Дәрістер жоспары



бет1/11
Дата06.01.2022
өлшемі3,25 Mb.
#14782
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті

ПКОҚӨ кафедрасы


«Жерасты тау-кен жұмыстарының технологиясы»

пән бойынша дәрістер жинағы

1-тақырып “ Жерасты тау-кен жұмыстарының технологиясы ” пәннің мақсаты және мазмұны ( 4 сағат )


Дәрістер жоспары


1. Тау – кен өндірісінің тарихы, кәзіргі жағдайы, оның дамуы. Алда шешу тілейтін талаптар. Тау–кен жұмыстары туралы ұғым.

2. Тау – кен жыныстары туралы түсініктеме. Пайдалы қазбалардың жатыс сипаттамалары.

3. Кен қазбаларының маңызы мен топтасуы.

1. Тау – кен өндірісінің тарихы, кәзіргі жағдайы, оның дамуы. Алда шешу тілейтін талаптар. Тау–кен жұмыстары туралы ұғым.

Тау – кен өндірісі халық шаруашылығын отын, түсті металл кендері, минералды тыңайтқыштар және керекті тау – кен жыныстарымен қамтамасыз етеді.

Халық шаруашылығының жағармай – энергетика саласында көмірдің алатын орны өте зор және керекті құнды көмірлер жер астынды, сондықтан олар жер асты қазып өндіруді талап етеді.

Осыған орай жерасты көмір алу технологиясын жетілдіруге, көмір тақталарын ұтымды алуға, жер қорын тиімді қолдануға және техникалықұ хауіпсіздікті аса аса зор көңіл бөлінуі керек.Кәзіргі шақтылар жаппай механикаландырылған, автоматтандырылған, өндіріс үдірістері шоғырланған, өте өнімді, өнеркәсіп орны болып саналады.

Кәзіргі тау – кен инженері шақтылардың салу жобасын талапқа сәй жетілдіруін, оның параметрлерін компьютерді қолдана есептеуді білуі керек. Бір сөзбен айтқанда, атқарылып жатқан жүмыс нәтижелері өндірістік өнімді үлғайтып, халық шаруашылығының экономикасын жоғарғы дәрежеге көтерілуіне ықпал жасауы керек.

Тау – кен өндірісінің алдына қойылатын талаптар;


  • шақта алабын ашу және дайындау жүмыстарында сапалы, ұтымды әдістер қолданылуы керек

  • шақтылардың тазадау кенжарындағы комплексті механикаландыру жұмыстары тезірек бітуі керек

  • адамдардың қатынасынсыз көмірді алу және бұлай алу біріншіден көлбеу жатқан, жұқа, тікелей жұқа жатқан, және тосыннан газ, көмір, жыныстар атылу қаупі бар шақтыларда қолданылуы керек

  • тау – кен қазбаларын комбаиндар арқылы жүруізу, тіреу. Бұрғылау, жүргізу жұмыстарын ара қашықтықта басқар

  • конвеиерлер арқылы ағылмалы тасу әдістерін қолдану

  • машиналармен, автоматтандырылған қондырылған басқару

  • шаңмен, газбен, тосын атыстармен, шумендірілмен, өте жоғары температурамен күресу жағдайын жақсарту

  • өндіріс жұмыстарының қошаған ортаға әкелетін зыянымен күресу

2. Тау - кен жыныстары туралы түсініктеме. Пайдалы қазбалардың жатыс сипаттамалары

Кен жыныстары бiр, немесе, бiрнеше минерал түйiршiктерінен тұратын бiртектi құрамды денелер.

Кен жыныстары негiзгi және үйiндi болып бөлiнедi (1.1-сурет). Бастапқы жаралған жерiнде жатқан жыныстарды негізгі деп атайды. Үйiндiге негiзгi жыныстардың уатылуы, жекелеген бөлшектердiң орнында қалуы нәтижесiнде пайда болатын, борпылдақ заттардан құралған жыныстарды жатқызады. Уатылған жыныстар жерүсті құбылыстары (су, жел, мұз) әсерiмен көшiрiледi. Үйiндi жыныстар қалыңдығы 0 ден 500 метрге дейiн өзгереді.



1.1 – сурет Көмiр қазындысы геологиялық құрылымының қимасы: 1 - өсiмдiк қабаты; 2 - құм; 3 - лай; 4 - лайлы жанартас; 5 - известняк; 6 - құм-лайлы жанартас; 7- көмiр тақтасы; 8 - құмды жанартас; 9- көмiр қабыршағы; 10- құмтас

Жаратылысы бойынша негiзгi жыныстар ақтарылған магмалық, шөгiндi және метаморфтық болып бөлiнедi.

Экономикалық тиiмдiлiкпен пайдалынылатын табиғи минерал заттарды (көмiр, асыл тастар, ас тұзы, мұнай, газ және т.б) - пайдалы қазындылар (кен) деп атайды.

Пайдалы қазындылар арасында орналасатын жыныстарды бос жыныстар деп атайды.

Жер қойнауы қыртысының кез келген бөлiгiнде табиғи қалыптасқан пайдалы қазбалардың қазып алынуы экономикалық тұрғыдан тиімді болса, онда осындай құрылым пайдалы кен орны деп аталады.

Пайдалы кен орындары дұрыс орналасқан (тақта, линза) және дұрыс орналаспаған (ұя, желi, шток) деп екi топқа бөлiнедi.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет