Дәрістің мақсаты: студенттерге ұйымның қаржылық қызметін талдауда қолданылатын негізгі қаржылық коэффициенттерді түсіндіру және есептеу жолдарын қарастыру
Дәріс жоспары
8.1. Өтімділік түсінігі және баланстың өтімділігі
Активтердің өтімділігін талдау
Баланс өтімділігін кешенді түрде бағалау
Өтімділік көрсеткіштерін талдау әдістемесі
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығының мінездемесін сипаттайтын көрсеткіштің бірі төлем қабілеттілік, яғни өз уақыты келгенде өтем ақыларын алуы болып табылады. Төлем қабілеттілік дегеніміз – кәсі- порынның сыртқы қаржылық жағдайы, оның беріктілігі. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі ішкі және сыртқы серіктестер алдында, сонымен қатар мемлекет алдында қаржылық міндеттемелерді толық және уақытылы орындауға мүмкіндігімен сипатталады. Төлем қабілеттілік коммерциялық келісім-шарттарды іске асыру шарттарына және негізгі нысанға тікелей әсер етеді, сонымен қатар несие және займ алу мүмкіндігін қосады. Өтімділікті талдау тек кәсіпорындарды бағалау мақсаты мен қаржылық қызметіне болжам жасау үшін ғана емес, сонымен қатар сыртқы инве- сторлар (банктер) үшін де маңызды.
Сыртқы инвесторлардың төлем қабілеттілікті бағалауы ағымдағы активтердің өтімділігін сипаттайды. Баланстың өтімділігі дегеніміз – субъектінің шаруашылығы активтерін қолма-қол ақшаға айналдыра алуы және өзінің өтем міндеттемелерін жаба алуы, нақты айтқанда – бұл кәсіпорынның өз міндеттемелерін активтерімен жабу, қолма-қол ақшаға айналдыру мерзімі, өтеу мерзімі келген міндеттемесін жабу мерзіміне сай келуі. Ол барлық төлем қаражаттар көлемінің қысқа мерзімді қарыздық міндеттемеге сай келу деңгейіне тәуелді.
Баланстың өтімділігіне қарағанда кәсіпорынның өтімділігі жалпы түсінікті ұғындырады. Баланс өтімділігі төлем қаражаттарының тек ішкі көздерден ғана (активтерді іске асыру) жабылуын қарастырады. Бірақ кәсіпорынның сырттан займдық қаражат тартуына болады, егер ол кәсіпкерлік өмірге сай имиджі болса және инвестициялық қызықтырушылық деңгейі жоғары болса.
Өтімділік кәсіпорынның тез және минималды деңгейдегі қаржы жоғалтуда өз активтерін (мүліктер) ақша қаражаттарына айналдырып алу- ымен анықталады. Ол сонымен қатар кассада қалған қалдық ақша нысанында, банктер шоттарындағы ақша қаражаттар түрінде және ағымдағы активтердің тез іске асыра алатын элементтерімен сипатталады.
Төлем қабілеттілік пен өтімділік түсініктері өте жақын, бірақ екіншісі икемдірек. Төлем қабілеттілік баланс өтімділігіне тәуелді. Өтімділік сонымен қатар ағымдағы шоттар жағдайын және перспективасын да сипаттайды. Кәсіпорын нақты бір кезеңде төлем қабілетті болуы мүмкін, бірақ болашақта жағымсыз жағдайға ұшырауы да мүмкін. Кәсіпорынның төлем қабілеттілігін, өтімділігін және баланс өтімділігінің арақатынасын көп қабатты ғимаратпен салыстыруға болады, мұнда барлық қабаттар бірдей, бірақ барлық қабаттар бірінші қабатсыз отырып қалады. Бұдан баланс өтімділігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің негізі екенін білеміз. Басқа сөзбен айтқанда, өтімділік төлем қабілетті ұстап тұрушы тәсілдердің бірі деп айтуға болады. Егер кәсіпорын үлкен имиджге ие болса және әр уақытта төлем қабілетті болса, онда оған өз өтімділігін ұстап тұру оңай болады.
Сурет 8.1 Кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен өтімділігінің көрсеткіштері арасындағы байланыс көрсетілген
Осылайша өтімділік – ұйымның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелері бойынша жауап бере алуы. Егер кәсіпорынның төлем қабілеттілігі төмен болса, бұл қаржылық денсаулығының әлсіздігінен және өз қызметінің көптеген сұрақтарын шеше алмайтындығын көрсетеді. Басқаша өтімділікті қәсіпорынның айналым (ағымдағы) активтерінің сапасы ретінде және олардың қарыздарды жаба алуы қабілеті ретінде анықтайды. Егер кәсіпорын негізгі стратегиялық жоспар құратын болса, онда өтімділік проблемасы ұзақ мерзімді жобалау процесіне дейін шешіліп қоюға тиіс.
Кәсіпорынның төлем қабілетінің жақсаруы айналым активтерін және ағымдағы пассивтерін басқару саясатымен тығыз байланысты. Бұндай
саясат айналым қаражаттарының оптимизациясын және қысқа мерзімді міндеттеменің минимизациясын сипаттайды. Кәсіпорынның төлем қабілетін және өтімділігін бағалау үшін келесі негізгі әдістерді қолдануға болады: баланстың өтімділік талдауы; өтімділіктің қаржылық коэффициенттерін есептеу және бағалау; ақша (қаржы) ағымын тал- дау.
Достарыңызбен бөлісу: |