ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012



Pdf көрінісі
бет1/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1
ҚÀÇÀҚÑÒÀÍ ÐÅÑÏÓÁËÈÊÀÑÛ 
ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ
Ø. Ì. Áàғèåâà
²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲
Алматы, 2012

2
Пікір жазғандар:
педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж. Т. Дəулетбекова;
филология ғылымдарының кандидаты Г. Ж. Өтемісова 
Бағиева Ш. М. 
Іскери қазақ тілі. Оқу құралы. – Алматы: ЖШС РПБК “Дəуір”, 
2012 - 000 бет 
ISBN 978-601-217-313-0
Оқу құралы бизнес жəне экономикалық білім беретін жоғары оқу орын-
дарының студенттері мен экономика саласы бойынша кəсіби лексиканы мең-
геріп, іскери тілдесімге түсуге машықтанғысы келетін тіл үйренушілерге 
арналған.
УДК 811.512.122(075.8)  
ББК81.2 Қаз-3я73
© Бағиева Ш. М., 2012
© ҚР Жоғары оқу орындарының
    қауымдастығы, 2012
Б13
УДК 811.512.122(075.8) 
ББК 81.2 Қаз-3я73 
Б13
ISBN 978-601-217-313-0

3
Алғы сөз
«Іскери қазақ тілі» оқу құралы бакалавриат бағдарламасының қазақ 
тіл курсын 1-семестрде 3 кредит бойынша оқып, В2 – негізгі стандарт-
ты деңгейі қалыптасқан студенттердің 2-семестрде қазақ тілі курсын 
мамандыққа сай, кəсіби бағытта   жалғастыруы үшін ұсынылған. 
Бүгінде елімізде жүргізіліп отырған тіл саясатына сəйкес, жоғары 
оқу орындарында қазақ тілін оқытуда білімгерлерді өз мамандығына ба-
ғыт тап оқыту, өз саласында қазақ тілінде қарым-қатынасқа түсе алуға 
үйрету аса маңызды міндеттердің біріне айналып отыр. Осыған орай, 
республикамызда қазақ тілін мамандыққа сай, кəсіби бағытта оқытуға 
бағытталған сапалы оқу құралдарына деген сұраныс артуда. Іскери қазақ 
тілі оқу құралы мемлекеттік тілді оқытушылар мен үйренушілердің осы 
сұранысын қанағаттандыру мақсатында Халықаралық бизнес академия-
сында қазақ тілін кəсіби бағытта оқыту тəжірибесі негізінде бизнес жəне 
экономикалық білім беретін жоғары оқу орындарының студенттеріне ар-
нап дайындалды.                                   
Оқу құралының құрылымы кредиттік оқыту жүйесі бойынша 14 ап-
та ға бөлінген материалдардан тұрады. Əр апта материалдарын 3 прак -
тикалық сабақтың жаңа лексикасы, мəтіні, тапсырмалары жəне грам -
ма 
тикалық тақырыбы құрайды. 7, 14 апталарда студенттің өзін-өзі 
тек   се руге  арналған  тест  тапсырмалары  ұсынылды. 
Оқу құралына баспасөз беттері мен ғаламтордан ықшамдалып, тіл 
үйренушілердің біліміне бейімделген, мазмұны жағынан тартымды, жа-
ңа, заманауи ақпараттарға толы мəтіндер ұсынылды. Сондай-ақ мəтін  -
дер мен тапсырмаларды ұсынуда олардың аутентикалық сипатына баса 
назар аударылды. Оқу құралының соңында студенттің кəсіби тілін да мы-
туға арналған кəсіби лексика мен терминдердің орысша аудармасы «Өтіл -
ген тақырыптар бойынша глоссарий» деген атаумен, ал лексикалық тақы-
рыпқа қажет грамматикалық тақырыптар функционалдылық қызметі 
тұрғысынан іріктеліп, «Грамматикалық анықтамалық» деген атаумен 
берілді. Оқу құралында жаңа лексиканы, грамматикалық тақырыпты, 
мə 
тін 
ді меңгертуге арналған, яғни тіл үйренушінің сөйлесім əрекетін 
дамытуға бағытталған жаттығу түрлері молынан ұсынылылды.  
Жалпы алғанда, «Іскери қазақ тілі» оқу құралы өзінің мазмұны мен 
құрылымы жағынан тіл үйренушінің кəсіби лексикасын қалыптастыратын, 
қазақ тілінде іскери қарым-қатынасқа машықтандыратын аса тиімді оқу 
құралы болады деп сенеміз.
 

4
І   АП ТА
1 - са б а қ
Экономика дегеніміз не?
Пайда, шаруашылық, жүргізу, басқару, тұрмыс, тауар, өнім, өндіру, 
өндіріс, сұраныс, ұсыныс, тұтынушы.
1. Берілген сөздерден туынды сөздер жасап, сөз тіркестерін 
құраңыз.
пайда – ..........................., ...........................             
өндіру – ........................., ...........................           
жоспар – ........................., ..........................
сұрау – ........................., .............................
ұсыну – ........................., ............................
2. Үлгі бойынша сөз тіркестерін жасаңыз. 
Үлгі: Нені ұйымдастыру? – Жұмысты ұйымдастыру.
Нені?                    Нені ?
...................             ...................
................... жоспарлау   ...................  өндіру
...................             ...................
...................             ...................
3. Сөз тіркестерін жасап, сөйлемдер құраңыз.
өнім                       
ұйымдастыру 
сұранысты                
басқару 
шаруашылықты           
табу
пайда                      
өндіру
өндірісті                  
ескеру
4. Мəтінді оқып, жоспар құрыңыз.
Экономиканы табиғатпен салыстыруға болады. Экономика 
да, табиғат та объективті. Экономика заңдары, табиғат заңдары 
сияқты объективтік сипат алады. Егер табиғатты түсінбесек, 
табиғат байлығын игере алмаймыз. Экономика да солай. Егер 
экономиканы жақсы білсек, ол бізге байлық, пайда əкеледі.
Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді 
білдіретін көне грек сөзі, өте қарапайым түрде айтатын болсақ
экономика дегеніміз – өзіміздің тұрмысымыз.

5
Базарға шыққанда сіз кімнің тауарын аласыз, кімге сатасыз, 
қанша аласыз, бəрін есептеу – экономика. Мамандық таңдар кезде 
сіз ойланасыз, қай мамандық қoғамға көбірек керек, қай мамандық 
халыққа көбірек қажет – сіз оны да есептейсіз, күнделікті өмірде 
қандай мамандарға сұраныс көп, дəрігер ме, экономист пе, заңгер 
ме, оқытушы ма, инженер ме – мұны білу де – экономика, яғни 
экономиканы білмесек, тұрмысымыз төмендей береді. 
Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өмірі-
ңізге араласа бастайды. Жігіт үйленеді, қыз тұрмысқа шы ғады, 
кішкентай мемлекет пайда болады. Ал кішкентай мем ле кетіңіздің 
шаруашылығын басқару – үлкен өнер. Сонымен сіздің күнделікті 
тұрмысыңыздың бəрі экономикадан тұрады. Шетелдерде жастар 
үйленген кезде кəдімгі екі мемлекет сияқты некелік келісімшартқа 
отырады. Ол келісімшартта көп мəселе қаралады. Болашағымыз 
бала десек, сол некелік келісімшартта баланың болашағына дейін 
ойластырылған. Яғни, ұрпаққа не қалдырамын, ұрпағым нені 
жалғастырады деп ойлау да – экономика.
Ал ұрпақ үшін күрес, ұрпақ үшін еңбек ету, өмір сүру ол да 
экономика, себебі сіз баланы  жеткізу үшін, аяғынан тұрғызу 
үшін, көп нəрсені есептейсіз, ауырмауды шаршамауды ойлай-
сыз, бала үшін өзіңіздің күшті болуыңызды ойлайсыз, сонымен 
өзіңізді ойлау, денсаулығыңызды ойлау – бəрі де экономика. 
Тағы да қысқа айтар болсақ, экономика – байлыққа, бақытқа, 
тыныштыққа барар жол.
салыстыруға болады – можно сравнить
сипат алады – носит характер
игере алмаймыз – не можем освоить 
некелік келісімшартқа отырады – заключают брачный контракт
 
5. Мəтіндегі белгіленген табыс септігіндегі сөздердің қай 
сөзбен тіркесіп тұрғанын тауып, сөз тіркестерін жасаңыз.
6. Берілген əр сөйлемге 5 сұрақтан қойыңыз.
1) Экономика – бұл үй шаруашылығын басқару өнері дегенді 
білдіретін көне грек сөзі.
2) Экономика сіз өмірге келген күннен бастап-ақ сіздің өмірі-
ңізге араласа бастайды.
3) Шетелдерде жастар үйленген кезде кəдімгі екі мемлекет 
сияқты некелік келісімшарт отырады.
4) Экономика – байлыққа, бақытқа, тыныштыққа барар жол.

6
2 - са б а қ
Экономикалық жүйе жəне оның түрлері
Экономикалық жүйе, мүліктік қатынастар, жүзеге асыру, дəстүрлі 
экономика, əкімшілдік-əміршілдік, жоспарлы экономика, нарықтық эко-
номика, аралас экономика, бəсекелестік, жекеменшік, пайда кел тіру.
1. Сөз тіркестерін жасаңыз.
экономикалық ................, ................., ................. .
жекеменшік .................., .................., ................... .
2. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.
1) Елімізде жүзеге асырылады. 
2) Қазақстанда дамып жатыр.
3) Тауар өндіреді. 
3. Сөздердің синонимін жазыңыз. 
ұйым – ....................  орындау – ....................               
тауар – ....................  жетілген – ....................  
табыс – ...................  мемлекет – ...................
4. Мəтінді оқып, мазмұнын айтыңыз.
Күнделікті экономикалық өмірде адамдар арасындағы қаты-
настар əрқашан да белгілі экономикалық жүйе ретінде қызмет 
етеді. Экономикалық жүйе – бұл экономикалық үдерістердің 
жиын 
тығы. Ол қоғамда қалыптасқан мүліктік қатынастар мен 
ұйым дардың түрлері негізінде жүзеге асады. 
Əлемдік экономикалық əдебиеттерде экономикалық жүйені 
топтастыру кең таралған екі фактор негізінде жүргізіледі:
- меншік типтері бойынша;
- экономиканы ұйымдастыру түрлері бойынша.
Сонымен жоғарыдағы аталған факторлар бойынша экономи-
ка лық жүйені төмендегідей түрлерге бөледі:
а) дəстүрлі экономика;
ə) əкімшілдік-əміршілдік экономика;
б) еркін бəсекелестікке (таза капитализмге) негізделген на-
рықтық экономика;

7
в) қазіргі нарықтық экономика (қазіргі капитализм) немесе 
ара лас  экономика.
Дəстүрлі экономика тұйық, оқшау шаруашылыққа негізделелі. 
Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отырған дəстүр мен салт, қандай тауар-
ды қалай, кім үшін өндіру арқылы анықталады. Экономиканың 
осы түрі бұрынғы заманға қарағанда, Азия, Латын Америкасы 
мен Африка елдерінде қазір өте сирек кездеседі.
Əкімшілдік-əміршілдік экономикада өндіріс мемлекеттің ба-
қы лауында болып, жоспар арқылы жүргізіледі. Сол себепті эко-
но  микалық жүйенің бұл түрін кейде жоспарлы экономика деп те 
атайды. Бұл жүйеге бұрынғы КСРО-дағы экономикалық жүйе ні 
жатқызуға болады. 
Еркін бəсекелестікке негізделген нарықтық экономика ресурс-
тарға жекеменшіктік пен тауар өндірушінің еркін бəсекелік меха-
низмімен сипатталады. Тұлға өзінің барлық материалдық жəне 
рухани мүмкіндіктерін өз пайдасы үшін қолдануға тырысады. Ол 
күнделікті өмірде қоғам үшін пайда келтіруді ойламайды. Өзінің 
ойлаған мүддесін тіпті саналы түрде көздегенмен, ол қоғам 
мүддесіне қызмет жасайды.
Қазіргі кезде көптеген елдерде экономикалық жүйенің тек бір 
ғана түрі емес, олар аралас сипатта дамып жатыр. Сол себепті 
экономикалық жүйенің төртінші түрі – аралас экономика пайда 
болды.
экономикалық үдерістердің жиынтығы – совокупность экономических про-
цессов 
топтастыру – группирование 
КСРО (Кеңестік социалистік республикалар одағы) – СССР (Союз совет-
ских социалистических республик)
рухани мүмкіндіктер – духовные возможности 
мүдде – интерес 
4. Берілген сөйлемдерді дұрыс құраңыз. 
1. Бəсекелестікке, нарықтық, негізделеді, экономика, еркін. 2. 
Эко номикасы, қазіргі, елдердің, аралас, көптеген, жатыр, сипат-
та, дамып, кезде. 3. Жоспар, дəуірінде, арқылы, кеңес, жүргізілді, 
үкіметі, өндіріс, елде. 4. Еңбегіне, негізделеді, дəстүрлі, қара пай-
ым, экономика, қол. 
5. «Экономика туралы не білеміз?» деген тақырыпта сұх бат-
тасыңыз.

8
3 - c а б а қ
Ғылым – инновациялық
экономиканың негізі
Инновациялық жүйе, көшбасшы, шикізат, алғашқы өңдеу, жол-
дау, ғылым, зерттеулер, жоба, жарнамалау, жедел даму, тұрақтылық, 
инфрақұрылым
1. Туынды сөздер жасап, сөз тіркестерін құраңыз. 
шешу – .........................     ұлт – ..........................
шаруа – .......................  
тұрмыс – ........................            
2. Сөздерді сəйкестендіріп, сөз тіркестерін жасаңыз, үш сөй-
лем құраңыз.
инновациялық          
алғашқы өңдеу 
өнім                   
 
жоба 
шикізатты               
қажеттіліктері     
тауарды                  
сапасы
тұтынушы               
жарнамалау
3. Сөйлемдерді кеңейтіңіз.
1. Жобаны жүзеге асырады. 2. Жастар дамытады. 3. Тауарды 
жарнамалайды. 
4. Мəтінді оқып, табыс септігіндегі сөздерді теріп жазыңыз. 
Қазіргі таңда əлемдік экономиканың көшбасшыларына айна-
лып, жоғары технологиялар саласы мен инновациялық жүйені 
дамытудың озық үлгісін көрсете білген бірқатар елдер бар. Бұл 
елдердің экономикасының дамуы бірнеше кезеңді басынан өт-
керді. Мəселен, олар: 
- шикізатты алу мен оны алғашқы өңдеу үрдісін қамтитын 
индустриалдануға дейінгі кезең; 
- шикізатты толық өңдей отырып, одан дайын өнім жасауға 
дейінгі үдерістерді қамтитын индустриалды кезең; 
- кейінгі жоғары технологиялар мен инновацияларға негіз дел-
ген постиндустриалды кезең. 
Осы бағыттағы еліміздің басты ұстанымын анықтау үшін Ел-
басы халыққа жолдауында: «ғылым инновациялық экономиканың 
негізі болу керек», – дейді. 

9
Көпшілігіміз «инновацияны» «жаңалық» ұғымымен тең 
қарастырамыз, бірақ бұл ұғымдарды бір-бірінен айыра білуіміз 
қажет, өйткені бұл екеуі мүлдем əртүрлі ұғымдар. Жаңалық – бұл 
тек идея немесе жаңа технологиялық үдеріс пен жаңа өнімнің жо-
басы. Алайда ол нарыққа жетпей, инновация болмайды. Нарық-
тық экономикада ғылыми зерттеулердің тек 6-8%-ы жаңа тауарға 
немесе үдеріске айналады.
Инновацияны зерттеушілер жаңа өнімнің «өмірге келу» 
үдерісін 7 кезеңге жіктеп көрсетеді:
1. Инновациялық идеяның тууы.
2. Жаңа өнімді шығару.
3. Өнімді өткізу нарығын анықтау.
4. Сұранысты анықтау.
5. Өнімді жарнамалау.
6. Сату үдерісін ұйымдастыру.
7. Өнімді өткізу.
Бəсекелік ортада ұлттық экономиканың қуатты болуын қам-
тамасыз ету – еліміздің негізгі ұстанымдарының бірі. На 
рық-
тың басты талабының бірі – əрбір тұтынушының нақты қа жет-
ті лігін қанағаттандыру инновациялық əдістерді пайдаланумен 
ғана жүзеге асады. Сондықтан ұлттық экономиканың жедел жəне 
тұрақты дамуы еліміздегі инновациялық орта мен инновациялық 
инфрақұрылымның нəтижелі жұмыс істеуіне тəуелді болса, ал 
инно вациялық орта мен инновациялық инфрақұрылым тек инно-
ва циялық білім мен ғылым дамығанда қалыптасады. 
озық үлгі – передовой опыт
индустриалдануға дейінгі кезең – доиндустриальный период 
басты ұстаным – главная позиция 
қажеттілігін қанағаттандыру – удовлетворить потребность
5. Мəтінді оқып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз. 
1. Сіздің ойыңызша, Қазақстан экономикасының дамуы қай 
кезеңде?
2. Инновациялық экономиканы дамыту үшін не істеу керек?
3. «Инновация» мен «жаңалық» ұғымдары бір нəрсе ме?
4. Ғылымдағы жаңалықтардың барлығы экономикада өнім 
бола ала ма?
5. Жаңа өнімнің «өмірге келу» үдерісі қанша кезеңнен тұрады?
6. Қазақстанда инновациялық экономиканы қалыптастыру 
үшін не істеу қажет?

10
І І   АП ТА
1 - са б а қ
Ақша – ерекше тауар 
 Ақша, ерекше тауар, тиын, жалпыға бірдей балама, құн, өндіруші, 
айырбас, айырбастау, сауда-саттық, алтын, күміс, жез, ақша жарату, 
ақша шашу, ақша үнемдеу, ақша жинау, ақша ұсату.
1. Төмендегі сөздермен тіркесе алатын сөздерді жазыңыз.
Ақша ......................, ....................., ....................... .           
қызмет ....................., ..................., ..................... .
2. Мəтінді оқып, берілген тақырыпшаларды баяндалу ре ті-
мен орналастырыңыз.
А) Қазақ жерінен табылған металл ақшалар.
Ə) Ертедегі металл ақша жасаудың өзіндік ерекшеліктері.
Б) Ақша – ерекше тауар.
В) Нумизматика ғылымы туралы. 
Г) Ақшаның пайда болу сипаты. 
Ғ) Металл ақшалардың пайда болуы.
Д) Ертеде ақша рөлін атқарған заттар.
1) Кез келген ақшадан əрбір елдің өткенін, бүгінгісін жəне 
болашағының бейнесін, яғни тарихын көруге болады. Бүгінгі 
таңда ақша тарихын зерттейтін арнайы ғылым саласы бар. 
Ол – Нумизматика деп аталады. Онда тиындар, қымбат металл 
құймалары, т.б. ескерткіштер (тиын мөрлері, құжаттар) арқылы 
тиын соғу тарихы кеңінен зерделенеді. Нумизматика ғылым 
ретінде 18-ғасырдың 2-жартысында пайда болды, оның негізін 
салушы – Вена нумизматигі И. Х. Эккель.
2) Ақша – жалпыға бірдей балама ретінде барлық басқа тауар-
лардың құнын көрсететін ерекше тауар. Ақша барлық тауар өн-
ді рушілер, сатушылар, тұтынушылар арасындағы эконо ми калық 
байланысты қамтамасыз етеді. 
3) Ақша тауар өндірісі мен айырбасының тарихи дамуы 

11
нəтижесінде стихиялы жолмен пайда болды. Алғашқы кезде бір 
еңбек өнімі екінші еңбек өніміне тікелей айырбасталды. Айыр-
бас тың өзі ерте заманда шықты, əуелгі кезде ол кездейсоқ сипат-
та болды. Мұнда бір еңбек екінші түрдегі еңбек өніміне тікелей 
айырбасталды.
4) Ертеде ақша рөлін əр елде əр түрлі заттар атқарған: мəселен, 
ертедегі гректерде, римдіктерде, славяндарда, моңғолдарда мал, 
Скандинавияда, ертедегі Русьте аң терісі, Қытайда шай, Абис-
синияда тұз атқарды. Ал Қазақстанда ішкі сауда-саттық жүргізу 
үшін жалпыға бірдей балама ретінде тоқты немесе саулық қой 
пайдаланылды.
5) Бертін келе тауар өндірісі мен тауар айырбасының дамуы 
жəне халықтар арасында қарым-қатынастың ұлғаюы нəтижесінде 
ақша рөлі түрлі металдарға ауыса бастады. Өйткені металл, əсіресе 
алтын, күміс өзінің табиғи қасиетінің (біртектілігі, бөлінгіштігі, 
қолайлылығы, сақталғыштығы) арқасында ақша рөлін атқаруға 
өте лайықты болды. Тарихи деректерге қарағанда жезден жəне 
күмістен жасалған ақша белгілері біздің жыл санауымыздан 3 
мың жыл бұрын Азия елдерінде пайдаланылған. Ресей тарихын-
да металл ақша ретінде ІХ ғасырдан бастап қолданылды. 
6) Алғашқы металл тиындар Грекия мен Кіші Азияда күмістен 
соғылған. Бертін келе алтын, күміс сияқты асыл металдарға мық-
ты болу үшін мыс қосқан металл ақшалар шығарыла бастаған. 
Металл ақшаны жасап шығару құқығы, əдетте, мемлекеттік өкі-
мет билігінің қолында болған. Оның оң бетін аверс, ал сол бетін 
реверс деп айырған. Жазулар оның екі бетінде де кездеседі. Олар 
тиын шығарған елдердің немесе үкімет органдарының белгіле-
рін, монархтың аты мен мансабын, тиын сарайының, тиынды 
шы ғаруға жауапты адамның атын, тиынның құнын, шыққан 
уақытын т.б. көрсеткен. Оң бетінде мемлекеттік өкімет немесе 
оның елтаңбасы, ал сол бетінде оның бағасы, шыққан жері мен 
жылы берілген.
7) Қазақстанда металл ақша негізінен орта ғасырларға жата-
тын көне қалаларда, обаларда жүргізілген археологиялық қазба 
жұмыстарының нəтижесінде табылды. Қазақ елінің Ұлы Жібек 
жолының бойында орналасуына байланысты металл ақша жа-

12
сау қажеттігі ертеден қолға алынғанын бүгінде тарихи деректер 
дəлелдеп отыр.
қымбат металл құймалары – слитки дорогих металлов 
қамтамасыз етеді – обеспечивает 
аң терісі – шкура 
тоқты – барашек 
саулық қой – овца 
мемлекеттік өкімет билігі – государственная власть 
қолында болған – был в руках 
мансап – должность, титул 
3. Мəтіннен ауыспалы осы шақтағы етістіктерді теріп жа-
зыңыз.
4. Ауыспалы осы шақтағы сөйлемдер мен ауыспалы келер 
шақтағы сөйлемдерді ажыратыңыз.
Мен күнде көп ақша жұмсаймын. Ол ертеңнен бастап ақшасын 
үнемдейді. Мен бала кезімнен ақша жинаймын. Сіз ылғи валю-
таны осы банкте айырбастайсыз ба? Сен келесі аптада ақшаңды 
аласың ба? Ол енді саған ақша бермейді. Мен ылғи ақшамды осы 
дүкенге ұсатамын.
  Мақал-мəтелдерді есте сақтаңыз.
Мал құлыннан өседі, ақша тиыннан өседі.
Ақша – қолдың кірі.
Жүз сомың болғанша, жүз досың болсын.
Алтын көрсе, періште жолдан таяды.
6. Берілген сұрақтар бойынша жолдасыңыздан сұхбат алып, 
жолдасыңыздың ақшаға қатынасы туралы əңгімелеңіз.
1. Сіз үшін ақша өмірдегі ең басты нəрсе ме?
2. «Ақша – қолдың кірі» дегенмен келісесіз бе?
3. Ақша жарата аласыз ба?
4. Ақшаңызды үнемдейсіз бе?
5. Ақша жинау əдетіңіз бар ма?

13
2 - са б а қ
Ұлттық валюта 
Ұлттық валюта, жалған банкнот, айналымға ену, бейнеленген, 
жарлық.
1. Сөздердің синонимін жазыңыз.
ақша жарату – ................... болашақ – ..................
ақша майдалау – .................... дос – ......................
 2. Сөйлемдерге үлгі бойынша сұрақ қойыңыз.
Үлгі:  Ақша біздің өмірімізде ерекше рөл ойнайды. – Ақша 
біздің өмірімізде ерекше рөл ойнай ма? 
1) Менің ақша тарихы туралы білгім келеді.
2) Ол достарына көп ақша шашады.
3) Ірі ақшаны азық-түлік дүкенінде ұсатуға болады. 
4) Қазақстан енді валютасын өзі шығарады.
5) Айналымға жаңа банкноттар енеді. 
3. Мəтінді оқып, берілген сұрақтарды мəтіннің баяндалуы 
ре тімен  орналастырыңыз.
А) Теңге қашан айналымға түсті?
Ə) Елімізде ақша шығару, онының айналымын ұйымдас ты ру-
мен қай банк айналысады?
Б) Ұлттық теңгеміз қайда дайындалды?
В) 1995 жылғы маңызды оқиға не?
Г) Ұлттық валюта нені дəлелдейді?
Ғ) Тəуелсіздіктің нышаны не?
Д) Алғашқы шығарылған теңгеде кімдер бейнеленген?
Теңге – Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Ұлт-
тық валюта мемлекеттің тəуелсіздігі мен егемендігінің айғағы, 
нышаны болып табылады. Теңге – əлемдегі ең жақсы жасақталған, 
сақтық шарасы мықты валюталардың бірі. Банкноттың жалған 

14
банкнот жасауға қарсы 18 түрлі сақтық белгілері бар. 2007 жылы 
халықаралық валюта ассоциациясы 10000 мың теңгені əлемдегі 
ең үздік банкнот деп таныды.
«Теңге» сөзі орта ғасырлық түркі тайпаларының «денге», 
«таньга» сөздерінен шыққан. Бұлар түркілердің күмістен жасал-
ған тиыны болған. Тіпті орыстың «деньги» сөзі де осы түркі 
сөзінен шыққан.
1993 жылы 12 қарашада ҚР Президенті Н. Назарбаевтың «ҚР 
Ұлттық валютасын енгізу туралы» жарлығы шықты. 15 қараша 
күні тəуелсіз еліміздің жаңа ұлттық валютасы айналымға енді. 
Теңгенің алғаш рет айналымға енген күні «Ұлттық валюта – теңге 
күні» болып жарияланды.
Теңгеміз 1993 жылдан бері талай өзгеріске ұшырады. 
Алғашқы кездегі банкноттарда (қағаз ақшаларда) қазақтың ұлы 
тұлғаларының бейнелері болатын. Мысалы, бір жəне екі жүз, бес 
жүз, мың теңгелерде əл-Фараби, үш теңгеде Сүйінбай Аронұлы, 
бес теңгеде Құрманғазы Сағырбайұлы, он теңгеде Шоқан Уəли-
ханов, жиырма теңгеде Абай Құнанбайұлы, елу теңгеде Əбіл-
хайыр хан, жүз теңгеде Абылай хан бейнеленген.
2006 жылдан бастап қағаз ақша ретінде 200 теңгеден бастап, 
10000 теңгеге дейін банкноттар қалды.
1995 жылы 19 мамырда Қазақстанда банкноттарды шығаратын 
фабрика ашылды. Оған дейін алғашқы банкноттар Англияда, ти-
ындар Германияда жасалды.
Банкнот фабрикасының ашылуы еліміздегі маңызды оқиға 
деуге болады.
айғақ – свидетельство 
нышан – знак 
өзгеріске ұшырады – потерпел изменения 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет