Бағдат Оралбайұлы «Тегімізді тануға талпыныс»


Әзіреті Әлі Мұхамедханафия



бет55/153
Дата06.01.2022
өлшемі11,37 Mb.
#12762
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153
Әзіреті Әлі

  • Мұхамедханафия

  • Абдулфаттах

  • Абдалжаббар

  • Абдалқаһһар

  • Абдрахман баб, Абдрахим баб (қарахандық қожалар), Абдрахманнан

  • Ысқақ баб (Баб ата), Әбдіжәлел (қорасан қожа), Ысқақ бабтан

  • Ярдил шайых

  • Момын шайых

  • Мұса шайых

  • Смайыл шайых

  • Омар шайых

  • Хұсайын шайых

  • Усман шайых

  • Махмұд шайых, Мұхаммед шайых, Әли шайых, Махмудшайхтан

  • Қаһар шайых

  • Ибраһим ата

    Құл Қожа Ахмед Ясауи және Садыр ата. Қожа Ахмед Ясауиден ұл қалмаған, қыздар мен одан туған жиендер өрбиді.

    1. Садыр ата-Қожа Махмұд Данышпан Әбдімәлік және Заһиршах туады. Қожамахмұд Данышпаннан

    2. Мұхиддин шайых, Сайфуддин шайых (Орынқойлақы ата) Мұхамаддалишайх. Мұхиддин шайых-

    3. Алауиддин шайх

    4. Жамалиддин шайх

    5. Камалиддин шайх (Лақап аты Бақсайыс). Бақсайыс Ақсақ Темірдің әулиелі серігі, кеңесшісі болған. Тарихта белгілі тұлға. Камалиддин шайхтан (Бақсайыстан)

    6. Насреддин-

    7. Абибулла шайх

    8. Қожамұхамед шайх

    9. Исмайылқожа→

    10. Қасымқожа→

    11. Мұсақожа, Исақожа, Мұсақожадан→

    12. Әкімқожа→

    13. Ахмедқожа→

    14. Әбдірайымқожа, →

    15. Арыстанқожа→

    16. Әбдірахымқожа, Әбдірахманқожа, Әбдірахым→

    17. Әбдіжәлел→

    18. Ибраһим-Разаққожа, Музаффарқожа. Разаққожадан→

    19. Әбдімомын, Әбдісаттар. Әбдімомыннан→

    20. Құли шайх (Шайхмұратхан депте аталады). Одан→

    21. Аллаберді шайх, Шәріп шайх немесе Шаһанәдір шайх. Осы Шаһанәдірден→

    22. Әбілһай, Өтеген шайх, Тікәш шайх, Рахимхан шайх, Ибраһимқұл, Мырзахан, Сарғалдақ, Сәдірқожа және Мұхмұнқожа. Мұхмұн қожадан→

    23. Қожаихрар, Әбілғазы, Әбделмаханбет және Әбибі қожа (Саяқып қожа - лақап аты). Әбибі қожа (Саяқып қожа) бабамыз өзінің туыстары Шахиахмет, Шейхұлсейіт, Абдулхақ, Ибраһимқұл, Мұхаммед Садықтармен т.т. бірге Сыбан-Ақтайлақ бидің шақыруымен Түркістан жақтан Аягөз аймағына шамамен 1830-1835 жылдарда келсе керек. Әбибі қожадан (Саяқып қожадан)→

    24. 1. Бәйбішесінен: Өзібек, Сұлтан, Қарақожа, Сәсейіт, Ханқожа, Темір, Әждар (Әздер)

    1. Кіші әйелінен: Бердіқожа, Қылыш, Төлеген және Атахан

    Жиыны – 11 ұл (кей шежіреде 9 ұл боп айтылады, бірақ нақты дерек жоқ. Анықтау келешектің еншісінде).

    Саяқып баба тобықты Ырғызбайдың замандасы болса керек (Т.Жұртбаев, «Бесігіңді түзе» кітабы, 30 бет), 1860 ж дейін Мамай (тобықты) елімен қоныстас Архат тауын мекендепті. Бердіқожа кейін Құнанбаймен жақын туыс болған соң Қыдыр тауындағы Қызылшоқы деген жерді алып, одан соң артынан Бөріліге келіпті. Саяқыптың бәйбішеден туған басқа балалары Аягөз бойында қалып, Қаракөл өзенінің бойындағы Жанамада, одан Ақшәуліге келіп қоныстанады. Ал кіші әйелі мен балалары Бердіхан, Қылыш, Төлеген, Атаханмен Аягөз бойынан сырғығанда Архатты қоныс етті. Бұл туралы А.Янушкевичтің 1846 жылы Омбы-Семей-Архат-Аягөз-Лепсі сапарында Архаттың Қопа көлінде өздерін «Қаратаулықтармыз»-дейтін көп адамдардың отырғанын жазған. Бұған қосымша Архаттағы «Қожалардың зираты» аталатын үлкен қорым да бұл жерде олардың мекендегенінің айғағы. Бұл жерде қожалардың ұрпақтары әлі де тұрып жатқан жайы бар. Сонымен ойымызды жинақтап айтар болсақ, Саяқып бабамыз Түркістан, Қаратау, Созақ жақтан көшіп келгеннен кейін Аягөзге келіп, одан екі бағытқа бөлінген. Бірінші бағыт - бәйбіше балалары алдымен Аягөз, одан соң Қаракөл бойындағы Жанама, одан кейін Ақшәулі маңы. Екінші бағыт- кіші әйелінің балалары-Аягөз, Архат, Қызылшоқы, Бөрлі деген жерлер (Б.Исабаев «Киелі мекендер». 520-525 беттер).

    Бұл қожалардың ұраны - Саяқып. Жылқыларының оң құлақтарына қиық ен салады екен. Мал шаруашылығымен айналысып, ата-ата болып әр қыстауға бөлініп қоныстанған.

    Сонымен бірге, өздерінің негізгі кәсібі Исламды уағыздау, халықтың сауатын ашу, шариғат қағидаларын үйрету, молдалық істермен, емшілікпен айналысу сияқты т.т. шаруалармен Октябрь революциясына дейін шұғылданса керек. Совет үкіметі кезінде дін өкілдері ретінде қудалауға ұшырағандықтан қожалар бұл миссияларын ашық-жүргізуді тоқтатуға мәжбүр болған.

    Енді «Саяқып бабамыздың қабірі қайда?» - деген сауалдың төңірегінде сөз қозғамақпын. Бұл мәселе туралы Сейітомар Саттаров ағамыз өзінің «Мұхтар Әуезовтың ататегі» атты кітабында Исабаев Бекен ағамен бірге Архат тауындағы Бетағаш деген жердегі қожалардың зиратына осы жердің тұрғыны Зікеш Мағзұмұлының бастауымен барып көргенін жазады.

    Сонда, жол басшы болып жүрген Зікеш ағамыз. «Біз білетін қожалардың қорымы осы. Осында ел келіп зиярат қылады, құрбандық шалады, тасаттық береді. Мына жерде қожалардың күлтөкпесі, мына қоңырқожалардың жұрты»-деп қолмен қойғандай етіп түсіндіреді дейді. «Мен білетін қожаның аты Саяқ - бұл қожаның лақап аты, шын аты Әбдіқожа» - деген. «Шыңғыстау-Тобықты» шежіресі атты кітапты көрсеткен. Онда, 101-102 беттерде Саяқыпты жақша ішінде Әбдіқожа деп жазылған. Демек, Әбдіқожа, Әбибіқожа, Саяқып қожа бір адам. Сонымен бірге Саяқыптан (Әбдіқожа) басталатын шежірені Бөрілідегі М.Әуезовтың музейінде көрген едім» - деп жазады. Бұған біздің айтар басқадай пікіріміз жоқ, яғни Саяқып бабамыздың қабірі Архаттың Бетағаш деген жерінде деген қорытындыны қостаймыз. Себебі, Қабдеш Жұмаділов ағамыздың осы кітаптың бас жағында жазғанымыздай: «Қожалар Аягөз өңіріне Түркістан (Созақ) жақтан келгенде, көшті басқарып келгендердің ішіндегі ең жасы үлкені Саяқып қожа еді, оның сол кездегі жасы жетпістен асқан шақта еді» - деп жазған болатын. Бұл шамамен 1833 жыл десек және ол бабамыз мөлшері 1845 жылы қайтыс болды деп межелесек (яғни 85 жасында) ол кісі бұл жақта 12 жыл өмір сүрген болады. Бұдан шығар қорытынды, қожаларды Бетағаштан тобықтылар Қызылшоқыға көшіріп әкеткеннен бұрын Саяқып баба қайтыс болған деген сөз, яғни Бетағашта жерленді деуге толық негіз бар, бұл бір, бұған қоса, Тұрсын Жұртбай бұл туралы дөп басып, Әбдіқожаның қабірі Архатта, ал Тобықтыға қожаларды Бердіқожаның (Саяқып баба емес) бастап келгенін жазады, бұл екінші дәлел. Үшіншіден, М.Әуезов: «Тобықты ішіне менің үшінші бабам Бердіқожа бірталай туысқандарын ертіп Найман ішінен келген. Ол Құнанбай заманы, Құнанбайдың шақыруымен келгенге ұқсайды» - деп бәрін де ашық айтып отыр. Демек, Саяқып баба емес, тобықты ішіне Бердіқожа Құнанбайдың шақыруы бойынша барған, ал Саяқып баба бұл көштен бұрын Архаттың Бетағашында қайтыс болып жерленген. Ал енді Бердіқожаның қабірі болса Шыңғыстағы Қызылшоқыда. Қожалар Қызылшоқыдан Әуезқожаның басшылығымен кетті. Абайдан Бөріліні сұрап алып қоныс аударған Әуез. Бұл кезде Құнанбай да Бердіқожа да өмірден озған уақыт болатын.

    Саяқып бабаның жерленген жері туралы Нүриддин Үсен өзінің: «Қалай дегенде де Саяқып қожалардың түпкі тегі Қыдырқожаға барып тіреледі. «Саяқып» деп аталатын Сейіт қожалар Нәдір қожадан тарайтын әулет деуге негіз бар. Өйткені Нәдір қожа, яғни Саяқ қожа арқадан сыр бойына қайтқанда баласы Өзібек қожаны да алып қайтқан. Өзібек қожаның сүйегі әкесі Саяқ қожа атанған Нәдірқожаның қасына қойылған «Сейіт ата» қорымында Сарыағаш ауданында жерленген» - деп жазады. Бұл туралы менің пікірім басқаша, дәлірек айтсам Нәдір қожа арқадағы Саяқып қожа емес, тіпті солай болған күнде де, ол кісі Аягөз аймағындағы Саяқып қожа емес. Жалпы, Саяқ қожа мен Саяқып қожа атаулы адам бір кісі емес, бөлек адамдар. Оның үстіне Саяқ қожа атанған адамдар бір ғана адам емес, бірнеше адамдар болған. Мысалы: бұрынғы Семей облысына қарайтын Қайнар ұжымшарының жерінде де бір атақты қожа өмір сүрген. Ол кісі де медресе ашып, өз заманында халықты сауаттандыру ісіне көп еңбек сіңірген, қасиетті адам болған екен. Бұған дәлел жазылған деректер бар. Сонымен сараптай келе қорытындылайтын болсақ, мен алғашқы нұсқаны, яғни Саяқып баба Арқаттың Бетағаш деген жерінде жерленген деген пікірді қостаймын. Бабамыздың жаны жанатта болғай!

    Тарихын ескермеген өшеді,

    Тегін қастерлеген өседі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   153




    ©emirsaba.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет