Байдалиев Д. Д



жүктеу 2.09 Mb.
Pdf просмотр
бет5/18
Дата22.12.2016
өлшемі2.09 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18

  
  Садыбай батыр (1578-1603
Садыбай  Марсымұлы  1578  жылы  Мыңбұлақта  дүниеге 
келген.  Оның  ӛмір  сүрген  кезеңі  Есім  хан  ел  билеген  уақытқа 
тұтас келеді. Халық  аузындағы Садыбай батыр Есім ханның бас 
батырларының бірі болған. 
Жоңғарлармен соғысқа қол жинап аттанып бара жатқанда 
анасы: 
-
 
Кейінірек  аттансаңшы,  келіннің  айы  -  күні  жақын  қалған 
жоқ па?! -деп шырылдапты. 

55 
 
-
 
Апатай,  анталап  жау  қаптап  келе  жатқанда  келініңіздің 
етегін желпіп отырмақпын ба?  - деп Садыбай атқа қонған екен, 
жары сыңсылап келіп үзеңгісін ұстағанда: 
-Жаман      неме      тапсаң,      сүйінші      сұратарсың      -      деп   
сарыала  туын желбіретіп Мыңбұлақтан аттанып кеткен екен деп 
жазады Садыбай Байтана кітабында. 
Осынау  қиын  -  қыстау  кезеңде  ел  тұтқасы  еңсегей  бойлы 
Ер Есім ханның қолында еді. Сол Есім ханның қарулы күштерінің 
сапына - қайыңнан шоқпар байлаған, еменнен найза сайлаған, кӛк 
тәңірді пір тұтып, туған жерін, ӛскен елін қорғау үшін сары ала ту 
алып, тұлпар мініп - 17 жасында қосылған екен Садыбай бабамыз. 
Елім  деп  еңіреген  сол  ерлердің  бірі  -  Садыбай  батыр  есімі  ел 
есінен сан ғасырлар етсе де ӛшпеген. 
  Жаудың  легі  бұл  кезде  Қаратаудың  Маймақ  асуына  кіре 
бастаған  кезі  екен.  Алғашқы  күнгі  соғыста  жоңғарлар  қырғын 
тауып,  кейін  шегініпті.  Оған  белгісіз  бір  ақынның  мынандай  бір 
ӛлеңі куә болады: 
                                   ...Садыбайдай ер шыққан 
                                   Марсым деген атадан. 
                                   Білтелі мылтық қолға алып
                                   Атады екен тасадан. 
                                   Жау болып тиген жоңғарды
                                  Маймақтан тосып қырыпты. 
                                   Боз атқа мініп шығыпты
                                   Қолына ұстап сырықты 
                                   Беті сұсты Садыбай 
                                   Қайтпайды екен жауынан. 
                                   Тас құлатып қырыпты, 
                                   Маймақтың биік тауынан. 
  Садыбай  батыр  жауды  қырғаннан  Жетісу  жеріне  дейін 
барған.  Шамамен  1600  -  1603  жылдары  ол  мәнжурлермен 
соғысады.  Сол  кезде  жұбайы  ұл  тауып  қайнысы  Қырғызәліні 
батырдан  сүйінші  сұрауға  жібереді.  Батыр  жаудан  түскен 
жылқыдан мол сүйінші беріп інісін кері қайтарыпты. Сонда інісі: 
сәбидің есімін кім қоямыз? - дегенде Садыбай: 
  -  Әзірше  менің  балтыр  орайтын  байтабам  мен  мына  сары  - 

56 
 
ала  туыма  орап  баға  беріңдер,  елге  оралған  соң  есімін  ӛзім 
қоямын! - депті. 
  Садыбай  батыр  сол  соғыста  Талдықорған  облысы,  Ақсу 
ауданы,  Қаракемір  деген  тау  етегінде  25  жасында  қайтыс 
болыпты. Жәдігер ұлы - Байтананы кӛре алмай кеткен. 
  Есім  хан  жауды  жеңіп  оралған  соң  ӛз  жарлығымен 
Садыбайдың  басына  күмбез  орнаттырады,  сонан  соң  ас  беріледі. 
Есім  ханның  ӛзі  батырға  осындай  құрмет  жасауы  Садыбайдың 
жай  ғана  батыр  емес  Алаштың  шейіт  болған  батырларының 
ішіндегі қастерлісі екендігін кӛрсетеді. 
  Жиынға  келген  Есім  хан  мен  батырдың  серіктері,  күллі 
үйсін  мен  қаңлының  бетке  ұстар  бектері  «сәбиге  ат  қойып  енші 
берейік»  деседі.  Тілі  жаңа шығып  келе  жатқан сәби  «атың  кім?» 
дегенде: 
-
 
Байтабамын, - деген екен былдырап. 
-
 
Келін  балалар  Байтӛбе  атап  кетіпті,  солай  бола  берсін 
дегендерге Қобландыұлы Сүгір мерген: 
- Садыбайдың    ӛзі  болмаса да кӛзі,  сауытының байтанасы 
емес    пе  жәдігер!  -  деп  баланың  есімін  Байтана  қойған  екен. 
(Байтана деген батырлар - сауытының кеудесіне тағатын күмістен 
не қоладан құйылатын тана). 
  Садыбай  батыр  туралы  бір  деректі  М.Әлімбеков  деген 
зейнеткер - журналист 1991 жылы Талдықорған облысы Арасан - 
Қапал  курортында  демалғанда  Қарашоқы  қорымынан  «Шымыр, 
Садыбай» деген арабша жазуы бар құлыптасты кӛргенін айтады. 
  Қазіргі  кезде  Садыбай  батырдың  ұрпағы  мың  -  жарым 
түтіннен асады, оның кӛбісі Жуалы ауданында тұрады. 
 
  Байтана батыр (1602-1664) 
  Қазақ  даласында  қасіреттің  қара  бұлты  үйіріліп,  жоңғар 
қалмақтары  Қаратауға  қара  бұлттай  тӛнген  кезде  еліне  тіреу, 
қорған бола білген батырлардың бірі Байтана батыр. 
  Садыбайдың  асына  қатысқан  Есім  хан  Марсым  биден  енші 
бӛлгізіп,  беліндегі  белдігі  мен  алтын  сапты  қылышын  кішкентай 
Байтанаға  сыйға  тартқандығы  туралы  кӛнекез  қариялардан 
жеткен естелік әңгіме бар. 

57 
 
  Байтана 
жоңғар 
басқыншыларына 
қарсы 
соғысқа 
жастайынан  араласады.  Ол  Салқам  Жәңгір  ханның  600 
сарбазының  қатарында  жоңғар  қонтайшысы  Батурдың  50  мың 
шеріктеріне  қарсы  Орбұлақ  шайқасына  қатысып  ӛз  үлесін 
қосқандығы туралы да тарихи деректер бар. 
  Жетісудың  едәуір  бӛлігі  мен  Алатау  қырғыздарының  10 
мыңдай  адамын  жоңғарлардың  тұтқынға  алғанын  естіген 
Жәңгір  хан  болмашы  қолмен  (600  адаммен)  Батур  қонтайшыға 
қарсы  аттанады.  Бұл  оқиға  туралы  тарихи  деректерде  былай 
делінген: «Жәңгір ӛз тобының бір бӛлігіне жоңғарлар тау асудан 
асып  келгенше,  екі  таудың  арасындағы  тар  жырада  ор  қазып, 
бекініс  жасауға  бұйырады.  Ал,  ӛзі  екінші  бӛлігімен  таудың 
екінші бетіне жасырынады. Қонтайшы ор қазып алып, ерлікпен 
қорғанып жатқандарға қарсы шабуыл жасады. Осы кезде Жәңгір 
жаудың  ту  сыртынан  лап  береді.  Сӛйтіп,  жоңғарларды  қатты 
жеңіліске  ұшыратқаны  сонша,  олар  жақтан  10  мыңдай  адам 
ӛледі.  Ұрыс  бітуге  жақындағанда  20  мыңдай  әскерімен 
Самарқан  билеушісі  атақты  Жалаңтӛс  батыр  Жәңгірге  кӛмекке 
келеді.  Батур  қонтайшы  кейін  шегінуге  мәжбүр  болады.  Әскер 
басшылық ісін Жәңгір тұсында жалғастырып, қалмақтың 50 мың 
қолына  қарсы  тұрған  соғысының  бір  қаһарманы  Байтана  батыр 
болған. (Қазақ Совет энциклопедиясы, 4-ші том, 201-ші бет) 
  Қазыбек  бек  Тауасарұлының  1776  жылы  жазылған  «Түп 
тұқияннан ӛзіме шейін» атты кітабында:  «1640 жылдан қазақты 
Жәңгір  хан  сұрай  бастады.  Ӛйткені  Есім  хан  науқас  болды»  дей 
келе  оның  елуден  асып  кеткені  жазылады.  Бір  жылдай  қалмақ 
арасында  тұтқында  болып,  олардың  жай  -  күйін  білген,  сырын 
мол  түйген  Жәңгірден  олар  қатты  қорқады.  1643  жылы  Алтын 
ханның ұлы Омбы - ойраттың білікті нояндарымен қазаққа қайта 
лап қояды. 
  Бұл  жеңісті  алғаш  тарихи  айналымға  түсірген  тарихшы 
И.Я.Златкин  «История  Джунгарского  ханства»  атты  кітабында 
(Мәскеу,  1983жыл)  толық  баяндайды.  Бұл  соғыстарға  Байтана 
батыр да белсене қатысты. Ол әкесі Садыбайдың кегін алуға ерте 
аттанды,  осы  соғыста  бұғанасы  қатып,  отыз  жасқа  келген  кезі 
еді. Шапырашты Ер Қарасай осы соғыста қонтайшы Батурдың оң 

58 
 
қолын шауып түсіреді. Ол содан келесі жылы ӛледі. 
  Есенқұлұлы  Кәрібай  жырау,  шежірешінің  дастанында 
Байтана батырдың ерлігі былай жырланады: 
                                  ...Кім білмес біздің баба Байтананы
                                  Оранған батыр дейді байтабаны. 
                                  Қызғыштай елі - жұртын қорғап жүрсе, 
                                  Жүрегі оның сонда жай табады. 
                                  Байтана жекпе - жекке бірде шығып, 
                                  Найзасын жау ӛтіне алған сұғып. 
                                  Қайтарды талай рет әке кегін
                                  Сескенген жан емес ол жаудан бүғып. 
  Ата  жолын  қуған  Байтана  батыр  Салқам  Жәңгір  қайтыс 
болған  соң  қазақ  қолын  одан  ары  қарай  бастап  шүршіт  – 
мәнжүрлерді  Алтайдан  асырып  Амурға  дейін  тықсырып  қуған 
деп  айтылады.  Соғыстың  біткендігі  туралы  жаумен  шарт 
жасасқандығы  туралы  тарихи  деректі  жазушы  Қалихан 
Ысқақовтың  1993  жылы  «Егемен  Қазақстан»  газетінде  Тынды 
станциясына  таяу  Байтанова  қаласы  батыр  қолбасшының 
зиратына байланысты атағанын жазған. 
  Шежіреші  қарттардың  айтуына  қарағанда  Байтана  батыр 
қырық  жасында  үйленіп  артында  алты  ұл  қалдырған.  Алпыс 
жасында  жауға  аттанып  содан  қайтып  елге  оралмаған.(Бұл 
деректер Садыбай Байтана шежіресінен алынды). 
  Еліміз  егемендік  алғаннан  соң  бұрынғы  ӛткен  батырлардың 
есімдері қайта жаңғыра бастады. Отанымыздың тәуелсіздігі үшін 
шейіт  болған  сол  ерлердің  ұрпақтары  батыр  бабаларының 
тарихын түгендеуге кӛп еңбек сіңірді. 
  «Садыбай»  ұранды  Байтана  ұрпақтары  жоңғарға  қарсы 
шапқан  батырлар  кӛптеп  саналады.  1729  жылғы  Аңырақай 
шайқасынан  бұрын  да  кейін  де  ӛмір  сүрген.  Олар:  Бораншы, 
Шалданбай,  Қырқымбай,  Сатылған,  Есқара,  Сегізбай,  Әзберді, 
Шоқан,  Қожақ  т.б  батырлар.  1770  -  1864  жылдары  басқыншы 
қоқан  хандары  мен  қырғыздың  соңғы  манаптарымен  соғыста 
ерлік жасаған Кәшке мен Қыдыр батырлар бізге тарихтан белгілі. 
Бір  тайпа  елге  есімдері  ұран  болған  Садыбайдың,  Байтананың 
1,5 мыңнан астам ұрпақтары бүгінде Жамбыл, Алматы, Оңтүстік 

59 
 
Қазақстан  облыстары  мен  Қырғызстан,  Ӛзбекстан  жерлерінде  де 
тұрып жатыр. 
  1993  жылы  қазанның  23  күні  ұрпақтары  Жуалы  ауданы 
Бауыржан Момышұлы ауылының шығыс жағынан кіре берісінде, 
мешіттің  жанынан  батыр  бабалары  Садыбай  -  Байтанаға  арнап 
еңселі етіп ескерткіш орнатты. 
 
  Жомарт батыр ( шамамен 1662-1723) 
  «Ақтабан  шұбыранды,  алқакӛл  сұлама»  заманындағы 
Қаратаудан кӛш емес, босқын шұбыраған, қара кӛзден жас емес 
қан аққан, тӛл тірсектер тілініп, тӛбенің басында қалған, сәбилер 
ілініп,  жебенің  ұшында  қалған  шерлі  заманда  Атамекенді  жат  - 
жерлік  басқыншылардан  қорғауда  еліне  қорған  болған  Жомарт 
және Қуат батырлардың есімдері қатар аталады. 
  1698  жылдың  жазында  Тәуке  хан  бастаған  қазақ  қолы  мен 
қонтайшы  Цеван  -  Рабтан  бастаған  жоңғар  қолының  соғысы 
туралы  кейбір  кітаптарда  деректер  келтіріледі.  Бұл  қазатар 
жағынан үш жүздің басын  біріктіріп жаудан  туған жерді азат ете 
бастаған,  жалпы  қазақ  жоңғар  соғысында  оң  бетбұрыс  бола 
бастаған  кезең  еді.  Осы  шайқастың  алдында  қазақтар  жағынан 
«Қаптағайлап!»  найманның  нар  тұлғалы  батыры  Жомарт  батыр, 
жоңғарлар  жағынан  жас  батыр  Қорабаймен  (қырғыз)  жекпе  - 
жекке  шығады.  Жекпе  -  жекте  Жомарт  батыр  жеңіске  жетіп, 
қаша  ұрысқан  Цеван  -  Рабтанның  шеріктерін  қазақтар  жайлау 
шетінен  алыстата  айдап  тастап,  қырғынды  тоқтатқаны  туралы 
Софы Сматаев «Елім - ай» атты тарихи романында баяндайды. 
  Романда  1710  жылдың  қазақша  барыс  жылының  мизам 
айында  Жуалы  ӛңіріндегі  Теректіден  бір  топ  нӛкерлерімен 
Ташкент  қаласынан  оңтүстікке  қарай  жүз  қырық  шақырым 
жердегі Әнгерен ӛзенінің теріскей  жағалауындағы Күлтӛбедегі 
жиын  туралы,  Тәуке  хан  бастаған  сұлтандар:  Қайып,  Барақ, 
Әбілқайыр,  Тұрсын,  Болаттар  билер:  Тӛле,  Әйтеке,  Кӛкім, 
Сасық,  Жайма  батырлар:  Сайрық,  Бӛгенбай,  Жәнібек,  Қуат, 
Жомарт,  Райымбек,  Бӛрте,  Есеттер  туралы  кӛп  мағлұматтар 
беріледі. 
  Сол кезеңдегі ӛрісі тарылып, жайлауы жұқарған жаугершілік 

60 
 
заманның жан алқымға тақалған ата - бабаның ежелгі қонысынан 
ығысып  Торғауыт  Жайықты,  Қара  Ертіс  пен  Балқашты  жоңғар 
иемденген  шақ  туралы  жазушы: «Түркістаннан  шығысқа  қарай 
Талас  пен  Арыстың  арасында  хан  ордасына  шектес  Боралдай 
ӛзенінің  бойында,  Қаратау  сілемін  етектей,  қалың  қыпшақпен 
кӛршілес Жомарт батырдың жері жатыр» - деп баяндайды. 
  Жомарт батыр Арғынаты тауының етегінде туып – ӛскен. Ол 
арғынның  батыры  Ақмырзаны  Арғынаты  тауындағы  жайлауға 
таласып  мерт  қылады.  Араға  Қазыбек  би  түсіп,  кек  алғызбай 
ымырамен  бітіріскен  соң  Жуалы  жеріндегі  Боралдай  ӛзенінің 
бойындағы  Үлкен  тұра  мен  Кіші  тұраның  арасындағы  теректіге 
кӛшіп  келеді.  Оны  Софы  Сматаев  былай  баяндайды:  «Жомарт 
батырдың  тоғыз  баласы  түгел  үйленіп,  ӛз  алдына  ошақ  құрып, 
түтін  түтетсе  де  еншісін  алып  іргесі  бӛлініп  кете  қойған  жоқ. 
Қыс аяғын күтпестен бұл ауыл Теректі ӛзеніне құятын Үлкентӛре 
мен  Кішітӛренің  арасындағы  тар  қолтықтан  қайнап  шыққан  мол 
сулы  бұлақтың  қамысы  нулы,  ылғалы  кӛп  жайылма  тұсына 
жақында ғана қоныс тепкен» - деп кӛрсетеді.  
  Осы  деректі  М.Тынышбаев  ӛзінің  «История  Казахского 
народа»  атты  еңбегінде:  «Джомарт  батыр  зимовал  возле  гор 
Улькен  -  тура  и  Киши  -  тура  по  реке  Боралдай  в  местности 
Теректы, называемый ныне «Садыр Камалган бастау» т.е ручеев в 
которого  застряли,  т.е  были  окружены  и  перебиты  садыры.  В 
1723  году  здесь  как  раз  и  зимовал  Джомарт  батыр  со  свойми  9 
сыновями» - деп кӛрсетеді. 
  Қазіргі  Қошқар  ата,  Ақтасты  елдімекен  жұртшылығы  бұл 
жерді  «Садыр  қамалған»  одан  «Садыр  қамал»  деп  атап  кеткен. 
Ол  Жомарт  батырдың  найман  руынан  тарайтын  Садыр  әулетіне 
байланысты осылай аталған. 
  С.Сматаев  «Елім  -  ай»  романында,  1723  жылдың 
кӛктемінде, сегіз түмен қолын қазақ даласына қаптатқан Цеван - 
Рабтан күн жылып, кӛк  шықпай жайлауларына кӛшпейтін қазақ 
батырларының әрқайсысын  ӛз  қыстауларында  бейқам отырғанда 
басып  қалды.  Шығыстан  жер  қайыстырып  тӛгілген  қарақұрт  жау 
Қаратау  мен  Талас  ӛңіріне  сау  етіп  құйылды.  Алғашқы  соққыға 
ұшыраған  батырлар  Жомарт  пен  Шыршықтағы  Бӛртелер  болды. 

61 
 
Қол  бастап  жауға  шығатын  жиырма  шақты  ел  серкесін 
олжалағанын жазады. 
  Жомарт батыр ӛзінің тоғыз ұлымен және үлкен немересімен 
жаудың  қалың  қолымен  шайқасып  үлкен  ерлік  кӛрсетеді.  Бірақ 
еш  жақтан  келетін  жәрдем  жоқ,  Үлкен  тұраға  дейін  шегініп 
ақырында бәрі де мерт болады. Осы қырғынға ұшыраған ауылдан 
жалғыз  ғана  25  күндік  сәби  аман  қалады.  Оның  атын  Тасболат 
қояды. Осы Тасболаттан кейін бір тайпа ел тарайды. 
Сол жасынды жорықтардың ескерткішіндей болып Қошқарата 
ӛңірінде  жер  сақтаған,  ел  сақтаған  белгісіндей  «Садыр 
қамалған», «Садыр мүрде» -  деген жер атауы қалды.  
 
  Саңырық Тоқтыбайұлы (1691-1740) 
  Сұрапыл замандардағы шайқас даласындағы болған оқиғалар 
ауыздан  -  ауызға,  ұрпақтан  -  ұрпақққа  жетіп  отырды.  Қанды 
қырғындарды  бастан  кешкен  қилы  замандардан  бізге  дейін  ел 
қорғаған  қаһарман  батырлардың  есімдері  мен  ерліктері  шежіре 
болып жатталып келеді.  Солардың  ішінде  есте  қалған  ерекше 
тұлғалардың бірі Саңырық Тоқтыбайұлы. 
  Саңырық  батыр  Ошақты  руының  Тасжүрек  атасынан 
шыққан.  Ол  үш  жүздің  хандары  мен  билері  Ордабасыдағы  ұлы 
кеңеске  қатысқанда  35  жаста  екен.  Тарихтан  белгілі  бұл  ұлы 
кеңес  1726  жылы  ӛтті  десек,  оның  туған  уақыты  1691  жыл 
болады.  Ол  шешесі  жағынан,  Кіші  жүз  Тайлақ  батырға  немере 
жиен - деп кӛрсетеді Ә. Диваев. 
  Аңызға  айналып  кеткен  Бұланты  -  Білеуті  шайқасы  1727 
жылы  Бұланты  мен  Білеуті  ӛзендерінің  аралығындағы  жазықта, 
Ұлытау маңында болғандығы тарихтан белгілі. Ол кезде әскердің 
бас  қолбасшысы  Әбілқайыр  хан  болды  да  мыңбасы  батырлар 
Саңырық,  Наурызбай,  Бӛгенбай,  Ӛтеген,  Шақшақ  Жәнібек, 
Тайлақтар  барлығы  отыз  мыңдай  жауынгер  ұрысқа  шықты. 
Жекпе  -  жекте  Наурызбай  батыр  қалмақтың  атақты  батырлары 
Шамалхан  мен  Қаскелеңді  ал,  Ӛтеген  батыр  Ботшықора  мен 
Сабан Тайшықты мерт қылды. 
  Ел аузындағы әңгімелерге қарағанда Тоқтыбайдың үш ұлы да 
(Дәнен,  Саңырық, Сарымерген)  батыр  әрі  құралайды  кӛзге атқан 

62 
 
мерген  болған.  Ошақтының  бір  ауқатты  адамы  той  жасағанда 
мергендер  жарысын  ӛткізеді.  Бас  бәйгеге  тігілген  алтын  - 
күміспен  әшекейленген  садақты  16  жасар  бозбала  Саңырық 
жеңіп алады.   Кейін  «Саңырықтың  сырнауығы»  деп  аталып 
кеткен осы садақ Саңырық батырдың жоңғарлармен соғыста бас 
қаруы болған. (Бұл мәлімет «Ұлы кӛш» атты энциклопедиясынан 
алынды,  авторлар  Ж.Тілеухан,  Б.Жұматаев.  Алматы  «Аруна» 
2006.) 
«Елім ай» - дастанында, Саңырық батырдың мергендігін, алты 
алашқа әйгілі болғандығын Қожаберген жыраудың ӛлеңінен мына 
үзінді дәлелдей түседі: 
                            ...Қатысты Кіші жүзден Тайлақ мерген.  
                            Құлатты кӛздегенін атқан жерден.  
                            Бір мерген Саңырық атты жараланды,  
                            Тайлақтың жолдас болып қасына ерген... 
  Саңырық батыр қазақ жерінің барлық түкпірінде де соғысқан. 
Ол  сонау  Қарасиыр,  Аңырақай  шайқастарына  да  қатынасып 
қазақ  қолының  жеңістеріне  ӛз  үлесін  қосады.  Аңырақай 
шайқасында 
Саңырық 
батыр 
қазақ 
жауынгерлерінің 
садақшыларын басқарған деседі. Ол ӛз ағайындарын бастап, Еділ, 
Жайыққа, Оралға, Ертіс, Тобылға тіпті Жоңғар қақпасына барып 
азаттық жолындағы айқастардың бел ортасында болған. 
  Саңырық  батыр  бастаған  жасақтарда  болған  немере  інісі 
Қалет  батырдың  ерлігі  де  ерекше.  Қалет  батыр  да  Саңырықтың 
бастауымен  Тайкӛк,  Таскӛк  атты  қос  тұлпарларын  кезек  мініп 
Абылай  хан  бастаған  кейінгі  соғыстардың  бәріне  де  қатысқан. 
Абылай 
ақтық, 
азаттық 
айқасқа 
дайындалып, 
қазақ 
жауынгерлеріне  арнап,  шарайналы  он  бір  сауыт  соққызғанда, 
соның  алтауын  ғана  кигенде  емін  -  еркін  соғыса  алатын 
батырлардың бірі осы Саңырықтың інісі Қалет батыр еді. Ал 500 
кіреуке, жейде сауытты қазақ жауынгерлерінің қолы жеткендері 
ғана  таласып  киген.  (Бұл мәлімет Б.Әбілдәұлының  «Тӛле  би мен 
Қойгелді батыр»  кітабынан алынды). 
  Тоқтыбайұлы 
Саңырық  батырдың  ерлігі  жазушылар 
І.Есенберлин мен С. Сматаевтың романдарына да арқау болған. 
  Тӛле  бидің  жарлығымен  Саңырық  батырдың  денесі 

63 
 
қасиетті Түркістанға жерленген. 
  Ӛзінің  кӛзі  тірісінде  ақ  ерлігі  алты  алашқа  әйгілі  болған 
Саңырық  батырдың  ерлігін,  ӛнегесін  кейінгі  ұрпаққа  жеткізу 
баршамыздың  парызымыз.  Батырдың  ӛз  кіндігінен  тараған 
ұрпақтары  Тараз,  Алматы  қалаларында,  облысымыздың  Талас, 
Сарысу аудандарында, тіпті Шымкент, Қызылорда облыстарында 
да ӛмір сүруде. Саңырық батырдың ерлігі - барша қазақ жұртына 
ӛнеге болуға тиіс. 
  Саңырық  батыр  шамамен  1691  жылы  Талас  ӛңірінде 
туылған, 1740 жылы дүниеден қайтқан. 
 
  Ӛтеген Ӛтеғұлұлы (1699-1773) 
  Ӛтеген  Ӛтеғұлұлы,  мүйізді  Ӛтеген  -  қазақ  батыры  әрі 
қолбасшысы.  Ол  1699  жылы  Жамбыл  облысындағы  Мойынқұм 
ауданының  Хантау  аталатын  жотасының  баурайындағы  Үзенді 
алқабында  дүниеге  келген.  1773  жылы  Іле  ӛзенінің  бойындағы 
Шеңгелді деген жерде қайтыс болады. 
  Ӛтеген  батыр  Ӛтеғұлұлы  -  Ұлы  жүздің  дулат  тайпасынан 
тарайтын  жаныс  руынан  шыққан.  Ол  он  бес  жасынан 
жоңғарларға  қарсы  соғысқа  қатысқан.  XVIII  ғасырда  жоңғар 
шапқыншылығы  кезінде  қазақ  елінің  тұтастығын,  Жетісу  жерін, 
Шығыс Қазақстан ӛңірін жаудан азат етуде үлкен еңбек сіңірген. 
  Ӛтегеннің  ата  -  бабалары  да  есімдері  елге  танылған 
батырлар мен атақты  кісілер болған. Оның бабасы Сырымбет  - 
қазақ  ханы  Салқам  Жәңгірдің  Самарқан  әмірі  Жалаңтӛспен 
бірігіп,  жоңғардың  50  мың  әскерін  талқандайтын  әйгілі  Орбұлақ 
шайқасына  қатысқан  батыр.  Ӛтегеннің  ӛз  әкесі  Ӛтеғұл  да  талай 
қанды жорықтарда атағы  шыққан батыр адам болған, ал  шешесі 
Нұрбала атақты Қордай батырдың немересі екен. 
  Ӛтеген 
батыр 
Ӛтеғұлұлына 
деректі  материалдар, 
естеліктер  мен  толғаулар,  кітаптар  жеткілікті.  Ӛтеген  батыр, 
Шапырашты  Қазыбек  бек  Тауасарұлының  «Түп  -  тұқияннан 
ӛзіме  шейін»  атты  кітаптарында,  «Елтұтқа»,  «Қазақ  хандығы» 
атты энциклопедиясында т.б кӛптеген кітаптарда Ӛтеген батыр 
туралы  материалдар  жеткілікті  жазылған.  Біз  сол  кітаптарда 
жазылғандардың ізін қуып қайталаудан аулақпыз. 

64 
 
  Қазыбек  бек  Тауасарұлы  екі  жылдай  оқытқан  Ӛтегеннің, 
ӛзінен  бір  жас  үлкен  екендігін  айтады,  кейін  Ӛтеген 
Ӛтеғұлұлымен  қатты  дос  болып,  ӛмірінің  ең  мәнді,  маңызды 
шағының  бәрін  сонымен  ӛткізген.  Қазыбек  пен  Ӛтеген  батыр 
екеуі  жарты  дүниені  аралаған.  Ол  екеуі  дүниенің  кӛп  жерін 
аралап,  кӛпті  кӛріп,  кӛп  оқығандықтан  елінің  болашағын, 
елімізді  бір  -  біріне  айдап  салып,  арамызға  алаторғай  болып 
отырғандарды кӛре білген.   Ӛтеген  мен  Қазыбектің  ӛмір 
сүрген кезеңі қазақ халқының басына ауырлық түскен «Ақтабан 
шұбыранды,  алқакӛл  сұлама»,  жан  алысып,  жан  беріскен, 
ағайын  безер,  аштық  -  жалаңаштық,  қорлық  -  зорлық  дәуірде 
оның  бел  ортасында  болған  адамдар.  Бұл  жӛнінде  «Ӛтеген 
батыр» жырында:  
                                   Артында дулат қалың ел
                                   Халық үшін ат мініп, 
                                   Найза ұстап, буды бел, 
                                   Екі жүздің баласы 
                                   Тӛмен қарай бір ықты. 
                                   Елін қорғап ӛлімнен, 
                                   Жауға қарап қол шықты 
                                   Қолды бастап, найза ұстап  
                                     Ӛтеген  батыр  ол  шықты  -  делінген.  (Қазақ 
тарихы жырларының мәселелері. Алматы, Ғалым, 1979, 156 б) 
  Ӛтеген  батыр  жӛнінде  ел  аузында  кӛптеген  деректер 
сақталған.  Солардың  біразы  Сүйінбай,  Майкӛт,  Жамбыл 
секілді  жыр  алыптарының  да  дастандарына  арқау  болған.  Ел 
оның  есімін  әулие  тұтып,  қос  мүйізі  бар  киелі  деп  біледі. 
Жамбыл  Жабаев:  «Қасқара  біткен  маңдайдан,  жан  еді  қос 
мүйізді»  -  деп  жырласа,  оның  батырлығын  Майкӛт 
Сандыбайұлы: 
                                  Дулаттың кім білмейді Тӛле биін?! 
                                  Кейінгі Тойшыбек пен Сыпатайын! 
                                  Ерлігі ел аузында ертек болған 
                                  Қойгелді, Ӛтеген мен Малдыбайын?! 
                                  Үшеуі бұл кейінгі ертеде ӛткен, 
                                  Кімдер бар заманында оған жеткен?! 

65 
 
                                  Жоңғарды, торғауытты қабат қырған 
                              Баласы Ӛтеғұлдың ер Ӛтеген!... – деп жырлайды. 
  Ӛтеген  батырдың  ӛмір  жолын  үш  кезеңге  бӛліп  қарауға 
болатын секілді. Оның бірі - Бұхара медресесін бітірген ғұлама 
ретінде ел ішінде хазірет атанған кезі. Екіншісі - батырдың елді 
«Ақтабан 
шұбырандыға» 
ұшыратқан 
жоңғар 
басқыншылығына  қарсы  күресі.  Ол  күресте  батырлығымен 
кӛзге  түсіп,  ерлік  жасаған.  Үшіншісі  -  жоңғарлардың  1734 
жылғы екінші  қайтара соққысынан  кейін  Оңтүстік  қазақтары 
қатты  күйзеліске  ұшырағанда,  Тӛле  бидің  жау  ӛтінен  шалғай 
жерден  қоныс  іздеуге  жіберіп,  елге  жайлы,  малға  қолайлы  жер 
іздейтін  кезі.  (Елтұтқа  М.Жолдасбекұлы,  Қ.Салғараұлы,  т.б 
Астана, 2001, 1476) 
  Ӛтеген  тек  қана  батырлығымен  емес,  айлакерлігімен  қазақ 
халқының басына қиын - қыстау күн туғанда да жол таба білген 
ірі  тұлға.  Аңырақай  шайқасының  шешуші  кезеңі  Итішпес  кӛлі 
маңында  болғаны  тарихтан  белгілі.  Тӛле  би,  Қойгелді,  Ӛтеген 
батыр бастаған әскер Іле ӛзенінен ӛтіп, жоңғарлардың оңтүстік 
бүйірінен  шабуылдады.  Ал  Қабанбай  батыр  бастаған  тобы 
солтүстігінен шабуылдап жоңғарларды қатты састырады.  
  Батыр  жӛнінде  Қазыбек  бек  Тауасарұлы  еңбегінде 
кӛптеген  мәліметтер  береді.  Соның  бірі  мынадай:  «Ӛтеген 
Ӛтеғұлұлы  алып  қара  күштің  иесі,  жүрек  жұтқан  батыр.  Оған 
салсаң,  тіке  шабуылға  шығып,  найзаласып,  қылыштасқысы 
келеді.  Ол  жау  жағының  бізден  күші  басымдау  екенін 
ескермейді» - деп сипаттайды. 
  Қаратау  бӛктерінде  болған  ұрыстар  халық  есінде  жақсы 
сақталып  қалғаны  мәлім.  Осы  жердегі  Ұзынбұлақ  деген 
жерде Ӛтеген батыр қалмақтың батыры Ботхишар мен жекпе - 
жекке шығып, ӛлтіреді. Қазыбек бек ол жӛнінде кітап та жазған. 
Ӛкінішке орай ол кітапты соғыс жағдайында жоғалтқан. Алайда 
«Түп  -  тұқияннан  ӛзіме  шейін»  кітабында  екеуінің  жекпе  жегі 
туралы  біраз  мәліметтер  береді.  Енді  осыған  тоқталайық: 
«Қалмақтармен  ұрыс  Қаратаудағы  Ұзынбұлақтың  Бӛгенге  құяр 
жеріндегі ӛзеннің сол жағында жүргізілетін еді. Бұл 1107 - тауық 
жылы еді (1723). Біз Қаратаудағы Екітұраның батыс жағындағы 

66 
 
алқапқа  орналастық.  Бұдан  әрі  Ақтас  тӛңірегінде  қалмақтар 
жатыр.  Үш  күн  жекпе  -  жек  жасамақпыз.  Жолбарыс  ханнан 
шабарман келді, Қазыбек батыр жекпе - жекке шықпасын  депті. 
Алғашқы  күні  ұрыс  Бӛгеннің  сол  қанатындағы  жота  үстінде 
еді.  Қалмақтың  басшысы  Донық  майданға  шықса,  мен  де 
шығуым  керек.  Бірақ  ол  жекпе  -  жекке  шықпады.  Оның  бас 
батыры  Ботхишар  шықты.  Біз  жақтан  Ӛтеген  шықты.  Оның 
астына  мінгені  Тӛле  бидің  Тӛле  құла  деген  жорғасы  болатын. 
Ортаға екеуі жеткенде,  найзалардың  шақ  -  шақ еткен  дыбысы 
шықты.  Арада  бие  сауым  уақыт  ӛткенше  екі  батыр  бірін  -  бірі 
алыса  алмады.  Енді  сәлден  соң  Тӛлеқұланы  Ӛтеген  тура 
Ботхишар  құласының  жанынан  салды.  Қалмақ  құласы 
шыдамай,  әрі  бұрыла  бергенде,  Ӛтеген  Ботхишарды  бүйірден 
сойып  жіберді.  Ботхишар  аттан  аунады.  Дарымады  деп  тұрдық 
біз.  Бірақ  Ӛтегеннің  кіріп  кеткен  найзасы  шықпай,  ол  әлі  ат 
үстінде  еді.  Ӛтеген  қалмаққа  енген  найзасын  қос  қолдап  қайта 
тартқанда,  шамасы,  суырылды  білем,  Ботхишар  аттан  құлап 
бара жатты. Қалмақтар жағы шулап кетті. «Құлады, құрыды,» - 
деп  қазақтар  тұрды.  Батырдың  жеңгеніне  қуанған  қазақтар 
жылап  жібергендері  де  кӛп  еді»  -  деп  кӛрсетеді.  Осы  жерде 
айтылатын  Ақтас,  Екітұра,  Ұзынбұлақтың  Бӛгенге  құяр  жері 
Жуалы ауданының солтүстігінде жатыр. 
  Ӛтеген  1773  жылы  74  жасында  дүниеден  қайтыпты. 
Батырдың денесі тиелген ақ нар Шолақ тауының бергі жағындағы 
Іле  бойындағы  Шеңгелді  деген  жерге  таяп  барып  шӛккен  екен. 
Ӛтегеннің сүйегі сол араға қойылыпты. 
  Жетпісінші  жылдары  Қапшағай  теңізінің  суы  жайылып, 
батырдың  бейіті  су  астында  калатын  болғандықтан  Ӛтеген 
ұрпақтары  Қазақ  КСР  Мәдениет  Министрлігінің  рұқсатымен 
1973  жылдың  шілде  айында  сүйегін  Жамбыл  облысы,  Қордай 
ауданының  қазіргі  Ӛтеген  ауылына  әкеліп,  қайта  арулап 
жерлеген. 
Бірде Қабанбай, Райымбек батырлар Ӛтегенді ортаға алып: 
-
 
 Осы  жұрт  сені  әулие,  кӛріпкел  дейді.  Әулие  болсаң 
айтшы,  біздің  сүйегіміз  қайда  қалады?  деп  сұрапты.  Сонда 
Ӛтеген: 

67 
 
-
 
 Қабанбай,  атың  да  қабан,  ӛзің  де  аңшысың,  сенің  сүйегің 
бір  нудың  ішінде  қалады  -  ау.  Ал  Райымбек,  ақкӛңіл  кӛпшіл 
жансың, сүйегің шудың астында жатады, - депті. 
-
 
 Ал ӛз сүйегің қайда қалады? - дегенде. Ӛтеген: 
-
 
 Менің  сүйегімнің  қайда  қалатынын  ақ  нар  біледі,  бірақ 
сүйегім  судың  астында  қалады  -  ау  деген  екен.  Ӛтеген 
батырлығымен  қоса  сәуегей  де,  кӛрікпел  де  болса  керек. 
Батырдың кезінде ӛзі тұтынған біраз мүлкі сақталған. Солардын 
бірі  -  Абылай  ханның  жез  тегенесі.  Оны  Абылай  хан  Ӛтегенге 
ӛзі  сыйлағаған  екен.  (Ақ  жол.  1999,  22  қыркүйек.  Батырдың 
шұбар тегенесі. Жақан Сатаев) 
 
Каталог: images -> data
images -> Байқау сынағы сұРАҚ кітапшасы 7005 НҮСҚА
images -> С. Бегалин «Бала Шоқан» “Толағай”
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлының
images -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
images -> Краткое содержание проекта Екі елдің данышпан ақындары Абай және Пушкин өмірі мен шығармашылығы қазіргі
data -> Программа вступительных испытаний в академическую гимназию спбгу на образовательные программы основного общего и среднего (полного) образования по русскому языку


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет