«Баєа белгілеу» пјнінен таќырыптар


Бағаны анықтаудың эконометрикалық әдістері



бет43/130
Дата08.12.2022
өлшемі2,04 Mb.
#56043
түріОқулық
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130
7.4. Бағаны анықтаудың эконометрикалық әдістері.


Бағаны анықтаудың нормативтік-параметрлік әдістері, кәсіпорын тауарларын бәсекелестердің соған ұқсас тауарларымен және аталған кәсіпорынның сол тауардың орнын басатын басқалай әр түрлі тауарларымен салыстыруға негізделеді. Бұл әдістерді қолдану белгілі бір тауардың артықшылығын, оны дәл сондай қажеттілікті қамтамасыз ететін басқа тауармен салыстыру арқылы көрнекі түрде тұтынушының көзін жеткізуге бағытталады.
Бағаны және шығындарды негіздеуде параметрлік әдістер негізін шығындар және параметрлік қатарға енетін өнімнің негізгі тұтыну қасиеттері арасындағы сандық тәуелділік құрайды.
Параметрлік қатар дегеніміз конструктивті әлде технологиялық біртекті бұйымдар жиынтығы.
Неғұрлым жиі қолданылатын нормативтік - параметрлік әдістерге:
- үлестік көрсеткіштерді салыстыру әдісі;
- регрессивті талдау әдісі;
- агрегаттық әдіс;
- балл арқылы баға белгілеу әдісі;
- тұтыну құндылығы және баға арқылы ұсынысты эксперттік бағалау әдісі.
Үлестік көрсеткіштер әдісі - шекті пайдалылығы бір негізгі тұтынушылық параметрмен сипатталатын, тауарды алмастыра алатын тауарлардың тұтынушылық құндылығын салыстыру үшін пайдаланылады. Яғни, баға деңгейіне әсер ететін, өнімнің бір негізгі сапалық көрсеткіші бөлінеді. Бағаны әр бұйымның негізгі параметріне бөлуден шыққан бөлінді үлестік көрсеткіштер деп аталынады. Ол бағаны тексеру және негіздеу үшін қажет ағымдағы талдау жұмыстарында пайдаланылады.
Аталған әдіс бойынша, алғашында үлестік баға есептелінеді (Рүл):
Рүл = Рб × Пб,
мұнда, Рб – базистік бұйымның бағасы; Пб – базистік бұйым параметрінің шамасы. Сонан соң, жаңа бұйымның бағасы (Рж) - есептелінеді:
Рж = Рүл × Пж
мұнда, Пж – сәйкес өлшем бірлігімен алынған жаңа бұйымның негізгі параметрінің мәні.
Мысал. Кәсіпорын қуаты 75 кВт жаңа электродвигатель жасауды жоспарлайды. Оның бағасын белгілеу үшін базалық электрдвигателінің үлесті бағасын есептеу қажет. Базалық электрдвигательдің нарықтық бағасы 2000 тенге, қуаты 50 кВт болса үлестік баға 40 тенгені құрайды (2000/50). Сонда, жаңа электрдвигателінің бағасы –3000тенге (40×75). Бұл жағдайда бұйымның бағасы оның сапасына пропорционалды қымбаттайды.
Үлестік көрсеткіштер әдісі параметрлік талдау және бағаны негіздеудің неғұрлым қарапайым әдісіне жатады. Дегенмен, ол негізінен өте қарапайым бұйымдар қатарына қолданылады. Өнімдердің негізгі көрсеткіштері ретінде салмақ, аудан, ені әлде ұзындығы, қызмет көрсету ұзақтығы, негізгі компонент мөлшері және т.б.. алынған жағдайда, өнімге үлесті көрсеткіштер әдісі бойынша баға белгіленеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   130




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет