіне қарағанда сан жағынан аз болғанымен (8), адамға қатысты әрі пікір алысуда жақтық қатынаста өте жиі жұмсалатыны – жіктеу есімдіктері. Олар: мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар.

Сілтеу есімдіктері есімдіктер ішінде сілтеу, меңзеу, нұсқау, көрсету мағынасында жұмсалып, қай? қайсы? деген сұрақтарға жауап береді: сона, сонау, түу, міне, әне, осы, бұл, осы, мынау, анау, сол т.б.

Сұрау есімдіктеріне тілімізде сұрау мағынасындағы негізгі сөздер болып табылады: кім? не? неше? қай? қайсы? т.б.

Өздік есімдігінің ерекшелігі есімдік сөз табының ішінде жалғыз өз сөзінің даралығында болып табылады.

Белгісіздік есімдігі затты, сындық белгіні, сан-мөлшерді белгісіз етіп жорамалдап, тұспалдап көрсетеді. Мысалы: Әркім, әлдеқалай, біреу, кейбір, кейбіреу, әркім, әрқашан, әрбіреу, кімде-кім т.б.

Болымсыздық есімдігі «еш» сөзінің түбір күйінде басқа сөз таптарымен тіркесіп келіп болымсыздық мағынаны туғызғаны болмаса, негізінен үнемі басқа есімдіктермен бірігіп келіп тілімізде күрделі сөз ретінде қолданады. Мысалы: ешкім, ешқашан, ешқандай (дәнеңе), ешбір т.б.

Жалпылау есімдіктері кемінде екі не одан да көп заттарды, құбылыстарды жинақтай айту үшін қолданылатын сөздер. Оларға: барлық, күллі, барша, бәрі, бар, бүкіл, түгел сөздері жатады.

№ 10 дәріс тақырыбы: Етістік. Етістіктің лексикалық-грамматикалық категориялары. Үстеу. Шылау сөздер. Еліктеу сөздер. Одағай сөздер.

ЕТІСТІК басқа сөз таптарына ұқсамайтын сөз тудыру жүйесі, сөз түрлендіру формалары, шақ, рай, етіс, амалдың өту сипаты, есімше, көсемше, болымды, болымсыз, жақ т.б. секілді әр түрлі категориялары бар үлкен сөз табы болып табылады.



Етістіктің грамматикалық категориялары.

Болымды және болымсыз етістік. Етістік сөйлемде не болымды, не болымсыз түрде қолданылады. Түбір етістіктер болымды етістік болып саналады: кет, қаз, жат, тұр, сөйле т.б. Ал болымсыз етістіктер, біріншіден, болымды етістікке қарама-қарсы мағынада -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе жұрнақтары арқылы жұмсалады: бар-ма, кет-пе, қаз-ба, сөйле-ме т.б. Екіншіден, тіркескен түрде “жоқ”, “емес” сөздерінің қатысы арқылы жасалады: көрген емес, барған жоқ т.б.

Қалып етістіктері. Адамзат атаулының бәрі не жатқан, не отырған, не жүрген, не тұрған жағдайда ұшырасады және олардың әрекеті осы төрт қалыптың бірінде өтеді.Осындай жағдайлардың атауы қалып етістіктері болады: жат, тұр, отыр, жүр.

Салт және сабақты етістік. Қимылдың иесіне ғана қатысты етістіктер салт етістік болады: қаш, отыр, кел т.б. Ал қимыл иесіне емес, сол қимыл жасалып жатқан затқа немесе құбылысқа қатысты айтылатын етістік сабақты етістік болады: сал, айт, таны, бер т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет