Б. М. Жамекова, К. С. Мукушева, Н. Ж. Омарова


Оқыту үдерісінде тұлғаның өзін-өзі айқындау және өзін-өзі дамыту



Pdf көрінісі
бет15/71
Дата07.09.2022
өлшемі1.85 Mb.
#38618
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71
Оқыту үдерісінде тұлғаның өзін-өзі айқындау және өзін-өзі дамыту 
қағидаты. Адамның өз бойынан шығатын жоғары рухани мəнін анықтауға 
бағытталған рухани-адамгершілік білім беру – бұл ішкі білім. Бұл жағдайда 
білімді дайын күйінде бермейді, ол оқушының даму бағдарын сыртқы əлемді 
тану арқылы өзінің ішкі шексіз əлемінің əсемдігін ашуға бағыттайды. Оқушы 
өзінің ішкі əлемін ашып, саналы түрде өздігінен даму жолына түсіп, өзіне 
қажетті білімді ашады, өз ар-ұжданының ішкі дауысы оның мəңгі рухани 
ұстазы болады. Сондықтан да рухани-адамгершілік білім адам бойына 
бастапқыдан бар процесті анықтап, ашып жетілдіруге мүмкіндік береді. Осы 
орайда білім алушыларға төмендегідей тапсырмалар беру ұсынылады. 
Мəселен, өсімдік ұрығын алайық, ұрықта болашақ өсімдік туралы ақпарат 
бар, адам өсімдікті қалыптастырмайды, оның ұрығында оны қалыптастырып 


30
дамытатын ішкі күш бар. Бірақ та адам оның ішкі даму күшіне жағдай 
тудырып немесе кедергі келтіруі мүмкін. Сол тəрізді мұғалім де əр 
оқушының ішкі өзін жетілдірудің ішкі күштеріне қолайлы немесе кедергі 
келтіретін жағдайлар жасайды.
Бұл қағидат оқыту үдерісінде өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тану 
қабілеттерін, шығармашылық мүмкіндіктерін белсендіруді дамытуды 
көздейді. Педагогикада сыртқы тəрбиелеу үлгісінен ішкі əлемді тəрбиелеу 
үлгісі біртіндеп жүзеге асырылады, тұлғаны қалыптастыру мен дамуына 
ықпал ететін дəстүрлі факторлардың шығу тегі, орта, тəрбие, іс-əрекет, 
қарым-қатынастан басқа өздігінен дамудың ішкі күші жарыққа шығады: тек 
болмыс қана сананы анықтамайды, ең алдымен, сана болмысты анықтайды.
Бірлік қағидаты. Барлығы бір-бірімен тығыз байланыста жəне бірлікте 
болуы. Әлем құрылымының кішкентай бір бөлігінен тұтастың контурын 
көруге болады. Бұл жерде мұғалімнің өзі өзара байланыс жəне бірлік 
қағидатын саналы түсінуі тиіс, мысалы ежелгі даналар былай деген: 
«Жұлдыз көп – аспан біреу, сиыр көп – сүт біреу, зергерлік бұйым көп –
алтын біреу, адамдар көп – адамзат біреу». Білім алушыларды көп 
бейнеліктен бірегейлікті көре білуге дамыту керек, олар өздерінің бүкіл 
адамзатпен байланысын сезіне білуі керек. Бүгінгі мектептің негізгі мақсаты: 
«оқушыларды ойлай білуге оқыту». Ойлай білу дегеніміз – стандартты 
есептерді стандарттық əдіспен шешу емес, қазіргі өзгермелі кезеңдегі ғылым 
мен өмірдің кездейсоқ жағдайында стандарттық емес нəрсені анықтай білу 
жəне күтпеген шешім қабылдай білу. Сонымен бірге қазіргі жағдайда 
адамдар қабылдайтын шешімдер табиғаттың, басқа адамдардың, 
ғаламшардың рухани-адамгершілік ахуалын жақсартуды ескеруі тиіс. 
Сонымен, санасын кеңіткен адам кеңістік пен уақыт шектеген шектеуден 
көтеріліп, өзін жəне өмірдегі жағдаяттарды бағалап, мəңгілік ақиқат 
тұрғысынан мəселелерін шешіп, шынайы ой мен жетілген шешімнің тууына 
мүмкіндік туғызады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   71




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет