Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі



бет1/15
Дата26.11.2023
өлшемі247 Kb.
#128206
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Лекция Даму 2023









2.ДӘРІС ТЕЗИСТЕРІ




№ апта

Дәріс тақырыбы және тезистер

Сағат көлемі

№ 1
дәріс

Даму және жас ерекшелік психологиясының теориясы мен әдістемесі
Дәрістің жоспары:

  1. Жас ерекшелік психологиясының пәні, мақсат міндеттері

  2. Даму психологиясының пәні және объектісі

  3. Психикалық дамудың факторы, формасы, мақсаты

4.Даму психологиясының заңдылықтары, міндеттері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Даму психологиясы- адамның индивидуалды өмір барысында психикалық даму динамикасын және заңдылықтарын зерттейтін психология бөлімі.Адамның психикалық процесін әртүрлі жағынан сипаттау үшін негізгі төрт категория қолданылады: даму, пісіп жетілу, өсу және қалыптасу.Даму барысында адам мінез-құлқы мен психикасың сандық, сапалық құрылымдық қайта құрылуын туғызатын заңды өзгерістері мен бағыттары қайталанбас процесс ретінде түсіндіріледі.
Бағыттылық – дамудың ішкі өзара байланысты жолына алып келетін қабілет жүйесі.Дамудың бағыттылығы жүйелік принципі мен түсіндіріледі.
Заңдылық- әр адамдағы бір типті өзгерістерді қайта жаңғырта алып келетін қабілет жүйесі.Бұл жүйеге үлгі болып «индивид- орта» қарым-қатынасы, генетикалдық психологияда; «бала- ересек» жүйесі жатады.
Пісіп-жетілу – адамның индивидуалды қасиетіне тәуелді процесс; организмнің сыртқы түрінің генетикалық бағдарланған жүйесінің өзгерісі ғана емес, оның қиыншылығын, интеграциясын, ұйымдастыруын және функциясынан туатын процесс.
Өсу – пісіп-жетілу кезіндегі сол және басқа функциялардың сандық өзгеру процесі.Егер даму барысында сапалық өзгерістер болмаса- бұл өсу (Д.Б.Эльконин)
«Даму», «пісіп жетілу», «өсу» түсініктері даму теориясында сол несесе басқа даму категориясында методологиялық позициясына байланысты арақатынасы әртүрлі болуы мүмкін.Кейбір теорияларда оны (мысалы: пісіп-жетілудің спиралды теориясы А.Гезелл: пісіп-жетілу- даму).Ал келесісінде дамуды пісіп-жетілуге қарсы қояды (әлеуметтік үйрету теориясы А.Бандура, тарихи- мәдени теория Л.С.Выготский).Егер пісіп-жетілу мен өсу тұқым-қуалаушылық және қоршаған орта факторларына негізделген болса, ал қалыптың көп жағдайда адамның өзін-өзі дамыту факторымен анықталады.Психологияда дамудың келесі формаларын бөліп шығарады: онтогенез және филогенез .


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет