Дәріс тақырыбы: Балық шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау Қарастырылатын сұРАҚтар


Құбылмалы түстi бахтақтың геморрагиялық септицемиясы



бет18/22
Дата16.09.2022
өлшемі146,35 Kb.
#39289
түріҚұрамы
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22

Құбылмалы түстi бахтақтың геморрагиялық септицемиясы. Жанасу арқылы жұғатын вирустық ауру. Негiзiнен 1-2 жастағы балықтар ауырады. Аурудың жiтi түрiнде желбезегiнiң қаны қашып бозарады, етiне, торсылдағына, жүрекке қан құйылады, бауыры қанның көптiгiнен қызарады, кейде бұндай қызарысты қанаттарының түбiнен де көруге болады. Аурудың созылмалы түрiнде балықтың денесi тегiс қарайып кетедi, құрсағы жалқаяққа толып үлкейедi, көздерi зақымданады. Желбезектерi ашық-қызғылт немесе солғын-боздау, бауыры бозарған, бұлыңғыр, кейде дақтары байқалады.

  • Құбылмалы түстi бахтақтың геморрагиялық септицемиясы. Жанасу арқылы жұғатын вирустық ауру. Негiзiнен 1-2 жастағы балықтар ауырады. Аурудың жiтi түрiнде желбезегiнiң қаны қашып бозарады, етiне, торсылдағына, жүрекке қан құйылады, бауыры қанның көптiгiнен қызарады, кейде бұндай қызарысты қанаттарының түбiнен де көруге болады. Аурудың созылмалы түрiнде балықтың денесi тегiс қарайып кетедi, құрсағы жалқаяққа толып үлкейедi, көздерi зақымданады. Желбезектерi ашық-қызғылт немесе солғын-боздау, бауыры бозарған, бұлыңғыр, кейде дақтары байқалады.
  • Санитариялық бағалау. Балықтың тауарлық түрi жақсы болса, оны қоғамдық тамақтандыру жүйесi арқылы тағамға пайдаланылады. Тауарлық түрi нашар, қатты зақымданған балықты пiсiргеннен соң мал азығына пайдаланады.
  • Бронхиомикоз (желбезек шiрiгi). Қоздырушысы - Branchiomyces sanguinis. Тұқы, шортан, албырт тұқымдас балықтар ауырады. Ауру балық желбезектерi мәрмарға ұқсайды, кейiннен желбезек жапырақшалары шiрiп, түсiп қалады.
  • Санитариялық бағалау. Балықтың басын алып тастағаннан кейiн тежеусiз пайдалануға болады.
  • Сапролегнноз (дерматомикоз) - қоздырушысы Saprolegnica саңырауқұлағы. Балықтың барлық түрлерi ауырады. Негiзiнен желбезектерi, қанаттары мен құйрықтары зақымданады. Зақымданған жерлерiнде бiр байлам мақтаға ұқсайтын ақ жiптер пайда болады.
  • Санитариялық бағалау. Аз зақымданған балықтарды тазалағаннан кейiн тоқтаусыз шығарады. Қанаттары сынып, жағымсыз иiс бiлiнсе, көгерсе немесе етi сулы болса, ондай балықтарды жарамсыздыққа шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет