ÆÎҒÀÐÛ ÎҚÓ ÎÐÛÍÄÀÐÛÍÛҢ ҚÀÓÛÌÄÀÑÒÛҒÛ Ø. Ì. Áàғèåâà ²ÑÊÅÐÈ ҚÀÇÀҚ Ҳ˲ Алматы, 2012



Pdf көрінісі
бет2/11
Дата30.01.2017
өлшемі0,63 Mb.
#3032
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1. Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.
1. Нұсқасы /шықты/ теңгенің/ жаңа/ ұлттық. 
2. Арқылы/ арнайы/ дайындалды/ тапсырыс/ шетелде/теңге. 
3. Шығаруды/ Қазақстан /ақшасын/ қолға/ өз /алды. 
4. Өндірісте/ өндіргісі / өндірушінің / өнім/ сапалы/ келеді.

15
3 - са б а қ
Доллардың қысқаша тарихы 
Шешім, ресми түрде, соғу, АҚШ (Америка құрама штаттары ).
1. Сөз тіркестерін жаса, сөйлем құраңыз.
ресми түрде  
азаматы
АҚШ-тың   
банкноттар
монета  
 
қабылдау
дұрыс  
 
соғу
жалған  
 
шешім
2. Сөйлемнің етістіктерін ауыспалы шақ 
формасына қойып, 
қай шақ екенін (осы шақ, келер шақ) ажыратыңыз.
Нумизматика ғылымы мені көптен (қызықтыру). Нарықтық эко-
номика еркін бəсеке негізінде (даму). Келешекте дарынды жаста-
рымыз инновациялық экономиканы (дамыту). Тұтынушылардың 
сұранысын қандай тауарлар (қанағаттандыру)? Ол енді ақшасын 
ұсақ-түйекке (шашпау). Ол үнемі достарынан қарызға ақша (сұ-
рау). Сіз келесіде оған қарызға ақша (бермеу). Бүгінде доллар 
атауын бүкіл əлем (білу).
3. Мəтінді оқып, жоспар құрыңыз.
«Доллар» сөзі американ ұлтынан бұрын пайда болған, бұл ва-
лютаның пайда болғанына 500 жыл болды. АҚШ-та доллардың 
пайда болғанына 200 жылдан асты. Сонымен «доллар» сөзі қай-
дан пайда болғанына тоқталайық. 
1519 жылы Рим империясының қасиетті Иоахимнің бейнесі 
бейнеленген монеталары соғыла бастады, оны иоахимталер деп 
атады. Келе-келе оның атауы талер деп аталды. Талер ақшасы Еу-
ропада өте жоғары сұранысқа ие болды. Ал 1534 жылы Швецияда 
«далеры» атты монеталар соғылды, 1544 жылдары Дания да өз 
монетасын соқты. Сөйтіп, біртіндеп «даллер» ұғымы пайда бо-
лып, кейіннен доллар болып кетті. 
1611 жылы жарық көрген Шекспирдің қойылымында доллар-

16
дың жиі ауызға алынуы доллар атауын Еуропада ғана емес, сон-
дай-ақ Солтүстік Америкада да асқақтатып жіберді. Солтүстік 
америка колонияларында басқа ақшалар сияқты песо да доллар 
деп аталып кетті. 
«Талер» сөзі американ əдебиетінде 1899 жылдан бастап 
күнделікті өмірде қолданысқа ие болды. Американдықтар тəу-
ел сіздік алғаннан кейін 1785 жылы 6 маусымда Құрама Штаттар 
Конгресінің шешімімен жəне Томас Джефферсонның ұсыны сы-
мен мемлекеттің ақша атауы доллар болып аталсын деген ше-
шімге келді. Осыдан келіп, бірінші рет АҚШ мемлекетінде «дол-
лар» сөзі ұлттық валюта ретінде ресми түрде қабылданды. 
1792 жылы Филадельфиялық монета шығару алаңы құрылды, 
бұл жерде американдық долларлар соғыла бастады. Ең бірінші бір 
долларлық банкнот 1767 жылы ағылшын колониясына қарайтын 
Солтүстік Америкадағы Мэриленд қаласында басылып шықты. 
Ал 1875 жылы маусым айынан бастап Конгрестің шешімімен 
қағаз долларлар басылып шыға бастады. 
Əлемде мынадай доллар түрлері бар олар: австралиялық, син-
га пурлық, канадалық, гонконгтық, жаңа зеландиялық, фид жи лік, 
зимбабвиялық, каймандық жəне тағы басқалары. 
4. Берілген ақпараттардың дұрыс, бұрыстығын анықтаңыз.
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Доллардың пайда болғанына 200 жыл-
дан асты.
2. Қасиетті Иоахимнің бейнесі бейнелен-
ген монеталар иоахимталер деп аталған.
3. Ертедегі Дания валютасы далеры деп 
аталды.
4. Доллар атауының танымал болуына 
Шекспир шығармалары əсер етті. 
5. «Талер» сөзі американ əдебиеттерінде 
1785 жылдан бастап кездеседі. 
6. 1792 жылдан бастап доллар Америка 
Құрама Штаттарының ресми валютасы 
болды. 

17
7. Алғашқы доллар банкноты 1792 жылы 
Оңтүстік Америкадағы Мэриленд қа ла-
сында басылып шықты.
8. 1875 жылдан бастап Конгрестің ше-
ші мімен қағаз долларлар басылып шыға 
бастады.
9. Əлемде австралиялық, сингапурлық, 
канадалық, гонконгтық, жаңа зеландия-
лық, итальяндық, зимбабвия 
лық, шве-
ция  лық доллар түрлері бар.
5. «Шетелдік валюталар туралы не білеміз?» деген тақы-
рып та шағын əңгіме дайындаңыз.
2-742

18
ІІІ АП ТА
1 - са б а қ
Еліміздегі банк жүйесі туралы не білеміз? 
Банк жүйесі, жоғары деңгейлі банк, төменгі деңгейлі банк, Ұлттық 
банк, ақша-кредит саясаты, əзірлеу, төлем, қаржылық тұрақтылық, 
қаржы нарығы, қызмет көрсетулер, жеке тұлға, заңды тұлға, төлемдер 
қабылдау, ақша аударымы, валюта айырбастау, шот ашу, депозит ашу, 
несие, сейфте сақтау.
1. Сөздердің синонимдерін жазыңыз.
деңгей – .........................  кредит – .....................  
іске асыру – ...................  əзірлеу – ....................
клиент – .........................  ұғу – ..........................
өзге – ..............................  тез – ..........................
2. Сұраулы сөйлем жасайтын сөздердің астын сызыңыз. 
1) 
1. Не үшін несие алғалы жүрсің? 2. Енді депозит ашатын шы-
ғарсың? 3. Екінші дəрежелі банк дегенді түсінесің бе? 4. Сіз ше? 
5. Мүмкін, банк менеджерімен сөйлесіп көрерсің? 6. Мен сізге 
түсіндірдім ғой? 7. Қанша жылға несие ресімдегіңіз келеді? 8. 
Сіз дің жұмыс орныңыз қай банкпен жұмыс істейді? 9. Төменгі 
жа ғына қолыңызды қойдыңыз ба? 10. Салымымды бір айда бір 
рет салатын шығармын? 11. Мүмкін, тағы сөйлесерміз? 12. Сəуле 
ше?
2)
- Мен сізге айттым ғой?
- Иə, сіз маған айтқансыз.
- Сіз енді оған сенбейтін шығарсыз?
- Иə, мен енді оған сенбеймін.
- Мүмкін, сіз оны кешірерсіз?
- Жоқ, мен оны кешірмеймін.
- Ол өзі кешірім сұраса ше?
- Онда ойланып көремін.

19
3. Сұрақтарға қысқа формада жауап беріңіз.
Үлгі: Мынау менің қағаздарым ғой? 
+ Иə, сіздікі.
 Жоқ, сіздікі емес.
Сіз ертең келетін шығарсыз?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Қазір менің кезегім ғой?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Мүмкін, шот ашарсыз?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Мүмкін, ойланып көрерсіз?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Сіз үш жылға несие алсам дедіңіз ғой?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Біздің шарттарымызбен келісесіз ғой?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Сіздердің қызмет көрсетулеріңіз қымбат қой?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Бізді бүгін қабылдайсыздар ғой?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Мен ертең келсем ше?
+ ........................................................ 
 ........................................................
Сіздер ақшаларыңызды уақытында алатын шығарсыздар?
+ ........................................................ 
 ........................................................

20
4. Мəтінді оқып, əр абзацқа сəйкес келетін сұрақты көрсетіңіз.
 
А) Ұлттық банк өз қызметін қалай жүзеге асырады?
Ə) Екінші дəрежелі банктердің міндеттері қандай?
Б) Қазақстан Республикасы банк жүйесінің қанша деңгейі 
бар?
В) Ұлттық банк басқару əрекетін қалай жүргізеді?
Г) Ұлттық банк түрлі қарым-қатынастарда нені білдіреді?
Ғ) Ұлттық банктің мақсаты мен міндеттері қандай?
1) Қазақстан Республикасының екі деңгейлік банк жүйесі бар: 
жоғары (бірінші) деңгейлі банк жəне төменгі (екінші) деңгейлі 
банк. Қазақстанның жоғары деңгейлі банкі – Ұлттық банк, ол 
Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады, 
бар лық өзге банктер банк жүйесінің төменгі (екінші) деңгейін 
білдіреді. 
2) Ұлттық банк басқа елдердің орталық банктерімен, халық-
аралық банктермен жəне басқа да қаржы-кредиттік ұйымдармен 
қа рым-қатынастарда Қазақстан Республикасының мүддесін біл-
діреді. 
3) Ұлттық банк Қазақстан Республикасының Президентіне 
ба ғынышты, бірақ өз қызметін жүзеге асыруда заңнамаға сəйкес 
тəу елсіз де бола алады. Ұлттық банк өз қызметін Қазақстан Рес-
пуб ликасының Үкіметімен үйлестіреді, өзінің қызметінде Үкімет-
тің экономикалық саясатын ескеріп отырады. 
4) Ұлттық банктің жоғарғы органы Басқарма, ал жедел басқару 
органы Директорлар кеңесі болып табылады. 
5) Ұлттық банктің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасын-
да баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады. Негізгі 
мақсатын іске асыру үшін Ұлттық Банкке мынадай міндеттер 
жүктеледі:
- мемлекеттің ақша-кредит саясатын əзірлеу жəне жүргізу;
- төлем жүйелерінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- валюталық реттеуді жəне валюталық бақылауды жүзеге асы-
ру;
- қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету жəне қаржы на ры-
ғын жəне қаржы ұйымдарын одан əрі дамыту;
- қаржы қызметтерін, тұтынушылардың құқықтары мен заңды 
мүдделерін тиісті деңгейде қорғауды қамтамасыз ету.

21
6) Екінші дəрежелі банктердің міндеті жеке жəне заңды 
тұлғаларға келесі қызмет көрсету түрлерін ұсынады, олар: 
төлемдер қабылдау, ақша аударымдары, валюта айырбастау опе-
рациялары, шоттармен жүргізілетін операциялар, салымдар, де-
позиттер, несиелер, сейфте сақтау.
ұйымдармен қарым-қатынас – отношение с организациями 
бағынышты (болу) – быть в подчинении 
заңнамаға сəйкес – в соответствии с законодательным актом 
Үкімет – Правительство
үйлестіреді – координирует 
... саясатын ескеріп отырады – учитывает … политику 
Басқарма – Управление
Директорлар кеңесі – Совет директоров 
валюталық реттеу – валютное регулирование
тұтынушылардың құқықтары – права потребителей
5. Мəтін бойынша берілген ақпараттардың дұрыс, бұрыс ты-
ғын анықтаңыз.  
Сөйлемдер
Дұрыс
Бұрыс
1. Қазақстан Республикасының банк 
жүйе сі көп деңгейлі.
2. Қазақстан Республикасының жоғар-
ғы деңгейлі банкі оның орталық банк 
бо лып  есептеледі.
3. Қазақстанның Даму Банкі екінші дең-
гейлі банк болып табылады.
4. Екінші дəрежелі банктер халықаралық 
банктермен қарым-қатынаста Қазақстан 
Республикасының мүддесін білдіреді. 
5. Ұлттық банк өз қызметін жүзеге асы-
руда Қазақстан Республикасының Пре-
зи дентіне толық бағынады.
6. Ұлттық банк қаржылық тұрақтылықты 
қамтамасыз етеді.
7. Ұлттық банк төлем қабылдау опера-
цияларын жүзеге асырады.

22
8. Екінші дəрежелі банктер мемлекеттің 
ақша-кредит саясатын əзірлеп, жүргізуді 
мақсат етпейді.
9. Екінші дəрежелі банктер жеке жəне 
заңды тұлғаларға қызмет көрсетеді.
10. Ұлттық банк тұтынушылардың 
құқықтары мен заңды мүдделерін тиісті 
деңгейде қорғауды қамтамасыз етеді.
2 - са б а қ
Банк қызмет көрсетулері
Қызметкер, бағам, несиелендіру, түбіртек, комиссиялық алым, же-
ке куəлік, СТН (Салық төлеушінің тіркеу нөмірі), деректеме, кепіл, тө-
леу, қол қою, шарт, шарттық сома, шарт жасау, ресімдеу, жинақ ақша 
кітапшасы, салым, салымшы.
1. Берілген сөздерден жаңа сөздер жасаңыз. 
деңгей – ...................  мемлекет – ......................
орта – .......................  комиссия – ......................
салым – ....................  экономика – ....................
ұлт – .........................  басқару – .........................
құқық – ....................  тұтыну – .......................... 
шарт – ......................  тұрақты – ........................
куə – .........................  несие – ............................
2. Сөйлемді қажетті сөздермен толықтырыңыз. 
Қажетті сөздер: жеке тұлғаларға, төлем, заңды тұлғаларға, 
ва люта айырбастау, деректемелері, бағамы, несиелендіріп, несие, 
ақша аударымы, шотыма. 
1. Доллардың ..................... қанша болып тұр? 2. Сіз ................... 
картасын пайдаланасыз ба? 3. Мен сіздердің банктеріңізден 
...................... алайын деп едім. 4. Сіздерде жедел ....................... 

23
бар ма? 5. Жақын жерде ...................... пункті бар ма? 6. Біздің банк 
жаңа жыл қарсаңында пайызсыз ...................... жатыр. 7. Менің 
....................... ата-анам ақша аударуы керек еді. 8. ........................ 
шот ашуға бола ма? 9. Сіздің банк ....................... қызмет көрсете 
ме? 10. Банк ....................... бланкіде көрсетілген. 
2. Белгіленген сөздерге үлгі бойынша сұрақ қойыңыз. 
Үлгі: Халық банкі зейнеткерлерге қызмет көрсетеді. - Халық 
банкі кімдерге қызмет көрсетеді?
1.  Халық банкінен кепілсіз несие алуға болады. 2. Тұрғын 
үй құрылыс жинақ банкінің «Бастау», «Өркен», «Болашақ» де-
ген депозиттері бар. 3. Несие алу үшін кепілге үйді қоюға бо-
лады. 4. Мен сіздердің банктеріңіз туралы ғаламтордан білдім. 
4. Қажетті ақпаратты мына кітапшадан оқуға болады. 5. Депо-
зит ашу үшін мынадай құжаттар керек. 6. Несие алуды ресімдеу 
үшін банктің шарттарымен танысу керек. 7. Шарт жасамас бұрын 
шарттық соманы анықтап алу керек. 8. Шарт жасауға қажетті 
құжаттардың бəрі дайын. 
3. Сөз тіркестерін жасаңыз. 
Үлгі: Банк – мекенжай. – Банктің мекенжайы.
1. Мемлекет – саясат. 2. Ұлттық банк – мақсат. 3. Доллар – 
бағам. 4. Сіз – салым. 5. Біз – шарт. 6. Мен – жеке куəлік. 7. Не-
сие – пайыз. 8. Жеке тұлға – төлемдер. 9. Заңды тұлға – шот. 10. 
Тұтынушы – міндет. 11. Ғаламтор – ақпарат. 12. Банк – деректе-
мелер. 13. Комиссиялық алым – пайыз. 14. Екінші дəрежелі банк 
– қызмет көрсетулер. 15. Салымшы – СТН. 
4. Қандай сөздер жасырынғанын табыңыз.

24
5. Сұхбаттарды оқып, жаңа сөздердің қолданылуына назар 
аударыңыз. 
- Сəлеметсіз бе?
- Сəлеметсіз бе?
- Мен доллар сатып алайын деп едім.
- Қанша доллар сатып аласыз?
- Мың доллар.
- Біздегі доллар бағамы – 148,5.
- Иə, білемін.
- Мінеки, ақшаңыз.
- Рақмет. Сау болыңыз.
- Сау болыңыз.
***     ***     ***    ***     ***    ***
- Сəлеметсіз бе?
- Сəлеметсіз бе?
- Мен депозит ашсам деп едім. 
- Жақсы. Біздегі депозит түрлерімен таныссыз ба?
- Иə, таныстым.
- Қай депозит түрін таңдадыңыз.
- «Бастау» депозитін таңдадым.
- Шарттық сомаңызды анықтадыңыз ба?
- Иə. 6 миллион теңге. 
- Жақсы. Онда Тұрғын үй құрылыс жинақ ақшасы туралы 
шарттың жалпы шарттарымен танысыңыз. 
- Таныстым. Шарттың барлық шарттарын қабылдаймын.
- Онда сізбен шарт жасаймыз. Маған жеке куəлігіңіз бен СТН-
іңізді беріңіз.
- СТН деген не? Түсінбедім.
- Салық төлеушінің тіркеу нөмірі.
- Мінекиіңіз.
- Мұнда қолыңызды қойыңыз. Шарт дайын. Енді кассаға ба-
рып, шарт жасаған кезде төленетін комиссиялық алымды төлеңіз. 
- Болды ма? Тез-ақ екен ғой! 
- Иə. Шартыңыз дайын. Енді жинақ ақша кітапшасын аш-

25
тырасыз да, шартта көрсетілген ай сайынғы салымыңызды сала 
бересіз.
- Рақмет сізге!
- Тағы қандай сұрақтарыңыз бар?
- Сұрақтарым жоқ. Бəрін түсіндім. Сау болыңыз! 
- Сау болыңыз!
3 - са б а қ
Төлем карталарын пайдалана аламыз ба?
Коммуналдық қызмет, төлеуші, түбіртек – квитанция, төлемақы, 
шығын, өсімақы, есептелген, дербес шот, төлем мерзімі, қолма-қол 
ақша, қолма-қол ақшасыз төлем, сауалнама нəтижелері, пайыз, төлем 
картасы, артықшылық, ақпарат, көрсеткіш, салыстыру, ыңғайлы, 
қауіп сіз,  жеңілдік.
1. Бөлшектік сан есімдерді жазумен екі формада беріңіз. 
Үлгі: 13,2 – он үш бүтін оннан екі; он үш те екі. 
3,14; 0,8; 0,75; 3/5; 53,086; 37,09; 1/6; 0,094.
2. Бөлшектік сан есімдерді санмен беріңіз. 
Үлгі: нөл бүтін оннан екі – 0,2.
Жеті бүтін оннан бес – ...................... ;
Тоғыз бүтін жүзден қырық сегіз – ...................... ;
Нөл бүтін жүзден алпыс екі – ...................... ;
Жетпіс үш бүтін оннан бес – ...................... ;
Нөл бүтін он мыңнан жүз қырық екі – ...................... ;
Екіден бір – ...................... ;
Сегізден үш – ...................... ;
Үштен екі – ...................... .
3. Сұхбатты оқып, жаңа сөздердің қолданылуын есте 
сақтаңыз.
Сəлеметсіз бе? Сізге қандай көмек көрсете аламын?
- Сəлеметсіз бе? Маған Бірыңғай ұлттық тестілеуге ақша тө-
леу керек.

26
- Қай университет?
- Қазақ ұлттық университеті.
- Маған жеке куəлігіңіз бен СТН-іңізді беріңізші.
- Қазір, бір минут. Мінекиіңіз.
- Төлейтін сомаңыз – 950 теңге.
- Қазір.
- Енді белгіленген жерлерге қолыңызды қойыңыз.
- Болды ма?
- Иə, болды. Мынау түбіртегіңіз.
- Рақмет. Сау болыңыз.
- Сау болыңыз.
4. Мəтінді оқып, мазмұнын айтыңыз. 
Республикамыздың мерзімді басылымдарының бірінде тұр-
ғын дардың қолма-қол ақшасыз төлемдерге қарым-қатынасы ту-
ралы төмендегідей мəліметтер берілген. Сауалнама нəти желе рі  не 
қарағанда, республика азаматтарының 86,4 пайызы бола 
 
шақ 
та 
жаппай қолма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшетінімізге сенім 
білдірген. Алайда сауалнама жүргізу кезінде тұрғын 
дар 
ға тө-
лем карталарының артықшылықтары туралы ақпарат 
тар 
дың 
жеткіліксіз екені байқалған, мəселен сауалнамаға жауап беру ші-
лердің 68,4 пайызы осындай өтініш жасаған. 
Қазақстандықтардың өміріндегі төлем карталарының рөлін 
анықтау мақсатында республиканың аса ірі экономикалық дамы-
ған қалалары саналатын Алматы, Астана, Атырау қалаларының 
18-55 жас аралығындағы тұрғындарымен сауалнама жүргізілді. 
Сауалнама нəтижелері төлем карталарының біртіндеп қолма-
қол ақшаны ығыстырып бара жатқанын аңғартты. Сирек те бол-
са төлем картасын қолданатын тұрғындардың саны қолма-қол 
ақшамен төлем жүргізетін азаматтар санынан екі есе көп болып 
шықты. Тұрғындардың 16,4 пайызының төлем картасы айнымас 
серігіне айналса, ал төлемді қолма-қол ақшамен жүргізуді аза мат-
тардың тек үштен бірі ғана қалайды екен. 
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мəліметтеріне 
қарағанда, былтырғы жылдың маусымымен салыстырғанда 
биылғы жылдың маусымындағы көрсеткіштер бойынша Қа-
зақстан Республикасының банктері шығаратын төлем кар 
та-

27
ларының саны 10,5 пайызға артқан. Банк карталарымен жүргі-
зіл ген төлемдер көлемі былтырғы жылдың мамыр айымен 
са 
лыс 
тырғанда, биылғы жылдың мамыр айында 34,3 пайызға 
өскен. Қолма-қол ақшасыз төлемдердің нарықтағы өсу қарқыны 
осылай жалғаса беретін болса, төлем картасымен сауда жасау 
тұрғындар өміріндегі қалыпты жағдайға айналары сөзсіз. 
Сатып алу кезінде төлем картасын қолдану несімен қызық-
тырады деген сауалға сауалнамаға жауап берушілердің 41,2 пайы-
зы картаның ыңғайлы əрі қауіпсіз екенін көрсеткен. Азаматтардың 
28 пайызы картаны кез келген уақытта төлем жүргізе алу үшін 
қолданса, 22,8 пайызын жеңілдіктер алу мен бонус жинай алу 
мүмкіндігі қызықтырады екен. 
Сондай-ақ сауалнамаға жауап берушілердің 58,8 пайызы төлем 
карталарын киім жəне азық-түлік сатып алуда қолданатынын, 14 
пайызы мейрамханалар мен барларға барғанда қолданатынын 
көрсеткен. Қазақстандықтардың тек 4 пайызы ғана республика-
дан тыс жерлерде төлем карталарын пайдаланады екен. 
мерзімді басылым – периодическое издание
жеткіліксіз – недостаточно 
ығыстыру – вытеснять 
жаппай – все, полностью 
екі есе көп – в два раза больше 
айнымас серік – неизменный спутник 
үштен бірі – одна третья часть 
өсу қарқыны – темп роста 
қалыпты жағдайға айналары сөзсіз – безусловно становится нормой 
сатып алу кезінде – во время покупки 
республикадан тыс жерлер – за пределами республики 
5. Сұрақтарға қысқа формада жауап беріңіз. 
1. Республика азаматтарының қанша пайызы болашақта қол-
ма-қол ақшасыз төлем жүйесіне көшетінімізге сенім білдірген?  ..
...................................................
2. Сауалнамаға жауап берушілердің қанша пайызы төлем кар-
талары туралы ақпарат беруді сұраған? 
.....................................................

28
3. Сауалнамаға жауап берушілердің қанша пайызы төлем кар-
таларын киім жəне азық-түлік сатып алуда қолданады?
.....................................................
4. Сауалнамаға жауап берушілердің қанша пайызы картаны 
ыңғайлы əрі қауіпсіз деп санайды?
......................................................
5. Еліміздің банктері шығаратын төлем карталарының саны 
қанша пайызға артқан?
......................................................
6. Азаматтардың қанша пайызын жеңілдіктер алу мен бонус 
жинай алу мүмкіндігі қызықтырады?
.....................................................
7. Алматы, Астана, Атырау қалаларының қанша жас 
аралығындағы тұрғындарымен сауалнама жүргізілді?
.....................................................
8. Азаматардың қанша пайызының төлем картасы адал досы-
на айналған?
....................................................
6. Сөйлемдерді дұрыс құрап жазыңыз. 
Екі, жəне, Қазақстандағы, жүйесі, деңгейден, жоғарғы, банк, 
төменгі, тұрады?
..................................................................................
Банктерге, салуға, кейбір, ақшаларын, адамдар, білдіреді, өз 
депозитке, сенімсіздік, қорқып.
..................................................................................
Заңды, тұлғаларға, жеке, коммерциялық, тұлғаларға, береді, 
да, қызмет, банктер көрсете.
.................................................................................. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет