Б. Б. Мамраев ф.ғ. д., профессор, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік


-  бүгінгі  күнге  дейін  әлемнің  көптеген  елдерінде  атап  өтілетін  «Наурыз»  мейрамы  осы  зороастризмдік дәуірдің туындысы;  -



Pdf көрінісі
бет33/39
Дата02.01.2017
өлшемі5,22 Mb.
#986
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39


бүгінгі  күнге  дейін  әлемнің  көптеген  елдерінде  атап  өтілетін  «Наурыз»  мейрамы  осы 
зороастризмдік дәуірдің туындысы; 

оның  сенімдеріндегі  басты  элемент  –  отқа  табынудың  әлем  халықтарына  таралып, 
қастерленуі.  
Осы  түркілік  мәдени  синкретизмнің  таралуы  да  прототүріктік  мәдени  өркениет  үрдісінің  айқын 
көрінісі  болмақ.  Сәйкесінше,  шаманизм  сенімінің  бүгінгі  күнге  дейінгі  сарқыншақтары  және  қазіргі 
заманғы неошаманизм ағымының тууы осы құбылысты дәйектей түседі. Одан кейінгі сақтар дәуіріндегі 
түркіорталықтық  көріністер  де  әлемдік  мәдениеттер  мен  экономикалық  қатынастардың  дамуы  мен 
өркендеуіне өздігінше ықпал ете бастады. Мәселен, сақтардың әлемге саяси-әлеуметтік ықпалдылығы 
Геродот  еңбектерінде  анық  айшықталады,  олармен  дәуірлес  Греция  мәдениетінде  сақтар  туралы 
мистификация немесе олардың өмір сүруінің символдық образы – кентавр бейнесі әлемге әйгіленген 
түркілік бейнені елестетеді. Сақтардың мәдениеті мен шаруашылығы сол дәуірлерде әлемге әйгіленіп 

191 
 
ғаламдық  мәдениеттің  өзіндік  құрамдас  бөлігін  құрады.  Жоғарыдағы  тарихи  ретроспекция 
көрсеткендей,  түркілік  дәуірдегі  әлемдік  тұтастық  эпицентрі  болып  келген  ата-бабамыздың  әлемдік 
аренадағы  саяси-мәдени  этноцентризмдік  билігі  сан  ғасырлар  бойы  дүниежүзілік  өркениетке  өз 
ықпалын  айтарлықтай  тигізген.  Жоғарыда  саралап  көрсеткендей,  біз  әр  дәуірдің  этноцентристік 
белгілерін  бағамдай  отыра,  ондағы  дәстүрлік  тағылымдардың  көріністерін  тани  аламыз.  Түркілік 
мәдени  дәстүрдің  негізгі  мұрагерлері  –  қазақтар,  өзбек,  қырғыз,  түркімен,  қарақалпақтар,  татарлар, 
башқұрттар,  ноғайлар  т.б.  болып  табылады.  Яғни  аталған  ұлттарға  тән  белгілер  көшпенділік  өмір 
салтының  тағылымдары,  тіл,  дін,  әдет-ғұрыптарының  сәйкестігі  т.б.  тұтас  көшпенділік  отансүйгіштік 
сезімдерімен  сипатталады. Бұлайша топтастырудың  негізгі  себебі,  біріншіден,  георафиялық тұрғыдан 
Қазақстан  мемлекетімен  шекаралас  аймақтарда  орналасқандығы,  екіншіден,  салт-дәстүрлерінің  тым 
ұқсастығы, үшіншіден, тілдік тұрғыдан өте жақындығы деп айтуға болады. 
Бірақ  бұл  түркілік  тәлімгерлік  дағдыдағы  үдеріс  бірін-бірі  қайталамайды,    өзіндік 
ерекшеліктермен 
сипатталады. 
Түркілік 
«жетілген 
тұлға» 
(жетілген 
ұрпақ) 
көшпенділер 
дүниетанымынан басты орын алатын жалпыадамзаттық отансүйгіштік құндылықтар  мен халықтың ата 
салты  қағидаларын  сақтау  өлшеміне  негізделген.  Сондықтан  әрбір  тұлғалықты  құрметтеу 
персонализмі  –  оны  халықтық  рухта  жігерлендіру,  өзінің  түркі  жұртының  айбынды  өкілі  екендігін 
сезіндіру  болып  табылады.  Мұндай  өз  заманының  талабынан  туындаған  «әскери  өкіл-ұрпақ»  бүгінгі 
замандағы отаншылдыққа тәрбиелеу үшін де аса маңызды үлгі. Жеке тұлғалыққа өту сынағында сол 
жеткіншек  ата-ананың  немесе  әлдебір  бауырларының  көмегінсіз  өзі  ғана  шыңдалады.    Демек, 
тәлімгерлік  ой-пікір  ұрпақтардың  өз  бетіншелігі,  өзін-өзі  іске  асыруда,  өзін-өзі  өмірге  дайындауда, 
тіршілікке белсене араласуда ешкімнен көмек күтпейтіндей өз істерін жеке оқшау атқаруы қажеттілігі 
мойындалды. Оның идеяларында он бес-он алтыға келген бала, өмірге өзінше жолдама алады, «ұядан 
ұшады». Оның  алдында  сайын  даланы  еркін  мекендеген,  өршіл  рухты,  асқақ жігерлі көшпенділердің 
биік талаптары тұрады. Сондықтан намысшылдыққа булыққан өмірге аттанған  ұрпақ кейде «не ерлік, 
не өлім» деп ерлік пен өлімді талғауға шығарады. 
Қазақ    дәстүріндегі  этнопедагогикалық  ресми  бастаулардың,  арнайы  құрылған  ұлттық  тәрбие 
негіздерінің,  халықтың  дала  мәдениетіндегі  өнегелілік  үлгілердің,  рухани  кеңістіктегі  шартты 
орталықтың  бастапқы  тұлғасына  айналған  түркілердің  тағылымдық  мұралары  өзіндік  тәлімдік  ой 
иірімдері  арқылы,  төлтума  озық  ғибраттық  идеялары  бойынша,  парасаттылықтың  биік  деңгейінен 
көрінетін отансүйгіштік тәрбиелік үдерістермен халық педагогикасында айрықша орын алады. Осыған 
сәйкес, түркілік тағылымдарын бүгінгі күнгі тәрбие үдерісінде қолдану уақыт талабына сай туындаған 
деп, айта аламыз. Содай-ақ әрбір түркі халықтарының тәрбиелік қағидаларымен отансүйгіштік тәрбие 
идеяларында  түркілік  бауырмалдық  қағиданың  бар  екенін  түсінуге  болады.  Түркілердің  тағылымдық 
өнегелерінде ел бірлігі мен ұрпақтар сабақтастығы жүйесі, әлемдегі түркілік жұрттың орнын айқындап, 
оның  өміршеңдігін  сақтау  үшін  «қандай  жолмен өмір  сүру  керек»  деген  сауалға  сан  алуан  өмір  сүру 
дағдыларын сезіне отырып,  бірден-бір мызғымас ерлік дәстүрін сақтауды ұсынады да, ондағы ұлттық 
тәрбие үрдістеріне басымдылық береді. Түркілердің тағылымдық өнегелерінде ұрпақтарды тәрбиелеу 
қашанда  ата  салтын  құрметтеуді,  өткенді  бағалауды,  дәстүршілдікті  негізге  алуды  қоса  қамтиды. 
Түркілік рухы мықты, өсімтал ұрпақ мыңдаған жылдар бойы үздіксіз сақталған өмір сүру шарттарымен 
келісуі  тиіс,  түркілік  рухани  дүниеге  қарсы  әрекетке  барғандар  қатаң  жазаланатын  болған.  Яғни, 
сайын  даланың  «өз  ережелерін» қабылдап,  сақтап,  кейінге  қалдыру формуласын  әрбір  оғыз-қыпшақ 
ұлысының азаматы мойындауға тиісті және орындауға борышты болған.  
Демек,  мұндай  ғылыми  зерттеулерді  саралай  келе,  еліміздің  саяси-әлеуметтік  стратегияларын 
байыптай  отыра  «ұрпақтарымызды  ел  бірлігін  сақтауға,  бауырмалдыққа  тәрбиелеуімізге»  негіз 
болады.  
 
Әдебиеттер тізімі: 
1 . Назарбаев Н. Ә. // «Егемен Қазақстан» газеті, 5 сәуір 2008 ж., №79. –  1– 2 бб.    
2 . Махаева А.Ш. Көне түркілердің рухани мәдениеті. – Алматы: «Ана тілі»баспасы, 2000. – 68 б. 
3 . Тайжанов  А.Т. Этномәдени білім мен тәрбие.– Ақтөбе, 2009. – 122 б. 

192 
 
ӘОЖ 372.48 
 
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ӨЛКЕТАНУ ЖҰМЫСЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Қаржаубаев А.Б. 
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 
 
Егеменді  еліміз  тәуелсіз  мемлекет  мәртебесін  алып,  қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  аңсаған  
арманын іске асыру барысында, өз жеткіншегін жан-жақты жетілген, парасатты азамат етіп тәрбиелеу, 
тиісті  мамандық  беру,  өлкетану  жұмысын  жандандыру-кез  келген  мемлекеттің  естен  шығармайтын 
негізгі  мақсаттарының  бірі.  Қазіргі  кезеңде  орын  алып  отырған  қиыншылықтарды,  келеңсіздіктерді 
жеңетін де, жаңаша жол табатын да, нарықтық қатынастардың дұрыс бағытын анықтайтын да іскер, 
білгір  мамандар  болатындығына  дау  жоқ,  Сондықтан  осы  бағытта  өлкетану  жұмысын  жүйелі 
ұйымдастырудың да өзіндік ерекшелігі бар.  
Атырау  алқабы  тұнып-тұрған  көне  шежіренің  куәсі.  Қарт  Каспий  тек  Ақ  Жайық  суымен  ғана 
емес,  ата-бабалар  тарихына  да  толы.  Өйткені,  осы  мекенді  азат  халқына  атамекен  етсем  деп  талай 
аталарымыз,  аяулы  ардагерлеріміз  қанын  төкті.  Бұл  жерден  қалың  қазағына  жер  ұйығын  іздеген 
Асанқайғы бабамыз, алмастай өткір сөзді Сырым Датұлы, жауға шапқан Исатай Тайманұлы, қара бала 
қамы үшін қылышы мен жырын қоса көтерген Махамбет өтті, одан әрі қайғы мен қасиетін Құрманғазы 
мен Дина күйін тартты. Мұхит әнін шырқап, Мұрат Мөңкеұлы жырға қосты.  
Атырау жері тарихи-ескерткіштерге бай. Тарих сабағында және үйірме жұмыстарында өлкетану 
материалдарын дидактикалық тұрғыдан тиімді пайдалану немесе мектептегі сыныптан, мектептен тыс 
жұмыстарда жас ұрпақтың бойындағы туған жерге, елге сүйіспеншілік, патриоттық сезімді арттыруға 
жағдай жасайды. Өлкетану материалдарын пайдалануға баса көңіл бөлуге болады.  
Қазақстанда  өмір  сүрген  ежелгі  тайпалар  туралы  өткенде  Аралтөбе  деген  жерден  «алтын 
адамның»  табылуы  туралы  айтуға  болады.  Мен  өзім  сол  жерде  туғанмын.  Онда  Киров  атындағы 
колхоз деп аталды. Бұл соғыстан кейінгі жылдарда Жылой өңірінде 19 колхоз болды. Ал 60 жылдарда 
соның  бәрі  бірігіп  5  колхоз,  5  совхозға  айналды.  Сол  аралтөбеден  «алтын  адамның  табылуы  туралы 
айтқанда  балалық    кезден  менің  есімде  қалғаны  айналасы  су,  судың  ортасында  төбешік  тұр.  Үлкен 
қарт  кісілердің  айтуынша,  сол  жерде  ертеде  өздерінің  батыры  ма,  не  көсемі  ме  жерленген  делінеді. 
Тағы  бір  менің  есімде  қалғаны  қалың  жыңғыл  мен  шөп,  толған  жыланның  ұйығы.  Үлкен  кісілер: 
«бармаңдар, жылан шағып алады»,- дейтін. 
Енді  ой  келеді  Жыланда    сол  алтынды  қорғады  ма  екен  немесе  сол  жерге    неліктен 
шоғырланған екен? Бұндай жағдайдың басқа жерде де болғанын газеттерден оқығанмын.  
Туған өлке шежіресін жасауға оқушыларды қатыстыру, сабақта жергілікті жер материалдарын 
пайдалану  пәннің,  өтетін  тақырыптың  тартымдылығын  арттырады.  Әрбір  пән  бойынша  жергілікті 
материалдарды пайдаланудың тиімді әдістерінің бірі - әрбір тақырыпқа сәйкес қолда бар материалды 
іріктеп алу. Содан кейін әр түрлі әдістер арқылы фактілерді, деректерді орынды пайдалана білген жөн. 
Мазмұнды,  жүйелілік  пен  бірізділікке  құрылған  деректерді  келтіру  шәкірттердің  білім  сапасын 
арттыруына  көп  себебін  тигізеді.  Бұндай  жұмыстар  көбіне  өлкетанумен  ұштасып  жатады.  Қазіргі 
уақытта өлкетануға әліде заман талабына сай мән берілмей отырғанын білеміз. 
Барлық мектептерде өлкетануды пән ретінде танып, сол өлкенің тарихын білу, жер су аттарын 
этимологиялық шығу тегін түсіндіру, әрбір елді-мекенге табиғаттанудың түрлі оқушылар үшін саяхатын 
ұйымдастыру, оқушылардың шығармашылық байқауын өткізуге болады. 
Кез-келген адам саяхатқа барғанда сол жердің тарихымен танысады. Жақсы нәрселерді көріп, 
үйренеді. Біздің ата-бабамыздың болашақ ұрпағына асыл мұра етіп қалдырған жақсы істері баршылық.  
Олар болашақ ұрпақтың тәрбиелі болуын армандаған. 
Ұстаздың  ұтымды  әдістерінің  бірі-материалды  саналы  меңгерту  үшін  оқушыларға  өзі  бағыт 
берді. «Мысалы, мұғалім оқушыларға жергілікті материалдармен байланыстырғанда қазақтардың өзен 
жағасында  жем  бойында  қоныс  тебу  себептері,  бірлесіп  еңбектенуін  айтады».  Мен  өзім  Жылой 
өңірінде  туып,  отыз  жасқа  дейін  сол  жерде  тұрдым.  Осы  мақалада  өлкетану  жұмыстары  туралы 
жастарға  айтқанда  Құлсары  деген  кісі  кім  болған,  Бекбике  деген  кім?  Осы  туралы  айтпақпын.  Бала 
кезде  естіген  әңгіме  ұмытылмайды.  Үлкендерден  естігенім  Құлсары  бір  мәліметтерге    қарағанда 
шамамен  1820  жылы  туып,  1898  жылы  қайтыс  болған.  Құлсары  өте  бай  адам  болған  делінеді.  Бір 
мәліметте  4000-дай  қойы,  800  жылқы,  250  түйесі  болған  делінеді.  Қыста  Маңғыстау  жақта,  алты  ай 
жаз,  үш  ай  күзде  Жем  өзенінің  бойы  мен  Ойылды  мекен  еткен.  Бірақ  бай  болғанмен  ағайын  тумаға 
қайырымы  мол,  елге  сыйлы  ерекше  құрметті  ақсақал  болған.  Халық  арасында  атағы  байлығы, 
жомарттығы, шешендігі,  көріпкелдігі және  атбегілігімен шыққан.  Болашақта Құлсары  деген биік төбе 

193 
 
болатынын  өзінің  атымен  аталатынын  және  осы  жерге  жерлеуді  өтінеді  және  өзінің  түс  көргенін, 
түсінде бұл жер құт мекен болатынын, яғни болашақта мұнай шығатынын айтып кеткен дейді. 
Құлсарының  күмбезін  саларда  жылқының  күзелген  жалы  мен  құйрығын  көп  қылып  жинап, 
туралып сазға араластырады, балшығы жылқының сүті қосылған сумен иленді, - дейді. Бұл берік болу 
үшін осылай жасау – қазақта бұрыннан бар.  
Енді  поездпен  кетіп  бара  жатқанда  Бекбике  деген  жер  бар.  Бұл  жердің  тарихы  туралы  да 
қысқаша  баяндап  өтейін.  Шежіре  –  халқымызды  туысқандыққа,  бауырмалдыққа,  ағайын-жекжат 
арасында достыққа, сыйластыққа бағыттайтын асыл мұра. Ұлтымыздың бір-бірінен ешқандай бөтендігі 
жоқ.  Соның  ішінде  қазақ  халқы  да  басқа  халықтардай  ақылға  кенде  болмаған.  Жауына  мейірімсіз 
болғаны  ол  өз  алдына  бөлек  әңгіме.  Бұл  әңгімені  суыртпақтап  шығару  үшін  Мұрат  Мөңкеұлының 
атақты батыр Құлбарақтың әкесі Табылды туралы айтқан бір өлеңі еске түседі: «Олжасыз өзге қазақ 
құр  қайтқанда  Табылды  найзасына  қыз  байлаған»,  -  дейді.  Яғни  соғыстан  кейін  батырлар  жауын 
жеңгеннен кейін еліне сұлу қыздарды ала келіп, құрдастарына берген  немесе өздері әйелдікке алған 
делінеді.  
Қазақта осы кезде Тәңірберген деген атақты батыр болған[2]. Ол қалмақты жеңіп, шапқаннан 
кейін  олардың  Бекбике  деген  сұлу  қызым  «ақ  биенің  сүтіне  шомылдырып»  әйелдікке  алған  дейді.  
Бекбике  ханымнан  тараған  ұрпақтар  Маңғыстау,  Атырау  өңірінде  баршылық.  Сонау  Мақаттың 
маңындағы  Бекбике  стансасы  осы  қалмақ  қызының  есімін  иеленіп  қалуы  да  көп  сырдың  барын 
аңғартады.  Әрбір оқушы өзінің тұрған жерінде бұрында жаугершілік заман болғанын, батырлар ерін, 
жерін қалай қорғап, қандай салт-дәстүрден кейін, жер аттарының тарихын біледі. 
Болашақта  ел  тұтқасын  ұстар  азаматтардың  өнегелі  тәрбиесі  бүгінгі  күн  тәртібінде  тұрған 
маңызды  мәселелердің  бірі:  Отан  сүйгіштік  сезімін,  бойына  сіңіруі,  өзінің  тұрған  жеріндегі  өлкетану 
жұмыстарын  білуі,  құзыреттілігін,  рухани-адамгершілік  құндылықтары  арқылы  қалыптастыру 
қажеттілік екені белгілі. 
Өлкетану деген ұғым белгілі бір аймақты танып-білудің жиынтық ұғымы.[1] 
Мына бір қағида даусыз: намыс пен отаншылдық сезім-ажырамас егіз ұғым. Нағыз азаматтың 
елі  мен  жеріне  деген  сүйіспеншілігі  жас  кезде  көрген  өлкетану  жұмысынан  қалыптасатыны  белгілі. 
Патриоттық туралы ойды сабақтағанда адамға шапағаты тиер нақты әрекеттерден әрбір адамның сөзі 
мен ісі бір жерден шығып көрініп санаға сіңіп жатса қандай ғанибет. 
Ақын Мұзафар Әлімбаев: 
          Туған жерді сүю – парыз 
          Сүю үшін білу     - парыз 
          Қасиетін ұғу        - парыз 
          Күзетінде тұру    - парыз, - [3] 
деп айтқандай кең байтақ еліміз жайлы, оның тарихын жастар терең білуі керек. 
 
Әдебиеттер тізімі: 
1. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. Алматы, 2008, 652-бет 
2. Атырау газеті. 27 тамыз, 2013 ж. 
3. М.Әлімбаев. Ту тіккен. Өлеңдері мен поэма. «Жазушы» баспасы. Алматы – 1974. 156 бет. 
 
 
 
УДК:94 (47) 
 
ИЗ ИСТОРИИ ОБРАЗОВАНИЯ КАЗАХОВ РОССИИ 
 
Койшигулова Л.Е. 
Атырауский государственный университет им.Х.Досмухамедова 
laila_12.68@mail.ru 
  
Происходящие  в  нашем  обществе  изменения  сопровождаются  сложными  процессами  перемен  в 
сознании  людей.  В  настоящее  время  одной  из  актуальных  проблем  современности  становится 
возрождение  культурно-исторического  наследия  прошлого.  Дружба  и  единство,  прочные  исторические 
связи,  современная  неразрывность  русского  и  казахского  народа  -  общее  бесценное  достояние.  Но  и 
каждый  народ  имеет  свою  уникальную  специфику,  такую,  как  вклад  в  общечеловеческую  копилку. 
Каждому  следует  знать  историю,  культуру,  язык  своей  нации,  народности, местной группы, изучать и 
быть  внимательным  к  национальным  особенностям.    Развитие  и  укрепление  всесторонних  отношений  с 
Россией  является  важнейшим  приоритетом  внешней  политики  Казахстана.  Это  обусловлено 
объективными 
историческими, 
геополитическими, 
экономическими  и 
культурно-гуманитарными 

194 
 
факторами.  Два  государства,  связанные  более  шестью  тысячами  километрами  совместной  сухопутной 
границы,  огромными  обжитыми  сопредельными  пространствами,  в  то  же  время  имеющие  различные 
обычаи,  культурно-религиозные  традиции,  сумели  в  течение  столетий  накопить  богатый  опыт 
добрососедства. История отношений между нашими народами переживала период взлетов и падений. [1] 
Закономерностью 
развития 
человечества 
на 
всем 
протяжении 
его 
истории 
является 
взаимодействие 
народов 
и 
их 
культур. 
В 
многонациональном 
государстве 
определяющим 
императивом 
должно 
являться 
нахождение 
оптимального 
соотношения 
между 
общегосударственными 
и 
национальными 
интересами. 
Отсюда 
и 
постоянный 
интерес 
исследователей 
к 
разнообразным 
аспектам 
развития 
образования 
в 
условиях полиэтничности. 
Особый интерес, на наш взгляд, представляет исследование развития системы образования для 
нерусских народов в XIX — начале XX веков. Это объясняется тем, что школа в этот период переживала 
сильные  преобразования  и  служила  инструментом  для  сохранения  баланса  интересов  в  сфере 
межнациональных отношений. 
Развитие  образования  Астраханской  области  являлось  неотъемлемым  звеном  в  общероссийском 
процессе  развития  образования.  В  период  с  XIX  до  начала  XX  вв.  шел  процесс  постепенного  создания 
единого образовательного пространства. 
Астраханский регион представляет обширный материал для исследования дифференцированного 
подхода правительства к проблеме образования нерусских народов России. 
По  данным  статистического  анализа  в  исследуемый  период  русское  население  (включая 
украинцев и белорусов) составляло 58,44%, казахское население - 27,31%.[2] 
Трудность  при  создании  государственных  школ  для  нерусских  детей  состояла  в  том,  что 
каждый из народов, проживающих в Астраханской области, искал своё место в социально - культурной и 
экономической жизни края, стремясь сохранить свою самобытность. 
На примере Астраханской области можно проследить развитие 2-х различных подходов правительства 
к созданию сети государственных учебных заведений для нерусских народов. 
Анализ  исторического  материала  по  исследуемой  проблеме  имеет  большое  значение  для 
осмысления процессов, происходящих в системе российского образования в настоящее время. 
Следует  отметить,  что  развитие  системы  национального  образования  казахов  в  областях 
России  находится  на  различных  уровнях,  зависит  от  многих  факторов,  в  том  числе  от  такого 
показателя,  как  численность  компактно  проживающих  казахов.  По  данным  переписи  1989  года,  в  России 
проживало 635900 казахов, сейчас проживает примерно 700000 тыс. казахов. 
Распад  Союза  создал  российским  казахам  новые  политические  и  социальные  условия,  дал  новый 
статус.  Обретение  Казахстаном  своей  независимости  повлияло  на  рост  национального  сознания  диаспоры 
казахов, повысило их интерес к знанию языка, истории, культуры своего народа, к их прошлому, настоящему и 
будущему. 
Самая  большая  в  России  численность  казахов  проживает  в  Астраханской  области  (140  тыс.).  На 
территории  Астраханской  области  целиком  помещается  такая  страна,  как  Нидерланды.  В  перспективе 
Евразийской концепции развития взаимоотношений Республики Казахстан и Российской Федерации область 
также удачно подходит в качестве объекта научного исследования национально-образовательных ресурсов 
и потенциала [3]. 
Начиная  со  второй  половины  XIX  века,  самодержавие  проводило  политику  русификации, 
христианизации казахского народа. Имперское правительство преследовало цель - создать для себя опору в 
среде  казахского  народа,  подготовить  надёжные  кадры  для  административного  аппарата  и  для 
просветительской деятельности в духе русификаторства. 
Влияние России на развитие культуры, просвещения и педагогической мысли нерусских народов, 
в  том  числе  и  казахского  народа,  было  двояким,  ибо  две  России,  Россия  реакционная  и  Россия 
революционная, по-разному влияли на развитие казахской культуры. Влияние передовой демократической 
педагогической  мысли  России  на  развитие  культуры  и  просвещения  казахского  народа  проникало  в 
массы через всевозможные официальные и неофициальные, легальные и нелегальные каналы. 
Но  было  бы  неправильно  недооценивать  силу  и  возможности  государственного  аппарата, 
обладавшего мощными материальными и административными средствами. 
Царское правительство всячески задерживало развитие культуры и просвещения казахского народа. 
Проводимые  им  меры  по  «просвещению»  казахов,  ни  в  какой  мере  не  соответствовали  огромным 
потребностям духовного развития и просвещения казахского народа. 
С первых дней после Октябрьского переворота первоочередной задачей была выдвинута проблема 
коренной перестройки всей  системы народного образования в России. Одним из главных был вопрос о 
национальной  российской  школе.  Организация  новых  национальных  школ  в  крае  столкнулась,  прежде 
всего, с проблемой необеспеченности учебниками, учебно-методическими и другими материалами нового 

195 
 
содержания.  Но,  тем  не  менее,  в  первое  десятилетие  советской  власти  проходит  массовое  становление 
национальной  системы  образования,  увеличение  сети  национальных  школ,  открытие  среднего 
специализированного 
национального 
'учебного 
заведения. 
Существенную 
роль 
в 
подготовке 
профессионально - педагогических кадров и казахской интеллигенции края сыграло Астраханское казахское 
педагогическое училище. 
Однако  в  этот  период  проявляется  двойственное  отношение  господствующей  политики  к 
национальному образованию. 
Окончательным  решением  по  закрытию  в  области  национальных  школ  можно  считать  семинар 
учителей  и  работников  народного  образования  в  Наримановском  районе  по  переводу  языка  обучения 
национальной школы на русский язык. 
Прогрессивная  часть  учителей,  понимающая,  что  нельзя  отрывать  молодое  поколение  от 
национальных истоков, делала неоднократные попытки привлечь внимание общественности России и 
края, но отсутствие национальных консолидирующих сил в крае, официальная политика, направленная 
на  нивелирование  общества,  привели  к  тому,  что  национальное  образование  казахов  прервалось  на 
долгие годы и позволило вырастить маргинальное поколение. 
Изучение национальной политики  советского  периода  имеет и  психологическое  значение,  так 
как  социализм  выступал  не  просто  как  иной  социально-экономический  строй,  а  имел  особую 
жизненную  философию,  нравственность,  культуру,  социальную  базу,  которые  накладывали  свой 
отпечаток на всю личную и общественную жизнь. 
Рассматриваемое время советской истории отражает генеральную линию осуществления, во что 
бы ни стало, утопической идеи унификации наций в единое и монолитное сообщество. Однако надо 
видеть  и  положительные  тенденции,  ростки  которого  зрели  и  в  лоне  тоталитарного  режима.  Это 
позволило  казахам  сохранить  свою  национально-традиционную,  своеобразную  материальную  и 
духовную  культуру  вкупе  с  унифицированным  советским  образом  жизни.  Менталитет  казахов 
предопределил его место в многонациональной семье народов России, в которой проживает более 150 
народов, 
обладающих 
спецификой, 
социально-профессиональной 
структурой, 
особенностями 
хозяйственной деятельности, языком, самобытностью материальной и духовной культуры. 
Президент Казахстана Н.А.Назарбаев в своей книге «В потоке истории» пишет, что «...казахи 
не поменяли за долгие годы ни своей конфессиональной, ни этнической идентичности. Устойчивость 
казахского самоописания, самоотнесения именно к своей нации удивительна» [4]. 
В настоящее время, когда стало возможным возрождение национального образования,  целью 
его должно стать становление личности как носителя и культуротворческого продолжателя этнической 
самобытности,  как  поликультурного  индивида,  направленного  на  общечеловеческие  ценности,  как 
гражданина многонационального отечества. 
Национальное образование, развитие, воспитание должны быть приоритетом, базисом, основой, 
на  которой  строится  дальнейшее  образование.  Не  зря  выдающиеся  педагоги  (Я.А.Коменский, 
К.Д.Ушинский и другие) обосновали идеи начального обучения на родном языке. 
Мысль  Ушинского  о  том,  что  «...общей  системы  народного  воспитания  для  всех  народов  не 
только  не  существует  на  практике,  но  и  в  теории.  У  каждого  народа  своя  особенная  национальная 
система воспитания» [5] приобретает сегодня ключевое значение при том внимании, которое уделяется 
развитию национальной школы. 
Демократизация 
сфер 
нашей 
жизни 
обусловила 
необходимость 
перестройки 
общеобразовательной  школы  на  национальной  основе,  что  особенно  важно  для  многонациональной 
республики.  При  этом  важно  исходить  из  интересов  разных  национальностей,  экономических 
возможностей, изучать историческую ретроспективу образования. 
На  наш  взгляд, особое  внимание  следует придавать  обеспечению  языковых условий  учебным 
заведениям.  Мы  придерживаемся  мнения,  что  система  обучения  и  воспитания  подрастающего 
поколения  должна  строиться  на  существенном  повышении  статуса  родного  языка,  истории,  культуры, 
развития  литературного,  исторического,  музыкального  краеведения;  активизации    внедрения  семейной 
этнопедагогики. 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет